Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.04.2023 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. "Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде:
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар тәртібін айқындайды.".
9, 10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 256 қаулысымен
бекiтiлген
Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының шегiнде және шет мемлекеттерге қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртiбiн айқындайды.
2. Іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу болып табылады.
2-1. Мемлекеттік органдар қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің ішкі тәртібін өз қызметінің ерекешелігін ескере отырып осы Қағидаларда көзделген нормаларға сәйкес дербес әзірлеуі және бекітуі мүмкін.
Ескерту. Қағида 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2-тарау. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарын өтеу тәртiбi
3. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:
1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;
2) тұрғын үй-жайды жалдау бойынша:
мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Жоғарғы Сотының судьялары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында тәулiгiне айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс;
мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында - тәулігіне айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
3) іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша (іссапарға жіберілген адамға әкімшілік тиісті қозғалыс құралын ұсынатын жағдайлардан басқа) көрсетілген жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) негізінде теміржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) вагондарды қоспағанда) тарифі бойынша; су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша; ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өткен кезде, аталған көлік құралдары болмаған немесе іссапар шұғыл болған кезде) орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына (өкiміне) сәйкес темiржол көлігімен жол жүрген кезде жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) тарифтері бойынша және әуе көлiгiмен экономикалық класс авиабилеттің құны бойынша; мемлекеттік органның басшысына, мемлекеттік орган басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға, Конституциялық Соттың судьяларына, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысына, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысына әуе көлiгiмен жол жүрген кезде экономикалық класс авиабилеттің құны бойынша; Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына, оның бірінші орынбасарына және орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысына, оның орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшілеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға әуе көлігімен жол жүрген кезде "Бизнес" класс авиабилеттің құны бойынша;
4) жол жүру билеттерi мен қонақүйдегі орынды броньға қоюдың, iссапарға жiберiлген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезiнде поездарда төсек-орын жабдықтарын пайдаланудың құны, сондай-ақ жол жүру билеттерін қайтарғаны немесе ауыстырғаны үшін комиссиялық алымдар мен айыппұлдарды осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде;
5) iссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша өтеледi;
6) темiржол станциясына, айлаққа, әуежайға, егер олар елдi мекен шегінен тыс орналасса, растайтын құжаттар болған кезде автокөлiкпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;
7) мемлекеттік мекеменің басшысы, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының рұқсатымен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы жақын аудан және облыс орталықтарына қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберілген кезде көлік шығыстары;
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тікелей рейс болмаған жағдайда, мемлекет ішінде жұмыс орнынан жөнелту (ұшу) орнына және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстар 161 "Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар" ерекшелігі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте шақыру бойынша мемлекет ішінде жұмыс орнынан жөнелту (ұшу) орнына және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстар шақырушы тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 140; 13.06.2019 № 403; 21.11.2019 № 865; 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2022 № 920 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.04.2023 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.4. Іссапарға жiберiлген қызметкер тұрғылықты тұратын жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болатын жерге iссапарға жiберiлген кезде шығыстар мынадай тәртiппен өтеледi:
1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда тәулiкақыларды өтеу және көлiктiк шығыстарға ақы төлеу осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;
2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келсе, онда тәулiкақы төленбей, жол жүру құжаттары болған кезде көлiктiк шығыстар ғана өтеледi.
Қызметкердің iссапар орнынан тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келе алуы-келе алмауы туралы мәселені әрбiр нақты жағдайда қашықтықтың ұзақтығын, көлiк қатынасының жағдайларын, орындалатын тапсырманың сипатын, сондай-ақ қызметкерге демалыс үшiн жағдай жасаудың қажеттiгін ескере отырып, iссапарға жiберiлетін адам жұмыс iстейтiн орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда –мемлекеттiк мекеменің басшысы шешедi.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Iссапарға жiберiлген қызметкерге уақытша жұмысқа жарамсыздығы жағдайында оған жалпы негіздермен тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар өтеледi (iссапарға жiберiлген қызметкер стационарлық емдеуде жатқан жағдайды қоспағанда) және ол өзіне жүктелген қызметтiк тапсырманы орындауға кiрiскенше немесе тұрақты жұмыс орнына қайтып келгенше барлық уақыт ішінде, бiрақ 40 күннен артық емес уақыттың iшiнде тәулiкақы төленедi.
Іссапарға жiберiлген қызметкердiң уақытша жұмысқа жарамсыздығы, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша тұрақты жұмыс орнына келе алмауы белгіленген тәртiппен куәландырылуы тиiс.
Уақытша жұмысқа жарамсыздық кезеңiнде iссапарға жiберілген қызметкерге жалпы негіздермен уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төленедi. Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндерi iссапардың мерзiмiне енгiзiлмейдi.
6. Іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға кетер алдында жол жүру ақысын, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды төлеуге тиесiлi сомалар және тәулiкақы беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3-тарау. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртiбi
7. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарлар кезінде мынадай шығыстар өтеледi:
1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдар (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің жұбайлары), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері (күзетілетін адаммен бірге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдік валютадағы көліктік шығыстар 1-сынып бойынша авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі;
2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары және орынбасарлары, аппарат басшылары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесі қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар "Бизнес" класс авиабилетінің құны мөлшерінде шетелдік валютада өтеледі;
3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы болған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы болған кезде осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациясы шет елге шыққан кезде авиатасымалдаушыға арнайы рейстердің шығыстары өтеледі;
4) басқа мемлекеттiк қызметшілер қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада "Экономикалық" сыныпты авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi;
5) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарын өтеудің нормалары (тәулігіне бір адамға):
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдар үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын, орталық мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарларын және орынбасарларын, аппарат басшыларын, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілін, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілін, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесін қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдар үшін – люкс сыныптамасы бойынша қонақ үйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары басшыларының бірінші орынбасарлары, орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесі үшін – жартылай люкс сыныптамасы бойынша қонақ үйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;
осы тармақшаның екiншi, үшiншi, төртінші абзацтарында көрсетілмеген басқа мемлекеттiк қызметшілер үшiн стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдiң бiр орындық нөмiрiнiң құны бойынша;
Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісімен бірге жүретін адамдар үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;
өткізу кезеңінде қонақүйде тұру құны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісу бойынша қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды өтеудің бекітілген шекті нормаларынан асатын халықаралық іс-шараларға Қазақстан Республикасының делегациясы құрамында қатысатын адамдар үшін – іс жүзіндегі шығындар бойынша;
әскери-саяси қақтығыстар болып жатқан елдерге іссапарға жіберілген адамдар үшін - іс жүзіндегі шығыстар бойынша. Әскери-саяси қақтығыстар болып жатқан елдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайды;
6) құзыретіне Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде, шетелдік соттарда және шетелдік мемлекеттік органдарда қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу кіретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұзақтығы 41 күннен 180 күнге дейінгі үздіксіз ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларына стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдің бір орындық нөмірінің құнына 0,5 коэффициентін есепке ала отырып, тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормалары (тәулігіне бір адамға) қолданылады;
7) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тәуліктік және қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстары мынадай нормалар бойынша АҚШ долларымен және евромен өтеледі:
Р/с № | Мемлекет | Тәуліктік | Қонақ үй нөмірлерінің сыныптамасы | ||||||
люкс | жартылай люкс | стандарт | |||||||
АҚШ доллары | евро | АҚШ доллары | евро | АҚШ доллары | евро | АҚШ доллары | евро | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1. | Аустрия Республикасы | 80 | 435 | 320 | 230 | ||||
2. | Аустралия | 90 | 400 | 300 | 250 | ||||
3. | Әзербайжан Республикасы | 80 | 250 | 200 | 150 | ||||
4. | Албания Республикасы | 80 | 180 | 150 | 120 | ||||
5. | Алжир Халық Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
6. | Антигуа және Барбуда | 80 | 180 | 150 | 120 | ||||
7. | Аргентина Республикасы | 80 | 330 | 210 | 120 | ||||
8. | Мысыр Араб Республикасы | 90 | 200 | 175 | 120 | ||||
9. | Багам Аралдары Достастығы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
10. | Белиз | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
11. | Бермуд аралдары | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
12. | Босния және Герцеговина | 80 | 195 | 160 | 125 | ||||
13. | Бруней-Даруссалам Мемлекеті | 90 | 180 | 140 | 120 | ||||
14. | Вануату | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
15. | Шығыс Самоа | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
16. | Уругвай Шығыс Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
17. | Люксембург Ұлы Герцогтігі | 80 | 405 | 205 | 110 | ||||
18. | Габон Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
19. | Бахрейн Корольдігі | 90 | 300 | 240 | 100 | ||||
20. | Қатар Мемлекеті | 90 | 400 | 270 | 130 | ||||
21. | Израиль Мемлекеті | 90 | 330 | 250 | 160 | ||||
22. | Кувейт Мемлекеті | 90 | 330 | 240 | 150 | ||||
23. | Грек Республикасы | 80 | 285 | 230 | 185 | ||||
24. | Доминикан Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
25. | Мадагаскар Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
26. | Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
27. | Судан Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
28. | Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
29. | Шығанақтағы аумақтар | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
30. | Иордан Хашимит Корольдігі | 80 | 180 | 140 | 120 | ||||
31. | Ирак Республикасы | 80 | 180 | 140 | 110 | ||||
32. | Иран Ислам Республикасы | 80 | 250 | 180 | 130 | ||||
33. | Ирландия | 80 | 405 | 250 | 165 | ||||
34. | Италия Республикасы | 80 | 375 | 290 | 205 | ||||
35. | Йемен Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
36. | Ауғанстан Ислам Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
37. | Мауритания Ислам Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
38. | Пәкістан Ислам Республикасы | 80 | 290 | 180 | 155 | ||||
39. | Дания Корольдігі | 80 | 400 | 225 | 150 | ||||
40. | Андорра Княздігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
41. | Бельгия Корольдігі | 80 | 310 | 250 | 165 | ||||
42. | Гайана Кооперативтік Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
43. | Испания Корольдігі | 80 | 330 | 250 | 205 | ||||
44. | Кайман аралдары | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
45. | Камбоджа Корольдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
46. | Кампучия | 80 | 210 | 190 | 180 | ||||
47. | Канада | 100 | 300 | 285 | 150 | ||||
48. | Корей Халық Демократиялық Республикасы | 80 | 450 | 250 | 150 | ||||
49. | Қытай Халық Республикасы | 100 | 220 | 180 | 150 | ||||
Гонконг қаласы | 100 | 220 | 180 | 150 | |||||
50. | Қырғыз Республикасы | 80 | 275 | 130 | 100 | ||||
51. | Лесото Корольдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
52. | Лихтенштейн Князьдігі | 80 | 405 | 205 | 110 | ||||
53. | Марокко Корольдігі | 80 | 230 | 200 | 180 | ||||
54. | Непал Корольдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
55. | Нидерланд Корольдігі | 80 | 305 | 250 | 165 | ||||
56. | Норвегия Корольдігі | 80 | 390 | 330 | 250 | ||||
57. | Сауд Арабиясы Корольдігі | 90 | 400 | 180 | 130 | ||||
58. | Свазиленд Корольдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
59. | Таиланд Корольдігі | 90 | 300 | 240 | 130 | ||||
60. | Тонго Корольдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
61. | Швеция Корольдігі | 80 | 530 | 355 | 200 | ||||
62. | Лаос Халық- Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
63. | Латвия Республикасы | 80 | 175 | 130 | 85 | ||||
64. | Ливан Республикасы | 80 | 260 | 150 | 100 | ||||
65. | Ливия | 80 | 165 | 120 | 100 | ||||
66. | Литва Республикасы | 80 | 165 | 125 | 100 | ||||
67. | Макао | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
68. | Малави | 80 | 150 | 120 | 120 | ||||
69. | Мальдив Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
70. | Мексикалық Біріккен Штаттары | 80 | 230 | 180 | 125 | ||||
71. | Монако Княздігі | 80 | 525 | 305 | 175 | ||||
72. | Моңғолия Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
73. | Мьянма Одағы Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
