Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 20 желтоқсан N 1946

Жаңартылған

      Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.

      2. Мыналар бекітілсін:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
1999 жылғы 20 желтоқсандағы       
N 1946 қаулысына             
1-қосымша             

Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. ЖҒТК-ны, бір орынбасары болатын, төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары басқарады.
      ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. <*>
      ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, агенттіктер мен комитеттердің басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, өндіріс өкілдерінен қалыптастырылады.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357 қаулысымен .
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 207 қаулысымен .

      3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ғылым туралы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 207 қаулысымен .

2. Негізгі міндеттері

      4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
      бірыңғай мемлекеттік ғылыми ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау; <*>
      іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу;
      елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау;
      мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; <*>
      Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау;
      жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерi, мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру кезiнде ғылым, бiлiм беру, өндiрiс және қаржы-кредит салаларының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      ғылыми-техникалық саланы инвестициялау жүйесiн жетiлдiру, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1333 қаулысымен.

      5. ЖҒТК-ның:
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге;
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
      ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
      ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.

      6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      7. ЖҒТК-ның жұмысына тартылған сарапшылардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражатынан жүргізіледі.

      8. ЖҒТК-мүшесінің:
      өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға;
      ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге құқығы бар.

      9. ЖҒТК мүшелері:
      ЖҒТК-ның қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысуға;
      ЖҒТК төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;
      олар ЖҒТК-ға ұсынған ұсынымдар, қорытындылардың сапасы үшін жауапты болуға міндетті.

      10. ЖҒТК-ның мәжілісі кемiнде екi айда бiр рет өткізедi.
      ЖҒТК мәжілісінің, егер оған ЖҒТК-ның бекітілген тізімдік құрамының кемінде 2/3 қатысса құқықтық күші болады. Шешім мәжіліске қатысып отырған ЖҒТК мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық (жекелеген жағдайларда төрағаның шешімі бойынша жасырын) дауыспен қабылданады;
      ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмыс органы болып анықталсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1333 қаулысымен.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 207 қаулысымен .

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
1999 жылғы 20 желтоқсандағы     
N 1946 қаулысына           
2-қосымша           

      Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары
                 ғылыми-техникалық комиссияның
                           Құрамы

      ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.07.03. N 1010 қаулысымен .
      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357 қаулысымен .
      Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен .
      Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.01. N 712 қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1333 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.26. N 489 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.27. N 876 қаулысымен.
      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 207 қаулысымен .

Марченко                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Григорий Александрович         Министрiнiң бiрiншi орынбасары,
                               төраға

Құлекеев                     - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Жақсыбек Әбдiрахметұлы         және ғылым министрi, төрағаның
                               орынбасары

Ергешев                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
Розмат Байташұлы               Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-
                               мәдени даму бөлiмiнiң сектор
                               меңгерушiсi, хатшы

Бектұрғанов                  - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Нұралы Сұлтанұлы               және ғылым вице-министрi

Досқалиев                    - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы            Денсаулық сақтау министрi

Дробжев                      - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Виктор Иванович                және ғылым министрлiгi Ионосфера
                               институтының директоры

Дунаев                       - "Ұлттық инновациялық қор"
Apман Ғалиасқарұлы             акционерлiк қоғамы басқармасының
                               төрағасы (келiсiм бойынша)

Жақсыбеков                   - Қазақстан Республикасының
Әдiлбек Рыскелдiұлы            Индустрия және сауда министрі

Жұмағұлов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Тұрсынұлы             Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-
                               мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi

Жұрынов                      - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мұрат Жұрынұлы                 ғылым академиясы" қоғамдық
                               бiрлестiгiнiң президентi (келiсiм
                               бойынша)

Келiмбетов                   - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы                Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                               министрі

Күрiшбаев                    - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы             шаруашылығы вице-министрi

Қадыржанов                   - Қазақстан Республикасының
Қайрат Кемелұлы                Энергетика және минералдық ресурстар
                               министрлiгi Қазақстан
                               Республикасының Ұлттық ядролық
                               орталығы Ядролық физика институтының
                               директоры

Қожамқұлов                   - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Төлеген Әбдiсағиұлы            және ғылым министрлiгi Әл-Фараби
                               атындағы қазақ ұлттық университетiнiң
                               ректоры

Орынбаев                     - "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер
Ербол Тұрмаханұлы              орталығы" акционерлiк қоғамы
                               басқармасының төрағасы (келiсiм
                               бойынша)

Өмiрбаев Уалбай              - Қазақстан Республикасының Бiлiм
                               және ғылым министрлiгі Л.Н.Гумилев
                               атындағы Еуразия ұлттық
                               университетiнiң кафедра меңгерушiсi

Школьник                     - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич             Энергетика және минералдық ресурстар
                               министрi