Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрiне үш, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат етілсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетi құрылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      5. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт iстерi комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесi бекiтiлсiн.

      6. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт iстерi комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi таратылсын.

      8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.

      9. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1130 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
және спорт министрлігі туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шектерде оның құзыретіне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрлiктiң негiзгі мiндетi мәдениет, ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық, ұлтаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мұрағат iсi мен құжаттама, кiтап шығару, полиграфия, дене шынықтыру және спорт салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.
      Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Ақпарат және мұрағат комитеті, Спорт iстерi комитетi, Тіл комитетi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.04.  N 103  қаулысымен.
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Epeжeгe сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Қазынашылық комитеті органдарында шоттары болады.
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берілсе, Министрлiктiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" мемлекеттік мекемесi.
      5. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      6. Министрлiктiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
      7. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Министрлiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберіледi.
      9. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.

  2. Министрлiктiң функциялары және құқықтары

      10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:
      мәдениет, тарихи-мәдени мұра, ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық, ұлтаралық келiсiм, тіл саясаты, мұрағат iсi және құжаттама, кiтап шығару, полиграфия, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу;
      өз құзыретi шегiндегi мәселелер, кино және бейнешығармалардың тiзілiмiн жасау жөнiндегi мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының Министрлiктің құзыретіне жататын салалардағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау, нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу және дайындау (немесе қабылдау);
      тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету;
      тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн анықтау, есепке алу, қорғау, қайта жаңарту, консервациялау, жаңғырту, пайдалану мен насихаттау бойынша басшылықты жүзеге асыру;
      басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп мұрағат iсi мен іс жүргiзудің мемлекеттік жүйесiн дамытуды және жетiлдiрудi қамтамасыз ету;
      спорт жарыстарын өткiзу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiнiң қолданылу тәртiбiн айқындау;
      Министрлiктiң құзыретіне жататын салалардағы қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарды жасасу, орындау және олардың күшiн жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      спорт және дене шынықтыру қызметкерлерiн спорт пен дене тәрбиесi саласындағы құрметті атақтармен көтермелеудiң, спорттық атақтар мен дәрежелер, төрешi санаттарын, санаттар берудiң салалық жүйесiн бекiту;
      мемлекет қызметiнiң әлеуметтiк мәнi бар салаларында әлеуметтiк-ақпараттық және коммуникациялық технологиялар әзiрлеу;
      мемлекеттiк мұрағаттарды техникалық жағынан жарақтандыру, мұрағаттық технологияларды, оның iшiнде автоматтандырылған ақпараттық-iздестiру жүйелерi мен дерекқорларын енгізу саласындағы саясатты айқындау;
      тұрғын аудандарды, әкімшілік ғимараттарды, мектепке дейiнгi мекемелер мен оқу орындарын қолданылып жүрген қала құрылысы нормаларының негiзiнде спорттық ғимараттарымен қамтамасыз етудiң нормативтерін әзiрлеу және бекiту;
      2) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:
      Министрлiктiң құзыретiне жататын салаларда мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру;
      Министрлiктiң құзыретiне жататын салаларда қолданбалы және ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру;
      Министрлiктiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілiкті атқарушы органдардың, ведомстволық бағыныстағы және өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру;
      Мемлекеттік рәмiздер жөнiндегі республикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк сыйлығын, әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттiк сыйлықты, көрнектi әдебиет және өнер қайраткерлерiне Мемлекеттік стипендияны беру жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
      республика дамуының жалпыұлттық мемлекеттiк стратегиясын түсiндiру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
      Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, сараптамалық және болжамдық бағалаулар дайындауды жүзеге асыру;
      ақпараттық кеңiстiкке, республикада жүрiп жатқан қоғамдық-саяси процестерге, мәдениет, мұрағат iсi, кiтап шығару, дене шынықтыру және спорт салаларындағы өнiмдер мен қызметтер рыногына талдау жүргiзу;
      саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, үкiметтік емес ұйымдармен, кәсiптiк одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;
      мәдениет, өнер және кинематография қайраткерлерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныстар жасау;
      Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      Қазақстанның жетістіктерi мен мәдени-рухани дамуының үлгілерiн насихаттауға бағытталған әртүрлi өнер туындыларын жасауды қамтамасыз ететiн халықаралық және республикалық мәдени және өзге де iс-шаралар өткізу;
      iшкi саяси тұрақтылықты, азаматтық бейбiтшілiк пен ұлтаралық келісімді сақтауға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;
      спорттық нышандарды (эмблемалар, тулар, вымпелдер, омырауға тағатын белгілер) бекiту және оларды пайдалану тәртiбiн белгілеу;
      бәсекеге қабiлеттi мәдени өнiмдер мен қызметтер жасау, импорт алмастыру және экспорттық мүмкiндiктердi кеңейту үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
      өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк демографиялық саясатты iске асыруға қатысу;
      бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлетті органмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық командаларына қабылданған спортшыларды материалдық қамтамасыз етуге, соның ішінде спортшыларды тамақтандыруға, фармакологиялық қалпына келтiру құралдарымен қамтамасыз етуге арналған теңгедегi және шетел валютасындағы қаражатты шығыстау нормаларын, Олимпиадалық, Параолимпиадалық, Азия, Шығыс Азия ойындары мен басқа да халықаралық жарыстарға қатысушылар үшiн тәулiктiк шығыстарды бекiту;
      жетекшілiк ететiн салалардағы қызметкерлердi аттестациядан өткiзу ережесiн бекiту;
      мемлекеттік құпиялардың және заңмен қорғалатын басқа да құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ететiн функциялар:
      археологиялық және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қайта жаңарту жұмыстарын жүргiзуге арналған лицензиялар, сондай-ақ, мәдени құндылықтарды уақытша әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру;
      Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамын және оларды пайдалану тәртiбiн айқындау.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.04.  N 103 , 2005.05.27. N  522  қаулыларымен.
      11. Негiзгi мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшiн Министрлiктiң заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратуға;
      2) Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыруға;
      3) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетiлуi мен әкелiнуiне кедергі келтiруге, сондай-ақ, заңнамада белгiленген жағдайларда мәдениет саласындағы қызметтi шектеуге;
      4) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзiмдi баспасөз басылымдарының бақылау даналарын тегiн алуға құқығы бар.

  3. Министрлiктің мүлкi

      12. Министрлiктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
      Министрлiктің мүлкі оған мемлекет берген мүлiктің есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      13. Министрлiкке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      14. Министрлiктің өзiне бекiтілген мүлiктi өз бетімен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
      Министрлікке республика заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелік ету құқығы берiлуi мүмкін.

  4. Министрлiктің қызметiн ұйымдастыру

      15. Министрлiк, және оның ведомстволары, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң бiрыңғай жүйесiн құрады.
      16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады.
      Министрдің Қазақстан Республикасының Үкiметi министрдің ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлерi болады.
      17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
      18. Осы мақсатта министр:
      1) вице-министрлерді, Комитеттердiң төрағаларын тағайындау жөнiнде Үкiметке ұсыныс енгiзедi;
      2) вице-министрлер мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн белгілейдi;
      3) заңнамаға сәйкес және өз құзыретiнiң шегiнде Министрлiктiң қызметкерлерiн, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлiктi бiлдiредi;
      5) заңнамада белгіленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптік жаза қолдану мәселелерiн шешеді;
      6) мемлекеттік кәсiпорындарды қоспағанда, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi, ведомстволық бағыныстағы ұйымдары туралы жарғыларды және/немесе ережелердi бекiтедi;
      7) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат санының лимиті шегiнде Министрлiктiң құрылымын белгiлейдi;
      8) Министрлік ведомстволарының басшылары кесiмдерінің күшін толығымен не iшiнара жояды немесе тоқтата тұрады;
      9) өз құзыретiнің шегiнде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      10) Министрлiктiң жұмыс регламентiн бекiтедi;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      19. Министрлiктiң министрдің жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын министр бекiтедi.

