Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 145 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Эксимбанкі" ашық акционерлік қоғамының және "Медетші қор" жабық акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 1267 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 46, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      4 және 5-тармақтар алынып тасталсын;
      15-тармақтағы 8, 9, 10, 11, 12 және 14-деген сандар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 10 ақпаннан бастап күшіне енетін осы қаулы 1-тармағының үшінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі