«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары;
2) Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары;
3) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
4) Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
5) Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
6) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
7) Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
8) Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
9) Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлік қағидалары;
10) Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
11) Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзiрленді. Қағидалар «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі ұйымдарын қоспағанда, меншік нысандарымен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – мектепке дейінгі ұйымдар) қызметінiң тәртiбiн айқындайды.
2. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту мен дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көлемін орындауды қамтамасыз етеді.
3. Мектепке дейiнгi ұйымдардың негізгі мiндеттерi:
1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;
2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
4) азаматтылықты, қазақстандық отаншылдықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау;
6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
4. Мектепке дейінгі ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бөбекжай;
2) балабақша;
3) отбасылық бөбекжай;
4) санаториялық бөбекжай;
5) «мектеп-балабақша» кешені;
6) мектепке дейінгі шағын орталық.
5. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының негізгі құрылымдық бірлігі мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер тобы болып табылады. Топтар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидаты бойынша жасақталады.
6. Мектепке дейінгі ұйым топтарының толымдылығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Топтар тәрбиеленушілердің болу уақыты бойынша бөлінеді және мынадай режимде қызмет етеді:
1) толық күн болу;
2) жарты күн болу;
3) тәулік бойы болу.
8. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Заңды, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын, мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.
9. Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысаны бойынша мемлекеттік және жеке меншік болып табылады.
10. Балаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
11. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тұрақты немесе уақытша орналасуға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргізіледі.
12. Мектепке дейінгі ұйымда баланың орны мынадай:
1) бала ауырып қалған;
2) бала медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделген және сауықтырылған;
3) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуіне еңбек демалысы берілген;
4) бала жаз маусымында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылған жағдайларда сақталады.
13. Басшы баланы мектепке дейінгі ұйымдардан мынадай:
1) баланы мектепке дейінгі ұйымда ұстау үшін ай сайынғы төлемақы уақтылы төленбеген (төлемақыны белгіленген мерзімнен күнтізбелік 15 күннен астам кешіктіру);
2) бала бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей келмеген;
3) дәрігерлік бақылау комиссиясы анықтамасының негізінде баланың келуiне кедергi болатын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындысы болған жағдайларда шығарады.
14. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда баланы күтіп-бағу үшiн ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшерi баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшы белгілейді.
15. Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан немесе заңды өкілдерден төлемақы алу тәртібін мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.
16. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды күтіп-бағу тегін негізде ұсынылады.
17. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымның басшысы үш жылда бір рет «Білім туралы» Заңға сәйкес аттестаттаудан өтеді.
Педагог қызметкер бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтеді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
2. Мектепке дейiнгі ұйымдар қызметінің тәртібi
18. Мектепке дейінгі ұйымды құрылтайшы құрады және ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдарында тіркеледі. Тіркелгеннен кейін мектепке дейінгі білім беру ұйымдары өз қызметі туралы білім беру басқармаларының органдарына хабарлайды.
19. Мектепке дейінгі ұйымдар «Білім туралы» Заңның 41-бабы мен осы Қағидалар негізінде өз жарғысын әзірлейді.
20. Мектепке дейінгі ұйымдар:
1) өз жарғысында белгіленген функциялардың орындалуын;
2) балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін бағдарламаларының толық көлемде іске асырылуын;
4) педагогикалық процесті ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдістердің және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, қабілеттеріне, қызығушылықтары мен қажеттілiктеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді.
21. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді.
22. Мектепке дейінгі ұйымдар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің аумақтық медициналық ұйымдарымен бірлесіп балаларды мектепке дейінгі ұйымның штатына кіретін медициналық қызметкерлер жүзеге асыратын ағымдағы медициналық бақылауды, иммундауды және профилактикалық тексерулер ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтеді.
23. Мектепке дейінгі ұйымдар балаларды үйлесімді тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Балаларды тамақтандыру жас ерекшеліктерін, жұмыс режимін ескере отырып жүргізіледі, оның жиілігі санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен және Жарғымен айқындалады.
24. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі ұйым басшысы белгілеген тәртіппен білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетеді. Ақылы қызметтерден түскен қаражат мамандарға еңбекақы төлеуге, құралдар сатып алуға, тиісті дамытушы орта құруға бағытталуы мүмкін.
25. Отбасы мен баланы әлеуметтiк-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін мектепке дейiнгi ұйымдарда консультациялық пункттер құрылады.
26. Мектепке дейiнгi ұйымдарды басқару дара басшылық және алқалық басқару қағидаттарында құрылады. Алқалық басқару нысандары педагогикалық, қамқоршылық кеңестер болып табылады.
27. Мектепке дейінгi ұйымды тiкелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
28. Мектепке дейінгі ұйым басшысы:
1) мектепке дейінгі ұйымның атынан әрекет етеді, барлық мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарда оның атынан өкілдік етеді;
2) қаражатты басқарушы болып табылады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банктерде есептік және басқа да шоттар ашады;
3) өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады, жаза қолданады;
4) кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату құқығын пайдаланады;
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының талаптарына және санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;
6) балалар мүдделерін, отбасы қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған қосымша қызметтерді ұйымдастырады;
7) баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде ата-анасын немесе заңды өкілдерін жарғымен, қабылдау тәртібі мен оқыту-тәрбиелеу процесін және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібін регламенттейтін құжаттармен таныстырады, ата-аналармен немесе заңды өкілдермен шарт жасасады;
8) мектепке дейінгі ұйымға бекітілген мүліктің сақталуын және тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді.
29. Мектепке дейінгі ұйымның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
1) тәрбиеленушілердің, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын бұзғаны;
4) тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау үшін;
5) қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражаттардың мақсатты пайдаланылмағаны үшін;
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптардың өзге де бұзылғаны үшін жауапты болады.
30. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері мектепке дейінгі ұйым дербес әзірлейтін ішкі тәртіп қағидаларында және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында нақтыланады. Бұл ретте көрсетілген актілерде белгіленген құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Заңға, өзге де заңнамалық актілер мен ұйым жарғысына қайшы келмеуі тиіс.
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесі
31. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген бағдарламаларға және оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жарғысымен айқындалады.
32. Тәрбиелеу-білім беру процесінің негізгі қатысушылары балалар, ата-аналар немесе заңды өкілдер, педагогикалық қызметкерлер болып табылады.
33. Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық қызметпен айналысуға білімі және біліктілігінің тиісті деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттармен расталған педагогикалық білімі бар (техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі) адамдар жіберіледі.
Педагогикалық қызметке соттың үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған, сондай-ақ өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар тұлғалар жіберілмейді.
34. Мектепке дейінгі ұйымдар және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мектепалды топтары және білім беру ұйымдары мектепалды сыныптарының педагог қызметкерлеріне айлық еңбекақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағаттан артық емес болып белгіленеді.
«Бiлiм туралы» Заңның 30-бабының 2-тармағына сәйкес мектепке дейінгі оқыту балаларды мектепте оқытуға мектепалды даярлық түрінде бес жастан бастап жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық міндетті және отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық тегін болып табылады.
35. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары тиімді тәрбиелеу-білім беру процесін қамтамасыз ету мақсатында балама авторлық бағдарламаларды дербес таңдайды және қолданады, мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын сақтау шартымен тәрбиелеудің, оқытудың және сауықтырудың жаңа технологияларын енгізеді.
36. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісінің, ата-аналары мен қызметкерлерінің қарым-қатынасы тәрбиелеу-білім беру процесіне қатысушылардың ынтымақтастығы, өзара сыйластығы негізінде және жеке ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеленушіге даму еркіндігін ұсынуды ескере отырып құрылады.
37. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-қатынастар баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі. Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару режимі, тамақтану жиілігі, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсету деңгейі және ұсыну мерзімі, мектепке дейінгі ұйымда баланы күтіп-бағу ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер және өзге де шарттар айқындалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысандарымен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері:
1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылыми негіздерді алуын қамтамасыз ету;
3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
6) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу.
3. Білім беру ұйымдарының негізгі түрлері мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейіндік мектеп болып табылады.
4. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, сырттай, кешкі, экстернат және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қашықтықтан оқыту нысандарында жүзеге асырылады.
5. Мемлекет инклюзивті білім беру мақсаттарын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейлерінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
6. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
7. Ақылы білім беру қызметтерін іске асыратын мемлекеттiк емес білім беру ұйымдарындағы білім алушының, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өзара қарым-қатынастары оқу мерзімін, оқу үшін төлем мөлшерін, өзге де жағдайларды айқындайтын шартпен реттеледі.
8. Білім алушыларды құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарынан шығаруға білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
Жетiм балалармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру ұйымдарынан шығару туралы шешiм қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімiмен қабылданады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарынан шығарылған балалардың жалпы орта білім алуы түзеу мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектепте, кешкі, жеке меншік мектепте немесе экстернат нысанында жалғасады.
9. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
2. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
Қызметін ұйымдастыру
10. Оқушылар, педагог қызметкерлер, оқушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдер білім беру процесінің субъектілері болып табылады.
11. Негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттiк үлгідегі білім туралы құжаттар береді.
12. Педагогтік қызметпен айналысуға тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі.
Білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге педагогтік қызметке сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді.
13. Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Білім беру процесі
14. Білім беру ұйымдары білім беру процесін жалпы орта білім беру деңгейлерінің: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі орта (5-9 (10) сыныптар) және жалпы орта (10-11 (12) сыныптар) білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
15. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (1-деңгей) баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - төрт жыл.
16. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (2-деңгей) білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.
Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.
Негiзгi орта бiлiм берудің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi - бес жыл.
Он екі жылдық білім беруге көшкен кезде негiзгi орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi - алты жыл.
17. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (3-деңгей) жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - екі жыл.
18. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады.
19. Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие процесі оқу жұмыс бағдарламаларына және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Білім беру ұйымдарында қосымша білімнің білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылады.
21. Білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.
22. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақтар режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
23. Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады.
Білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттердің ең шағын үй-жайлары медициналық қызметкердің кабинеті мен процедуралық кабинетті қамтиды.
Жалпы білім беретін мектептің штаттық кестесі медициналық қызметкер (медбике, дәрігер) бірлігін қамтиды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мектептегі медициналық қызметкер өз біліктілігін уақытылы арттырып отырады.
Шағын жинақты мектептерде медициналық пункт және медициналық қызметкер болмаған жағдайда медициналық қамтамасыз етуді өңірлік алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары жүзеге асырады.
24. Білім беру ұйымындағы сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.
25. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.
Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.
Жалпы білім беретін ұйымдардың барлық түрлерінің оқушылары үшін сабақтар арасындағы үзілістер ұзақтығы кемінде 10 минутты, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейінгі) кемінде 30 минутты құрайды: бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан соң әрқайсысы 20 минуттан екі рет үзіліс жасауға жол беріледі.
26. Білім беру ұйымдарындағы сабақтың ұзақтығы – қырық бес минут (арнайы сыныптарда – қырық минуттан аспайды).
Білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан оқушылардың күндізгі оқу жүктемесі бастауыш сыныпта бес сабақтан және негізгі мектепте жеті сабақтан, жоғары сыныптарда сегіз сабақтан аспайды.
27. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады.
28. Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібін және мерзімділігін дербес таңдайды.
29. Білім беру ұйымдары өздерінің жарғыларында айқындалатын оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін дербес таңдайды.
30. Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етеді.
31. Педагог қызметкер жыл сайынғы медициналық тексеруден, сондай-ақ бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтеді.
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы тәртіппен бес жылда бір рет өткізеді.
Білім беру ұйымдарын басқару
32. Білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидаларды және білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.
Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.
33. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
34. Білім беру ұйымының басшысы:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады.
35. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік бiлiм берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымы) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Техникалық және кәсіптік бiлiм негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында, училищелерде, колледждер мен жоғары техникалық мектептерде алынады.
3. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарының алдында мынадай мiндеттер тұр:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) білім алушылармен кәсіби бағдарлану жұмыстарын қамтамасыз ету;
3) теориялық оқыту, өндірісте оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамыту;
4) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытында бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;
5) техникалық және кәсіптік бiлiм беру жөніндегі білім беру бағдарламалары мен өндірісті ықпалдастыру.
4. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға және олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
5. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып табылады.
2. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің тәртібі
6. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары «Білім туралы» Заңда, осы Үлгілік қағидалар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруда дербес.
7. Оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады.
8. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің кестесі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Оқу-тәрбие процесінің кестесі мен оқу сабақтарының кестесін техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымының басшысы бекітеді.
Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарының есебі теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу сағаттарында оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Әскери мамандықтар бойынша даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие процесін тиісті мемлекеттік органның басшысы бекіткен нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес ұйымдастырады.
9. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары әзірлейді.
Үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес әзірленеді.
10. Тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қол жеткізу жағдайларын жасауға байланысты оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі және сырттай бөлім (сырттай, кешкі нысанда білім алу рұқсат етілмейтін жекелеген кәсіптер мен мамандықтардан басқа).
Әскери мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді.
11. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
12. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының түрі бойынша білім алушыларды ауыстыру және қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 108 қаулысында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
14. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау «Білім туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
15. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
16. Техникалық және кәсіптік бiлiм берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы оқу процесінің кестесіне сәйкес басталады және аяқталады.
Білім алушыларға толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы мерзімде 2 аптадан кем емес демалыстар белгіленеді.
Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында сабақ кестесі оқу процесінің кестесіне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.
Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 2 академиялық сағаттан кейін 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға жол беріледі.
Білім алушылардың тамақтануы және белсенді демалуы үшін 2 қосарланған сабақтан кейін ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліс көзделеді.
17. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру «Білім туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
18. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында оқу сабақтары дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар (курстық және дипломдық жұмыстар) және практикалар түрінде өткізіледі.
19. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін оқу топтары құрылады.
Техникалық және кәсіптік бiлiм беретін оқу орындарында оқу топтары оқытудың күндізгі нысанында мамандықтар бойынша - саны 25 адамнан артық емес (әскери мамандықтар бойынша 30 адамға дейін), сыртқы, кешкі оқыту нысанында кемінде 15 адамнан жинақталады.
Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшеліктеріне қарай білім алушылармен жеке сабақтар өткізіледі.
20. Тізбесі оқу жоспарларына сәйкес анықталатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде, оның ішінде дене тәрбиесi мен жекелеген пәндер бойынша, шеберханаларда (оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту кезінде оқу топтарының саны 13 адамнан артық емес кіші топтарға, медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында клиникалық пәндер бойынша саны 8 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлiнедi.
21. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарының білім беру процесінің қатысушылары білім алушылар, педагог қызметкерлер мен ата-аналар және кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады.
22. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, кадеттер, курсанттар жатады.
23. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерге техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушыларды оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады.
24. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны мен педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарының және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдардың тізбесі негізінде айқындалады.
25. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
26. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне байланысты оқу-тәрбие процесін басқару үшін мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.
Бөлімдер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.
27. Бөлімге басшылықты техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.
Бөлім меңгерушісі:
1) бөлімдегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды;
2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;
3) білім алушылар үлгерімінің есебін ұйымдастыруды;
4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;
5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;
6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды;
7) бөлім бойынша жұмысты есепке алуды және есептілік беруді қамтамасыз етеді.
28. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында (Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарынан басқа) бөлімдер:
1) оқытудың күндізгі нысанында бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемінде 150 білім алушы;
2) оқытудың сырттай, кешкі нысандарында кемінде 100 білім алушы болған кезде құрылады.
29. Білім алушыларды өндiрiстiк оқыту оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында шарттар негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарда жүзеге асырылады.
Өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларына сәйкес оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау тауарлар (жұмыстар және қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейді.
Әскери мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың лауазымы бойынша міндетін атқарудағы практикалық дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру мақсатында әскери тағылымдамадан өтуді ұйымдастырады.
30. Кәсіптік практиканы өткізу үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары шарттық негізде практикалар базасы ретінде ұйымдарды айқындайды, олармен келісілген практиканы өткізудің бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.
Практиканың базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар «Білім туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 582 бұйрығымен бекітілген кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысаны негізінде жасалады.
31. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрларды даярлау бейініне байланысты жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканың оқу бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.
Оқу-өндірістік шеберханалар:
1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;
2) білім алушылардың оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;
3) өнім шығаруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құрылғыларды, зертханалар мен кабинеттер үшін көрнекі құралдар мен аспаптарды дайындау, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;
4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.
Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша(оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) әртүрлі зертханалық-практикалық сабақтар мен ауыл шаруашылық жұмыстарының түрлері өткізіледі.
Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, әртүрлі өзі жүретін машиналарды жүргізу, әртүрлі жабдықтар мен тетіктерге қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.
32. Оқыту шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында оқу-өндірістік жұмыстарды орындау бойынша тізбені, мазмұны мен талаптарды кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша тікелей техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары айқындайды.
33. Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында және ұйымдарда өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен ұйымдастырылады.
34. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалылық қағидаларында жүзеге асырылады.
35. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
Білім беру ұйымының басшысы «Білім туралы» Заңда белгіленген тәртіппен:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу және тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады.
Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.
36. Ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы тәртіппен бес жылда бір рет өткізеді.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша да жүзеге асырылады.
37. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтеді.
38. Білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады.
Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер болып табылады.
Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымының алқалық органдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншiк нысандарына қарамастан орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Орта білімнен кейінгі білімді жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар азаматтар орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында алады.
Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны:
1) кәсіптік оқу бағдарламаларымен қатар жоғары білімнің 1-2 курстарының кәсіптік оқу бағдарламаларымен кіріктірілген әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін оқытуды;
2) оқыту аяқталғаннан кейін қызмет көрсету және басқару ісінің кіші маманы біліктілігін беруді көздейді.
3. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарының алдында мынадай мiндеттер тұр:
1) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) білім алушылардың кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету;
3) жалпы оқыту, жұмыс орнында оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әрбір адамға білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмек беретін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту.
4. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн «Білім туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырады.
5. Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары күндізгі нысан бойынша оқитын тиісті контингент болған жағдайда негізгі түрі колледж, жоғары техникалық мектеп болып табылатын білім беру ұйымдарында іске асырылады.
2. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары қызметінің тәртібі
6. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Үлгілік қағидалар мен орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының жарғысында белгіленген шекте оқу және тәрбие процестерін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржылық-шаруашылық және басқа да қызметте дербес.
7. Оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады.
8. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің кестесі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Оқу-тәрбие процесінің кестесі мен оқу сабақтарының кестесін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмысының есебі теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
9. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары әзірлейді және олар жұмыс берушілермен келісіледі.
Үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары тиісті білім деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
10. Тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қол жеткізу жағдайларын жасауға байланысты оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі, сырттай оқу (Қорғаныс, Денсаулық сақтау министрліктерінің, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарынан басқа).
11. Орта білімнен кейінгі ұйымдарға оқуға қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 174 қаулысымен бекітілген Орта білімнен кейінгі бiлiм берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес белгіленеді.
12. Білім алушыларды:
1) бір орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымынан екіншісіне;
2) бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқыту нысанынан екіншісіне;
3) бір орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымында ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Білім беру ұйымдарының түрі бойынша білім алушыларды ауыстыру және қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
14. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және оқу процесінің кестесіне сәйкес аяқталады.
Білім алушыларға толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы мерзімде кемінде 2 апта демалыс белгіленеді.
Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында сабақ кестесі оқу процесінің кестесіне және оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.
Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға рұқсат етіледі.
16. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа да нысандары түрінде өткізіледі.
17. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін оқу топтары құрылады.
Орта білімнен кейінгі ұйымдарда оқу топтары мамандықтар бойынша күндізгі оқыту нысанында 25 адамнан аспайды, сырттай, кешкі оқыту нысандарында кемінде 15 адамнан жинақталады.
Орта білімнен кейінгі ұйымдарда кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшеліктеріне қарай білім алушылармен жеке сабақтар өткізіледі.
18. Тізбесі оқу жоспарларына сәйкес айқындалатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде дене тәрбиесi мен жекелеген пәндер бойынша сабақтарды өткізу, шеберханаларда (оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту кезінде оқу топтары саны 12-13 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлiнедi.
19. Орта білімнен кейінгі ұйымдардың білім беру процесіне қатысушылар білім алушылар мен ата-аналар, педагог қызметкерлер мен кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады.
20. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда бiлiм алушыларға студенттер, курсанттар жатады.
21.Орта білімнен кейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлерге орта білімнен кейінгі ұйымдарда, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушыларды оқытумен тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады.
22. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны мен педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі негізінде айқындалады.
23. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
24. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында, қажет болған жағдайда одан басқа тыс жерде мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне байланысты оқу-тәрбие процесін басқару үшін мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.
Бөлімдер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.
25. Бөлімге басшылықты орта білімнен кейінгі ұйым басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.
Бөлім меңгерушісі:
1) бөлімдегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды;
2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;
3) білім алушылар үлгерімінің есебін ұйымдастыруды;
4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;
5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;
6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды;
7) бөлім бойынша жұмысты есепке алуды және есептілік беруді қамтамасыз етеді.
26. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда (Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Денсаулық сақтау министрліктерінің, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарынан басқа) бөлімдер:
1) оқытудың күндізгі нысанында бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемінде 150 білім алушы болған;
2) оқытудың кешкі, сырттай нысандарында кемінде 100 білім алушы болған кезде құрылады.
27. Білім алушыларды өндiрiстiк оқыту оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында шарттар негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарда жүзеге асырылады.
Өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларына сәйкес оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау тауарлар (жұмыстар және қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейді.
28. Кәсіптік практиканы өткізу үшін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары шарттық негізде (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарынан басқа) практиканың базасы ретінде ұйымдарды айқындайды, олармен келісілген практиканы өткізудің оқу бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.
29. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беретін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері.
Оқу-өндірістік шеберханалар:
1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;
2) білім алушылардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;
3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құрылғыларды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптарды дайындауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;
4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.
Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы (оқу шаруашылығының егістіктері мен фермаларында) технологиялары бойынша зертханалық-практикалық сабақтар мен ауыл шаруашылық жұмыстарының түрлері өткізіледі.
Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, әртүрлі өзі жүретін машиналарды жүргізу; әртүрлі құралдармен және тетіктермен қызмет көрсету және оларды пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.
30. Оқу шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында оқу-өндірістік жұмыстарды орындау бойынша тізбені, мазмұны мен талаптарды кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша тікелей орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары айқындайды.
31. Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында және ұйымдарда өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен ұйымдастырылады.
32. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
33. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады.
Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Орта білімнен кейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтеді.
Орта білімнен кейінгі ұйымдарда жұмыс істеуге педагогтік қызметіне сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді.
34. Білім алушыларды оқытумен тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Жоғары білім жоғары оқу орындарында - институттарда және оларға теңестірілген ұйымдарда (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище, құқық қорғау органының академиясы) беріледі.
Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлерін білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті – ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жоғары білімді кадрлар даярлау.
4. Жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, білім беру және ғылым қызметін регламенттейтін «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарға, сондай-ақ осы Қағидалар мен оның негізінде әзірленген ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
2. Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
5. ЖОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
6. ЖОО-ны тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ректор (тиісті органның оқу орнының басшысы) жүзеге асырады.
7. ЖОО ректорының (басшысының) саны мен функционалдық бағыты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін орынбасарлары – проректорлары болады.
8. ЖОО ректоры (басшысы) ЖОО атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ЖОО мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлерге, оқытушылар мен білім алушыларға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады.
9. Ректор (басшы) өзіне берілген құқықтар шегінде қаржы, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді.
10. Мемлекеттік ЖОО ректоры (басшы) Қазақстан Республикасының заңнамасында және ЖОО жарғысында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
Мемлекеттік емес ЖОО ректоры оның өкілеттіктер шеңберін, тағайындалу (сайлау) және лауазымнан босату тәртібін айқындайтын құрылтайшылардың жалпы жиналысында есеп береді.
11. Ректордың кандидатурасы білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен педагогика қызметкерлері және оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (бұдан әрі – лауазымдардың біліктілік сипаттамалары) сәйкес келуі тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ларында оқу орнының бастығы лауазымдары тиісті мемлекеттік орган бекітетін лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
12. Ректор (басшы) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады.
13. ЖОО-ларда алқалық басқару органдары құрылады. ЖОО-ның алқалық басқару нысандары ғылыми, байқау немесе қамқоршылық кеңесі бола алады, олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі.
14. ЖОО құрылымын өзі дербес айқындайды және бекітеді. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ларында құрылымды тиісті мемлекеттік орган айқындайды.
Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер ЖОО қызметінің барлық түрлерін қамтиды.
15. ЖОО өзінің құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерін дербес әзірлейді және бекітеді, онда олардың қызметінің негізгі бағыттары, ЖОО-ны басқарудың ұйымдық құрылымында құрылымдық бөлімшеге оның мәртебесін әкімшілік-құқықтық бекіту бойынша талаптар айқындалады.
16. Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес ЖОО қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын дербес әзірлейді және бекітеді, онда олардың лауазымға тағайындалу және лауазымнан босатылу тәртібі, құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері мен жауапкершіліктері айқындалады.
17. Штаттық кестені ЖОО дербес айқындайды және оны ректор жыл сайын бекітеді. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-да штаттық кестені тиісті мемлекеттік орган айқындайды.
18. ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелері өз қызметін осы Қағидалар, ЖОО жарғысы негізінде жүзеге асырады, ал олардың санын аталған ЖОО мамандықтарының, білім беру бағдарламаларының тізбесіне, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың санына қарай кеңес белгілейді.
19. Факультет бір немесе бірнеше мәндес мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асыратын ЖОО-ның негізгі оқу, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
20. Факультет күндізгі, кешкі, сыртқы және экстернат нысанында мамандар дайындауды жүзеге асырады.
21. Факультет жұмысын басқаруды ғылыми дәрежесі мен атағы (әскериден басқа) бар факультет деканы (басшысы) жүзеге асырады. Деканның кандидатурасы педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Факультет басшысының лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
22. Факультет деканы (басшысы) ЖОО-ның қабылдау және аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылады.
23. ЖОО-лар факультет туралы өз ережелерін әзірлейді және бекітеді. Факультет деканы (басшысы) жанынан және оның төрағалық етуімен өз жұмысын ЖОО кеңесі бекіткен қағидаларға сәйкес ұйымдастыратын факультет кеңесі ұйымдастырылуы мүмкін.
24. Кафедра бір немесе бірнеше мәндес пәндер бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысты, білім алушылар арасында тәрбие жұмысын жүзеге асыратын ЖОО-ның (факультеттің) негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
25. Кафедра штаты профессорлық-оқытушылық құрамның жұмыс көлеміне және орташа жылдық педагогикалық жүктемеге қарай айқындалады (әскери және құқық қорғау органдарының оқу орындарында оқу процесінің ерекшелігін ескере отырып).
26. Кафедра штатына кафедраның меңгерушісі (басшысы), профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер, оқытушы-стажерлер, оқу-көмекші персонал, сондай-ақ кафедра жанынан құрылған ғылыми және басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кіреді. Әскери (азаматтық емес) оқу орындарының кафедралары үшін ерекшеліктеріне қарай басқа да лауазымдар көзделеді.
27. Кафедраны ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы бар меңгеруші (басшы) басқарады (әскерилерден басқа). Кафедра меңгерушісінің (басшысының) лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
28. Тиісті мамандықтар бойынша ЖОО-ның білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кафедра бейіні бойынша кемінде 10 штаттық оқытушы болғанда кафедра ұйымдастырылады. Штаттық оқытушылар санына шаққанда ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі кемінде 45 %-ды, педагогикалық институттарда кемінде 50 %-ды, өнер және мәдени білім беру ұйымдары үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрметті атақтары бар және оларға теңестірілген оқытушылар кемінде 35 %-ды құрауы тиіс.
Өнер, музыка және мәдениет, туризм мамандықтары бойынша кадрлар дайындауды жүзеге асыратын кафедралар, сондай-ақ медицина, дене тәрбиесі, сурет және сызу, графика, шетел тілдері, қазақ тілі, орыс тілі (тілді оқытпайтын ЖОО үшін) кафедралары штаттық оқытушылар аз болған жағдайда ұйымдастырылуы мүмкін.
29. Бекітілген оқу пәндерінің циклы бойынша кафедралар жалпы білім беретін және арнайы деп сыныпталады.
30. ЖОО-да Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа да мүдделі тараптардың арнайы кафедралары ұйымдастырылуы мүмкін.
31. Кафедра жұмысы жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық дайындауға бағытталуы тиіс.
32. Кафедра жылдық жұмыс жоспарына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысын жүзеге асырады.
Жоғары білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын негізгі талаптар
33. Оқу процесін тиімді ұйымдастыру, білім беру қызметіне тартылған материалдық активтер мен ресурстарды ұтымды пайдалану үшін институттарда және оларға теңестірілген ЖОО-да (консерваторияларда, жоғары мектепте, жоғары училищеде) күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың ең аз контингенті кемінде 960 адам болуы тиіс. Ерекшелікті күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың саны мемлекеттік тапсырыспен айқындалатын құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-лары құрайды.
34. Институттар және оларға теңестірілген ЖОО (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище, құқық қорғау органының академиясы) күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың тиісті контингенті болғанда ғана сырттай оқу нысаны бойынша кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыра алады.
ЖОО-ның күндізгі және сыртқы оқу нысандарындағы студенттердің арақатынасы кемінде 4:1 болуы тиіс.
Бұл ретте, білім алушылардың келтірілген контингенті олардың күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысандарындағы санына қарай айқындалады. Күндізгі оқу нысанының студенттері 1,0, кешкі оқыту нысанының студенттері - 0,5 және сыртқы оқу нысанының студенттері - 0,25 коэффициентімен есептеледі.
35. Жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылардың контингенті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес бір білім алушыға шаққандағы оқу алаңының санитариялық нормаларына сәйкес келуі тиіс.
36. ЖОО-да академиялық лек пен топтың толымдылығын ЖОО-лар дербес айқындайды.
Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ның академиялық легінің толықтығы жыл сайынғы мемлекеттік білім беру тапсырысына және қызмет ету ерекшеліктеріне қарай айқындалады.
37. Даму мүмкіндіктері шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтар үшін олардың дара қажеттіліктерін ескере отырып білім алуына арнайы жағдайлар жасалады.
ЖОО-ның оқу-тәрбие қызметі
38. ЖОО-ға білім алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
39. ЖОО-да жоғары білімі бар кадрлар даярлау мазмұны мен оқыту мерзімдері бойынша әртүрлі білім бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
40. ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы:
1) академиялық күнтізбе, жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламалар әзірлеуді, элективтік пәндер каталогтарын, силлабустар, пәндер мен мамандықтардың оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуді;
2) оқу пәндерін оқулықтармен, оқу құралдарымен, есептер жинағымен, кешенді тапсырмалармен, зертханалық, бақылау, курстық жұмыстар бойынша құралдармен, пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ ағымдағы, межелік және қорытынды білім бақылауы, барлық оқу нысандары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау материалдарымен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді;
3) кәсіптік практикалардың барлық түрлерінің бағдарламаларын, сондай-ақ дипломдық жұмыстарды (жобаларды) жазу бойынша әдістемелік құралдар әзірлеуді;
4) білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім технологиялары мен оқыту әдістерін әзірлеуді;
5) ізденіске, талдауға және қызмет нәтижелерін қалыптастыруға қабілеттілігін дамытуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмысын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді;
6) оқытушылар мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуді қамтиды.
41. Оқу-әдістемелік қызметтің мазмұнын, ұйымдастыру тәсілін және құрылымын жоспарлауды ЖОО кредиттік оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырады.
42. Құқық қорғау органдарына, арнайы мемлекеттік органдарға және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органға бағынысты ЖОО білім саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы, дайындық деңгейлері мен міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік білім тапсырысына қарай оқыту технологияларын (дәстүрлі немесе кредиттік) және пәнаралық байланыстарды айқындайды.
43. Оқу қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.
Оқу қызметінің құрылымы оқу жоспарларының (үлгілік, жеке, жұмысы) және кәсіптік оқу бағдарламаларының, оқу жүктемесі көлемінің, академиялық кезеңдер ұзақтығының, академиялық сабақ түрлерінің, оқу материалы көлемінің негізінде қалыптасады.
Оқудың жұмыс жоспарлары және бағдарламалары жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізінде әзірленеді.
Білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар және білім алушылардың құзыреттерін қалыптастыру негізінде (әскерилерден басқа) әзірленеді.
44. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар, «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандығының топтары бойынша МЖМБС тиіс білім беру деңгейлерінің сәйкес МЖМБС және оларды әзірлеу құрылымы негізінде әзірленеді, оларды тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары бекітеді және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
45. Академиялық күнтізбе, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары мен профессорлық-оқытушылық құрамның орташа жылдық педагогикалық жүктемесі ЖОО кеңесінің шешімімен бекітіледі.
46. Оқытуды дараландыруға бағытталған кредиттік оқыту технологиясының негізгі қағидаттарын іске асыру мақсатында таңдау бойынша компонент пәндерінің аннотацияланған тізбесін қамтитын элективті пәндер каталогы жасалады.
47. ЖОО-да оқу жұмысының мынадай негізгі түрлері белгіленеді: дәрістер, практикалық (семинарлар), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар, кәсіптік практикалардың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту.
Бұл ретте дәрістер мен семинарлар, практикалық, студиялық және зертханалық сабақтар арасындағы кредиттер көлемінің арақатынасын ЖОО үлгілік оқу жоспарына сәйкес айқындайды.
48. Дәріс сабақтарын өткізуге, студенттердің дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілікке профессор, доцент, аға оқытушы лауазымдарын атқаратын оқытушылар жіберіледі.
49. Дәрістер оқуға және/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері немесе мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар да тартылуы мүмкін.
50. Оқу жұмысының басқа түрлері атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық оқытушылардың педагогикалық жүктемесіне кіруі мүмкін.
51. Оқу жұмысы аудиториялық (дәрістер, семинарлар, практикалық, студиялық және зертханалық сабақтар) және оқу жұмысының барлық қалған түрлері кіретін аудиториядан тыс деп бөлінеді.
52. Білім алушылардың жоғары білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, ЖОО оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын дербес анықтайды.
Бұл ретте оқу сабақтары инновациялық оқыту технологияларын ескере отырып, ғылым, техника, технологиялар, ақпараттық жүйелердің ең жаңа жетістіктерін пайдалана отырып және интерактивті нысанда өткізіледі.
53. ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтау шартымен, оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу тәсілдері мен нысандарын, оқыту әдістерін таңдау еркіндігіне ие.
54. Жоғары білім берудің білім бағдарламалары пәндердің үш циклын қамтиды: жалпы білім беретін пәндер циклы, базалық пәндер циклы және бейінделген пәндер циклы, сондай-ақ қосымша оқыту түрлері (мамандық бойынша кәсіптік практика, дене шынықтыру және т.б.) және қорытынды аттестаттау.
55. Пәндердің әр циклы практика тізбесі мен мазмұны үлгілік оқу жоспарларында және типтік оқу бағдарламаларында анықталатын міндетті компонент пәндерінен, сондай-ақ тізбесі мен мазмұны жұмыстық оқу жоспарларында, жұмыстық оқу бағдарламаларында және силлабустарда айқындалатын таңдау компоненті пәндерінен тұрады.
Әрбір пән, әдетте, бір академиялық кезең ішінде оқытылады.
56. Оқыту барлық оқу нысандарына бірдей оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
57. ЖОО-да оқу процесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар үшін жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.
Бұл жағдайда көлемдерінің жеткіліктігі және білім беру бағдарламасының сабақтастығы шартымен кредиттерді қайта есептеу және бұрын игерген пәндерді есепке алу жүзеге асырылады. Оқу ауқымы мен мерзімі транскрипт (дипломға қосымшалар) негізінде айқындалатын білім алушылардың пререквизиттері ескеріле отырып айқындалады.
Техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін қысқартылған бағдарламалары бойынша күндізгі нысан бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды, жоғары білімі бар тұлғалар үшін кемінде 2 жылды құрайды.
58. Білім алушылардың кәсіптік практикасы мен қорытынды аттестаттауы мемлекеттік жоғары білімнің жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.
59. Кәсіптік практика оқыту процесінде алынған теориялық білімдерді бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған.
Кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жолдама мерзімі, базасы мен басшысын көрсете отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен ресімделеді.
60. ЖОО әзірлейтін кәсіптік практика бағдарламасы мен базасы мамандық бейініне (білім бағдарламасына) сәйкес келуі тиіс.
61. ЖОО (құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-нан басқа) оқу жылы басталғанға дейін 1 айдан кешіктірмей кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша үлгілік шарттың нысанына сәйкес практика базаларымен тиісті шарттар жасайды.
Диплом алды практикаға ғылыми жетекшілікті дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады.
62. Кешкі және сыртқы нысанда білім алушылар мамандығы бойынша жұмыс істеген жағдайда, кәсіптік практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар ЖОО-ға жұмыс орнынан анықтама және олардың кәсіби қызметін көрсететін мінездеме ұсынады.
63. ЖОО білім алушылардың ағымдағы және межелік үлгерімін бақылау және аралық аттестаттаудан өткізу нысандарын, тәртібі мен мерзімділігін дербес таңдайды.
64. Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық аттестаттауды өткізу және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін ЖОО-да офис тіркеуші құрылады.
65. Офис тіркеуші мынадай функцияларды атқарады:
1) білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді жүргізеді;
2) академиялық топтар мен лектер құрады;
3) білім алушылардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркейді;
4) білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастырады және өткізеді;
5) білім алушылардың академиялық рейтингін есептеуді жүзеге асырады;
6) оқытудың барлық кезеңі ішінде және бүкіл оқыту кезеңінде білім алушылардың игерген кредиттерін есепке алуды жүргізеді;
7) білім алушылардың транскриптін жазып береді;
8) академиялық ұтқырлықты ұйымдастырады.
66. Оқу процесі мен ғылыми-зерттеу қызметін қамтамасыз ету мақсатында ЖОО-да оқу және мамандандырылған зертханалар көзделген. Зертхана жабдығы заманауи және бакалаврлар даярлаудың бағдарламаларына барабар болуы тиіс.
67. ЖОО-ның тәрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және тұлғаның кәсіби, әлеуметтік, зияткерлік, адамгершілік, шығармашылық қасиеттері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
68. Оқу және тәрбие қызметі білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамының адамдық қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.
69. ЖОО-ның тәрбие қызметі тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар негізінде жүзеге асырылады.
70. ЖОО-ның тәрбие жұмысы:
1) білім алушылардың бойында өз бетінше және білікті түрде шешімдер қабылдау мен біліктілікті жүзеге асыру икемділіктерін қалыптастыру;
2) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыру;
3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру;
4) кафедра бейіні бойынша білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу;
5) жалпы білім беретін орта мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу кіреді.
Білімді бақылау мен бағалау
71. Білім алушылардың білімін бағалау үшін ЖОО-да білім алушылардың білімін бақылау мен бағалау жүйесі жұмыс істеуі тиіс.
Бақылау мен бағалау жүйесі ЖОО-да ұйымдық-құқықтық нысандарына, оқыту және бағыныстылық нысандарына қарамастан жұмыс істеуі тиіс.
72. ЖОО-да білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау жүйесі түрлі нысандарды қамтиды: үлгерімді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық аттестаттау және қорытынды мемлекеттік аттестаттау.
73. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәннің оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеруді қамтамасыз етеді.
74. Пәннің оқу бағдарламасы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың алуан түрлерін айқындайды: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, құрамдастырылған бақылау, үй тапсырмаларын таныстыру, пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стадилер, тестер және т.б.
75. Курстық, есептеу-графикалық және оқу жоспарында көзделген басқа да жұмыс түрлері емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалып, осы пәннен емтиханға жіберу қызметін атқаруы тиіс. Осы жұмыс түрлері бойынша бағалаулар пәннен емтиханға жіберу рейтингісін есептеу кезінде (яғни рейтингілік бақылау жүргізу кезінде) ескерілуі тиіс.
Егер оқу жоспарына сәйкес пән бойынша бақылау нысаны курстық жұмыс (жоба) болып айқындалса, онда курстық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы жалпы пән бойынша жалпы қорытынды баға болып табылады.
76. Білім алушылардың әр пәннен оқу жетістіктерінің деңгейі емтиханға жіберу рейтингісінің бағасынан, емтихан бағасынан құралатын қорытынды бағамен айқындалады, олардың сомасы қорытынды бақылау бағасын қалыптастырады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы үлгерімді ағымдағы бақылау бағасы мен межелік бақылау бағасынан құралады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы пәннен қорытынды білім бағасының 60 %-ын құрайды.
77. Үлгерімді ағымдағы бақылау нәтижелерін есепке алуды оқытушы студенттердің жеке сабақ түрлерін орындау мен тапсыру шамасына қарай силлабусқа сәйкес жүргізеді. Тапсырмаларды орындау студенттердің сабаққа қатысу және үлгерім журналында, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі білім алушылардың білімін ағымдағы бақылаудың электрондық тізбесінде тіркеледі.
78. Кешкі және сырттай оқыту нысандарының студенттері емтиханға жіберу рейтингін барлық тиісті тапсырмаларды орындау шартымен белгіленген кесте бойынша емтихан сессиясы басталғанға дейін жинайды.
79. Экстернат нысанында білім алушылар ЖОО құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекіткен жеке кесте бойынша емтиханға жіберу рейтингін жинайды.
80. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылауды бағалау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 40 %-ын құрайды.
Қорытынды бағалау білім алушы жіберу рейтингісімен қорытынды бақылаудан оң баға алған жағдайда ғана есептеледі.
81. Білім алушы жіберу рейтингісінің қорытынды бақылау бағаларына апелляция жасауға құқығы беріледі. Осы мақсатта университет ректорының бұйрығымен біліктілігі апелляцияланушы пән бейініне сәйкес келетін оқытушылар құрамынан апелляциялық комиссия құрылады.
82. Кәсіптік практика қорытындылары бойынша студенттер тиісті кафедраға есеп тапсырады, оны жетекші мен кеңесші тексереді және кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингілік әріптік жүйесі сараланған сынақпен бағаланады.
Практика бойынша бір жетекшіні тағайындау кезінде (әдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық және т.б.) баға көрсетілген білімге сәйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады.
Практика бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде (әдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық және т.б.) практика базасынан жетекшісінің үлес салмағы қорытынды бағалауда 40 %-ды құрайтын бағасы мен ЖОО барған жетекшінің қорытынды бағалауда 60 %-ды құрайтын бағасы ескеріле отырып қорытынды баға қойылады.
83. Практикадан өтпеген, практика бағдарламаларын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер теориялық оқытумен қатар келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезеңінде практикаға қайта жіберіледі.
84. Оқу жоспары мен бағдарламалардың барлық талаптарын толық орындаған білім алушылар қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберіледі.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Қорытынды аттестаттау тиісті мамандықты игеру процесінде білім алушылардың алған білімдерін, шеберліктерін, дағдылары мен біліктілігін тексеруге бағытталған.
Қорытынды аттестаттау білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген нысанда жүргізіледі – жалпы мамандық бойынша тұтастай немесе жекелеген базалық және/немесе бейіндік пәндер бойынша жалпы мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жоба (жұмыс) қорғау.
85. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауда баға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің пікірін және балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша игерілген білімді ескере отырып қойылады.
86. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы ғылыми жетекші пікірін, рецензент пікірін және қорғау нәтижелерін ескере отырып, қойылады.
Қорытынды аттестаттаудың әрбір нысаны бойынша балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша жеке баға қойылады.
87. Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша білім алушыға тиісті академиялық бакалавр дәрежесі тағайындалады және жоғары білім туралы диплом беріледі.
88. Студенттің бір жылғы академиялық үлгерім деңгейі кредиттер мен пән бойынша қорытынды баға туындылары сомасының оқытудың ағымдағы кезеңі ішіндегі кредиттер сомасына қатынасы ретінде есептелетін орташа балл (GPA) түрінде айқындалады.
89. Жазғы емтихан сессиясын өткізгеннен кейін факультет деканаттары кейіннен мәліметтерді офис тіркеушіге жібере отырып топтар, сондай-ақ мамандықтар мен оқыту курстары бойынша орташа академиялық рейтинг (немесе GPA деңгейі) бойынша студенттер мен оқу топтарын ранжирлеуді жүргізеді.
90. Офис тіркеушісі факультеттер ұсынған академиялық рейтинг туралы деректерді, оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін қорытындылай отырып, факультеттерді ранжирлеуді жүргізеді, ЖОО бойынша үздік студенттер мен үздік академиялық топтарды айқындайды және осы ақпаратты ЖОО-ның веб-сайтына орналастырады.
ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметі
91. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметі іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және инновациялық қызметі (бұдан әрі – ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ)) ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған.
Профессорлық-оқытушылық құрам жеке жұмыс жоспарына сәйкес негізгі жұмыс уақытында өз қызметінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде ғылыми-зерттеу жұмысын орындайды.
92. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмысы:
1) іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды және инновациялық қызмет жүргізуді;
2) ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми зерттеулері мен шығармашылық қызметі арқылы жаңа білімдерді алуды;
3) жоғары білімді дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеуді және әзірлеуді;
4) ЖОО оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу мен енгізуді;
5) ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізуді;
6) өз ғылыми мектептерін қалыптастыруды және дамытуды, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тартуды;
7) әзірлемелерді коммерциялау және ғылымды көп қажет ететін және бәсекеге қабілетті техника мен технологиялар трансферті;
8) зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды;
9) тартылған қаражат пен инновациялық қызметті пайдалану есебінен зерттеулер мен әзірлемелердің қаржылық негізін кеңейтуді;
10) білім алушылардың ҒЗЖ-сын ұйымдастыруды және жетекшілік етуді қамтиды.
93. ЖОО-ның ғылыми қызметі мамандар даярлау процесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу және ғылыми процестер бірлігі:
1) студенттерді республикалық бюджет, басқа бюджеттер, бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен орындалатын ғылыми-зерттеу және жобалық-құрастырушылық жұмыстарға қатысуға тарту;
2) ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімшелер базасында белсенді оқу жұмысының, дипломдық және курстық жобалаудың, оқу және өндірістік практиканың, студенттерді мақсатты даярлаудың және мамандар даярлаудың басқа да әралуан нысандарын жүргізу;
3) оқу және ғылыми процестерді компьютерлендіру, біртұтас ақпараттық ортаны қалыптастыру және студенттердің информатиканың заманауи әдістері мен құралдарын игеруі есебінен қамтамасыз етіледі.
94. Ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруді ғылыми жұмыс жөніндегі проректор (басшының орынбасары) жүзеге асырады.
Аталған бөлімшелер ҒЗЖ перспективалық және ағымдағы жоспарларын, есептілік нысандарын әзірлейді, ЖОО ҒЗЖ тізілімін жүргізеді, ғылыми-зерттеу қызмет нәтижелерін қорытындылайды, оларды жинақтайды.
95. ҒЗЖ орындау нәтижелері бойынша күнтізбелік жоспарда көзделген аралық және қорытынды есептер жасалады. Есепте мазмұндалған деректердің дұрыстығына ҒЗЖ жетекшілері мен орындаушылар жауапты болады.
ЖОО қызметін ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
96. ЖОО-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.
97. ЖОО-ның ақпараттық ресурстары қалыптастырылған идеялар мен білімдерді, әртүрлі деректерді, олардың жинау әдістері мен құралдарын, ақпарат көздері мен тұтынушылары арасындағы сақтау мен алмасуды білдіреді.
Ақпараттық ресурстар кез келген тасымалдағыштағы білім беру бағытындағы (басқарушылық, оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік) толық мәтіндік, фактографиялық және библиографиялық деректер базасын; анықтамалық-іздестіру жүйелерін; оның ішінде дәстүрлі және электронды кітапханалық каталогтар мен картотекаларды; жергілікті қолжетімділіктегі электронды ресурстарды; білім беруші ақпаратты жасауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарды; ақпаратты тарату арналарын; білім беру мақсатты ретінде пайдаланылатын коммуникация құралдарын қамтиды.
98. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді қамтиды.
Жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру білім алушылардың электронды кітапханаларда орналастыратын халықаралық дереккөздерді қоса алғанда, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетке, оқу, ғылыми, ақпараттық деректер базасына еркін қол жеткізумен қамтамасыз етіледі.
Оқу және ғылыми әдебиеттер қоры келтірілген студенттер контингентіне қатынасы бойынша оқытудың толық циклында басылымның кемінде 140 бірлігін құрауы тиіс. Бұл ретте қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар оқыту тілі бойынша білім алушылар контингентіне барабар болуы тиіс. Кітапхана қоры әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша соңғы 5 жылда шығарылған, жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы пәндері бойынша – соңғы 10 жылда шығарылған негізгі оқу әдебиетінен тұрады. Цифрлы тасымалдағыштардағы оқу әдебиеттерімен қамтылу мамандықтың оқу жоспарының базалық және бейіндік пәндерінің (әскери мамандықтардан басқа) кемінде 40 %-ын құрайды.
99. Оқу-әдістемелік әдебиеттерге оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік құралдар, дидактикалық, көрнекі құралдар, оқу-әдістемелік әзірлемелер – пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулықтар немесе ұсынымдар, зертханалық, курстық, дипломдық және басқа да жазба жұмыс түрлерін орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар, оқу пәндері бойынша анықтамалық құралдар мен басылымдар жатады.
100. ЖОО кітапханасының ғылыми қоры мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтарына сәйкес келетін зерттеу саласын қамтитын монографиялық, ғылыми және ғылыми-өндірістік сипаттағы кітаптар тізбесін қамтиды.
Ғылыми қорға, сондай-ақ энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, түсініктемелер, бағдарлама бойынша оқытылатын әдеби шығармалар, нормативтік құқықтық актілер, мерзімді басылымдар, оның ішінде білім беру ұйымдарының хабаршылары, ғылыми еңбектердің, оқыту бейініне сәйкес келетін халықаралық конференциялардың жинақтары кіреді.
101. Оқу әдебиетінің өз басылымдары оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды қамтиды.
Әдістемелік әдебиеттің өз басылымдары әдістемелік ұсыныстарды, оқу пәндерін оқыту, игеру, оқу жұмыстарының жекелеген түрлерін орындау бойынша нұсқаулар мен құралдарды қамтиды.
102. ЖОО оқу-ғылыми ақпараттық активтерін жинау, жинақтау, сақтау, шығару процестері білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысы жөніндегі әдістемелік материалдарға сәйкес жүзеге асырылады.
103. Арнайы мемлекеттік органдардың оқу орындарын (әскери) қоспағанда, ЖОО-ларда интернет ресурсты, ақпараттық-білім порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ЖОО жергілікті желілерінде орналасқан ақпараттық-білім ресурстарының жиынтығын және ЖОО-ның кез келген компьютерінен Интернетке жолақты және жоғары жылдамдықта барлық ақпараттық ресурстарға қол жетімділікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тармақталған компьютерлік желіні қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы құрылуы тиіс.
104. Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім алушылардың өзіндік жұмысына дәйекті ден қоюды күшейте отырып жүзеге асырылады.
105. Тиісті дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, спорт залдарының және оның қызметін қамтамасыз ететін және оған меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың болуы ЖОО қызметінің міндетті шарты болып табылады.
106. ЖОО-ның екі ауысымнан оқыту нысандары бойынша оқу сабақтарын жүргізу үшін қажетті дәрісханалық қоры мен қосалқы үй-жайлары болуы тиіс.
107. Білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін ЖОО-ның арнайы мақсаттағы оқу кабинеттері (компьютерлік сыныптар, лингафонды кабинеттер және басқа), сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу-ғылыми процесті сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тапсырмалардың әралуан түрлерімен, бағдарламалық құралдармен, оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларымен және басқа да құжаттамалармен қамтамасыз етілген заманауи оқу-зертханалық жабдықтары болуы тиіс.
108. Ғимараттың оқу алаңы, дәрісхана қоры, оқу және ғылыми зертханалар, оқу кабинеттері, спорт залдары, кітапханалар, шеберханалар мен ЖОО-ның қызметін қамтамасыз ететін басқа да үй-жайлары қолданыстағы санитариялық нормалар мен қағидалар талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
109. Бір студентке оқу алаңының нормасы ЖОО типіне байланысты белгіленеді және кемінде 6 м2 болуы тиіс.
110. Үй-жай алаңдары үй-жай мақсаттылығына байланысты, оқу сабақтарының түрлеріне, студенттер мен қызметкерлер санына, оқу сабақтарының ауысымдылығына сәйкес белгіленеді.
Студенттердің есептік саны күндізгі оқу нысаны студенттерінің ең көп саны бойынша және сырттай оқу нысаны студенттерінің 10 % саны бойынша қабылданады.
111. Спорт залдарының жалпы алаңы (олардың жанындағы қосалқы ғимараттарды, бассейндер мен жеңіл атлетикалық манеждерді есептемегенде) бір студентке кемінде 1,0 м2 қабылдануы тиіс.
112. Білім беру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін ЖОО-да техникалық ресурстардың әралуан түрі болуы тиіс: зертханалық құрал-жабдықтар, қондырғылар, тетіктер, стендтер, өлшеу құралдары, оқу және зерттеу мақсаттарында қолданылатын макеттер мен бұйым модельдері, эксперименталдық үлгілер, материалдар, компьютерлік және өзге де есептеуіш техника бағдарламалық құралдар.
113. Техникалық ресурстар құрылымы, құрамы мен саны оқу процесі мен басқа да барлық процестерді және ЖОО жарғылық қызметін жалпыға міндетті жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттарына, оқу жұмыс жоспарларына, пәндердің оқу жұмыс бағдарламаларына, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына және басқа да құжаттамаға сәйкес сапалы жүзеге асыруды міндетті қамтамасыз етумен анықталады.
114. ЖОО-ның білім алушылар контингенті мен айқындалатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша айқындалатын мөлшерден кем емес оқыту құнына қарай, білім алу жағдайларын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстары болады.
115. Қаржылық ресурстар көздері білім беру және ғылыми гранттардан алынған бюджеттік қаражат, ақылы негізде білім беруден, ғылыми және басылым өнімдерін сатудан түсетін қаражат, демеушілік көмек және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің өзге түрлерін жүзеге асырудан алынған өзге де көздері болады.
116. ЖОО-лардың білім беру қызметіне арналған шығыстары мамандар даярлаудың бағыттары, оқыту нысандары (күндізгі, кешкі, сырттай), тиісті нормативтік құжаттардағы білім беруге арналған шығыстарды айқындайтын ақшалар және заттай нормалар бөлінісінде студенттер контингентіне қарай айқындалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) сәйкес меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жоғары оқу орындарының мынадай түрлерінде: ұлттық зерттеу, зерттеу университеттерінде, ұлттық жоғары оқу орындарында, университеттерде, академияларда беріледі.
Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлерін білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті – ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылыми және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау.
4. Жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, білім беру және ғылым қызметін регламенттейтін «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдарына, сондай-ақ осы Қағидалар мен оның негізінде әзірленген ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
5. ЖОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
6. ЖОО-ны тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ректор (басшы) жүзеге асырады.
7. ЖОО ректорының (басшысының) саны мен функционалдық бағыты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін орынбасарлары – проректорлары болады.
8. ЖОО ректоры (басшысы) ЖОО атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ЖОО мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлерге, оқытушылар мен білім алушыларға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады.
9. Ректор (басшы) өзіне берілген құқықтар шегінде қаржы, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді.
10. Мемлекеттік ЖОО ректоры Қазақстан Республикасының заңнамасында және ЖОО жарғысында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
Мемлекеттік емес ЖОО ректоры оның өкілеттіктер шеңберін, тағайындалу (сайлау) және лауазымнан босату тәртібін айқындайтын құрылтайшылардың жалпы жиналысына есеп береді.
11. Ректордың кандидатурасы білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен педагогика қызметкерлері және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (бұдан әрі – лауазымдардың біліктілік сипаттамалары) сәйкес келуі тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ларында оқу орнының бастығы лауазымдары тиісті мемлекеттік орган бекітетін лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
12. Ректор (басшы) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады.
13. ЖОО-ларда алқалық басқару органдары құрылады. ЖОО-ның алқалық басқару нысандары ғылыми, байқау немесе қамқоршылық кеңес бола алады, олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі.
14. ЖОО құрылымын өзі дербес айқындайды және бекітеді. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ларында құрылымды тиісті мемлекеттік орган айқындайды.
Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер ЖОО қызметінің барлық түрлерін қамтиды.
15. ЖОО өзінің құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерін дербес әзірлейді және бекітеді, онда олардың қызметінің негізгі бағыттары, ЖОО-ны басқарудың ұйымдық құрылымында құрылымдық бөлімшеге оның мәртебесін әкімшілік-құқықтық бекіту бойынша талаптар айқындалады.
16. Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес ЖОО қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын дербес әзірлейді және бекітеді, онда олардың лауазымға тағайындалу және лауазымнан босатылу тәртібі, құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері мен жауапкершіліктері айқындалады.
17. Штаттық кестені ЖОО дербес айқындайды және оны ректор жыл сайын бекітеді. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-да штаттық кестені тиісті мемлекеттік орган айқындайды.
18. ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелері өз қызметін осы Қағидалар, ЖОО жарғысы негізінде жүзеге асырады, ал олардың санын аталған ЖОО мамандықтарының, білім беру бағдарламаларының тізбесіне, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың санына қарай кеңес белгілейді.
19. Факультет бір немесе бірнеше мәндес мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асыратын ЖОО-ның негізгі оқу, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
20. Факультет күндізгі, кешкі, сыртқы және экстернат нысанында мамандар даярлауды жүзеге асырады.
21. Факультет жұмысын басқаруды ғылыми дәрежесі мен атағы (әскериден басқа) бар факультет деканы (басшысы) жүзеге асырады. Деканның кандидатурасы педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Факультет басшысының лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
22. Факультет деканы (басшысы) ЖОО-ның қабылдау және аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылады.
23. ЖОО-лар факультет туралы өз ережелерін әзірлейді және бекітеді. Факультет деканы (басшысы) жанынан және оның төрағалық етуімен өз жұмысын ЖОО кеңесі бекіткен қағидаларға сәйкес ұйымдастыратын факультет кеңесі ұйымдастырылуы мүмкін.
24. Кафедра бір немесе бірнеше мәндес пәндер бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысты, білім алушылар арасында тәрбие жұмысын жүзеге асыратын ЖОО-ның (факультеттің) негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
25. Кафедра штаты, профессорлық-оқытушылық құрамның жұмыс көлеміне және орташа жылдық педагогикалық жүктемеге қарай айқындалады (әскери және құқық қорғау органдарының оқу орындарында оқу процесінің ерекшелігін ескере отырып).
26. Кафедра штатына кафедраның меңгерушісі (басшысы), профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер, оқытушы-стажерлер, оқу-көмекші персонал, сондай-ақ кафедра жанынан құрылған ғылыми және басқа да құрылымдық бөлімшелер кіреді. Әскери (азаматтық емес) оқу орындарының кафедралары үшін ерекшеліктеріне қарай басқа да лауазымдар көзделеді.
27. Кафедраны ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы бар меңгеруші (басшы) басқарады (әскерилерден басқа). Кафедра меңгерушісінің (басшысының) лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
28. Тиісті мамандықтар бойынша ЖОО-ның білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кафедра бейіні бойынша (құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органнан басқа) кемінде 10 штаттық оқытушы болғанда кафедра ұйымдастырылады. Штаттық оқытушылар санына шаққанда ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі кемінде 45 %-ды педагогикалық институттарда кемінде 50 %-ды өнер және мәдени білім беру ұйымдары үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрметті атақтары бар және оларға теңестірілген оқытушылар кемінде 35 %-ды құрауы тиіс.
Өнер, музыка және мәдениет, туризм мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын кафедралар, сондай-ақ медицина, дене тәрбиесі, сурет және сызу, графика, шетел тілдері, қазақ тілі, орыс тілі (тілді оқытпайтын ЖОО үшін) кафедралары штаттық оқытушылар аз болған жағдайда ұйымдастырылуы мүмкін.
29. Бекітілген оқу пәндерінің циклы бойынша кафедралар жалпы білім беретін және арнайы болып сыныпталады.
30. ЖОО-да Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа да мүдделі тараптардың арнайы кафедралары ұйымдастырылуы мүмкін.
31. Кафедра жұмысы жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық дайындауға бағытталуы тиіс.
32. Кафедра жылдық жұмыс жоспарына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысын жүзеге асырады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын негізгі талаптар
33. Оқу процесін тиімді ұйымдастыру, материалдық активтер мен ресурстарды ұтымды пайдалану, университеттер мен академияларда білім беру қызметіне тартылған күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың ең аз контингенті кемінде 2100 және 700 адам сәйкес болуы қажет. Ерекшелікті күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың саны мемлекеттік тапсырыспен айқындалатын құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО құрайды.
34. Білім алушылардың келтірілген контингенті олардың күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысандары бойынша санына қарай айқындалады.
ЖОО-ның күндізгі және сыртқы оқу нысандарындағы студенттердің арақатынасы кемінде 4:1 болуы тиіс.
Құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органнан орындары үшін білім алушылардың контингентінің сандық құрамының қатынасы тиісті органның бірінші басшысымен анықталады.
35. Білім алушылардың контингенті білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес бір білім алушыға шаққандағы оқу алаңының санитарлық нормаларына сай келуі тиіс.
36. ЖОО-да академиялық топтың толымдылығын білім беру ұйымдары дербес айқындайды.
Құқық қорғау органдары, арнайы мемлекеттік органдары және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ның академиялық тобының толықтығы жыл сайынғы мемлекеттік білім беру тапсырысына және қызмет ету ерекшеліктеріне қарай айқындалады.
37. Даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтар, оның ішінде мүгедектерге жеке қажеттілігін ескере отырып білім алуына арнайы жағдайлар жасалады.
ЖОО-ның оқу-тәрбие қызметі
38. ЖОО-ға білім алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
39. ЖОО-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар дайындау мазмұны мен оқыту мерзімдері бойынша әртүрлі білім бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Ұлттық зерттеу, зерттеу университеттерінде оқыту күндізгі нысанда ғана жүзеге асырылады.
40. ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы:
1) академиялық күнтізбе, жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламалар әзірлеуді, элективтік пәндер каталогтарын, силлабустар, пәндер мен мамандықтардың оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуді;
2) оқу пәндерін оқулықтармен, оқу құралдарымен, есептер жинағымен, кешенді тапсырмалармен, зертханалық, бақылау, курстық жұмыстар бойынша құралдармен, пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ ағымдағы, межелік және қорытынды білім бақылауы, барлық оқу нысандары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау материалдарымен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді;
3) кәсіптік практикалардың барлық түрлерінің бағдарламалары, сондай-ақ дипломдық жұмыстарды (жобаларды) жазу бойынша әдістемелік құралдар әзірлеуді;
4) білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім технологиялары мен оқыту әдістерін әзірлеуді;
5) ізденіске, талдауға және қызмет нәтижелерін қалыптастыруға қабілеттілігін дамытуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмысын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді;
6) оқытушылар мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуді қамтиды.
41. Оқу-тәрбие қызметінің мазмұнын жоспарлауды, ұйымдастыру тәсілін, құрылымын кредиттік оқыту технологиясы негізінде ЖОО жүзеге асырады.
42. Құқық қорғау органдарына, арнаулы мемлекеттік органдарға және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы, дайындық деңгейлері мен міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік білім тапсырысына қарай оқыту технологияларын (дәстүрлі немесе кредиттік) және пәнаралық байланыстарды айқындайды.
43. Оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.
Оқу-тәрбие қызметінің құрылымы оқу жоспарларының (үлгілік, жеке, жұмысшы) және кәсіптік оқу бағдарламаларының, оқу жүктемесі көлемінің, академиялық кезеңдер ұзақтығының, академиялық сабақ түрлерінің, оқу материалы көлемінің негізінде қалыптасады.
44. Ұлттық зерттеу және зерттеу университеттері уәкілетті органның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен даму бағдарламаларына сәйкес қызмет етеді.
Ұлттық зерттеу және зерттеу университеттерінің даму бағдарламаларын қарау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу тәртібін білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ұлттық зерттеу университеттері және зерттеу университеттері Қазақстан Республикасының экономика салаларын дамытудың басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерге негізделген білім бағдарламаларын дербес әзірлейді.
45. Білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар және білім алушылардың біліктілік (әскерилерден басқа) қалыптастыру қағидаттары негізінде әзірленеді.
46. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар, «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандығының топтары бойынша МЖМБС тиіс білім беру деңгейлерінің сәйкес МЖМБС және оларды әзірлеу құрылымы негізінде әзірленеді, оларды тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары бекітеді және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
47. Академиялық күнтізбе, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары мен профессорлық-оқытушылық құрамның орташа жылдық педагогикалық жүктемесі ЖОО кеңесінің шешімімен бекітіледі.
48. Оқытуды дараландыруға бағытталған кредиттік оқыту технологиясының негізгі қағидаттарын іске асыру мақсатында таңдау бойынша компонент пәндерінің аннотацияланған тізбесін қамтитын элективті пәндер каталогы жасалады.
49. ЖОО-да оқу жұмысының мынадай негізгі түрлері белгіленеді: дәрістер, практикалық (семинарлар), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар, кәсіптік практикалардың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту.
Дәрістер мен семинарлар, практикалық, студиялық және зертханалық сабақтар арасындағы кредит көлемінің арақатынасын ЖОО үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықтайды.
50. Дәріс сабақтарын өткізуге, студенттердің дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілікке профессор, доцент, аға оқытушы лауазымдарын атқаратын оқытушылар жіберіледі.
51. Дәрістер оқуға және/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері немесе мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар да тартылуы мүмкін.
52. Оқу жұмысының басқа түрлері атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық оқытушылардың педагогикалық жүктемесіне кіруі мүмкін.
53. Оқу жұмысы аудиториялық (дәрістер, семинарлар, практикалық, студиялық және зертханалық сабақтар) және аудиториядан тыс деп бөлінеді, оған оқу жұмысының барлық қалған түрлері кіреді.
54. Білім алушылардың жоғары білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, ЖОО оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын дербес анықтайды.
Бұл ретте оқу сабақтары инновациялық оқыту технологияларын ескере отырып, ғылым, техника, технологиялар, ақпараттық жүйелердің ең жаңа жетістіктерін пайдалана отырып және интерактивті нысанда өткізіледі.
55. ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтау шартымен, оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу тәсілдері мен нысандарын, оқыту әдістерін таңдау еркіндігіне ие.
56. Жоғары білім берудің білім бағдарламалары пәндердің үш циклын қамтиды: жалпы білім беретін пәндер циклы, базалық пәндер циклы және бейінделген пәндер циклы, сондай-ақ қосымша оқыту түрлері (мамандық бойынша кәсіптік практика, дене шынықтыру және т.б.) және қорытынды аттестаттау.
57. Пәндердің әр циклы практика тізбесі мен мазмұны үлгілік оқу жоспарларында және типтік оқу бағдарламаларында анықталатын міндетті компонент пәндерінен, сондай-ақ тізбесі мен мазмұны жұмыстық оқу жоспарларында, жұмыстық оқу бағдарламаларында және силлабустарда айқындалатын таңдау компоненті пәндерінен тұрады.
Әрбір пән, әдетте, бір академиялық кезең ішінде оқытылады.
58. Оқыту барлық оқу нысандарына бірдей оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
59. ЖОО-да оқу процесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар үшін жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.
Бұл жағдайда көлемдерінің жеткіліктігі және білім беру бағдарламасының сабақтастығы шартымен кредиттерді есептеу және бұрын игерген пәндерді есепке алу жүзеге асырылады. Оқу ауқымы мен мерзімі транскрипт (дипломға қосымшалар) негізінде айқындалатын білім алушылардың пререквизиттері ескеріле отырып айқындалады.
Техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін қысқартылған бағдарламалары бойынша күндізгі нысан бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды, жоғары білімі бар тұлғалар үшін кемінде 2 жылды құрайды.
60. Білім алушылардың кәсіптік практикасы мен қорытынды аттестаттауды мемлекеттік жоғары білімнің жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.
Кәсіптік практика оқыту процесінде алынған теориялық білімдерді бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған.
61. ЖОО әзірлеген кәсіптік практика бағдарламасы мен базасы мамандық бейініне (білім бағдарламасына) сәйкес келуі тиіс.
62. ЖОО (құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-нан басқа) оқу жылы басталғанға дейін 1 айдан кешіктірмей кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша үлгілік шарттың нысанына сәйкес практика базаларымен тиісті шарттар жасайды.
63. Кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жолдама мерзімі, базасы мен басшысын көрсете отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен рәсімделеді.
Диплом алды практикаға ғылыми жетекшілікті дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады.
64. Кешкі және сыртқы нысанда білім алушылары мамандығы бойынша жұмыс істеген жағдайда, кәсіптік практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар ЖОО-ға жұмыс орнынан анықтама және олардың кәсіби қызметін көрсететін мінездеме ұсынады.
65. ЖОО білім алушылардың ағымдағы және межелік үлгерімін бақылау және аралық аттестаттаудан өткізу нысандарын, тәртібі мен мерзімділігін дербес таңдайды.
66. Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық аттестаттауды өткізу және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін ЖОО-да офис тіркеуші құрылады.
Тіркеу қызметінің жұмыс ережелері мен құрылымын ЖОО дербес анықтайды.
67. Офис тіркеуші мынадай функцияларды атқарады:
1) білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді жүргізеді;
2) академиялық топтар мен лектер құрады;
3) білім алушылардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркейді;
4) білім алушыларды аралық және қорытынды аттестатталуын ұйымдастырады және өткізеді;
5) білім алушылардың академиялық рейтингін есептеуді жүзеге асырады;
6) оқытудың барлық кезеңі ішінде және бүкіл оқыту кезеңінде білім алушылардың игерген кредиттерін есепке алуды жүргізеді;
7) білім алушылардың транскриптін жазып береді;
8) академиялық ұтқырлықты ұйымдастырады.
68. Оқу процесі мен ғылыми-зерттеу қызметін қамтамасыз ету мақсатында ЖОО-да оқу және мамандандырылған зертханалар көзделген. Зертхана жабдығы заманауи және бакалаврлар даярлаудың бағдарламаларына барабар болуы тиіс.
69. ЖОО-ның тәрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және тұлғаның кәсіби, әлеуметтік, зияткерлік, адамгершілік, шығармашылық қасиеттері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
70. Оқу және тәрбие қызметі білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамының адамдық қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.
71. ЖОО-ның тәрбие қызметі тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар негізінде жүзеге асырылады.
ЖОО-ның тәрбие жұмысы:
1) білім алушылардың бойында өз бетінше және білікті түрде шешімдер қабылдау мен біліктілікті жүзеге асыру икемділіктерін қалыптастыру;
2) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыру;
3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру;
4) кафедра бейіні бойынша білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу;
5) жалпы білім беретін орта мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу кіреді.
Білімді бақылау мен бағалау
72. Білім алушылардың білімін бағалау үшін ЖОО-да білім алушылардың білімін бақылау мен бағалау жүйесі жұмыс істеуі тиіс.
Бақылау мен бағалау жүйесі ЖОО-да ұйымдық-құқықтық нысандарына, оқыту және бағыныстылық нысандарына қарамастан жұмыс істеуі тиіс.
73. ЖОО-да білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау жүйесі түрлі нысандарды қамтиды: үлгерімді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық аттестаттау және қорытынды мемлекеттік аттестаттау.
74. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәннің оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеруді қамтамасыз етеді.
75. Пәннің оқу бағдарламасы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың алуан түрлерін айқындайды: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, құрамдастырылған бақылау, үй тапсырмаларын таныстыру, пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стадилер, тестер және т.б.
76. Курстық, есептеу-графикалық және оқу жоспарында көзделген басқа да жұмыс түрлері емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалып, осы пәннен емтиханға жіберу қызметін атқаруы тиіс. Осы жұмыс түрлері бойынша бағалаулар пәннен емтиханға жіберу рейтингісін есептеу кезінде (яғни рейтингілік бақылау жүргізу кезінде) ескерілуі тиіс.
Егер оқу жоспарына сәйкес пән бойынша бақылау нысаны курстық жұмыс (жоба) болып қана айқындалса, онда курстық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы жалпы пән бойынша жалпы қорытынды баға болып табылады.
77. Білім алушылардың әр пәннен оқу жетістіктерінің деңгейі емтиханға жіберу рейтингісінің бағасынан, емтихан бағасынан құралатын қорытынды бағамен айқындалады, олардың сомасы қорытынды бақылау бағасын қалыптастырады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы үлгерімді ағымдағы бақылау бағасы мен межелік бақылау бағасынан құралады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы пәннен қорытынды білім бағасының 60 %-ын құрайды.
78. Үлгерімді ағымдағы бақылау нәтижелерін есепке алуды оқытушы студенттердің жеке сабақ түрлерін орындау мен тапсыру шамасына қарай силлабусқа сәйкес жүргізеді. Тапсырмаларды орындау студенттердің сабаққа қатысу және үлгерім журналында, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі білім алушылардың білімін ағымдағы бақылаудың электрондық тізбесінде тіркеледі.
79. Кешкі және сырттай оқыту нысандарының студенттері емтиханға жіберу рейтингін барлық тиісті тапсырмаларды орындау шартымен белгіленген кесте бойынша емтихан сессиясы басталғанға дейін жинайды.
80. Экстернат нысанында білім алушылар ЖОО құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекіткен жеке кесте бойынша емтиханға жіберу рейтингін жинайды.
81. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылауды бағалау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 40 %-ын құрайды.
Қорытынды бағалау білім алушы жіберу рейтингісімен қорытынды бақылаудан оң баға алған жағдайда ғана есептеледі.
82. Білім алушы жіберу рейтингісінің қорытынды бақылау бағаларына апелляция жасауға құқығы беріледі. Осы мақсатта университет ректорының бұйрығымен біліктілігі апелляцияланушы пән бейініне сәйкес келетін оқытушылар құрамынан апелляциялық комиссия құрылады.
83. Кәсіптік практика қорытындылары бойынша студенттер тиісті кафедраға есеп тапсырады, оны жетекші мен кеңесші тексереді және кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингілік әріптік жүйесі сараланған сынақпен бағаланады.
Практика бойынша бір жетекшіні тағайындау кезінде (әдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық және т.б.) баға көрсетілген білімге сәйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады.
Практика бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде (әдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық және т.б.) практика базасынан жетекшісінің үлес салмағы қорытынды бағалауда 40 %-ды құрайтын бағасы мен ЖОО барған жетекшінің қорытынды бағалауда 60 %-ды құрайтын бағасы ескеріле отырып қорытынды баға қойылады.
84. Практикадан өтпеген, практика бағдарламаларын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер теориялық оқытумен қатар келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезеңінде практикаға қайта жіберіледі.
85. Оқу жоспары мен бағдарламалардың барлық талаптарын толық орындаған білім алушылар қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберіледі.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Қорытынды аттестаттау тиісті мамандықты игеру процесінде білім алушылардың алған білімдерін, шеберліктерін, дағдылары мен біліктілігін тексеруге бағытталған.
Қорытынды аттестаттау білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына көзделген нысанда жүргізіледі жалпы мамандық бойынша тұтастай немесе жекелеген базалық және/немесе бейіндік пәндер бойынша жалпы мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жоба (жұмыс) қорғау.
86. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауда баға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің пікірін және балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша игерілген білімді ескере отырып қойылады.
87. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы ғылыми жетекші пікірін, рецензент пікірін және қорғау нәтижелерін ескере отырып, қойылады.
Қорытынды аттестаттаудың әрбір нысаны бойынша балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша жеке баға қойылады.
88. Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша білім алушыға тиісті академиялық бакалавр дәрежесі тағайындалады және жоғары білім туралы диплом беріледі.
89. Студенттің бір жылғы академиялық үлгерім деңгейі кредиттер мен пән бойынша қорытынды баға туындылары сомасының оқытудың ағымдағы кезеңі ішіндегі кредиттер сомасына қатынасы ретінде есептелетін орташа балл (GPA) түрінде айқындалады.
90. Жазғы емтихан сессиясын өткізгеннен кейін факультет деканаттары кейіннен мәліметтерді офис тіркеушіге жібере отырып топтар, сондай-ақ мамандықтар мен оқыту курстары бойынша орташа академиялық рейтинг (немесе GPA деңгейі) бойынша студенттер мен оқу топтарын ранжирлеуді жүргізеді.
91. Офис тіркеушісі факультеттер ұсынған академиялық рейтинг туралы деректерді, оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін қорытындылай отырып, факультеттерді ранжирлеуді жүргізеді, ЖОО бойынша үздік студенттер мен үздік академиялық топтарды айқындайды және осы ақпаратты ЖОО-ның веб-сайтына орналастырады.
ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметі
92. Ғылыми-зерттеу қызметі білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, осы негізде ғылыми-білім беру процесін,бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұлттық инновациялық жүйенің нәтижелілігі мен тиімділігінің маңызды элементі ретінде дамытуға бағытталған.
Іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялық қызметтер (бұдан әрі – ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ)) ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
Профессорлық-оқытушылық құрам жеке жұмыс жоспарына сәйкес негізгі жұмыс уақытында өз қызметінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде ғылыми-зерттеу жұмысын орындайды.
93. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмысы:
1) іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды және инновациялық қызмет жүргізуді;
2) ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми зерттеулері мен шығармашылық қызметі арқылы жаңа білімдерді алуды;
3) жоғары білімді дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеуді және әзірлеуді;
4) ЖОО оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу мен енгізуді;
5) ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізуді;
6) өз ғылыми мектептерін қалыптастыруды және дамытуды, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тартуды;
7) әзірлемелерді коммерциялау және ғылымды көп қажет ететін және бәсекеге қабілетті техника мен технологиялар трансферті;
8) зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды;
9) тартылған қаражат пен инновациялық қызметті пайдалану есебінен зерттеулер мен әзірлемелердің қаржылық негізін кеңейтуді;
10) білім алушылардың ҒЗЖ-сын ұйымдастыруды және жетекшілік етуді қамтиды.
94. ЖОО-ның ғылыми қызметі мамандар даярлау процесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу және ғылыми процестер бірлігі:
студенттерді республикалық бюджет, басқа бюджеттер, бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен орындалатын ғылыми-зерттеу және жобалық-құрастырушылық жұмыстарға қатысуға тарту;
ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімшелер базасында белсенді оқу жұмысының, дипломдық және курстық жобалаудың, оқу және өндірістік практиканың, студенттерді мақсатты даярлаудың және мамандар даярлаудың басқа да әралуан нысандарын жүргізу;
оқу және ғылыми процестерді компьютерлендіру, біртұтас ақпараттық ортаны қалыптастыру және студенттердің информатиканың заманауи әдістері мен құралдарын игеруі есебінен қамтамасыз етіледі.
95. Ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруді ғылыми жұмыс жөніндегі проректор (басшының орынбасары) жүзеге асырады.
Аталған бөлімшелер ҒЗЖ перспективалық және ағымдағы жоспарларын, есептілік нысандарын әзірлейді, ЖОО ҒЗЖ тізілімін жүргізеді, ғылыми-зерттеу қызмет нәтижелерін қорытындылайды, оларды жинақтайды.
96. ҒЗЖ орындау нәтижелері бойынша күнтізбелік жоспарда көзделген аралық және қорытынды есептер жасалады. Есепте мазмұндалған деректердің дұрыстығына ҒЗЖ жетекшілері мен орындаушылар жауапты болады.
97. ЖОО-ның халықаралық қызметі жетекші шетелдік университеттермен ынтымақтастық жасау бағдарламасының, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушылық кадрлармен алмасу және студенттік ұтқырлықты дамыту шеңберінде жүзеге асырылады.
ЖОО қызметін ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
98. ЖОО-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.
99. ЖОО-ның ақпараттық ресурстары қалыптастырылған идеялар мен білімдерді, әртүрлі деректерді, олардың жинау әдістері мен құралдарын, ақпарат көздері мен тұтынушылары арасындағы сақтау мен алмасуды білдіреді.
Ақпараттық ресурстар кез-келген тасымалдағыштағы білім беру бағытындағы (басқарушылық, оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік) толық мәтіндік, фактографиялық және библиографиялық деректер базасын; анықтамалық-іздестіру жүйелерін; оның ішінде дәстүрлі және электронды кітапханалық каталогтар мен картотекаларды; жергілікті қолжетімділіктегі электронды ресурстарды; білім беруші ақпаратты жасауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарды; ақпаратты тарату арналарын; білім беру мақсатты ретінде пайдаланылатын коммуникация құралдарын қамтиды.
100. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді қамтиды.
Жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру білім алушылардың электронды кітапханаларда орналастыратын халықаралық дереккөздерді қоса алғанда, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетке, оқу, ғылыми, ақпараттық деректер базасына, еркін қол жеткізумен қамтамасыз етіледі.
Оқу және ғылыми әдебиеттер қоры келтірілген студенттер контингентіне қатынасы бойынша оқытудың толық циклында басылымның кемінде 140 бірлігін құрауы тиіс. Бұл ретте қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар оқыту тілі бойынша білім алушылар контингентіне барабар болуы тиіс. Кітапхана қоры әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша соңғы 5 жылда шығарылған, жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы пәндері бойынша – соңғы 10 жылда шығарылған негізгі оқу әдебиетінен тұрады. Цифрлы тасымалдағыштардағы оқу әдебиеттерімен қамтылу мамандықтың оқу жоспарының базалық және бейіндік пәндерінің (әскери мамандықтардан басқа) кемінде 40 %-ын құрайды.
101. Оқу-әдістемелік әдебиеттерге оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік құралдар, дидактикалық, көрнекі құралдар, оқу-әдістемелік әзірлемелер – пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулықтар немесе ұсынымдар, зертханалық, курстық, дипломдық және басқа да жазба жұмыс түрлерін орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар, оқу пәндері бойынша анықтамалық құралдар мен басылымдар жатады.
102. ЖОО кітапханасының ғылыми қоры мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтарына зерттеу саласын қамтитын монографиялық, ғылыми және ғылыми-өндірістік сипаттағы кітаптар тізбесін қамтиды.
Ғылыми қорға сондай-ақ энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, түсініктемелер, бағдарлама бойынша оқытылатын әдеби шығармалар, нормативтік құқықтық актілер, мерзімді басылымдар, оның ішінде білім беру ұйымдарының хабаршылары, ғылыми еңбектердің, оқыту бейініне сәйкес келетін халықаралық конференциялардың жинақтары кіреді.
103. Оқу әдебиетінің өз басылымдары оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды қамтиды.
Әдістемелік әдебиеттің өз басылымдары әдістемелік ұсыныстарды, оқу пәндерін оқыту, игеру, оқу жұмыстарының жекелеген түрлерін орындау бойынша нұсқаулар мен құралдарды қамтиды.
104. ЖОО оқу-ғылыми ақпараттық активтерін жинау, жинақтау, сақтау, шығару процестері білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысы жөніндегі әдістемелік материалдарға сәйкес жүзеге асырылады.
105. Арнайы мемлекеттік органдардың оқу орындарын (әскери) қоспағанда, ЖОО-ларда интернет ресурсты, ақпараттық-білім порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ЖОО жергілікті желілерінде орналасқан ақпараттық-білім ресурстарының жиынтығын және ЖОО-ның кез келген компьютерінен Интернетке жолақты және жоғары жылдамдықта барлық ақпараттық ресурстарға қол жетімділікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тармақталған компьютерлік желіні қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы құрылуы тиіс.
106. Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім алушылардың өзіндік жұмысына дәйекті ден қоюды күшейте отырып жүзеге асырылады.
107. Тиісті дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, спорт залдарының және оның қызметін қамтамасыз ететін және оған меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың болуы ЖОО қызметінің міндетті шарты болып табылады.
108. ЖОО-ның екі ауысымнан оқыту нысандары бойынша оқу сабақтарын жүргізу үшін қажетті дәрісханалық қоры мен қосалқы үй-жайлары болуы тиіс.
109. Білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін ЖОО-ның арнайы мақсаттағы оқу кабинеттері (компьютерлік сыныптар, лингафонды кабинеттер және басқа), сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу-ғылыми процесті сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тапсырмалардың әралуан түрлерімен, бағдарламалық құралдармен, оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларымен және басқа да құжаттамалармен қамтамасыз етілген заманауи оқу-зертханалық жабдықтары болуы тиіс.
110. Ғимараттың оқу алаңы, дәрісхана қоры, оқу және ғылыми зертханалар, оқу кабинеттері, спорт залдары, кітапханалар, шеберханалар мен ЖОО-ның қызметін қамтамасыз ететін басқа да үй-жайлары қолданыстағы санитариялық нормалар мен қағидалар талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
111. Бір студентке оқу алаңының нормасы ЖОО типіне байланысты белгіленеді және кемінде 6 м2 болуы тиіс.
112. Үй-жай алаңдары үй-жай мақсаттылығына байланысты, оқу сабақтарының түрлеріне, студенттер мен қызметкерлер санына, оқу сабақтарының ауысымдылығына сәйкес белгіленеді.
Студенттердің есептік саны күндізгі оқу нысаны студенттерінің ең көп саны бойынша және сырттай оқу нысаны студенттерінің 10 % саны бойынша қабылданады.
113. Спорт залдарының жалпы алаңы (олардың жанындағы қосалқы ғимараттарды, бассейндер мен жеңіл атлетикалық манеждерді есептемегенде) бір студентке кемінде 1,0 м2 қабылдануы тиіс.
114. ЖОО-ның білім алушылар контингенті мен айқындалатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша айқындалатын мөлшерден кем емес оқыту құнына қарай, білім алу жағдайларын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстары болады.
115. Қаржылық ресурстар көздері білім беру және ғылыми гранттардан алынған бюджеттік қаражат, ақылы негізде білім беруден, ғылыми және басылым өнімдерін сатудан түсетін қаражат, демеушілік көмек және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің өзге түрлерін жүзеге асырудан алынған өзге де көздері болады.
116. ЖОО-лардың білім беру қызметіне арналған шығыстары мамандар даярлаудың бағыттары, оқыту нысандары (күндізгі, кешкі, сырттай), тиісті нормативтік құжаттардағы білім беруге арналған шығыстарды айқындайтын ақшалар және заттай нормалар бөлінісінде студенттер контингентіне қарай айқындалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) әзірленді және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан олардың қызмет тәртібін айқындайды.
2. Мамандандырылған білім беру ұйымдары дарынды балалардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең меңгеруіне бағытталған элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады.
3. Мамандандырылған білім беру ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Қағидаларға және осылардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады. Жарғыны мамандандырылған білім беру ұйымы әзірлейді.
4. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының негізгі мақсаты – серпінді даму ортасында өзін-өзі белсендіруге дайын бәсекеге қабілетті адамды және дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
5. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының міндеттері:
1) элитарлық білім беруді іске асыру;
2) елдің зияткерлік әлеуетін сақтау және дамыта түсу;
3) дарынды балаларды даралап оқытуды және білім алушылардың мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын сапалы меңгеруін қамтамасыз ету;
4) дарынды балалардың өзіндік, жобалық және зерттеушілік қызмет дағдыларын жетілдіру;
5) ұлттық мақтаныш, азаматтық қадір-қасиет, Отанына, өз халқына деген сүйіспеншілік сезімі бар азамат пен патриоттың әлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыру.
6. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысаны бойынша мыналарға бөлінеді:
1) мамандандырылған мектептер;
2) интернаттық мекемесі бар мамандандырылған білім беру ұйымдары;
3) мамандандырылған мектеп-кешендер.
7. Қызметін ұйымдастыру нысанына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымдарының негізгі түрлері мыналар болып табылады:
1) мамандандырылған мектеп;
2) мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей);
3) мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия);
4) мамандандырылған мектеп-интернат;
5) мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;
6) мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;
7) мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;
8) мамандандырылған спорт мектеп-интернаты;
9) мамандандырылған әскери мектеп-интернат;
10) қазақ-түрік лицейі;
11) мамандандырылған мектеп-кешен.
8. Мамандандырылған білім беру ұйымының мынадай бағыттары бар: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, технологиялық, музыкалық, көркем-эстетикалық, әскери, спорттық.
9. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім берудің жаңа мазмұнын іздеуді, әзірлеуді, оны енгізу нысандары мен әдістерін, эксперименттік оқу бағдарламалары мен жоспарларын сынақтан өткізуді ұйымдастыратын шығармашылық зертхана болып табылады.
2. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
Қызметті ұйымдастыру
10. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын құру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
11. Мамандандырылған білім беру ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім деңгейі бойынша берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
12. Мамандандырылған білім беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы жазылған мөрі, ағымдағы шоты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да шоттары болады.
13. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті кадрлардың, қажетті материалдық-техникалық базаның және білім беру процесін тиісті оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және ғылыми сүйемелдеу болуы қажет. Даму мүмкіндігі шектеулі дарынды балаларды оқыту үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті жағдайлар жасалады.
14. Педагог қызметкер жыл сайынғы медициналық тексеруден, сондай-ақ бес жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары олардың құзыретіне сәйкес бес жылда бір рет жоспарлы тәртіппен өткізеді.
Білім беру процесі
15. Мамандандырылған білім беру ұйымындағы білім беру процесін ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.
16. Оқу жұмыс жоспары мен мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеуді мамандандырылған білім беру ұйымы дербес жүзеге асырады.
17. Мамандандырылған білім беру ұйымдары жарғыларында айқындалатын оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін өздігінен дербес таңдайды.
18. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім алушылардың сұрауларына және кадрлық әлеуеттің мүмкіндіктеріне сәйкес ішкі бейінді пәндер, сондай-ақ қолданбалы курстар мен факультативтердің білім салаларын айқындайды.
19. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының әр деңгейдегі сынып-комплектілер мен сыныптардағы білім алушылар саны тиісті жағдайлар болғанда қалыптастырылады.
20. Мемлекеттік (орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін) және орыс (қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін) тілдерін,ақпараттық есептеу техникасы негіздерін, ритмиканы, хореографияны, музыканы, дене тәрбиесін, технологияны оқыту, сондай-ақ бейіндік пәндерден зертханалық, практикалық жұмыстар жүргізу кезінде сыныптар 2 топқа, шетел тілдерін және шетел тіліндегі пәндерді оқыту кезінде 3 топқа бөлінді.
21. Сыныптарды қосымша бөлу, икемді вариативті кесте, деңгейлік бөлу, консультациялар мен таңдау бойынша пәндер жүйесі арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру мамандандырылған білім беру ұйымының толық күн режимінде жұмыс істеуін талап етеді.
22. Білім алушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-комплектіге психологтың бір ставкасы есебінен психологиялық қызмет құрылады, сынып-комплектілер санын арттыру кезінде психолог ставкасының саны тиісті жылға көзделген жалақы қорының есебінен және оның шегінде артады.
23. Мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы және белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс уақыты көзделуі тиіс.
Басқару және кадрлық қамтамасыз ету
24. Мамандандырылған білім беру ұйымын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға, мамандандырылған білім беру ұйымының жарғысына және құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Мамандандырылған білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық кеңес, оқу-әдістемелік кеңес, қамқоршылық кеңес және т.б. болып табылады.
26. Тікелей басшылықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалатын басшы жүзеге асырады.
27. Мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын мақсатты пайдаланбағаны;
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген өзге де талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады.
28. Мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
29. Педагог кадрлар мен басқа да қызметкерлерді жұмысқа Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес басшы қабылдайды.
30. Мамандандырылған білім беру ұйымы материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша шарттық негізде өзінің қызмет бағытына сәйкес жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды.
31. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері «Білім туралы» Заңмен, жарғымен, Ішкі тәртіп ережелерімен және қызметтік нұсқаулықтармен айқындалады.
Қаржыландыру
32. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
33. Мамандандырылған білім беру ұйымының қызметін қаржыландыру:
1) мемлекеттік – жергілікті және республикалық бюджет қаражаты;
2) заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден және қызметтің басқа да түрлерінен түскен қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Халықаралық ынтымақтастық
34. Мамандандырылған білім беру ұйымы халықаралық қызметке білім беру саласындағы уәкілетті органның желісі бойынша, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен өз бастамасы бойынша қатысады.
35. Мамандандырылған білім беру ұйымы оқыту, тағылымдама өту, тәжірибе алмасу, семинарлар, конференциялар, олимпиадалар жұмыстарына қатысу және т.б. бойынша халықаралық қызметті жүзеге асырады.
Қайта құру және тарату
36. Мамандандырылған білім беру ұйымын қайта құру және таратуҚазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы білiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) және «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрленді және меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан арнайы бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн айқындайды.
2. Арнайы білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Заңды, осы Қағидаларды, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Мемлекет даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.
3. Арнайы білім беру ұйымдарына:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің арнайы түзету білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар:
арнайы мектепке дейінгі ұйымдар;
арнайы жалпы білім беру ұйымдары жатады.
Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оңалту жөнiндегі бiлiм беру процесiнiң қызмет бағыттарының нақты мiндеттерi мен ерекшелiктеріне, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін iске асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының деңгейлеріне байланысты:
есту қабiлетi бұзылған (естiмейтін, нашар еститiн, кейiннен саңырау болып қалған);
көру қабiлетi бұзылған (көзi көрмейтiн, нашар көретiн, кейiннен соқыр болып қалған);
тiрек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған;
сөйлеу қабiлетi бұзылған;
ақыл-ойы кенжелеп қалған;
психикалық дамуы тежелген;
эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған;
күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балаларға арнайы мектепке дейінгі және жалпы бiлiм беру ұйымдары құрылады;
2) арнайы түзету жеке, топтық және шағын топтық дамытушы, диагностикалық бағдарламаларды іске асыратын ұйымдар:
- психологиялық-медициналық-педагогтік консультация;
- оңалту орталығы;
- психологиялық-педагогтік түзету кабинеті.
Сыныптардың (топтарының) толымдылығы:
1) есту қабiлетi бұзылған: естiмейтіндер үшін – 8 баладан көп емес, нашар еститiндер мен кейiннен саңырау болып қалғандар үшін – 10 баладан көп емес;
2) көру қабiлетi бұзылған: көзi көрмейтiндер үшін – 8 баладан көп емес, нашар көретiндер мен кейiннен соқыр болып қалғандар үшін – 12 баладан көп емес;
3) тiрек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылғандар үшін – 12 баладан көп емес;
4) сөйлеу қабiлетi бұзылғандар үшін – 12 баладан көп емес;
5) ақыл-ойы кенжелеп қалғандар үшін – 8 баладан көп емес;
6) психикалық дамуы тежелгендер үшін – 12 баладан көп емес;
7) эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылғандар үшін – 6 баладан көп емес;
8) күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалғандар үшін – 6 баладан көп емес.
2. Арнайы білім беру ұйымдарының міндеттері
4. Арнайы бiлiм беру ұйымдары жалпы бiлiм беру ұйымымен негiзгі мiндеттердi шеше отырып, бiр мезгiлде жоғалтқан функцияларын қалпына келтiруге, бастапқы және қайталама ауытқуды түзетуге, сақталған талдауыштардың функцияларын дамытуға бағытталған бейіндік функцияларды орындайды:
1) азаматтылықпен отансүйгіштікке, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
2) балалар мен жасөспірімдердің қоғамда әлеуметтік-еңбектік бейімделуіне, оңалуы мен кірігуіне ықпал ететін өтемдеуіш дағдыларын қалыптастыру;
3) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттілігiн, тұлғаның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы қарым-қатынасын қалыптастыру;
4) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баулу, қазақ және республиканың өзге де халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шет тілдерiн меңгеру;
5) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу.
3. Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
Қызметті ұйымдастыру
5. Арнайы білім беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы бар мөрі, ағымдағы шоты және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да шоттары болады.
6. Арнайы жалпы білім беру ұйымдарының білім беру қызметі ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.
7. Арнайы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды құзыреттілігіне сәйкес білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары жоспарлы тәртіппен бес жылда бір рет өткізеді.
8. Арнайы білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін арнайы білімі бар, «Білім туралы» Заңға сәйкес аттестаттаудан өтетін педагогтар жүзеге асырады.
9. Арнайы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері «Білім туралы» Заңмен, жарғымен, Ішкі тәртіп қағидаларымен және қызметтік нұсқаулықтармен айқындалады.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
10. Ақыл-ойы кенжелеп қалған (зияткерлік бұзылулары бар) балаларға арналған ұйымдарды қоспағанда, арнайы мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие қызметі мемлекеттiк жалпыға мiндеттi білiм беру стандарттарының негiзiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Арнайы білім беру ұйымында бiлiм беру мазмұны тәрбиеленушiлердiң психикалық-дене дамуының және жеке мүмкiндiктерiнiң ерекшелiктерiне байланысты әзiрленетiн білiм беру бағдарламасымен айқындалады.
Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшiн бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң даму ерекшелiктерi мен әлеуеттi мүмкiндiктерiн ескеретiн, психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялар ұсынымдарын ескере отырып айқындалатын арнайы бiлiм беру бағдарламалары әзiрленедi.
11. Білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспары негізінде жасалады және жылдық күнтізбелік оқу жоспарымен және сабақ кестесімен регламенттеледі.
12. Білім алушы тұлғасының жеке қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламалары арнайы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту, сондай-ақ облыстың жергілікті атқарушы органы берген рұқсатпен экстернат нысанында игерілуі мүмкін.
Білім алудың әртүрлі нысандарына үйлестіруге мүмкіндік беріледі.
13. Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары қажет болған жағдайда, ата-аналарға (заңды өкiлдерге) каникул кезінде балаларға арналған түзету сабақтарын ұйымдастыру мәселесі бойынша консультациялар өткізеді.
14. Есту, көру, тiрек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының құрамында ақыл-ойы кенжелеп қалған (зияткерлік бұзылулары бар) (8 баладан көп емес) және психикалық дамуында бұзылулары бар (12 баладан көп емес)арнайы сыныптар (топтар),арнайы ұйымдардың барлық түрлерінде – кемістік құрылымы күрделі балаларға арналған арнайы сыныптар (6 баладан көп емес)ашылуы мүмкін.
15. Ақыл-ойы кенжелеп қалған (зияткерлік бұзылыстары бap) балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша және қажетті жағдайлар болған кезде зияткерлік бұзылыстары бap ақыл-ойы кенжелеп қалған балалар үшін (8 баладан көп емес) арнайы сыныптар ашылуы мүмкін.
16. Әлеуметтiк-тұрмыстық бағдар бойынша факультативтiк сабақтар өткiзу кезiнде сынып екi топқа бөлiнедi. Қоғамдық пайдалы өндiріс еңбегін ұйымдастыру кезiнде сынып 5-сыныптан бастап оқушылардың еңбекке даярлығы бейiндерiн ескере отырып топтарға бөлінеді.
Кәсіби-еңбекке оқыту жөнiндегi сабақтар үшін сыныптар бесінші сыныптан бастап, ал ақыл-ойы кенжелеп қалған балалар үшiн төртінші сыныптан бастап екi топқа бөлiнедi. Топтарды еңбек түрлерi бойынша жинақтау білім алушылардың психикалық-дене жағдайы мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, дәрiгердiң ұсынымдары негiзiнде жүзеге асырылады.
17. Арнайы білім беру ұйымындағы сабақ кестесiн арнайы білім беру ұйымының әкімшілігі әзірлейді және бекiтедi.
Кестеде оқу және жеке түзету сабақтарының күнделiкті саны, ұзақтығы мен бірізділігі көрсетiледі.
Сабақтардың ұзақтығы белгіленген норманың ұзақтығына сәйкес болады.
Арнайы білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары сағат 8-ден ерте басталмайды.
18. Арнайы мектепке дейінгі және жалпы білім беретін ұйымдар мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына сәйкес мемлекеттік, орыс және басқа да шет тілдерін оқытумен дамытуды қамтамасыз етедi.
19. Оқу-тәрбие процесi баланың психологиялық-медициналық-педагогикалық және клиникалық зерделеу деректерiне негiзделген сараланған және жеке тұрғыдан келу қағидаттарының негiзiнде жүзеге асырылады. Балалардың сөйлеуiнiң, назарының, жұмысқа қабiлетiнiң ерекшелiктерiн, олардың даму серпiнiн, білім алушылардың нақты бiлiмдерiн, олардың оқу материалын меңгеруiнiң мүмкiндiктерi мен ерекшелiктерiн анықтауды жүйелi зерделеу білім алушының даму перспективасын айқындау және түзеу жұмысының құралдарын таңдау үшiн жүргiзiледi.
20. Оқу аптасының ұзақтығын тиiстi бiлiм берудi басқару органының келiсiмiмен педагогтік кеңес белгiлейдi және ол жарғыда бекiтiледi.
21. Дамуындағы ауытқуларды еңсеру мақсатында арнайы түзету ұйымында топтық және жеке түзету сабақтары жүргiзiледi (логопед, олигофренопедагог, тифло және сурдопедагог).
22. Арнайы мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде оқуда қиындық көретiн білім алушыларға, сол сияқты неғұрлым қабiлеттi білім алушыларға арналған жеке оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын бекiтедi.
23. Арнайы жалпы білім беру ұйымында еңбекке баулу жұмысшы кадрларға қажеттiлiкке бағдарланған өңiрлiк, жергiлiктi жағдайларға қарай және жеке еңбек қызметiне тәрбиеленушiнi даярлауды қамтитын еңбек бейiнiн таңдау негiзiнде тәрбиеленушiлер мен олардың ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) психикалық-дене дамуының жеке ерекшелiктерiн, денсаулығын, мүмкiндiктерiн, сондай-ақ қызығушылығын ескере отырып жүзеге асырылады.
24. Балаларды арнайы бiлiм беру ұйымдарына жiберу ата-аналардың (заңды өкiлдердiң) келiсiмiмен ғана және психологиялық-медициналық-педагогтік консультацияның (бұдан әрi – ПМПК) қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Арнайы мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымының көмекшi сыныбына (тобына) білім алушылар (тәрбиеленушілер) ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) келiсiмiмен ПМПК қорытындысы негiзiнде арнайы білім беру ұйымында бiр жыл оқығаннан және тәрбиеленгеннен кейiн ғана ауыстырылады.
Кемiстiк құрылымы күрделі тәрбиеленушiлерге арналған сыныптар (топтар) арнайы білім беру ұйымында осындай тәрбиеленушiлердiң бiлiм беру процесi жағдайында психологиялық-медициналық-педагогтік бақылаудың барысында айқындалуына қарай жинақталады.
25. Тәрбиеленушiнi арнайы білім беру ұйымынан басқа бiлiм беру ұйымына ауыстыруды бiлiм берудi басқару органдары ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) келiсiмiмен және ПМПК қорытындысы негiзiнде жүзеге асырады.
26. Арнайы білім беру ұйымдарында оқу бағдарламаларын игеру кезiнде ерекше жетiстiктерге қол жеткізген арнайы білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерiне үздiк білімі туралы құжаттар берiледi.
Көру, есту және тiрек-қозғалыс аппараты функцияларының бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпы бiлiм беру ұйымдарының мемлекеттiк қорытынды аттестаттаудан сәттi өткен бiтiрушiлерiне ұйымның мөрi басылған, тиiстi бiлiмi туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжат берiледi.
Ақыл-ойы кенжелеп қалған (зияткерлік ауытқулары бар) балаларға арналған арнайы ұйымның бiтiрушiлерi ұйымның осы түрi үшін белгіленген үлгiдегi куәлiкті алады.
27. Арнайы білім беру ұйымының персоналын жинақтау тәртiбi оның жарғысымен және тиiстi нормативтiк құқықтық актілермен регламенттеледі.
28. Жалпы орта бiлiм берудiң, бастауыш, негiзгі және орта білім беру деңгейлерінің мұғалімдері, арнайы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшiн нормативтiк оқу жүктемесi аптасына 18 сағатты, тәрбиешiлер үшiн - 25 сағатты құрайды. Ағымдағы жылы белгiленген оқу жүктемесiнiң көлемін әкiмшiлiктiң бастамасы бойынша осы жылдың аяғына дейiн азайтуға болмайды.
29. Арнайы білім беру ұйымында медициналық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы ұйымның әкiмшiлiгiмен бiрлесе отырып, тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтауға және олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуға, диспансерлеуге, алдын алу iс-шараларын өткiзуге жауап беретiн және санитариялық-гигиеналық әрi эпидемияға қарсы режимдi, дене тәрбиесi мен шынығуды, тамақтандыруды, оның iшiнде диеталық тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылайтын штаттағы медицина қызметкерлерi жүзеге асырады.
30. Медицина қызметкерлерi педагогтерге тәрбиеленушiлердің денсаулығы мен даму ерекшелiктерiн ескере отырып оларға жеке және сараланған тәсiлдi ұйымдастыруға көмек көрсетедi, медициналық-педагогтік түзеу, еңбекке баулудың бейiнiн таңдау, кәсiби бағдар беру, жұмысқа орналастыру бойынша, ата-аналарға (заңды өкiлдерге) аурудың алдын алу мақсатында үйдегi жағдайда қорғау режимiн сақтау қажеттiлігі туралы ұсынымдар бередi.
31. Арнайы білім беру ұйымдарында дәрi-дәрмектiк және физиотерапевтiк емдеу, климаттық емдеу және шынығу, емдiк дене шынықтыру, массаж бен психотерапия жүргiзiледi.
Арнайы білім беру ұйымын басқару
32. Арнайы білім беру ұйымын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Алқалық басқару нысандары педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес, әдістемелік кеңес және басқалар болып табылады.
Арнайы білім беру ұйымын тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы жүзеге асырады.
33. Арнайы білім беру ұйымының басшысы өз жұмысында «Бiлiм туралы» Заңды және басқа да нормативтiк құқықтық актілерді басшылыққа алады. Ұйымның кеңестерi мен басшы арасындағы өкiлеттіліктердiң ара-жігін ажырату бiлiм беру ұйымының жарғысымен айқындалады.
34. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді және:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады.
35. Арнайы ұйымның басшысы оқу орнының жарғысына сәйкес бiлiм берудi басқарудың уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша өз орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Оларды тағайындау және босату тәртiбi бiлiм беру ұйымының жарғысымен айқындалады.
36. Арнайы білім беру ұйымдары оқу-тәрбие процесiн, кадрларды таңдау мен орналастыру, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар шегiнде дербес жүзеге асырады.
37. Арнайы білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi, әлеуметтiк кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi «Бiлiм туралы» Заңда және өзге де нормативтiк құқықтық актілерде айқындалады.
Арнайы ұйымның материалдық базасы, қаржыландыру
38. Арнайы білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
39. Арнайы білім беру ұйымдары жергiлiктi жағдайларға қарай қосалқы шаруашылық, оқу-тәжiрибе учаскесін және оқу-өндiрiстiк шеберханалар құра алады.
Қайта ұйымдастыру және тарату
40. Арнайы білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлік қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзiрленді және меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының қызметiн реттейдi.
2. Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымы) – жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орын берiп, олардың тәрбиеленуiне, бiлiм алуына қолайлы жағдай жасалатын бiлiм беру жүйесiнiң ұйымдары болып табылады.
3. Бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк, жеке меншiк болуы мүмкiн.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алатын және (немесе) тәрбиеленетін жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекеттің қамқорлығында ұсталады.
4. Бiлiм беру ұйымы заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкi, өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкте шоты болады.
Бiлiм беру ұйымы тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушiлердiң психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерiн қорғау талаптарына сәйкес дербес әзiрлейдi.
5. Бiлiм беру ұйымы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Қағидаларға және білім беру ұйымының жарғысына және өзге де нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
6. Бiлiм беру ұйымдары нақты мiндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимi ерекшелiктерiне қойылатын талаптарға қарай:
1) мектепке дейiнгi жастағы балалар үшiн;
2) мектеп жасындағы балалар үшiн;
3) ерте, мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалар үшiн;
4) бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер үшiн құрылады.
7. Бiлiм беру ұйымдарында әр жастағы және бiрыңғай жастағы балалардан тәрбиелеу топтары құрыла алады.
8. Бiлiм беру ұйымында медициналық қызмет көрсетудi ұйымның әкiмшiлiгiмен және денсаулық сақтау жүйесінің аумақтық ұйымдарымен бiрлесе отырып, балалардың денсаулығын қорғауды, олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуды, профилактикалық iс-шаралар жүргiзудi, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтауды қамтамасыз eтeтiн штаттық медициналық персонал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
9. Білім беру ұйымдарының қызметін бақылау «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртібі
10. Бiлiм беру ұйымына бүкiл күнтiзбелiк жыл бойында туылғаннан бастап 18 жасқа дейiнгi (жасөспірімдер үйлерiне – 23 жасқа дейiнгi балалар үйлерi, балалар ауылдарының және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың бiтiрушiлерi):
1) жетiм балалар;
2) ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.
11. Медициналық көрсеткiштер бойынша немесе басқа бiр себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиiс болатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберiледi.
12. Білім беру ұйымына жiберiлетiн әр балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар мынадай құжаттар ұсынады:
1) бiлiм беру ұйымына жiберу туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi;
2) туу туралы куәлiк (жеке куәлік);
3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы медициналық құжаттар;
4) бiлiм туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшiн);
5) баланың өмiр сүру жағдайын тексеру актiсi;
6) ата-анасы туралы мәлiметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп тану), ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндiгi жоқтығын растайтын басқа да құжаттар);
7) аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерiнiң, қарындастарының және басқа да жақын туыстарының бар-жоғы және олардың тұратын жерi туралы анықтама;
8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейiн қалған мүлiктердiң тiзiмдемесi, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәлiметтер;
9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар;
10) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі, алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi (оларды балаға ата-анасының бiрi немесе оны алмастыратын адам алатын кезде).
13. Мектебi бар бiлiм беру ұйымындағы оқу-тәрбие процесі жалпы білім беретін ұйымдардың (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) үлгi қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымындағы тәрбие жұмыстары тәрбиеленушiлердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгi мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидаттарында жүргiзiледi.
Жергілікті атқарушы органдар мектебi жоқ бiлiм беру ұйымының мектеп жасындағы тәрбиеленушiлерiнің тиiстi елді мекеннің жалпы бiлiм беретiн мектепте оқуын қамтамасыз етедi.
14. Бiлiм беру ұйымында тәрбиеленушiлердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ ынталары мен қабiлеттерiн жан-жақты дамытуға бағытталған әртүрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылуы мүмкiн.
Бiлiм беру ұйымы тәрбиеленушiлердiң қызығушылығын ескере отырып, олардың жалпы бiлiм беретiн мектептегi, оқушылар сарайлары мен үйлерiндегi, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларындағы, спорт және музыка мектептерiндегi, сондай-ақ басқа да мектептен тыс ұйымдардағы үйiрмелер мен секцияларға баруын қамтамасыз етедi.
15. Бiлiм беру ұйымында мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың туыстық қатынастарын сақтау мақсатында құрылады.
16. Мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) өз қызметiнде Мектепке дейiнгi ұйымдардың үлгi қағидаларын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.
17. Мектепке дейiнгi жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту және олардың күн тәртiбi мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Білім беру ұйымында болу кезінде әр тәрбиеленушіге:
1) өмірі мен денсаулығының сақталуына;
2) қадір-қасиетінің қорғалуына;
3) дене, моральдық немесе психикалық зорлықтың барлық нысандарынан қорғалуына;
4) шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарының дамуына;
5) дамудағы кемшіліктерді түзеуде білікті көмек алуына;
6) бейімділігіне, қабілеттеріне, тілегіне және денсаулық жағдайына сәйкес қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін алуына кепілдік беріледі.
19. Бiр бiлiм беру ұйымынан екiншiсiне ауысқанда немесе бiтiрген кезде тәрбиеленушiге:
1) туу туралы куәлiк (жеке куәлiк);
2) білім беру ұйымында болғаны туралы анықтама;
3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы анықтама;
4) бiлiмi туралы құжат;
5) ата-аналары немесе туыстары туралы мәлiметтер қамтылған құжат;
6) егер жеке iсiнде осындай болса, мүлiкке, ақшалай қаражатқа, бұрын ол немесе ата-анасы тұрған тұрғын үй алаңына оның құқығын растайтын құжаттар, дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі, алимент өндiруге арналған орындау парағы және басқа да құжаттар берiледi.
20. Бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушiлерiн бiтiрту ұйымның педагогикалық кеңесiнiң шешiмiмен, ондай болмаған кезде – ұйым әкімшілігінің шешімімен жүргiзiледi.
21. Бiлiм беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидалар мен ұйым жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
22. Бiлiм беру ұйымын алқалық басқару нысандары «Білім туралы» Заңның 44-бабының 9-тармағына сәйкес педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес болып табылады.
23. Бiлiм беру ұйымын басқаруды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес білім беру ұйымының құрылтайшысы тағайындайтын басшы жүзеге асырады.
24. Бiлiм беру ұйымының басшысы:
1) заңнамада белгiленген тәртiппен білім беру ұйымының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) өзге ұйымдар мен өзара қатынаста бiлiм беру ұйымының атынан өкілдік етеді;
3) білім беру ұйымының жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.
Басшының еңбегiне ақы төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделедi.
25. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады.
26. Бiлiм беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет «Білім туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
27. Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлері «Білім туралы» Заңға сәйкес аттестаттаудан өтуге тиіс.
28. Білім беру ұйымының персоналын жинақтау тәртібі «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен және оның жарғысымен регламенттеледі.
29. Бiлiм беру ұйымы жергiлiктi жағдайларға қарай қосалқы оқу шаруашылығын, оқу-тәжiрибе учаскесін, оқу-өндiрiстiк шеберханаларды құра алады.
30. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттiк бiлiм беру ұйымы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылады.
31. Бiлiм беру ұйымы белгiленген нысан бойынша iс қағаздарын жүргiзедi және бағыныстылығына қарай бiлiм беру органдарына есеп бередi.
32. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және таратуҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларға арналған қосымша білім алу құқықтарын тегін және шарттық негізде қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Балаларға арналған қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңдарын, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын, «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысын (бұдан әрі – Үлгі штаттар), осы Қағидаларды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысын, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында жеке тұлға, қоғаммен мемлекеттің мүддесі үшін білім алушының білім алу және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында қосымша білім берудің оқу бағдарламалары іске асырылады.
Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының түрлері:
1) қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы;
2) оқушылар (үйі, орталығы, кешені, балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы және басқалар) сарайы;
3) жас натуралистер станциясы (балалар экологиялық орталығы, биологиялық орталық, экобиоорталық, экология және өлкетану балалар-жасөспірімдер орталығы және басқалар);
4) жас техниктер станциясы (орталық, балалар және жасөспірімдер техникалық шығармашылық мектебі және басқалар);
5) жас туристер станциясы (балалар-жасөспірімдер туризм орталығы, балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, балалар-жасөспірімдер туризм және өлкетану орталығы және басқалар);
6) балалар аула клубы (басқа да клубтық демалыс ұйымдары);
7) балалар өнер мектебі (балалар музыка мектебі, балалар көркемөнер мектебі, балалар өнер мектебі және көркемдік-эстетикалық бағыттағы басқа да мектептер);
8) балалар сауықтыру (орталығы, кешені, қала сыртындағы сауықтыру лагері және күндізгі уақытта болу лагері, палаталық лагерь, киіз үй лагері және басқалар) лагері;
9) балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі;
10) олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі;
11) балалардың қызметі мен қызығушылықтары бағытындағы басқа ұйымдар.
4. Мемлекет балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға және олардың қосымша білім алуы үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.
5. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының негізгі міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру;
3) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
4) азаматтылық пен отансүйгіштікке, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
5) азаматтық ұстанымы белсенді жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың саяси-қоғамдық, экономикалық және мәдени өміріне қатысуға қажеттілікті, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы қарым-қатынасты қалыптастыру;
6) балалар бойында экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, оларды табиғатты қорғау ісіне тарту;
7) қоғамдағы өмірге бейімдеу;
8) мазмұнды бос уақытты ұйымдастыру.
6. Балаларға арналған қосымша білім берудің оқу бағдарламалары жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде және гимназияларда да іске асырылады.
2. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
Қызметті ұйымдастыру
7. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.
8. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының мәртебесін оның құрылтайшысы айқындайды және оның жарғысында «Білім туралы» Заңның талаптары ескеріле отырып, көрсетіледі.
9. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының басшыларын және педагог қызметкерлерін аттестаттау «Білім туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы тәртіппен бес жылда бір рет өткізеді.
10. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметін педагогтер, әдіскерлер, педагог-ұйымдастырушылар және оларға теңестірілген тұлғалар (бұдан әрі – педагог қызметкерлер), тиісті бейіндегі мамандар жүзеге асырады.
11. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшы кадрларының және педагог қызметкерлерінің, сондай-ақ тиісті бейіндегі мамандардың біліктілігін арттыру, бес жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
12. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын құру және дамыту құрылтайшының қаражаты, ақылы негізде көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
13. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде ақылы негізде білім беру қызметтерін және өзге де қызметтерді ұсынады, осы қызметтен алынған кірістерге дербес иелік етеді. Ақылы қызметтер көрсету тізбесі және тәртібі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысымен айқындалады.
14. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мүлікке иелік етеді және оны пайдаланады. Қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымның мүлкі ұйымның негізгі міндеттеріне қайшы келетін мақсаттарда пайдалануға жатпайды.
Білім беру және тәрбиелеу процесі
15. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу мен қабылдауда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметтерде дербес.
16. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалардың сұрауларын, отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамдық (оның ішінде балалар мен жасөспірім) ұйымдардың қажеттіліктерін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени дәстүрлерін ескере отырып, білім берудің оқу бағдарламаларын дербес әзірлейді.
17. Білім берудің оқу бағдарламасын іске асыру кезіндегі оқу-тәрбие процесі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының (клуб, студия, ансамбль, топ, үйірме, театр және басқа) қызығушылықтар бойынша бірлестіктерінде (бұдан әрі – бірлестіктер) жүзеге асырылады.
18. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында балалардың қызметі қызығушылықтары бойынша бірыңғай жастағы және түрлі жастағы бірлестіктерінде жүзеге асырылады. Қызығушылықтары бойынша бірлестіктерді қалыптастыру балалардың ерікті таңдауына негізделеді.
19. Әр бала бірнеше бірлестіктерде шұғылдануды таңдауға, оларды ауыстыруға құқылы.
20. Бірлестіктің қызығушылықтар бойынша қызметінің мазмұнын оқу жоспарларын және білім берудің оқу бағдарламаларын ескере отырып қосымша білім беру педагогы айқындайды.
21. Қызығушылықтар бойынша бірлестіктердегі сабақтар бір тақырыптық бағыттағы білім берудің оқу бағдарламалары немесе кешенді, кіріктірілген бағдарламалар бойынша өткізіледі. Бағдарламаның талаптарына байланысты сабақтар түгел оқу жылына, сол сияқты одан қысқа мерзімге де ұйымдастырылады.
22. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы келісім бойынша және (немесе) ұйымдармен, кәсіпорындармен бірлесіп, балалардың бейіндік дайындығын жүргізеді. Біліктілік емтихандарын тапсырған білім алушыларға бағалар қойылады немесе бейіндігі бойынша (көркемдік, музыкалық және өнер мектептері) біліктілік беру туралы куәлік беріледі.
23. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымындағы тәрбиелік бағдарламалар білім беру бағдарламаларының құрамдасы болып табылады және отансүйгіштікті, азаматтықты, төзімділікті, жоғары өнеге мен адамгершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
24. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында білім беру және тәрбиелеу процесі тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Онда білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ауруын болдырмау, денсаулығын нығайту, физикалық жетілдіру, салауатты өмір салтына ынталандыру жөніндегі шараларды орындау қамтамасыз етіледі.
25. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін қамтамасыз етуге және жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмыс, сондай-ақ оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, педагог қызметкерлердің, сондай-ақ тиісті бейіндегі мамандардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.
26. Білім алушыларды әлеуметтік бейімдеу және білім беру процесін оңтайландыру мақсатында балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қызметтер құрылады.
27. Балалардың бастамасы бойынша балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында өз жарғыларына және осы қағидаларға сәйкес қызмет ететін балалардың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдары құрылады.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының әкімшілігі осы бірлестіктер мен ұйымдар жұмысына жәрдемдеседі.
28. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалармен жұмысты барлық күнтізбелік жыл бойына ұйымдастырады. Демалыс уақытында қажеттілігіне қарай белгіленген тәртіппен клубтар, лагерьлер және туристік базалар ашады, өз базасында немесе балалардың тұрғылықты орны бойынша лагерьлерде (қала сыртында немесе күндізгі болу) балалардың тұрақты және (немесе) ауыспалы құрамымен түрлі топтар құрады, шеберлік сағаттарын өткізеді.
29. Балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығы, демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында бірлестіктер жұмысына, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде педагогтің келісімімен оларды негізгі құрамға қоспай балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) қатысуы мүмкін.
30. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы білім беру және тәрбиелеу процесіне қатысушылар балалар, педагог қызметкерлер, бейіні бойынша мамандар, білім алушылардың ата-аналары (кәмелетке толмағандардың өзге заңды өкілдері) болып табылады.
31. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балаларды қабылдау кезінде ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді оқу-тәрбие процесінің жүргізілуімен және мазмұнымен, жарғымен және қабылдау қағидалары мен білім беру және тәрбиелеу процесін ұйымдастыруды регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстыруды қамтамасыз етеді.
32. Білім алушылардың, ата-аналардың (кәмелетке толмағандардың өзге заңды өкілдерінің) және қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысында айқындалады.
33. Қызметкер мен балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
Ұйымды басқару
34. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын басқару «Білім туралы» Заңның 44-бабына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға, осы Қағидаларға, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысына, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
35. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес, әдістемелік кеңес және басқа да нысандар болып табылады.
36. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
37. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшысын құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
38. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметке арнайы педагогикалық немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білімі бар адамдарға рұқсат етіледі.
39. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы жұмысқа сот үкімі немесе медициналық қорытындымен педагогикалық қызметке тыйым салынған, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар адамдарға рұқсат етілмейді.
40. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшысы:
1) ұйым білім алушыларының, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) білім алушыларының және ұйым қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі және денсаулығы, еңбекті қорғау нормалары мен қауіпсіздік техникасын сақтамағаны;
4) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
5) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады.
Халықаралық ынтымақтастық
41. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге асырылады.
42. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы білім саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша шетелдік білім беру ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстар орнатады, халықаралық бағдарламаларға қатысады, білім беру, мәдениет, спорт және туризм саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады.
43. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы шетелге жіберу үшін (тәжірибе алмасу, түрлі іс-шараларға, конференцияларға, жарыстарға, конкурстарға, байқауларға, олимпиадаларға, фестивальдарға және тағы сол сияқтыларға қатысу мақсатында) қызметкерлер мен білім алушыларды іріктеуді және даярлауды жүзеге асырады.
Қайта құру және тарату
44. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан ересектерге арналған қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Ересектерге арналған қосымша білім беруді білім беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын құрылымдық бөлімшелері бар, қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалар (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) жүзеге асырады.
3. Білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі), «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, білім беру қызметін регламенттейтін өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға және оның негізінде әзірленген білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
4. Білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері:
1) жұмысшылар, қызметкерлер, мамандар біліктілігін технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты оларға қойылатын талаптарды тұрақты арттыруды ескере отырып арттыру;
2) бұрын алынған кәсіптік білімдер, біліктілік пен дағдыларды тереңдету және жетілдіру;
3) еңбек нарығы құрылымының өзгеруіне байланысты қосымша біліктілікті алу арқылы кәсіптік мүмкіндіктерді кеңейту болып табылады.
2. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібi
5. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Үлгілік қағидаларда және білім беру ұйымы жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, кадрларды іріктеу және орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметте дербес.
6. Білім беру ұйымының оқу және тәрбие процесінің негізі ұйым жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жоспарлау және есепке алу болып табылады.
7. Білім беру ұйымдарының оқу процесі оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу процесінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, күнтізбелік кестелерін ұйымдар бекітеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар оқыту кезінде олардың дара қажеттіліктерін ескере отырып жағдайлар жасалады.
8. Ересектерге арналған қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен білім алушылардың білім деңгейін қорытынды бағалауды құрамын білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін емтихан комиссиялары жүргізеді.
9. Білім алушы оқу жоспарының талаптарын орындамаған және білім беру ұйымының жарғысын бұзған жағдайда ол білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен білім алушылар құрамынан шығарылады.
10. Кадрлардың біліктілігін арттыру кәсіпорындармен (бірлестіктермен), ұйымдармен, жұмыспен қамту органдарымен, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
11. Ересектерге арналған қосымша білімді алған тұлғаларға белгіленген үлгідегі біліктілікті беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.
12. Мамандардың біліктілікті арттырудан өту кезеңділігін «Білім туралы» Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші белгілейді.
13. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын тұлғалар жатады.
14. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
15. Ересектерге арналған қосымша білім беру жұмыс берушілер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен оқу шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Ересектерге арналған қосымша білім беру нысандарын, мазмұнын, көлемін тиісті мамандық бойынша қолданыстағы қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жұмыс беруші айқындайды.
Оқуға қабылдау ұйым басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
Білім алушыға оқу кезінде оның аталған ұйымда оқуда болу мерзімін куәландыратын анықтама беріледі.
16. Шетел мемлекеттері азаматтарының ересектерге арналған қосымша білім алу тәртібі халықаралық келісімдермен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.
17. Ересектерге арналған қосымша білім беру бюджет қаражаты есебінен де, ақылы негізде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Ақылы негіздегі оқу құнын білім беру ұйымы айқындайды.
18. Білім беру ұйымдарының білім алушылары:
1) білім беру бағдарламаларының мазмұнын айқындауға қатысады;
2) қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті нормативтік және нұсқаулық құжаттарды, оқу және оқу-әдістемелік материалдарды, сондай-ақ кітапханалық және ақпараттық қорды, басқа да бөлімшелер қызметтерін пайдаланады;
3) конференцияларға және ғылыми семинарларға қатысады, білім беру ұйымдарының басылымдарында өз рефераттарын, еңбектерін және басқа да материалдарын жариялайды.
19. Біліктілікті арттырудан өтіп жатқан қызметкерлер Еңбек кодексінде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген кепілдіктерді пайдаланады.
20. Жұмыс беруші Еңбек кодексінде, келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген жұмысты оқумен қоса атқару үшін біліктілікті арттырудан өтіп жатқан қызметкерлерге жағдайлар жасайды.
21. Білім беру ұйымының қызмет етуі және дамуы үшін біліктілікті арттырудың қажеттілігін және көлемін жұмыс беруші айқындайды.
22. Еңбек шарты қызметкердің немесе қызметкердің кінәсі салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша оқуға арналған шартты белгіленген мерзімге дейін бұзылған жағдайда, қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмысын өтеудің жұмыс істелмеген мерзіміне барабар мөлшерде жұмыс берушіге өтейді. Жұмыс берушінің келісімінде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында оқытуға байланысты жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін.
23. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және одан босатылады.
24. Білім беру ұйымының басшысы:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) білім беру ұйымы білім алушыларының және қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
4) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
5) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады.
25. Білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1839 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 523-құжат).
2. «Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 29 бет).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 1208 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 571-құжат).
4. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 647-құжат).
5. «Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 59 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 31-құжат).
6. «Қосымша кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 94 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 5, 47-құжат).
7. «Арнаулы білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 100 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 50-құжат).
8. «Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 113 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж. № 6, 61-құжат).
9. «Кәсіптік бастауыш білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 174 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 95-құжат).
10. «Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 11, 110-құжат).
11. «Кәсіптік орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 208 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 11, 115-құжат).
12. «Жалпы орта білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметінiң үлгi ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 224 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 124-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 934 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 400-құжат).
14. «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 69 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 32-құжат);
15. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің республикалық оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 974-құжат).