«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 5) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 429 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы алқалы орган болып табылады.
2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады, оның ғылым саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы тұлғасындағы орынбасары болады.
ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.
3. ЖҒТК құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, жетекші ғалымдар, білімнің әртүрлі салаларының сарапшылары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жұмыс органы ЖҒТК-ның болып табылады.
4. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.
2. Негізгі міндеттері
5. ЖҒТК-ның міндеттері:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
2) ғылым бағыттары бойынша басым іргелі және қолданбалы зерттеулерді айқындау;
3) Ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) Ұлттық ғылыми кеңестер ұсынған гранттық қаржыландырудың негізгі бағыттары мен көлемдері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға арналған өтінімдерді мақұлдау;
7) инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін сыртқы инвестицияларды тарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
8) мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты іске асыру кезінде ғылым, білім беру, және өндіріс салаларының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
9) Республикалық бюджет комиссиясына бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру көлемдері жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
3. ЖҒТК құзыреті
6. ЖҒТК-ның мынадай құқықтары бар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми, ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру мәселелері жөнінде, мемлекеттік инновациялық және өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру проблемалары жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұрату және алу;
3) ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және әзірлеу үшін жұмыс топтары мен секцияларды құру;
4) мыналарды:
ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды және басқа салалық мемлекеттік органдарды орындалған ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын, ғылыми-техникалық дамудағы әлемдік трендтер және нақты бағыттар бойынша озық ғылыми зерттеулер жүргізуге елдің әлеуетті мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ Ғылым туралы ұлттық баяндамаға енгізілетін ұсыныстар туралы ұлттық және салалық академияларды;
қызметтерінің нәтижелері және Қазақстан Республикасында ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті жетілдіру, ұлттық инновациялық жүйені дамыту жөнінде ұсынымдары және туралы Ұлттық ғылыми кеңестерді, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын тыңдау.
4. ЖҒТК-ның жұмысын ұйымдастыру
7. ЖҒТК-ның отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жылына екі рет өткізіледі.
ЖҒТК-ның шешімі ашық дауыс беру арқылы, сондай-ақ комиссия мүшелеріне сұрау салу жолымен қабылданады және егер, олар үшін мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 47 Қаулысымен.
8. ЖҒТК отырысының күн тәртібін ғылым саласындағы уәкілетті органы құрады және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
ЖҒТК кезекті отырысының күн тәртібі мен материалдарын жұмыс органы алдағы кезекті отырыс туралы хабарлай отырып бірге ЖҒТК мүшелеріне отырыс басталғанға дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей жібереді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 429 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның
құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.26 № 1489 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.04.2013 N 358 қаулысымен.
Ахметов - Қазақстан Республикасының
Серік Нығметұлы Премьер-Министрі, төраға
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрі, төрағаның орынбасары
Ыбырайым - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Нұрлан Мұхтарбекұлы министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы,
хатшы
Орынбаев - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы Премьер-Министрінің орынбасары
Исекешев - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Индустрия және
жаңа технологиялар министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президенті
Бақыт Тұрлыханұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім
бойынша)
Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Әділбек Рыскелдіұлы министрі
Досаев - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы коммуникация министрі
Қайырбекова - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы сақтау министрі
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы шаруашылығы министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы министрі
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы ақпарат министрі
Шөкеев - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Өмірзақ Естайұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Әшімбаев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәулен Сағатханұлы Мәжілісінің Халықаралық қатынастар,
қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)
Бишімбаев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Уәлихан Қозыкеұлы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Әдекенов - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
Серғазы Мыңжасарұлы холдингі» акционерлік қоғамының
«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік
орталығы» акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Зейнуллин - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
Әбдікәрім Әбжәлелұлы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Жантаев - «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар
Жұмабек Шабденамұлы ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының
президенті (келісім бойынша)
Жұрынов - «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым
Мұрат Жұрынұлы академиясы» қоғамдық бірлестігінің
президенті (келісім бойынша)
Батырбеков - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ерлан Ғадлетұлы жаңа технологиялар министрлігінің
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық
орталығы» республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының бас директоры
Могильный - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының
Сергей Валерьевич басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Мун - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Григорий Алексеевич министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
коллоидтық химия және жоғары молекулярлық
қосылыстар химиясы кафедрасының
меңгерушісі
Момынәлиев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Куват Темірғалиұлы министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық
биотехнология орталығы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Мырзахметов - «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық
Абылай Исабекұлы экономикалық палатасының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Сәрінжіпов - «Назарбаев Университеті» дербес білім
Аслан Бәкенұлы беру ұйымы Атқарушы кеңесінің төрағасы
(келісім бойынша)
Темірбеков - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Нұрлан Мұқанұлы министрлігі «Д. Серікбаев атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік техникалық
университеті» республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының ректоры
Шәукенова - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Зарема Қаукенқызы министрлігі Ғылым комитетінің «Философия,
саясаттану және дінтану институты»
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының директоры
Жолдасбеков - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Скандербек Өмірбекұлы министрлігінің «Академик Ө.А. Жолдасбеков
атындағы Механика және машинатану
институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
директоры
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 сәуірдегі
N 429 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,№ 57, 551-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1010 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 357 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 жылғы, № 11, 119-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 397 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 98-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 1 шілдедегі № 712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 21, 221-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 1333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 45, 454-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 мамырдағы № 489 қаулысы.
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 876 қаулысы.
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 207 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 9, 115-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 820 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 382-құжат).
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1186 қаулысы.
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 362 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 16, 197-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 815 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 352-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 63 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 2, 27-құжат).
15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1340 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 619-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 795 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35, 390-құжат).
17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 шілдедегі № 1139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 325-құжат).
18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 411 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 32, 260-құжат).
19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 168 қаулысы.