74. | Конго Халық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
75. | Жаңа Зеландия | 80 | 300 | 240 | 150 | ||||
76. | Бангладеш Халық Республикасы | 80 | 200 | 150 | 100 | ||||
77. | Палау Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
78. | Біріккен Араб Әмірліктері | 90 | 460 | 220 | 160 | ||||
79. | Танзания Біріккен Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
80. | Папуа Жаңа Гвинея | 80 | 160 | 130 | 100 | ||||
81. | Португалия Республикасы | 80 | 265 | 210 | 150 | ||||
82. | Пуэрто-Рико | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
83. | Ангола Республикасы | 80 | 180 | 150 | 120 | ||||
84. | Армения Республикасы | 80 | 200 | 170 | 130 | ||||
85. | Барбадос Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
86. | Беларусь Республикасы | 80 | 315 | 120 | 100 | ||||
87. | Бенин Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
88. | Болгария Республикасы | 80 | 380 | 200 | 130 | ||||
89. | Көпұлтты Боливия Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
90. | Ботсвана Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
91. | Мажарстан | 80 | 285 | 215 | 125 | ||||
92. | Венесуэла Боливаршыл Республикасы | 80 | 260 | 210 | 110 | ||||
93. | Вьетнам Социалистік Республикасы | 80 | 200 | 150 | 100 | ||||
94. | Гаити Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
95. | Гамбия Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
96. | Гана Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
97. | Гватемала Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
98. | Гвинея Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
99. | Гвинея-Бисау Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
100. | Буркино Фасо Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
101. | Бурунди Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
102. | Гибралтар Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
103. | Гондурас Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
104. | Гренада | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
105. | Грузия | 80 | 180 | 150 | 100 | ||||
106. | Джибути Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
107. | Заир Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
108. | Замбия Республикасы | 80 | 185 | 150 | 120 | ||||
109. | Зимбабве Республикасы | 80 | 165 | 130 | 100 | ||||
110. | Үндістан Республикасы | 80 | 300 | 250 | 150 | ||||
111. | Индонезия Республикасы | 80 | 260 | 230 | 217 | ||||
112. | Исландия Республикасы | 80 | 315 | 210 | 115 | ||||
113. | Кабо-Верди Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
114. | Камерун Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
115. | Кения Республикасы | 80 | 185 | 150 | 120 | ||||
116. | Кипр Республикасы | 80 | 265 | 210 | 150 | ||||
117. | Колумбия Республикасы | 80 | 220 | 200 | 160 | ||||
118. | Коста-Рика Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
119. | Код-д'Ивуар Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
120. | Куба Республикасы | 80 | 340 | 270 | 150 | ||||
121. | Корея Республикасы, Сеул қаласы | 90 | 530 | 250 | 210 | ||||
122. | Либерия Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
123. | Маврикий Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
124. | Мали Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
125. | Македония Республикасы | 80 | 190 | 165 | 115 | ||||
126. | Мальта Республикасы | 80 | 230 | 180 | 120 | ||||
127. | Мозамбик Республикасы | 80 | 180 | 130 | 100 | ||||
128. | Молдова Республикасы | 80 | 190 | 150 | 100 | ||||
129. | Намибия Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
130. | Нигер Республикасы | 80 | 175 | 140 | 120 | ||||
131. | Никарагуа Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
132. | Панама Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
133. | Парагвай Республикасы | 80 | 145 | 120 | 100 | ||||
134. | Перу Республикасы | 80 | 245 | 200 | 140 | ||||
135. | Польша Республикасы | 80 | 330 | 180 | 125 | ||||
136. | Эль-Сальвадор Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
137. | Сенегал Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
138. | Сингапур Республикасы | 90 | 500 | 300 | 200 | ||||
139. | Словения Республикасы | 80 | 195 | 165 | 125 | ||||
140. | Суринам Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
141. | Сьерра Лион Республикасы | 80 | 240 | 160 | 100 | ||||
142. | Тәжікстан Республикасы | 80 | 170 | 130 | 100 | ||||
143. | Тринидад және Тобаго Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
144. | Уганда Республикасы | 80 | 180 | 140 | 100 | ||||
145. | Өзбекстан Республикасы | 80 | 315 | 180 | 100 | ||||
146. | Украина | 80 | 315 | 180 | 120 | ||||
147. | Филиппин Республикасы | 90 | 280 | 220 | 150 | ||||
148. | Хорватия Республикасы | 80 | 260 | 195 | 125 | ||||
149. | Чад Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
150. | Чили Республикасы | 80 | 240 | 180 | 110 | ||||
151. | Эквадор Республикасы | 80 | 150 | 120 | 110 | ||||
152. | Ресей Федерациясы | 80 | 450 | 280 | 220 | ||||
153. | Руанда Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
154. | Румыния | 80 | 280 | 185 | 130 | ||||
155. | Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі | 80 | 580 | 390 | 215 | ||||
80 | 550 | 375 | 205 | ||||||
156. | Самоа | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
157. | Сан-Марино Республикасы | 100 | 320 | 250 | 180 | ||||
158. | Сейшель аралдары | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
159. | Сент-Люсия | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
160. | Сирия Араб Республикасы | 80 | 260 | 180 | 110 | ||||
161. | Словак Республикасы | 80 | 190 | 165 | 125 | ||||
162. | Соломон аралдары | 80 | 120 | 110 | 100 | ||||
163. | Сомали Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
164. | Америка Құрама Штаттары | 100 | 525 | 400 | 260 | ||||
Нью-Йорк қаласы | 100 | 1200 | 1000 | 575 | |||||
165. | Оман Сұлтандығы | 90 | 300 | 240 | 120 | ||||
166. | Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
167. | Сербия және Черногория | 80 | 205 | 165 | 125 | ||||
168. | Тайвань | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
169. | Тоголез Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
170. | Тунис Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
171. | Түрікменстан | 80 | 240 | 180 | 120 | ||||
172. | Түркия Республикасы | 100 | 350 | 230 | 180 | ||||
173. | Бразилия Федеративтік Республикасы | 80 | 330 | 210 | 150 | ||||
174. | Германия Федеративтік Республикасы | 80 | 400 | 210 | 165 | ||||
175. | Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
176. | Финляндия Республикасы | 80 | 400 | 300 | 200 | ||||
177. | Француз Республикасы | 80 | 415 | 290 | 230 | ||||
178. | Малайзия | 90 | 300 | 270 | 170 | ||||
179. | Нигерия Федеративтік Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
180. | Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы | 80 | 240 | 180 | 120 | ||||
181. | Чех Республикасы | 80 | 255 | 210 | 125 | ||||
182. | Швейцария Конфедерациясы | 80 | 415 | 290 | 230 | ||||
183. | Экваторлық Гвинея | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
184. | Эстония Республикасы | 80 | 330 | 175 | 125 | ||||
185. | Оңтүстік Африка Республикасы | 80 | 190 | 160 | 100 | ||||
186. | Ямайка | 80 | 180 | 150 | 120 | ||||
187. | Жапония | 100 | 360 | 325 | 220 |
;
7-1) валютаны есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгеге аударылған күнге белгілеген бағам қолданылады;
8) осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген тәуліктік шығыстарды өтеудің нормалары осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдардың ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларына да қатысты қолданылады.
9) іссапарға жіберілген адам шетелге баратын кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн және Қазақстан Республикасына қайтқан кезде Қазақстан Республикасына келердің алдындағы шет мемлекеттің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылады.
Егер жол жүру құжатына сәйкес Қазақстан Республикасынан ұшып шығу (кету) ағымдағы тәуліктің 21:00 сағатынан кеш жүзеге асырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылмайды.
Егер жол жүру құжаттарына сәйкес шет мемлекеттен ұшып шығу (кету) ағымдағы тәуліктің 00:00-ден – 03:00-ге дейінгі сағаттары аралығында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасына келердің алдындағы шет мемлекеттің Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні іссапар мерзіміне қосылмайды.
10) егер қабылдаушы тарап осы тармақта көрсетілген қандай да бір іссапар шығыстарын өзінің есебінен төлеген жағдайда, тиісті іссапар шығыстарын төлеуге қаражат бөлінбейді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.10.2018 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2019 № 403; 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2022 № 920 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 256 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 60-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1273 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 44-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 585-құжат).
4. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1290 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 682-құжат).
5. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 975 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 62, 490-құжат).