Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 397 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "2002 жылғы 11-12 сәуірде Астана қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Қауіпсіздік Кеңестері Хатшылары Комитетінің мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 наурыздағы N 339 P020339_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында және 2-тармақта "Астана" деген сөз "Алматы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "2260830" деген сан "2424045" (екі миллион төрт жүз

 

жиырма төрт мың қырық бес)" деген сөздермен ауыстырылсын;

     Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Қауіпсіздік

Кеңестері Хатшылары Комитетінің мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі

іс-шаралар жоспарында: тақырыбында және "Жауапты орындаушылар" деген

бағандағы реттік нөмірлері 5, 12, 25-жолдардағы "Астана" деген сөз

"Алматы" деген сөзбен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.