Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 15 тамыздағы N 1165  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесiн ізгiлендiру және оның материалдық-техникалық базасын одан әрi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жыл сайын қаңтарда және шiлдеде жарты жылдық қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2003 жылғы 31 желтоқсандағы 
N 1376 қаулысымен      
бекітілген          

  Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару
жүйесiн одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға
арналған бағдарламасы Астана, 2003 ж.

  1. Бағдарламаның паспорты

Атауы                 - Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару
                        жүйесiн одан әрі дамытудың 2004-2006
                        жылдарға арналған бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн          - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
негiздеме               2003 жылғы 15 тамыздағы N 1165  Жарлығымен
                          бекiтiлген Қазақстан Республикасы
                        Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған
                        бағдарламасы
                      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                        2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903  қаулысымен
                        бекiтiлген
                        Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                        2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
                        iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Әзiрлеуге жауапты     - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
орган

Мақсаты               - Мыналардың:
                        түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталғандарды
                        ұстау жағдайларын;
                        қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны
                        орындаудың сапасын;
                        қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң
                        кәсiби даярлығын жақсарту

Мiндеттерi            - Жазаны орындау саласында заңнаманы
                        жетiлдiру, түзеу мекемелерінде ұсталатын
                        адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн
                        қамтамасыз ету;
                      - Сотталғандарды ұстау жағдайларын
                        халықаралық нормалар мен стандарттар
                        талаптарына барынша жақындату;
                      - Жаңа түзеу мекемелерiн салу және
                        қолданыстағыларын қайта жаңғырту;
                      - Түзеу мекемелерiнiң материалдық-техникалық
                        базасын жақсарту;
                      - Бас бостандығынан айыруға және
                        қылмыстық-құқықтық ықпалы ету шараларына
                        баламалы жазаларды тиiмдi орындау үшiн
                        жағдайлар жасау;
                      - Сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыру;
                      - Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң
                        кәсiби даярлығын жақсарту

Қаржыландыру көздерi  - 2004-2006 жылдар мерзiмiне республикалық
                        бюджет қаражаты 7 млрд. 401 млн. 262 мың
                        теңге сомасында

Күтiлетін нәтижелер   - Заңнамалық база қылмыстық-атқару жүйесiнiң
                        тиiмдi қызметiне ықпал етедi
                      - Жазаны орындау кезiнде сотталғандардың
                        құқығы мен заңды мүдделерi толығымен
                        қамтамасыз етiледi
                      - Бас бостандығынан айырылған адамдардың жаза
                        өтеу жағдайы жақсарады
                      - Түзеу мекемелерiнде сотталғандарды ұстау
                        тығыздығы азаяды
                      - Мыналар:
                      - түзеу мекемелерiнде сотталғандарды ұстау
                        қауiпсiздiгiнiң деңгейi;
                      - түзеу мекемелерiн күзету сенiмдiлiгi артады.
                        Мынадай:
                      - сотталғандардың барлық санаттары, өздерi
                        сотталған немесе қамалғанға дейiн тұрған
                        өңiрлерi шегiнде жазаларын өтеу;
                      - сотталғандарды әлеуметтiк оңалту мен
                        бейiмдеу үшiн жағдайлар жасалады;
                      - Қылмыстық-атқару жүйесiнiң
                        қаржылық-экономикалық жағдайы тұрақталады;
                      - Бас бостандығынан айыру орындарында
                        ұсталатын еңбекке қабiлеттi адамдар үшiн
                        жұмыс орындарының саны артады;
                      - Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету
                        жақсарады;
                      - Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес
                        жазаларды орындайтын қылмыстық-атқару
                        инспекцияларының функциялары кеңейедi;
                      - ҚАЖ қызметкерлерiнiң кәсiби даярлығы артады.

Iске асыру мерзiмдерi - 2004-2006 жылдар
       Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.11.  N 97 қаулысымен.

  2. Кiрiспе

      Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi - ҚАЖ) жазаларды атқарудың мемлекеттiк тетiгiнiң маңызды буыны болып табылады.
      ҚАЖ-ды дамытудағы маңызды мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару жүйелерi мекемелерi мен алдын-ала қамауға алу орындарының қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 1 қазандағы N 1199 және "Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 92  қаулыларымен бекiтiлген бағдарламалық құжаттар қабылданды және негiзiнен iске асырылды. Бұл ретте, позитивтi нәтижелерге қол жеткiзiлдi, оның iшiнде сотталғандар құқығы кеңейтiлдi, олардың әлеуметтiк және құқықтық қорғалуы неғұрлым тиiмдi бола түстi, жаза өтеудiң прогрессивтi жүйесi енгiзiлдi.
      Қазiргi уақытта әлемдiк қоғамдастық пенитенциарлық жүйенi дамытудың сапалы жаңа кезеңiне өтуде. Осыған байланысты, ҚАЖ-да сотталғандарды ұстаудың халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақын жағдайын жасау қажет.
      ҚАЖ-ды одан әрi дамыту жөнiндегi мiндеттер кешенiн шешу тұрақты мемлекеттiк қолдаусыз, халықаралық ұйымдармен белсендi ынтымақтастықсыз мүмкiн емес.
      Мұнымен бағдарламалық құжаттарды қоғам дамуының осы кезеңi үшiн сипатты өзектi проблемалар мен басымдықтарды ескере отырып, жазаны орындау саласында бұрын қолданыста болған бағдарламаларға қатысы бойынша сабақтастық қағидатын сақтай отырып әзiрлеу қажеттiлiгi негiзделедi.
      Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903  қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрлендi.

  3. ҚАЖ-дың қазіргі жай-күйiн талдау

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесiн реформалау және осы жүйе қызметкерлерiнiң мәртебесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi  Заңымен ҚАЖ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарамағына берiлдi.
      Қазiргi уақытта ҚАЖ органдары мен мекемелерi бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға сотталған адамдарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды, сондай-ақ сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      Түзеу мекемелерi (бұдан әрi - TM) қызметiн реттейтiн ведомстволық кесiмдерге жазаларды орындау кезiнде заңдылықты сақтау кепiлдiгiн күшейтуге, сотталғандарды құқықтық және әлеуметтiк қорғауға, шектеулер мен тыйымдар санын азайтуға, мерзiмiнен бұрын босату үшiн негiздердi кеңейтуге бағытталған түзетулер енгiзiлдi.
      Халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бiрлесiп ТМ-нiң қызметкерiн пенитенциарлық мекемелердегi қамаудағыларды ұстау жағдайларына қатысты халықаралық нормалармен және стандарттармен таныстыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде.
      Сонымен бiрге, ҚАЖ-дағы барлық оң өзгерiстер жағдайында шешiлмеген проблемалар да қалып отыр.
      Республика аумағында режим түрлерi бойынша ТМ-нiң әркелкi орналасуын атап өту қажет. TM-нiң қазiргi орналасуы кезiнде жыл сайын сотталғандарды республиканың түрлi өңiрлерiне көшiру жүргiзiледi, оған тек 2002 жылы - 22 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты жұмсалды. Бұл мақсаттарға 2003 жылы шамамен республикалық бюджетте 35 млн. теңге болатын қазiргi қажеттiлiк кезiнде 25 млн. теңге бөлiндi. Өмiр бойы бас бостандығынан айырылған сотталғандар үшiн ерекше режимдегi түзеу колониялары жоқ.
      Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қатаң режимдегi, Қызылорда облысында жалпы режимдегi ТМ жоқ. Республикада әйелдер мен кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған ТМ-нiң саны жеткiлiксiз, бұл сотталғандардың көрсетiлген санаттарының әлеуметтiк байланысын сақтау үшiн қиындықтар туғызады.
      Қолданыстағы ТМ-нiң толып кетуi сотталғандарды орналастыруда, режим мен қадағалауды қамтамасыз етуде, бас бостандығынан айыру орындарында құқық бұзушылықтардың алдын-алуда, сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде, сондай-ақ олармен тәрбие жұмысын жүргiзуде қиындықтар туғызады. Сол сияқты сотталғандарды еңбекпен қамтудағы, туберкулезбен науқастанған сотталғандарға емдеу жүргiзуге, коммуналдық-тұрмыстық жағдайды ұйымдастыруға байланысты ахуал күрделене түсуде.
      Қылмыстық саясатты iзгiлендiрудiң объективтi процестерiне сай бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған адамдардың саны едәуiр артады. Бұл ретте, қылмыстық-атқару инспекциялары, ең алдымен штат санының жеткілiксiздiгінен де өздерiне жүктелген мiндеттердiң толыққанды орындалуын қамтамасыз етуге дайын емес. Бұл проблемаларды шешу үшiн қылмыстық-атқару инспекцияларының функцияларын кеңейту аталмыш қызметтi әрбiр ауданда құра отырып, қызметкерлердiң штат санын арттыру қажет.
      ҚАЖ қызметкерлерiн кәсiби даярлауда, әлеуметтiк қамтамасыз етуде, сондай-ақ сотталғандардың камераларда оқшау емес, отрядтарда ұсталуынан қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде проблемалар бар.
      ТМ-дi техникалық қадағалау мен күзет құралдары бүгiндерi моральдық және физикалық жағынан ескiрген.
      Қазiргi уақытта бас бостандығынан айыру орындарында 7 мыңнан астам туберкулезбен ауырғандар және 500 ЖҚТБ инфекциясын жұқтырғандар ұсталуда. Осы ауруларды емдеу мен алдын алу ТМ үшiн қосымша медициналық құрал-жабдықтар сатып алу қажеттiгiн талап етедi.
      Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын еңбекке қабiлеттi сотталғандардың жалпы санының 32,7 пайызын құрайды. ҚАЖ кәсiпорындары толық қуатында жұмыс iстеп тұрған жоқ, олардың өнiмдерi рынокта бәсекеге қабiлеттi бола алмайды. Осыған байланысты, ҚАЖ кәсiпорындарын мемлекеттiк қолдау шараларын әзiрлеу қажет.
      Жоғарыда аталған проблемаларды шешу ҚАЖ-ды одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын анықтайды.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты:
      ТМ-де ұсталатын сотталғандарды ұстау жағдайларын;
      қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау сапасын;
      ҚАЖ қызметкерлерiнiң кәсiби даярлығын жақсарту жолымен ҚАЖ-ды одан әрi дамыту болып табылады.
      Бағдарламаның мiндеттерi:
      жазаларды орындау, ТМ-де ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетiлдiру;
      сотталғандарды ұстау жағдайларын халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақындату;
      ТМ-нiң жаңасын салу және қолданыстағысын қайта жаңғырту;
      ТМ-нiң материалдық-техникалық базасын жақсарту;
      бас бостандығынан айыруға баламалы жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын тиiмдi орындау үшiн жағдайлар жасау;
      сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыру;
      ҚАЖ қызметкерлерiн кәсiби даярлау.

  5. Дамудың негiзгi бағыттары мен
Бағдарламаны iске асыру тетiктерi

       ҚАЖ қызметiнiң заңнамалық базасын жетiлдіру
      ҚАЖ-ды дамыту қолданыстағы заңнама базасын қайта қараумен, халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына сәйкес жаңа нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеумен және қабылдаумен қатар жүруi тиiс.
      Елбасы белгiлеген, қылмыстық саясатты iзгiлендiруге бағытталған бағытты iске асыру аясында қызметкерлер мен сотталғандардың қауiпсiздiгiн ескере отырып, жаза өткеру тәртiбi мен шарттарын iзгiлендiру жағына қарай өзгерту мәселелерi бойынша бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеу қажет.
      Қазақстанда өмiр бойы бас бостандығынан айыруды енгiзуге орай, ТМД мен алыс шет елдердiң тәжiрибесiн зерделей отырып, жазалаудың осы түрiн орындауды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажет.

       ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетiлдiру
      ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетiлдiру мақсатында:
      жаңа ТМ-дi құру;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру;
      сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларының құқықтық мәртебесiн көтерiп және осы қызметтi әрбiр ауданда құра отырып, қызметкерлердiң штат санын арттырып, олардың функцияларын кеңейту;
      TM-де қадағалау жөнiндегi бақылаушылардың штат санын кезең-кезеңiмен арттыру;
      ҚАЖ-ды басқару процесiн сапалы ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етудi құру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру қажет, оны оңтайландыру, компьютерлендiру құралдарының кеңiнен енгiзiлуi мен байланыстың дамуы негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.

       ТМ-де режимдi, қадағалауды және күзетудi ұйымдастыру
      Қылмыстық заңнаманы iзгiлендiру жағдайында сотталғандарды жасақтық ұстау түзеу мекемелерiнен бiртiндеп камералық және жасақтық ұстаудың ақылға қонымды аралас үлгiсiне көшiру жөнiнде шаралар қабылдаған жөн, ол үшiн жалпы және қатаң режимдердегi ТМ-де сотталғандарды камерада ұстауға арналған жатақханалар салудың орындылығын және мүмкiндiгiн зерделеу қажет.
      ТМ аумағында орналасқан объектiлер мен ғимараттарды одан әрi оқшаулау жөнiндегi iс-шараларды жалғастыру.

       Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету
      Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау кепiлдiгiн нығайту мақсатында:
      адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк және үкiметтiк емес ұйымдарды қатыстыра отырып, сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға бақылауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Сотталғандардың заң көмегiн алуы уақытылы және оңай болуын қамтамасыз ету.

       Сотталғандармен тәрбие жұмысы
      Сотталғандармен тәрбие жұмысы жазаны өтеу жағдайларын одан әрi iзгiлендiруге, сотталғандарды әлеуметтiк-құқықтық және әлеуметтiк-психологиялық қорғауды қамтамасыз етуге, оларға көмек және қолдау көрсетуге, шектеулер мен тыйым салуларды бiртiндеп азайтуға, сотталғандарды ТМ-де болған бiрiншi күннен бастап бостандықтағы өмiрге дайындауға бағыт алуы тиiс.
      Бұл ретте, сотталғандармен дербес жұмыс бағдарламаларын әзірлеу мен енгізуге, сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық, дiни және өзге де ұйымдар арасындағы байланысты қолдау мен нығайтуға, дiни қажеттiлiктердi, рухани және моральдық сұраныстарды қанағаттандыруға, ұлттық салт-дәстүрлердi, әдет-ғұрыптар мен жоралғыларды сақтауға жағдай жасауға маңызды орын берiлуi тиiс.
      Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың орта бiлiм алу жүйесiн оқыту нысандарының икемдi құрылымын құру негізiнде жетiлдiру қажет.
      Сол сияқты, сырттай және дистанциялық оқыту нысандарын сотталғандардың анағұрлым кеңiрек пайдаланып жоғары бiлiм алу мүмкiндiгiн оны мемлекеттiк бiлiм берудiң жалпы желiсiне енгiзе отырып қарау қажет.
      Тәрбие аппараты сотталғандардың жеке басының дамуы үшiн, олардың орта бiлiм алу мүмкiндiгiне жағдай жасауда, сотталғандардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi қамтамасыз етуде, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтауда, клуб және үйiрме жұмыстарының жүйесiн кеңейтуде, сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық және дiни ұйымдар арасындағы байланысты нығайтуда жұмыс iстеу керек болады.

       Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды және өзгеде қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау
      Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарды тәрбиелеу және оңалту құралдарын қолданудың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн олардың мiнез-құлқын психологиялық-криминалистикалық жағынан болжау әдiстемесiн әзiрлеу керек болады.
      Локалдық компьютерлiк желiлер мен қылмыстық-атқару инспекцияларында есепте тұрған сотталғандардың ақпараттық деректер базасын құру қажет болады.

       Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету
      Сотталғандарды медициналық қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында:
      ауруханалардың, емдеу құқығындағы ТМ-нiң соның iшiнде туберкулездiң белсендi түрiмен ауыратын науқас сотталғандарды ұстау мен амбулаторлық емдеуге арналғандарының материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау;
      ҚАЖ-дың денсаулық сақтау органдарымен сотталғандардың жұқпалы және басқа да ауруларының, сонымен қатар маскүнемдiктiң, нашақорлықтың, ЖҚТБ инфекциясының алдын-алу, диагностикалау және емдеу мәселелерiнде өзара iс-әрекеттi жүзеге асыру;
      ТМ медициналық бөлiмдерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды денсаулық сақтау органдары ұйымдарының базасында қамтамасыз ету қажет.
      Үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуымен ҚАЖ мекемелерiнде есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзудi қамтамасыз ету.
      ЖҚТБ инфекциясын және басым жыныстық жолымен берiлетiн жұқпалы аурулардың алдын-алуды жүзеге асыру үшiн ҚАЖ қызметкерлерiнiң және сотталғандардың iшiнен ерiктiлердi даярлау жөнiндегi жұмысты одан әрi жүргізу.

       Сотталғандарды еңбекке тарту нысандары мен әдістерін жетілдіру
      Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы олардың еңбек рыногында сұранысқа ие жұмыс кәсiптерi мен мамандықтарын алуына, босатылғаннан кейiн олардың жұмысқа орналасуына ықпал етуi тиiс. Осыған байланысты:
      бiлiм беру органдарымен бiрлесiп сотталғандарды кәсiби оқытудың өз өндiрiсiнiң мүдделерiн, еңбек рыногын, сондай-ақ босатылғаннан кейiн жұмысқа орналасу мүмкiндiгiн ескеретiн икемдi жүйесiн ұйымдастыру;
      сотталғандардың адал еңбегi мен оқуын ынталандыру бойынша құқықтық және экономикалық сипаттағы шараларды әзiрлеу қажет.
      ТМ кәсiпорындарының қызметiн тұрақтандыру мақсатында:
      ҚАЖ кәсiпорындарының Қазақстан Республикасындағы өнеркәсiптi дамытудың ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк және инвестициялық жобаларына қатысуы;
      жеңілдiк несие беру есебiнен ҚАЖ кәсiпорындарын техникалық қайта жарақтандыруды кезең-кезеңiмен жүргiзу;
      сұранысқа ие өнiмдердi шығару үшiн ҚАЖ өндiрiстiк объектiлерiн құрылымдық жағынан қайта бейiмдеудi қамтамасыз ету;
      ҚАЖ кәсiпорындарымен сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегi бiрлескен қызметке қатысатын әртүрлi меншiк нысандарындағы ұйымдар үшiн салық жеңiлдiктерiн енгiзу бойынша ұсыныстар енгізу мақсатқа сай келедi.

       ҚАЖ үшiн кадрлар даярлау
      ҚАЖ қызметiн дамыту кадрмен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiрусiз мүмкiн емес.
      Сонымен бiрге, ҚАЖ-да жоғары бiлiмi бар мамандар даярлау жөнiндегi оқу орны жоқ. Осыған байланысты, ҚАЖ үшiн жоғары бiлiмi бар мамандар даярлау, сондай-ақ ҚАЖ қызметкерлерiнiң бастапқы даярлығына, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта бiлiктендiруге арналған оқу орталығын құру мүмкiндiгiн қарау қажет.
      ҚАЖ қызметкерлерiнiң қызметтiк, дене және моральдық-психологиялық даярлық деңгейiн арттыру бойынша шаралар қолдану қажет.

       ҚАЖ саласындағы ғылымды дамыту
      ҚАЖ қызметiнiң тиiмдiлiгiн ғылыми қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-зерттеу орталығын құру қажет, оның қызметi жаза атқару саласындағы халықаралық тәжiрибенi зерделеу мен енгiзуге, өткiзiлетiн ұйымдастырушылық және құқықтық қайта құруларға ғылыми iлеспе жасауды қамтамасыз етуге және ҚАЖ-дың өмiрлiк қажеттiлiктерiне сәйкес қолданбалы және iргелi сипаттағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыруға бағдарлануы тиiс.

       Қоғамдық бiрлестiктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс. Халықаралық ынтымақтастық
      Бұл бағыттағы жұмыстың тиiмдiлiгi үшiн:
      қоғамдық бiрлестiктермен, соның iшiнде құқық қорғау ұйымдарымен және қайырымдылық қорларымен өзара iс-қимылды кеңейту;
      мемлекеттiң жаза атқару саласында жүргiзiп жатқан саясаты туралы халыққа объективтi ақпарат беру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс жасау қажет.
      Шет мемлекеттердiң пенитенциарлық жүйелерiмен халықаралық байланысты дамыту мақсатында:
      тиiстi халықаралық шарттар жасасу;
      ҚАЖ қызметiнiң өзектi мәселелерi жөнiндегi халықаралық конференцияларға, семинарларға және курстарға қатысу;
      ҚАЖ қызметкерлерiнiң даярлығы мен бiлiктiлiгiн арттыру саласында ынтымақтастық жасау жөнiндегi жұмысты жалғастыру қажет.

       ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту
      ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту мыналарды:
      жаңа ТМ салуды;
      қолданыстағы ТМ-дi жаңғыртуды;
      ТМ-дi қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық күзет құралдарымен жарақтандыруды, сондай-ақ қолданыстағысын күрделi жөндеудi;
      ҚАЖ үшiн арнайы автокөлiк сатып алуды;
      ҚАЖ қызметкерлерiн қазiргi заманғы жеке қорғаныс, байланыс құралдарымен және қару-жарақпен қамтамасыз етудi көздейдi.
      Бағдарламаны iске асыру тетiгiнiң тиiмдiлiгi ҚАЖ-дың орталық және аумақтық органдарының қызметтiң барлық бағыттары бойынша мақсатты және келiсiлген iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.

  6. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi

      Бағдарламаның қаржылық шығындарын талап ететiн iс-шараларын iске асыру 2004-2006 жылдар кезеңiнде, оның iшiнде жылдар бойынша:
      2004 жыл - 2 866 580 мың мың теңге;
      2005 жыл - 2 147 400 мың теңге;
      2006 жыл - 2 387 282 мың теңге республикалық бюджет қаражаты есебiнен 7 млрд. 401 млн. 262 мың теңге сомасында көзделген.
      2005 және 2006 жылдарға арналған шығыстардың сомасы алдын-ала болып табылады және республикалық бюджет комиссиясы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезiнде айқындайтын болады.
       Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.11.  N 97 қаулысымен.

  7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

      Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
      заңнамалық база ҚАЖ-дың тиiмдi қызметiне ықпал ететiн болады;
      жазаны орындау кезiнде сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерi толығымен қамтамасыз етiлетiн болады;
      бас бостандығынан айырылған адамдардың жаза өтеу жағдайы жақсарады;
      ТМ-де сотталғандарды ұстау тығыздығы азаяды;
      мыналар:
      ТМ-де сотталғандарды ұстау қауiпсiздiгiнiң деңгейi;
      ТМ-дi күзету сенiмдiлiгi артады;
      мынадай:
      сотталғандардың барлық санаттары, өздерi сотталған немесе қамалғанға дейiн тұрған өңiрлерi шегiнде жазаларын өтеу;
      сотталғандарды әлеуметтiк оңалту мен бейiмдеу үшiн жағдай жасалады;
      ҚАЖ-дың қаржы-экономикалық жағдайы тұрақталады;
      бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын еңбекке қабiлеттi адамдар үшiн жұмыс орындарының саны артады;
      сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету жақсарады;
      қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларының функциялары кеңейедi;
      ҚАЖ қызметкерiнiң кәсiби даярлығы артады.

  8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.12. N  843 , 2006.02.11.  N 97 қаулыларымен.

__________________________________________________________________
Р/С|      Iс-шаралар     |  Аяқтау  |Орында.|Орындау|Болжамды|Қар.
N  |                     |  нысаны  |луына  |мерзiмi|шығыстар|жы
   |                     |          |жауап. |       |(млн.   |лан.
   |                     |          |тылар  |       |теңге)  |дыру
   |                     |          |       |       |        |көз.
   |                     |          |       |       |        |дерi
__________________________________________________________________
1            2                3         4       5        6     7
__________________________________________________________________
       ҚАЖ қызметiнiң заңнамалық базасын жетiлдіру

1   Нормативтiк-құқықтық  Норма.     ӘдМ     2005       -
    кесiмдер              тивтiк             жыл
    жобаларын жаза        құқықтық           iшiнде
    өткерудiң тәртiбi     кесiмдер
    мен жағдайларын
    iзгiлендiру жағына
    қарай өзгерту
    бөлiгiнде әзiрлеу

2    Мыналарды:           Норма.     ӘдМ     2004       -
     өмiр бойы бас        тивтiк             жылғы
    бостандығынан         құқықтық           2
    айыруға сотталған     кесiмдер           тоқсан
    адамдарға арналған
    iшкi тәртiп ережесiн;
     өмiр бойы бас
    бостандығынан айыруға
    сотталған адамдарды
    қадағалауды,
    айдауылдауды және
    күзетудi ұйымдастыру
    жөнiндегi
    нұсқаулықты әзiрлеу

       ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетілдіру

3   Жаңа TМ-дi құру       Үкiмет     ӘдМ     2004-      -
                          қаулылары          2006
                                             жылдар
                                             iшiнде

4   Бас бостандығынан     Үкiметке   ӘдМ     2005       -
    айыру орындарынан     ұсыныстар          жылғы
    босатылған адамдарды                     3
    оңалту орталықтарының                    тоқсан
    қызметiн ұйымдастыру
    жөнiнде ұсыныс енгiзу

5 алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.02.11.  N 97 қаулысымен.

6   Қылмыстық-атқару      Үкiмет     ӘдМ     2006      -      -
    инспекцияларын        қаулылары          жыл
    мемлекеттiк                              iшiнде
    мекемелерге қайта                        
    құру

алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.02.11.  N 97 қаулысымен.

8   ҚАЖ-дың арнайы
    анықтамалық-          Үкіметке   ӘДМ     2004-   37.237   РБ
    ақпараттық            ақпарат            2005    5.000   -/-
    жүйесiн құру                             жылдар
                                             ішінде

       Түзеу мекемелерінде режимді, қадағалауды және күзетуді
                         ұйымдастыру

9   Жалпы және қатаң      Үкiметке   ӘдМ     2005      -      -
    режимдердегi TM-де    ұсыныстар          жылғы
    сотталғандарды                           3
    камерада ұстауға                         тоқсан
    арналған
    жатақханалар
    салудың орындылығын
    және мүмкiндiгiн
    қарастыру

10  ТМ аумағында          Yкiметке   ӘдМ     2004      -      -
    орналасқан            ұсыныстар          жылғы
    объектiлер мен                           3
    ғимараттарды одан                        тоқсан
    әрi оқшаулау жөнiнде
    ұсыныс енгiзу

       Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін
                     қамтамасыз eту

11  Адам құқықтарын       Тиісті     ӘдМ     2005      -      -
    қорғау саласындағы    ұсынымдар          жылғы
    қызметтi жүзеге                          4
    асыратын мемлекеттiк                     тоқсан
    және үкiметтік емес
    ұйымдарды қатыстыра
    отырып
    сотталғандардың
    құқықтары мен заңды
    мүдделерін сақтауға
    бақылауды жетiлдiру
    жөнiнде ұсыныстар
    әзірлеу

12 Сотталғандардың заң    тиісті     ӘдМ     2004      -      -
   көмегiн алуы уақытылы  ведом.             жылғы
   және қол жетiмдiлiгiн  стволық            3
   қамтамасыз ету         шешiм              тоқсан

       Сотталғандармен тәрбие жұмысы

13 Сотталғандар арасында  Тиістi     ӘдМ     2004-     -      -
   тәрбие процесiн        ведом.     БҒМ     2006
   жетiлдiру жөнiндегi    стволық            жылдар
   жұмысты жалғастыру     шешiмдер           iшiнде

14 Сотталғандармен        Тиiстi     ӘдМ     2005      -      -
   жұмыстың үлгiлiк       ведом.             жылғы
   дербес бағдарламаларын стволық            4
   әзірлеу және TM-нің    шешiм              тоқсан
   практикасына енгiзу

15 Сотталғандар мен       Әдiсте.    ӘдМ     2005      -      -
   олардың туыстары,      мелiк              жылғы
   қоғамдық, дiни және    ұсынымдар          4
   өзге де ұйымдар                           тоқсан
   арасындағы
   байланыстарды қолдау
   мен нығайту, дiни
   қажеттiлiктердi,
   рухани және моральдық
   сұраныстарды
   қанағаттандыру,
   ұлттық
   салт-дәстүрлердi,
   әдет-ғұрыптар мен
   жоралғыларды сақтау
   үшiн жағдайлар жасау
   жөнiндегi әдiстемелiк
   ұсынымдар әзiрлеу

16 Бас бостандығынан      Тиісті     ӘдМ,    2004      -      -
   айыру орындарында      ведом.     БҒМ     жыл
   сотталғандардың орта   стволық            iшiнде
   жалпы бiлiм алу        шешiмдер           4
   жүйесiн жетiлдiру                         тоқсан

17 Сотталғандардың        Yкiметке   ӘдМ,    2004
   сырттай және           ақпарат    БҒМ     жылғы
   дистанциялық оқыту                        4
   нысандарын пайдалана                      тоқсан
   отырып жоғары бiлiм
   алу мүмкiндiгiн
   қарастыру

       Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес
      жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал
                 ету шараларын орындау

18 Қоғамнан оқшаулауға    Әдiсте.    ӘдМ     2005      -      -
   байланысты емес        мелiк              жылғы
   жазаларға              нұсқаулар          1
   сотталғандардың                           тоқсан
   тәртiбiн
   психологиялық-
   криминологиялық
   жағынан болжаудың
   әдістемелік
   ұсынымдарын әзiрлеу

19  алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.02.11.  N 97 қаулысымен.

       Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету

20 ТМ-дегi                Жабдықты   ӘдМ     2004,   49.110   РБ
   бактериологиялық       орнату             2005    10.000   -/-
   зертханалар үшiн                          және    50.000   -/-
   арнайы медициналық                        2006
   жабдықтар мен                             жылдар
   мүкәммал сатып алу                        ішінде

21 ҚАЖ-дың денсаулық       Ведом.    ӘдМ,    2004       -     -
   сақтау органдарымен     ство.     ДСМ     жылғы
   сотталғандардың         аралық            4
   жұқпалы және басқа да   шешiм             тоқсан
   ауруларының, соның
   iшiнде маскүнемдіктің,
   нашақорлық пен ЖҚТБ
   инфекциясының
   алдын-алу,
   диагностикалау және
   емдеу мәселелерiнде
   өзара iс-әрекеттi
   қамтамасыз ету.

22 Денсаулық сақтау        Ведом.    ӘдМ,    2004      -      -
   органдары               ство.     ДСМ     жылғы
   ұйымдарының базасында   аралық            4
   ҚАЖ-дың медициналық     шешiм             тоқсан
   бөлiмшелерi
   қызметкерлерiнiң
   бiлiктiлiгiн арттыруды
   қамтамасыз ету

23 Yкiметтiк емес          Tиісті    ӘдМ,    2004      -      -
   ұйымдардың қатысуымен   ведом.    ДСМ     жылғы
   есiрткiге тәуелдi       стволық           3
   адамдарды емдеудiң      шешiм             тоқсан
   қазiргi заманғы
   әдiстемесiн ТМ-ге
   енгiзу

24 ЖҚТБ инфекциясының      Үкіметке  ӘдМ     2004      -      -
   және басым              ақпарат           жылғы
   жағдайда жыныс                            4
   жолдарымен жұғатын                        тоқсан
   инфекциялардың
   алдын-алуды жүзеге
   асыру үшiн ҚАЖ
   қызметкерлерi мен
   сотталғандардың
   арасынан ерiктiлердi
   даярлауды жүргiзу

       Сотталғандарды еңбекке тарту нысандары мен
                 әдiстерiн жетілдіру

25 ТM-де кәсiби           Ведом.     ӘдМ,    2004-     -      -
   мектептердi ашу        ствоаралық БҒМ     2006
   жөнiндегi жұмысты      шешiм              жылдар
   жалғастыру                                iшiнде

26 Еңбекке қабiлеттi      Үкiметке   ӘдМ,    2004-     -      -
   барлық сотталғандар    ақпарат    ИСМ     2006
   үшiн жұмыс орындары                       жылдар.
   санын көбейту жөнiнде                     дың 4
   жағдай жасау                              тоқсаны

27 Мыналар:               Үкiметке   ӘдМ,    2005      -      -
   Қазақстан              ұсыныстар  ҚМ,     жылғы
   Республикасындағы                 СIМ     2
   өнеркәсiптi дамытудың                     тоқсан
   ұзақ мерзiмдi
   мемлекеттiк және
   инвестициялық
   жобаларына ҚАЖ
   кәсiпорындарына
   жеңiлдiк кредиттерiн
   бөлу және оларды
   қатыстыру;

   сотталғандарды
   еңбекпен қамтамасыз
   ету бойынша ҚАЖ
   кәсiпорындармен
   бiрге бiрлескен
   қызметке қатысушы
   меншiктiң түрлi
   нысандарының
   ұйымдары үшiн салық
   жеңiлдiктерiн енгiзу;

   ҚАЖ-дың
   қаржы-экономикалық
   жағдайын тұрақтандыру
   және оның өндiрiстiк
   базасын дамыту;

   Сотталғандардың
   еңбегiн ынталандыру
   жөнiнде ұсыныстар
   әзiрлеу

28 Сұранысқа ие           Тиісті     ӘдМ,    2004-     -      -
   өнiмдердi шығару үшiн  ведом.     ИСМ     2006
   ҚАЖ-дың өнеркәсiптiк   стволық            жылдар
   объектiлерiн           шешімдер           iшiнде
   құрылымдық қайта
   бағдарлауды қамтамасыз
   ету

                 ҚАЖ үшін кадрлар даярлау

29 Мыналар:               Үкiметке   ӘдМ,    2004      -      -
   ҚАЖ үшiн жоғары        ұсыныс     ІІМ,    жылғы
   бiлiмi бар мамандар               БҒМ     2
   даярлау;                                  тоқсан
   ҚАЖ қызметкерлерiнiң
   бастапқы даярлығына,
   бiлiктiлiгiн
   арттыруға және қайта
   бiлiктендiруге
   арналған оқу
   орталығын құру
   бойынша ұсыныстар
   әзірлеу

30 ҚАЖ қызметкерлерiнiң   Тиiстi     ӘдМ     2004-    -       -
   қызметтiк, дене және   ведом.             2006
   моральдық-             стволық            жылдар
   психологиялық          шешiмдер           1
   даярлығының деңгейiн                      тоқсан
   арттыру жөнiнде
   шаралар қабылдау

               ҚАЖ саласындағы ғылымды дамыту

31 ҚАЖ-дың                Үкіметке   ӘдМ,    2004-     -      -
   ғылыми-зерттеу         ұсыныстар  БҒМ     жылдар
   орталығын құру                            4
   жөнiнде ұсыныс                            тоқсан
   әзiрлеу

       Қоғамдық бiрлестiктермен және бұқаралық ақпарат
       құралдарымен жұмыс. Халықаралық ынтымақтастық

32  алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.02.11.  N 97 қаулысымен.

33 Мемлекеттiң жаза       Үкiметке   ӘдМ,    2004-     -      -
   атқару саласында       ақпарат    АқМ     2006
   жүргiзiп жатқан                           жылдар
   саясаты туралы                            4
   халықты объективтi                        тоқсан
   түрде хабардар ету
   жөнiнде бұқаралық
   ақпарат құралдарымен
   өзара iс-қимыл орнату

34 Жаза атқару желiсi     Халық.     ӘдМ,    2004-     -      -
   арқылы халықаралық     аралық     СIМ     2006
   шарттар жасасу         шарт.              жылдар
   жөнiндегi жұмысты      тардың             iшiнде
   жалғастыру             жобалары

35 ҚАЖ қызметiнiң         Үкiметке   ӘдМ,    2004-     -      -
   өзектi мәселелерi      ақпарат    СIМ     2006
   жөнiндегi                                 жылдар
   халықаралық                               4
   конференцияларға,                         тоқсан
   семинарларға және
   курстарға қатысу

36 ҚАЖ қызметкерлерiнiң   Халық.     ӘдМ,    2004-     -      -
   даярлығы мен           аралық     СIМ     2006
   бiлiктiлiгiн арттыру   шарт.              жылдар
   желiсi бойынша шетел   тардың             iшiнде
   мемлекеттерiнiң        жобалары
   пенитенциарлық
   жүйесiмен
   ынтымақтастық орнату

       ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту

37 Мыналарды:            Үкіметке
   Ақтөбе облысы Жем     ақпарат     ӘдМ     2004    286.000  РБ
   кентiнде "Эмбa-5"                         жылғы
   әскери объектiсiн                           4
   1500 орынды толтыру                      тоқсан
   лимитi бар қатаң
   режимдегi түзеу
   колониясы етiп
   қайта жаңғыртуды;

   Қызылорда                                 2004,   310.000  РБ
   қаласындағы қабырғалық                    2005    283.800  -/-
   материалдар зауытын                       2006
   1 000 орынды                              жылдар
   толтыру лимитi бар                        iшiнде
   жалпы режимдегi
   түзеу колониясы етiп
   қайта жаңғыртуды;

   Тараз қаласындағы                         2004-   250.000  РБ
   психоневрологиялық                        2005    200.000  -/-
   үй интернатын 1200                        жылдар           -/-
   орынды толтыру                            iшiнде
   лимитi бар жалпы
   режимдегi түзеу
   колониясы етiп
   қайта жаңғыртуды;

   Атырау қаласындағы                        2004-   200.000  РБ
   бұрынғы                                   2005    143.000  -/-
   кәсiптiк-техникалық                       жылдар           -/-
   училищенiң ғимаратын                      iшiнде
   300 орынды толтыру
   лимитi бар сотталған
   әйелдердi ұстауға
   арналған түзеу
   колониясы етiп
   қайта жаңғыртуды;

   Орал қаласындағы                          2004    20.520   РБ
   РУ-170/3 қоныс                            және    571.260  -/-
   колониясын 900 орынды                     2006    
   толтыру лимитi бар                        жылдар
   қатаң режимдегi                           iшiнде
   түзеу колониясы етiп                      
   қайта жаңғыртуды;

   Алматы облысының                          2004    197.300  РБ
   Заречный кентiндегi                       2005    700.000  -/-
   ЛА-155/12 түзеу қоныс                     және    814.070  -/-
   колониясын 1 500                          2006    164.150  -/-
   орынды толтыру лимитi                     жылдар
   бар қатаң режимдегi                       iшiнде
   түзеу колониясы етiп
   қайта жаңғыртуды
   аяқтау

38 ТМ-дi ерекше           Үкiметке   ӘдМ     2004,   400.000  РБ
   жабдықтармен, әскери   ақпарат            2005    20.000   -/-
   мақсаттағы                                және    20.000   -/-
   материалдар мен және                      2006
   активтермен                               жыл.
   жарақтандыру                              дардың
                                             4
                                             тоқсаны

39 Павлодар қаласындағы   Үкiметке   ӘдМ     2004,   33.700   РБ
   "Химпром" ААҚ-тың      ақпарат            2005    350.000  -/-
   N 822 және 823                            және    411.300  -/-
   өндiрiстiк                                2006
   корпустарын 1500                          жылдар
   орынды ерекше                             iшiнде
   режимдегi түзеу
   колониясы етiп қайта
   жаңғыртуды жүргізу

40 ҚАЖ ғимараттары мен    Yкiметке   ӘдМ     2004,   124.100  РБ
   құрылыстарына күрделі  ақпарат            2005    176.550  -/-
   жөндеу жүргізу                            және    242.502  -/-
                                             2006
                                             жылдар
                                             4
                                             тоқсан

41 1. Мыналарды:          Жобалық            2004    127.417  РБ
      51 ТМ-нiң           сметалық   ӘдМ     жыл
   инженерлiк-техникалық  құжат.             iшiнде
   құрылыстарын жөндеуге  тама,
   жобалық-сметалық       құрал-
   құжаттама әзiрлеудi    жабдық
   және сараптама                            2004    500.000  РБ
   жасауды, сондай-ақ     Yкiметке           жылғы
   инженерлік-техникалық  ақпарат            4
   күзет құралдары                           тоқсан
   жабдықтарын сатып
   алуды;
      мынадай 51 TM-нiң                      2005    200.000  РБ
   инженерлiк-техникалық                     жылғы 4
   құрылыстарына күрделi                     тоқсан
   жөндеу жүргізу:
   1) ЛА-155/4; AК-159/9;
   EЦ-166/25; КА-168/2;
   ЖД-158/2; РУ-170/2;
   EЦ-166/10; АК-159/21;
   УК-161/4; АП-162/3;
   ЛА-155/14; ЛА-155/8;
   ЖД-168/4; АП-162/4;
   ЕС-164/3; OB-156/15;
   AК-159/17;
   2) ЛА-155/6; OB-156/6;
   AК-159/7; ИЧ-167/9;
   АП-162/2; ЕС-164/6;
   УК-161/2; OB-156/2;                       2006    147.550  РБ
   ЕС-164/4; ЕС-164/8;                      жылғы 4
   ЕЦ-166/11; ГM-172/1;                     тоқсан
   ГM-172/6; ИЧ-167/3;
   ЕЦ-166/4; ИЧ-167/2; 
   3)  алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.02.11.  N 97 қаулысымен

42 ТМ-нiң                 Құрал-     ӘдМ     2004,   214.296  РБ
   коммуналдық-тұрмыстық  жабдық.            2005    64.000   -/-
   жабдықтарын ауыстыруды ты                 және    64.000  -/-
   жүргiзу                пайдалану          2006
                                             жылдар
                                             iшiнде

43 Арнайы контингенттi    Автомо.    ӘдМ     2004,   114.200  РБ
   тасымалдауға арналған  биль.              2005    50.000   -/-
   арнайы автокөлiктердi  дерді              және    50.000   -/-
   және ҚАЖ мұқтаждарына  пайдалану          2006
   арналған                                  жылдар
   автокөлiктерді                            iшiнде
   сатып алу

44 Жиыны:                                    2004    2.866.580 РБ
                                             жыл
                                             2005    2.147.400  -/-
                                             жыл
                                             2006    2.387.282 -/-
                                             жыл

   Барлығы                                   2004-2006
                                             жылдар
                                                     7.401.262 РБ
__________________________________________________________________

      Ескерту:
      Қысқарған сөздердiң мағыналары:
      ӘдМ - Әдiлет министрлiгi
      IIM - Iшкi iстер министрлiгi
      ЭБЖМ - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
      CІM - Сыртқы iстер министрлiгi
      ИСМ - Индустрия және сауда министрлiгi
      АқМ - Ақпарат министрлiгі
      ДСМ - Денсаулық сақтау министрлiгi
      БҒМ - Бiлiм және ғылым министрлiгi
      ҚМ - Қаржы министрлiгi
      РБ - Республикалық бюджет