Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын 29-тармағын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2021 жылғы 18 наурыздағы
№ 145 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi – iссапар) қызметкердiң орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеме басшысының өкiмi бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау, сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлану үшін белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады.
Мемлекеттiк мекеменiң құрамына кiретiн бөлiмшелер басқа елдi мекенде орналасқан жағдайда жеке еңбек шарты (осы мемлекеттiк мекеменiң бұйрығы) негізінде жұмыс істейтін құрылымдық бөлiмше тұрақты жұмыс орны болып саналады.
2. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберудi:
1) баратын жерi мен ұйымның атауы;
2) iссапарда болу мерзiмi;
3) іссапардың мақсаты;
4) іссапар шығыстарын өтеу шарттары:
тәулікақыны өтеу үшін күндер саны;
тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды өтеу үшін күндер саны (бірнеше елді мекенге іссапарға жіберу кезінде әрбір елді мекенде болатын күндер саны);
бағытын көрсете отырып, жол жүру шығыстары өтелетін көлік түрі көрсетілген бұйрықтың (өкімінің) негізінде орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда осы мемлекеттiк мекеменiң басшысы жүргiзедi.
3. Қызметкерлер іссапарының мерзiмiн орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеменiң басшысы анықтайды, алайда ол жолда жүру уақытын есептемегенде 40 күннен (кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағанда, сондай-ақ егер іссапар жедел-іздестіру қызметіне байланысты болмаса) аспауға тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк болған жағдайда iссапар мерзiмi орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда осы мемлекеттiк мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.".
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.04.2022 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінде:
1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-2. Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу:
1) мемлекеттік орган – бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) әкімшісі басшысының не оны алмастыратын тұлғаның;
2) аппарат басшысының орталық мемлекеттік органның басшысымен келісілген шешімі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.".
5. "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы";
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға келісу, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібі туралы қағидалар;
3) бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілсін.";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі";
мына:
"
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | Үкімет | Премьер-Министр |
"
деген жолдың алдынан мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
Премьер-Министрдің орынбасарлары | Президент | Премьер-Министр | |
Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының министрлері | Президент | Премьер-Министр | Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасымен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен |
";
мына:
"
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | Үкімет | Премьер-Министр |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | Президент | Премьер-Министр |
";
мына:
"
Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары | Президент | Әкімшілік Басшысы | Премьер-Министрмен |
"
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің орынбасарлары (вице-министрлер) | Үкімет | министрлер | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің орынбасарлары (вице-министрлер) | Үкімет | министрлер | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы** |
";
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің аппарат басшыларын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары | министрлер | министрлер | Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен |
Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы | Төтенше жағдайлар министрі | Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы** |
";
мына:
"
Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары | министрлер | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен | |
Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, орталық атқарушы органдар комитеттері төрағаларының орынбасарлары | жауапты хатшылар** | комитеттер төрағалары | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен |
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары | министр | комитет төрағасы | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары | министрлер | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен** | |
Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, орталық атқарушы органдардың комитеттері төрағаларының орынбасарлары | аппарат басшылары | комитет төрағалары | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен |
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарлары | министр | министр | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен |
";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағаларының орынбасарлары | Төтенше жағдайлар министрі | Төтенше жағдайлар министрі | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен** |
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасарлары | министр | министр | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен |
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша департаменттерінің басшылары | министр | министр | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен |
";
мына:
"
Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары* | Президент | министрлер | Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ұлттық жоғары оқу орындарының бірінші басшылары* | министрлер | Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен |
";
мына:
"
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамдарына кіретін жекелеген ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары* | директорлар кеңестері | холдингтердің басқарма төрағалары | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен |
Холдингтердің құрамына кірмейтін жекелеген ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары | директорлар кеңестері | Премьер-Министр |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамдарына кіретін жекелеген ұлттық даму институттарының немесе ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары* | директорлар кеңестері | холдингтердің басқарма төрағалары | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен |
Холдингтердің құрамына кірмейтін жекелеген ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары | директорлар кеңестері | министрлер | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен |
";
мына:
"
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры | Президент | Мәдениет және спорт министрі | Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен |
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы | Президент | Мәдениет және спорт министрі | Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен |
"Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы | директорлар кеңесi | Премьер-Министрмен |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры | Мәдениет және спорт министрі | Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен | |
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы | Мәдениет және спорт министрі | Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен | |
"Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы | директорлар кеңесi | Ақпарат және қоғамдық даму министрі | Премьер-Министрмен |
";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры", "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры", "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамдарының басқарма төрағалары | директорлар кеңесi | министрлер | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен |
"Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd" басқарушы компаниясының басқарма төрағасы | директорлар кеңесi | Премьер-Министр |
";
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе:
* "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес осы кадрлар бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша оның Әкімшілігі Басшысымен міндетті түрде келісуден өтеді.
** кандидатураларды талқылау "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабы 8) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.";
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) көрсетілген қаулымен бекітілген бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы (ұсынымы) бойынша немесе онымен келісім бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі";
реттік нөмірлері 15 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ";
"18. "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ";
реттік нөмірлері 16, 19 және 25-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 45, 46, 47 және 48-жолдармен толықтырылсын:
"
45. | "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ |
46. | "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" КеАҚ |
47. | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ |
48. | "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd басқарушы компаниясы |
";
ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"КеАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғам".
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
8. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
21-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған персоналды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.".
9. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.";
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Аппарат басшысы аумақтық органдар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.".
10. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.".
11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 586 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ережеде:
8-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін тұрақты негізде талдайды және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ мемлекеттік органның аппарат басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жылына екі рет жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күніне дейін Әділет министрлігіне жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;";
9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттiк орган басшысының немесе орталық атқарушы органның аппарат басшысының келiсiмiмен Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң жобаларын және мемлекеттiк органның құқықтық мәселелер жөнiндегi құжаттарын әзiрлеу үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнiндегi iс-шаралар мен мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды iске асыру үшiн басқа құрылымдық бөлiмшелердiң қызметкерлерiн тартуға құқылы.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның басшысымен келісу бойынша мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы сыйлықақы берудiң қолданылып жүрген жүйесiн және бар мүмкiндiктердi ескере отырып, заң қызметiнiң қызметкерлерiне қосымша материалдық ынталандыру белгiлеуге құқылы.".
13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.04.2022 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.04.2022 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
15. "Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 520-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасында:
4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысы не ол уәкілеттік берілген лауазымды адам (Комиссияның төрағасы);";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін есептен шығару актілері келісілген жағдайда тиісті органның мөрімен бекітілген, басшының не оның міндетін атқаратын адамның қолы, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде аппарат басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның қолы қойылады.
Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттардың бір данасы тиісті келісуші органда қалады, қалған екеуі мемлекеттік заңды тұлғаға жіберіледі.".
16. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2021 № 590 қаулысымен.17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығының 7-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия ведомстволық наградалармен марапаттауға (ведомстволық наградалардан айыруға) объективтi көзқарасты қамтамасыз ету үшiн осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградаларының тiзбесiнде айқындалған орталық мемлекеттiк органдарда – аппарат басшысының, ал сыртқы саяси қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен тұрақты негiзде құрылады.";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал сыртқы саяси қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік органның басшысы Комиссия шешім шығарған кезден бастап күнтізбелік 10 күн ішінде:
1) Комиссия шешімінің негізінде;
2) осы мәселе Мемлекет басшысының актілерінен туындаған жағдайда оны Комиссия қарауына шығармай, ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы бұйрық шығарады.
15. Ведомстволық наградадан айырылған адам оны мемлекеттiк органның аппарат басшысының, ал сыртқы саяси қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік орган басшысының тиiстi бұйрығы қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде мемлекеттiк органға қайтарады.";
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Ведомстволық наградаларды табыстауды орталық мемлекеттiк органның аппарат басшысы, ал сыртқы саяси қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік орган басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа да лауазымды адамдар жүргiзедi.
18. Әрбiр марапатталушыға ведомстволық наградаларды табыстаумен бiр мезгiлде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк органның аппарат басшысы, ал сыртқы саяси қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік орган басшысы қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.";
"3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздері" деген бөлімде:
"Статистика үздігі" төсбелгісі" және "Монополияға қарсы қызметтің үздігі" төсбелгісі" деген кіші бөлімдер алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
"Жауапты хатшы ____________(қолы)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Аппарат басшысы ____________(қолы)";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:
"1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі" деген бөлімде:
"Төсбелгілер:" деген кіші бөлімде:
10-тармақ алып тасталсын;
"2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі – сипаттамалар)" деген бөлімде:
"Статистика үздігі" (57-қосымша) және "Монополияға қарсы қызметтің үздігі" (57-1-қосымша) деген тараулар алып тасталсын.
18. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2021 № 590 қаулысымен.19. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.".
20. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.".
21. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
21-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда аппарат басшысымен келісу бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.".
22. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1198 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 89-90, 635-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларында:
7-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 075/у нысанындағы медициналық анықтаманы;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал сыртқы саяси қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органда – мемлекеттік орган басшысы, ал аппарат басшысы болмаған жағдайларда мемлекеттік органның басшысы уәкілетті комиссиямен келісу бойынша белгілеген лауазымға шетелдік жұмыскерді тағайындайды және шетелдік жұмыскермен оның алдына қойылған міндеттер қамтылатын еңбек шартын бір жылдан аспайтын мерзімге жасасады.".
23. "Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 89-90, 636-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам, не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
Мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес өткізілген жағдайда конкурстық құжаттаманы ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам бекітеді.";
17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурстық комиссияны құру және конкурстық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе аппарат басшысы не оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.";
25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сараптау комиссиясын құру және сараптау комиссиясының басшысын айқындау туралы шешімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе аппарат басшы не оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.";
29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік сатып алу Заңның 7-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес өткізілген жағдайда конкурсқа қатысуға шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жасайды және ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам не аппарат басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам бекітеді.";
көрсетілген қаулыға 13-қосымшада:
мына:
"Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің және бірінші басшының не жауапты хатшының немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлғаның, тапсырыс берушінің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолдары." деген бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің және бірінші басшының не аппарат басшының немесе оның міндетін атқаратын адамның қолдары.".
24. "Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 477 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 44, 270-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті органдарда нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеу жөніндегі функцияларды аппарат басшысының, ал аппарат басшысы енгізілмеген мемлекеттік органдарда – мемлекеттік орган басшысының шешімімен айқындалған уәкілетті органның тиісті бөлімшесі немесе қызметкері (қызметкерлері) жүзеге асырады.".
25. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.26. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
27. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.".
28. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ережеде:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.".
29. Қызмет бабында пайдалану үшін.
30. "Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 434-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлуде:
мына:
"
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы | 15 | - | - | - |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппарат басшылары | 15 | - | - | - |
";
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Пилоттық органда Материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қалыптастырылады. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіретін Комиссияның ережесі мен құрамы пилоттық орган басшысының, аппарат басшысының шешімімен бекітіледі. Комиссияның ұсынымдары материалдық көмектің мөлшері туралы шешім қабылдау үшін негіз болады.
4. Орталық атқарушы органның аппарат басшысының қызметін бағалау осы тұлға үшін орталық атқарушы орган басшысы бағалау жылының қаңтарында белгілейтін басымдықтардың негізінде жүзеге асырылады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Бонустар төлеу туралы шешімді:
1) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін – пилоттық органның бірінші басшысы;
2) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін:
пилоттық орган басшысы не оны алмастыратын адам;
пилоттық органның аппарат басшысы;
мемлекеттік қызметшілерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату құқығы бар лауазымды тұлғалар қабылдайды.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Материалдық көмек көрсету:
1) пилоттық орган басшысының не оны алмастыратын адамның;
2) пилоттық органның аппарат басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақысына үстемеақылар төлеу:
1) пилоттық органның басшысы не оны алмастыратын адамның;
2) пилоттық органның аппарат басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.";
30-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Аппарат басшысы жетекшілік ететін B-1, C-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда, B-1, C-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін үстемеақылар төлеу және олардың мөлшері туралы шешімді осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тұлғалар пилоттық орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарымен (болған жағдайда) келісу бойынша қабылдайды.".
31. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.04.2022 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.32. "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 23-24, 137-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларында:
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Жоғарғы Сотының судьялары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – тәулiгiне айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша (іссапарға жіберілген адамға әкімшілік тиісті қозғалыс құралын ұсынатын жағдайлардан басқа) көрсетілген жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) негізінде темiржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) вагондарды қоспағанда) тарифі бойынша; су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша; ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өткен кезде, аталған көлік құралдары болмаған немесе іссапар шұғыл болған кезде) орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына (өкiміне) сәйкес темiржол көлiгiмен жол жүрген кезде жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) тарифтері бойынша және әуе көлiгiмен экономикалық класс тарифі бойынша; мемлекеттік органның басшысына, мемлекеттік орган басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысына, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысына әуе көлiгiмен жол жүрген кезде экономикалық класс тарифі бойынша; Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына, оның бірінші орынбасарына және орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысына, оның орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшілеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға әуе көлігімен жол жүрген кезде "Бизнес" класс тарифі бойынша;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мемлекеттік мекеменің басшысы, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының рұқсатымен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы жақын аудан және облыс орталықтарына қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберілген кезде көлік шығыстары;";
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметкердің iссапар орнынан тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келе алуы-келе алмауы туралы мәселені әрбiр нақты жағдайда қашықтықтың ұзақтығын, көлiк қатынасының жағдайларын, орындалатын тапсырманың сипатын, сондай-ақ қызметкерге демалыс үшiн жағдай жасаудың қажеттiгін ескере отырып, iссапарға жiберiлетін адам жұмыс iстейтiн орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда –мемлекеттiк мекеменің басшысы шешедi.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары және орынбасарлары, аппарат басшылары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесі қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар "Бизнес" класс авиабилетінің құны мөлшерінде шетелдік валютада өтеледі;";
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын, орталық мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарларын және орынбасарларын, аппарат басшыларын, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілін, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілін, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесін қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдар үшін – люкс сыныптамасы бойынша қонақ үйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары басшыларының бірінші орынбасарлары, орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесі үшін – жартылай люкс сыныптамасы бойынша қонақ үйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;".
33. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:
21-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) аппарат басшымен келiсу бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.".
34. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 5-6, 64-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.".
35. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 26-27, 236-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.".
36. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 28, 243-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.".
37. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 248-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.".
38. "Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша);".
39. "Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 16-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі";
"Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы "Адалдық алаңы" жобалық офисінің басшысы" (келісу бойынша).
40. "Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 102-ө өкімінде:
көрсетілген өкімге қосымшада:
Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссиясының құрамы:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)".
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2021 жылғы 18 наурыздағы
№ 145 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға келісу, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібі туралы қағидалар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі – Премьер-Министр) тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға тағайындау немесе лауазымнан босату туралы ұсыныстарды – тиісті мемлекеттік органның басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызметшілерін – Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, өзге де лауазымды адамдарды тиісті ұйымдардың басшылары ұсынылып отырған тағайындау немесе босату себептері мен дәлелдерін, сондай-ақ тиісті лауазымға кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкес келуін көрсете отырып, жазбаша нысанда Премьер-Министрдің қарауына енгізеді.
Мемлекеттік немесе өзге де лауазымға тағайындау және/немесе тағайындауды келісу үшін ұсынысқа:
1) кандидат деректерінің тиісті лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігі көрсетілген ұсыныс;
2) қағаз және электрондық тасығышта мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша түрлі-түсті суреті бар қызметтік тізім;
3) кандидаттың өтініші;
4) жеке куәліктің көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6) өз қолымен жазылған өмірбаян;
7) білімі, берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы дипломдардың көшірмелері;
8) кандидаттың лауазымға орналасуы үшін арнайы тексеруден өткені туралы анықтама;
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнен анықтама;
10) "Б" корпусының орналасатын лауазымына қойылатын белгіленген тәртіппен бекітілген біліктілік талаптарының көшірмесі;
11) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының орынбасарлары лауазымына тағайындауды келісу кезінде конкурстық комиссия хаттамасының көшірмесі (бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізілген жағдайда).
