Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 16-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 25.01.2020 № 9-ө өкімімен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес:

      1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 25.01.2020 № 9-ө өкімімен.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр      К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 9 наурыздағы
№ 16-ө өкімімен
бекітілген

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 25.01.2020 № 9-ө өкімімен.

      Ескерту. Құрамы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 11.09.2017 № 130-ө; 26.01.2018 № 8-ө; 07.08.2019 № 141-ө өкімімен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары

      Павлодар облысы әкімінің орынбасары

      "Сандж зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша)

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы "Адалдық алаңы" жобалық офисінің басшысы" (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 9 наурыздағы
№ 16-ө өкімімен
бекітілген

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 25.01.2020 № 9-ө өкімімен.

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 25.01.2020 № 9-ө өкімімен.

      2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 25.01.2020 № 9-ө өкімімен.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 07.08.2019 № 141-ө өкімімен.

      5. Комиссия отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

      2. Комиссияның негізгі міндеті

      6. Комиссияның негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 25.01.2020 № 9-ө өкімімен.

      3. Комиссияны ұйымдастыру мен оның жұмыс тәртібі

      7. Комиссияны ұйымдастыру мен оның жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.