Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі  ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы N 1633  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      Шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына Құзытбаева Ажар Қилымбекқызы енгізілсін;
      Уәйісов Мерей Құрманұлы көрсетілген құрамнан шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі