Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 маусымдағы N 849 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 1208 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған 2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасында Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегі техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi Қайрат Нематұлы Келiмбетовке оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң атынан 2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасында Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi техникалық ынтымақтастық туралы  келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi
арасында Бiрлескен экономикалық зерттеулер
бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi
техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмге
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
хаттама

(2004 жылғы 16 қарашада күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасында Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегі техникалық ынтымақтастық туралы  келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) Тараптары болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкіметi (бұдан әрi "Үкiмет" деп аталатын) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi (бұдан әрi "Банк" деп аталатын) елдегі реформаларды одан әрi iлгерiлету мақсатында мына төмендегiлер туралы келiстi:

      1. Келiсiмнiң 3-бөлімі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Атауы өзгерген немесе Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгінің осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi функциясын беру жағдайында Үкiмет Банкке тиiстi хабарлама жiбередi.".

      2. Келiсiмнiң 4-бөлімі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әр жұмыс кезеңiне арналған жыл сайынғы бағдарлама мен әкiмшiлiк-қаржы сметасы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.".

      3. Келiсiмнiң 6-бөліміндегi бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Үш жылдық кезең iшiнде Үкiмет қоса қаржыландырудағы өз үлесiн ықтимал ұлғайту құқығымен оның тиiсiнше 2005 жылғы 1 шілдеден 2006 жылғы 30 маусымға дейiнгi, 2006 жылғы 1 шілдеден 2007 жылғы 30 маусымға дейiнгi және 2007 жылғы 1 шiлдеден 2008 жылғы 30 маусымға дейiнгі әр жұмыс кезеңiндегі жалпы құнының елу пайызы (50 %) мөлшерiнде БЭЗБ-ны қаржыландыруға қатысады.".

      4. Келiсiмнің 10-бөлiмiнiң б) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) Банк қызметкерлерi және/немесе консультанттар әр қаржы жылында тоқсан сайын Жыл сайынғы бағдарламаға және осы жұмыс кезеңiне арналған әкiмшiлiк-қаржы сметасына сәйкес уәкілетті органға уәкiлеттi органмен келiсiлген нысан бойынша және талаптарға сәйкес қаржының пайдаланылғандығы туралы есеп пен Банк көрсеткен қызметтер туралы есеп бередi. Көрсетiлген есептер уәкiлеттi органға әрбiр есептік тоқсан аяқталғаннан кейiн тиiсiнше екi және үш ай iшiнде ұсынылады. Банк қызметкерлерi және/немесе консультанттар әр жұмыс кезеңiнен кейiн үш ай iшiнде уәкiлетті органмен келiсiлген нысан бойынша және талаптарға сәйкес қаражаттың пайдаланылғандығы және Банк көрсеткен қызметтер туралы жылдық есептi де ұсынады.".

      5. Келiсiмнiң 20-бөлiмiндегi "2005 жылдың 30 маусымына" деген сөздер "2008 жылдың 10 шiлдесiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Осы Хаттама Келісiмінің ажырамас бөлiгi болып табылады және Келiсiмнiң 20-бөлімінде көзделген тәртiппен күшіне енедi.

      2004 жылғы "__" қарашада Астана қаласында әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасының       Халықаралық Қайта Құру
      Yкiметi үшiн:                   және Даму Банкi үшiн:
      ________________________       _______________________
      Қайрат Келiмбетов               Шигео Катсу
      Қазақстан Республикасының       Өңiрлiк
      Экономика және бюджеттік        вице-президент
      жоспарлау министрi