Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы N 872 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазпочта" ашық акционерлiк қоғамының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдiгiмен мемлекеттiк емес сыртқы заем тартуы туралы" 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1961 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
      1-тармақтың екiншi абзацындағы "2002" деген сандар "2003" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі