Жоғары оқу орнының Ғылыми Кеңесі қызметінің үлгі ережесін және оны сайлау тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22 қарашадағы N 574 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5038 болып енгізілді.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  44-бабының 9-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Жоғары оқу орнының Ғылыми Кеңесі қызметінің үлгі ережесі және оны сайлау тәртібі бекітілсін.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. 0сы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      2007 жыл

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрі   
міндетін атқарушының     
2007 жылғы 22 қарашадағы   
N 574 бұйрығымен      
бекітілген          

Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі ережесі
және оны сайлау тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) Ғылыми кеңесі (бұдан әрі - Ғылыми кеңес)»"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  44-бабының  9-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі жоғары оқу орнын алқалық басқарудың бір нысаны болып табылады.

      3. Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, осы Ережені, сондай-ақ жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) жарғысын басшылыққа алады.
      Ғылыми кеңестің қызметі оның құзырына кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың ашықтығына негізделеді.

  2. Ғылыми кеңестің құрамы, құрылымы мен
қызметі және оны сайлау тәртібі

      4. Ғылыми кеңес ЖОО басшысының бұйрығымен құрылады.

      5. Ғылыми кеңесінің құрамына ЖОО басшылары, басшының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары, профессорлық құрам, ЖОО-ның студенттік қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіреді.

      6. Ғылыми кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады және тақ санды мүшелерден тұрады. Қажетіне қарай жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жеке өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      7. Ғылыми кеңес Төрағасы ЖОО-ның басшысы болып табылады.
      Төраға төрағаның орынбасарын тағайындайды.
      Төраға болмаған жағдайда, оның міндетін орынбасары атқарады.
      Төраға Ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының заңнамаларына, осы Ережеге сәйкес оның жұмысын қамтамасыз етеді.

      8. Ғылыми кеңестің басқа мүшелері ЖОО ұжымының жалпы жиналысында жасырын дауыспен сайланады.

      9. Хатшыны Ғылыми кеңес сайлайды және ол Ғылыми кеңестің іс қағазын жүргізуге жауапты болады.

      10. Ғылыми Кеңес өз жұмысын оқу жылына бекіткен жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады.

      11. Ғылыми кеңестің отырысы оқу жылына жасалған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына кемінде бір рет өтеді.

      12. Ғылыми кеңестің отырысы егер оған Ғылыми кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса заңды күші бар болып табылады. Дәлелді себептер бойынша Ғылыми кеңестің мүшесі отырысқа қатыса алмайтын болса ол туралы алдын ала төрағаға хабарлауы керек.

      13. Ғылыми кеңестің шешімі егер оған Ғылыми кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе қабылданған болып есептеледі.

      14. Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты:
      1) кәсіби оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында профессорлық-оқытушылық құрам және ЖОО-ның білім алушылары үшін қажетті жағдайларды жасау;
      2) ЖОО-ның қаржы саласын реттеу, материалдық-техникалық базасын нығайту;
      3) ЖОО-ның одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады.

      15. Ғылыми кеңестің құзырына мыналар жатады:
      1) жоғары оқу орындарының құрылымын бекіту;
      2) жоғары оқу орнының Жарғысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу;
      3) жоғары оқу орнының оқу және ғылыми бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату (зертханалар, кафедралар, институттар (факультеттер және тағы басқалар);
      4) жоғары оқу орнының даму тұжырымдамасын айқындау;
      5) жоғары оқу орнының оқу-тәрбиелік, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудағы барлық негізгі болып келетін мәселелерді шешу;
      6) ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпарат, халықаралық және басқа да қызмет түрлерін жүргізудегі бағыттары, нысандары және әдістері туралы жыл сайынғы есебін тыңдау;
      7) оқу-әдістемелік әзірлемелерді және оқу құралдарын, оқулықтарды шығаруды ұсыну және қарастыру;
      8) ақылы негізде оқитын студенттерді білім беру гранттарына және оқытудың экстернат нысанына ауыстыру туралы шешім қабылдау;
      9) докторанттардың диссертациялық зерттеулері бойынша және магистранттардың ғылыми жетекші-кеңесшілерін және тақырыптарын бекіту;
      10) жоғары оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;
      11) бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану тәртібін, сондай-ақ ЖОО-да ақылы білім беру және өндірілген өнімдерді тарату жолымен алынған реинвестициялық кірістердің бағыттарын анықтау;
      12) атаулы степендиялар мен сыйақыларды, ғылыми және құрметті атақтарды тағайындау және бекіту;
      13) ЖОО-ның қызметкерлерін, шығармашылық ұжымды үкіметтік наградаларға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарау;
      14) алқалық шешімді талап ететін ЖОО-ның ағымдық қызметінің өзге де мәселелерін қарау.
      15. Ғылыми кеңес шешімі Ғылыми кеңес төрағасының және Ғылыми кеңес хатшысының қолдары қойылатын хаттамалармен ресімделеді.