Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N
405
қаулысымен.
2. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29. N 1148 (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетi құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N
405
қаулысымен.
5. Қоса берiлiп отырған:
1)
алып тасталды
2)
(Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29.
N 1148
(қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
3)
алып тасталды
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N
405
қаулысымен.
6. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29. N 1148 (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi таратылсын.
8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгі осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N
405
қаулысымен.
10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен
бекiтiлген
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.29. N 1148 Қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, ақпарат, ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, тілдерді дамыту, мұрағат ісі мен құжаттама, мемлекеттік рәміздер салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитеті, Ақпарат және мұрағат комитеті, Тіл комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына , заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Министрліктің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9. Министрліктің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, ақпарат, тіл саясаты, мұрағат ісі мен құжат жасау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, ақпарат, тіл саясаты, мұрағат ісі мен құжат жасау саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.
14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, ақпарат, тіл саясаты, мұрағат ісі мен құжат жасау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, ақпарат, тіл саясаты, мұрағат ісі мен құжат жасау саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеу;
3) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асыру және үйлестіру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;
4) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
5) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
6) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер тағайындау;
7) мұрағат ісі жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкілдік етуін қамтамасыз ету;
8) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты салаларында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
9) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзірлеу, бекіту;
10) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған бағдарламалар әзірлеу;
11) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу және бекіту;
12) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
13) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру ережесі мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
14) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережесін бекіту;
15) шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат беру тәртібін бекіту;
16) Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекіту;
17) көркемдік-сарапшы кеңестер туралы ережені бекіту;
18) мәдени құндылықтарды уақытша әкету және әкелу жөніндегі сараптау комиссиясы туралы ережені бекіту;
19) Мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшін сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесін бекіту;
20) Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту;
21) мәдени-демалыс ұйымдары қызметінің тәртібін бекіту;
22) Телевизия және радио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу ережесін бекіту;
23) Журналистерді аккредиттеу ережесін бекіту;
24) Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін әзірлеу;
25) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының мәтінін орналастыру және пайдалану ережесін әзірлеу;
26) мемлекет меншігі болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру жөнінде шешім қабылдау;
27) объектілерді тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөніндегі уәкілетті органның арнайы комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
28) ұлттық мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі жөніндегі сараптау комиссиясын құру;
29) тарихи-мәдени сараптама жүргізу ережесін бекіту;
30) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртібін және пайдалану режимін бекіту;
31) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткіштерге меншік өкілеттіктерін жүзеге асыру;
32) мәдениет саласында ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
33) театр, музыка өнерін, кинематографияны, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету;
34) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіру;
35) республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру;
36) меншік нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
37) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртібін анықтау;
38) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;
39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныстар енгізу;
40) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;
41) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
42) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
43) мұрағат ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне әдістемелік басшылық жасау және оны үйлестіру;
44) мұрағат ісі мен құжаттамалық қамтамасыз етуде жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру;
45) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс жүргізу мәселелері мен құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыруға салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау;
46) мемлекеттік сараптау-тексеру комиссиясын құру және ол туралы ережені бекіту;
47) мұрағаттарды, мұрағат қорларын және коллекцияларды ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешім қабылдау;
48) терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіру;
49) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, оның ішінде электронды құжаттарды толықтырудың, сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың бірыңғай ережелері мен нормаларын бекіту;
50) республиканың дамуының жалпыұлттық мемлекеттік стратегиясын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
51) ақпараттық кеңістікке, республикада жүріп жатқан қоғамдық-саяси үдерістерге, мәдениет және мұрағат ісі салаларында көрсетілетін қызметтерге талдау жүргізу;
52) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
53) ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтауға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізу.