  5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1130 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

Театрлар

      1. "Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      2. "Күләш Байсейiтова атындағы ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. "М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      4. "М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      5. "Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
      6. "Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. "Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
      8. "Республикалық мемлекеттiк корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
      9. "Республикалық немiс драма театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
      10. "Мемлекеттiк қуыршақ театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

Концерттiк ұйымдар

      11. "Қазақконцерт" мемлекеттiк гастрольдiк-концерт бiрлестігi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. "Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
      13. "Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      14. "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
      15. "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
      16. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк академиялық би театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      17. "Гүлдер" ансамблі" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
      18. "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      19. "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      20. "Республика сарайы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны.

Мұражайлар

      21. "Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы" мемлекеттiк мекемесi.
      22. "Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы" мемлекеттік мекемесi.
      23. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орталық мұражайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      24. "Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      25. "Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптары мұражайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
      26. "Сирек кездесетiн қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
      27. "Республикалық кiтап мұражайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
      28. "Көркемсурет көрмелерi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      29. "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтың мемлекеттiк әдеби-мемориалдық мұражай кешенi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

Кино

      30. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.

Тарихи-мәдени қорықтар

      31. "Отырар мемлекеттiк археологиялық қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесi.
      32. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесi.
      33. "Әзiрет-Сұлтан" мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттiк мекемесi.
      34. "Абайдың мемлекеттiк "Жидебай-Бөрiлі" тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы" мемлекеттiк мекемесi.
      35. "Ежелгі Тараз ескерткiштерi" мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттiк мекемесi.
      36. "Таңбалы" мемлекеттiк тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" мемлекеттiк мекемесi.
      37. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

Кiтапханалар

      38. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасы" мемлекеттiк мекемесi.
      39. "Жамбыл атындағы республикалық мемлекеттік жасөспiрiмдер кiтапханасы" мемлекеттiк мекемесi.
      40. "С.Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кiтапханасы" мемлекеттiк мекемесi.
      41. "Зағип және нашар көретiн азаматтарға арналған республикалық кiтапхана" мемлекеттiк мекемесi.
      42. "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттiк мекемесi.

Өзге де ұйымдар

      43. "Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнердi қолдау мемлекеттiк қоры" мемлекеттік мекемесi.
      44. "Қазақ мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
       45.   Алынып тасталды - 2005.02.04.  N 103  қаулысымен.
      46. "Материалдық мәдениет ескерткiштерiнiң ғылыми-зерттеу және жобалау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      47. "Республикалық мемлекеттік жөндеу-құрылыс және жаңғырту басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1130 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1-қосымшада:
      реттiк нөмiрлерi 36, 42, 45-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "36. Қазақстан Республикасы     білім беру ұйымдарындағы
      Мәдениет, ақпарат және спорт    қызметті қоспағанда, дене
      министрлігінің Спорт iстерi     шынықтыру-сауықтыру, спорттық
      комитетi                        қызметтер көрсету жөніндегі
                                      қызмет;
      42. Қазақстан Республикасы      археологиялық және тарихи,
      Мәдениет, ақпарат және спорт    мәдени ескерткіштерге
      министрлiгi                     реставрациялық жұмыстарды
                                      жүзеге асыру жөнiндегі қызмет;
      45. Қазақстан Республикасы      телевизия және (немесе) радио
      Мәдениет, ақпарат және спорт    хабарларын таратуды
      министрлiгiнiң Ақпарат және     ұйымдастыру жөнiндегi
      мұрағат комитетi                қызмет;".

      2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi" деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі";
      "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi" деген бөлiмнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi";
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі" деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң Спорт iстерi комитетi";
      реттiк нөмiрi 517-1-жолда "Алматы қаласы" деген сөздер "Астана қаласы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiне".

