Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
2. Мыналар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 20 желтоқсандағы
N 1946 қаулысына
1-қосымша
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы
Ереже
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. ЖҒТК-ны, бір орынбасары болатын, төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады.
ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, агенттіктер мен комитеттердің басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, өндіріс өкілдерінен қалыптастырылады.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357
қаулысымен
.
3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, "Қазақстан Республикасының ғылымы және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
бірыңғай мемлекеттік ғылыми ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау; <*>
іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу;
елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау;
мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; <*>
Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау;
жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерi, мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру кезiнде ғылым, бiлiм беру, өндiрiс және қаржы-кредит салаларының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
ғылыми-техникалық саланы инвестициялау жүйесiн жетiлдiру, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1333
қаулысымен.
5. ЖҒТК-ның:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.
6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді.
7. ЖҒТК-ның жұмысына тартылған сарапшылардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражатынан жүргізіледі.
8. ЖҒТК-мүшесінің:
өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға;
ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге құқығы бар.
9. ЖҒТК мүшелері:
ЖҒТК-ның қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысуға;
ЖҒТК төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;
олар ЖҒТК-ға ұсынған ұсынымдар, қорытындылардың сапасы үшін жауапты болуға міндетті.
10. ЖҒТК-ның мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі.
ЖҒТК мәжілісінің, егер оған ЖҒТК-ның бекітілген тізімдік құрамының кемінде 2/3 қатысса құқықтық күші болады. Шешім мәжіліске қатысып отырған ЖҒТК мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық (жекелеген жағдайларда төрағаның шешімі бойынша жасырын) дауыспен қабылданады;
ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмыс органы болып анықталсын. <*>
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1333
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 20 желтоқсандағы
N 1946 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары
ғылыми-техникалық комиссияның
Құрамы
ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.07.03. N 1010
қаулысымен
.
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357
қаулысымен
.
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397
қаулысымен
.
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.01. N 712
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1333
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.26. N 489
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.27. N 876
қаулысымен.
Павлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Александр Сергеевич Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Білім
Жақсыбек Әбдірахметұлы және ғылым министрі, төрағаның орынбасары
Могильный - Қазақстан Республикасының
Валерий Валентинович Бiлiм және ғылым министрлiгi
Ғылым департаментiнiң
директоры, хатшы
Қарағұсова - Қазақстан Республикасының
Гүлжан Жанпейісқызы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрі
Қожамқұлов - Қазақстан Республикасының
Төлеген Әбдiсағиұлы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетiнiң ректоры
Досқалиев - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау министрi
Школьник - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич Энергетика және минералдық
ресурстар министрi
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының
Нұралы Сұлтанұлы Бiлiм және ғылым вице-министрi
Рябченко - Қазақстан Республикасының
Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсiм бiрiншi
вице-министрi
Ерғожин - Қазақстан Республикасының
Едiл Ерғожаұлы Бiлiм және ғылым министрлiгi
А.Б.Бектұров атындағы Химия
ғылымдары институтының
директоры
Әбділдин - Қазақстан Республикасы
Жабайхан Мүбәрәкұлы Парламентінің сенаторы,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының академигі
(келісім бойынша)
Абдуллин - Ғылым және білім қайраткері
Айтмұхамед Абдоллаұлы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының академигі
(келісім бойынша)
Әдекенов - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Серғазы Мыңжасарұлы және ғылым министрлiгi
Биотехнология жөнiндегi ұлттық
орталығының бас директоры
Жеңсікбаев - Теориялық және қолданбалы
Александр Әліпханұлы математика институтының
директоры, Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының
корреспондент-мүшесі
Жолдасбеков - Қазақстан Республикасының
Мырзатай Білім және ғылым министрлігі
Жолдасбекұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
университетінің ректоры
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Тұрсынұлы Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-
мәдени даму бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Қалиев - Қазақстан Республикасы
Ғани Әлімұлы Парламенті Мәжілісінің
депутаты, Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының академигі
(келісім бойынша)
Қосынов - Қазақстан Республикасының Көлiк
Алмас Олжабайұлы және коммуникациялар министрлiгi
Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы;
Құсайынов - Қазақстан Республикасы Білім
Аманкелді Құсайынұлы және ғылым министрлігі Жоғары
аттестациялық комитетінің
төрағасы
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Болат Нығметұлы ғылым академиясының
вице-президентi
Дәукеев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Серiкбек Жүсiпбекұлы ғылым академиясының
президентi
Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының
Ақылбек Қажығұлұлы Ауыл шаруашылығы вице-министрi
Әкеев - "Петропавл ауыр машина жасау зауыты"
Альберт Айтқожаұлы ашық акционерлiк қоғамының бас
директоры (келiсiм бойынша)
Берiкболов - "Волковгеология" ашық акционерлiк
Бақытжан Рахметұлы қоғамының бас директоры (келiсiм
бойынша)
Жабағиев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қожахан Көкiрекбайұлы Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала
және инфрақұрылым бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Жәрменов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әбдiрасыл Алдашұлы және сауда министрлiгi Минералдық
шикiзатты кешендi өңдеу жөнiндегi
ұлттық орталығының бас директоры
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
вице-министрi
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк
Юрий Иванович және коммуникациялар бiрiншi вице-
министрi
Самақова - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Айткүл Байғазықызы ортаны қорғау министрi
Святoв - "Қазхром" трансұлттық компаниясы"
Болат Аманжолұлы ашық акционерлiк қоғамының бас
директоры (келiсiм бойынша)
Сейсембаев - Қазақстан Республикасының
Манас Ахметжарұлы Денсаулық сақтау министрлiгi
Н.А.Сызғанов атындағы Хирургия
ғылыми орталығының директоры
Тұржанов - Алматы қаласының әкiмдiгi Шағын
Серiк Әбдiғалиұлы бизнес департаментiнiң директоры
Iзбасаров - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дүйсебай Сайлаубайұлы шаруашылығы министрлiгi Қайта
өңдеу және тамақ өнеркәсiбi ғылыми-
өндiрiстiк орталығының директоры
Сағадиев - Халықаралық бизнес университетiнiң
Кенжеғали Әбенұлы президентi, Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясының
академигi
Iзмұхамбетов - "ҚазМұнайТеңiз" теңiз мұнай
Бақтықожа Салахатдинұлы компаниясы" жабық акционерлiк
қоғамының бас директоры (келiсiм
бойынша)
Қадыржанов - "Энергия" Қазақстан отын-
Алтай Камалұлы энергетикалық жүйелерi ғылыми-
зерттеу және жобалау-iздестiру
институты" жабық акционерлiк
қоғамы президентiнiң кеңесшiсi
(келiсiм бойынша)
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және сауда вице-министрі
Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы вице-министрі
Асанов - Қазақстан Республикасының Әділет
Жақып Қажманұлы вице-министрі