15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнінде, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және ұлттық-мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
2) тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жөніндегі, телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау;
3) бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою;
4) мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру;
5) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының бірыңғай тізілімін жүргізу;
6) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жинақтауды (каталогын) жүргізу;
7) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына орталықтандырылған мемлекеттік есеп жүргізілуін қамтамасыз ету;
8) заңнамада белгіленген тәртіппен ұлттық мұрағат қоры құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсаттар беру;
9) мәдениет саласында әлеуметтік мәнді іс-шаралар өткізу;
10) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мәдениет ұйымдарының жанрлық бейімділігін және қызмет тегін айқындау;
11) республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу;
12) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
13) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер өткізу;
14) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуды, оның
халықаралық беделін нығайтуды қамтамасыз ету;
15) телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату үшін радиожиілік номиналдарын бөлу жөнінде ашық конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру;
17) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерінің тиісті атқарушы органдармен келісілген тізімдерін бекіту;
18) сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негізінде тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібін белгілеу;
19) республикалық меншіктегі тарих және мәдениет деректі ескерткіштерін қорғауды, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ету;
20) автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру, ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат желісі мен деректер банкін құру;
21) мұрағаттану, құжат жүргізу және қосалқы тарихи пәндер саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану;
22) мемлекеттік мұрағаттар мен басқа да мұрағат мекемелерінің қызметі үшін жағдайлар жасау;
23) басқа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларының сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағат құжаттарының көшірмелерін апостильдеуді жүргізу;
24) Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау мен пайдалану жөніндегі шарттарға қол қою;
25) Үкіметтің шешімдері бойынша ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беру;
26) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру;
27) шет елдердегі Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі мұрағат құжаттарын жинау мен елге қайтаруды жүргізу;
28) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының басылып шығарылуын ұйымдастыру;
29) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен қамтамасыз ету;
30) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы өтінімдерін қарау;
31) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
32) ұлттық мәдени игілік объектілері ерекше режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
33) қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлау, салу және қайта жаңарту жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері бар жерді пайдалану карталарын келісу;
34) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келісім беру;
35) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау;
36) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және күтіп ұсталу тәртібін бақылау;
37) жаңа тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнатылуын бақылау;
38) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
39) лицензиаттың лицензияда көрсетілген шарттарды сақтауын бақылау;
40) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруін бақылау;
41) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
42) тиісті органдарға Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу;
43) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
44) мұрағат ісі, мемлекеттік, ведомстволық, жеке мұрағаттар жөніндегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі функциялар жүктелуі мүмкін.
16. Министр Министрлікке басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
18. Министр:
1) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
2) қызметі өз бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) жауапты хатшының келісімімен комитет басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
4) Қазақстан Республикасы Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді.
19. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
21. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
22. Жауапты хатшы:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдалану, ақпарат, тіл саясаты, мұрағат ісі мен құжат жасау салаларында Министр қалыптастыратын саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді;
3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, комитеттердің құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің департаменттері мен басқармалары басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
9) Министрмен комитеттердің басшылары тағайындау үшін ұсынатын комитеттер басшыларының орынбасарларын тағайындауды келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрмен келіскеннен кейін Министрлікті қаржыландыру жоспарын және Министрліктің қаржылық есептілігін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
23. Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін жауапты хатшы:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқылы.
24. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.
25. Министрліктің консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді.
26. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрліктің жұмыс регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
27. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
29. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
30. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.06.26 N 610 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
"Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен
бекiтiлген
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1-қосымшада:
реттiк нөмiрлерi 36, 42, 45-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
"36. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы
Мәдениет, ақпарат және спорт қызметті қоспағанда, дене
министрлігінің Спорт iстерi шынықтыру-сауықтыру, спорттық
комитетi қызметтер көрсету жөніндегі
қызмет;
42. Қазақстан Республикасы археологиялық және тарихи,
Мәдениет, ақпарат және спорт мәдени ескерткіштерге
министрлiгi реставрациялық жұмыстарды
жүзеге асыру жөнiндегі қызмет;
45. Қазақстан Республикасы телевизия және (немесе) радио
Мәдениет, ақпарат және спорт хабарларын таратуды
министрлiгiнiң Ақпарат және ұйымдастыру жөнiндегi
мұрағат комитетi қызмет;".
2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi" деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі";
"Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi" деген бөлiмнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi";
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі" деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң Спорт iстерi комитетi";
реттiк нөмiрi 517-1-жолда "Алматы қаласы" деген сөздер "Астана қаласы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысына
:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiне".
4. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетінiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 445
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 18, 229-құжат):
тақырыпта және мәтiнде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігінiң Спорт iстерi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгі Спорт iстерi комитетінiң құрылымы
Ескерту. Құрылым алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29. N 1148 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
Ақпарат және мұрағат комитетiнiң құрылымы
Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29. N 1148 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгі Спорт iстерi комитетiнің
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2005.03.01. N 183, 2005.09.20. N 928 , тақырыпқа және мәтінге өзгерту енгізілді - 2006.05.16 N 405 , 2006.07.19. N 692 , 2007.09.03. N 763 қаулыларымен.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар
1. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ.
2. "Хабар" Агенттігi" АҚ.
3. "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" АҚ.
4. "Казахстанская правда" республикалық газетi" АҚ.
5. "Қазақ газеттерi" ЖШС.
6. "Жас өркен" ЖШС.
7. "Жалын" журналы ЖШС.
8. "Қазбаспасөз" ААҚ.
9. "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық компаниясы" АҚ.
Мұрағат iсi саласындағы ұйымдар
10. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Мемлекеттiк орталық мұрағаты" ММ.
11. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң кинофотоқұжаттар және дыбыстық жазбалар Орталық мемлекеттiк мұрағаты" ММ.
12. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Ғылыми-техникалық құжаттар орталық мемлекеттік мұрағаты" ММ.
13. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Мемлекеттік мұрағаттардың деректi материалдарын шағынфотокөшіру және қайта жаңарту орталық зертханасы" ММ.
14. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Құжат жүргізу және мұрағат iсi жөніндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" ММ.
14.1 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы" ММ.
14-2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты" ММ
Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.01. N 183
қаулысымен
.
Баспа және полиграфия ұйымдары
15.
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.09.20. N
928
қаулысымен.
16.
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.09.20. N
928
қаулысымен.
17. "Қарағанды полиграфиясы" АҚ.
18. "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС.
19. "Елорда" баспасы" PMK.
20. "Баспалар үйi" АҚ.
21. "Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кiтап палатасы" ММ.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1130 қаулысына
қосымша
1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 мамырдағы N 543 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 17, 184-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырудың 26-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 505-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат).
5. "Туристiк қызметті лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 71-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 мамырдағы N 703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 250-құжат).
7. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгінiң қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 мамырдағы N 706 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 251-құжат).
8. "Достық" оқу-спорт кешенi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 997 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 332-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 1070 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 362-құжат).
10. "Қазспортқамтамасызету" басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 1071 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 363-құжат).
11. "H. Әбдiров атындағы спорт комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 ақпандағы N 285 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 84-құжат).
12. "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 наурыздағы N 323 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 102-құжат).
13. "Туристік қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1213 қаулысы 2-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Орталық жүзу бассейнi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi N 1253
қаулымен
бекітiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.01.28.
N 73
қаулысымен.
15. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнiң "Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы N 251 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 58-құжат).
16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 және 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 наурыздағы N 343 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 81-құжат).
17. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазинтерспорт" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 наурыздағы N 382 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы.
18. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнiң "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 маусымдағы N 673 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 19, 203-құжат).
19. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 99 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 4, 50-құжат).
20. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 маусымдағы N 629 қаулысы 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 27, 261-құжат).
21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 27 тамыздағы N 872 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 35, 356-құжат).
22. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 953 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 38, 386-құжат).
23. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 477-құжат).
24. "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 480-құжат).
25. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 9 ақпандағы N 151 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 7, 91-құжат).
26. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігiнің "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөнiндегi дирекция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 ақпандағы N 169 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы.
27. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 және 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы N 179 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 8, 100-құжат).
28. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 234 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 25-құжат).
29. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 445 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 18, 229-құжат).
30. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттiк мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 сәуiрдегi N 461 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 240-құжат).
31. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 маусымдағы N 604 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 23, 292-құжат).
32. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 тамыздағы N 891 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстердiң 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 415-құжат).