Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 319 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405, 2010.03.31 N 252, 2012.03.12 N 319 Қаулыларымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 № 846 Қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.
      5. Қоса берiлiп отырған:
      1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.
      4) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 675 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405, 2010.03.31 N 252 Қаулыларымен.
      6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi таратылсын.
      8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
      9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 319 Қаулысымен.
      10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы
ереже

       Ескерту. Тақырып - жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 319 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) мемлекеттiк реттеудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық, этносаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мұрағат iсi мен құжаттама, мемлекеттiк рәмiздер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс салаларында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитетi, Ақпарат және мұрағат комитетi, Тiл комитетi.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 319 Қаулысымен.

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясыназаңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Министрліктің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      8. Министрліктің заңды мекен-жайы:
      010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.

      9. Министрлiктiң толық атауы: "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 319 Қаулысымен.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

      13. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      3) Министрлiкке жүктелген өзге де мiндеттер.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 319 Қаулысымен.

      14. Министрлiк қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
      2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеу;
      3) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметтi жүзеге асыру және үйлестiру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;
      4) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      5) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
      6) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
      7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету;
      8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
      9) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсыну;
      10) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізуді жүзеге асыру;
      11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастыру;
      12) шығармашылық қызметтiң әртүрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдер, сыйлықтар мен жүлделер тағайындау;
      13) Республикалық конкурстар мен фестивальдер өткiзудiң үлгiлiк ережелерiн әзiрлеу және бекiту;
      14) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама салаларында нормативтік құқық актілерді әзірлеу, бекіту;
      15) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзiрлеу, бекiту;
      16) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды iздестiруге және қолдауға бағытталған бағдарламалар әзiрлеу;
      17) көтермелеудiң салалық жүйесiн әзiрлеу және бекiту;
      18) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң санаттарына қойылатын үлгi бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу және бекiту;
      19) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгiлi) атағын беру ережесi мен тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
      20) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау ережесiн бекiту;
      21) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.25 N 1360 Қаулысымен;
      22) Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртiбiн бекiту;
      23) көркемдiк-сарапшы кеңестер туралы ереженi бекiту;
      24) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптау комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту;
      25) Мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшiн сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кiтапхана қорларына қол жеткiзу ережесiн бекiту;
      26) Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларына қол жеткiзу ережесiн бекiту;
      27) мәдени-демалыс ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн бекiту;
      28) Мемлекеттiк стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесiн әзiрлеу;
      29) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Әнұранының мәтiнiн орналастыру және пайдалану ережесiн әзiрлеу;
      30) мемлекет меншiгi болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру жөнiнде шешiм қабылдау;
      31) объектiлердi тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесiнен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның арнайы комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
      32) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң ерекше режимi жөнiндегi сараптау комиссиясын құру;
      33) тарихи-мәдени сараптама жүргiзу ережесiн бекiту;
      34) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртібін және пайдалану режимін әзірлеу;
      35) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткiштерге меншiк өкiлеттiктерiн жүзеге асыру;
      36) мәдениет саласында ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      37) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      38) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мәдениет және өнер қайраткерлерiне құрметтi атақтар және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын беру туралы ұсыныстар енгiзу;
      39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығармашылық ұжымдарды Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныстар енгiзу;
      40) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе беру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу;
      41) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн ұйымдастыру;
      42) ақпараттық кеңiстiкке және мәдениет, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама салаларында көрсетiлетiн қызметтерге талдау жүргiзу;
      43) саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, үкiметтiк емес ұйымдармен, кәсiптiк одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;
      44) iшкi саяси тұрақтылықты, этносаралық келiсiмдi нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;
      45) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      46) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындауды келiсу;
      47) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кiтапхана пайдаланушыларға берудi жүргiзетiн, кiтапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кiтапханаларға әдiстемелiк көмек көрсететiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кiтапханаларына "Орталық" мәртебесiн берудiң тәртiбiн бекiту;
      48) Фильмдi ұлттық деп тану ережесiн бекiту;
      49) фильмге прокаттау куәлiгiнiң нысанын бекiту;
      50) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.25 N 1360 Қаулысымен;
      51) фильмнiң индексiн айқындау өлшемдерiн әзiрлеу және бекiту;
      52) мұрағат iсi жөнiндегi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкiлдiк етуiн қамтамасыз ету;
      53) мұрағат iсiн басқару және жүргiзу органдарының қызметiне әдiстемелiк басшылық жасау және оны үйлестiру;
      54) мұрағат iсi мен құжаттамалық қамтамасыз етуде жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру;
      55) мұрағаттарды, мұрағат қорларын және коллекцияларды ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешiм қабылдау;
      56) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, оның iшiнде электронды құжаттарды толықтырудың, сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың бiрыңғай қағидалары мен нормаларын бекiту;
      57) Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын бекiту;
      58) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттардың тiзбесiн сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып бекiту;
      59) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртiбiн анықтау;
      60) Орталық сараптау-тексеру комиссиясын құру және ол туралы қағиданы бекiту;
      61) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеу;
      62) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
      63) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 836 Қаулысымен.
      64) Журналистердi аккредиттеу қағидаларын бекiту;
      65) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 836 Қаулысымен.
      65-1) Министрліктің құзыреті шегінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру;
      65-2) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеу;
      65-3) телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекіту;
      65-4) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
      65-5) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
      65-6) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
      65-7) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлеу;
      65-8) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже әзірлеу және оның құрамы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
      65-9) бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды, дамытуды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру;      
      66) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 319 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 836, 2012.10.25 N 1360 Қаулыларымен.

