Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. 4-тармақты қоспағанда, күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi туралы ереже;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 N 32 Қаулысымен;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405; 2010.03.31 N 252; 2012.03.12 N 319; 25.01.2013 N 32; 04.05.2014 № 441 Қаулыларымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 № 846 Қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.

      5. Қоса берiлiп отырған:
      1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.
      4) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 675 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405, 2010.03.31 N 252 Қаулыларымен.
      6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi таратылсын.
      8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
      9. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.     
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.
      10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген       Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi туралы ереже       Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.       Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 N 32 Қаулысымен. 1. Жалпы ережелер       1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) мәдениет, iшкi саяси тұрақтылық, этносаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мемлекеттiк рәмiздер, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.
      2. Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнің Мәдениет және өнер істері комитетi;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнің Тiл комитетi.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.
      3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарынаҚазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Министрлiк мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      5. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Министрлік егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қөзделген басқа да актілермен ресімделетін шешiмдер қабылдайды.
      8. Министрлiктiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Министрлiктiң орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 15-кiреберiс.
      10. Министрлiктiң толық атауы: «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.
      11. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Министрлiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлiкке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері       14. Министрлiктiң миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қолжетiмдi қызметтер қөрсетуге, мемлекеттiк және басқа тiлдердiң қарқынды дамуына, ел бiрлiгiнiң нығаюына, мемлекет пен азаматтық сектор әрiптестiгiнiң тиiмдi жүйесiн қолдауға бағытталған мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және тиiмдi iске асыру.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.
      15. Мiндеттерi:
      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты және мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      3) Министрлiкке жүктелген өзге де мiндеттер.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.
      16. Функциялары:
      1) орталық аппараттың функциялары:
      мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
      Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау;
      халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметтi жүзеге асыру және үйлестiру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;
      мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
      мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыратын және iске асыратын мемлекеттiк органдарға ақпараттық, консультациялық, әдiстемелiк қолдау көрсету;
      мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiн жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiнiң қорытындылары бойынша ақпарат ұсыну;
      Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың өнiм берушiлер тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асыру;
      мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткiзуiн ұйымдастыру;
      шығармашылық қызметтiң әртүрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдар, сыйлықтар мен жүлделер тағайындау;
      Республикалық конкурстар мен фестивальдар өткiзудiң үлгiлiк қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
      мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс салаларындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, бекiту;
      мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзiрлеу, бекiту;
      дарынды жастарды және перспективалық шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
      көтермелеудiң салалық жүйесiн әзiрлеу және бекiту;
      мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң санаттарына қойылатын үлгi бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу және бекiту;
      көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгiлi) атағын беру ережесi мен тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
      мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау қағидаларын бекiту;
      Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртiбiн бекiту;
      көркемдiк-сарапшы кеңестер туралы ереженi бекiту;
      мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптау комиссиясы туралы үлгi ереженi бекiту;
      Мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшiн сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кiтапхана қорларына қол жеткiзу қағидаларын бекiту;
      Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларына қол жеткiзу қағидасын бекiту;
      мәдени-демалыс ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн бекiту;
      Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесiн әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Әнұранының мәтiнiн орналастыру және пайдалану ережесiн әзiрлеу;
      мемлекет меншiгi болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру жөнiнде шешiм қабылдау;
      объектiлердi тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесiнен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның арнайы комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
      ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң ерекше режимi жөнiндегi сараптау комиссиясын құру;
      тарихи-мәдени сараптама жүргiзу қағидасын бекiту;
      тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртiбiн және пайдалану режимiн әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткiштерге меншiк өкiлеттiктерiн жүзеге асыру;
      мәдениет саласында ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар мен мемлекеттік наградалар беру, Қазақстан Республикасының шығармашылық ұжымдарын марапаттау туралы ұсыныстар енгізу;
      мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебесін беру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу;
      барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн ұйымдастыру;
      мәдениет саласында көрсетiлетiн қызметтерге талдау жүргiзу;
      саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, үкiметтiк емес ұйымдармен, кәсiптiк одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;
      iшкi саяси тұрақтылықты, этносаралық келiсiмдi нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;
      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн  бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындауды келiсу;
      тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кiтапхана пайдаланушыларға берудi жүргiзетiн, кiтапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кiтапханаларға әдiстемелiк көмек көрсететiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кiтапханаларына «Орталық» мәртебесiн берудiң тәртiбiн бекiту;
      Фильмдi ұлттық деп тану қағидаларын бекiту;
      фильмге прокаттау куәлiгiнiң нысанын бекiту;
      фильмнiң индексiн айқындау өлшемдерiн әзiрлеу және бекiту;
      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
      мәдениет саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
      Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әдебиетті республикалық деңгейде қалыптастыру, орналастыру және басып шығаруды бақылау;
      Министрліктің қарамағындағы республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыру;
      2) ведомстволардың функциялары:
      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
      Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнiнде, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      тарих және мәдениет ескерткiштерiне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
      мәдениет саласында әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар өткiзу;
      республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу;
      тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер өткiзу;
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды, оның халықаралық беделiн нығайтуды қамтамасыз ету;
      республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;
      жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектiлердi Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу туралы өтінішхаттарын қарау;
      Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
      ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнің ерекше режимiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
      қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және реконструкциялау жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерi бар жердi пайдалану карталарын келiсу;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен ұлттық фильмдер жасау;
      фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      фильмдерге прокаттау куәлiктерiн беру және оларды сот тәртiбiмен керi қайтарып алу;
      республикалық мемлекеттiк мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебесін беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебесін беру туралы ұсыныстар енгiзу;
      жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiнiң орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келiсiм беру;
      халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау;
      халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнің пайдаланылуы мен күтiп-ұсталу тәртiбiн бақылау;
      жаңа тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнатылуын бақылау;
      Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
      лицензиаттың лицензияда көрсетiлген шарттарды сақтауын бақылау;
      жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiруiн бақылау;
      Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
      тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;
      орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
      мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
      театр, музыка өнерiн, кинематографияны, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiндегi республикалық маңызы бар мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдау және үйлестiру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ету;
      музыка және театр өнерi саласында репертуарлық саясатты үйлестiру;
      республика (ауылдық, кенттiк, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
      меншiк нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасау;
      ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіру;
      мәдениет, тілдерді дамыту саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындау;
      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 413 (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.09.2013 N 956; 04.05.2014 № 441 қаулыларымен.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
      4) Министрліктің жанында консультативтік-кеңесші органдарды құру;
      5) Министірліктің құзыреті шегінде конкурстарды, фестивальдарды, көрмелерді, конференцияларды, семинарлар және басқа іс-шараларды ұыймдастыру және өткізу;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік наградаларға ұсыну;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 3. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру       18. Министрлікке басшылықты Министрлiкке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Министрліктің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) қызметi өз бақылауында болатын комитеттердiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) жауапты хатшының келiсiмiмен комитет басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      3) Министрлiкте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшiн дербес жауапты болады;
      4) Қазақстан Республикасы Парламентiнде, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Министрлiктiң атынан өкiлдiк етедi.
      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. Министрлiктiң аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады. 4. Министрлiктiң мүлкi       24. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
      Министрлiктiң мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлiктiң, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату       27. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарамағындағы
ұйымдардың тiзбесi       Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.       1. «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық қәсіпорны.
      2. «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      4. «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      5. «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      6. «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      8. «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      10. «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      11. «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      13. «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      14. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      15. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      16. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық қәсіпорны.
      17. «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      18. «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      19. «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      20. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      21. «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      22. «Қазқайтажаңарту» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      23. «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      24. «Баспалар үйі» акционерлік қоғамы.
      25. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы.
      26. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы.
      27. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы.
      28. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
      29. «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      30. «Astana Ballet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      31. «Қазақ энциклопедиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қарамағындағы
республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі       Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.       1. «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      2. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      3. «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      4. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      5. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      6. «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      8. «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      9. «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      11. «Достық үйi – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
      12. «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      13. «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі. Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi       Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 N 32 Қаулысымен.             Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар       1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.       2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.       3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiне".       4. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетінiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 445 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 18, 229-құжат):
      тақырыпта және мәтiнде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат" деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген       Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігінiң Спорт iстерi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ       Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 Қаулысымен. Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген       Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгі Спорт iстерi комитетінiң құрылымы       Ескерту. Құрылым алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 Қаулысымен. Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген       Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы
ЕРЕЖЕ       Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 Қаулысымен. Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген       Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
Ақпарат және мұрағат комитетiнiң құрылымы       Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 Қаулысымен. Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген       Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгі Спорт iстерi комитетiнің
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi       Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.       Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген       Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
    министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi       Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.        РҚАО-ның ескертпесі!
      Тізбемен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 675 Қаулысымен (жариялануға жатпайды). Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысына    
қосымша        Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешімдерiнiң тiзбесi       1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 мамырдағы N 543 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 17, 184-құжат).       2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырудың 26-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).       3. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 505-құжат).       4. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат).       5. "Туристiк қызметті лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 71-құжат).       6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 мамырдағы N 703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 250-құжат).        7. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгінiң қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 мамырдағы N 706 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 251-құжат).       8. "Достық" оқу-спорт кешенi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 997 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 332-құжат).       9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 1070 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 362-құжат).       10. "Қазспортқамтамасызету" басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 1071 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 363-құжат).       11. "H. Әбдiров атындағы спорт комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 ақпандағы N 285 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 84-құжат).       12. "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 наурыздағы N 323 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 102-құжат).       13. "Туристік қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1213  қаулысы 2-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат).       14. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Орталық жүзу бассейнi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi N 1253 қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.01.28. N 73 қаулысымен.        15. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнiң "Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы N 251 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 58-құжат).       16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 және 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 наурыздағы N 343 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 81-құжат).       17. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазинтерспорт" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 наурыздағы N 382 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы.       18. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнiң "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 маусымдағы N 673 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 19, 203-құжат).       19. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 99 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 4, 50-құжат).       20. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 маусымдағы N 629 қаулысы 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 27, 261-құжат).       21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 27 тамыздағы N 872 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 35, 356-құжат).       22. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 953 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 38, 386-құжат).       23. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 477-құжат).       24. "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 480-құжат).        25. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 9 ақпандағы N 151 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 7, 91-құжат).       26. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігiнің "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөнiндегi дирекция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 ақпандағы N 169 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы.       27. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 және 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы N 179 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 8, 100-құжат).       28. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 234 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 25-құжат).       29. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 445 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 18, 229-құжат).       30. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттiк мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 сәуiрдегi N 461 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 240-құжат).       31. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 маусымдағы N 604 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 23, 292-құжат).       32. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 тамыздағы N 891 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстердiң 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 415-құжат).