Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 20 желтоқсан N 1946

Жаңартылған

     Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін 
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық 
комиссия құрылсын.
     2. Мыналар бекітілсін:
     1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары 
ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
     2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары 
ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі 


                                                  Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына 1-қосымша


                Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы
                                 Ереже

                          1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. ЖҒТК-ны, бір орынбасары болатын, төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. <*>
      ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, агенттіктер мен комитеттердің басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, өндіріс өкілдерінен қалыптастырылады.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357
               қаулысымен. P010357_
      3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, "Қазақстан Республикасының ғылымы және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

                      2. Негізгі міндеттері

      4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
      бірыңғай мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау;
      іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу;
      елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау;
      мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, ғылыми-техникалық саланы инвестициялау, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау;
      жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      5. ЖҒТК-ның:
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге;
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
      ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
      ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.
      6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді.
      7. ЖҒТК-ның жұмысына тартылған сарапшылардың еңбегіне ақы төлеу

Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
қаржыландыруға бөлінетін қаражатынан жүргізіледі.
     8. ЖҒТК-мүшесінің:
     өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар 
және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге;
     Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК 
қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға;
     ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК 
мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге 
құқығы бар.
     9. ЖҒТК мүшелері:
     ЖҒТК-ның қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға және талқылауға 
белсенді қатысуға;
     ЖҒТК төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;
     олар ЖҒТК-ға ұсынған ұсынымдар, қорытындылардың сапасы үшін жауапты 
болуға міндетті.
     10. ЖҒТК-ның мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда 
бір рет өткізіледі.
     ЖҒТК мәжілісінің, егер оған ЖҒТК-ның бекітілген тізімдік құрамының 
кемінде 2/3 қатысса құқықтық күші болады. Шешім мәжіліске қатысып отырған 
ЖҒТК мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық (жекелеген жағдайларда 
төрағаның шешімі бойынша жасырын) дауыспен қабылданады.


                                                  Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына 2-қосымша


           Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары

                   ғылыми-техникалық комиссияның
                            Құрамы
     
     ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.07.03. N 1010        
              қаулысымен.  

P001010_

 
     Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357  
              қаулысымен.  

P010357_

 
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен.  
               

P020397_

  
     Мұхаметжанов                  - Қазақстан Республикасы
     Бауыржан Әлiмұлы                Премьер-Министрiнiң орынбасары, төраға
 
     Беркiмбаева                   - Қазақстан Республикасының
     Шәмша Көпбайқызы                Бiлiм және ғылым министрi, төрағаның
                                     орынбасары
    
     Могильный                     - Қазақстан Республикасының
     Валерий Валентинович            Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым
                                     департаментiнiң директоры, хатшы
     
     Есiмов                        - Қазақстан Республикасының
     Ахметжан Смағұлұлы              Ауыл шаруашылығы министрi
     
     Зверьков                      - Қазақстан Республикасының
     Вадим Павлович                  Сыртқы iстер министрлiгi Инвестициялар
                                     жөнiндегi комитетiнiң төрағасы
     
     Қарағұсова                    - Қазақстан Республикасының
     Гүлжан Жанпейісқызы             Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
                                     министрі
     
     Қожамқұлов                    - Қазақстан Республикасының
     Төлеген Әбдiсағиұлы             Бiлiм және ғылым министрлiгi Әл-Фараби
                                     атындағы Қазақ ұлттық
                                     университетiнiң ректоры
     
     Мусин                         - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Ерік Мазанұлы                   Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-
                                     мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
     
     Мұтанов                       - Қазақстан Республикасының Бiлiм
     Ғалымқайыр Мұтанұлы             және ғылым бiрiншi вице-министрi
                  
     Оразбақов                     - Қазақстан Республикасының
     Ғалым Ізбасарұлы                Экономика және сауда вице-министрi
          
     Рақымбеков                    - Қазақстан Республикасының Әдiлет
     Боран Ғизатұлы                  бiрiншi вице-министрi
     
     Шнейдмюллер                   - Қазақстан Республикасының Көлiк
     Владимир Викторович             және коммуникациялар бірінші 
                                     вице-министрi
     
     Досқалиев                     - Қазақстан Республикасының
     Жақсылық Ақмырзаұлы             Денсаулық сақтау министрi
     
     Школьник                      - Қазақстан Республикасының
     Владимир Сергеевич              Энергетика және минералдық
                                     ресурстар министрi
     
     Бектұрғанов                   - Қазақстан Республикасының
     Нұралы Сұлтанұлы                Бiлiм және ғылым вице-министрi
  
     Рябченко                      - Қазақстан Республикасының
     Олег Григорьевич                Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                                     келiсiм бiрiншi вице-министрi
     
     Келiмбетов                    - Қазақстан Республикасының
     Қайрат Нематұлы                 Қаржы бiрiншi вице-министрi
     
     Ерғожин                       - Қазақстан Республикасының
     Едiл Ерғожаұлы                  Бiлiм және ғылым министрлiгi
                                     А.Б.Бектұров атындағы Химия
                                     ғылымдары институтының
                                     директоры
     
     Әбділдин                      - Қазақстан Республикасы
     Жабайхан Мүбәрәкұлы             Парламентінің сенаторы,
                                     Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                     ғылым академиясының академигі
                                     (келісім бойынша)
     
     Абдуллин                      - Ғылым және білім қайраткері
     Айтмұхамед Абдоллаұлы           Ақсақалдар кеңесінің төрағасы,
                                     Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                     ғылым академиясының академигі
                                     (келісім бойынша)
     
     Әдекенов                      - Фитохимия институтының директоры,
     Серғазы Мыңжасарұлы             Қазақстан Республикасы
                                     Ұлттық ғылым академиясының
                                     корреспондент-мүшесі
     
     Айтхожина                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Нағима Әбенқызы                 ғылым академиясының президенті,
                                     Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                     ғылым академиясының
                                     корреспондент-мүшесі
     
     Әлиев                         - А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия
     Мұхтар Әлиұлы                   ғылыми орталығының директоры,
                                     Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                     ғылым академиясының академигі
     
     Ермекбаев                     - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
     Пернехан Әшімбайұлы             министрлігі Әскери-ғылыми
                                     орталығының бастығы
     
     Жәмішев                       - Қазақстан Республикасының
     Болат Бидахметұлы               Қаржы бірінші вице-министрі
     
     Жеңсікбаев                    - Теориялық және қолданбалы
     Александр Әліпханұлы            математика институтының
                                     директоры, Қазақстан Республикасы
                                     Ұлттық ғылым академиясының            
                                     корреспондент-мүшесі
     
     Жолдасбеков                   - Қазақстан Республикасының Білім
     Мырзатай                        және ғылым министрлігі
     Жолдасбекұлы                    Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
                                     университетінің ректоры
     
     Жұмағұлов                     - Қазақстан Республикасының Білім
     Бақытжан Тұрсынұлы              және ғылым бірінші вице-министрі
      
     Қалиев                        - Қазақстан Республикасы
     Ғани Әлімұлы                    Парламенті Мәжілісінің депутаты,
                                     Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                     ғылым академиясының академигі
                                     (келісім бойынша)
     
     Қосынов                       - Қазақстан Республикасы
     Алмас Олжабайұлы                Энергетика және минералдық
                                     ресурстар министрлігі Аэроғарыш
                                     комитетінің төрағасы
     
     Құсайынов                     - Қазақстан Республикасы Білім
     Аманкелді Құсайынұлы            және ғылым министрлігі Жоғары
                                     аттестациялық комитетінің
                                     төрағасы
     
     Мұқашев                       - Қазақстан Республикасы Білім
     Болат Нығметұлы                 және ғылым министрлігі Физика-
                                     техникалық институтының
                                     директоры, Қазақстан Республикасы
                                     Ұлттық ғылым академиясының академигі
        
     Пивень                        - Қазақстан Республикасы Білім
     Геннадий Георгиевич             және ғылым министрлігі
                                     Қарағанды мемлекеттік
                                     техникалық университетінің
                                     ректоры
     
     Сатыбалдин                    - Ұлттық академиялық аграрлық
     Әзімхан Әбілқайырұлы            зерттеулер орталығының бас
                                     директоры, Қазақстан Республикасы
                                     Ұлттық ғылым академиясының
                                     корреспондент-мүшесі
     
     Шарманов                      - "Тағамтану институты" жабық
     Төрекелді Шарманұлы             акционерлік қоғамының директоры
                                     Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                     ғылым академиясының академигі
      
     Шоқпытов                      - Қазақстан Республикасының
     Андар Мәулешұлы                 Табиғи ресурстар және қоршаған
                                     ортаны қорғау министрі
 
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.