      15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнiнде, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      2) тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу, телерадио хабарларын тарату жөніндегі қызметті лицензиялау;
      3) мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпараттық агенттіктерді есепке қоюды жүзеге асыру;
      4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.25 N 1360 Қаулысымен;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;
      6) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздерi туралы деректер жинақтауды (каталогын) жүргiзу;
      7) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына орталықтандырылған мемлекеттiк есеп жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;
      8) заңнамада белгiленген тәртiппен ұлттық мұрағат қоры құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсаттар беру;
      9) мәдениет саласында әлеуметтiк мәндi iс-шаралар өткiзу;
      10) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының жанрлық бейiмдiлiгiн және қызмет тегін айқындау;
      11) республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттаудан өткiзу;
      12) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      13) шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер өткiзу;
      14) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды, оның халықаралық беделiн нығайтуды қамтамасыз ету;
      15) телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату үшiн радиожиiлiк номиналдарын бөлу жөнiнде ашық конкурстар ұйымдастыру және өткiзу;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру;
      17) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерiнiң тиiстi атқарушы органдармен келiсiлген тiзiмдерiн бекiту;
      18) сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негiзiнде тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзiмi мен жою тәртiбiн белгiлеу;
      19) республикалық меншiктегi тарих және мәдениет деректi ескерткiштерiн қорғауды, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ету;
      20) автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды әзiрлеу мен енгiзудi ұйымдастыру, ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат желiсi мен деректер банкiн құру;
      21) мұрағаттану, құжат жүргiзу және қосалқы тарихи пәндер саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдiстемелiк қызметтi дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiн пайдалану;
      22) мемлекеттiк мұрағаттар мен басқа да мұрағат мекемелерiнiң қызметi үшiн оңтайлы жағдайлар жасау;
      23) басқа мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың, басқа мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағат құжаттарының көшiрмелерiне апостиль қоюды жүргiзу;
      24) Ұлттық мұрағат қорының жеке меншiктегi құжаттарын сақтау мен пайдалану жөнiндегi шарттарға қол қою;
      25) Үкiметтiң шешiмдерi бойынша ұлттық мұрағат қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беру;
      26) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру;
      27) Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтандыру қорын қалыптастыру мен қамтамасыз ету;
      28) шет елдердегi Қазақстан Республикасының тарихы жөнiндегi мұрағат құжаттарын жинау мен елге қайтаруды жүргiзу;
      29) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының басылып шығарылуын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды мемлекеттiң, қоғамның, азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
      30) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектiлердi ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу туралы өтiнiмдерiн қарау;
      31) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
      32) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерi ерекше режимiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
      33) қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта жаңарту жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерi бар жердi пайдалану карталарын келiсу;
      34) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен әдебиеттi республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;
      35) Фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      36) фильмдерге прокаттау куәлiктерiн беру және оларды сот тәртiбiмен керi қайтарып алу;
      37) республикалық мемлекеттiк мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстар енгiзу;
      38) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiнiң орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келiсiм беру;
      39) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау;
      40) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйiн және күтiп ұсталу тәртiбiн бақылау;
      41) жаңа тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнатылуын бақылау;
      42) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
      43) лицензиаттың лицензияда көрсетiлген шарттарды сақтауын бақылау;
      44) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiруiн бақылау;
      45) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
      46) тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;
      47) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
      48) мұрағат iсi, мемлекеттiк, ведомстволық, жеке мұрағаттар жөнiндегi заңнаманың сақталуын бақылау;
      49) Қазақстан Республикасының ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
      50) iс жүргiзу мәселелерiне салааралық ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және iс жүргiзудiң жай-күйiн, республикалық меншiктегi құжаттардың ведомстволық сақталуын бақылау;
      51) мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
      52) театр, музыка өнерiн, кинематографияны, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiндегi республикалық маңызы бар мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдау және үйлестiру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ету;
      53) музыка және театр өнерi саласында репертуарлық саясатын үйлестiру;
      54) республика (ауылдық, кенттiк, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
      55) меншiк нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелерi жөнiндегi өзара iс-қимыл жасау;
      56) терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметiн үйлестiру;
      56-1) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
      56-2) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
      56-3) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
      56-4) Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
      56-5) Қазақстан Республикасының аумағында есепке қойылған және таратылатын отандық және шетелдік теле-, радиоарналардың тізілімін жүргізу және оны интернет-ресурста жариялау;
      56-6) телерадио хабарларын тарату операторларының есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды тарату бөлігіндегі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      56-7) көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау;
      56-8) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
      56-9) ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      56-10) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамаларының сақталуын бақылауды және мониторингті жүзеге асыру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;
      56-11) уәкілетті органдарға адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан кездегі іс-қимыл тәртібі туралы халықты хабардар ету үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізу.
      57) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жөнiндегi функциялар жүктелуi мүмкiн.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 319 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 836, 2012.10.25 N 1360 Қаулыларымен.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      16. Министр Министрлікке басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Министр:
      1) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
      2) қызметі өз бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) жауапты хатшының келісімімен комитет басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      3-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
      4) Қазақстан Республикасы Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен.

      19. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      20. Үкіметтің, Министрдің қызметтен кетуі жауапты хатшының өкілеттігін тоқтатуға әкеліп соқпайды.

      21. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.

      22. Жауапты хатшы:
      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау мен пайдалану, тiл саясаты салаларында Министр қалыптастыратын саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi және оның актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді;
      3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, комитеттердің құрылымы мен штат санын бекітеді;
      5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
      8) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің департаменттері мен басқармалары басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      9) Министрмен комитеттердің басшылары тағайындау үшін ұсынатын комитеттер басшыларының орынбасарларын тағайындауды келіседі;
      10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
      12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      13) Министрліктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      16) Министрмен келіскеннен кейін Министрлікті қаржыландыру жоспарын және Министрліктің қаржылық есептілігін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
      17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
      20-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 N 252, 2011.04.29 N 468, 2011.08.01 N 888 Қаулыларымен.

      23. Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін жауапты хатшы:
      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқылы.

      24. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.

      25. Министрліктің консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді.

      26. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрліктің жұмыс регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.

4. Министрліктің мүлкі

      27. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
      Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

      28. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      29. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 319 Қаулысымен.

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.06.26 N 610 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.11.21 N 1080, 2010.03.31 N 252 Қаулыларымен.

      "Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.  

            Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi" деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі";
      "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi" деген бөлiмнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң тетi";
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі" деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң Спорт iстерi комитетi";
      реттiк нөмiрi 517-1-жолда "Алматы қаласы" деген сөздер "Астана қаласы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiне".

      4. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетінiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 445 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 18, 229-құжат):
      тақырыпта және мәтiнде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігінiң Спорт iстерi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгі Спорт iстерi комитетінiң құрылымы

      Ескерту. Құрылым алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
Ақпарат және мұрағат комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгі Спорт iстерi комитетiнің
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
    министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 N 252 Қаулыcымен. 

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тізбемен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 675 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешімдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 мамырдағы N 543 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 17, 184-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырудың 26-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 505-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат).

      5. "Туристiк қызметті лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 71-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 мамырдағы N 703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 250-құжат).

       7. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгінiң қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 мамырдағы N 706 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 251-құжат).

      8. "Достық" оқу-спорт кешенi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 997 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 332-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 1070 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 362-құжат).

      10. "Қазспортқамтамасызету" басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 1071 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 363-құжат).

      11. "H. Әбдiров атындағы спорт комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 ақпандағы N 285 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 84-құжат).

      12. "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 наурыздағы N 323 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 102-құжат).

      13. "Туристік қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1213  қаулысы 2-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Орталық жүзу бассейнi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi N 1253 қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.01.28. N 73 қаулысымен. 

      15. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнiң "Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы N 251 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 58-құжат).

      16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 және 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 наурыздағы N 343 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 81-құжат).

      17. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазинтерспорт" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 наурыздағы N 382 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы.

      18. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнiң "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 маусымдағы N 673 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 19, 203-құжат).

      19. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 99 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 4, 50-құжат).

      20. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 маусымдағы N 629 қаулысы 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 27, 261-құжат).

      21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 27 тамыздағы N 872 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 35, 356-құжат).

      22. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 953 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 38, 386-құжат).

      23. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 477-құжат).

      24. "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 480-құжат).

       25. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 9 ақпандағы N 151 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 7, 91-құжат).

      26. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігiнің "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөнiндегi дирекция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 ақпандағы N 169 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы.

      27. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 және 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы N 179 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 8, 100-құжат).

      28. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 234 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 25-құжат).

      29. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 445 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 18, 229-құжат).

      30. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттiк мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 сәуiрдегi N 461 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 240-құжат).

      31. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 маусымдағы N 604 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 23, 292-құжат).

      32. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 тамыздағы N 891 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстердiң 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 415-құжат).