Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 желтоқсан N 1946

Қолданыстағы

     Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін 
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық 
комиссия құрылсын.
     2. Мыналар бекітілсін:
     1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары 
ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
     2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары 
ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі 


                                                  Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына 1-қосымша


                Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы
                                 Ереже

                          1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. ЖҒТК-ны, бір орынбасары болатын, төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. <*>
      ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, агенттіктер мен комитеттердің басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, өндіріс өкілдерінен қалыптастырылады.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357
               қаулысымен. P010357_
      3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, "Қазақстан Республикасының ғылымы және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

                      2. Негізгі міндеттері

      4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
      бірыңғай мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау;
      іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу;
      елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау;
      мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, ғылыми-техникалық саланы инвестициялау, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау;
      жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      5. ЖҒТК-ның:
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге;
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
      ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
      ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.
      6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді.
      7. ЖҒТК-ның жұмысына тартылған сарапшылардың еңбегіне ақы төлеу

Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
қаржыландыруға бөлінетін қаражатынан жүргізіледі.
     8. ЖҒТК-мүшесінің:
     өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар 
және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге;
     Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК 
қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға;
     ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК 
мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге 
құқығы бар.
     9. ЖҒТК мүшелері:
     ЖҒТК-ның қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға және талқылауға 
белсенді қатысуға;
     ЖҒТК төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;
     олар ЖҒТК-ға ұсынған ұсынымдар, қорытындылардың сапасы үшін жауапты 
болуға міндетті.
     10. ЖҒТК-ның мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда 
бір рет өткізіледі.
     ЖҒТК мәжілісінің, егер оған ЖҒТК-ның бекітілген тізімдік құрамының 
кемінде 2/3 қатысса құқықтық күші болады. Шешім мәжіліске қатысып отырған 
ЖҒТК мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық (жекелеген жағдайларда 
төрағаның шешімі бойынша жасырын) дауыспен қабылданады.


                                                  Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына 2-қосымша


           Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары

                   ғылыми-техникалық комиссияның
                            Құрамы
     
     ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.07.03. N 1010        
              қаулысымен.  

P001010_

 
     Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357  
              қаулысымен.  

P010357_

 
     
     Тасмағамбетов             - Қазақстан Республикасы
     Иманғали Нұрғалиұлы         Премьер-Министрінің
                                 орынбасары, төраға
     
     Бектұрғанов               - Қазақстан Республикасының Білім
     Нұрғалы Сұлтанұлы           және ғылыми министрі, төрағаның
                                 орынбасары
     
     Әбсәметов                 - Қазақстан Республикасы Білім
     Мәліс Құдысұлы              және ғылым министрлігі Ғылым
                                 департаментінің директоры, хатшы
     
     Әбділдин                  - Қазақстан Республикасы
     Жабайхан Мүбәрәкұлы         Парламентінің сенаторы,
                                 Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                 ғылым академиясының академигі
                                 (келісім бойынша)
     
     Абдуллин                  - Ғылым және білім қайраткері
     Айтмұхамед Абдоллаұлы       Ақсақалдар кеңесінің төрағасы,
                                 Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                 ғылым академиясының академигі
                                 (келісім бойынша)
     
     Әбіқаев                   - Қазақстан Республикасының
     Нұртай Әбіқайұлы            Сыртқы істер бірінші вице-министрі
     
     Әдекенов                  - Фитохимия институтының директоры,
     Серғазы Мыңжасарұлы         Қазақстан Республикасы
                                 Ұлттық ғылым академиясының
                                 корреспондент-мүшесі
     
     Айтхожина                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Нағима Әбенқызы             ғылым академиясының президенті,
                                 Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                 ғылым академиясының
                                 корреспондент-мүшесі
     
     Әлиев                     - А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия
     Мұхтар Әлиұлы               ғылыми орталығының директоры,
                                 Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                 ғылым академиясының академигі
     
     Бәйменов                  - Қазақстан Республикасының
     Әлихан Мұхамедияұлы         Еңбек және халықты әлеуметтік
                                 қорғау министрі
     
     Донақов                   - Қазақстан Республикасының
     Талғат Советбекұлы          Әділет бірінші вице-министрі
     
     Досқалиев                 - Қазақстан Республикасы
     Жақсылық Ақмырзаұлы         Денсаулық сақтау істері жөніндегі
                                 агенттіктің төрағасы
     
     Ерғожин                   - Қазақстан Республикасының
     Еділ Ерғожаұлы              Білім және ғылым вице-министрі,
                                 Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                 ғылым академиясының академигі
     
     Ермекбаев                 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
     Пернехан Әшімбайұлы         министрлігі Әскери-ғылыми
                                 орталығының бастығы
     
     Жәмішев                   - Қазақстан Республикасының
     Болат Бидахметұлы           Қаржы бірінші вице-министрі
     
     Жеңсікбаев                - Теориялық және қолданбалы
     Александр Әліпханұлы        математика институтының
                                 директоры, Қазақстан Республикасы
                                 Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-
                                 мүшесі
     
     Жоламан                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Рүстем Қабидоллаұлы         Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-
                                 мәдени даму бөлімінің меңгерушісі
     
     Жолдасбеков               - Қазақстан Республикасының Білім
     Мырзатай                    және ғылым министрлігі
     Жолдасбекұлы                Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
                                 университетінің ректоры
     
     Жұмағұлов                 - Қазақстан Республикасының Білім
     Бақытжан Тұрсынұлы          және ғылым бірінші вице-министрі
     
     Қалиев                    - Қазақстан Республикасы
     Ғани Әлімұлы                Парламенті Мәжілісінің депутаты,
                                 Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                 ғылым академиясының академигі
                                 (келісім бойынша)
     
     Келімбетов                - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
     Қайрат Нематұлы             жоспарлау жөніндегі
                                 агенттігінің төрағасы
                                 (келісім бойынша)
     
     Қосынов                   - Қазақстан Республикасы
     Алмас Олжабайұлы            Энергетика және минералдық
                                 ресурстар министрлігі Аэроғарыш
                                 комитетінің төрағасы
     
     Құлекеев                  - Қазақстан Республикасының
     Жақсыбек Әбдірахметұлы      Экономика және сауда министрі
     
     Құсайынов                 - Қазақстан Республикасы Білім
     Аманкелді Құсайынұлы        және ғылым министрлігі Жоғары
                                 аттестациялық комитетінің
                                 төрағасы
     
     Мәсімов                   - Қазақстан Республикасының Көлік
     Кәрім Қажымқанұлы           және коммуникация министрі
     
     Мұқашев                   - Қазақстан Республикасы Білім
     Болат Нығметұлы             және ғылым министрлігі Физика-
                                 техникалық институтының
                                 директоры, Қазақстан Республикасы
                                 Ұлттық ғылым академиясының академигі
     
     Мыңбаев                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Сауат Мұхаметбайұлы         шаруашылығы министрі
     
     Нәрібаев                  - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
     Көпжасар Нәрібайұлы         ұлттық университетінің ректоры,
                                 Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                 ғылым академиясының
                                 корреспондент-мүшесі
     
     Пивень                    - Қазақстан Республикасы Білім
     Геннадий Георгиевич         және ғылым министрлігі
                                 Қарағанды мемлекеттік
                                 техникалық университетінің
                                 ректоры
     
     Рябченко                  - Қазақстан Республикасының
     Олег Григорьевич            Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                                 келісім вице-министрі
     
     Сатыбалдин                - Ұлттық академиялық аграрлық
     Әзімхан Әбілқайырұлы        зерттеулер орталығының бас
                                 директоры, Қазақстан Республикасы
                                 Ұлттық ғылым академиясының
                                 корреспондент-мүшесі
     
     Шарманов                  - "Тағамтану институты" жабық
     Төрекелді Шарманұлы         акционерлік қоғамының директоры
                                 Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                 ғылым академиясының академигі
     
     Школьник                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Владимир Сергеевич          Министрінің орынбасары,
                                 Қазақстан Республикасы
                                 Энергетика және минералдық
                                 ресурстар министрі
     
     Шоқпытов                  - Қазақстан Республикасының
     Андар Мәулешұлы             Табиғи ресурстар және қоршаған
                                 ортаны қорғау министрі

     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.