Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 411 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.20 № 429 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
      тақырыбы «Жоғары» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. ЖҒТК-нің Қазақстан Республикасының Президентіне елдің ғылыми-технологиялық даму қорытындылары бойынша есебі мынадай бөлімдерден тұруға тиіс:
      1. Кіріспе.
      2. Негізгі бөлік:
      1) елдің Ғылыми-техникалық дамуының басым бағыттары;
      2) іргелі зерттеулердің негізгі нәтижелері;
      3) қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберіндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың негізгі нәтижелері.
      3. Ұсынымдар.
      ЖҒТК-нің есебі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне әрбір үш жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 15 наурызға дейін енгізіледі.»;
      9-тармақ алынып тасталсын;
      10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЖҒТК-нің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Айтжанова            - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы    даму және сауда министрі,

Жәмішев              - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы      министрі,

Есекеев              - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының
Қуанышбек Бақытбекұлы  басқарма төрағасы (келісім бойынша);

      мына:

«Жұмағалиев          - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының
Асқар Қуанышұлы        президенті»,

«Әдекенов            - «Парасат» ұлттық ғылыми технологиялық
Серғазы Мыңжасарұлы    холдингі» акционерлік қоғамы «Фитохимия»
                       ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік
                       қоғамының президенті (келісім бойынша)»,

«Исекешев            - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы        және сауда министрі, төрағаның орынбасары»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмағалиев          - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы        ақпарат министрі»,

«Әдекенов            - «Парасат» ұлттық, ғылыми-технологиялық
Серғазы Мыңжасарұлы    холдингі» акционерлік қоғамы «Фитохимия»
                       халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі»
                       акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                       (келісім бойынша)»,

«Исекешев            - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы        Министрінің орынбасары - Қазақстан
                       Республикасының Индустрия және жаңа
                       технологиялар министрі, төрағаның
                       орынбасары»;

      мына:

«Жақыпов             - Білім және Қазақстан Республикасының
Айдар Бексұлтанұлы     ғылым вице-министрі»

      деген жол «, хатшы» деген сөзбен толықтырылсын;

      көрсетілген құрамнан В.В. Могильный, Е.Ә. Оңғарбаев, Ф.Ш. Қуанғанов, Қ.У. Бишімбаев, Л.М. Кармазина шығарылсын.
      2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов