Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 1999 жылғы 20 желтоқсан N 1946

Жаңартылған

      Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.

      2. Мыналар бекітілсін:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
1999 жылғы 20 желтоқсандағы       
N 1946 қаулысына             
1-қосымша             

Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. ЖҒТК-ны, бір орынбасары болатын, төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады.
      ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, агенттіктер мен комитеттердің басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, өндіріс өкілдерінен қалыптастырылады.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357 қаулысымен .

      3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, "Қазақстан Республикасының ғылымы және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Негізгі міндеттері

      4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
      бірыңғай мемлекеттік ғылыми ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау; <*>
      іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу;
      елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау;
      мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; <*>
      Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау;
      жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерi, мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру кезiнде ғылым, бiлiм беру, өндiрiс және қаржы-кредит салаларының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      ғылыми-техникалық саланы инвестициялау жүйесiн жетiлдiру, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1333 қаулысымен.
      5. ЖҒТК-ның:
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге;
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
      ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
      ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.

      6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      7. ЖҒТК-ның жұмысына тартылған сарапшылардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражатынан жүргізіледі.

      8. ЖҒТК-мүшесінің:
      өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға;
      ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге құқығы бар.

      9. ЖҒТК мүшелері:
      ЖҒТК-ның қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысуға;
      ЖҒТК төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;
      олар ЖҒТК-ға ұсынған ұсынымдар, қорытындылардың сапасы үшін жауапты болуға міндетті.

      10. ЖҒТК-ның мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі.
      ЖҒТК мәжілісінің, егер оған ЖҒТК-ның бекітілген тізімдік құрамының кемінде 2/3 қатысса құқықтық күші болады. Шешім мәжіліске қатысып отырған ЖҒТК мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық (жекелеген жағдайларда төрағаның шешімі бойынша жасырын) дауыспен қабылданады;
      ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмыс органы болып анықталсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1333 қаулысымен.
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
1999 жылғы 20 желтоқсандағы     
N 1946 қаулысына           
2-қосымша           

      ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1333 қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның
Құрамы

      ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.07.03. N 1010 қаулысымен .
      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357 қаулысымен .
      Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен .
      Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.01. N 712 қаулысымен .

      Мұхаметжанов                  - Қазақстан Республикасы
      Бауыржан Әлiмұлы                Премьер-Министрiнiң
                                      орынбасары, төраға

      Беркiмбаева                   - Қазақстан Республикасының
      Шәмша Көпбайқызы                Бiлiм және ғылым министрi,
                                      төрағаның орынбасары

      Могильный                     - Қазақстан Республикасының
      Валерий Валентинович            Бiлiм және ғылым министрлiгi
                                      Ғылым департаментiнiң
                                      директоры, хатшы

      Қарағұсова                    - Қазақстан Республикасының
      Гүлжан Жанпейісқызы             Еңбек және халықты әлеуметтiк
                                      қорғау министрі

      Қожамқұлов                    - Қазақстан Республикасының
      Төлеген Әбдiсағиұлы             Бiлiм және ғылым министрлiгi
                                      Әл-Фараби атындағы Қазақ
                                      ұлттық университетiнiң ректоры

      Рақымбеков                    - Қазақстан Республикасының
      Боран Ғизатұлы                  Әдiлет бiрiншi вице-министрi

      Досқалиев                     - Қазақстан Республикасының
      Жақсылық Ақмырзаұлы             Денсаулық сақтау министрi

      Школьник                      - Қазақстан Республикасының
      Владимир Сергеевич              Энергетика және минералдық
                                      ресурстар министрi

      Бектұрғанов                   - Қазақстан Республикасының
      Нұралы Сұлтанұлы                Бiлiм және ғылым вице-министрi

      Рябченко                      - Қазақстан Республикасының
      Олег Григорьевич                Мәдениет, ақпарат және
                                      қоғамдық келiсiм бiрiншi
                                      вице-министрi

      Ерғожин                       - Қазақстан Республикасының
      Едiл Ерғожаұлы                  Бiлiм және ғылым министрлiгi
                                      А.Б.Бектұров атындағы Химия
                                      ғылымдары институтының
                                      директоры

      Әбділдин                      - Қазақстан Республикасы
      Жабайхан Мүбәрәкұлы             Парламентінің сенаторы,
                                      Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                      ғылым академиясының академигі
                                      (келісім бойынша)

      Абдуллин                      - Ғылым және білім қайраткері
      Айтмұхамед Абдоллаұлы           Ақсақалдар кеңесінің төрағасы,
                                      Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                      ғылым академиясының академигі
                                      (келісім бойынша)

      Әдекенов                  - Қазақстан Республикасының Бiлiм
      Серғазы Мыңжасарұлы         және ғылым министрлiгi
                                  Биотехнология жөнiндегi ұлттық
                                  орталығының бас директоры;

      Жеңсікбаев                    - Теориялық және қолданбалы
      Александр Әліпханұлы            математика институтының
                                      директоры, Қазақстан
                                      Республикасы Ұлттық ғылым
                                      академиясының
                                      корреспондент-мүшесі

      Жолдасбеков                   - Қазақстан Республикасының
      Мырзатай                        Білім және ғылым министрлігі
      Жолдасбекұлы                    Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
                                      университетінің ректоры

      Жұмағұлов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
      Бақытжан Тұрсынұлы          Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-
                                  мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi;
 
      Қалиев                        - Қазақстан Республикасы
      Ғани Әлімұлы                    Парламенті Мәжілісінің
                                      депутаты, Қазақстан
                                      Республикасы Ұлттық ғылым
                                      академиясының академигі
                                      (келісім бойынша)

      Қосынов                   - Қазақстан Республикасының Көлiк
      Алмас Олжабайұлы            және коммуникациялар министрлiгi
                                  Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы;
 
      Құсайынов                     - Қазақстан Республикасы Білім
      Аманкелді Құсайынұлы            және ғылым министрлігі Жоғары
                                      аттестациялық комитетінің
                                      төрағасы

     Мұқашев                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
     Болат Нығметұлы             академиясының вице-президентi   
 

      Дәукеев                       - Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Серiкбек Жүсiпбекұлы            ғылым академиясының
                                      президентi

      Күрiшбаев                     - Қазақстан Республикасының
      Ақылбек Қажығұлұлы              Ауыл шаруашылығы вице-министрi

Әкеев                     - "Петропавл ауыр машина жасау зауыты"
Альберт Айтқожаұлы          ашық акционерлiк қоғамының бас
                            директоры (келiсiм бойынша);
 

Берiкболов                - "Волковгеология" ашық акционерлiк
Бақытжан Рахметұлы          қоғамының бас директоры (келiсiм
                            бойынша);

Жабағиев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қожахан Көкiрекбайұлы       Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала
                            және инфрақұрылым бөлiмiнiң
                            меңгерушiсi;

Жәрменов                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әбдiрасыл Алдашұлы          және сауда министрлiгi Минералдық
                            шикiзатты кешендi өңдеу жөнiндегi
                            ұлттық орталығының бас директоры;

Iзмұхамбетов              - "Қазақтүрiкмұнай" жауапкершiлiгi
Бақтықожа Салахатдинұлы     шектеулi серiктестiгiнiң бас директоры
                            (келiсiм бойынша);

Исаев                     - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы         Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                            вице-министрi;

Қадыржанов                - "Энергия" Қазақстан отын-энергиялық
Алтай Камалұлы              жүйелерi ғылыми-зерттеу және жобалау
                            iздестiру институты" жабық акционерлiк
                            қоғамының президентi (келiсiм бойынша);

Құсайынов                 - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әбiлғазы Қалиақпарұлы       және сауда вице-министрi;

Лавриненко                - Қазақстан Республикасының Көлiк
Юрий Иванович               және коммуникациялар бiрiншi вице-
                            министрi;

Самақова                  - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Айткүл Байғазықызы          ортаны қорғау министрi;

Святoв                    - "Қазхром" трансұлттық компаниясы"
Болат Аманжолұлы            ашық акционерлiк қоғамының бас
                            директоры (келiсiм бойынша);

Сейсембаев                - Қазақстан Республикасының
Манас Ахметжарұлы           Денсаулық сақтау министрлiгi
                            Н.А.Сызғанов атындағы Хирургия
                            ғылыми орталығының директоры;

Тоқсейiтов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Рақымберген Құрманғалиұлы   вице-министрi;

Тұржанов                  - Алматы қаласының әкiмдiгi Шағын
Серiк Әбдiғалиұлы           бизнес департаментiнiң директоры;