Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы N 523 Қаулысы

Қолданыстағы

      Бюджет кодексiнiң  70-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2005 жылғы 27 мамырдағы  
N 523 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді
фискалдық саясаты

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Әлеуметтiк-экономикалық жағдай
Параграф 1  Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтiк-экономикалық дамудың 2006-2008 жылдарға арналған негізгi көрсеткiштерi
Параграф 2  Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы
Параграф 3  Бюджет жүйесiн жетiлдiру
2. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi
3. Кiрiстер саясаты
4. Шығындар саясаты
5. Бюджеттік кредит беру
6. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар
7. Бюджетаралық қатынастар
8. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару
Қорытынды

      Кiрiспе

      Алдыңғы жылдардың бюджеттерi келер жылдардың бюджеттерiн қалыптастыруға және атқаруға едәуiр ықпал етедi. Ұзақ мерзiмдi кезеңде оларды атқару тиiмділiгiн барынша ұлғайту үшiн бiрнеше жылға есептелген тиiстi іс-қимыл бағдарламасының болуы қажет. Мұндай бағдарламаның негізгі өлшемдерiн мемлекеттiк билiк органдарының бюджет саясаты айқындайды. Экономикалық саясаттың бір бөлiгі бола отырып, фискалдық саясат бюджет қаражатын қалыптастырумен және жұмсаумен байланысты құралдарды пайдаланады. Бюджеттiк тетiктердi тарту туралы сөз қозғалғанда, кiрiстер мен шығыстар бойынша жеке-жеке емес, тұтастай жоспарланып отырған нәтижеге ықпал етуге қабілеттi барлық ықтимал факторларды барынша ескеру қажет. Сондықтан экономикалық мiндеттердi мемлекеттiк деңгейде шешу үшiн мемлекеттiк бюджеттендіру элементтерiн, оларға фискалдық саясат деп аталатын бiрыңғай тұжырымдама шеңберiнде сүйене отырып пайдалану қабылданған.
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрі - Орта мерзiмдi фискалдық саясат) Мемлекет басшысының " Бәсекеге қабілеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлетті экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн " атты 2004 жылғы 19 наурыздағы және " Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында " атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарының жобасы (бұдан әрі - Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарының жобасы), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк реттеуiштердiң болжамы, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізiнде әзiрлендi.
      Орта мерзiмдi фискалдық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың негiзгi бағыттарын iске асырудың негiзгi тетiктерiн (тәсiлдерiн) - кiрiстер мен шығындар саясатын, бюджеттiк кредит берудi, қаржы активтерiн басқаруды, бюджетаралық қатынастарды, мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борышты басқаруды қамтиды.
      Орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеу мынадай мақсаттарға қол жеткiзуге:
      алдағы үш жылдық кезеңге арналған қолда бар ресурстар көлемiн айқындауға;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң фискалдық стратегиясын және оның ағымдағы және келешектегі мақсаттарына қол жеткiзу жөнiндегi жоспарларын белгiлеуге;
      стратегиялық басымдықтарды iске асыруға арналған шектеулi бюджет ресурстарын бөлу жөнiндегi шешiмдердi қабылдауға ден қоюға;
      келешекте бюджеттiң шектеулерi мен мүмкiндiктерiн барынша жақсы түсiнудi қамтамасыз етуге;
      бюджет процесiнiң тиiмдiлігі мен ашықтығын жоғарылатуға;
      бюджет процесiнiң дәйектілiгін қамтамасыз етуге және фискалдық тәртiптi жоғарылатуға бағытталған.
      Бұл құжатта Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған фискалдық саясатының негiзгi мақсаттары, мiндеттерi мен бағыттары айқындалған.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты 2006 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру процесiнiң негізi әрi бастауы және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерiнде салық және бюджет саясатын iске асыру кезiндегi үйлестірушi құжат болып табылады.

      1. Әлеуметтiк-экономикалық жағдай

      Параграф 1 Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтiк-экономикалық дамудың 2006-2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткiштерi

      Қазақстандық экономиканың қазiргi жай-күйi барынша қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен сипатталады, бұл экспортты, сондай-ақ аралық тұтыну тауарлары мен қызметтерiн дамытуға оң ықпал етедi.

                                                          1-кесте

          Металдар мен мұнайдың орташа әлемдiк бағалары

 

 

өлшем
бiрлiгі

2001
жыл

 

2002
жыл

 

2003
жыл

 

2004
жылғы
қаңтар-
наурыз

1

2

3

4

5

6

мыс

тонна/
долл

1578 

1559 

1779

2731 

қорғасын

тонна/
долл

476

453

515

844 

мырыш

тонна/
долл

886

779

828

1070

алтын

унция/
долл

271

310

363,5

408,4

күміс

унция/
долл

4,4

4,6

4,9

6,7 

Brent
мұнай

барр./
долл

24,42

24,97

28,85

31,95

табиғи газ

брит.
терм.
бірл.
млн.

4,06

3,05

3,91

3,87

бидай
(Канада)

тонна/
долл

151,5

175,8

177,4

189,6

бидай
(АҚШ қатты
сортты)

тонна/
долл

126,8

148,1

146,1

164,7

бидай
(АҚШ қатты
сортты)

тонна/
долл

107,7

130

138,6

156,6

кестенің жалғасы

 

 

2004
жылғы
қаңтар-
маусым

2004
жылғы
қаңтар-
қыркүйек

2004
жыл

2005
жылғы
қаңтар-
наурыз

1

7

8

9

10

мыс

2760

2790

2866

3268

қорғасын

828

863

887

978

мырыш

1049

1026

1048

1315

алтын

400,8

401

409,2

427,1

күміс

6,5

6,5

6,7

7

Brent мұнайы

33,72

36,34

38,3

47,64

табиғи газ

3,92

4,06

4,28

5,49

бидай
(Канада)

187,7

183,3

186,5

200,8

бидай
(АҚШ қатты
сортты)

163,2

158

156,9

151,9

бидай
(АҚШ қатты
сортты)

152,1

145,7

144,4

145,4

Көзi: Дүниежүзілік банк

      2005 жылғы 1-тоқсанда тазартылған мыстың 1 тоннасының орташа әлемдiк бағасы 2001 жылмен салыстырғанда 2,1 есе, металл мырыштiкi - 1,5 есе, алтынның бiр унциясыныкi - 1,6 есе, мұнайдың бiр баррелiнiкi - 2 есе ұлғайды.
      Қазақстандық экспорттың аса маңызды баптарына әлемдiк бағаның биiк деңгейi экспорттық пайданың өсуiне негiз болды. 1998 жылмен салыстырғанда 2004 жылы экспорттың номиналды ұлғаюы 3,7 есенi, ал мұнай экспорты бойынша - 6,4 есенi құрады. Бұл бағаның жоғары болуынан басқа осы кезеңде мұнай өндiрудiң 2,4 есенi құрағанына байланысты. Қазiргi уақытта экспорт көлемiндегi мұнай үлесi 52,3%-ды құраса, 1998 жылы ол тек 27,4%-ды құрады.
      Экспортты дамытудың аталған қарқыны негізiнен сыртқы экономикалық фактор есебiнен қазақстандық экономиканың экономикалық әлеуетiнiң ұлғаю үрдiсiн сипаттайды. Сайып келгенде, бұл шағын экономика үшін дамудың дұрыс бағыты, алайда Қазақстандағы экспорт өсiмi негiзiнен, шикiзатты және оның бастапқы өңдеу өнiмдерiн жеткiзу есебiнен қамтамасыз етiледi.

1-диаграмма  

Қазақстандық экспорттың 1998-2008 жылдардағы серпiнi

(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Кестеде көрсетiлгендей, қазақстандық экспорттың сұлбасын мұнай сатудың серпiнi айқындайды.
      Соңғы жылдары экспорттың өсуi жалпы iшкi өнiмнiң (бұдан әрi - ЖIӨ) серпiнiне айтарлықтай әсер ете бастады. ЖIӨ көлемiнiң ұлғаюына баға факторының басып озу әсерi 2003-2005 жылдардағы экономика дамуының ерекшелiгi болып табылады. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда ЖIӨ-нiң 18,7 %-ға, оның iшiнде өндiрiстiң табиғи көлемiнiң 8%-ға өсуi, өндiрiлген тауарлар мен қызметтерге бағаның 10%-ға ұлғаюы есебiнен номиналды ұлғаюы жоспарланып отыр.
      Елдегi макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң фискалдық саясаты мұнай мен металдардың әлемдiк бағаларының жоғары болуынан алынған кiрiстердi iшкi айналымнан шығару жөнiндегi шараларды iске асыруға бағытталған.
      Шикiзат экспортынан түсетiн үстеме кiрiстердiң барлығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрi - Ұлттық қор) шоғырландырылады, бұл ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн қолдауға, инфляция өсуiнiң жоспарланған өлшемдерiне қол жеткiзуге, "голланд ауыруы" туындауының, яғни, өндiрiстiк құрылымның шикiзаттық салалардың пайдасына "тоқырауының" алдын алуға ықпал етедi.
      Мысалы, энергия жеткiзгіштердiң әлемдiк бағасының айтарлықтай өсуi салдарынан елге шетелдiк валютаның ағылуы кiрiстердiң бiр бөлiгін Ұлттық қорға аудару есебiнен iшiнара тазартылды.

                                                          2-кесте

          Қазақстан Республикасының жалпы iшкi өнiмiнiң
                2001-2004 жылдардағы серпiнi және
                     2008 жылға дейiнгі болжам

  

2001
есеп

2002
есеп

2003
есеп

2004
баға-
лау

болжам

2005

2006

2007

2008

ЖIӨ,
млрд.
теңге

3250,5

3776,3

4612,3

5542,5

6580,0

7808,3

8892,1

10141,4

Ал-
дыңғы
жылға
%-бен
ЖIӨ-
нiң
нақты
өзге-
руi

113,5

109,8

109,3

109,4

108,0

108,0

108,3

108,5

ЖІӨ
дефля-
тор, %

110,0

105,8

111,7

109,9

110,0

109,8

105,2

105,1

ЖIӨ-
нiң
номи-
налды
өсуi,
млрд.
теңге,
ал-
дыңғы
жылға
шақ-
қан-
дағы
өсiм,

  

525,8

835,7

930,5

1037,6

1228,3

1083,8

1249,2

оның
ішін-
де:
тауар-
лар
мен
қыз-
меттер
өндi-
рісі-
нiң
табиғи
көле-
мінің
өсуі
есе-
бінен

  

318,2    

352,0     

432,5    

441,0    

528,5    

644,3      

 757,2

тауар-
лар
мен
қыз-
мет-
терге
баға-
ның
өсуі
есе-
бінен

   

207,6 

483,6    

498,0    

596,5 

699,8    

439,5      

492,0

Көздер: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi.

      Көптеген факторлар ескерілетiн экономикалық өсу факторларын - капиталды, еңбек ресурстарын және жалпы факторлық өнiмдiлiктi талдау 2000-2004 жылдары экономикалық өсу негізiнен, капиталдың өсуi есебiнен және аз деңгейде жалпы факторлық өнiмдiлiктiң (бұдан әрi - ЖФӨ) өсуi есебiнен қамтамасыз етiлгенiн көрсетедi.

                                                          3-кесте

          Қазақстандық экономиканың өсу факторлары

                                                           пайызбен

  

2000
жыл

2001
жыл

2002
жыл

2003
жыл

2004 жыл
бағалау

2000-2004
жылдар

Капитал

3,4

5,9

8,4

7,6

4,4

6,0

Еңбек

0,6

2,8

0,1

1,5

0,9

1,2

ЖФӨ

5,8

4,8

1,3

0,2

4,1

3,2

ЖІӨ өсуі

9,8

13,5

9,8

9,3

9,4

10,4

Көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі

      2000-2004 жылдары экономикалық өсуге капитал факторының үлесi орта есеппен 6 %-ды, еңбек факторының үлесi - 1,2 %-ды құрады. Жалпы факторлық өнiмдiлiктiң өсу үлесi 3,2 % құрады. Қарастырылып отырған кезеңде экономикалық өсудiң негізгі факторы негiзгi капиталды ұлғайту болып табылды.
      Экономикадағы негiзгi қорлардың айтарлықтай тозуын ескерсек, осы даму кезеңiнде бұл ақталған болып табылады. Уақыт өте келе дамыған елдер экономикасының өсуiне негізгi үлес қосатын жалпы факторлық өнiмдiлiктiң артуы негiзгi өсу факторына айналуға тиiс.
      Жалпы еңбек өнiмдiлiгi факторы экономикадағы еңбек өнiмдiлігінiң өсуiн ғана емес, жүргiзiлiп жатқан құрылымдық реформаларды, адами капитал мен технологияларды пайдалану тиiмділігiн де көрсететiнiн айта кету қажет.
      2000-2001 жылдары экономиканың өсуiне реформалардың әсерi ерекше болды. 2002-2003 жылдары олардың тиiмдiлiгінiң едәуiр төмендеуi байқалды, бұл 2004 жыл қорытындылары бойынша айтарлықтай өсуге алмасты.
      Негiзгi капиталдың жинақталуы ұзақ мерзiмдi перспективада экономика өсуiнiң басты факторы бола алмайтынын ескерсек, жүргiзiлiп жатқан реформалардың тиiмдiлiгi, еңбек өнiмдiлігінiң, инновациялардың және адами капиталдың өсуі қазақстандық экономиканы дамытудың басты факторлары болуы тиiс.
      Халықаралық капитал рыноктарында жоғары iшкi сұраныс пен қарыз ресурстарының салыстырмалы төмен құны байқалуда. Бұл Қазақстанға шетелдiк инвестициялардың едәуір көлемiн тарту үшiн басты ынталандыру болды. Бұл ретте, Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiнiң жоғары бағасы қазақстандық қарыз алушылар үшiн шетелдiк капитал құнының төмендеуiне ықпал еттi. Аса iрi халықаралық рейтингтік агенттiктер тұтастай республикаға да, қазақстандық жетекшi банктерге де инвестициялық санатқа жататын рейтингтердi бердi.
      Экспорттық кiрiстердiң күрт өсуi және қарыз капиталының ағылуы сияқты iшкi валюта рыногына жасалған қысымның салдары теңгенiң АҚШ долларына қатысты айырбас бағамының номиналды қымбаттауы болды - биржалық айырбас бағамы номиналды мәнде жыл басынан берi 9,3 %-ға нығайып, 2004 жылдың соңында бiр доллар үшiн 130 теңгенi құрады.
      Iшкi рынокта валюта сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) халықаралық резервтерi өсiмiнiң негiзгi көзi болды, бұл жыл бойы екi есе дерлiк көбейдi және 2004 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 9,3 млрд. АҚШ долл. бағаланды. Халықаралық резервтердiң бұл қоры тауарлар мен қызметтер импортын қаржыландырудың қажеттілігін 4,5 айдан астам қамтамасыз етедi.

                                                           4-кесте

     Қазақстанның сыртқы секторының негiзгі көрсеткiштерi 1

  

2000
жыл

2001
жыл

2002
жыл

2003
жыл

2004
жыл

Ағымдағы операциялардың
шот сальдосы (млн. долл. 2 )

366

-1390

-1024

-270

533

 ЖIӨ-ге %-бен

2,0

-6,3

-4,2

-0,9

1,3

Тауарлар мен қызметтер
экспорты (кезең үшін
млн. долл.)

10341

10188

11567

14945

22604

 ЖIӨ-ге %-бен

56,5

46,0

47,0

50,2

55,5

Тауарлар мен қызметтер
импорты (кезең үшiн
млн. долл.)

8970

10579

11578

13306

18805

 ЖIӨ-ге %-бен

49,0

47,8

47,1

44,7

46,1

Тікелей шетелдiк инвес-
тициялардың нетто-ағымы
(кезең үшін млн. долл.)

1278

2861

2164

2210

5548

 ЖIӨ-ге %-бен

7,0

12,9

8,8

7,4

13,6

Ұлттық Банктiң халықа-
ралық резервтерi (кезең
соңында млн. долл.)

2102

2508

3141

4962

9280

 тауарлар мен қызметтер
 импорты айларда

2,8

2,9

3,3

4,5

4,5

Ағымдағы бағалардағы ЖIӨ
(кезең үшін млрд. теңге)

2600

3251

3776

4612

5543

 нақты өсу (%)

9,8

13,5

9,8

9,3

9,4

Май мен газ конденсатының
экспорты (млн. тонна)

27,7

32,4

39,3

44,3

52,4

Шикi мұнайдың әлемдiк
бағасы (баррел/USD спот,
жылына орта есеппен)

28,2

24,5

24,9

28,9

37,7

KZT/USD биржалық айырбас
бағамы (кезең үшін орта
есеппен)

142,26

146,92

153,49

149,45

135,92

Нақты тиiмдi айырбас
бағамы индексiнiң өзгеруi
(өткен жылдың желтоқса-
нына %-бен)

2,5

-1,5

-7,4

-2,5

6,1

Көзi: Ұлттық Банк
______________________________
1  2000-2003 жылдардағы ағымдар операциялар шоты бойынша мәлiметтер тауарлар импорты кезiнде жалдау және сақтандыру жөніндегі шығыстарды есептеу әдiстемесiн нақтылау нәтижесiнде мәліметтердi қайта қарау ескеріле отырып келтiрілген.
2  Осында және бұдан әрi млн. АҚШ доллары.

      Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының соңғы үш жылдағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау экономиканың тұрақты жоғары даму қарқыны сақталған кезде орта мерзiмдi кезеңде сыртқы және iшкi рыноктарда экономиканың шикiзат емес секторларының бәсекеге қабiлеттiлігіне едәуiр әсер етуi мүмкiн жаңа үрдiстер нақты көрiнiс бере бастады.
      Бұл үрдiстер экономикаға шетелдiк капитал ағымының жоғары қарқыны салдарынан болып жатыр, бұл Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлттық Банкiнiң инфляцияға қарсы саясат жүргiзу саласындағы жұмысын едәуір қиындатады, сондай-ақ теңгенiң айырбас бағамының валюталар себетiне қатысты, әсiресе АҚШ долларына қатысты нақты нығаюының жоғары қарқынына алып келедi.
      Қазақстандық экономиканың шикiзат емес салаларының бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмендеуi орта мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын (бұдан әрi - Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы) iске асыру қарқынын едәуiр бәсеңдетуi, сондай-ақ шикiзат салаларының пайдасына қарай экономика құрылымына келеңсiз әсер етуi мүмкiн. Мұның нәтижесiнде Қазақстан экономикасы "голланд ауыруы" синдромына шалдығуы мүмкiн, онымен күресу көп күш-жiгер мен уақытты алады.
      Макроэкономикалық тұрақсыздыққа жол бермеу және Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөнiнде жүйелi шараларды жалғастыру үшiн Орта мерзiмдi фискалдық саясат әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары жобасының басты мiндеттерiн iске асыруға:
      2006-2008 жылдары орташа жылдық инфляцияның 7 %-дан жоғары өсуiне жол бермеуге;
      Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөнiнде жүйелi шаралар жүргiзуге;
      телекоммуникациялар, энергетика және темiр жол көлiгi саласында монополиялық құрылымдарды қайта құрылымдауға;
      экономикалық өсудi қамтамасыз ету жөнiндегi қарқынды факторлардың үлесiн арттыруға бағытталатын болады.
      Бұл мiндеттердi шешу Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" және "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына жолдауларын iске асыруға ықпал етуi тиiс.

       Параграф   2 Мемлекеттiк бюджеттің атқарылуы

      2004 жылғы мемлекеттiк бюджеттi атқару қорытындылары бойынша бюджетке түсетiн түсiмдер ЖIӨ-ге 23,5 %-ды, оның iшiнде кiрiстер - ЖIӨ-ге 23,2 %-ды, оның ішінде салықтық түсiмдер - ЖIӨ-ге 21,4 %-ды, салықтық емес түсiмдер - ЖIӨ-ге 1,5 %-ды, капиталмен жасалатын операциялардан түсетiн кірістер - ЖIӨ-ге 0,3 %-ды құрады, кредиттерді ЖIӨ-ге 0,3 % қайтарылды.
      2004 жылы мемлекеттік бюджет шығыстары ЖIӨ-ге 23,9 %-ды құрады.
      Мемлекеттiк бюджет тапшылығы ЖIӨ көлемiне 0,3 %-ды құрады.
      2005 жылы түсiмдер ЖIӨ-ге 23,5 %-ды, шығыстар - ЖIӨ-ге 25,2%-ды құрайды, мемлекеттiк бюджет тапшылығы ЖIӨ-ге 1,7%-ды құрайды деп болжанып отыр.
      Мемлекеттiк бюджет көрсеткiштерiнiң 2003-2005 жылдардағы серпінi 5-кестеде келтiрiлген.

                                                          5-кесте

              Мемлекеттiк бюджет көрсеткiштерiнiң
                  2003-2005 жылдардағы серпiнi

                                                  ЖIӨ-ге пайызбен

Атауы

2003 жыл
есеп

2004 жыл
есеп

2005 жыл
бағалау

Түсімдер

22,2

23,5

23,5

 Кiрiстер

21,8

23,2

23,3

  Салықтық түсiмдер

20,5

21,4

22,3

  Салықтық емес түсімдер

1,0

1,5

0,6

  Негiзгі капиталды сатудан
  түсетiн түсiмдер

0,3

0,3

0,3

 Бюджеттік кредиттерді өтеу

0,4

0,3

0,2

Шығыстар

23,2

23,9

25,2

  Жалпы сипаттағы мемлекеттiк
  қызметтер көрсету

1,4

1,5

1,4

  Қорғаныс

1,0

1,0

1,2

  Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк,
  құқық, сот, қылмыстық атқару
  қызметi

2,0

2,1

2,2

  Білiм беру

3,3

3,5

3,5

  Денсаулық сақтау

1,9

2,4

2,6

  Әлеуметтік қамсыздандыру
  және әлеуметтік көмек

5,2

4,9

5,3

  Тұрғын үй-коммуналдық
  шаруашылық

0,8

1,2

2,2

  Мәдениет, спорт, туризм және
  ақпараттық кеңiстiк

0,7

0,8

0,7

  Отын-энергетикалық кешен
  және жер қойнауын пайдалану

0,2

0,5

0,5

  Ауыл, су, орман, балық
  шаруашылығы, ерекше
  қорғалатын табиғи аумақтар,
  қоршаған ортаны және
  жануарлар дүниесін қорғау,
  жер қатынастары

1,4

1,5

1,4

  Өнеркәсіп, сәулет, қала құ-
  рылысы және құрылыс қызметi

0,1

0,0

0,0

  Көлік және коммуникация

1,8

1,9

1,7

  Өзгелер

2,3

1,6

1,8

  Борышқа қызмет көрсету

0,8

0,6

0,5

  Ресми трансферттер

0,3

0,2

0,2

Бюджет тапшылығы (профицитi)

- 1,0

-0,3

-1,7

Анықтамалық:
ЖIӨ, млрд. теңге

4612,0

5542,0

6580,0

       Параграф   3 Бюджет жүйесiн жетiлдiру

      2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi (бұдан әрi - Бюджет кодексi) қолданысқа енгізiлгеннен берi бюджет процесiн ұйымдастыру соның нормалары негiзiнде жүзеге асырылады.
      Бюджет кодексiнiң қабылдануы орта мерзiмдi жоспарлаудың рөлiн күшейтуге мүмкiндiк бердi және бюджет жүйесiндегi заңнаманы үйлестiрудi қамтамасыз етті.
      Елдегі экономикалық және бюджеттiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу практикасы тұрғысынан алдағы үш жылға арналған фискалдық саясат мемлекеттің ұзақ мерзiмдi, орта мерзiмдi бағдарламалық құжаттарына сәйкес құрылатын болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді
фискалдық саясатын қалыптастыру

(кестені қағаз мәтінінен қараңыз)

      Бюджет кодексiн iске асыру үшiн 31 нормативтiк құқықтық кесiм, оның iшiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң және төтенше мемлекеттiк бюджеттiң жобаларын әзiрлеу, сондай-ақ жергілiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу және есепке алу, республикалық және жергiлiкті бюджеттердi атқару тәртiбiн айқындайтын ереже қабылданды.
      Бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттiк өтiнiм жасау және ұсыну ережесi қабылданған Бюджет  кодексiне  сәйкес келтiрiлдi.
      Бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау, орындау және олардың орындалуын iшкi бақылау процесiнде олардың тиiмдiлігіне бағалау жүргiзу тәртiбiн және көрсеткiштерінің жүйесiн айқындау мақсатында Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу ережесi әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 шiлдедегi N 779  қаулысымен  бекiтілдi.
      Бюджеттiк бағдарламаларға тән егжей-тегжейлi ерекше өлшемдер мен көрсеткiштердi белгiлей отырып, бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды бiртiндеп енгiзу мақсатында 2005-2007 жылдарға арналған бюджет процесiне бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалауды енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрлендi және пилоттық бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi айқындалды.
      Сондай-ақ пилоттық бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалау өлшемдерi мен көрсеткiштерiнiң тiзбесi және оларды пайдалану жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлендi.
      Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгін пилоттық бағалау бюджет процесiнiң барлық сатысында жүргізiлетiн болады, бұл бюджеттік бағдарламалар бойынша тиiмдiлiктi бағалауды түсiнудi және енгiзудi жеңiлдетуге мүмкiндiк бередi.
      Кейiннен тиiмдiлiктi бағалауды барлық бюджеттiк бағдарламаларға тарату және әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша ерекше өлшемдер мен көрсеткiштердi әзiрлеу ұйғарылып отыр.
      Мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жетiлдiру шеңберiнде жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар бюджет қаражатын оңтайлы және тиiмдi жұмсауға бағытталған.
      Мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың иелiгiндегi ақшаны тиiмдi пайдалану мақсатында олардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруы процесiнде туындаған қатынастарды реттеу "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңымен  (бұдан әрi - Заң) жүзеге асырылады.
      Бюджет қаражатын уақтылы және сапалы игеру, мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн жақсарту мақсатында 2004 жылы Заңға өзгерiстер енгiзiлдi, бұл өзгерiстерге сәйкес мемлекеттік органдар мен мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар конкурстық рәсiмдердi бюджет (бизнес-жоспар) бекiтiлгеннен кейiн бiрден бастауға құқылы.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi шараларды жетiлдiру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған iс-шараларды орындау, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы  заңнаманың  сақталуы үшiн жауапкершiлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiлiктi нығайту жөнiндегi шаралар туралы" 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 1550  Жарлығы  бекiтiлдi. Бұған сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi мемлекеттiк сатып алудың тендерлiк жүйесiнен басымды биржалық саудаға, сондай-ақ бюджет қаражатын жұмсаудың ашық және тиiмдi қағидаттарындағы электрондық мемлекеттiк сатып алуға көшу үшiн жағдайлар жасау жөнiнде iс-шаралар жүргiзетiн болады.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1471  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде "Электрондық мемлекеттiк сатып алу" ақпараттық жүйесiн енгiзу жөнiндегi жұмыс жүргізiлуде.
      Бюджет кодексiнiң  71-бабына  сәйкес жоспарлаудың нормативтiк әдiсiн кезең-кезеңiмен енгiзу шеңберiнде орталық мемлекеттiк органдар қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi қайта қарау және ведомстволық бұйрықтармен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларымен бекiтiлген заттай нормалар өзектi болған жағдайда оларды қайта бекiту жөнiнде жұмыс жүргiзуде.

       2. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi

      Орта мерзiмдi кезеңде фискалдық саясаттың негізгi мақсаты әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым мiндеттерiн шешу үшiн салық-бюджет құралдарын тиiмдi қолдану, атап айтқанда Қазақстанды әлеуметтiк және экономикалық жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге қабiлеттілігін арттыру болып табылады.
      Орта мерзiмдi кезеңде бұл мақсатқа қол жеткiзуге мынадай мiндеттердi шешу:
      бюджеттiк заңнаманы жүйелендiру;
      бюджеттiк жоспарлауды жетiлдiру;
      мемлекеттік шығыстардың тиiмдiлігі мен нәтижелілігін арттыру;
      жүргiзiп жатқан әлеуметтiк реформаларды қаржылық қамтамасыз ету, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту;
      перспективалы бюджеттiк жоспарлаудың рөлiн жоғарылату;
      көлеңкелi экономиканың үлесiн азайту;
      бюджетаралық қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тетiгiн жетiлдiру;
      жүргiзiлiп жатқан жинақтар саясатын ескере отырып, республикалық бюджет тапшылығының және үкiметтiк борыштың оңтайлы өлшемдерiн айқындау;
      үкiметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесiн бiртiндеп азайту ықпал ететiн болады.
      Бұдан басқа, мемлекеттiң жалпы экономикалық саясатының аса маңызды құрамы бола отырып, фискалдық саясат жоспарланып отырған кезеңде инфляцияның орташа жылдық деңгейi бойынша белгiленген дәлiздi ұстап тұруға, төлем балансының тұрақтылығына, тауарлар мен қызметтердi түпкi тұтынуды және капитал жинақтауды өсiруге жәрдемдесетiн болады.

      3. Кiрiстер саясаты

      2003-2004 жылдардағы салық  заңнамасындағы  өзгерiстер экономикаға салықтық жүктеменi азайтуға, елдiң инвестициялық тартымдылығын күшейтуге, жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологиялар ағынын және оларды енгiзудi көтермелеуге, мемлекет пен салық төлеушiлердiң өзара қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталды.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларына, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес салықтық жүктеменi азайту және елдiң экономикалық өсуiн ынталандыру, сондай-ақ белгiлi бiр санаттағы азаматтардың кiрiстерiн заңдастыруын ынталандыру және жалақыны ұлғайту мақсатында 2004 жылдан бастап жеке табыс салығының ставкалары азайтылды, әлеуметтiк салық бойынша ставкалардың кемiмелi шәкілі енгiзiлдi, қосылған құн салығының ставкасы азайтылды, арнайы экономикалық аймақтар аумағында салық салудың ерекше режимi белгiлендi, арнайы салық режимдерiн қолдану аясы кеңейтiлдi.
      Экономиканы одан әрi тұрақты дамыту, жүргiзiлiп жатқан реформаларды тереңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингiне, резидент еместерге, қаржы құралдарына салық салуды, сондай-ақ салықтық әкiмшілендiру нормаларын жетiлдiру және кәсiпкерлердiң инвестициялық тартымдылығын күшейту мақсатында инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтiлдi, мұнай-химия өндiрiстерi, қосылған құны жоғары тауарлар өндiрiсi үшiн жеңiлдiктер енгiзiлдi.
      Негiзгi құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерiн жеделдету үшiн салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетiлдiрiлдi.
      Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру, сондай-ақ инвестициялар көлемiн өсiру және салықтық әкiмшiлендiрудi одан әрi жетiлдiру есебiнен ел экономикасын теңгерімдi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында орта мерзiмдi кезеңде салық саясатының негiзгi бағыттары:
      шағын кәсiпкерлiк субъектілерi үшін арнаулы салық режимiн қолдану аясын кеңейту және оларды ең алдымен, экономиканың шикiзат емес секторына инвестициялар салуға тарту үшiн шаралар қабылдау;
      салық төлеушiлер үшiн қашықтық және ақпараттық сервис әдiстерiнiң көмегiмен салықтық әкiмшiлендiру процестерiн одан әрi жетiлдiру және дамыту;
      талдау тәсiлдерi мен әдiстерiн және салықтық есептiлiктiң камералдылығын дамыту;
      ақпараттық қызметтердi бiрiктiру, мемлекеттiк органдармен ақпараттық өзара iс-қимылды жетiлдiру және оның тиiмдiлігін арттыру;
      қазақстандық экономиканың бәсекеге қабiлеттілiгiн күшейту мақсатында 2008 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды тұлғалардың кiрiстерiнен жеке тұлғалардың кiрiстерiне бiртiндеп ауыстыру мүмкiндiгiн қарау болады деп ұйғарылып отыр.
      Мемлекеттік бюджет кiрiстерi салық заңнамасы, Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерi мен салық саясатының ел экономикасын одан әрi дамытуға және инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізiнде айқындалды.
      Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң 2006-2008 жылдарға арналған болжамы 6-кестеде келтiрiлген.

                                                           6-кесте

               Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң
             2006-2008 жылдарға арналған болжамы

                                                  ЖIӨ-ге пайызбен

Атауы

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Кiрiстер

22,3

22,7

23,2

Салықтық түсiмдер

21,3

21,5

22,0

Салықтық емес түсiмдер

0,6

0,5

0,5

Негiзгi капиталды сатудан
түсетiн түсiмдер

0,4

0,7

0,7

      Әлемдiк тауар рыноктарындағы қолайлы жағдай, халықтың өмiр сүру деңгейiнiң жақсаруы нәтижесiнде iшкi сұраныстың артуы, инвестициялық климаттың жақсаруы, индустриялық-инновациялық стратегияны iске асыру экономиканы дамытудың жоғары қарқынына және тиiсiнше бюджет кiрiстерi түсiмдерiнiң ұлғаюына негiз болды.
      Кiрiстер болжамының есептерiнде жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын мұнай секторы ұйымдарының тiзбесi бойынша салық түсiмдерiнiң есебi бiр баррель үшін 19 AҚШ доллары болатын мұнайдың әлемдiк тұрақты бағасы есепке алына отырып жүргiзiлгенi ескерiлдi.
      Салықтық түсiмдер болжамында:
      Қазақстан Республикасы Салық  кодексiнiң  ережелерiне енгізiлген, тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу тәртiбiн реттейтiн, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн өзгерiстер;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы) iске асырудан түсетiн қосымша салықтық түсiмдер;
      Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына  Жолдауына  (бұдан әрі - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы) сәйкес мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң жалақысын жоғарылатуға байланысты төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша қосымша түсiмдер;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Теңiзшевройл" ЖШС арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға сәйкес 2007-2008 жылдары роялтидiң 200 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде қайтарылуы ескерiлдi.
      Бұдан басқа, салықтық түсiмдер "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есепке ала отырып айқындалған әлеуметтiк салық ставкаларының өзгеруiне түзетiлдi.
      Залалды қызметiне байланысты салықтық емес түсiмдердiң 2006-2008 жылдарға арналған болжамында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кiрiсiнен түсетiн түсiмдер болжанбайды.
      Негiзгi капиталды сатудан түсетiн 2006-2008 жылдарға арналған түсiмдер Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру мақсатында тұрғын үй салуды қамтамасыз ету үшiн бұрын республикалық бюджеттен қайтарымды негiзде бөлiнген қаражатты қамтиды.
      Мемлекеттiк бюджет кірістерінің құрамындағы мұнай және мұнай емес секторлар кәсiпорындарынан түсетiн түсiмдердiң арақатынасы 7-кестеде көрсетiлген.

                                                         7-кесте

              Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң құрылымы

                          мемлекеттiк бюджет кiрiстерiне пайызбен

Кәсiпорындардан түсетiн
түсiмдер

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Мұнай секторынан

22,5

18,6

16,3

Мұнай емес сектордан

77,5

81,4

83,7

      Орта мерзiмдi кезеңде мемлекет саясаты мұнай емес секторды дамытуды көтермелеуге бағытталады. Мұнай кiрiстерiне тәуелсiз салықтық базаны дамыту экономиканы әртараптандыру жөнiндегi мақсаттарға қол жеткiзуге ықпал етедi және жүргізiлiп жатқан фискалдық саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етедi.
      Өткен жылға қарағанда 2006 жылы мұнай емес сектордан түсетiн түсiмдер 18,2 %-ға, 2007 және 2008 жылдары тиiсiнше 21,8 %-ға және 19,6 %-ға өседi.
      Әлемдiк мұнай бағасы елеусiз төмендеген жағдайда мұнай өндiрудiң өсу қарқыны ЖIӨ-нiң өсу қарқынынан төмен болуы есебiнен орта мерзiмдi кезеңде мұнай секторы кәсiпорындарынан түсетiн салықтар мен төлемдер түсiмi азаяды.
      Ұлттық қор көлемiнiң болжамы орта мерзiмдi кезеңде:
      мұнайдың (Brent қоспасы) әлемдiк бағасының тұрақты есептi әлемдiк бағадан асып түсуi нәтижесiнде шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң жоспардан тыс түсiмдері;
      республикалық бюджеттен берiлетiн, шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң жоспарлы түсiмдерi көлемiнiң 10%-ы мөлшерiнде есептелген ресми трансферттер;
      республикалық меншiктегі, тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден, жердi сатудан түсетiн түсiмдер және өзге де түсiмдер есебiнен күтiледi.
      Бүгінгі таңда тұтастай қазақстандық экономиканың жай-күйiн белгiлi бір дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуал айқындайды. Ұлттық қор табиғи запастардың орны толтырылмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау және мемлекеттік шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстардың әлемдiк бағаларының күрт ауытқуларына тәуелдiлiгiн азайту мәселелерiн шешедi.
      Ұлттық қордың активтерi жыл бойы 1,4 млрд. AҚШ долларына ұлғайып, 2004 жылдың аяғында 5 млрд. АҚШ долларынан асты.
      Қолданыстағы заңнама жағдайларында Ұлттық қорға 2006 жылы 125,3 млрд. теңге сомасында немесе ЖIӨ-ге 1,6 %, 2007 жылы 118,5 млрд. теңге (ЖIӨ-ге 1,3 %), 2008 жылы 119,4 млрд. теңге (ЖIӨ-ге 1,2%) түсiмдер болжанып отыр.
      Көрсетiлген болжамды түсiмдер жағдайларында Ұлттық қордың жалпы активтерi (инвестициялық кiрiстi есепке алмағанда) 2006 жылы шамамен 932 млрд. теңгенi, 2007 жылы 1 049 млрд. теңгенi, 2008 жылы 1168 млрд. теңгенi құрайды.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының Yкiметi мемлекеттiк бюджет пен Ұлттық қор арасындағы өзара қарым-қатынастар тетiгін жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзiп жатыр. Қор жинақтарын одан әрi қалыптастырудың оңтайлы жолдарын және оның активтерiн басқарудың тиiмдi әдiстерiн айқындауға бағытталатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасы әзiрленуде.

       4. Шығындар саясаты

      2006-2008 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен мiндеттерiн кешендi шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір мезгiлде орындауға негізделетін болады.
      Тұтастай алғанда, орта мерзiмдi кезеңде жүргiзілiп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және мыналарға:
      денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
      бiлiм берудi дамытуға;
      әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетуге;
      индустриялық-инновациялық дамуға;
      аграрлық секторды дамытуға;
      жаңа тұрғын үй саясатын iске асыруға;
      қоршаған орта сапасын тұрақтандыруға;
      шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға;
      Астана қаласын дамытуға;
      көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыруға бағытталатын болады.
      Орта мерзiмдi кезеңдегi мемлекеттiк бюджет шығыстары 2006 жылы - ЖIӨ-ге 24,2 %, 2007 жылы - 24,5 %, 2008 жылы - 24,3 % болып болжанады.
      Инвестициялық саясатты қалыптастыру, оның iшiнде республикалық бюджеттен инвестицияларды жоспарлау, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi кезеңге арналған орта мерзiмдi жоспары шеңберiнде жүзеге асырылады.
      Алдағы орта мерзiмдi кезеңде даму бағдарламалары шеңберiндегi шығыстар саясаты мемлекеттiк инвестицияларды пайдалану тиiмдiлiгiн, бюджет заңнамасының ережелерiн қатаң сақтауды, мемлекеттiк бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың әлеуметтiк-экономикалық маңыздылығы мен пайдалану тиiмдiлiгін арттыруға бағытталған.
      "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобы бойынша шығыстар 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,4 %-ы, 2007 жылы - 1,5 %-ы және 2008 жылы - 1,3 %-ы деңгейiнде болжанып отыр.
      Қазiргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында мемлекеттiк басқарудың ұйымдық құрылымын оңтайландыру және бiрiздендiру, мемлекеттiк органдар мен мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкілеттіктердің аражігін нақты әрі оңтайлы қайта бөлу және бекiту, мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелi секторға беру арқылы мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiрудi көздейтiн әкiмшiлiк реформа бойынша жұмыс жүргiзiлуде.
      Әкiмшiлiк реформаны толыққанды iске асыру функцияларды төмен тұрған мемлекеттік басқару деңгейiне берумен қатар, тиiстi ақпараттық-әдiснамалық, материалдық қамтамасыз етудi және тиiстi штат санын да берудi, сондай-ақ республикалық меншiктi жергiлiкті мемлекеттiк басқару деңгейiне берудi көздейдi.
      Бұдан басқа, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына  Жолдауында  мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлігі мен сапасын бағалаудың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң негізгi мiндеттерiнiң бiрi болып айқындалды. Соған байланысты мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмділігі мен сапасын бағалаудың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу жөнiндегі жұмыс жүргiзілiп жатыр, мұнда барлық: жоспарлау, iске асыру, қызмет нәтижелерi кезеңдерiн қамтитын мемлекеттiк органның қызметiн толық ұйымдастыру, қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн мемлекеттiк орган қызметiн ұйымдастыру, бюджеттік және адами ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлігі қамтылады.
      Бұл шаралар функцияларды төмен тұрған, халыққа неғұрлым жақын мемлекеттiк басқару деңгейiне беру жолымен мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыруға, мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметтер көрсету жөнiндегі жауапкершiлiгiн жоғарылатуға, олардың тиiмдiлігін арттыруға, бюрократияны қысқартуға, қол жетiмдiлiктi жоғарылатуға, халықты мемлекеттiк қызметтермен толық қамтуға, әлеуметтiк-экономикалық әл-ауқатты жақсартуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және басқаларға ықпал етедi.
      Мемлекеттiк қызметтiң қазақстандық жүйесi Орталық және Оңтүстiк-Шығыс Еуропа мен ТМД мемлекеттерiнiң кейбiр алдыңғы қатарлы елдерi арасында неғұрлым жедел қарқынмен дамуда және мықты институционалдық негiзден бастау алған. Соңғы жылдары басым болып отырған тұрақтандыруға және институционалдық дамуға ден қою мемлекеттiк қызметтi одан әрi дамыту үшiн негiз болды.
      Мемлекеттiк қызметшiлерге жалақы төлеу жүйесiн жетiлдiру мақсатында 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейiнгi кезеңде жалақы төлеу жүйесiн реформалаудың екi сатысы жүргiзiлдi:
      бiрiншi сатыда базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттерге негізделген жалақы төлеу жүйесi енгiзiлдi;
      екiншi саты - жалақы төлеу жүйесiне жоғарғы, орта және төменгі басқару деңгейлерiн (буындарын) енгiзу болды. Бұл шара мемлекеттiк қызметшiлердi карьералық жоғарылауға ынталандыруға бағытталған.
      Жетiлдiрудiң үшiншi сатысындағы мақсат мемлекеттiк қызметшiлердi өнiмдiлiкке және орындалатын жұмыстың сапасына ынталандыруды жоғарылату болып табылады.
      Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап бюджет саласы қызметкерлерiнiң және мемлекеттік қызметшiлердiң жалақысы орта есеппен 32 %-ға көтерiледi. 2006 жылдың аяғына дейiн жалақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және 2007 жылдан бастап жалақыны орта есеппен 30 %-ға ұлғайту жоспарланып отыр.
      Осыған байланысты мемлекеттің әкiмшiлiк қызметтерiн жетiлдiруге, басқарудың бюрократиялануын азайтуға, мемлекеттiк қызметтің бiлiктiлiк деңгейiн оңтайландыруға бағытталған шараларды пысықтау талап етiледi.
      2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471  Жарлығымен  бекiтілген, азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам әрi сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану жолымен мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмділігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жалғасады.
      Бұл бағдарлама шеңберiнде "электрондық үкiметтiң" базалық құрамдас бөлiктерi, бұған "электрондық үкiметтiң" порталы мен шлюзі жатады, банк жүйесiмен өзара іс-қимыл жасау үшiн "төлем шлюзі", ұлттық бiрiздендiру жүйесi, мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасы құрылады.
      "Қорғаныс" функционалдық тобы бойынша шығыстар қорғаныс қажеттілiктерiне, төтенше жағдайлардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыруға, қорғалатын тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және салтанатты рәсiмдердi орындауға арналған шығыстарды қамтиды және 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,2 %-ы, 2007 жылы - 1,4 %-ы және 2008 жылы 1,4 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 334  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы қорғаныс мұқтаждарына арналған шығыстарды жоспарлаудың негiзi болып табылады, бұған сәйкес қорғанысқа арналған шығыстардың көлемi кемiнде ЖIӨ-нiң 1 %-ы мөлшерiнде көзделедi, мұнда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн (бұдан әрi - Қарулы Күштер) құру, реформалау кезеңдерi мен әскери-экономикалық қамсыздандырудың негiзгі бағыттары айқындалған.
      Қарулы Күштердi жасақтау мен қалыптастырудың келiсiм-шарттық жүйесiне көшу жолымен армияны кәсiбилендiру болжанып отырған шаралардың негiзгi мiндетi ретiнде қойылады, оның мақсаттары бөлiмдер мен бөлiмшелердiң әскери дайындығын жоғарылату, әскери-оқытылған резервтi дайындау, әскери қызметтiң және тұтастай Қарулы Күштердiң беделiн арттыру болып табылады.
      Қарулы Күштердi құру мен дамытудың өткен кезеңдегі тәжiрибесi мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлердi "келісім-шарттағыларға" ауыстыру армия қызметiне оң әсер ететiнiн көрсеттi. Мысалы, Қарулы Күштерде адам шығыны мен қылмыс саны азаяды, моральдық-психологиялық ахуал жақсарады.
      Қарулы Күштердi жасақтаудың келiсiм-шарттық жүйесiне көшудi 2005 жылы солдаттар мен сержант лауазымындағы келiсiм-шарт қызметiнiң әскери қызметшiлерiнiң сандық құрамын штаттың 65 %-ына дейiн ұлғайту жолымен жүзеге асыру және 2007 жылға дейiн осы пайыздық ара қатынасты тұрақтандыру көзделiп отыр.
      Жоспарланып отырған кезеңде Қарулы Күштердiң материалдық-техникалық базасын жақсарту көзделуде. Бұл үшiн қару-жарақ пен әскери техника санын оңтайландыру жөнiнде шаралар қабылдау керек.
      Қазақстан Республикасының халқын, экономикалық әлеуетi мен қоршаған ортасын табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар әсерiнен тиiмдi қорғауды арттыруға және қамтамасыз етуге, олардың салдарының, оның iшiнде iрi көлемдi жер сiлкiнiстерiнiң, су тасқындарының, селдiң және жер көшкiннiң алдын алу, залалды төмендету мен жою үшiн күштер мен құралдарды дамытуға қол жеткiзу мақсаттарында Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрленуде.
      "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 2,0 %-ы, 2007 жылы - 2,3 %-ы және 2008 жылы - 2,2 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерiнiң сыртқы және iшкi қауiптерден қорғалуын қамтамасыз ету үшiн әлемдегi террорлық агрессия жағдайларында мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiнiң зор маңызы бар.
      Жоспарланып отырған орта мерзiмдi кезеңде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1355  қаулысымен  бекiтiлген, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн тиiмдi қорғауды қамтамасыз етуге; қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы өтiнiштер мен хабарламаларды шешу кезiнде заңдылықты сақтауға; қоғамдық қауiпсiздiктiң тиiстi жағдайын қамтамасыз етуге; алдын алу қызметiн жетілдiруге; қылмыстарды мақсатқа сай әлеуметтiк-құқықтық алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасады.
      Бұл бағдарламаны iске асыруға 2006-2007 жылдары 6,9 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.
      Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376  қаулысымен  бекiтiлген, iс-шаралары түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталғандарды ұстау жағдайларын, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындаудың сапасын жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару жүйесiн одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасады.
      Бұл бағдарламаны iске асыруға 2006 жылы 3 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.
      Мықты әрi тәуелсiз сот билігі демократияның, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығын қамтамасыз етудiң маңызды шарты болып табылады.
      Мемлекеттің қалыптасу және даму кезеңiнде сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шаралар кешенi жүзеге асырылды.
      Соттар тәуелсiздігінiң кепiлдiгi қамтамасыз етiлдi. Мемлекет тарихында тұңғыш рет жергiлiктi соттардың барлық судьяларын ел Президентi тұрақты мерзiмге сайлай бастады, кәсiптiк жүйе құрылды, функциялары жалпы құқықтық құзырлы соттарға берілiп, төрелiк соттар таратылды, мамандандырылған ауданаралық әкiмшілiк және экономикалық соттар құрылды.
      Сот жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттары Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 949  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған, оның негiзгi мiндеттерiнiң бiрi сот төрелігі органдарын жетілдiру, ең алдымен бiрiншi деңгейдегi соттардың (аудандық, қалалық соттар) қызметiн жетiлдiру болып табылады.
      Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы объективтiлiктi, сондай-ақ сот кесiмдерiнiң уақтылы орындалуын қамтамасыз ететiн сот өндiрiсiн оңайлату, сот жүргiзу шеңберiнде және сот шешiмдерiн атқару кезеңiнде азаматтар құқығына берiлетiн кепiлдiктердi күшейту, сот корпусының тәуелсiздiгін қамтамасыз ету және қылмыстық сот жүргiзу мен сот шешiмдерi шеңберiнде адвокаттардың рөлiн арттыру жөнiндегі iс-шараларды жүргiзу қажеттiгiне баса назар аударды.
      Алға қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында сот жүйесiн жетiлдiру және судьялардың мәртебесiн көтеру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн әзiрлеу және қабылдау қажет.
      Қылмыстық тергеудi жүзеге асырған және iстердi сотта қараған кезде заңдылық қағидаттарын нығайту үшiн Қазақстан Республикасында халық өкiлдерiнiң әдiл сотты жүзеге асыруға қатысуын көздейтiн алқабилер соты институтын енгiзу мәселелерi жөніндегі заң жобасы әзiрленуде.
      Атқарушы билiк реформасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберiнде, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың халықпен өзара iс-қимылын оңайлату және олардың арасындағы тiкелей байланыстарды барынша азайту мақсатында Халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететiн орталықтар құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
      "Білiм беру" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 3,8 %-ы, 2007 жылы - 4,4 %-ы және 2008 жылы - 4,4 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Бiлiм беру саласындағы бюджет саясаты әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне бiрiктiрiлген және әлемдiк еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттi мамандар даярлауды қамтамасыз ететiн бiлiм берудiң ұлттық моделiн қалыптастыруға бағытталады.
      Мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде мынадай негiзгі мiндеттердi шешу:
      барлық балалардың мектепке дейiнгi бiлiмге тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
      2008/2009 оқу жылынан бастап 12-жылдық жалпы орта бiлiм беруге көшу;
      жоғары буын оқушыларын бейiндi және кәсiптiк бағдарланған оқыту жүйесiн құру;
      кәсiптiк және техникалық бiлiм беру саласында бiлiктi жұмысшы кадрларды даярлаудың жаңа ұстанымдарын қалыптастыру;
      жаңа - ортадан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру деңгейiн құру;
      академиялық кредиттер жүйесiне негiзделген кәсіптік кадрлар даярлаудың үш деңгейлi - бакалавриат - магистратура - докторантура (Рh.D) жүйесiн қамтамасыз ету;
      Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн құру көзделiп отыр.
      Алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн:
      мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары желiсiн кеңейту;
      балалардың 30%-ын мектепке дейiнгi ұйымдармен қамту есебiнен атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етiлген отбасыларды бiлiм беруде қолдау жүйесiн құру;
      мемлекеттік жалпыға мiндеттi жалпы орта бiлiм берудiң ұлттық бiлiм беру мақсаттарының жүйесiн белгiлейтiн, бiтiрушiлердiң базалық құзыреті түрiндегі нәтижеге бағдарланған жаңа стандартын әзiрлеу;
      бiлiм беру сапасын iшкi және сыртқы бағалауды енгiзу, оқушылардың оқу жетiстіктерiнiң деңгейiн айқындайтын стандартталған бағалау құралдарын жетiлдiру;
      бiлiм беру бағдарламаларын әртараптандыру және олардың икемдiлiгi, жоғары оқу орындарын қайта құрылымдау және академиялық еркiндiктердi кеңейту негiзiнде кәсiптiк жоғары бiлiм беру сапасын жоғарылату;
      жаңа магистрлiк бағдарламалар бойынша кадрлар даярлау;
      ұлттық бiлiм беру бағдарламаларын халықаралық таныту және студенттердің өздiгiнен бiлiм алу деңгейiн жоғарылату мақсатында кәсiптiк орта және жоғары білiм беру жүйесiне кредиттік технологияны енгiзу;
      ауыл мектептерiн дамыту, шағын жинақталған мектеп балалары үшiн бейiндi мектеп-интернаттар салу және ашу;
      республикалық бюджет есебiнен 2008 жылдың аяғына дейiн 176 жалпы бiлiм беретiн мектеп салу;
      арнаулы түзеу бiлiм беру ұйымдары желiсiн және мүмкiндігі шектеулi балалардың кәсiптікке дейiнгi және кәсiптiк даярлыққа қол жеткiзуiн өрiстету;
      мүмкiндiгi шектеулі адамдарды бiрiктiрiлген оқытуды мемлекеттік қолдау жөніндегі, бұрын оқытылмайды деп есептелген балаларды оқытуды ұйымдастыру жөнiндегі шараларды әзiрлеу;
      Алматы және Қарағанды қалаларында көзi нашар көретiн балалар үшiн әрқайсысының жобалық қуаты 250 орын мектеп-интернаттар салу;
      оқу процесiн ұйымдастырудың қашықтық және өзге де инновациялық нысандарын енгізудi кеңейту ұйғарылып отыр.
      Мемлекет басшысының мұғалiм мамандығының беделiн қамтамасыз ету туралы тапсырмасын iске асыру үшiн жыл сайын педагог кадрларды даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы 5000 бiрлiкке ұлғайтылады.
      2006 жылдан бастап кез келген шетелдегі тағылымдаманы қоса алғанда, жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған грант мәртебесi бар жыл сайынғы мемлекеттiк "Yздiк оқытушы" стипендиясы енгiзiледi.
      Көрсетiлген мақсаттарға 2006-2008 жылдары шамамен 1,3 млрд. теңге бөлу ұйғарылып отыр.
      Сондай-ақ "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамы арқылы студенттердiң кредиттерiне мемлекеттiк кепiлдiк беру жүйесiн iске асыру мақсатында таяу арадағы 4 жыл ішінде шамамен 1,4 млрд. теңге бөлiнетiн болады.
      2007 жылы "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  жаңа редакциясына педагог қызметкердiң мәртебесi туралы норманы қосу ұйғарылып отыр.
      Техникалық бiлiм берудi дамыту үшiн жыл сайын техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын ұлғайту көзделуде. 2005/2006 оқу жылында техникалық мамандықтарға мемлекеттiк тапсырысты тағы да 700 бiрлiкке ұлғайту көзделiп отыр.
      Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiнiң жұмыс iстеуi мақсатында Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, республикалық бiлiктілiктi растау және беру орталығы, "Мектепке дейiнгі балалық" республикалық орталығы, "Оқулық" ғылыми-практикалық орталығы құрылуда.
      "Болашақ" бағдарламасын институционалдық қолдау үшiн Халықаралық бағдарламалар орталығы құрылды. Аталған бағдарлама шеңберiнде әлемнiң озық жоғары оқу орындарында оқу үшiн жыл сайын үздiк үш мың студентке республикалық бюджеттен қаражат бөлiнетiн болады.
      Әзiрленетiн "Жасыл ел" бағдарламасының шеңберiнде жастар арасында жұмыссыздық деңгейiн азайту мақсатында ормандарды молықтыру, республика аумақтарын көгалдандыру мен абаттандыру жөніндегі iс-шараларға оқушылар мен студенттер, сондай-ақ жұмыс iстемейтiн жастар тартылатын болады. Сондай-ақ жазғы демалыс кезiнде тұрғын үй салу жөнiндегi iс-шараларға студенттердiң қатысуы үшiн құрылыс жасақтары ұйымдастырылатын болады.
      Бiлiм берудi басқаруды одан әрi демократияландыру негiзiнде ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру ұйғарылып отыр.
      "Денсаулық сақтау" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 2,7 %-ы, 2007 жылы - 2,7 %-ы, 2008 жылы - 3,1 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде денсаулық сақтау саласында 2006-2008 жылдары:
      сапалы бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен (БМСК) қамтамасыз ету, оның iшiнде:
      халықтың жекелеген санаттарын кейiннен серпiндi байқау және сауықтыру жұмысын жүргiзе отырып, жыл сайын алдын ала медициналық тексерудi кезең-кезеңiмен енгiзу, бұған 2006 жылы 4,5 млрд. теңге, 2007-2008 жылдары 4,8 млрд. теңге бөлу талап етiледi;
      материалдық-техникалық жарақтандыру 2006-2008 жылдары шамамен 12,7 млрд. теңгенi, соның iшiнде ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау объектілерi үшiн 9,0 млрд. теңгенi құрайды. Бұл ретте БМСК ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейi біртіндеп медициналық жабдықпен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және санитарлық автокөлiкпен жарақтандырудың ең төменгi нормативiне дейiн жеткiзiледi.
      2006 жылдан бастап неғұрлым көп таралған ауру түрлерiне шалдыққан үлкендердi амбулаториялық деңгейде жеңiлдiктi дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету көзделіп отыр, бұл үшiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ауру түрлерiнiң тиiстi тiзбесiн бекiтедi. Жыл сайын осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 1,8 млрд. теңге жiберiледi. 2006-2008 жылдары барлығы шамамен 5,6 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр;
      ана мен бала денсаулығын нығайту.
      2006-2008 жылдары жекелеген ауру түрлерi бойынша бес жасқа дейiнгi балаларды амбулаторлық деңгейде дәрілік заттармен, сондай-ақ жүктi әйелдердi құрамында темiр және йод бар препараттармен тегін қамтамасыз ету жалғасады, бұған тиiсiнше шамамен 1,7 және 2,4 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.
      2006-2008 жылдары диспансерлiк есепте тұрған балалар мен жасөспiрiмдердi амбулаториялық емдеу кезiнде тегiн дәрілік заттармен қамтамасыз етуге шамамен 3,2 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.
      Жоғарыда көрсетiлген бағыттарды iске асыру үшiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган ауру түрлерінің тиiсті тiзбелерiн бекiтедi.
      Балалар және бала туу ұйымдарының жарақтандырылуы медициналық жабдықпен жарақтандырудың ең төменгі нормативіне дейiн жеткiзiледi, бұл ретте 2006-2008 жылдары қажеттi қаражат сомасы шамамен 7,1 млрд. теңгенi құрайды.
      Ел халқының қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк құралдарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету сияқты басым iс-шараларды iске асыру жалғасады.
      Диагностика, емдеу хаттамаларына сәйкес АҚТҚ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратындарды 2008 жылдан бастап антиретровирусты терапиямен қамтамасыз ету ұйғарылып отыр, бұл республикалық бюджеттен 0,9 млрд. теңге бөлудi көздейдi.
      Бұдан басқа, денсаулық сақтаудың жекелеген бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 маусымдағы N 905  қаулысымен  бекiтiлген "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 тамыздағы N 850  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестi күшейтудiң 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы iске асырылуда.
      Тұтастай алғанда, денсаулық сақтау саласындағы бюджет саясаты халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыруға, оның артықшылықтары туралы хабардар болуын жоғарылатуға, мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне, бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейiнде денсаулықты, аурулардың алдын алу жүйесiн нығайтуға, азаматтардың сапалы медициналық және дәрілік көмекке қол жетiмдiлiгiн арттыру жолымен халық денсаулығын жақсартуға, еркiн медициналық сақтандыруды дамытуды ынталандыруға бағытталады.
      "Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмегі" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 5,4 %-ы, 2007 жылы - 5,2 %-ы, 2008 жылы - 5,2 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Елде сақталып отырған экономикалық өсу Қазақстан Республикасының Үкiметiне халықты әлеуметтiк қорғауды дамытуға арналған шығыстарды ұлғайту жолымен саясаттың әлеуметтiк бағдарлануын жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
      2005 жылы ең төменгi зейнетақы мөлшерi 6200 теңгенi құрады, ал 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап зейнетақы жасына жеткен адамдарға жұмыс өтiлiне, жалақысына және зейнетақы мөлшерiне қарамастан 3000 теңге мөлшерiнде қосымша ай сайынғы базалық зейнетақы төлемi енгiзiледi, оның мөлшерi кейiннен кезең-кезеңiмен ұлғайтылады. Осылайша, базалық зейнетақы төлемiн ескергенде, зейнетақы мөлшерi 9200 теңгенi, ал орташа зейнетақы мөлшерi 12 мыңнан астам теңгенi құрайды. 2005 жылы базалық зейнетақы төлемiн енгiзуге қосымша 28,8 миллиардтан астам теңге бөлiнедi.
      Сондай-ақ 2005 жылы:
      мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар мен асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетiн жәрдемақылардың қолданыста мөлшерi көтерiлдi. Көрсетiлген мақсаттарға қосымша шамамен 13,1 млрд. теңгe жiберiлдi;
      Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына төленетiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар мөлшерi 15 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн ұлғайтылды және 30 мың теңге мөлшерiнде біржолғы материалдық көмек көрсетiлдi. Көрсетiлген iс-шараларды жүргiзуге 7,0 млрд. теңгеден астам сома бөлiндi.
      2006-2008 жылдары әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек саласындағы бюджет саясатының негiзгi мақсаттары әлеуметтік қамсыздандырудың қаржылық орнықты, әлеуметтiк әдiл үш деңгейлi жүйесiн құру, атаулы әлеуметтік көмектi күшейту болып табылады.
      Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1241  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Әлеуметтiк реформаларды тереңдету бағдарламасы) iске асыру жалғасады, мұнда әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн енгiзу көзделедi.
      2006 жылы:
      ана мен баланы қорғау мақсатында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күмiс алқа" белгiлерiмен немесе I және II дәрежелi "Ана даңқы" атағымен марапатталған аналарға арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылардың мөлшерi 4000 теңгеге дейiн ұлғайтылады. Бұған 2005 жылғы нақтыланған базаға қосымша 2006 жылы 8,3 млрд. теңге, 2007 жылы 9,2 млрд. теңге талап етiледi;
      аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейiнгi балаларына жәрдемақылар енгізiледi. Бұл мақсатқа арналған шығыстар мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi төлеуге көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады;
      барлық санаттағы мүгедектер мен жасына байланысты жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ мемлекеттiк арнаулы жәрдемақыларды алушыларға төленетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi тағы да 1000 теңгеге ұлғайтылады. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған 247 мың отбасыға 300 теңгеден 1000 теңгеге дейiнгi сомада қосымша қолдау көрсетiледi. Бұл мақсаттарға 2005 жылғы нақтыланған базаға қосымша 2006 жылы 10,06 млрд. теңге, 2007 жылы 13,9 млрд. теңге бөлiнедi.
      2006 жылғы 1 шiлдеден бастап бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне байланысты мемлекеттiк жәрдемақылар енгiзiледi, бұл ретте бала санына қарай жәрдемақы мөлшерiнiң прогрессивтік шәкiлi болады. Бұл мақсаттарға 2006 жылы 7,7 млрд. теңге, 2007 жылы 16,9 млрд. теңге қосымша бөлу жоспарланып отыр.
      Халықаралық стандарттарға жақындау мақсатында 2006 жылдан бастап ең төменгi күнкөрiс деңгейi базалық көрсеткiш ретiнде алынады, оның негiзiнде әлеуметтік төлемдердiң мөлшерлерi қайта қаралады. Осыған байланысты, ең төменгі күнкөріс деңгейiн айқындау әдiстемесi өзгертiледi, оның негізi тұрмыстық игiлiктер мен қызметтердiң ең төменгi әлеуметтiк қажетті деңгейiн көрсететiн тұтыну бюджетi болмақ.
      Әлеуметтiк реформаларды тереңдету iс-шараларын iске асыруға және халықты әлеуметтiк қолдау жөніндегі қосымша шараларды қаржыландыруға 2004 жылғы деңгейге шаққанда 2006-2007 жылдары мемлекеттiк бюджеттен шамамен барлығы 255 млрд. теңге қосымша бөлiнедi.
      2007 жылдан бастап уақытша еңбекке жарамсыздық жөніндегі жәрдемақы мөлшерi ұлғайтылады, оған 2 млрд. теңгеден астам жiберiледi.
      Елге қоныс аударушылардың ағынын одан әрi көтермелеу, демографиялық ахуалды жақсарту және Қазақстан Республикасының халық санының өсуiн қамтамасыз ету мақсатында 2006-2008 жылдары көшi-қон квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларын көшiрудi ұйымдастыруға, әлеуметтiк қорғауға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджет қаражаты бөлiнедi. 2006-2007 жылдары оралмандардың көшi-қон квотасы жыл сайын 15000 отбасын құрайды.
      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстарын 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,8 %-ы, 2007 жылы - 1,8 %-ы және 2008 жылы - 1,8 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Қазiргi уақытта тұрғын үй қоры түгелдей дерлiк жеке сектордың иелiгiнде, мұнда бәсекелестiк жағдайлары жасалған және қызметтердiң iс жүзiнде пайдаланылған көлемiне ақы төлеуге көшу жүзеге асырылуда. Сонымен қатар оны пайдалану және ұстау мәселесi проблемалы болып отыр, ескiрген және авариялы тұрғын үй көлемi өсуде.
      Қолдағы тұрғын үй қорын тиiстi деңгейде пайдалану мен ұстауды, онда тұрудың қауiпсiз әрi ыңғайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарлама шеңберiнде, атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық салада қызмет көрсетудегi бәсекенi дамыту үшiн құқықтық жағдайлар жасау мақсатында заңнамалық база әзiрленедi, тұрғын үй қорын күрделi жөндеудi жүзеге асыру үшiн қолданыстағы тұрғын үй қорының жай-күйiн қолдауды және жаңартуды қаржыландыру жүйесi жасалады, пайдаланылатын тұрғын үй қорының жай-күйiн тиiстi бақылау қамтамасыз етiледi.
      Халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге нақты қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын шешу қажет.
      Осыған байланысты, арзан тұрғын үй ұсыну және тұрғын үйге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың тұрғын үйлерде қауiпсiз әрi сапалы тұруы үшiн жағдайлар жасау негiзгi мiндеттер болып табылады.
      Халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi шешу мақсатында Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен арзан коммерциялық және коммуналдық тұрғын үй салу, сондай-ақ Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкiндегi салымдар бойынша сыйақылар төлеу жүзеге асырылады.
      "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 0,6 %-ы, 2007 жылы 0,6 %-ы, 2008 жылы 0,5 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк саласындағы негiзгi мақсаттар:
      Жiбек жолы трассасының қазақстандық учаскесiн урбандаудың тарихи жүйесiнiң жалпы ұлттық, әлеуметтiк-экономикалық және халықаралық рөлiн қайта өрлету;
      қазақстандық және шетелдiк азаматтардың әр алуан туристiк қызметтерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған мүмкiндiктердi қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы туристiк кешен құруға жәрдемдесу;
      елдегi дене шынықтыру мен спортты одан әрi дамыту;
      әсiресе ауылда халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн жағдай жасау; спорттың және ұлттық ойындардың олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы түрлерiн дамыту;
      бұқаралық спорт және жоғары жетiстiктер спорты саласында спорт резервi мен халықаралық сыныптағы спортшыларды дайындауды ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-биологиялық және психологиялық қамтамасыз ету жөнiнде зерттеулер жүргiзу;
      спорт резервiн және халықаралық сыныптағы спортшыларды даярлау;
      Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
      бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi нығайту, теңгерiмдi тiлдiк және әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын нығайту;
      мемлекеттік тiлдi одан әрі дамыту;
      этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң қазақстандық моделiнiң тиiмдiлігін арттыру және оның негізгi өлшемдерiн жетiлдiру болып табылады.
      Бұл мақсаттар тиiстi бағдарламалық құжаттар шеңберiнде бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру арқылы iске асырылатын болады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 ақпандағы N 3859  Жарлығымен  бекiтiлген "Жiбек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұраларын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде оның іс-шараларының ауқымдылығын, көп салалы сипатын және капитал сыйымдылығын ескере отырып, республикалық бюджеттен туризм объектiлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген және кәдеге жаратуға жатпайтын, республикалық санатта қорғалатын ескерткiштердi қорғау, қалпына келтiру және зерттеу мақсатына жыл сайын бөлiнетiн қаржы бөлу шегiнде қаражат көзделедi. Жыл сайын жергiлiктi бюджеттен жергiлiктi санатта қорғалатын, туристік бағыттарға қосылған ескерткiштерге тиiстi қаражат көзделедi.
      2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 1277  Жарлығымен  бекiтiлген, халықтың зор мәдени мұрасын зерделеудiң бiртұтас жүйесiн жасауға, ұлтымыздың тарихы үшiн ерекше маңызы бар бiрқатар тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қалпына келтiрудi қамтамасыз етуге, өрiстетiлген көркем, ғылыми, биографиялық серияларды жасауға, әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң үздiк жетiстiктерi базасында гуманитарлық бiлiм берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құруға бағытталған "2004-2006 жылдарға арналған мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аяқталады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегі N 398  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында ұлттық сипаттағы, саяси маңызы бар неғұрлым iрi әрi маңызды проблемаларды шешу, соның iшiнде теледидар және радио хабарларын таратудың арнайы дайындалған бағдарламаларын ТМД елдерiне және алыс шетелдерге трансляциялауды ұйымдастыру, қазiргi заманғы технологияларды пайдалану есебiнен жаңа таратқыштарды орнату немесе радио және телехабарларды таратудың қолданыстағы желiсiн жаңғырту жолымен халықтың мемлекеттiк теледидар және радио бағдарламалармен барынша көп қамтылуын қамтамасыз ету көзделедi.
      Мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк функцияларын кеңейту және нығайту, орыс тілiнің жалпы мәдени функцияларын сақтау және этникалық топтардың тiлдерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550  Жарлығымен  бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде тиiстi бюджет қаражаты көзделедi.
      2006 жылы:
      Этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң қазақстандық моделiн жетiлдiрудiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы, оны iске асыру этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестiру, қоғамдағы әлеуметтiк шиеленiстi азайту үшiн негiз құруға мүмкiндiк бередi, әлеуметтiк практикаға толеранттық мiнез-құлық нормаларын және экстремизмнiң алдын алу және оған қарсы әрекет ету тетiктерiн енгiзудi қамтамасыз етедi, қоғамдағы әлеуметтiк-саяси жағдайлардың өзгеруiне икемдi ден қою үшiн жағдайлар жасайды;
      мәдениеттi дамыту және классикалық халық өнерiнiң үздiк дәстүрлерiн сақтау мақсатында Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрленедi.
      Әзiрленiп жатқан, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектiлерi желiсiн дамытуға, мамандарды даярлауға және саланы бiлiктi кадрлармен қамтамасыз етуге, саланы ұйымдық, ғылыми-әдiстемелiк және медициналық қамтамасыз етуге, жоғары бiлiктi және спорт резервiнiң спортшыларын даярлау мәселелерiн шешуге бағытталған Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру көзделiп отыр.
      Қазақстанның тартымды туристiк объект ретiндегi беделiн қалыптастыру, ұлттық туризм өнiмдерiн қалыптастыру және оның әлемдiк деңгеймен салыстыруға болатын сапасын қамтамасыз ету, саланы мемлекеттiк реттеудi қолдау және оның оңтайлы әдiстерiн таңдау негiзiнде туризмдi кешендi дамыту мақсатында 2006 жылы Туризм саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрленедi.
      Рынок сегменттерiнiң бiрi ретiнде туризм кластерiн дамытуға ерекше көңiл бөлiнедi.
      "Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 0,4 %-ы, 2007 жылы 0,2 %-ы және 2008 жылы 0,1 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Осы саладағы орта мерзiмдi перспективадағы бюджет саясаты:
      Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының барланған  қорларын толықтыруды және олардың тиiмдi пайдаланылуын арттыруды қамтамасыз ететiн минералдық-шикiзат ресурстарын мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiруге және табиғи капитал - көмiрсутек шикiзатын терең әрi кешендi қайта өңдеудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдауға;
      жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге;
      Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының көмiрсутек ресурстарын ұтымды әрi қауiпсiз игеру жолымен елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз етуге және Қазақстан халқының сапалы өмiр сүруiн жақсартуға жәрдемдесуге;
      мұнай-газ кен орындарының iлеспе газын пайдалану арқылы электр энергиясын өндiру жөнiндегi жаңа қуаттарды қолданысқа енгiзу жөнiнде iс-шаралар жүргізуге;
      ел өңiрлерiнiң табиғи және сұйытылған газбен үздiксiз қамтылуын қамтамасыз етуге;
      Қызылорда қаласын газдандыруды қамтамасыз етуге;
      елдiң энергетикалық тәуелсiздiгіне қол жеткiзу үшiн жағдайлар жасауға;
      ғылымның, техника мен технологиялардың қазiргi заманғы бағыттарын дамытуға, жоғары технологиялы әзiрлемелердi рынокқа жылжытуға және оларды өнеркәсiптiк өндiрiске енгізуге, атом және термоядролық энергетика, атом және мұнай-химия өнеркәсiбi, геология және жер қойнауын пайдалану, ядролық медицина саласындағы жоғары бiлiктi ғылыми және инженер кадрларды даярлауға жәрдемдесуге;
      бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының, Қазақстан аумағындағы ядролық зерттеу және жеделдету кешендерiнiң қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге бағытталады.
      Бұл мiндеттер тиiстi бағдарламалардың iс-шараларын қаржыландыру арқылы шешiлетiн болады.
      Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игеру - ұзақ әрi күрделi жасампаз процесс, бұған едәуiр табиғи, техникалық, еңбек және зияткерлiк ресурстар тартылады. Мұнда теңiз мұнай-газ операцияларын дамытудың саяси және экономикалық жағдайлары, Каспий жағалауы өңiрiндегi жұмыстардың ауқымы және олардың елдiң экономикалық өсуiне оң әсерi, сондай-ақ табиғи факторлардың жоғары маңызы назарға алынады.
      2006-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095  Жарлығымен  бекiтiлген Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасында көзделген, соның iшiнде көмірсутектерді теңiзде өндiрудi жоғарылатуды, жаңа теңiз блоктарын тендерлерге жоспарлы шығаруды, барлық теңiз жобаларының мониторингiн, жоғары экологиялық стандарттарға сай келетiн қосымша табиғат қорғау iс-шараларын әзiрлеудi және жүзеге асыруды, қосымша құбыр қуаттарын (экспорттық мақсаттағы емес) салуды қамтитын іс-шаралар мен жұмыстарды iске асырудың екiншi кезеңi басталады.
      Бұл ретте теңiз мұнай-газ кешенi үшiн негізгi отандық тауарлар мен қызметтердiң бәсекеге қабiлеттiлiгi дамытылады (теңiз операцияларын жүргiзу үшiн импорт алмастыру).
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449  қаулысымен  бекiтiлген Елдiң минералдық-шикізаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу:
      өңiрлiк және геологиялық түсiру жұмыстарын жүргiзген кездегi дайындық іс-шаралары;
      1:200000 масштабында жер қойнауын жете геологиялық зерттеу;
      1:200000 масштабында кендi аудандарды геологиялық-минерагеникалық картаға түсiру;
      мұнай мен газды iздеу, iздеу-бағалау және iздеу-барлау жұмыстары;
      елдi мекендердi сумен жабдықтау үшiн іздеу-барлау жұмыстары;
      геотермалдық суларды іздеу-барлау жұмыстары;
      минералдық-шикізат базасының және жер қойнауын пайдаланудың мониторингi;
      жерасты суларының және қауiптi геологиялық процестердің мониторингі;
      геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
      геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер;
      геологиялық зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық қолдау;
      мұнай және өздiгiнен ағып жатқан гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және тоқтатып қою көзделіп отыр.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысымен  бекiтiлген "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың" 2004-2008 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi жұмыс жалғасады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 тамыздағы N 926  қаулысымен  бекiтілген Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес отандық атом энергетикасын жалпы теңгерiмдi энергетикалық даму саясатының құрамдас бөлiгiнiң бiрi ретiнде дамытуды негiздеу үшiн республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын кешендi зерттеулер жүргізiледi.
      Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған: республика аумағын радиоэкологиялық зерттеу және осы салада кешендi мемлекеттiк бағдарлама әзiрлеу жөнiндегi; бұрынғы Семей сынақ полигонының қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөнiндегi; радиоактивтi қалдықтарды қайта өңдейтiн және көметiн объектiлердi салу жөніндегі; Қазақстан Республикасының базалық ядролық зерттеу және жеделдету кешендерiн жаңғырту жөнiндегi, сондай-ақ ядролық жарылыстар мен жер сiлкiнiстерiнiң тарихи сейсмограммаларының электронды мұрағатын құру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыруға тиiстi қаражат көзделетін болады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 шiлдедегi N 1006  қаулысымен  бекiтiлген Уран өндiретiн кәсiпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндiрудiң салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде уран өндiретiн әрекетсiз кәсiпорындарды консервациялауға және уран кен орындарын өндiрудiң салдарларын жоюға тиiстi қаражат көзделедi.
      2006 жылы республикалық бюджет есебiнен басымды инвестициялық жобаларды iске асыру: қазақстандық термоядролық Тоқамақ материалтану реакторын (бұдан әрi - ҚТМ) құру, Л.H.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде ауыр иондарды жеделдетушi базасында пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенiн құру, Курчатов қаласында "Ядролық технологиялар орталығы" технопаркiн құру, Ядролық медицина және биофизика орталығын құру жалғастырылады.
      ҚТМ қондырғысында жүргiзiлетiн тәжiрибелiк зерттеулерді ғылыми және техникалық қолдау әрі оны пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында тиiстi қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаны iске асыру жалғасатын болады.
      Пайдаланылатын және игеруге дайындалатын аз зерттелген әрi шығарып алынуы қиын ресурстық база әлеуетiнiң ұлғаюын, минералдық шикiзатты қолданудың кешендiлігін және кен орындарының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететiн орташа, кiшi кен және кен емес орындардың техникалық-технологиялық дайындық деңгейін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында тиiстi қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаны iске асыру жалғасады.
      Радиоактивтi материалдар айналымын бақылау жүйесiн жетiлдiру мақсатында 2006 жылы "Қазақстан Республикасында радиоактивтi және ядролық материалдарды таратпау режимiн қамтамасыз ету" салалық бағдарламасын iске асыру жоспарланып отыр.
      Ауыр иондарды жеделдетушi базасындағы пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенiндегi зерттеулердің тиiмдiлігін арттыру, кешен қондырғыларындағы тәжiрибелердiң пайдаланылу сипаттамалары мен сапасын жақсарту және ғылыми ортаны қалыптастыру әрi физика, химия, биология саласындағы кешендi ғылыми зерттеулердi және ДЦ-60 ауыр иондарды жеделдетушi базасында алдыңғы қатарлы технологияларды дамыту мақсатында 2006 жылы тиiстi ғылыми-техникалық бағдарламаны iске асыру басталады.
      Қалпына келтiрiлетiн, әлеуетi төмен энергия көздерiн пайдалана отырып тиiмдiлігі жоғары энергия үнемдеуші жылу сорғы қондырғыларын (ЖСҚ) жасау және ЖСҚ пайдалану негiзiнде энергия үнемдеуші жаңа технологиялардың демонстрациялық аймақтарын құру мақсатында тиiстi бағдарламалар iске асырыла бастайды.
      Ілгерiлеген технологиялар мен ғылымды қажетсiнетiн жаңа өндiрiстер үшiн теориялық және практикалық база құру үшiн Қазақстанның атом өнеркәсiбiнде 2006 жылы Қазақстанның атом өнеркәсiбiн ғылыми-техникалық қамтамасыз ету бағдарламасын iске асыру жоспарланып отыр.
      "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нің 1,4 %-ы, 2007 жылы 1,3 %-ы және 2008 жылы 1,2 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары саласындағы 2006-2008 жылдарға арналған шығыстардың негізгi бағыттары:
      астықтың iшкi рыногын тұрақтандыру жөніндегі шараларды қабылдау;
      отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласын дамыту және машина трактор паркін жаңарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге сервистік және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi құрылым жасау;
      ауылда мал шаруашылығы өнiмдерiн сатып алумен және сатумен айналысатын мамандандырылған пункттер құру;
      қолайлы эпизоотиялық және фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету;
      элиталық тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау;
      ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өнiмдiлiгiн және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу үлесiн арттыру;
      іс-шараларды iске асыруға жастарды белсендi түрде тарта отырып, орманды және жануарлар әлемiн сақтау мен қалпына келтiру, жасыл көшеттер отырғызу алаңын ұлғайту, елдi мекендердi көгалдандыру және олардың айналасында жасыл аймақтар құру үшiн жағдайлар жасау;
      автомобиль және темiр жолдардың бойында көгалдандыру көшеттерiн құру;
      ауыз судың сапасын және оның қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
      жер қойнауының және қоршаған ортаның тиiстi дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесiн құру;
      өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыруды қолдау;
      ауыл шаруашылығын институционалдық дамыту;
      жер реформасын тереңдету, геодезия мен картографияны дамыту негiзiнде жер қатынастарын жетiлдiру болады.
      Осы функционалдық топ шеңберiндегі бюджет қаражатының едәуiр үлесi аграрлық өндiрiстi қайта өрлетуге және дамытуға, ауылдық инфрақұрылымды құруға және ауылдағы тұрмыс деңгейiн жоғарылатуға бағытталады.
      Елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, астықтың экспорттық әлеуетiн ұлғайту, отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi мемлекеттік қолдау және астық бағасы демпингiнiң алдын алу үшiн жыл сайын мемлекеттiк ресурстарға белгіленген баға бойынша астық сатып алынады, көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге аванс беруге мүмкiндiк беретiн фьючерстiк екi деңгейлi астық сатып алу енгiзiлдi.
      Бұл iшкi астық рыногын тұрақтандыру және реттеу, көктем-жаз кезеңiнде нан және тоқаш-нан өнiмдерi бағасының негiзсiз қымбаттауына жол бермеу мақсатындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң тұқым материалына, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының жемге қажеттiлiктерiн тұрақты қамтамасыз етуге және мемлекетаралық келiсiмдердiң орындалуын қамтамасыз етуге арналған кейiнгi интервенциялар үшiн қажет.
      Кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту, халықтың кiрiстерi мен тұрмыс деңгейiнiң өсуi, экономиканың басқа салалары көлемiнiң өсуiн қамтамасыз ету, салық базасын кеңейту және бюджетке түсетiн кiрiстер түсiмiн ұлғайту ауыл шаруашылығын қолдаудың мультипликативтiк әсерi болады.
      Субсидиялау жолымен ауыл, су шаруашылығын мемлекеттiк қолдау көзделiп отыр, мұндағы шаруашылық жүргізудiң қолайсыз әрi тәуекелдi жағдайлары мемлекет көмегiн ақтайды.
      Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын және алдағы уақытта Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiрудi ескере отырып, заңды тұлғаларды субсидиялау саясаты еңбек өнiмдiлiгiн жоғарылатуға және отандық өндiрушiлердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға бағытталған. Келешекте ДСҰ талаптарына сәйкес еңбек өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруға жәрдемдесу сияқты субсидиялаудың рұқсат етiлген нысанына көшудi бiртiндеп жүзеге асыру қажет.
      ДСҰ-ға алдағы кiру отандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттілігіне ерекше талаптар қояды. Бұдан әрi ауыл шаруашылығы шикiзатын өндiру және қайта өңдеу саласында кластерлiк бастамаларды iске асыру арқылы аграрлық өндiрiстi индустрияландыру iске асырылатын болады.
      Азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және агроөнеркәсiптiк кешеннiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ ауылдық аумақтарды кешендi дамыту және ауыл тұрғындарын ұлттық стандарттағы өмiр сапасы бар қалыпты өмiрмен қамтамасыз ету үшiн 2006 жылы "Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiп кешенi мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау ұйғарылып отыр.
      Халықты сапалы ауыз сумен одан әрi қамтамасыз етуге және су ресурстарының тапшылығын қысқартуға бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93  қаулысымен  бекiтiлген 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149  Жарлығымен  бекiтiлген "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
      Тұтастай алғанда, 2002-2005 жылдар кезеңiнде сумен жабдықтау объектiлерiн қаржыландырудың ұлғайғаны байқалады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14 мамырдағы N 542  қаулысымен  бекiтiлген 2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстан ормандары" бағдарламасына сәйкес орман мекемелерiнің ағаш отырғызуы толық дерлiк көлемде орындалды.
      2003-2004 жылдары негiзiнен республиканың орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы басқару жүйесiн қайта ұйымдастыру, облыс әкiмдiктерiнде орманды және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелердi құру жөнiндегi iс-шаралар аяқталды.
      Тұтастай алғанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алаңы 940 мың гектарға немесе 40%-ға ұлғайды және 3 млн. 286 мың гектарды құрады.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту жөнiндегi барлық жұмыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1692  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейiн дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасына және 2004 жылы өткен Парламенттiк тыңдаулар ұсынымдарына сәйкес жүргізiледi.
      Қазақстан Республикасы аумақтарының орманды жерлерiн ұлғайту және елдi мекендердi көгалдандыру мақсатында Қазақстан Республикасын көгалдандырудың 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасы iске асырылады.
      Қоршаған ортаны қорғау жөнiнде тиiмдi әрi нәтижелi шаралар қабылдау үшiн қолданыстағы тиiстi бағдарламалар шеңберiнде қоршаған ортаның ластану деңгейiн азайту және оның мониторингі жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
      Ұзақ мерзiмдi перспектива шеңберiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету тұрғысындағы тұрақтылықты дамытуға инвестициялау pecуpc үнемдейтiн технологияларды енгiзуге, жаңартылып отыратын энергетикалық ресурстар (су энергиясы, жел және күн энергиясы) әлеуетiн пайдалануға Қазақстан бекiткен жағдайда Киот хаттамасының тетiктерiн пайдалана отырып, парник газының шығарындыларын азайтуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға негiзделедi.
      Өзен экожүйесiне түсетiн ауыртпалықты азайту және олардың ластануы мен қоқыстануын болдырмау мақсатында iрi елдi мекендердегі ағынды суларды тазарту жөнiндегi iс-шараларға инвестициялар жүзеге асырылады.
      Қарағанды облысы Шет ауданындағы шөлейт жерлердi басқару жөніндегі жобаны iске асыру жалғасады.
      "Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi" функционалдық тобы бойынша шығыстар шеңберiнде:
      биотехнологиялар, ядролық технологиялар саласындағы технопарктердi құру, Алатау кентiнде Ақпараттық технологиялар паркiн дамыту жөніндегі iс-шаралар;
      технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерде тiкелей инвестициялардың көлемiн ұлғайту;
      мұнай-газ және кен-металлургия кешенi, жаңа материалдар, биотехнологиялар, ақпараттық технологиялар, машина жасау, ауыл шаруашылығы, ғарыштық технологиялар басымды бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу;
      технологиялық процестердi халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру;
      экспортқа бағдарланған өндiрiстердi одан әрi дамыту;
      жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың жұмысын тұрақтандыру және тұрып қалған кәсiпорындарды iске қосу, өндiрiстердi өнiмнiң түр-түрiн кеңейтуге және шығарылатын өнiм сапасын жақсартуға қайта бағдарлау жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру;
      жақын және алыс шет елдермен бiрлескен кәсiпорындар құру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
      мемлекеттiк сатып алу жүргiзу кезiнде ұлттық компаниялар, мемлекеттік органдар мен мекемелер сатып алатын өнiмдердiң республикадағы өндiрiсiн ұйымдастыру болады.
      2003 жылы экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикiзаттық бағдарынан ауытқу жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру басталды. 2003-2005 жылдар кезеңiнде дайындық сипатындағы iс-шаралар жүзеге асырылды. Бұл кезеңде қажеттi қосалқы база қалыптасуы және даму институттарының тиiмдi жұмыс iстеуi жолға қойылуы тиiс.
      Құрылған даму институттарының жүйелi жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жекелеген даму институттарын капиталдандыру жалғастырылады.
      Стратегияны iске асырудың екiншi кезеңi (2006-2010 жылдар) Стратегияның iс-шараларын iске асырудың белсендi кезеңiне айналады деп танылуда, бұл ғылым мен техника жетiстiктерi, сондай-ақ халықаралық деңгейдегi мамандар даярлау негiзiнде қуаттарды құру мәселелерiн кешендi шешуге мүмкiндiк бередi. Бұл кезеңде негiзiнен ғылыми-инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылады және өнеркәсiптi жаңғырту мен экономика құрылымын әртараптандыруға бағытталған жобалар iске асырыла бастайды.
      Отандық және шетелдiк ғылыми әлеуеттi пайдалану негiзiнде бәсекеге қабiлеттi түпкi өнiм жасауды қамтамасыз ететiн ашық түрдегi инновациялық жүйе қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 25 сәуiрдегi N 387  қаулысымен  "Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама" бекiтiлдi.
      Бұл бағдарлама шеңберiнде мемлекет венчурлік капиталға сұранысқа да, оның ұсынысына да:
      венчурлiк қорларды құруға қатысу;
      институционалдық инвесторлар мен қаржы институттарының венчурлiк инвестициялауға қатысуы үшiн жағдай жасау;
      жеке инвесторлар желiсiн ("бизнес қамқоршысы") құруға жәрдемдесу;
      венчурлiк инвестициялардың өтiмділігін қамтамасыз ету;
      ҒЗТКӘ және инновациялық жобаларды қаржыландыруда жеке капиталмен әрiптестік;
      инновациялық жобаларды iске асыруда инвестицияларды мемлекеттiк сақтандыру жүйесiн құру;
      инновациялық менеджментті, оның iшiнде венчурлiк қорлардың менеджмент қызметiн жүзеге асыратын кәсiби басқару институттары (басқарушы компаниялар) болуын дамытуға жәрдемдесу жолымен ықпал ететiн болады.
      Сондай-ақ 2006 жылы металлургия кешенiнде, машина жасауда, радио электроникасында және байланыста жоғары технологиялы, импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған өнiм өндiрiсiн ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге тиiстi қаражат бөлу көзделіп отыр.
      "Транспорт және коммуникация" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,3 %-ы, 2007 жылы 1,3 %-ы және 2008 жылы 1,6 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Көлiк-коммуникация кешенiн дамытудың негізгі мақсаты оны тұрақты қарқынды дамыту және экономика мен халық тарапынан көлiк қызметтерiне сұраныс өзгерген кезде жедел ден қоюды қамтамасыз ету және оны толық көлемде қанағаттандыру болып табылады.
      Оған қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi iске асыру:
      көлiк процестерiнiң барынша тиiмділігiне қол жеткiзу және iшкi, транзиттi және экспорттық-импорттық бағыттарда түпкi өнiм құнындағы көлiктiк құрамды азайту, Қазақстанның көлiк жүйесiн әлемдiк көлiк жүйесiне бiрiктiру;
      ұлттық көлiк заңнамасын өңiрлiк және халықаралық ұйымдар шеңберiндегi халықаралық заңнамамен үйлестiру;
      бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi нығайту және өңiраралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ экономикалық даму мен әлеуметтiк тұрақтылыққа кепілдiк беретiн деңгейде көлiктiк қол жетiмдiлiктi арттыру;
      көлiк әлеуетiн дамыту және оны тиiмдi пайдалану;
      көлiк процестерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, көлiктегi оқиғалардың санын және ауыртпалығын төмендету;
      экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану;
      көлiк секторында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру қажет.
      2006-2008 жылдарға арналған көлiк және коммуникация саласындағы шығыстардың бағыттары:
      автомобиль жолдарын, су көлiгiн және ғарыш қызметiн дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды iске асыру;
      транзиттi әуе кеңiстігін, оның iшiнде қазақстандық әуежайларды пайдалана отырып кеңейту;
      автомобиль жолдарын пайдалануға болатын жағдайда қамтамасыз ету;
      радиожиiлiк спектрi және радио-электрондық құралдар мониторингі жүйесiн құру және оны техникалық сүйемелдеу;
      мемлекеттiк техникалық өзен флотын жақсарту және жаңғырту;
      су жолдарының кеме жүретін жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздердi ұстау;
      әлеуметтік маңызы бар бағыттарда темiр жол жолаушылар тасымалын субсидиялау;
      темiр жол саласының стандарттарын әзiрлеу;
      ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерiн көрсету жөнiндегi залалдарын өтеу;
      қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк төлем тарифiнiң көтерiлуiн өтеу;
      ауылда почта байланысының инфрақұрылымын құру және қайта жаңарту болады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес 2006-2008 жылдарға арналған жол саласын дамыту бағдарламасы әзiрленуде.
      Аталған салада қазiргi жол желiсiн күтiп-ұстау, пайдалану және жолдарды салу, қайта жаңарту арасындағы оңтайлы теңгерiмге қол жеткiзу саясатын жүргізу қажет.
      Қазақстанның климат жағдайын ескере отырып, автомобиль жолдарын салу мен ұстаудың халықаралық стандарттарына көшу жөнiнде жұмыстар жүргiзу жоспарланып отыр.
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 6 қаңтардағы N 145  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру шеңберiнде мемлекет пен қоғам үшiн темiр жол көлігі қызметiнiң оңтайлы жүйесiне қол жеткiзу үшiн жолаушылар көлігін одан әрi дамыту жөнiндегi іс-шаралар, оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау жалғасады.
      Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметiн одан әрі дамыту, оның iшiнде:
      байланыс пен хабар таратудың қазақстандық ғарыш жүйесiн дамыту;
      "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенiн құру жалғасады.
      Сондай-ақ 2006-2008 жылдары экономиканың және қоғамның қажеттiлiгiне сәйкес келетiн және сыртқы рыноктарға шығуды қамтамасыз ететiн коммуникациялардың техникалық жағдайын жақсарту, коммуникациялардың ұтымды желiсiн қалыптастыру көзделiп отыр.
      Тарифтердi қайта теңгерімдеу қызметтер мен абоненттер санаттары арасындағы кросс-субсидиялауды жоюға және телекоммуникациялық рыноктың әрбiр секторында бәсекенiң пайда болуы үшiн экономикалық негiздер құруға бағытталған. Ол тарифтердi мемлекет жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтер пакетiне жатқызғандардан басқа барлық қызметтерге қалыпты рентабелдiлiктi қамтамасыз етуге дейiн жеткiзудi көздейдi.
      Тарифтердi кезең-кезеңiмен қайта теңгерiмдеудi жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл ретте қалаларда тарифтердi толық қайта теңгерiмдеудi жүзеге асыру және оларды нарықтық негізделген деңгейге дейiн жеткiзу ұйғарылып отыр, бұл операторларға өз шығындарының орнын толтыруға және пайдалылықтың осы рынок сегментіндегі бәсеке нәтижесiнде белгiленетiн белгiлi деңгейiн алуға мүмкiндiк бередi. Ауылдық жерлердегi қайта теңгерiмдеу тарифтерiнiң төмендеуi болжанып отырған қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерi бойынша жүзеге асырылады. Ауылдағы жеке тұлғалар үшiн абоненттiк төлем қызметтердiң өзiндiк құнын ақтамайтын бұрынғы деңгейде қалады.
      "Басқалар" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,5 %-ы, 2007 жылы 1,2 %-ы және 2008 жылы 1,0 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын кеңейту маңызды аспектiлердің бiрi болады. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлiк қоғамының базасында (бұдан әрi - Қор) "үлкен қаржы маркетi" құрылады.
      Қорға жарғылық капиталын ұлғайту үшiн, оның iшiнде:
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне одан әрi шағын кредиттер берудi қамтамасыз ету үшiн Қордың жүз пайыз қатысуымен шағын кредит беру ұйымдарын құру үшiн;
      олардың жеке инвесторлар мен банктерден кредиттер алған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн кепiлдiк беру жүйесiн құру үшiн;
      жобалық кредит берудi қаржылық қолдау үшiн, франчайзинг негiзiнде жобаларды қаржыландыру, бизнес-жобаларды әзiрлеу үшiн, одан кейiн оларды конкурстық негiзде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берумен олардың бастапқы элементтерiн iске асыру үшiн, оларды одан кейiн қайта құрылымдап және кәсiпкерге бере отырып, дайын бизнестi сатып алу жөніндегі жобаларды қаржыландыру үшiн 11 миллиардтан астам теңге бөлiндi.

