Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды жүргiзу epeжeciн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 779 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі N 917 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 13-жолдың "тауарлардың СЭҚ ТН бойынша коды" деген бағанындағы "7112" деген сандар "(7112 92 000 0-ді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі