Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 Қаулысы

Жаңартылған

      Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.

      2. Мыналар бекітілсін:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
1999 жылғы 20 желтоқсандағы        
N 1946 қаулысына              
1-қосымша              

  Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы
Ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. ЖҒТК-ны, бір орынбасары болатын, төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады.  <*>
      ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. <*>
      ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, агенттіктер мен комитеттердің басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, өндіріс өкілдерінен қалыптастырылады.
       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357  қаулысымен .
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 207   қаулысымен
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2004.08.02. N 820   қаулысымен

      3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ғылым туралы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады. <*>
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 207   қаулысымен .

  2. Негізгі міндеттері

      4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
      бірыңғай мемлекеттік ғылыми ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау; <*>
      іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу;
      елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау;
      мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; <*>
      Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау;
      жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерi, мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру кезiнде ғылым, бiлiм беру, өндiрiс және қаржы-кредит салаларының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      ғылыми-техникалық саланы инвестициялау жүйесiн жетiлдiру, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1333  қаулысымен.

      5. ЖҒТК-ның:
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге;
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
      ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
      ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.

      6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      7. ЖҒТК-ның жұмысына тартылған сарапшылардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражатынан жүргізіледі.

      8. ЖҒТК-мүшесінің:
      өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға;
      ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге құқығы бар.

      9. ЖҒТК мүшелері:
      ЖҒТК-ның қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысуға;
      ЖҒТК төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;
      олар ЖҒТК-ға ұсынған ұсынымдар, қорытындылардың сапасы үшін жауапты болуға міндетті.

      10. ЖҒТК-ның мәжілісі кемiнде екi айда бiр рет өткізедi.
      ЖҒТК мәжілісінің, егер оған ЖҒТК-ның бекітілген тізімдік құрамының кемінде 2/3 қатысса құқықтық күші болады. Шешім мәжіліске қатысып отырған ЖҒТК мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық (жекелеген жағдайларда төрағаның шешімі бойынша жасырын) дауыспен қабылданады;
      ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмыс органы болып анықталсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1333  қаулысымен.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 207   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
1999 жылғы 20 желтоқсандағы      
N 1946 қаулысына            
2-қосымша            

       Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары
                 ғылыми-техникалық комиссияның
                           Құрамы

       ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің   2000.07.03. N  1010 , 2001.03.19. N  357 , 2002.04.03. N  397 , 2002.07.01. N  712 , 2002.12.20. N  1333 , 2003.05.26. N  489 ,   2003.08.27. N  876 , Құрам жаңа редакцияда - 2004.02.20. N  207 , 2004.08.02. N  820 , 2004.11.04. N  1186   қаулыларымен .

Әйтiмова                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бiрғаным Сарықызы              Министрiнiң орынбасары, төраға

Құлекеев                     - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Жақсыбек Әбдiрахметұлы         және ғылым министрi, төрағаның
                               орынбасары

Шығаев                       - Қазақстан Республикасы Премьер-
Мұрат Насырұлы                 Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
                               даму бөлiмiнiң бас сарапшысы, хатшы

Берсімбаев                   - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Рахметқажы Ескендірұлы         және ғылым вице-министрi

Дробжев                      - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Виктор Иванович                және ғылым министрлiгi Ионосфера
                               институтының директоры

Жақсыбеков                   - Қазақстан Республикасының
Әдiлбек Рыскелдiұлы            Индустрия және сауда министрі

Жұрынов                      - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мұрат Жұрынұлы                 ғылым академиясы" қоғамдық
                               бiрлестiгiнiң президентi (келiсiм
                               бойынша)

Келiмбетов                   - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы                Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                               министрі

Күрiшбаев                    - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы             шаруашылығы вице-министрi

Қадыржанов                   - Қазақстан Республикасының
Қайрат Кемелұлы                Энергетика және минералдық ресурстар
                               министрлiгi Қазақстан
                               Республикасының Ұлттық ядролық
                               орталығы Ядролық физика институтының
                               директоры

Қожамқұлов                   - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Төлеген Әбдiсағиұлы            және ғылым министрлiгi Әл-Фараби
                               атындағы қазақ ұлттық университетiнiң
                               ректоры

Өмiрбаев Уалбай              - Қазақстан Республикасының Бiлiм
                               және ғылым министрлiгі Л.Н.Гумилев
                               атындағы Еуразия ұлттық
                               университетiнiң кафедра меңгерушiсi

Школьник                     - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич             Энергетика және минералдық ресурстар
                               министрi

Доминов                      - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк
Евгений Евгеньевич             қоғамы басқармасының төрағасы
                               (келiсiм бойынша)

Досаев                       - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерболат Асқарбекұлы            сақтау министрi

Қыпшақбаев                   - "Инжиниринг және технологиялар
Әбділ Исаұлы                   трансфертi орталығы" акционерлік
                               қоғамының президентi (келiсiм
                               бойынша)

Мамыраев                     - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Бейбiт Баймағамбетұлы          Әкiмшiлігі Iшкi саясат басқармасының
                               Әлеуметтiк-саясат бөлiмi
                               әлеуметтiк-мәдени сала секторының
                               меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

Өтеулина                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Хафиза Мұхтарқызы              Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
                               даму бөлiмiнiң меңгерушiсi