Жоғары кәсiптік бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 195 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған Жоғары кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң Yлгі ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2005 жылғы 2 наурыздағы 
N 195 қаулысымен    
бекiтiлген       

Жоғары кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары кәсiптiк бiлiмнiң бiлім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасы жоғары кәсiптiк бiлiмiнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн айқындайды. Z070319

      2. Жоғары кәсiптiк бiлiм жоғары оқу орындарында: университеттерде, академияларда, институттарда және оларға теңестiрiлген ұйымдарда (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) алынады.
 

      3. Жоғары оқу орындарының негiзгi мiндетi - ғылым мен практиканың жетiстіктерi, ұлттық және жалпы адами құндылықтар негiзiнде жеке адамды кәсiби тұрғыдан қалыптастыруға және дамытуға бағытталған жоғары кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын игеруге арналған қажеттi жағдайлар жасау.
 

      4. Жоғары оқу орны өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге және олардың негiзiнде әзiрленген жоғары оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

2. Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесi

      5. Жоғары оқу орындарына қабылдау бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн Жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесiне сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
 

      6. Жоғары оқу орындарында жоғары кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау жоғары кәсiптiк бiлiмнiң оқытудың мазмұны мен мерзiмдерi әртүрлі бiлiм беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
 

      7. Жоғары оқу орындарында тиiстi лицензиялар болған кезде жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк, қосымша кәсiптiк бiлiмнiң мамандар даярлау мерзiмдерi мен деңгейi бойынша әртүрлi бiлiм беру бағдарламалары iске асырылуы мүмкiн.
 

      8. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндетті стандарттары негізiнде жоғары оқу орны әзiрлеген оқытудың әрбiр нысанына арналған жұмыс бабындағы оқу жоспарларына, бағдарламаларына және оқу сабақтарының кестелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
 

      9. Оқу жылының басталу және аяқталу уақыты оқу процесiнiң күнтiзбелiк кестесiнде белгiленедi.
      Бiтiрушi курстардан басқа, барлық курстарда оқу жылының ұзақтығы кемiнде 30 аптаны құрайды. Емтихан сессияларының ұзақтығы бiр оқу жылында кемiнде 6 аптаны құрауы тиiс.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.28.  N 934(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.
 

      10. Жоғары оқу орындарында оқу жұмысының мынадай негiзгі түрлерi белгіленедi: дәрiстер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар, консультациялар, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, өз бетiнше жұмыс, оқытушының жетекшiлiгімен студенттің өз бетiнше жұмысы, бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасы, тағылымдама, курстық жобалау (курстық жұмыс), дипломдық жобалау (дипломдық жұмыс), магистрлік диссертация.
      Дәрiс сабақтарын, әдетте, ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, аға оқытушылар жүргізедi. Жоғары оқу орындары ғылыми қызметкерлер дәрiстер оқуға тартуы мүмкiн.
      Оқытушылар мен ассистенттер семинарларды, практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды ғана жүргізе алады.
      Жоғары оқу орындары оқу сабақтарының басқа түрлерiн де өткiзе алады. Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшiн ұзақтығы 40 минуттан кем емес академиялық сағат белгiленедi.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.28. N 934 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.
 

      11. Оқу сабақтарын ұйымдастыру мақсатында бiлiм алушылар арасынан бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген тәртiппен мамандық бейiнi мен тiлдiк бөлiнуiне сәйкес бiлiм алушылар топтары қалыптастырылады.
 

      12. Жоғары оқу орны оқу процесін мақсатты ұйымдастыру, оқытудың технологияларын, әдiстерiн, нысандары мен құралдарын таңдау жолымен бiлiм алушылардың жоғары кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын игеруi үшiн жағдайлар жасайды.
 

      13. Азаматтарды жеделдетілген оқыту мерзімiмен қысқартылған білiм беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтетiн Жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережесіне сәйкес жоғары оқу орнының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
 

      14. Жеделдетілген оқыту мерзiмiмен қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқыту жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндетті стандарттарына сәйкес әзiрленген және орта кәсiптiк бiлiмi бар адамдар үшiн, және жоғары кәсіптік бiлiмi бар адамдар үшiн жеке бекiтiлген жұмыс бабындағы оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.
      Жоғары кәсiптiк бiлiмi бар адамдар үшiн жұмыс бабындағы оқу жоспары екiншi жоғары кәсiптiк бiлiм негiзiнен мамандарды кәсiби даярлауды көздейтiнiн ескере отырып, жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкес жасалады.
 

      15. Меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында жоғары бiлiктi мамандар даярлаудың маңызды бөлігi жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарының талаптарына сәйкес өткiзілетiн бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасы, тағылымдамасы болып табылады.
 

      16. Жоғары оқу орны бiлiм беру бағдарламаларының, оның iшiнде жеделдетiлген оқыту мерзiмiмен қысқартылғандарының игерiлу сапасын бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүргізiлетiн бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүзеге асыру жолымен бағалайды.
 

      17. Жоғары кәсiптiк бiлiмдi аяқтамаған азаматтарға жоғары оқу орны нысанын бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілейтiн анықтаманы бередi.

3. Бiлiм беру процесінің субъектiлерi

      18. Жоғары оқу орындарында бiлiм алушыларға студенттер, магистранттар, курсанттар, тыңдаушылар жатады.
 

      19. Жоғары оқу орындарында бiлiм алушылар "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған құқықтар мен мiндеттерге ие болады.
 

      20. Жоғары оқу орнының педагогикалық қызметкерлерi мен оларға теңестiрілген адамдары лауазымдарының тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленедi.
 

      21. Меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орнының ғылыми-педагог қызметкерлерi лауазымдарына орналасу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
 

      22. Жоғары оқу орнының қызметкерлерi "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген құқықтар мен мiндеттерге ие болады.

4. Жоғары оқу орны құрылымдық бөлімшелерінің қызметi

      23. Бiрыңғай оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешен ретiнде жұмыс iстейтiн жоғары оқу орнының құрамына жоғары оқу орнының құрылымдық бiрлiгi немесе заңды тұлға мәртебесi бар оқу, ғылыми, өндiрiстiк және басқа да бөлiмшелер кiруi мүмкiн.
      Медициналық жоғары оқу орындары оны қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы болған жағдайда ғана жұмыс iстеуi мүмкiн.
 

      24. Жоғары оқу орынының құрылымдық бөлiмшелерi өз қызметiн осы Ереженiң, жоғары оқу орны жарғысының негізiнде жүзеге асырады, ал олардың санын аталған жоғары оқу орнының мамандықтар жиынтығын, мамандануын, сондай-ақ бiлiм алушылар мен оқытушылар санын негiзге ала отырып ғылыми кеңес белгілейдi.
 

      25. Жоғары оқу орындарының филиалдары бiлiм беру бағдарламаларын жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарының әлеуметтiк-гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстану пәндерi (жалпы бiлiм беретiн пәндер) көлемiнде iске асырады.
 

      26. Бiлiм алушылардың жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарының жалпы кәсiптiк (базалық) және арнайы (бейiндiк) пәндерi бойынша оқу бағдарламаларын игеруi филиалды құрған жоғары оқу орындарында жалғасады.
 

      27. Факультет жоғары оқу орнының бiр немесе бiрнеше ұқсас мамандықтар бойынша оқытуды, сондай-ақ факультет мамандықтарына жататын кафедралар мен зертханалардың ғылыми-зерттеу қызметiн басқаруды жүзеге асыратын негiзгi оқу, ғылыми және әкiмшiлiк құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.28. N 934 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.
 

      28. Факультет күндiзгі, кешкi, сырттай, қашықтықтан оқыту нысандары бойынша және экстернат нысанында мамандар даярлауды жүзеге асырады.
      Бiлiм алушылардың келтiрiлген контингентi олардың күндiзгi, сырттай және кешкi оқыту нысандары бойынша саны негiзге алына отырып айқындалады. Бұл ретте оқытудың күндiзгі нысанындағы студенттер 1,0, кешкi нысанындағылар 0,5 және сырттай нысанындағылар 0,25 коэффициентiмен есепке алынады.
 

      29. Факультеттiң жұмысын басқаруды, әдетте, ғылыми дәрежесi мен атағы бар факультет басшысы жүзеге асырады. Факультет басшысының лауазымдық мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен айқындалады.
 

      30. Факультет басшысы жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының мүшесi болып табылады.
 

      31. Жоғары оқу орындары факультеттер туралы өз ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi. Факультет басшысының жанынан және оның төрағалық етуiмен факультет кеңесi ұйымдастырылуы мүмкiн.
      Факультет кеңесi өз жұмысын жоғары оқу орнының кеңесi бекiткен ережеге сәйкес ұйымдастырады.
 

      32. Кафедра жоғары оқу орнының (факультеттiң, филиалдың) бiр немесе бiрнеше ұқсас пәндер бойынша оқу, әдiстемелiк және ғылыми-зерттеу жұмысын, бiлiм алушылар арасында тәрбие жұмысын, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын негiзгi оқу-ғылыми құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
 

      33. Кафедраның штаты нормативтiк оқу жүктемесiне, профессорлық-оқытушылық құрамының оқу жүктемесiн жоспарлау жөнiндегі қолданыстағы әдiстемелiк ұсынымдары бойынша белгіленедi.
 

      34. Кафедра штатына кафедра жетекшiсi, профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер, тағылымдамадан өтушi оқытушылар, оқу-көмекшi персонал, сондай-ақ кафедра жанынан құрылған ғылыми және басқа да құрылымдық бөлiмшелердiң қызметкерлерi кiредi.
 

      35. Кафедраны ғылыми дәрежесi және/немесе ғылыми атағы бар басшы басқарады. Кафедра басшысының лауазымдық мiндеттерi Қазақстан республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен айқындалады.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.28. N 934 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.
 

      36. Жоғары оқу орнының бiлiм беру қызметiн тиiстi мамандықтар бойынша лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кафедраның бейiнi бойынша кемiнде 10 штаттық оқытушы болған жағдайда кафедра ұйымдастырылады, олардың кемiнде 40%-ның ғылыми дәрежелерi мен ғылыми атақтары болуы тиiс.
      Өнер, музыка және мәдениет, туризм мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын кафедралар, сондай-ақ медициналық, дене тәрбиесi, сурет салу мен сызу, графика, шет тiлдерi, қазақ тiлi, орыс тiлi (тiлдiк емес жоғары оқу орындары үшiн) кафедралары штаттағы оқытушылардың аз санымен ұйымдастырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.28. N 934 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.
 

      37. Бекiтiлген оқу пәндерiнiң циклі бойынша кафедралар жалпы бiлiм беретiн және арнаулы болып бөлiнедi.
 

      38. Жоғары оқу орнында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқа да мүдделi тараптардың арнаулы кафедралары ұйымдастырылуы мүмкiн.
 

      39. Кафедраның жұмысы жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық даярлауға бағытталуы тиiс.
 

      40. Кафедра жұмыстың жылдық жоспарына сәйкес оқу-әдiстемелiк, ғылыми-зерттеу, тәрбие қызметiн жүзеге асырады.
      Кафедраның оқу-әдiстемелiк жұмысы:
      1) жоғары кәсiптiк білiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндетті стандарттары негiзiнде олар бойынша мамандарды даярлау мен бiтiртiп шығару жүзеге асырылатын жұмыс оқу жоспарларын, жұмыс бабындағы оқу бағдарламаларын әзiрлеудi;
      2) кафедраның оқу пәндерiн оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асыруды: оқулықтар, оқу құралдарын, есептер, кешендi тапсырмалар жинағын, зертханалық жұмыстарды, пәндердi оқыту жөнiндегі әдiстемелiк ұсынымдарды, сондай-ақ оқытудың барлық нысандары бойынша бiлiмдi ағымдық, аралық және қорытынды бақылау материалдарын әзiрлеудi;
      3) оқу сабақтарының барлық түрлерiн кафедра пәндерi бойынша жұмыс бабындағы оқу жоспарына сәйкес жүргізудi, оларды өткiзудiң сапасын қамтамасыз етудi;
      4) бiлiм алушылардың оқу материалын меңгеруiн арттыратын қазiргі заманғы білiм беру технологиялары мен оқыту нысандарын әзiрлеудi және пайдалануды;
      5) бiлiм алушылардың iздену, талдау және қызмет нәтижесiн тұжырымдау қабiлетiн дамытуға бағытталған өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруды және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудi;
      6) бiлiм алушылардың барлық түрдегi кәсiптiк практикаларын, тағлымдамадан өтуiн, курстық және диплом жобаларын (жұмыстарын), магистрлiк диссертацияларын ұйымдастыруды және басшылық жасауды, оларды әдiстемелiк қамтамасыз етудi;
      7) кафедра түлектерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудi;
      8) мамандарды даярлауда кәсiпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен iскерлiк ынтымақтастықтың әр түрлi нысандарын дамытуды;
      9) кафедраның бейiнiне сәйкес мамандардың бiлiктiлігін арттыру және қайта даярлау жөнiндегi оқу бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыруды қамтиды.
      Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы:
      1) бағыты мен тақырыбы кафедраның бейiнiне сәйкес келуi тиiс және зерделенетін ғылымдардың (пәндердiң) теориялық және практикалық мәселелерiн одан әрi дамыту тұрғысында перспективалы болып табылатын ғылыми зерттеулер жүргізудi;
      2) магистратура, клиникалық ординатура, адъюнктура, iзденушiлiк, аспирантура, докторантура негізiнде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асыруды;
      3) кафедра бейiнi бойынша диссертацияларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылауды, рецензиялауды және олар бойынша қорытындылар дайындауды;
      4) бiлiм алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруды қамтиды.
      Кафедраның тәрбие жұмысы:
      1) бiлiм алушылардың өз бетiнше және құзыреттi түрде шешiм қабылдау және оларды iске асыру дағдыларын қалыптастыруды;
      1-1) бiлiм алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға;
      2) бiлiм алушыларды салауатты өмiр салтына, кафедраның қоғамдық iс-шараларына белсендi түрде қатысуға ынталандыруды;
      3) кафедраның бейiнi бойынша бiлiм алушылардың ой-өрiсiн кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылықты тұрғыдағы қатынастар қалыптастыруға ықпал ететiн тақырыптық iс-шаралар өткiзудi;
      4) жалпы орта бiлiм беру ұйымдарының, кәсiптiк мектептердiң, кәсiптiк лицейлердiң, колледждердiң бiлiм алушылары арасында кәсiби бағдар беру жұмысын жүргiзу.
      Ескерту. 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.28. N 934 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.
 

      41. Кафедра қызметiнiң мәселелерiн талқылау, тиiстi шешiмдер қабылдау үшiн кафедра отырыстары айына бiр рет өткiзiледi.
 

      42. Кафедрада оқу процесiн және ғылыми-зерттеу қызметiн қамтамасыз ететiн оқу зертханалары мен басқа да оқу бөлiмшелерi болуы тиiс. Осы құрылымдардың мiндетi - пәндердiң үлгi және жұмыс бабындағы оқу бағдарламаларымен көзделген бiлiм беру мазмұнын әдiстемелiк және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен оқу сабақтарының барлық түрлерiне кафедра пәндерi бойынша қызмет көрсету.
      Мамандандырылған оқу зертханалары бiрнеше кафедралар базасында құрылуы мүмкін.
      Оқу зертханаларының штаты оның функционалдық қызметiн қамтамасыз ететiн оқу-көмекшi персонал арасынан қалыптасады.
 

      43. Кафедра мамандықтар мен мамандану пәндерi бойынша оқу сабақтарын өткiзу, барлық түрдегi оқу және өндiрiстік практикаларды, тағылымдамаларды ұйымдастыру мен өткiзу, курстық жобаларды (жұмыстарды), диплом жобаларын (жұмыстарды), магистрлiк диссертацияларды дайындау мақсатында өзiнiң бейiнiне сәйкес келетiн кәсiпорындарда және басқа да ұйымдарда оқу бөлiмшесiн ұйымдастыруы мүмкiн.
      Кафедраның кәсiпорындардағы және басқа да ұйымдардағы оқу бөлiмшелерi жоғарыда көрсетiлген заңды тұлғалардың әкiмшілігімен келiсiм бойынша жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен құрылады және таратылады.
      Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.28. N 934 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.
 

      44. Кафедра жоғары оқу орны ғылыми кеңесiнiң шешiмi негiзiнде жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен, ал әскери (арнаулы) жоғары оқу орындарында тиiстi орталық атқарушы орган басшысының бұйрығымен ұйымдастырылады және таратылады.

5. Жоғары оқу орнын басқару

      45. Жоғары оқу орнын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережеге және жоғары оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
 

      46. Жоғары оқу орнын алқалық басқару нысандары ғылыми кеңесқамқоршылық кеңесоқу-әдiстемелiкғылыми-әдiстемелiк кеңестер және жалпы жиналыс болып табылады, олардың мүшелерiн сайлау тәртiбiн қоса алғанда, олардың жұмысын ұйымдастыру ережесiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
 

      47. Жоғары оқу орнын жалпы басқаруды ғылыми кеңес жүзеге асырады.
 

      48. Жоғары оқу орнын тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалған басшы жүзеге асырады.
 

      49. Мемлекеттiк жоғары оқу орнының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен үш жылда бiр рет аттестаттаудан өтедi.
 

      50. Жоғары оқу орнының басшысы өзiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретiне сәйкес жоғары оқу орны қызметiнiң барлық мәселелерiн дербес шешедi.
 

      51. Жоғары оқу орнының басшысы жоғары оқу орнының атынан сенiмхатсыз әрекет етедi, барлық органдарда оның мүдделерiн бiлдiредi, заңнамада белгiленген тәртiппен жоғары оқу орындарының мүлкiне билiк етедi, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi, банктiк шоттар ашады және өзге де мәмілелер жасасады, барлық қызметкерлер, оқытушылар мен бiлiм алушылар үшін мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады.
 

      52. Жоғары оқу орнының құрылымдық бөлiмшелерiн жалпы басқаруды сайланбалы өкiлеттi органдар - Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы, жоғары оқу орнының жарғысы белгiлеген тәртiппен ғылыми кеңестер (кеңестер) жүзеге асырады.