       5. Бюджеттік кредит беру

      Бюджеттiк кредит беру саясаты экономика саласында шешiмдердi қабылдау рәсiмдерiне қойылатын талаптардан туындайды.
      2006-2008 жылдарға арналған бюджеттiк кредит берудiң мақсаттары экономика салаларында бәсекелi ортаны қалыптастыру әрi дамыту, сондай-ақ адами капиталды дамыту болып табылады. Бюджеттiк кредит беру мемлекеттiк және салалық (секторалдық) даму бағдарламалары шеңберiнде жүзеге асырылады және олардың уақыттық шеңберлерi болады.
      Бюджеттiк кредиттер мынадай негізгi бағыттар бойынша берiледi:
      инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыру;
      мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау;
      жергіліктi атқарушы органдарға, оның iшiнде жергiлiктi бюджеттердiң кассалық алшақтығын жабуға кредит беру;
      қаржы агенттiктерi мәртебесi бар қаржылық даму институттарына кредит ресурстарын беру.
      Жүргiзiлетiн сыртқы саясатқа қарай бұдан былай қарыз алушылардың санаттары шетелдiк мемлекеттермен толықтырылуы мүмкiн.
      Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы республикалық бюджеттен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға бюджеттiк кредиттер алу нысанында ғана жүзеге асырылатын болады.
      Жергiлiктi атқарушы органдардың кредит саясаты тек мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк даму бағдарламаларын iске асыруға ғана шоғырландырылады. Жергiлiктi бюджеттерден бюджеттiк кредит беру қарыз берушi банктер мен қаржы агенттiгi мәртебесi бар қаржылық даму ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.
      Қаржы агенттiктерi мәртебесi бар қаржылық даму ұйымдарына бюджеттiк кредит берудi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда нақты қаржылық даму ұйымына кредит беруге қаражат көздей отырып, осы орайда бұл қаражатты пайдаланудың мақсаттары мен бағыттарын айқындай отырып, кредит ресурстарын беру жолымен жүзеге асырған орынды.
      Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде 2005-2006 жылдары 84 млрд. теңге сомасында Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне жеңiлдiктермен кредит беру және жергілiктi атқарушы органдарға тұрғын үй салуға сыйақының нөлдiк ставкасы бойынша бюджеттiк кредит беру, сондай-ақ 2007 жылы 2005 жылы кредитке берiлетiн 42 млрд. теңгенi қайта инвестициялау жүзеге асырылатын болады.
      Орта мерзiмдi перспективада кредит қаражатын тиiмді пайдалануға, кредиттердi қайтару жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жоғарылатуға, қарыз алушылардың бюджет алдындағы мерзiмi өткен берешектерiн азайтуға жәрдем ететiн бюджеттiк кредит беру рәсiмдерi мен тетiктерiн жетiлдiру жалғасатын болады.
      Орта өлшемдi қарыз алу ставкасының болжанып отырған төмендеуiне байланысты түпкiлiктi қарыз алушылар үшiн пайыздық ставкаларды азайту мүмкiндiгi пайда болады, бұл кейiннен сыйақы ставкасын өтеу практикасынан бас тартуға мүмкiндiк бередi.

