Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 5) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы бекітілсін.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің          
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 429 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы алқалы орган болып табылады.
      2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады, оның ғылым саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы тұлғасындағы орынбасары болады.
      ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.
      3. ЖҒТК құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, жетекші ғалымдар, білімнің әртүрлі салаларының сарапшылары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
      Ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жұмыс органы ЖҒТК-ның болып табылады.
      4. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.

2. Негізгі міндеттері

      5. ЖҒТК-ның міндеттері:
      1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
      2) ғылым бағыттары бойынша басым іргелі және қолданбалы зерттеулерді айқындау;
      3) Ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау;
      4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      5) Ұлттық ғылыми кеңестер ұсынған гранттық қаржыландырудың негізгі бағыттары мен көлемдері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға арналған өтінімдерді мақұлдау;
      7) инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін сыртқы инвестицияларды тарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
      8) мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты іске асыру кезінде ғылым, білім беру, және өндіріс салаларының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      9) Республикалық бюджет комиссиясына бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру көлемдері жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3. ЖҒТК құзыреті

      6. ЖҒТК-ның мынадай құқықтары бар:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми, ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру мәселелері жөнінде, мемлекеттік инновациялық және өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру проблемалары жөнінде ұсыныстар енгізу;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұрату және алу;
      3) ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және әзірлеу үшін жұмыс топтары мен секцияларды құру;
      4) мыналарды:
      ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды және басқа салалық мемлекеттік органдарды орындалған ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын, ғылыми-техникалық дамудағы әлемдік трендтер және нақты бағыттар бойынша озық ғылыми зерттеулер жүргізуге елдің әлеуетті мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ Ғылым туралы ұлттық баяндамаға енгізілетін ұсыныстар туралы ұлттық және салалық академияларды;
      қызметтерінің нәтижелері және Қазақстан Республикасында ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті жетілдіру, ұлттық инновациялық жүйені дамыту жөнінде ұсынымдары және туралы Ұлттық ғылыми кеңестерді, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын тыңдау.

4. ЖҒТК-ның жұмысын ұйымдастыру

      7. ЖҒТК-ның отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жылына екі рет өткізіледі.
      ЖҒТК-ның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
      8. ЖҒТК отырысының күн тәртібін ғылым саласындағы уәкілетті органы құрады және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
      ЖҒТК кезекті отырысының күн тәртібі мен материалдарын жұмыс органы алдағы кезекті отырыс туралы хабарлай отырып бірге ЖҒТК мүшелеріне отырыс басталғанға дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей жібереді.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 429 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы

Мәсімов                        - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы                Премьер-Министрі, төраға

Жұмағұлов                      - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы               ғылым министрі, төрағаның орынбасары

Исекешев                       - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы                  Премьер-Министрінің орынбасары -
                                 Қазақстан Республикасының Индустрия
                                 және жаңа технологиялар министрі

Орынбаев                       - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы                Премьер-Министрінің орынбасары

Шаяхметов                      - Қазақстан Республикасы Білім және
Саят Болатұлы                    ғылым министрлігі Ғылым комитеті
                                 төрағасының орынбасары, хатшы

Жәмішев                        - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы                министрі

Жұмағалиев                     - Қазақстан Республикасының Байланыс
Асқар Қуанышұлы                  және ақпарат министрі

Қайырбекова                    - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы                сақтау министрі

Келімбетов                     - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Қайрат Нематұлы                  даму және сауда министрі

Мамытбеков                     - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы               шаруашылығы министрі

Сұлтанов                       - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы                көмекшісі

Құлыбаев                       - «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат
Тимур Асқарұлы                   қоры» акционерлік қоғамының басқарма
                                 төрағасы (келісім бойынша)

Сұлтанов                       - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы                 Сенатының депутаты, Халықаралық
                                 қатынастар, қорғаныс және
                                 қауіпсіздік комитетінің төрағасы
                                 (келісім бойынша)

Сағадиев                       - Қазақстан Республикасы Парламенті
Кенжеғали Әбенұлы                Мәжілісінің депутаты (келісім
                                 бойынша)

Әбдірайымов                    - Қазақстан Республикасы Білім және
Бақытжан Жарылқасымұлы           ғылым министрлігі Л.Н. Гумилев
                                 атындағы Еуразия ұлттық
                                 университетінің ректоры

Әдекенов                       - «Парасат» ұлттық
Серғазы Мыңжасарұлы              ғылыми-технологиялық холдинг»
                                 акционерлік қоғамының «Фитохимия»
                                 халықаралық ғылыми-өндірістік
                                 орталығы» акционерлік қоғамының
                                 президенті (келісім бойынша)

Бектұрғанов                    - «Парасат» ұлттық
Нұралы Сұлтанұлы                 ғылыми-технологиялық холдинг»
                                 акционерлік қоғамының басқарма
                                 төрағасы (келісім бойынша)

Есекеев                        - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының
Қуанышбек Бақытбекұлы            басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Жантаев                        - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Жұмабек Шабденамұлы              агенттігінің «Ғарыштық зерттеулер
                                 және технологиялар ұлттық орталығы»
                                 акционерлік қоғамының президенті
                                 (келісім бойынша)

Жұрынов                        - «Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мұрат Жұрынұлы                   ғылым академиясы» қоғамдық
                                 бірлестігінің президенті

Қадіржанов                     - Қазақстан Республикасы Энергетика
Қайрат Қамалұлы                  және минералдық ресурстар
                                 министрлігінің «Қазақстан
                                 Республикасы Ұлттық ядролық
                                 орталығы» республикалық мемлекеттік
                                 кәсіпорнының бас директоры

Қасқабасов                     - Қазақстан Республикасы Білім және
Сейіт Асқарұлы                   ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
                                 М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және
                                 өнер институтының директоры

Кененбаев                      - «ҚазАгроИнновация» акционерлік
Серік Барменбекұлы               қоғамының президенті (келісім
                                 бойынша)

Мун                            - Қазақстан Республикасы Білім және
Григорий Алексеевич              ғылым министрлігінің «Әл-Фараби
                                 атындағы Қазақ ұлттық университеті»
                                 республикалық мемлекеттік қазыналық
                                 кәсіпорнының коллоидтық химия және
                                 жоғары молекулярлық қосылыстар
                                 химиясы кафедрасының меңгерушісі

Өмірсеріков                    - «Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология
Мұрат Шөкейұлы                   ғылымдарының институты»
                                 жауапкершілігі шектеулі
                                 серіктестіктігінің директоры
                                 (келісім бойынша)

Перуашев                       - «Атамекен» одағы» Қазақстанның
Азат Тұрлыбекұлы                 ұлттық экономикалық палатасының
                                 басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Раманқұлов                     - Қазақстан Республикасы Білім және
Ерлан Мірхайдарұлы               ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
                                 «Ұлттық биотехнология орталығы»
                                 республикалық мемлекеттік
                                 кәсіпорнының бас директоры

Сәрінжіпов                     - «Назарбаев Университеті» акционерлік
Аслан Бәкенұлы                   қоғамы Атқарушы кеңесінің төрағасы
                                 (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 30 сәуірдегі
N 429 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,№ 57, 551-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1010 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 357 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 жылғы, № 11, 119-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 397 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 98-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 1 шілдедегі № 712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 21, 221-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 1333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 45, 454-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 мамырдағы № 489 қаулысы.
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 876 қаулысы.
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 207 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 9, 115-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 820 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 382-құжат).
      11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1186 қаулысы.
      12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 362 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 16, 197-құжат).
      13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 815 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 352-құжат).
      14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 63 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 2, 27-құжат).
      15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1340 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 619-құжат).
      16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 795 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35, 390-құжат).
      17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 шілдедегі № 1139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 325-құжат).
      18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 411 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 32, 260-құжат).
      19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 168 қаулысы.