Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысы. Қаулы 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін қолданыста болды.

      Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданыста болу мерзімі – 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін (қаулының 6-тармағын қараңыз).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – пилоттық органдар) тізбесі бойынша пилоттық органдар үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі енгізіледі;

      2) пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесіне негізделеді;

      3) пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне еңбекақы төлеу лауазымдық айлықақылар схемасы, сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу, үстемеақылар, өтемақылар, бонустар негізінде жүргізіледі;

      4) қызмет бабында пайдалану үшін;

      5) пилоттық органдардың қызметтегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерлері төмендеген жағдайда олардың осы мемлекеттік органдарда еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі енгізілген күнге дейінгі лауазымдық айлықақыларының нақты мөлшерлері сақталады деп белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 12.12.2018 № 827 қаулысымен.

      2. Мыналар:

      1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу;

      2) қызмет бабында пайдалану үшін;

      3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), олардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Алматы ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Сарыарқа ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Есіл ауданы әдiлет басқармасының, Астана қаласы және Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданысы 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатылсын.";

      2) қызмет бабында пайдалану үшін.

      4. Пилоттық органдар бір ай мерзімде қолданыстағы штат кестелерін мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының ережелері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын қызметкерлеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.12.2019 № 925 қаулысымен.

      6. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 928 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі      Б. Сағынтаев

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 939 қаулысына
1-қосымша

      Пилоттық органдардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 928 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

      2.  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдары.

      3.  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет).

      4.  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдары.

      5.  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      6.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдары.

      7.  Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдары.

      8.  Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары.

      9.  Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары.

      10. Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары.

      11. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары.

      12. Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары.

      13. Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 939 қаулысына
2-қосымша

      Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.02.2020 № 68 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның атауы

Функционалдық

блоктағы** деңгейлер*

SCS

A

B

C

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппарат басшылары

15

-

-

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының басшысы

14

-

-

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директоры

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) департамент директоры

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің департамент директоры

-

12

11

10

Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшысы

-

12

-

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының басшысыҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әділет департаментінің басшысы

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшысы

Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы басшысының орынбасары Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы басшысының орынбасары

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты басшысының орынбасарыОблыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің орынбасары

-

11

-

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директорының орынбасары

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) департамент директорының орынбасары

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің департамент директорының орынбасары

-

11

10

9

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкіміҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органы басшысының орынбасарыҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменті басшысының орынбасары

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы басшысының орынбасарыОблыстың ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының басшысы

-

10

-

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылықтың) меңгерушісі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі облыстық әділет департаменттері ауданаралық әділет басқармаларының басшылары

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаменті Бейнеу ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Қарқаралы ауданының әдiлет басқармасының басшылары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының кеңесшісі

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі

Астана әкімінің кеңесшісі

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органның бөлім басшысы

-

9

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басқармасының (қызметінің) басшысы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басқармасының (қызметінің) басшысы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басқарма басшысы

Астана әкімі аппараты құрылымдық бөлімшесінің басшысыАстананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бөлім басшысы

-

9

8

7

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі уәкілі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі

-

-

9

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің кеңесшісіЖергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органның бөлім басшыcының орынбасары Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің орынбасары

-

8

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық органының басқарма басшысы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының басқарма басшысы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменті аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы

Облыстың, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бөлім басшысы

-

8

7

6

Астана әкімі аппаратының бас инспекторы

-

8

7

6

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Астана әкімі аппаратының баспасөз хатшысы

-

-

8

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының баспасөз хатшысы

-

-

7

-

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының бөлім басшысы

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әділет департаментінің бөлім басшысы

Облыс, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшысы

-

7

6

5

Облыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің кеңесшісі

-

7

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас консультанты

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) бас консультанты

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас инспекторы

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) бас инспекторы

-

7

6

5

Облыс, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас инспекторы

-

6

5

4

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының көмекшісі

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының көмекшісі

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісіАстана әкімінің көмекшісі

-

8

7

6

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің кеңесшісі

-

6

-

-

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы орган бөлімінің сектор меңгерушісіАудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшенің басшысы

-

6

5

4

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас сарапшысы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) бас сарапшысы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бас сарапшысы

Астана әкімі аппаратының бас маманыАстана әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) бас маманы

Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бас маманы

-

6

5

4

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, облыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің көмекшісі

-

-

-

5

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының бас маманы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының бас маманы

Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменті бөлімінің бас маманы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстың әділет департаменті ауданаралық әділет басқармасының бас маманы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының әдiлет департаментінің Бейнеу ауданы әдiлет басқармасының бас маманы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қарағанды облысы әдiлет департаментiнің Қарқаралы ауданы әдiлет басқармасының бас маманы

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас маманыОблыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бас маманыОблыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас маманыЖергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдар бөлімінің бас маманыОблыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменті аумақтық бөлімінің сот орындаушысы

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) бас маманы

-

5

4

3

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің көмекшісі

-

-

-

4

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппаратының бас маманы

-

4

3

2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сарапшысы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сарапшысы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сарапшысы

-

4

3

2

Астана әкімі аппаратының жетекші маманыАстананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының жетекші маманыАстананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының маманы

-

4

3

2

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының жетекші маманыҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстың әділет департаменті ауданаралық әділет басқармасының жетекші маманы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әдiлет департаменті Бейнеу ауданы әдiлет басқармаларының жетекші маманы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Қарқаралы ауданы әдiлет басқармасының жетекші маманы

Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының жетекші маманыҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының жетекші маманы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының жетекші маманы

Облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әділет департаментінің жетекші маманы

Облыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының жетекші маманыЖергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы орган бөлімінің жетекші маманыОблыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының маманы

-

3

2

1

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы

-

2

1

-


      Ескертпе:

      * Деңгей – мемлекеттік әкімшілік лауазымның позициясын оны бағалау нәтижелеріне байланысты айқындайтын және лауазымдық айлықақы белгілеу үшін қолданылатын көрсеткіш.

      Мемлекеттік әкімшілік лауазымды бағалау мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды пилоттық режимде бағалау және деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.

      ** SCS функционалдық блогы (Жоғары басқару персоналы) – "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.

      А функционалдық блогы (негізгі персонал) – "Б" корпусының мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.

      Бұл блокқа пилоттық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының кеңесшілері, жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің лауазымдары жатқызылуы мүмкін.

      В функционалдық блогы (жәрдемдесуші персонал) – негізгі немесе қосалқы персоналға жататын лауазымдарды қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.

      Бұл блокқа мемлекеттік органның ішкі аудит, жұртшылықпен байланыс, заңдық сүйемелдеу, қаржы, кадр және оның қызметін ақпараттық-технологиялық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің лауазымдары, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкіл лауазымдары жатады.

      Егер көрсетілген қызмет түрлері мемлекеттік органның салалық қызметі болып табылған жағдайда, бұл лауазымдар "А" функционалдық блогына теңестіріледі.

      С функционалдық блогы (қосалқы персонал) – "Б" корпусының әкімшілік-шаруашылық қызметті, пилоттық орган немесе жоғары тұрған орган тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі функциялар жүктелген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар.

      Бұл блокқа пилоттық органдардың бірінші басшыларының көмекшісі лауазымдары да жатады.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басшысы құрылымдық бөлімшелерді және олардың қызметкерлерінің жекелеген лауазымдарын функционалдық блоктарға бөлуді қандай да бір уақыт кезеңінде мемлекеттік органның алдында тұрған басым міндеттерге қарай дербес жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 939 қаулысына

      4-қосымша

      Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары


      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) пилоттық режимдегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бонус – мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем;

      2) есепті кезең – бағалау жылының бірінші қаңтарынан бастап отыз бірінші желтоқсанын қоса алғанда, он екі айды құрайтын күнтізбелік жылға тең мемлекеттік қызметші жұмысының нәтижелерін бағалау кезеңі;

      3) материалдық көмек – қиын қаржылық жағдайдағы мемлекеттік әкімшілік қызметшіні қолдау мақсатында жүзеге асырылатын ақшалай төлем;

      4) мемлекеттік органның нысаналы индикаторлары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстарының әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы арасында жасалған меморандумда белгіленген пилоттық органның нысаналы индикаторлары;

      5) нысаналы бонус – "Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес мөлшерде көзделген мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусы;

      6) нысаналы бонус қоры – бекітілген штат саны лимиттеріне сәйкес осы пилоттық органның әрбір мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің нысаналы бонусынан қалыптастырылған пилоттық органның бонус қоры;

      7) түзетілген бонус – тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижелері бойынша нысаналы бонусты түзетуден кейінгі мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусы;

      8) түзетілген бонус қоры – пилоттық органның нысаналы индикаторларына қол жеткізу нәтижелері бойынша пилоттық органның нысаналы бонус қорын түзетуден кейінгі пилоттық органның бонус қоры;

      9) түйінді нысаналы индикаторлар (бұдан әрі – ТНИ) – қол жеткізу олардың қызметінің тиімділігін көрсететін, саяси қызметшінің меморандумына/"А" корпусы қызметшісінің келісіміне сәйкес не "Б" корпусы қызметшісі қызметінің ерекшелігін негізге ала отырып белгіленетін көрсеткіштер;

      10) үстемеақы – "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне белгіленетін лауазымдық айлықақысына ақшалай қосымша ақы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 12.12.2018 жылғы № 827; 13.12.2019 № 925; 18.02.2020 № 68 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) қаулыларымен.

      3. Пилоттық органда Материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қалыптастырылады. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіретін Комиссияның ережесі мен құрамы пилоттық орган басшысының, аппарат басшысының шешімімен бекітіледі. Комиссияның ұсынымдары материалдық көмектің мөлшері туралы шешім қабылдау үшін негіз болады.

            Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Орталық атқарушы органның аппарат басшысының қызметін бағалау осы тұлға үшін орталық атқарушы орган басшысы бағалау жылының қаңтарында белгілейтін басымдықтардың негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге материалдық көмек көрсету, сондай-ақ пилоттық органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу пилоттық органның ағымдағы әкімшілік шығыстарын үнемдеу есебінен қаржы жылы ішінде жүзеге асырылады.

      6. Пилоттық органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар пилоттық органдардың мемлекеттік қызметшілерінің санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда да штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген, пилоттық органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.

      2. Бонустарды төлеу тәртібі

      7. Бонустарды төлеу пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінде нысаналы бонус қорын қалыптастыруға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.

      8. Пилоттық органның "А" және "Б" корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің түзетілген бонус қоры есепті кезеңдегі пилоттық органның нысаналы индикаторларына қол жеткізу нәтижелері бойынша пилоттық органның "А" және "Б" корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің нысаналы бонус қорын түзету нәтижесінде айқындалады.

      9. Нысаналы бонус қоры түзетілгеннен кейінгі бюджет қаражатының қалдығы пилоттық орган бюджетін кейіннен түзету арқылы мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатады.

      10. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусы пилоттық органның нысаналы индикаторларға қол жеткізуіне және есепті кезеңдегі келісімде айқындалған ТНИ/басымдықтарға қол жеткізуіне байланысты болады.

      11. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусы есепті кезеңде пилоттық органның нысаналы индикаторларға қол жеткізуіне, құрылымдық бөлімшенің ТНИ-ге қол жеткізуіне және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің өз ТНИ-іне қол жеткізуіне байланысты болады.

      12. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонустар төлеу есепті кезеңде оның қызметін бағалаудың басталған күніне сынақ мерзімін аяқтаған күннен бастап және мемлекеттік қызметтегі лауазымға орналасқанына кемінде үш ай болған жағдайда төленеді.

      13. Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу пилоттық органның түзетілген бонус қорын ескере отырып, жыл қорытындысы бойынша пилоттық орган қызметін бағалау нәтижелері бекітілгеннен кейін бір ай ішінде жүргізіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.02.2020 № 68 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) қаулысымен.

      14. Мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары бұзылған немесе мемлекеттік әкімшілік қызметші бағалау басталған күнге дейін жұмыстан шыққан кезде, зейнеткерлік жасқа жеткен мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда, оған есепті кезең үшін "бонус" төленбейді. Мемлекеттік лауазымнан босату туралы шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаның тиісті актісінде айқындалған күн еңбек қатынастары бұзылған немесе жұмыстан босатылған күн болып табылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.02.2020 № 68 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) қаулысымен.

      15. Есепті кезең ішінде пилоттық органның ішінде бір лауазымнан басқа лауазымға ауысу кезінде немесе бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысу кезінде мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бұрын атқарған лауазымында, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуі шартымен жаңадан орналасатын лауазымында бонус төленеді. Түзетілген бонусты есептеу кезінде есепті кезеңде әрбір лауазым бойынша жұмыс істеген нақты күндер саны пайдаланылады.

      16. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін бонустардың мөлшері "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде айқындалған тәртіппен және мерзімде жүргізілген олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша айқындалады.

      17. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін бонустар мөлшері Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілетін "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінде айқындалған тәртіппен және мерзімде жүргізілетін олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша айқындалады.

      18. Бонустар төлеу туралы шешімді:

      1) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін – пилоттық органның бірінші басшысы;

      2) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін:

      пилоттық орган басшысы не оны алмастыратын адам;

      пилоттық органның аппарат басшысы;

      мемлекеттік қызметшілерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату құқығы бар лауазымды тұлғалар қабылдайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Бонустар төлеу:

      1) 5 ТНИ-дің ішінде үшеуінен кемі орындалған кезде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне;

      2) ТНИ-дің/басымдықтардың 60 %-нан кемі орындалған кезде "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне;

      3) мемлекеттік әкімшілік қызметшіге қатысты ұлттық қауіпсіздік органдары арнайы тексеру жүргізу кезеңінде;

      4) осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүргізілмейді.

      5) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бағаланатын жылы мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін тәртіптік жазасы болған кезде.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 18.02.2020 № 68 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) қаулысымен.

      20. Мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметінің нәтижелері бағаланатын кезде оның алынбаған тәртіптік жазасы болған жағдайда "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшінің түзетілген бонусының 50 % мөлшерінде бонус белгіленеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.02.2020 № 68 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) қаулысымен.

      21. Бонустар мөлшерін есептеу әдістемесін пилоттық органдармен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      3. Материалдық көмек көрсету тәртібі

      22. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге материалдық көмек көрсету:

      1) оның отбасы мүшелері, жақын туған-туыстары және
жекжаттары (жұбайының (зайыбының) аға-інісі, әпке-сіңлісі, қарындасы,
ата-анасы және балалары) қайтыс болған;

      2) некеге тұрған;

      3) бала туған, бала асырап алған;

      4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу, оның ішінде оның асырауындағы жақын туған-туыстарына емдеу (санаторийлік емдеуден басқа, күнтізбелік он күннен астам стационарлық немесе амбулаторлық емдеу) жүргізілген;

      5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалған (тонау, ұрлық және басқа), сондай-ақ дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және басқа) салдарынан мемлекеттік әкімшілік қызметшіге мүліктік зиян келтірілген;

      6) зейнеткерлiкке шыққан жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

      23. Материалдық көмек көрсету:

      1) пилоттық орган басшысының не оны алмастыратын адамның;

      2) пилоттық органның аппарат басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Мемлекеттік әкімшілік қызметші материалдық көмек көрсету туралы өтінішті осы Қағидалардың 22-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген жағдайлар басталған күннен бастап екі ай ішінде береді.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметші материалдық көмек көрсету туралы өтінішті осы Қағидалардың 22-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда оқиғалар басталған сәттен бастап бір ай бұрын береді.

      25. Материалдық көмектің мөлшерін осы Қағидалардың 23-тармағында аталған тұлғалар белгілейді, ал осы Қағидалардың 22-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған жағдайларда материалдық көмек төлемінің мөлшері Комиссия ұсынымдарының негізінде белгіленеді. Бұл ретте біржолғы материалдық көмекті төлеу мөлшері жетпіс бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

      26. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты мемлекеттік әкімшілік қызметшінің жазбаша өтініші, растау құжаттары және Комиссия ұсынымдары негізінде осы Қағидалардың 23-тармағында аталған тұлғалар қабылдайды.

      27. Материалдық көмекті төлеу мемлекеттік әкімшілік қызметшіге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықтың негізінде жүргізіледі.

      4. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақысына үстемеақылар белгілеу тәртібі

      28. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар:

      1) өзінің негізгі жұмысынан босамай, "Б" корпусының уақытша болмаған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің функцияларын орындағаны;

      2) мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшіге практикалық көмек (тәлімгерлік) көрсеткені;

      3) орындалған көлеміне қарай, мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыс, сондай-ақ негізгі қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты болатын мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, оның кейбір құқықтарына шек қойылғаны және қосымша жауапкершілігі үшін;

      4) міндеттер шеңберінің кеңеюі, ерекше маңызды (күрделі) тапсырмаларды орындағаны, кезек күттірмейтін және алдын ала болжауға болмайтын, көп уақытты қажетсінетін, қосымша зерделеуді, мұқият талдау мен қорытуды талап ететін жұмыс көлемі үшін белгіленуі мүмкін.

      Пилоттық органдардың мемлекеттік қызметшілерінің санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда пилоттық органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат есебінен пилоттық органдардың "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылардың өзге түрлері белгіленуі мүмкін.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 27.03.2018 № 142 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      29. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақысына үстемеақылар төлеу:

      1) пилоттық органның басшысы не оны алмастыратын адамның;

      2) пилоттық органның аппарат басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Аппарат басшысы жетекшілік ететін B-1, C-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда, B-1, C-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін үстемеақылар төлеу және олардың мөлшері туралы шешімді осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тұлғалар пилоттық орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарымен (болған жағдайда) келісу бойынша қабылдайды.

      "Б" корпусының өзге де мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін үстемеақыларды төлеу және олардың мөлшері туралы шешімді олар үшін шешімді ведомствоның басшысы орынбасарының ұсынымы бойынша осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тұлғалармен келісу бойынша ведомствоның басшысы қабылдайтын ведомстволардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қоспағанда, пилоттық органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ұсынымы бойынша пилоттық орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарымен (болған жағдайда) келісу бойынша осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тұлғалар қабылдайды.

            Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақыларды төлеу:

      1) осы Қағидалардың 28-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда – ай сайын, уақытша болмаған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақысының отыз пайызына дейінгі мөлшерде;

      2) осы Қағидалардың 28-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда – ай сайын, лауазымдық айлықақының жиырма пайызына дейінгі мөлшерде;

      3) осы Қағидалардың 28-тармағының 3) тармақшасында белгіленген жағдайда – ай сайын, лауазымдық айлықақының бес пайызына дейінгі мөлшерде жүргізілуі мүмкін.

      4) осы Қағидалардың 28-тармағының 4) тармақшасында белгіленген жағдайда – ай сайын лауазымдық айлықақының жүз пайызға дейінгі мөлшерінде.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 27.03.2018 № 142 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      32. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне үстемеақылар төлеу:

      1) осы Қағидалардың 28-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;

      2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

      3) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қатысты ұлттық қауіпсіздік органдары арнайы тексеру жүргізу кезеңінде;

      4) тиiстi пилоттық органда бiр айдан аз жұмыс iстеген жағдайда жүргізілмейді.