Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысы

Жаңартылған

      «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 5) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы бекітілсін.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің          
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 429 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы алқалы орган болып табылады.
      2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады, оның ғылым саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы тұлғасындағы орынбасары болады.
      ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.
      3. ЖҒТК құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, жетекші ғалымдар, білімнің әртүрлі салаларының сарапшылары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
      Ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жұмыс органы ЖҒТК-ның болып табылады.
      4. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.

2. Негізгі міндеттері

      5. ЖҒТК-ның міндеттері:
      1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
      2) ғылым бағыттары бойынша басым іргелі және қолданбалы зерттеулерді айқындау;
      3) Ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау;
      4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      5) Ұлттық ғылыми кеңестер ұсынған гранттық қаржыландырудың негізгі бағыттары мен көлемдері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға арналған өтінімдерді мақұлдау;
      7) инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін сыртқы инвестицияларды тарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
      8) мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты іске асыру кезінде ғылым, білім беру, және өндіріс салаларының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      9) Республикалық бюджет комиссиясына бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру көлемдері жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3. ЖҒТК құзыреті

      6. ЖҒТК-ның мынадай құқықтары бар:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми, ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру мәселелері жөнінде, мемлекеттік инновациялық және өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру проблемалары жөнінде ұсыныстар енгізу;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұрату және алу;
      3) ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және әзірлеу үшін жұмыс топтары мен секцияларды құру;
      4) мыналарды:
      ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды және басқа салалық мемлекеттік органдарды орындалған ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын, ғылыми-техникалық дамудағы әлемдік трендтер және нақты бағыттар бойынша озық ғылыми зерттеулер жүргізуге елдің әлеуетті мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ Ғылым туралы ұлттық баяндамаға енгізілетін ұсыныстар туралы ұлттық және салалық академияларды;
      қызметтерінің нәтижелері және Қазақстан Республикасында ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті жетілдіру, ұлттық инновациялық жүйені дамыту жөнінде ұсынымдары және туралы Ұлттық ғылыми кеңестерді, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын тыңдау.

4. ЖҒТК-ның жұмысын ұйымдастыру

      7. ЖҒТК-ның отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жылына екі рет өткізіледі.
      Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      8. Жұмыс органы ЖҒТК жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде ЖҒТК отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар ЖҒТК отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса ЖҒТК мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      9. ЖҒТК отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы ЖҒТК мүшесі болып табылмайды.
      Ескерту. Ереже 9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      10. ЖҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға ЖҒТК мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру ЖҒТК отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      ЖҒТК мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген ЖҒТК отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
      ЖҒТК отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, ЖҒТК хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын ЖҒТК мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      ЖҒТК мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
      Ескерту. Ереже 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      11. Дауыс беру парақтарымен қоса, ЖҒТК материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды ЖҒТК-нің жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 429 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары
ғылыми-техникалық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
      Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі
      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
      Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Әдекенов                - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
Серғазы Мыңжасарұлы       холдингі» акционерлік қоғамының «Фитохимия»
                          халықаралық ғылыми-өндірістік орталығы»
                          акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                          (келісім бойынша)

Әділов                  - «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық
Жексенбек Мәкейұлы        техникалық университеті» шаруашылық жүргізу
                          құқығындағы республикалық мемлекеттік
                          кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

Алағұзов                - «GALANT bottlers» акционерлік қоғамы
Тұрсынғали Тұрымұлы       директорлар кеңесінің төрағасы (келісім
                          бойынша)

Байғарин                - «Nazarbayev Universitу Research and
Қанат Әбдуәлиұлы          Innovation System» жеке мекемесінің бас
                          директоры (келісім бойынша)

Батырбеков              - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ерлан Ғадлетұлы           жаңа технологиялар министрлігінің
                          «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық
                          орталығы» республикалық мемлекеттік
                          кәсіпорнының бас директоры (келісім
                          бойынша)

Бектұрғанов             - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым
Нұралы Сұлтанұлы          академиясының академигі (келісім бойынша)

Жантаев                 - «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар
Жұмабек Шабденамұлы       ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының
                          президенті (келісім бойынша)

Зейнуллин               - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
Әбдікәрім Әбжәлелұлы      холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
                          төрағасы (келісім бойынша)

Құрбанбаев              - «Қазмұнайгаз» ҰК «Қазақ Мұнай және
Мұрат Ізбергенұлы         газ институты» акционерлік қоғамының бас
                          директоры (келісім бойынша)

Мутанов                 - Қазақстан Республикасы Білім және
Ғалымқайыр Мутанұлы       ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы
                          Қазақ ұлттық университеті» республикалық
                          мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ректоры
                          (келісім бойынша)

Саданов                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Амангелді Құрбанұлы       министрлігі Ғылым комитетінің
                          «Микробиология және вирусология институты»
                          шаруашылық жүргізу құқығындағы
                          республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас
                          директоры (келісім бойынша)

Сатыбалдин              - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы
Әзімхан Әбілқайырұлы      басқарма төрағасының орынбасары (келісім
                          бойынша)

Тастанов                - «KazCoppеr/КазКупер» жауапкершілігі
Ерболат Әдиятұлы          шектеулі серіктестігі компаниясының
                          президенті (келісім бойынша)

Телтаев                 - Қазақстан Республикасы Көлік және
Бағдат Бұрханбайұлым      коммуникация министрлігі «ҚазЖолҒЗИ»
                          акционерлік қоғамының президенті (келісім
                          бойынша)

Шәукенова               - Қазақстан Республикасы Білім және
Зарема Қаукенқызы         ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
                          «Философия, саясаттану және дінтану
                          институты» республикалық мемлекеттік
                          қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім
                          бойынша)

Школьник                - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы»
Владимир Сергеевич        акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                          (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 30 сәуірдегі
N 429 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,№ 57, 551-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1010 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 357 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 жылғы, № 11, 119-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 397 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 98-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 1 шілдедегі № 712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 21, 221-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 1333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 45, 454-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 мамырдағы № 489 қаулысы.
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 876 қаулысы.
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 207 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 9, 115-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 820 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 382-құжат).
      11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1186 қаулысы.
      12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 362 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 16, 197-құжат).
      13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 815 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 352-құжат).
      14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 63 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 2, 27-құжат).
      15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1340 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 619-құжат).
      16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 795 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35, 390-құжат).
      17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 шілдедегі № 1139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 325-құжат).
      18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 411 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 32, 260-құжат).
      19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 168 қаулысы.