Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 шілдедегі N 1139 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 115 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3902 тіркелген, 2006 жылғы 11 мамырда "Заң газетінде" № 83(889) жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы № 19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5203 тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда "Заң газетінде" № 74(1300) жарияланған).
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.