      4. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетінiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 445  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 18, 229-құжат):
      тақырыпта және мәтiнде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1130 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігінiң Спорт iстерi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Спорт iстерi комитетi (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ заңнамамен көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің ведомствосы болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуын, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiлiк берiлген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттiң штат санының лимитi мен құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Әуезов көшесi 126.
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитеттiң кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуiне тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттiң функциялары және құқықтары

      10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мыналарды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:
      спорттық қозғалысты, салауатты өмiр салты қағидаттарын насихаттау;
      спорт резервiн және халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау;
      әлемдiк спорт аренасында жоғары спорт нәтижелеріне қол жеткiзу;
      Комитеттiң құзыретіне жататын мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру;
      Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша спорт және дене шынықтыру саласындағы халықаралық шарттар мен келiсiмдердi iске асыру, халықаралық байланыстарды жүзеге асыру;
      жетекшi жаттықтырушылармен және спортшылармен келiсiм-шарттар жасасу;
      дене шынықтыру және спорт саласында кадрлар даярлауды, қайта даярлауды, олардың білiктiлiгiн арттыруды және кадрларды аттестаттауды ұйымдастыру;
      ақпараттық-баспагерлiк және жарнамалық қызмет;
      мемлекеттік спорт ұйымдарына ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылық жасау;
      спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлау және олардың Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнің, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына, Азия, Олимпиадалық және Параолимпиадалық ойындарға, әлем және Азия Кубоктарына, басқа да халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
      спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерiн ресми халықаралық жарыстарға дайындалу және қатысу кезiнде мемлекеттік қаражат есебiнен бiржолғы сақтандыру және олар республикалық жарыстарда жарақат алған және мертiккен кезде өтемақылық төлемдер, сондай-ақ еңбек сiңiрген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойғы ай сайынғы төлемдер төлеу;
      ведомстволық статистикалық есептілiктi жүзеге асыру;
      басқа да мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп ұйымдастырылатын спорттық, оның iшінде халықаралық iс-шаралардың жоспарларын үйлестiру және келiсу, спорттық iс-шаралардың, жарыстардың бiрыңғай күнтiзбелiк жоспарларын әзiрлеу;
      стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі уәкілетті органмен бiрлесiп, дене шынықтыру және спорт саласында сертификаттау мен стандарттауға қатысу;
      Комитетке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсіпорындарға басшылық жасау;
      халықаралық спорт ұйымдарында Қазақстанды бiлдiру және халықаралық iс-шараларға қатысу, халықаралық спорт жұртшылығымен байланыстарды нығайту;
      халықаралық, республикалық және өңiраралық спорт жарыстары мен жиындарын өткiзу;
      көтермелеудiң салалық жүйесiн iске асыру, дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне спорт және дене шынықтыру саласындағы арнаулы құрметті атақтар, спорттық атақтар мен разрядтар, төрешілiк санаттар, санаттар беру, спорттық iс-шараларға қатысушыларды көтермелеу, сондай-ақ спортшылар мен спорттық ұйымдардың қызметкерлерiн, республикалық спорттық және басқа да iс-шаралардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн медальдармен, белгілермен, дипломдармен, грамоталармен, жүлделермен марапаттау;
      Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық командаларына қабылданған спортшыларды материалдық қамтамасыз етуге, оның iшiнде тамақтандыруға арналған теңге және шетел валютасындағы қаражатты шығыстаудың нормалары жөнiнде ұсыныстар жасау, спортшыларды фармакологиялық қалпына келтiру құралдарымен қамтамасыз ету, Олимпиадалық, Параолимпиадалық, Азия, Шығыс Азия ойындары мен басқа да халықаралық жарыстарға қатысушыларға арналған тәулiктiк шығыстар;
      дене шынықтыру және спорт саласына оның iшiнде спорт өнiмдерiн шығаруды дамыту үшiн инвестициялар тарту жөнiндегi бiрыңғай саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
      өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың және өзге ұйымдардың қызметiн үйлестіру, сондай-ақ дене шынықтыру мен спорттың өзектi проблемаларын практикалық тұрғыдан шешуге қатысты мәселелер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерiмен өзара iс-қимыл жасау;
      спорт және дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестіру және олардың нәтижелерiн практикаға енгiзу;
      азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi органмен бiрлесiп, спорттық медицинаны дамытуды үйлестіру;
      мүдделi органдармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесіп спорт резервiн және халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау жөнiнде жұмыс жүргiзу, спорт клубтары, мектептерi және құрылыстары, олимпиадалық резервтi дайындау орталықтары желiсiнiң дамуын, сондай-ақ оларда оқу-жаттығу процесінің, медициналық-биологиялық (допингті бақылау) және ғылыми түрде қамтамасыз ету, психологиялық дайындаудың ұйымдастырылуын үйлестіру;
      2) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ететін функциялар:
      спорт және дене шынықтыру саласын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн мемлекеттік бақылау және қадағалау;
      спорттағы допингке қарсы іс-шаралардың өткiзiлуiн бақылау, допингке қарсы зертхананың қорытындысы бойынша тиiсті шешiм қабылдау;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорттық іс-шараларды, жарыстарды дайындау мен өткiзудi және спорт объектілерiнің құрылысын салуды бақылау;
      спорт объектілерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету ережелерінің, спорт құрылыстарының өткiзу қабiлеттілігі нормаларының, спорттық іс-шараларды өткiзу кезiндегі техникалық қауіпсіздік ережелерiнің сақталуын, спорт құрылыстарын пайдалануға қабылдап алу және оқу-жаттығу сабақтары мен спорттық ойын-сауық іс-шараларын өткiзуге дайындық актілерінің жасалуын бақылау;
      Қазақстан Республикасында спорттық іс-шараларды өткiзу және халықаралық жарыстарға қатысу ережелерiнiң сақталуын бақылау;
      дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметтерін көрсету жөнiндегі қызметті лицензиялау, дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бiрлестіктердi аккредиттеу және спорт костюмдерi мен басқа да спорт керек-жарақтарын ресiмдеу кезiнде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсаттар беру;
      спорт құрылыстарын салу және спорттық мүкәммал мен жабдықтар шығару жөнiндегi қызметті үйлестіру.
      11. Негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi әзірлеу жөнiнде ұсыныстар қалыптастыруға;
      2) спорт құрылыстарының жiктемесiне сәйкес спорт құрылыстарына санаттар бepугe;
      3) халықаралық, республикалық және өңіраралық спорт жарыстары мен жиындарын өткiзуге;
      4) спорт және қызметтi үйлестiру саласындағы неғұрлым маңызды проблемаларды шешу үшін ведомствоаралық, ғылыми-әдiстемелiк және сараптамалық кеңестер, сондай-ақ олардың келісімі бойынша орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, халықаралықты қоса алғанда, басқа ұйымдардың өкiлдерiнен жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстар жасауға;
      5) Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар жасауға құқығы бар.

  3. Комитеттің мүлкі

      12. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      13. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      14. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк жүргiзу құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрiнің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Комитет төрағасының, санын Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын орынбасарлары болады.
      16. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларының жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
      17. Комитеттiң төрағасы осы мақсатта:
      1) Комитеттiң штаттық кестесiн, сондай-ақ Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      2) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi және ведомстволық бағыныстағы ұйымдары басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн айқындайды;
      3) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңнамада белгiленген тәртiппен және өз құзыретiнiң шегiнде Комитеттiң қызметкерлерiн және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;
      5) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
      6) мемлекеттiк мекемелерде, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi.
      18. Комитет төрағасының жанынан консультативтік-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Комитеттiң төрағасы бекiтедi.

  5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1130 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгі Спорт iстерi комитетінiң құрылымы

      1. Басшылық

      2. Ұйымдық-құқықтық жұмыс және қаржылық қамтамасыз ету басқармасы:
      2.1. ұйымдастыру жұмысы және халықаралық қатынастар бөлiмi;
      2.2. спортты қаржылық қамтамасыз ету бөлiмi;
      2.3. құқықтық жұмыс және талдау бөлiмi.

      3. Олимпиадалық спорт түрлерi және спорттық резерв басқармасы:
      3.1. олимпиадалық спорт түрлерiн дамытуды бақылау бөлiмi;
      3.2. оқу-спорт жұмысы бөлiмi.

      4. Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерiн дамыту басқармасы:
      4.1. бұқаралық спорт жұмысы бөлiмi;
      4.2. спорт объектілерінің пайдаланылуын бақылау және лицензиялау бөлімi.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1130 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретiне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң ведомствосы болып табылады.
      Комитеттің негiзгi мiндеттерi бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру, оның iске асырылуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
      2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлген болса, оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретінiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндетті күші бар төрағаның бұйрықтарымен ресiмделетін шешiмдер қабылдайды.
      5. Комитеттің штат санының лимитін және құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.
      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттiң функциялары және құқықтары

      10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:
      өз құзыретінiң шегiнде Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету және қорғау;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын толықтыруды, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру;
      бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру;
      бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы халықаралық шарттардың ережелерiн iске асыру;
      мемлекеттік салалық стандарттарды, нормативтік-техникалық құжаттаманың техникалық шарттарын енгiзудi қамтамасыз ету;
      бұқаралық ақпарат құралдарында республиканың жалпы ұлттық мемлекеттiк даму стратегиясын түсiндiру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасына шет елдегi оның тарихы жөнiндегi мұрағаттық құжаттарды жинақтауды және қайтаруды ұйымдастыру;
      ведомстволық мұрағаттар жұмысын және iс қағаздарын жүргiзудi ұйымдастыруды салааралық ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шет елдерге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiне апостиль қою;
      баспа және полиграфия қызметiнiң, мұрағат iсi және iс қағаздарын жүргiзудiң жай-күйiн талдау;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын шығаруды, сондай-ақ оларды мемлекеттiң, қоғамның және азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалануды ұйымдастыру;
      құжаттардың, мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекцияларының ғылыми және практикалық құндылығына сараптаманы ұйымдастыру;
      мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының жергілiктi мемлекеттiк органдарының қызметін үйлестіру;
      мұрағаттану, құжат iсiн жүргiзу және археография саласында мұрағат органдары мен мекемелерінің ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмысын ұйымдастыру және үйлестiру;
      Комитеттің құзыретіне кiретiн мәселелер жөнiнде ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      газет-журналдық, дыбыс-бейне және өзге де отандық және шетелдiк ақпарат өнiмдерiн талдауды жүзеге асыру;
      Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпараттық желi және дерекқор құру жөнiндегі жұмысты жүргiзу;
      Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтандыру қорын құру және сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      мұрағат құжаттарын аса құнды және бiрегей құжаттарға жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ сақтандыру көшiрмелерiн жасау мен сақтау тәртiбiн айқындау;
      жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға арналған конкурстар өткiзу жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
      телевизия және радиохабарларын таратудың, баспа және полиграфия кәсiпорындарының, республикалық мұрағат мекемелерiнiң мемлекеттік желiсiн басқару жөнiндегі жұмысты ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу;
      Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;
      сақтау мерзiмi бар құжаттардың ведомстволық тiзбелерiн, мұрағат iсi мен iс қағаздарын жүргiзу мәселелерi жөнiндегi салалық стандарттарды, нұсқаулықтар мен оқу бағдарламаларын келiсу;
      Қазақстан Республикасы Үкiметінің web-сайтын ақпараттық қамтамасыз ету.
      2) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ететiн функциялар:
      бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      лицензиаттың лицензияда көрсетiлген шарттардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдау;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және тарих пен мәдениеттiң деректi ескерткiштерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi, баспа және полиграфия қызметi саласындағы баспа өнiмiнiң сапасына бақылауды жүзеге асыру;
      мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда іс қағаздарын жүргiзудiң жай-күйіне және құжаттардың сақталуына мемлекеттiк инспекциялауды жүргізу;
      бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде шетел аудиториясына лайықталғандарды да есепке қоюды жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы куәлiктiң күшін жою (күші жойылды деп тану) туралы шешiм қабылдау;
      телевизия және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензия беру;
      заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағындағы деректi ескерткiштердi жинауға, Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге арнайы рұқсат беру.
      11. Негiзгi мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшін Комитеттiң заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) Комитеттiң құзыретіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан ақпарат сұратуға;
      2) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзiмдi басылымдардың және кiтап өнімдерінің бақылау даналарын тегiн алуға;
      4) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн мұрағат iсi және іс қағаздарын жүргізудің жай-күйі мәселелерi бойынша тыңдауға;
      5) өз құзыретi шегiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне басшылықты жүзеге асыруға құқығы бар.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.27. N  522  қаулысымен.