Мемлекеттік саяси қызметке жататын лауазымға ротациялау шеңберінде тағайындауды келісу рәсіміне қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдерінде, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарында (бұдан әрі – Ротация жүргізу қағидалары) айқындалады.
Мемлекеттік немесе өзге де лауазымнан босату және/немесе босатуды келісу үшін:
1) болжамды босатудың нақты себептері мен дәлелдері көрсетілген ұсыныс;
2) мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша түрлі-түсті суреті бар қағаз және электрондық тасығыштағы қызметтік тізім;
3) мемлекеттік қызметшінің өтініші;
4) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі (қажет болған кезде) ұсынылуы тиіс.
"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымға ротациялау шеңберінде тағайындауды келісу ресіміне қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ротация жүргізу қағидаларында айқындалады.
Мемлекеттік немесе өзге де лауазымнан босату және/немесе босатуды келісу үшін:
1) болжамды босатудың нақты себептері мен дәлелдері көрсетілген ұсыныс;
2) мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша түрлі-түсті суреті бар қызметтік тізім;
3) өтініш ұсынылуға тиіс.
Ұсынылған материалдар Премьер-Министр Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде тіркеледі және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін Премьер-Министр Кеңсесінің Кадр жұмысы бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) дереу беріледі.
Тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар бір жұмыс күні ішінде Премьер-Министр Кеңсесінің басшысының (бұдан әрі – Кеңсе Басшысы) қарауына беріледі, ол өз кезегінде тағайындауға немесе босатуға кандидаттар туралы Премьер-Министрге жеке баяндайды.
Мұндай құжаттарды қабылдау бөлмелерінің мамандары және Үкімет пен Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының көмекшілері арқылы беруге жол берілмейді.
2. Тағайындау не атқарып отырған лауазымнан босату ұсынылатын кадрларды Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің бөлімдері алдын ала зерделеуі мүмкін. Лауазымға тағайындауды немесе лауазымнан босатуды келісу бойынша ұсынылған материалдарды талдау барысында тағайындалатын немесе босатылатын лауазымды тұлғаның іскерлік және жеке қабілеттері оны Премьер-Министр Кеңсесіне әңгімелесуге шақыру арқылы зерделенеді, қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.
Қабылданған шешім туралы мемлекеттік органдарға хабарламаны Бөлім бір күн ішінде жібереді.
3. Премьер-Министрдің келісімін алған жағдайда Бөлім лауазымды тұлғаларды тағайындау немесе босату бойынша Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін дайындайды.
Премьер-Министрдің тиісті келісімін алғанға дейін кандидаттарды лауазымға тағайындау немесе лауазымнан босату туралы шешім қабылдауға жол берілмейді.
4. Үкімет тағайындайтын не Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Кеңсе Басшысымен келісу бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша келісу нәтижесі ұсынысқа Кеңсе Басшысының қарары түрінде ресімделеді және тиісті орталық атқарушы органға жіберіледі.
5. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі — Президент Әкімшілігі) Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келісу бойынша тағайындалуы немесе босатылуы тиіс мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдар жөніндегі тиісті орталық атқарушы органның басшысы қол қойған және Бөлімге енгізілген ұсыныстар Кеңсе Басшысында және Премьер-Министрде алдын ала келісілгеннен кейін тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру туралы ұсыныс хатпен Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөліміне жолданады. Ол Президент Әкімшілігінде келісуді ұйымдастырады, содан кейін Бөлімге ұсынылып отырған не босатылатын кандидатура жөнінде жауапты хабарлайды.
Келісу рәсімі аяқталған соң лауазымға тағайындау не лауазымнан босату туралы дайындалған құжаттарды Кеңсе Басшысы Премьер-Министрге қол қоюға енгізеді.
6. Ротация шеңберінде саяси мемлекеттік лауазымға және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметтеріне жатқызылған лауазымға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ротация жүргізу қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.