       6. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар

      Орта мерзiмдi перспективада мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк саясат экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытуды, соның iшiнде мемлекеттiк меншiктiң мақсатты әрi тиiмдi пайдаланылуын бақылау жүйесiн қалпына келтiру және күшейту, мемлекеттiк меншiктiң құрылымын оңтайландыруды жүзеге асыру жолымен реттеуге бағытталған.
      Қаржы активтерiн сатып алу экономиканың стратегиялық салаларына мемлекет тарапынан елдiң экономикалық қауiпсiздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды тиiмдi дамытуға бағытталған тиiстi бақылау орнату құралдарының бiрi болып табылады.
      Мемлекеттік меншікке заңды тұлғалардың акцияларын, қатысу үлестерiн сатып алу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жалпы мемлекеттік мiндеттердi орындау мақсатында экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс iстейтiн, бiрақ меншiк иелерiн тиiмдi басқармайтын кәсiпорындардың акциялары, қатысу үлестерi, сондай-ақ қоғамдық және әлеуметтiк маңызды кәсiпорындардың акциялары, қатысу үлестерi сатып алу (иелiкке aлу) объектiлерi ретiнде танылатын болады.
      Халықаралық ұйымдардың бағалы қағаздарын сатып алу қолданыстағы заңдар шеңберiнде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының мүдделерiн халықаралық деңгейде қорғауға бағытталады.
      Мемлекеттiң қаржы активтерi - акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың және мемлекеттiк меншiктiң өзге де объектiлерiнiң қатысу үлестерiн сату - тиiстi бағдарламалық құжаттарды iске асыру шеңберiнде белгiлi бiр салалар мен нақты кәсiпорындарға қатысты жекешелендiру мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылады.

       7. Бюджетаралық қатынастар

      Орта мерзiмдi кезеңдегi бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiне бекiтiлiп берiлген мемлекеттік қызметтердi толық көрсетуi және өздерiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшiн оларды жеткiлiктi қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.
      Бюджетаралық қатынастар Бюджет  кодексiнде  белгіленген қағидаттардан және түсiмдер мен шығыстардың бюджет деңгейлерi арасында бөлiнуiнен бастау алады әрi өзара қатынастардың, ең алдымен, облыс-аудан деңгейiндегі анықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әрбiр басқару деңгейiнiң дербестен күшейтуге, сондай-ақ тиiмдi бюджет саясатын жүргізуге бағытталған.
      Бюджет кодексiне сәйкес бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы, облыстық және аудандық бюджеттер арасында, сондай-ақ кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттелетiн болады.
      Ресми трансферттер жалпы сипаттағы ресми трансферттер, ағымдағы мақсатты трансферттер, дамуға мақсатты трансферттер болып бөлiнедi.
      Аумақтардың экономикалық дамуының тым күштi саралануы салдарынан кiрiс базасының өңiрлер арасында бiркелкi бөлiнбеуiне байланысты халықтың мемлекеттiк сектордың қызметтер көрсетуiне тең қол жеткiзуiне жету үшiн өңiрлердiң бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестiру саясаты жүргiзiледi.
      2005 жылдан бастап үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемiн айқындау Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу әдiстемесi негiзiнде жүргізiледi.
      Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi арасындағы бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлардың 2005-2007 жылдарға арналған көлемi Қазақстан Республикасының Заңымен, ал облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерi арасында - абсолюттi көрiнiсте облыстық мәслихаттардың шешiмдерiмен бекiтiлген. Бюджеттiк субвенциялар мен алып қоюлардың көлемi әр үш жыл сайын өзгертiлуi тиiс, осыған байланысты 2007 жылы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемi туралы Қазақстан Республикасы Заңының және облыстық мәслихаттар шешiмдерiнiң жобалары әзiрленедi.
      Орта мерзiмдi кезеңге арналған субвенциялар мен алып қоюлардың мөлшерiн бекiту тұрақтылығы жергiлiктi атқарушы органдардың салық әлеуетiн ұлғайтуға мүдделiлігін, жергілiктi бюджеттердiң шығыстарын жоспарлаудың анықтығын қамтамасыз етедi. Жергiлiктi атқарушы органдар республикалық бюджет жобасының жасалуын күтпей, жергiлiктi бюджет жобасын қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкiндiк алады.
      Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң әрекет ету кезеңiнде мақсатты ағымдағы трансферттер бюджетаралық қатынастарды реттеу құралы болады.
      Алдағы кезеңде төмен тұрған бюджеттерге қосымша функциялардың шығасыларды тиiстi өтеусiз жүктелуiне жол бермеу қағидаты қатаң сақталады.
      Жоғары тұрған органдар жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң әрекет ету кезеңiнде жергiлiктi бюджеттер шығыстарының ұлғаюына немесе кiрiстерiнiң азаюына әкеп соғатын нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаған жағдайда төмен тұрған бюджеттердiң шығасыларын өтеу мақсаты ағымдағы трансферттердi бөлу жолымен жүргізiледi.
      2005 жылғы 1 шiлдеден бастап мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысы орта есеппен 32 %-ға, 2007 жылдан бастап 30 %-ға көтерiледi, сондай-ақ кәсiптiк орта бiлiм беретiн ұйымдар оқушыларының стипендия мөлшерi екi еседен астам ұлғайтылады.
      Жалақы мен стипендияның көтерiлуiне байланысты шығасыларды өтеуге республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделген.
      Ағымдағы нысаналы трансферттер қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) немесе өңiрлiк бағдарламаларды орындауға берiлетiн болады.
      Нысаналы даму трансферттерi мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламаларды көзделген жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру үшiн берiледi.
      Бұл ретте төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерiн беру, олардың көлемi өңiрлердiң бiлiм беру мен денсаулық сақтаудың басымды мекемелерi желiсiмен, сумен жабдықтау қызметтерiнiң көрсетiлуiмен қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестiру мiндеттерiмен өзара байланысты болады.
      Бюджеттiк даму бағдарламаларының орта мерзiмдi кезеңге арналған жергiлiктi деңгейдегi басымды бағыттары бiлiм беру, денсаулық сақтау, ауыз сумен жабдықтау объектiлерiн салу және тұрғын үй салу болады.
      Нысаналы трансферттердi тек мақсатты бағытына сәйкес пайдалану мүмкiндiгiне байланысты, оларды пайдалану тиiмдiлігін бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады.
      Алдағы үш жылдық кезеңде билiктi одан әрi орталықсыздандыруға, мемлекеттiк басқару жүйесiн реттеуге және оның тиiмдiлiгін арттыруға бағытталған атқарушы билiк реформасы жалғасады. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өзiн өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Жергiлiктi өзiн өзi басқаруды қолдаудың және дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрленедi.
      2006 жылдан бастап мәслихаттардың бақылау өкiлеттiктерiн кеңейту көзделiп отыр.
      Бюджетаралық қатынастар саясаты жүргiзiлген жұмыс нәтижелерiмен үйлестiрiледi.

       8. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару

      Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыш мемлекеттiң көптеген мемлекеттiк бюджет, инфляция деңгейi, шетелдiк инвестициялар, төлем балансы, ақша-кредит саясаты және валюта жүйесi сияқты құрамдауыштарына ықпал ететiн, оның қаржы жүйесiнiң негiзгi бөлiгі болып табылады.
      Елдiң iшкi экономикалық тұрақтылығы және Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы рыноктарындағы ұстанымы мемлекеттік борышты тиiмдi басқаруға байланысты. Сыртқы берешек дағдарысы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтiк-саяси сипаты бар келеңсiз салдары болуы мүмкiн.
      2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша үкiметтiк борыш 586,4 млрд.теңге (ЖIӨ-ге 10,6 %) немесе 4,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
      Мемлекет кепiлдiк берген борыш 82,3 млрд.теңге (ЖIӨ-ге 1,5 %) немесе 0,6 млрд.теңге АҚШ долларын құрады.
      Қазақстан Республикасының үкiметтік және мемлекет кепiлдiк берген борышы 668,7 млрд.теңге (ЖIӨ-ге 12,1 %) немесе 5,1 млрд.теңге АҚШ долларын құрады.
      ЖIӨ-ге қатысты үкiметтiк борыш 2000 жылдан бастап төмендейдi және болжамдар бойынша осы үрдiс сақталатын болады.

1-диаграмма  

2000-2004 жылдардағы үкiметтiк борыш

(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Yкiметтiк борыштың құрылымындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iшкi борышының үлесi 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 39,4 % (231,1 млрд.теңге немесе 1,8 млрд. АҚШ доллары) құрады, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыртқы борышының үлесi 60,6 % (355,3 млрд.теңге немесе 2,7 млрд. АҚШ доллар) құрады.
      Үкiметтік борыштың құрылымындағы сыртқы борыш үлесi де азаю үрдiсiне ие.

2-диаграмма   

Үкiметтiк борыш құрылымының 2000-2004 жылдардағы серпiнi

(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      2005 жылғы 1 қаңтарға үкiметтiк борыштың iшкi құрылымында жалпы көлемнiң (205,5 млрд.теңге немесе 1,6 млрд. АҚШ доллары) 89%-ын мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер (МОҚМ), 9% - мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер (МҚҚМ) құрады.
      2005 жылғы 1 қаңтарға үкiметтiк борыштың сыртқы құрылымындағы халықаралық қаржы ұйымдарына мiндеттемелер (Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi, Ислам Даму Банкi) үкiметтiк сыртқы борыштың жалпы көлемiнiң 52,6 %, шетел мемлекеттерiнiң үкiметтерiне (Сауд Аравиясы, Кувейт, Австрия, Швеция, Корея, Жапония, Германия, БАӘ) - 25,4 %, шетелдiк коммерциялық банктерге - 9,2 %, капиталдың халықаралық рыноктарына эмиссиялайтын мемлекеттiк бағалы қағаздар - 12,8 % құрады.
      Үкіметтік сыртқы борыштың валюталық құрылымы жеткiлiктi дәрежеде әртараптандырылмаған. 2005 жылғы 1 қаңтарға АҚШ долларының үлес салмағы 70,6 %-ды құрады, жапон йенi - 24,4 %, арнайы қарыз алу құқықтары - 2,1 %, EBPO - 1,1 %, өзгелерi - 1,8 %.
      Қазiргi уақытта қалыптасқан АҚШ долларының едәуiр басым болуымен сыртқы борыштың валюталық құрылымы айтарлықтай валюталық тәуекелдерге бейiм. Валюталық тәуекелдерге байланысты шығасыларды азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң борыштық портфелiн әртараптандыру қажет.
      Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасы қалыпты борыш деңгейiмен бiр тұрғынға орташа кiрiс деңгейi бар елдер тобына жатады. Қазақстан Республикасының үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген борышының көрсеткiштерi 1992 жылғы 7 ақпандағы Маастрихск келiсiм-шартында EO елдерi үшiн белгіленген мемлекеттiк борыш жөніндегі макроэкономикалық көрсеткiштер өлшемдерiнен аспайды.
      Елдегi экономикалық тұрақтылық пен тартымды инвестициялық ахуал елдiң беделiнде оң тұрғыдан көрiндi.
      Қазақстан ТМД елдерi арасында бiрiнші болып қазiргi таңда үш озық халықаралық рейтингтiк агенттiктердiң инвестициялық сынып рейтингiне ие.
      "Moody's Investors Service" халықаралық рейтингтiк агенттiктiң барлық рейтингтерi бойынша болжамдар "оң", Standard & Poor's және Fitch Rating's Ltd." халықаралық рейтингтiк агенттiктер рейтингтерiнiң "тұрақты" деген болжамы бар.
      2005 жылдың қаңтарында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанның рейтингін көтеру және республиканы 5-тен 4-шi тәуекел тобына ауыстыру туралы шешiм қабылдады.

                                                           5-кесте

Көрсеткiштердiң атауы

ЕО елдері
үшін

Қазақстан

Үкiметтiк борыштың ЖIӨ-ге қатынасы, %

60

10,6

Сыртқы үкiметтiк борыш көлемiнiң
тауарлар мен қызметтер экспортына
қатынасы, %

200

13,5

Сыртқы үкiметтік және мемлекет
кепiлдiк берген борыш көлемiнiң
ЖIӨ-ге қатынасы, %

  

8,0

      2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясаты мынадай екi бағытта iске асырылатын болады:
      жүргiзiлiп жатқан жинақтар саясатын ескере отырып, қалыптасып отырған бюджеттің мұнай емес тапшылығы мөлшерi негiзiнде республикалық бюджет пен үкiметтiк борыш тапшылығының өлшемдерiн айқындау;
      үкiметтiк борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесiн бiртiндеп азайту.
      Республикалық бюджет тапшылығы мен үкiметтiк борыш параметрлерiн айқындау жүргiзiлiп жатқан жинақтау саясатын ескере отырып, бюджеттің қалыптасып отырған мұнайдан тыс тапшылығының мөлшерi негізiнде жүзеге асырылады.
      Экономикалық өсу жағдайларында, әсiресе табиғи ресурстардың бiр бөлiгiн қаржы активтерiне айырбастауға ұмтылушы елдер үшiн экономиканың "тым қызып кетуiн" болдырмау мақсатында бюджет тапшылығы мен мемлекеттiк борыш мөлшерiн қысқартудың орынды екендігіне әлемдiк тәжiрибе куә.
      Мысалы, 1995 жыл соңындағы жағдай бойынша Норвегияның мемлекеттiк борышы шамамен 43,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Алайда бюджет профицитiнiң мақсатты бағытталу саясатын жүргiзу нәтижесiнде 2000 жылдың аяғында мемлекеттік борыш 30,4 млрд. АҚШ долларға дейiн қысқарды. Бұл ретте, экономиканың "тым қызып кетуiн" болдырмау мақсатында бір мезгiлде мұнай өнiмдерiн сатудан түскен қаражаттың жоспардан тыс түсiмдерiн Мұнай қорында жинақтау жүргiзiлдi (1990 жылы мұнай бағалары өсуiнiң құбылуына байланысты құрылған болатын, Қорға алғаш түскен түсiмдер 1996 жылы шамамен 300 млн. AҚШ долларын құрады. 2002 жылдың соңындағы жағдай бойынша Мұнай қорының активтерi 91,3 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл елдiң мемлекеттiк бюджетiнен (2002 жылы шамамен 77 млрд. АҚШ доллары) асып түстi.
      Нәтижесiнде 3-5 жыл iшiнде Норвегия үкiметтiк борыш мөлшерiн едәуір қысқартуға қол жеткiздi. Бұл ретте, Мұнай қорында жинақталған қаражат Үкiметтiң қабылданған мiндеттемелерiн орындау қабiлетiне кепiлдiк бередi және дефольттың басталу мүмкiндiгiн болдырмайды, өйткенi қазiргi уақытта елдiң мемлекеттiк борышы Мұнай қоры мөлшерiнiң кемiнде 45 %-ын құрайды (2002 жылдың соңындағы жағдай бойынша Норвегияның мемлекеттiк борышы 2001-2002 жылдар кезеңiнде негiзiнен АҚШ долларына норвегия кроны бағамының нығаюы нәтижесiнде доллар көрiнiсiнде ұлғая отырып, 39,3 млрд. АҚШ долларын құрады).
      Сонымен қатар, бiздiң елде қалыптасқан жағдай бойынша Қазақстан Республикасы бiр жағынан, Ұлттық қор арқылы әлемдiк қор рыноктары мен несиелiк капитал рыноктарына қаржы ресурстарын инвестициялайды, ал екiншi жағынан сыртқы қарыздарды тартады. Бұл ретте тартылған қарыздарға қызмет көрсетуге арналған шығыстар Ұлттық қор активтерiн түрлi қаржы құралдарына орналастырудан түскен кiрiстерден асып түседi, бұл сайып келгенде жүргiзiлетiн қарсы операциялар бойынша терiс маржаны қалыптастырады. Ел нетто-кредитор болып отырған шақта, мұндай практиканы жалғастыруға жол бермеу керек. Ұлттық қор активтерiмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер сомасы осы уақыт кезеңiндегi үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстар сомасынан артық болуы тиiс. Бұл шартты орындау үшiн бюджеттiң мұнайдан тыс тапшылығы мен үкіметтiк борыш мөлшерiн қысқарту қажет.
      Мемлекеттiң борышты азайту саясатына бейiмдiлiгi Қазақстан Республикасының егемен кредиттiк рейтингiн арттыруға жәрдем етедi.
      Сонымен қатар, мұнайға әлемдiк баға төмендеген және елдегі экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда экономикалық өсудi ынталандыру мақсатында қосымша инвестициялар тарту арқылы бюджет тапшылығын ұлғайтуға қайта бағдарлануға болады.
      Үкiметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесiн бiртiндеп азайту республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымындағы сыртқы қарыздар есебiнен республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үлесiн азайту жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Борыштық портфельдiң бар құрылымы дағдарыстың және валюталар бағамының, энергия көздерiне пайыздық ставкалар мен әлемдiк бағамдардың ауытқуы нәтижесiнде қаржы шығасыларының пайда болу тәуекелiне едәуiр бейiм және осы көзқарас тұрғысынан алғанда осал, экономикалық қауiпсiздiктiң өлшемдерiне сәйкес келмейтін болып табылады. Үкiметтің борыштық портфелiн әртараптандыру мақсатында бiр мезгілде iшкi рыноктағы қарыз алуды ұлғайта отырып, сыртқы қарыз алу көлемiн қысқарту қажет.
      Iшкi қарыз алу көлемiн ұлғайту зейнетақы активтерiн орналастыру үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына сенiмдi әрi өтiмдi қаржы құралдарын (мемлекеттiк бағалы қағаздарды) беру қажеттiгiмен байланысты.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1385  қаулысымен  Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлдi. Бұл Бағдарламада зейнетақы қорларының, соның iшiнде, зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлігі мен рыноктағы қаржы құралдарының тапшылығын азайту проблемаларының шешiмдерi көзделген. Аталған проблемаларды шешу 1 жылдан 30 жылға дейiнгi әртүрлi өтеу мерзiмдерi бар және кiрiстiлiгi инфляцияның болжамды деңгейiнен төмен емес немесе инфляция деңгейiне байланысты мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыру жолымен елдiң ішкі рыногындағы ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк қарыз алудың Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Ұлттық банкi арасында келiсiлген саясатын тұжырымдау арқылы iске асырылады.
      2006-2008 жылдары мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласында жүргізiлiп жатқан саясат шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу көзделедi (бағыттар бойынша):
      1) бюджет тапшылығы мен борыш параметрлерi:
      Мемлекет басшысы айқындаған мiндеттердi ескере отырып, орта мерзiмдi перспективада мұнайдан тыс тапшылықтың мөлшерi мен бюджет теңгерiмділігiне қол жеткiзуге негiзделе отырып, республикалық бюджет тапшылығының параметрлерiн айқындау;
      жинақтау жөнiндегi саясат шеңберiнде үкiметтiк борыштың оңтайлы мөлшерiн анықтау;
      2) iшкi қарыз алу:
      жылдар және қағаз түрлерi бойынша бөлiнiстегi мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының орта мерзiмдi кезеңге арналған үлгі схемасын жасау;
      iшкi қарыздарды тарту мерзiмдерiне қарай түрлi қарыз алу құралдарын пайдалану;
      рыноктағы ахуалға байланысты қарыз алудың жалпы көлемiндегі индекстелген және купондық мiндеттемелер арасындағы оңтайлы ара қатынасты белгiлеу жолымен пайыздық тәуекелдердi азайту;
      бағалы қағаздар рыногында ("benchmark") бағдарлар белгiлеу;
      жалпы шығару санын азайта отырып, мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару көлемiн ұлғайту;
      айналым мерзiмiн ұлғайта отырып, пайыздарды төлеудiң мерзiмдiлiгiн азайту;
      мiндеттемелердiң орындалмау тәуекелiн азайту әрi қысқа және орта мерзiмдi перспективада iшкi үкiметтiк борышты өтеу жөнiндегi төлемдер төлеудiң ең жоғары шегiн төмендету, бұл үшiн, негiзiнен орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi шығаруға қайта бағдарлану ұйғарылып отыр;
      3) сырттан қарыз алу:
      Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму  стратегиясына  Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарына Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бағдарламасына, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарына, тиiсті орта мерзiмдi кезеңге арналған донор - халықаралық қаржы ұйымдарының елдiк бағдарламаларына сәйкес, Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық маңызды мәселелерiн шешуге бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сырттан қарыздарды тарту;
      экономиканың басым салаларында, оның iшiнде:
      - ауыл, су және орман шаруашылығында;
      - жол саласында;
      - өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту үшiн;
      - астананы одан әрi дамыту үшiн сыртқы қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жаңа инвестициялық жобаларды дайындау;
      жаңа жобаларды iрiктеуге және Қазақстанның Даму Банкiнiң қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың банктiк сараптамасын жүзеге асыруына қойылатын талаптарды күшейту;
      республикалық инвестициялық жобалар тiзбесiне қосылатын жобалардың дайындалу және сарапталу сапасын жақсартуда көрiнетiн қарыз қаражатын тиiмдi пайдалану;
      теңгенiң айырбас бағамы өзгерген жағдайда келеңсiз салдарларды азайту мақсатында қарыздардың валюталары бойынша Yкiметтiң сыртқы қарыздар портфелiн әртараптандыру;
      бiр мезгiлде Үкiметтiң бiрлесiп қаржыландыру үлесiн ұлғайта отырып, сатып алу рәсiмдерi бойынша шектеулердi донорлардың жұмсартуы шартымен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сырттан қарыздарды тарту;
      4) борышты өтеу және оған қызмет көрсету:
      үкiметтік қарыздарға қызмет көрсетуде неғұрлым қымбаттарын мерзiмiнен бұрын өтеу арқылы үкiметтiк борышты белсендi басқару;
      жергілiктi атқарушы органдардың мерзiмi өткен борыштық мiндеттемелердi өтеу жөнiнде және реттелмеген борыштық мiндеттемелер проблемаларын тез арада шешу жөнiнде белсендi шаралар қабылдауы;
      фискалдық тәуекелдердi болжау - АҚШ долларына теңгенiң айырбас бағамының, шетел валюталарының кросс-бағамдарының, пайыздық ставкалардың өзгеруi, әлемдiк бағалар конъюнктурасының өзгеруi салдарынан Ұлттық қорға қаражаттың жеткiлiксiз түсуi.
      Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу мемлекеттiк борыштың қауiпсiз деңгейде сақталуын қамтамасыз етуi, оның құрылымын оңтайландыруы әрi орта және ұзақ мерзiмдi перспективада бюджеттiң тұрақтылығын жоғарылатуы тиiс.

       Қорытынды

      Қазақстан Республикасының экономикасы баға өзгерiстерiнiң үш түрi:
      әлемдiк тауар бағаларының ауытқуы;
      валюта бағамдарының ауытқуы;
      әлемдiк ақша рыноктарындағы пайыздық ставкалардың ауытқуы туындататын қауiптерге бейiм, бұларды iшкi саясат құралдарымен бақылау мүмкiн емес.
      Бұған:
      ел өндiрiсi құрылымының көлемiнде сыртқы рынокқа жеткiзiлетiн шикiзаттық тауарлардың, ең алдымен мұнайдың ауқымды орын алуы;
      Қазақстанның сыртқы қарыздарының түрлi валюталарда көрiнуi;
      борыштың басым бөлiгін құбылмалы пайыздық ставка шарттарында жасалған мiндеттемелердiң құрауы себеп болды.
      Әлемдiк тауар бағаларының тәуекелдерi (мұнай бағаларының мысалында).
      Мұнай бағаларының төмен болуы да, жоғары болуы да Қазақстан экономикасы үшiн келеңсiз салдарларды тудыруы мүмкiн.
      Мұнайдың әлемдiк бағасы бiр баррель үшiн 19 АҚШ долларынан төмен азайған жағдайда, тасымалдауға арналған шығындарды есепке алғанда, жекелеген кен орындарында мұнай өндiру рентабельдi болмайды, бұл мұнай өндiру көлемiн азайтуға алып келедi. Қазақстандағы шетелдiк капиталдың басым бағыты өндiрушi сектор болып табылатындықтан, энергия көздерiнiң төмен бағалары елдiң инвестициялық тартымдылығын азайтады.
      Мұнай өндiрушi кәсiпорындар кiрiстілiгiнiң азаюы экономиканың аралас салаларындағы өндiрiс көлемiн азайтуға алып келедi. Атап айтқанда, бұл көлiк, сауда, байланыс салаларындағы қаржы секторының қызметтерi саласындағы өсу қарқындарына әсер етедi. Осылайша, ел экономикасының жалпы өнiмділігі төмендейдi, бұл, сайып келгенде, инфляциялық процестердiң күшеюiне және мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң азаюына алып келедi.
      Мұнайдың жоғары әлемдiк бағалары жағдайында теңгенiң нақты айырбас бағамын күшейту жағына едәуiр қысым көрсетiледi. Қазақстанда өзiнiң ұлттық валютасында жоғары кiрiстер алу мүмкiндiгiн иеленетiн импорттаушылар үшiн қазақстандық рынок аса тартымды болады. Бiр мезгiлде қазақстандық кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгi төмендейдi, жұмыс орындары айтарлықтай қысқарады.
      Қолма-қол ақшаның едәуiр ағыны нәтижесiнде инфляцияның монетарлық факторлары күшейедi.
      Валюталық тәуекелдер
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының сыртқы қарыз алуының валюталық құрылымы АҚШ долларын, АҚҚ-ты, жапон йенiн, ЕВРО-ны (немiс маркасындағы, австрия шиллингiндегi бұрынғы борыштарды қоса алғанда), швейцария франкiн, ағылшын фунт стерлингiн, сауд реалын және өзге де валюталарды қамтиды. Соның салдарынан доллар көрiнiсiндегі борышқа қызмет көрсету жөнiндегi төлемдер мөлшерi кросс - бағамдарының (АҚШ долларына қатысы бағамдардың) өзгеруiне өте бейiм.
       Пайыздық тәуекелдер
      Қазақстан Республикасына халықаралық қаржы ұйымдары кредиттерiнiң және экспорттық кредиттердiң едәуiр бөлiгi құбылмалы пайыздық ставка (LIBOR халықаралық қаржы ұйымдарының ставкалары) шарттарымен берiлген. Абсолюттiк көрсеткiштер тұрғысынан алғанда пайыздық ставкалардың өзгеруiне байланысты тәуекелге бейiмдiлiк зор: базалық пайыздық ставканың бiр тармаққа өзгеруi қысқа мерзiмдiнi қоса алғанда, борышқа қызмет көрсету жөнiндегi төлемдердiң өзгеруiн бiлдiредi. Сондықтан, егер нарық жағдайларында сыртқы қаржыландыруға тәуелдiлiк ұлғаятын болса, сыртқы берешектiң жағдайы пайыздық ставкалардың өзгеруiмен байланысты үлкен тәуекелге ұшырауы мүмкiн.
      Қазiр уақытта бар, тұрақты экономикалық өсуге және маңызды стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзуге кедергі келтiретiн тәуекелдердi iшкi факторларға жатқызуға болады. Бұл тәуекелдер мыналардан:
      белсендi жаңартуға, сондай-ақ оған қызмет көрсету үшiн жоғары бiлiктi мамандар даярлауға қомақты инвестициялар талап етiлетiн табиғи тозған және моральдық ескiрген жабдықтың экономикада басым болуынан;
      негiзгi өнiм массасының әсiресе өндiрiс құралдарының бәсекеге қабiлеттілігінiң төмендігінен;
      тауарлар мен қызметтер көрсетудiң iшкi рыногында жеткiлiктi бәсекенiң болмауынан көрiнедi.
      Ұлттық қорда қаражат жинақтаудың және оларды елден тыс жерлерде орналастырудың, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқарудың мемлекеттiк саясаты, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы фискалдық тәуекелдердiң ықтимал келеңсiз салдарларының алдын алуға бағытталған.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң фискалдық стратегиясын белгiлейдi, бар мемлекеттiк ресурстар көлемi мен үш жылға арналған негізгi фискалдық басымдықтарды айқындауға мүмкiндiк бередi.
      Келешекте орта мерзiмдi фискалдық саясаттың рөлiн осы құжатты әзiрлеген кезде көзделген мақсаттар қаншалықты дәрежеде орындалғаны бойынша бағалауға болады.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкiметiнiң
                                               2006-2008 жылдарға
                                             арналған орта мерзiмдi
                                              фискалдық саясатына
                                                    1-қосымша

                2006-2008 жылдарға арналған
                мемлекеттiк бюджет болжамы

                                                   ЖIӨ-ге пайызбен

Атауы

Болжам

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Кiрiстер

22,3

22,7

23,2

Шығындар

22,4

23,3

23,3

Операциялық сальдо

-0,1

-0,6

-0,2

Таза бюджеттiк кредит беру

0,5

0,1

0,0

 Бюджеттік кредиттер

0,6

0,2

0,1

 Бюджеттік кредиттердi өтеу

0,1

0,1

0,1

Қаржы активтерiмен жасалатын
операциялар бойынша сальдо

1,1

1,0

0,8

 Қаржы активтерiн сатып алу

1,2

1,0

0,8

 Мемлекеттiң қаржы активтерiн
 сатудан түсетiн түсiмдер

0,03

0,02

0,01

Бюджет тапшылығы (профицитi)

-1,7

- 1,7

-1,0

Бюджет тапшылығын қаржылан-
дыру (профицитiн пайдалану)

1,7

1,7

1,0

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкiметiнiң
                                               2006-2008 жылдарға
                                             арналған орта мерзiмдi
                                              фискалдық саясатына
                                                    2-қосымша

            2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк
                 бюджет шығыстарының болжамы

Атауы

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

ЖІӨ-ге
%-бен
 

үлес,
%

ЖІӨ-ге
%-бен

үлес,
%

ЖІӨ-ге
%-бен

үлес,
%

Шығыстар

24,2

100,0

24,5

100,0

24,3

100,0

Жалпы сипаттағы мем-
лекеттік қызметтер

1,4

5,8

1,5

6,1

1,3

5,2

Қорғаныс

1,2

4,8

1,4

5,7

1,4

5,7

Қоғамдық тәртiп,
қауiпсiздiк, құқық,
сот, қылмыстық-
атқару қызметі

2,0

8,3

2,3

9,5

2,2

8,9

Бiлiм беру

3,8

15,9

4,4

17,9

4,4

18,1

Денсаулық сақтау

2,7

11,0

2,7

11,2

3,1

12,6

Әлеуметтік көмек
және әлеуметтiк
қамсыздандыру

5,4

22,3

5,2

21,2

5,2

21,3

Тұрғын үй-комму-
налдық шаруашылық

1,8

7,6

1,8

7,3

1,8

7,4

Мәдениет, спорт,
туризм және ақпарат-
тық кеңістік

0,6

2,6

0,6

2,4

0,5

2,2

Отын-энергетика
кешені және жер
қойнауын пайдалану

0,4

1,5

0,2

1,0

0,1

0,6

Ауыл, су, орман,
балық шаруашылығы,
ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар,
қоршаған ортаны
және жануарлар
дүниесін қорғау,
жер қатынастары

1,4

5,7

1,3

5,2

1,2

4,8

Өнеркәсiп, сәулет,
қала құрылысы және
құрылыс қызметi

0,0

0,1

0,0

0,1

0,0

0,1

Көлiк және
коммуникация

1,3

5,5

1,3

5,2

1,6

6,7

Басқалар

1,5

6,2

1,2

5,0

1,0

4,3

Борышқа қызмет
көрсету

0,5

2,1

0,4

1,8

0,4

1,7

Ресми трансферттер

0,1

0,6

0,1

0,5

0,1

0,4