Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.20 № 429 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 57, 551-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
2-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. ЖҒТК-нi төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi (бұдан әрi - төраға) басқарады, оның ғылым және инновациялар саласындағы уәкiлеттi органдардың бiрiншi басшылары тұлғасындағы екi орынбасары, сондай-ақ ғылым және техника салаларындағы басшылықты және үйлестiрудi қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшенiң, ЖҒТК-нiң жұмыс органының басшысы лауазымындағы жауапты хатшысы болады.";
үшiншi абзацта "өндiрiс" деген сөз "ұлттық компаниялар, iрi бизнес және үкiметтiк емес сектор" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"ЖҒТК-нiң жанынан дүниежүзiне танымал отандық және шетелдiк ғалымдардан тұратын Халықаралық сараптамалық кеңес құрылады. Халықаралық сараптамалық кеңестiң ережесi мен құрамын төраға айқындайды.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Халықаралық сараптамалық кеңестiң ұсынымдарын ескере отырып, елдiң ғылыми-техникалық даму басымдықтарын мақұлдау;
мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманың ұсынымдарын ескере отырып, ғылыми-техникалық бағдарламаларды мақұлдау;
Республикалық бюджет комиссиясына ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қаржыландыру көлемі жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
әрбiр үш жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентiне елдiң ғылыми-технологиялық даму қорытындылары бойынша есеп дайындау.
ЖҒТК үш жылда бiр рет:
ғылыми-техникалық дамудағы әлемдiк трендтер және елдiң нақты бағыттар бойынша озық ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған әлеуеттi мүмкiндiктерi туралы Халықаралық сараптамалық кеңестi;
орындалған ғылыми-технологиялық бағдарламалардың нәтижелерi туралы Бiлiм және ғылым министрлiгiн және басқа да салалық министрлiктердi;
ғылыми қоғамдастықтың және үкiметтiк емес сектордың өкiлi ретiнде Ғылым туралы ұлттық баяндамасымен Ұлттық ғылым академиясын тыңдайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. ЖҒТК-нiң қызметiн, оның iшiнде ЖҒТК-нiң жұмысына тартылатын шетелдiк және отандық ғалымдар мен сарапшылардың қызметтерiн қаржыландыру және оларды iссапарға жiберу осы мақсаттарға бөлiнетiн республикалық бюджет қаражатынан жүргiзiледi.";
көрсетiлген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 25 тамыздағы
N 815 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 20 желтоқсандағы
N 1946 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы
Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Даниал Кенжетайұлы Министрi, төраға
Әйтiмова - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Бiрғаным Сарықызы ғылым министрi, төрағаның орынбасары
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич және сауда министрi, төрағаның
орынбасары
Могильный - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Валерий Валентинович министрлiгi Ғылым департаментiнiң
директоры, хатшы
Досаев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерболат Асқарбекұлы сақтау министрi
Eciмoв - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ахметжан Смағұлұлы шаруашылығы министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Асқар Қуанышұлы және байланыс агенттiгiнiң төрағасы
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Қуаныш Сұлтанұлы Сенатының депутаты, Әлеуметтiк-мәдени
даму комитетiнiң төрағасы
Сағадиев - Қазақстан Республикасының Парламентi
Кенжеғали Әбенұлы Мәжiлiсiнiң депутаты, Қаржы және бюджет
комитетiнiң төрағасы
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Фархад Шаймұратұлы Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Әбдiманапов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Сәрсенғали Әбдiғалиұлы министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетiнiң ректоры
Қожамқұлов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Төлеген Әбдiсағиұлы министрлiгi әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетiнiң ректоры
Жантаев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Жұмабек Шабденамұлы министрлiгiнiң Ғылым комитетi
"Астрофизикалық зерттеулер орталығы"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
бас директоры
Жұрынов - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мұрат Жұрынұлы ғылым академиясы" қоғамдық бiрлестiгiнiң
президентi
Қадыржанов - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Қайрат Камалұлы минералдық ресурстар министрлiгi
"Қазақстан Республикасының Ұлттық
ядролық орталығы" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорнының бас директоры
Раманқұлов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Ерлан Мiрхайдарұлы министрлiгiнiң Ғылым комитетi "Қазақстан
Республикасының Ұлттық биотехнология
орталығы" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорнының бас директоры
Сүлейменов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Ербол Зинаддинұлы министрлiгiнiң Ғылым комитетi "Қазақстан
Республикасының Ұлттық ғылыми-
техникалық ақпарат орталығы"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
бас директоры
Саданов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Аманкелдi Құрбанұлы министрлiгiнiң Ғылым комитетi
"Биологиялық зерттеулер орталығы"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
бас директоры
Әдекенов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Серғазы Мыңжасарұлы министрлiгiнiң Ғылым комитетi
"Фитохимия" ғылыми-өндiрiстiк орталығы"
акционерлiк қоғамының президентi
Арынғазин - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Асқар Қанапияұлы министрлiгiнiң Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетi Iргелi
зерттеулер институтының директоры
Дробжев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Виктор Иванович министрлiгi Ғылым комитетiнiң
"Астрофизикалық зерттеулер орталығы"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
Ионосфера институтының директоры
Қасқабасов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Сейiт Асқарұлы министрлiгiнiң Ғылым комитетi
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының директоры
Жәкішев - "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом
Мұхтар Еркiнұлы компаниясы" акционерлiк қоғамының
президентi
Қарабалин - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Ұзақбай Сүлейменұлы акционерлiк қоғамының президентi
Кәрiбжанов - "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамының
Қайрат Сәлiмұлы президентi