  3. Комитеттiң мүлкi

      12. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады және оған берiлген мүлiктi пайдалану және иелiк ету құқығын жүзеге асыра алады.
      Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебiнен құралады және негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерімінде көрсетiлген өзге де мүліктен тұрады.
      13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлік республикалық меншікке жатады.
      14. Комитеттiң өзiне бекiтілiп берген мүлiктi өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билік жүргізуге құқығы жоқ.
      Комитетке республика заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк жүргiзу құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитет қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      16. Төрағаның, санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орынбасарлары болады.
      17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және өзiне жүктелген міндеттердің орындалуы және функциялардың жүзеге асырылуы үшін дербес жауаптылықта болады.
      18. Осы мақсатта Комитет төрағасы:
      1) өз орынбасарларының және Комитет құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкілеттіктерi және мiндеттерiн айқындайды;
      2) Комитет қызметкерлерiн заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) өз құзыретінің шегiнде Комитеттiң, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерi орындауға мiндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi;
      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрiнiң келiсiмi бойынша Комитеттiң штаттық кестесiн бекiтедi;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттi білдiредi;
      6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк ұйымдардың жарғыларын бекiтедi;
      7) өз құзыретiне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      19. Комитетте консультативтік-кеңесшi орган - алқа құрылады, оның сандық және жеке құрамын төраға айқындайды.
      20. Комитет жанынан:
      1) Мұрағат iсi және құжаттама саласындағы ғылыми проблемаларды қарау жөнiндегi кеңес;
      2) Ұлттық мұрағат қорының көздерi мен құрамы және құжаттардың құндылығын сараптау туралы мәселелердi қарау үшiн Орталық сараптау-тексеру комиссиясы;
      3) Әдiстемелiк кеңес;
      4) Әлеуметтік маңызы бар әдебиетті қалыптастыру жөнiндегi сараптама комиссиясы жұмыс iстейдi.
      Комитет жанындағы кеңес пен комиссиялар туралы ережелердi, олардың құрамдарын Комитет төрағасы бекiтедi.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1130 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi
Ақпарат және мұрағат комитетiнiң
құрылымы

      1. Басшылық

      2. Бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы:
      2.1. электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингi бөлiмi;
      2.2. бұқаралық ақпараттың баспа құралдарының мониторингi бөлiмi.

      3. Лицензиялау және есепке алу басқармасы:
      3.1. есепке алу бөлiмi;
      3.2. лицензиялау және телекоммуникациялар бөлiмi.

      4. Баспа қызметi басқармасы:
      4.1. баспа бағдарламаларын қалыптастыру бөлiмi;
      4.2. кiтап өнiмдерi сапасының мониторингi және бақылау бөлiмi;
      4.3. ұйымдастыру-құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету бөлiмi.

      5. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы:
      5.1. мұрағаттар қызметiн ұйымдастыру және инспекциялау бөлiмi;
      5.2. мемлекеттік iс жүргiзудi және ведомстволық мұрағаттардың жұмысын peттeу, бақылау бөлiмi;
      5.3. мұрағаттық технологиялар және ақпараттық қызметтер бөлiмi.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1130 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгі Спорт iстерi комитетiнің
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1. "Бұқаралық және қысқы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      2. "Су спорты және қолданбалы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi.
      4. "Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесi.
      5. "Республикалық спорт колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
      6. "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. "Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
      8. "Спорт & KS" газетi редакциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны.
      9. "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
      10. "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      11. "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. "Риддер қаласындағы cпopттa дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi.
      13. Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      14. Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
      15. Алматы қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
      16. "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында).

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1130 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және
спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат
комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар

      1. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ.
      2. "Хабар" Агенттігi" АҚ.
      3. "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" ААҚ.
      4. "Казахстанская правда" республикалық газетi" ААҚ.
      5. "Қазақ газеттерi" ЖАҚ.
      6. "Жас өркен" ААҚ.
      7. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" РМҚМ.
      8. "Қазбаспасөз" ААҚ.
      9. "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық компаниясы" АҚ.

Мұрағат iсi саласындағы ұйымдар

      10. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Мемлекеттiк орталық мұрағаты" ММ.
      11. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң кинофотоқұжаттар және дыбыстық жазбалар Орталық мемлекеттiк мұрағаты" ММ.
      12. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Ғылыми-техникалық құжаттар орталық мемлекеттік мұрағаты" ММ.
      13. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Мемлекеттік мұрағаттардың деректi материалдарын шағынфотокөшіру және қайта жаңарту орталық зертханасы" ММ.
      14. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Құжат жүргізу және мұрағат iсi жөніндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" ММ.
      14.1 "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы" ММ.
       Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.01. N 183  қаулысымен .  

Баспа және полиграфия ұйымдары

      15. "Мектеп" баспасы" ЖШС.
      16. "Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы" ААҚ.
      17. "Қарағанды полиграфиясы" АҚ.
      18. "Қазақ энциклопедиясы" ЖАҚ.
      19. "Елорда" баспасы" PMK.
      20. "Баспалар үйi" АҚ.
      21. "Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кiтап палатасы" ММ.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1130 қаулысына     
қосымша      

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешімдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 мамырдағы N 543  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 17, 184-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093  қаулысымен  бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырудың 26-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 505-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат).

      5. "Туристiк қызметті лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179  қаулысы  3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 71-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 мамырдағы N 703  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 250-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгінiң қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 мамырдағы N 706  қаулысымен  бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 251-құжат).

      8. "Достық" оқу-спорт кешенi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 997  қаулысы  3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 332-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 1070  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 362-құжат).

      10. "Қазспортқамтамасызету" басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 1071  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 363-құжат).

      11. "H. Әбдiров атындағы спорт комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 ақпандағы N 285  қаулысы  4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 84-құжат).

      12. "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 наурыздағы N 323  қаулысы  4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 102-құжат).

      13. "Туристік қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1213   қаулысы 2-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Орталық жүзу бассейнi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi N 1253  қаулымен  бекітiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.01.28.  N 73  қаулысымен.  

      15. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнiң "Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы N 251  қаулысы  5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 58-құжат).

      16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 және 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 наурыздағы N 343  қаулысы  1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 81-құжат).

      17. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазинтерспорт" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 наурыздағы N 382  қаулысы  3-тармағының 2) тармақшасы.

      18. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнiң "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 маусымдағы N 673  қаулысымен  бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 19, 203-құжат).

      19. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 99  қаулысы  5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 4, 50-құжат).

      20. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 маусымдағы N 629  қаулысы  5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 27, 261-құжат).

      21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 27 тамыздағы N 872  қаулысымен  бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 35, 356-құжат).

      22. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 953  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 38, 386-құжат).

      23. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1172  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 477-құжат).

      24. "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 480-құжат).

      25. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 9 ақпандағы N 151  қаулысы  5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 7, 91-құжат).

      26. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігiнің "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөнiндегi дирекция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 ақпандағы N 169  қаулысы  5-тармағының 2) тармақшасы.

      27. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 және 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы N 179  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 8, 100-құжат).

      28. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 234  қаулысы  5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 25-құжат).

      29. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 445  қаулысының  4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 18, 229-құжат).

      30. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттiк мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 сәуiрдегi N 461  қаулысының  3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 240-құжат).

      31. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 маусымдағы N 604  қаулысының  2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 23, 292-құжат).

      32. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 тамыздағы N 891  қаулысымен  бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстердiң 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 415-құжат).