Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын ба

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21716 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 74-бабының 1-тармағына және 74-5-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2020 жылғы 30 қарашасы
№ 114 Қаулыға
1-қосымша

Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидалар соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылады.

      Сот шешімі бойынша мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылатын осы Қағидалардың ережелері Банктер туралы заңның 74-5-бабының 5 және 6-тармақтарында және осы Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Банктер туралы заңның 74-5-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.

      Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшеліктері осы банктерді құру туралы халықаралық шарттарда (келісімдерде) және олардың құрылтай құжаттарында айқындалады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Сот:

      1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Банктер туралы заңның 48-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша банкті барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиядан айыруына;

      2) банктің банкрот болуына;

      3) уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың заңнама актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша банк қызметін тоқтату туралы өтінішіне (талап-арызына) байланысты банкті мәжбүрлеп таратады.

      3-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуды:

      1) уәкілетті орган Банктер туралы заңның 48-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензиядан айыруына байланысты;

      2) сот Банктер туралы заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға байланысты жүргізеді. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Банктер туралы заңның 74-5-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салдарлар басталады.

      Ескерту. Талаптар 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) электрондық аукцион - Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша барлық әлеуетті сатып алушылар үшін оларға тең қол жетімділікке негізделген бірыңғай электрондық сауда алаңын пайдалану арқылы мүлік сатылатын аукцион түріндегі электрондық сауда-саттық тәсілі;

      2) банк кредиторы - таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және басқа да міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;

      3) бастапқы баға - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған лот (мүлік) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;

      4) бас офис - тарату комиссиясының төрағасы ұйымдастыру-басқару және Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис;

      5) ең төменгі баға - бұдан төмен бағамен лот сатылуы мүмкін емес баға;

      6) кепілдік беру жөніндегі ұйым - екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым;

      7) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын банктің кредиторларынан құрылатын орган;

      8) кредиторлар санаты - біртекті сипаттағы талаптары бар және Банктер туралы заңның 74-2-бабында көзделген белгілі бір кезектілік шеңберінде қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;

      9) кредиторлар талаптарының тізілімі - уәкілетті орган бекіткен, белгіленген мерзімде мәлімделген және тарату комиссиясы таныған кредиторлардың талаптарын, сондай-ақ кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын көрсететін құжат;

      10) күтпеген шығыстар - тарату комиссиясының мөлшері бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, кезек күттірмейтін мұқтаждарға арналған жоспарланбаған шығындары;

      11) қатысушы банк - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған таратылатын;

      12) құндылықтар - Қазақстан Республикасының бағалы металдары, валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есептегі бланкілер және бағалы заттар;

      13) лот - бірлікті сату үшін бөлінбейтін (бөлінетін) болып ажыратылған аукционға қойылғатын мүлік;

      14) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде 3 (үш) айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымшалар;

      15) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың бағасы, ал мүлікті сауда-саттықты өткізбей сатқан жағдайда – кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы) бекіткен мүліктің бағасы;

      16) сату объектісі - жеке (дербес) бірлік ретінде сауда-саттыққа қойылатын таратылатын банктің мүлкі немесе бірнеше бірліктен бір лотқа шоғырланған өзге мүлік;

      17) сатушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы;

      18) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасаған сауда-саттық жеңімпазы;

      19) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықтағы лотқа барынша жоғары баға ұсынған қатысушы;

      20) сауда-саттықты ұйымдастырушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттық жүргізу жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт жасаған және оның нәтижелеріне мүдделі емес заңды не жеке тұлға;

      21) сауда-саттық қатысушысы - сауда-саттыққа қатысу туралы өтінішті сауда-саттық ұйымдастырушысы белгілеген тәртіппен берген және оның қатысушысы ретінде сауда-саттық ұйымдастырушысы тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      22) сауда-саттықтың ағылшын әдісі - лоттың бастама бағасы лотқа ең жоғары баға ұсынған қатысушылардың біреуі қалған кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен көтерілетін сауда-саттық әдісі;

      23) сауда-саттықтың голланд әдісі - лоттың бастама бағасы қатысушылардың біреуі мәлімделген баға бойынша лот сатып алуға келіскен кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі;

      24) тарату комиссиясы - банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), тарату рәсімі барысында банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді тарату комиссия төрағасының тікелей басшылығымен жүзеге асыратын орган;

      25) тарату комиссиясының шығыстары - банкті мәжбүрлеп тарату процесінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді тұтынуға байланысты шығындар (бұдан әрі - тарату шығыстары);

      26) тарату, конкурстық масса - таратылатын банктің банк ісін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған активтері;

      27) тарату массасының мақсатсыз жұмсалуы - уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

      28) тарату шығыстарының сметасы - кредиторлар комитеті немесе тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен келісе отырып бекітетін, тарату комиссиясының белгiлi бір уақыт кезеңіне болжап отырған шығындарды көрсететін құжат;

      29) тарату өндірісі - банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын банктің заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтату рәсімі;

      30) таратылатын банк - сот шешімінің заң күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату процесіндегі банк;

      31) таратылатын банктің мүлкі - құнды бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енген мүліктік игіліктер мен құқықтар жиынтығы;

      32) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) - банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және банкті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айырған күннен бастап тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган (тұлға);

      33) электрондық акциондарды ұйымдастырушы – тарату комиссиясымен жасалған электрондық сауда-саттықты жүргізу жөніндегі электрондық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы.

2-тарау. Банкті мәжбүрлеп тарату тәртібі

1-параграф. Банкті мәжбүрлеп таратудың басталуы және талаптары

      5. Банкті мәжбүрлеп тарату процесінің басталуы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енген күні немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензиядан айырған күні болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енген күнінен немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күнінен бастап және тарату процесі аяқталғанға дейін:

      1) Банктер туралы заңның 48-1-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген шектеулер (таратылатын банк үшін) және Банктер туралы заңның 74-5-бабының 5-тармағы үшінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген шектеулер (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) қолданылады;

      2) банктің бұрын жұмыс істеген басқару органдарының, оның ішінде мүлікке иелік ету және банктің міндеттемелерін өтеу жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ олардың банкті басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;

      3) басшылар, ал қажет болғанда өзге де қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады;

      4) таратылатын банктің атынан және соның есебінен жүзеге асырылатын әрекеттердің егер оларды тарату комиссиясының төрағасы не тарату комиссиясының төрағасы осы әрекеттерді жасауға сенімхат берген тұлға жасаған жағдайда ғана заң күші болады;

      5) таратылатын банктің барлық борыштық міндеттемелерінің, оның ішінде банк кепілдіктері (кепілдемелері) бойынша міндеттемелердің мерзімі аяқталған болып саналады;

      6) таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша сыйақы және/немесе тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұлдар) есептеу тоқтатылады;

      7) егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген болса, таратылатын банкке қойылатын мүліктік сипаттағы талаптары бар сотта қаралған даулар тоқтатылады;

      8) таратылатын банкке қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады. Соттардың мүліктік талаптарға қатысты атқарушылық құжаттары тарату комиссиясына Банктер туралы заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілік тәртібімен орындау үшін беріледі;

      9) банктің шетел валютасында көрсетілген міндеттемелері банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күні белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгеге аударылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Тарату комиссиясы

      7. Банктің тарату комиссиясын уәкілетті орган банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап келесі күннен немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күнінен бастап кешіктірмей тағайындайды.

      Тарату комиссиясының құрамына кіретін уәкілетті органның және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерлері тарату комиссиясындағы бүкіл қызмет кезеңінде негізгі жұмыс орны бойынша лауазымдық міндеттерін орындаудан босатылады.

      Көрсетілген мерзім ішінде олардың жалақысы және негізгі жұмыс орны бойынша белгіленген басқа төлемдері сақталады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап оған таратылатын банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер ауысады.

      Тарату комиссиясы банктің істерін аяқтау үшін, оның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

      9. Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан іс-әрекет етеді және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес болады.

      10. Тарату комиссиясы күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде банктің басшылығынан не уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) таратылатын банктің мүлкі мен құжаттарын қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды.

      11. Банктің банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясының түпнұсқасы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.

      12. Банкте филиалдары не өкілдіктері болған жағдайда банкті тарату банктің филиалдары не өкілдіктері орналасқан жерде құрылатын тарату комиссиясының бөлімшесімен (бұдан әрі – бөлімше) бірлесіп жүргізіледі.

      13. Банктің тарату комиссиясы банкті тарату рәсімін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

      Тарату комиссиясы жұмыс жоспарын тарату комиссиясы таңғайындалған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде таратылатын банктің бас офисіне жарты жылға бөлу арқылы бөлімшілер ұсынған жұмыс жоспарларын ескере отырып бір жылға жасайды және тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мәлімет үшін беріледі.

      Кейіннен жыл сайынғы жұмыс жоспарларын тарату комиссиясы жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың 10 (онынан) кешіктірмей уәкілетті органға мәлімет үшін ұсынады.

      Жұмыс жоспарын орындау туралы ақпаратты тарату комиссиясы уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 30 (отызыншы) күнінен кешіктірмей жарты жылдың жиынтығы бойынша береді.

      14. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қызметінің жүзеге асырылуына дербес жауап береді.

      Тарату комиссиясының төрағасы жоқ болған кезде оның міндеттерін төраға тарату комиссиясының мүшелері немесе еңбек шарттары бойынша тартылған қызметкерлер арасынан тағайындайтын орынбасары орындайды.

      15. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының тиімді жұмыс істеуі мақсатында ол тағайындалған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тарату комиссиясы төрағасының, оның орынбасарының және тарату комиссиясы мүшелерінің арасындағы міндеттерді бөлу туралы бұйрық шығарады.

      16. Бөлімшені уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тағайындайтын басшысы (бұдан әрі – бөлімшенің басшысы) басқарады.

      Бөлімше басшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және тарату комиссиясының төрағасы оған берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

      Бөлімше басшысы және бөлімше тұтастай алғанда тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.

      Бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бөлімшенің қызметіне және банктің филиалды не өкілдіктерін таратуға жауап береді.

      17. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесінің өкілеттіктері Қағидаларда және кредиторлар комитетімен жасалатын келісімде белгіленеді.

      Кредиторлар комитетімен жасалатын келісімге кредиторлар комитетінің атынан кредиторлар комитетінің төрағасы немесе кредиторлар комитеті осыған уәкілеттік берген адам қол қояды.

      Кредиторлар комитеті құрылғанға дейін және келісім жасалғанға дейін тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіктерін Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

      Уәкілетті органның немесе кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерлері арасынан тағайындаланын тарату комиссиясының төрағасымен және (немесе) мүшесімен кредиторлар комитетімен келісім жасалмайды.

      18. Кредиторлар комитетінің және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің арасында келісімді жасауға (бұзуға) тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін тағайындау (босату) туралы уәкілетті органның шешімі негіз болып табылады. Уәкілетті орган тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босатқан күннен бастап келісім бұзылған болып есептеледі.

      19. Тартылған қызметкердің немесе тартылған тұлғаның құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе өтеулі қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекітетін әр қызметкердің лауазымдық нұсқаулығында айқындалады.

      20. Тарату комиссиясының жұмысына банктің кредиторлары және олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ бұрынғы басшы қызметкерлері тартылмайды.

      21. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады, тарату комиссиясы бөлімшелерінің және олардың басшыларының жұмысын бақылайды.

      Тарату комиссиясының төрағасы таратылатын банктің кредиторлар комитетінің өкілеттігіне кіретін шешімдер мен мәселелерді қоспағанда, банкті тарату өндірісінің міндеттері бойынша шешімдерді дербес қабылдайды, шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және тарату өндірісі барысында туындайтын мәселелерге байланысты басқа да құжаттарға қол қояды.

      22. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап мынадай іс-шараларды өткізеді:

      1) бірінші жұмыс күні ішінде:

      банктің басшылығын және (немесе) банктің уақытша әкiмшiлiгін (уақытша басқарушысын) тарату комиссиясына банкте тарату ісін жүргізу міндеттерін жүктеуді растайтын құжатпен қол қойғыза отырып, таныстырады;

      қабылдау-өткізу актілерін жасай отырып, банктің басшылығынан не банктің уақытша әкімшілігінен (уақытша басқарушысынан) банктің мөртабандарын, мөрлерін, электрондық ақпарат тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуін, бланкілері мен құрылтай құжаттарын талап етеді;

      банктің қассасына түгендеу жүргізеді;

      2) 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылданғаны немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айыру туралы шешімінің қабылданғаны туралы және уәкілетті органның тарату комиссиясын тағайындағаны туралы, сондай-ақ Банктер туралы заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату жөнінде соттың қабылдаған шешімі туралы хабарландыруды көрінетін жерге, сондай-ақ банктің интернет-ресурсына орналастырады;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және (немесе) таратылатын банктің банк шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына (бұдан әрі – № 207 қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік кірістер органдарын банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді;

      мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, "Қазақстан қор биржасы" (бұдан әрі – қор биржасы), "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" (бұдан әрі - орталық депозитарий) акционерлік қоғамдарын және кредиттік бюроларды банкті мәжбүрлеп тарату туралы, банктің тарату комиссиясының тағайындалғаны және банктің істерін аяқтау әрі оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктердің оған көшкендігі туралы хабардар етеді;

      орталық депозитарийден банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күніндегі жағдай бойынша банктің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін сұратады;

      тарату комиссиясын тағайындау күнгі жағдай бойынша электрондық түрде бар, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21278 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 107 қаулысымен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есепті автоматтандырылған есептік жүйенің немесе деректерді өңдеу орталығының (сервердің) деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер) қағазға басып шығарады. Осы ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;

      толық материалдық жауапкершілік атқаратын, таратылатын банктің бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық және өзге де есептілігін өңдеудің электрондық жүйесіне немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын бухгалтерлік есеп және өзге де есептілік деректері бойынша есептілікке қол жеткізе алатын тұлғалар тобын айқындайды және олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасады;

      3) 10 (он) жұмыс күні ішінде:

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде кредиторлардың шағымдарын беру тәртібін, мерзімдері мен мекенжайларын, филиалдар желісі болған кезде – кредиторлар өз талаптарын ұсынатын филиалдар мекенжайларын міндетті түрде көрсетіп, банкті мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты жариялайды;

      тарату шығыстарының сметасын қалыптастырады және оны келісу үшін уәкілетті органға ұсынады;

      банктің корреспонденттік шоттарын салыстырып тексереді, банктің корреспонденттік шоттарын жабады және № 207 қағидаларда көзделген тәртіппен таратылатын банктің теңгемен және, қажет болған кезде, шетел валютасымен ағымдағы шоттарын ашады;

      Банктер туралы заңның 73-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шараларды (таратылатын банк үшін) және Банктер туралы заңның 74-5-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында бөлігінде көзделген іс-шараларды (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалы үшін) жүзеге асырады;

      кредиторлардың тізімін жасайды, автоматтандырылған банктік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректерді өңдеу орталығының (сервердің) қолда бар деректері бойынша олардың мекенжайларын белгілейді;

      4) банкті таратудың бүкіл кезеңі ішінде:

      таратылатын банктің мүлкін және құжаттарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

      таратылатын банктің активтерін анықтайды;

      таратылатын банктің активтеріне оны тарату мақсаттарына сәйкес иелік етеді;

      таратылатын банктің атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді;

      таратылатын банктің бағдарламалық қамтылымының және электрондық ақпарат тасымалдағыштарының, сондай-ақ басқа да ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18539 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады;

      штаттық кестені жасайды;

      өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлермен еңбек шарттарын және өтеулі қызмет көрсету шарттарын жасайды;

      уәкілетті органға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21834 болып тіркелген "Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 116 қаулысымен белгіленген нысан бойынша және мерзімде атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсынады;

      тоқсанның қорытындысы бойынша уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейін оның ресми интернет-ресурсында жариялау үшін тарату өндірісінің негізгі көрсеткіштері туралы ақпарат ұсынады;

      тарату комиссиясы кепілдік беруге жататын, бірақ уақытша әкімшіліктің (уақытша әкімшінің) есебіне енгізілмеген депозиттерді анықтаған, сондай-ақ есепте өзге де сәйкессіздіктер анықталған кезде тарату комиссиясы депозиттер бойынша өтеу есебіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді және депозиттер бойынша өтеу есебіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей кепілдік беру жөніндегі ұйымды хабардар етеді. Тарату комиссиясы депозиттер бойынша өтеу есебін есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанында кепілдік беру жөніндегі ұйыммен салыстырып тексеруді жүргізеді және тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада ресімдейді;

      уәкілетті органның талап етуі бойынша тарату іс жүргізуіне қатысты мәліметтерді ұсынады;

      банкті тарату, тарату балансы туралы есеп жасайды және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді. Тарату туралы есеп түпкілікті нысанда жасалғанға дейін тарату туралы есептің жобасы Тарату комиссиясының жұмыс жоспарында айқындалған мерзімде мәлімет үшін жыл сайынғы негізде уәкілетті органға ұсынылады;

      банктің бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою мақсатында уәкілетті органға акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының күшін жою үшін құжаттарды ұсынады;

      банкті тарату аяқталғаннан кейін Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және жеке құрам бойынша құжаттарды ретке келтірілген түрде мұрағат ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша мемлекеттік мұрағатқа сақтауға береді және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Таратылатын банктің ағымдағы шоттары теңгеде және қажет болған жағдайда шетел валютасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады.

      24. Осы Қағидаларда көзделген касса лимитін қоспағанда, таратылатын банктің, оның ішінде таратылатын банктің филиалдарының не өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотына кіріске алынады.

      25. Банктің тарату комиссиясының бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы таратылатын банктің бас офисіне тарату комиссиясы бөлімшесінің кассасы арқылы келіп түсетін ақшаны кіріске алады және осы Қағидаларға сәйкес шығыстарын жүзеге асыру, сондай-ақ кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін таратылатын банктің бас офисінің тарату комиссиясынан ақша алады.

      Банктің тарату комиссиясынан қабылдаған шетел валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары тозу дәрежесі бойынша сұрыптау және түпнұсқалығын және төлеуге жарамдылығын тексеру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтау орталығына жіберіп, кейін банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотына кіріске алады. Банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотынан шетел валютасын беру есепшот арқылы жүзеге асырылады. Сұрыптау процесінде төлеуге жарамсыз, сондай-ақ айналыста болуға жарамайтын шетел валютасын анықтаған жағдайда банктің тарату комиссиясы оны сатады не екінші деңгейдегі банктер арқылы айырбастайды.

      Тарату комиссиясының екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашуына уәкілетті органның келісімі бойынша ғана жол беріледі.

3-тарау. Тарату шығыстарының сметасы

      26. Тарату ісіне байланысты, оның ішінде тарату комиссиясы қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстар, сондай-ақ таратылатын банктің негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтын шығыстар кредиторлар комитеті бекіткен смета шегінде таратылатын банк қаражатынан кезектен тыс және тұрақты түрде жасалады.

      Тарату ісінің шығыстары олардың туындауы бойынша тарату массасынан төленеді.

      Тарату массасының мақсатсыз шығысына, сондай-ақ 90 (тоқсан) күннен астам мерзімге тарату шығыстарында қаражаттың резервте сақталуына жол берілмейді.

      27. Кредиторлар комитетін құрғанға дейін тарату шығыстары, оның ішінде тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне төленетін төлем мөлшерін қосатын сметаны уәкілетті органмен келісе отырып тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.

      28. Таратылатын банктің тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және тартылған қызметкерлерге төленетін ай сайынғы сыйақы мөлшері Банктер туралы заңның 74-бабында айқындалған шекте белгіленеді.

      29. Таратылатын банктің шығыстарын реттеу мақсатында тарату комиссиясының қызметі кезеңінде тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      30. Таратылатын банктің тарату шығыстары сметасын қалыптастыру, келісу және бекіту кезінде тарату комиссиясы, уәкілетті орган және кредиторлар комитеті тарату шығыстарының нақтылық, негізділік, мақсатқа лайықтылық және жарамдылық қағидаттарын басшылыққа алады.

      Тарату шығыстарының нақтылық қағидаты тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде таратылатын банктің нақты қаржылық жағдайын, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешек көлемін негізге алу қажет екеніне меңзейді.

      Тарату шығыстарының негізділік қағидаты деп тарату ісінің белгілі кезеңіне болжанған шығындардың объективті қажеттілігі түсіндірілуі қажет.

      Мақсатқа лайықтылық қағидаты тарату комиссиясы жасаған шығындардың алға қойылған мақсатқа сәйкес келетіндігін, яғни тарату ісін аяқтауға және таратылатын банк кредиторларымен есеп айырысуға бағытталғандығын білдіреді.

      Тарату шығыстарының жарамдылық қағидаты жасалған (жоспарланған) шығындарды тарату комиссиясының құжатқа негіздеп растайтындығын білдіреді.

      31. Тарату шығыстарының сметасында мынадай шығын баптары көзделеді:

      1) еңбекке ақы төлеу шығыстары;

      2) бюджетке аударымдар бойынша шығыстар;

      3) әкімшілік шығыстар;

      4) тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары;

      5) іссапар шығыстары;

      6) көзделмеген шығыстар;

      7) өзге шығыстар.

      32. Еңбекке ақы төлеу шығыстары мынадай шығындарды көздейді: тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне сыйақы төлеу, таратылатын банктің филиалдары мен өкілдіктерін есепке ала отырып, еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, апта сайынғы негізде орындалатын және ай сайын ақы төленетін өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған тұлғалардың жұмысына ақы төлеу.

      Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне сыйақы төлеу жөніндегі шығыстар кредиторлар комитетінің және тарату комиссиясының арасында жасалған келісім негізінде жүргізіледі, ол бойынша жұмыстар күн сайынғы негізде орындалады және ақы төлеу ай сайын жүзеге асырылады.

      33. Қызметкерлердің еңбегіне, сондай-ақ орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге арналған шығыстар бабы тарату комиссиясының төрағасы бекітетін штат кестесіне сәйкес қалыптастырылады.

      Штат кестесіне еңбек шарттары және өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша жұмыс істейтін адамдар, сондай-ақ таратылатын банктің кредиторлар комитетімен жасалған келісімде белгіленген сыйақы мөлшері бар тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері енгізіледі.

      34. Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасы салық заңдарының талаптарына сәйкес жасалады.

      35. Әкімшілік шығыстар:

      1) қызметтік және шаруашылық мұқтаждықтар үшін көлік жалдау жөніндегі қызметке;

      2) байланыс қызметіне (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта мен анықтамалық қызметтердің қызмет көрсетуі бойынша шығыстар, интернет желісін пайдалану үшін шығыстар);

      3) үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепіл мүлкін) күзету және сигнализация жөніндегі қызметке;

      4) көлікті күзету жөніндегі қызметке;

      5) көлікке арналған тұрақты ұсыну жөніндегі қызметке;

      6) көлікті тіркеу жөніндегі қызметке;

      7) көлікті техникалық тексеру жөніндегі қызметке;

      8) көлікті сақтандыру жөніндегі қызметке;

      9) қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

      10) коммуналдық қызметке;

      11) мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (байқау) жөніндегі жұмыстарға;

      12) үй-жайды жалдауға;

      13) жылжымайтын мүлік пен тиісті құжаттаманы тіркеуші органдарда тіркеу жөніндегі қызметке;

      14) мүлікті бағалау жөніндегі қызметке;

      15) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызметке;

      16) жылыту жүйесін іске қосуға дайындау жөніндегі қызметке;

      17) сантехникалық жұмыстарға;

      18) мүлікті сақтау жөніндегі қызметке;

      19) мемлекеттік бажды төлеуге;

      20) нотариалды куәландыру жөніндегі қызметке;

      21) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызметке;

      22) терезелерге, есіктерге темір торларды дайындау және орнату жөніндегі жұмыстарға;

      23) аукциондар өткізу жөніндегі қызметке;

      24) инкассация қызметіне;

      25) сараптама жүргізу жөніндегі қызметке;

      26) аудит жүргізу жөніндегі қызметке;

      27) құжаттарды аудару қызметіне;

      28) телефон нөмірлерін орнатуға, ауыстыруға немесе басқа жерге орнатуға;

      29) акционерлердің тізілімін өзекті күйде ұстау үшін орталық депозитарийдің қызметіне;

      30) банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақша аударымы мен төлемдері жөніндегі қызметке;

      31) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды архивке тапсыру жөніндегі қызметке;

      32) таратуды тіркегені үшін алым төлеуге;

      33) коллекторлық қызметке арналған шығындарды қамтиды.

      Жұмысқа және қызмет көрсетуге ақы төлеу тұрақты және біржолғы сипатта болады.

      36.Ағымдағы қажеттілікті өтеу және мыналарға арналған барынша төмен қорларды құруға бағытталған тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстар:

      1) жұмыс бабындағы офистік жабдықтарды ұстау;

      2) көлік құралдарын ұстау;

      3) үй-жайды ұстау;

      4) қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу;

      5) кеңсе тауарларын сатып алу;

      6) жанар-жағар май материалдарын сатып алу.

      37. Тарату комиссияларының әр түрлі қызмет көрсетулер мен тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстарды сметаға енгізу кезіндегі есеп айырысулары осы өңірде белгіленген тарифтік сетка мен орташа нарықтық баға негізінде жасалады.

      38. Тарату комиссиясы қызметін қамтамасыз ету және функцияларын орындау үшін үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісін қоспағанда, қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асырады.

      Қызметтерді жеткізушіні таңдау қызметтерді көрсетудің практикалық тәжірибесін, филиалдардың, өңірлерде мамандардың болуын ескере отырып, баға ұсыныстарын сұрату арқылы жүзеге асырылады.

      39. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің іссапарға шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның қызметкерін қоспағанда, тарату комиссиясының құрамына енгізілген іссапарға жіберілген қызметкерге тәуліктік ақы 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында - айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және аудан орталықтарында - айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аспайтын тұрғын жайды жалдау жөніндегі шығыстар, іссапарға жіберілген жерге және кері қарай тұрақты жұмыс орнына баратын көлік шығыстары өтеледі.

      Тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкілетті орган немесе кепілдік беретін ұйым қызметкерлерінің іссапарға шығу шығыстары уәкілетті органның немесе кепілдік беретін ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      40. Өзге шығыстар шығыстар сметасында көзделмеген өзге де шығындарды қамтиды.

      "Өзге шығыстар" шығындар бабы бойынша шығыстардың басқа бабы бойынша артық шығынға байланысты шығыстар, сондай-ақ келісілуі не бекітілуі Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қажеттіліктерге арналған шығыстар жүзеге асырылмайды.

      41. Жоспарланған және жасалған шығыстарды тарату комиссиясы уәкілетті органға шарттарды, шот-фактураларды, чектерді және өзге растаушы құжаттарды беру жолымен растайды.

      42. Уәкілетті орган таратылатын банктің кредиторлар комитетінің құрамын бекіткенге және тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің бірінші отырысын өткізгенге дейін тарату комиссиясы кейіннен уәкілетті органмен келісу үшін жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тарату комиссиясының төрағасы бекіткен тарату шығыстарының сметасын осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген қағидаттардың сақталуын көрсететін түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, тарату комиссиясының әрбір бабы бойынша шығыстар сметасын қалыптастыру кезінде ұсынады.

      Филиалдық желілері бар банкте тарату комиссиясының төрағасы тарату шығыстарының сметасын жасау бойынша тарату комиссиясы бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және тарату комиссиясының бөлімшелері бойынша шығыстар бөлігінде шоғырландырылған тарату шығыстарының сметасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      Тарату комиссиясының төрағасы бекіткен тарату шығыстарының сметасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу уәкілетті органмен келісім арқылы ғана жасалады.

      43. Тарату шығыстарының сметасы уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде уәкілетті органның қарауына жатады.

      44. Тарату шығыстары сметасы:

      1) тарату комиссиясы тарату шығыстары сметасын қалыптастыру қағидаттарын сақтауын көрсететін түсіндірме жазбаны;

      2) жоспарланған (жасалған) шығыстарды растайтын құжаттарды бермеген жағдайларда келісуге (бекітуге) жатқызылмайды.

      45. Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілгеннен кейін тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын кредиторлар комитетіне бекітуге жоспарланып отырған кезеңнен кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей береді.

      Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбір ай бөлігінде жасалады.

      46. Кредиторлар комитеті тарату комиссиясы ұсынған тарату шығыстарының сметасын жоспарланып отырған кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей қарайды және бекітеді.

      Кредиторлар комитетінің тарату шығыстарының сметасын бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.

      47. Кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасын, оған қоса берілген түсіндірме жазбасын тарату комиссиясы уәкілетті органға кредиторлар комитеті бекіткен күннен кейінгі күні береді.

      48. Таратылатын банктің нақты қаржылық жай-күйіне қарай және тарату комиссиясы орындаған жұмысты ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасы бекітілген тарату шығыстарының сметасына кредиторлар комитеті алдын ала бекітетін өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді.

      49. Уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитетімен бекітілген тарату шығыстарының сметасы өткен кезеңде жүзеге асырылмаған жағдайда және оны жоспарланған кезеңде жүзеге асыру қажеттілігі бар болғанда, көрсетілген шығыстар жоспарланған кезеңнің тарату шығыстарының сметасына енгізілуге жатады.

      50. Тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келісуге немесе оны кредиторлар комитетінің бекітуіне дейін мынадай шығындар баптары:

      1) банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыруды жариялау жөніндегі қызметтер;

      2) еңбекке ақы төлеу шығыстары;

      3) байланыс қызметтері (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер бойынша шығыстар, пошта мен анықтамалық қызметтер, интернет желісін пайдаланғаны үшін шығыстар);

      4) коммуналдық қызметтер;

      5) бірінші және екінші қолдың (қолдардың) үлгілері және мөр бедері бар құжаттарды нотариатта куәландыру қызметтері;

      6) үй-жайды жалдау қызметтері;

      7) инкассация қызметтері

      8) ғимараттар мен құрылыстарды күзету және сигнал беру жөніндегі қызметтер бойынша бірінші кезектегі іс-шараларды өткізуге байланысты шығыстарды тарату комиссиясының жүзеге асыруына жол беріледі.

      51. Тарату шығыстары сметасының орындалуын бақылауды тарату шығыстары сметасын келіскен не бекіткен орган жүзеге асырады.

      52. Басқа бапқа үнем жасау есебінен бір баптың шығындары бойынша артық шығындануға жол берілмейді.

      53. Бірінші кезектегі іс-шараларды жүргізуге байланысты шығыстарды қоспағанда, тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келіскенге дейін немесе оны кредиторлар комитеті бекіткенге дейін тарату комиссиясының шығыстарды жүзеге асыруына жол берілмейді.

4-тарау. Тарату комиссиясының кассалық тәртіпті сақтау талаптары

      54. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері, кассирі, бөлімшелерде - бөлімше басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуді, тарату комиссиясының кассасына келіп түскен ақшаны уақтылы кіріске алуға бақылау жасауды жүзеге асырады.

      55. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдарды бұйрықпен белгілейді.

      Бір кассирі бар тарату комиссиясында оны ауыстыру қажет болған жағдайда оның міндетін атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледі.

      56. Қолма-қол ақша операцияларын орындап отырған, сондай-ақ басқа құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт және (немесе) ұжымдық (ортақ) жауапкершілік шарты жасалады.

      57. Қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды жүзеге асыру банктің қоймасында (сақтау қоймасында) немесе бекітілген және күзет, өрт және дабыл сигнализациясымен, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтармен жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады.

      58. Тарату комиссияларының кассалары (бұдан әрі - касса) жұмыс аяқталған соң банктің қоймасы (сақтау қоймасы) немесе қолма-қол ақша мен құндылықтар сақталатын үй-жай бір жиынтығы кассирде, біреуі - бас бухгалтерде не тарату комиссиясының төрағасында (бөлімше басшысында) болатын кілтпен және тарату комиссиясының мөрімен жабылады.

      59. Кассада қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды есепке алу "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарында, Ұлттық почта операторында және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      60. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимиті тарату комиссиясының бас офисінде 1 000 000 (бір миллион) теңгеден, бөлімшеде 600 000 (алты жүз мың) теңгеден аспайды. Осы тармақтың талабы шетел валютасының төлем жасалмайтын және (немесе) айналысқа жарамсыз банкноттарына қолданылмайды.

      Күн сайынғы лимит сомасын көтерген кезде тарату комиссиясының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарынан, екінші деңгейдегі банктерден, мүлікті сатудан, дебиторлық берешекті төлеттіруден кредиторлармен есеп айырысу мақсаты үшін сақтауға алған қолма-қол ақшасы ақшаны алған күнді қоспағанда, 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      61. Кассаға қолма-қол ақшаны қабылдау жөніндегі кассалық операцияларды кассир кассалық кіріс құжаттарының:

      1) қолма-қол ақшаны шығаруды хабарлау;

      2) кассалық кіріс ордері негізінде жүзеге асырады.

      Кассалық кіріс құжаттарына тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирі қол қояды және кассалық кітапта кіріс бойынша көрсетіледі.

      Кассаға құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордер негізінде жүзеге асырылады.

      62. Кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның ішінде дебиторлық берешекті өтеу есебінен және мүлікті сатудан алынған ақша) сол күні кассаға кіріске алынады.

      63. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордері бойынша жасалады. Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордер бойынша ресімделеді.

      64. Егер ақшаны беру белгіленген тәртіп бойынша ресімделген сенімхат бойынша жасалған жағдайда кассир ақшаны алушының тегі, аты, әкесінің атынан кейін ордер мәтінінде ақшаны алу сеніп тапсырылған адамның тегін, атын, әкесінің атын көрсетеді. Егер ақшаны беру ведомость бойынша жасалатын болса, кассир ақшаны алу жөніндегі қолхатқа "Сенімхат бойынша" деген жазба жасайды.

      Сенімхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордеріне немесе ведомоске бекітіледі.

      65. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасының, бас бухгалтерінің және кассирінің, ал бөлімшелерде - бөлімше басшысының қолы қойылады.

      66. Тарату комиссиясының қызметкерлері мен оған тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу соманы қызметкердің банк шотына аудару жолымен төленеді.

      67. Тарату комиссиясының қызметкерлеріне тарату өндірісімен байланысты мақсаттарға есепті түрде қолма-қол ақша беріледі.

      Қолма-қол ақшаны есепті түрде беру негіздемесі тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерінің қолы қойылған, осы шығыстардың қажеттігін негіздейтін тиісінше ресімделген (хабарлама жазбалар, есептеулер, тарату комиссиясының хаттамалары және басқалар) құжаттар болып табылады.

      68. Есепті түрде берілген сомалар алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, іссапар шығыстары бойынша іссапар мерзімі аяқталған күннен бастап есеп беретін тұлғалар алынған сомалардың көзделген мақсатқа жұмсалғанын растайтын (барлық растайтын құжаттар, тауарлар немесе көрсетілген қызметтің төленгендігі жөніндегі чектер қоса берілген аванстық есептер) құжаттарды береді.

      Есепті түрде берілген ақша оларды алған күннен бастап, ал іссапар шығыстары іссапар аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай жағдайларда қайтарылуы тиіс:

      1) мақсатқа лайық пайдаланылмаса;

      2) мақсатқа лайық пайдаланылатындығын растайтын құжаттар болмаса.

      Есепті түрде алынған және пайдаланылмаған ақша сыйақыдан (жалақыдан) ұсталмайды.

      69. Кассалық кіріс құжаттары, кассалық шығыс ордерлер және баланстан тыс ордерлер нақты және түсінікті етіп толтырылады. Ешқандай тазалау, жағалдау және тіпті сөз болған түзетулер жасауға бұл құжаттарда жол берілмейді. Кассалық шығыс ордерлерінде оларды жасау негіздемелері көрсетіледі және оларға қоса берілетін құжаттар атап көрсетіледі.

      70. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері қосымшаларымен бірге мөртабанмен міндетті түрде бекітілуі немесе күнін, айын және жылын көрсете отырып, кассирдің не оның орнындағы адамның "Алынды" немесе "Төленді" деп қолын қоюы міндетті.

      71. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның қозғалысын және мақсатты пайдаланылуын есепке алу үшін Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша нөмірленетін, жіппен байланатын және мөрмен бекітілетін кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықты) есепке алу кітабын жүргізеді. Касса кітабындағы парақтар саны тарату комиссиясы төрағасының (бөлімше басшысының) және бас бухгалтерінің қолымен расталады.

      72. Касса кітабында тазартуға және айтылмаған түзетулер жасауға жол берілмейді. Қателер түзетілген жағдайларда "Түзетілді" деген жазба жасалады, оған түзету күні көрсетіліп, тарату комиссиясы кассирінің және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады. Касса кітабының дұрыс және уақытылы жүргізілуіне бақылау тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледі.

      73. Жұмыс күнінің соңында кассир күн ішіндегі касса айналымы туралы жиынтық құжатты тарату комиссиясы дербес белгілеген нысан бойынша жасайды, оның нәтижесін бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады және күннің кассалық құжаттарына тігеді.

      74. Күн сайын жұмыс күнінің соңында кассир күн ішіндегі операциялардың жиынтығын (кіріс және шығыс бойынша) есептейді, қолма-қол ақша қалдығы, сондай-ақ тарату комиссиясының кассирінің, бас бухгалтерінің және төрағасының (бөлімше басшысының) қолдарымен расталатын келесі күнгі касса кітабындағы басқа құндылықтар қалдығы шығарылады.

      75. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлік есеп деректері арасында алшақтықтар болған жағдайда бұл туралы бас бухгалтер алшақтықтардың себептерін анықтау үшін тарату комиссиясының төрағасын және бөлімше басшысын дереу хабардар етеді. Артық шығу немесе кем шығу расталған жағдайда акт жасалады.

      76. Касса жинақталған соң кассир касса құжаттарын қалыптастырады және түптелуін жүргізеді. Кассалық құжаттарды қалыптастыру кезінде олар кіріс және шығыс бойынша жеке-жеке (нөмірлеудің өсу тәртібімен) баланстық шоттар бойынша іріктеледі. Мемориалды құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмірлері бойынша іріктеледі - бастапқыда кіріс, одан соң шығыс болып.

      77. Кассалық құжаттар әр күн үшін жеке папкаларға келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қалыптастырылады. Түптелген құжаттардың жиынтық деректері сол күнгі кассалық айналым туралы жиынтық анықтаманың деректері саналады және салыстырылады.

      Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық ордерлердің күн ішіндегі кірісі мен шығысының кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттар папкасының бас жағына орналастырылады.

      78. Тарату комиссиясының төрағасы белгілеген, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес мерзімде қолма-қол ақшаны (банкнотты - парақтап, монеталарды - дөңгелектеп) толық қайта санау арқылы кассаға ревизия және басқа құндылықтардың болуына тексеру жасалады. Кассаға тексеру жүргізу үшін тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен комиссия тағайындалады.

      79. Тексеру ақша мен құндылықтардың ұрлануын жасыру, кем шығу ықтималдығын болдырмайтын жүйелілікпен барлық құндылықтардың болуын тексерумен жүргізіледі.

      Кассаға жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша акт жасалады. Кассада құндылықтардың кем шығуы немесе артық шығуы анықталған жағдайда актіде кем шығу немесе артық шығу сомасы және олардың туындау жағдайлары көрсетіледі.

      80. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен күннің кассалық құжаттарынан құжаттарды алуға жол беріледі.

5 тарау. Шағымдарды қарау, аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру, таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру

      81. Кепілдік беру ұйымын қоспағанда, заңды тұлғалар, банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылдануы немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясынан айыру туралы шешімінің қабылдануы нәтижесінде мүліктік құқықтары мен заңды мүдделері бұзылатын, оның ішінде заңды тұлғаны құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар банкпен дауды тікелей реттеу мақсатында жазбаша өтінішпен (бұдан әрі – кредитордың талабы) оның тарату комиссиясына хабарласады.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      82. Талап қою мерзімі банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыру баспасөзде жарияланған күннен бастап есептеледі және кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күнді құрайды.

      83. Кредиторлардың талаптары жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес-сәйкестендіру нөмірін, негізгі борыштың, сыйақының, тұрақсыздық айыбының және өзге де айыппұл санкцияларының, залалдардың мөлшері туралы жеке мәліметтерді, талаптың негіздемесі мен мөлшерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қамтиды (жеке тұлғалар үшін - жеке куәлік, олардың мүдделерін басқа тұлғалар білдірген кезде - сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері және басқа да құжаттар).

      84. Кредитордың талабын тарату комиссиясы оны алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қарауға тиіс.

      85. Заңды немесе жеке тұлға кредиторының талабын қарау кезінде тарату комиссиясы қойылған талаптың заңдылығын және оның негізділігін тексереді.

      86. Тарату комиссиясының кредиторлар талаптарын қарау нәтижелері кредиторларға жазбаша нысанда жеткізіледі, онда мыналар көрсетіледі:

      1) жауап жіберетін кредитор мен тарату комиссиясы талабының толық атауы, пошталық деректемелері, жауап берілетін кредитор талабының күні мен нөмірі;

      2) кредитордың талабы толық танылған кезде - кредитордың осы талабына сәйкес келетін танылған сома мен кезектілік;

      3) кредитордың талабы толық немесе ішінара қабылданбаған кезде -кредитордың талабынан бас тартуды негіздейтін нормативтік құқықтық актілерге және құжаттарға сілтеме жасай отырып, бас тарту себептері.

      87. Кредитордың талабы толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда, өтініш берушіге кредитордың талабымен алынған құжаттар қайтарылады, сондай-ақ егер өтініш берушіде олар болмаса, кредитордың талабының қабылданбауын негіздейтін құжаттар жіберіледі.

      Тарату комиссиясының кредитордың растайтын құжаттарды ұсынбауына байланысты кредитордың талабын қабылдамауы кредитордың талап етуімен және кредиторлардың талаптарын қабылдау үшін белгіленген мерзім шегінде талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, кредитордың тарату комиссиясына қайта өтініш жасауына кедергі келтірмейді.

      88. Кредиторға жауап тапсырысты немесе құнды хатпен, оның жөнелтілгендігін белгілеуді қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралдарымен жіберіледі.

      89. Тарату комиссиясы банк шоттары бойынша банк клиенттері-жеке тұлғалар кредиторларының талаптарын Банктер туралы заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес кредиторлар талаптарының тізіліміне дербес енгізеді. Мұндай талаптарды енгізу туралы ақпарат әрбір кредитордың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін көрсете отырып, жазбаша нысанда банк кредиторларының назарына жеткізіледі.

      90. Осы Қағидалардың 82, 84-тармақтарында белгіленген кредиторлар талаптарын ұсыну және қарау үшін көзделген мерзімдер өткеннен кейін тарату комиссиясы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырады, таратылатын банк мүлкінің құрамы, кредиторлар мәлімдеген талаптардың тізбесі, оларды қарау нәтижелері және банк кредиторлары талап етпеген берешек туралы мәліметтерді қамтитын активтер мен міндеттемелерге жүргізілген түгендеу нәтижелерін ескере отырып, аралық тарату балансын жасайды.

      91. Егер кредитор бір мезгілде таратылатын банктің дебиторы болып табылған жағдайда, тарату комиссиясы аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен дебитор бір тұлғаның сәйкес келуіне байланысты өзара талаптарды есепке алуды жүргізу туралы мәселені қарайды және пайда болған айырма сомасын аралық тарату балансына енгізеді.

      Кредитор мен дебитордың бір тұлғада сәйкес келуіне байланысты өзара талаптарды есепке алу клиенттің тиісті өтінішінсіз жүргізіледі.

      Өзара талаптарды есепке алу:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және Банктер туралы заңның 61-13-бабында көзделген, көрсетілген мәмілелердің жарамсыздығы негіздері болған кезде банк оны төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызғаннан кейін мәмілелер жасаған кредиторлар бойынша;

      2) уақытша әкімшілікпен немесе тарату комиссиясымен жасалған мәмілелер бойынша құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерінің анықталуына байланысты ақпарат жіберілген кредиторлар бойынша жүргізілмейді.

      Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін өзара талаптар Банк туралы заңның 74-2-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген талаптарды ескере отырып, осы кредитордың талаптарын қанағаттандыру үшін тиісті кезек пайда болған кезде ғана есепке алынады.

      92. Өзара талап етулер сынағын таратылып отырған банкпен кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шарты (тар) бойынша пайда болған кезде жүргізуге тыйым салынады.

      93. Банктің тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тізілімін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жасайды және ол Банктер туралы заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес келеді.

      Кредиторлар талаптарының тізіліміне әр кредитор туралы, ұлттық валютамен көрсетілген ақшалай міндеттемелер және (немесе) міндетті төлемдер бойынша оның талаптарының мөлшері, әрбір талаптың кезектілігін қанағаттандыру туралы мәліметтер көрсетіледі.

      94. Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын талаптары, сондай-ақ кепілдік беру жөніндегі ұйымның банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) ұсынған есепке сәйкес сома көлеміндегі кепілдік берілген депозиттер бойынша өзі төлеген (төлейтін) өтемақы сомасы бойынша және (немесе) банк мүлкінің мөлшері және мәжбүрлеп таратылатын банктің активтері мен міндеттемелерін бірмезгілде беру операциясын жүргізу шеңберінде басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер мөлшері арасындағы өтелген сома бойынша міндеттемелерді орындау талаптары енгізіледі.

      Орындалатын құжаттар танылған талап етулер болып табылады және орындалмаған сомалар мөлшерінде тиісті кезектілікпен кредиторлар талаптары тізілімінде ескеріледі.

      Заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша атқарушы құжаттар тарату комиссиясының төрағасына кредиторлардың талаптарын есепке алу үшін беріледі.

      95. Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімін тарату комиссиясы уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдағыштарда екі данада бекітуге ұсынады.

      Уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарайды және бекітеді.

      Аралық тарату балансы және банк кредиторлары талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін құжаттардың бір данасы тарату комиссиясына қайтарылуға жатады, ал екінші данасы уәкілетті органда қалады.

      96. Аралық тарату балансының және кредиторлар талаптары тізілімінің деректері ұсынылған құжаттар мен ақпараттың деректерімен сәйкес келмеген және (немесе) растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімін бекітпей тарату комиссиясына қайтарылуы тиіс.

      Аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімін бекітуден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган анықталған бұзушылықтарды, кемшіліктерді жою және бекіту үшін уәкілетті органға аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімін қайта ұсыну себептері мен мерзімін көрсете отырып, бұл жөнінде тарату комиссиясына хабардар етеді.

      Аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органға қайта ұсыну мерзімі тарату комиссиясы аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімін бекітуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.

      97. Тарату комиссиясы оларды ұсыну үшін белгілеген мерзім өткеннен кейін мәлімделген, тарату комиссиясы таныған кредиторлардың талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмейді де өзге кредиттік берешек ретінде жеке баланстық шотта ескеріледі және белгіленген мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүліктен қанағаттандырылады.

      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      98. Тарату комиссиясы танымаған не тарату комиссиясы оларды ұсыну үшін белгілеген мерзім өткеннен кейін мәлімделген, жеке баланстық шотта өзге кредиторлық берешек ретінде ескерілген кредиторлардың талаптары кредитор ұсынған талаптарды қанағаттандыру және оларды кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу туралы сот шешімінің негізінде ғана кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі.

      Тарату комиссиясының депозиттер бойынша өтемақы есептеріне енгізген өзгерістеріне және (немесе) толықтыруларына сәйкес кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптары кепілдік беру жөніндегі ұйым үшін белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады.

      Көрсетілген талаптар толық қанағаттандырылғанға дейін есептесу жүргізілген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектері тоқтатыла тұрады.

      Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      99. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда кредитор банктің тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясына талап-арызбен сотқа жүгінеді.

      Белгіленген мерзімде мәлімделген, бірақ тарату комиссиясымен танылмаған, кредиторларға қатысты соттың оларды қанағаттандыру туралы шешімі бар кредиторлардың талаптары кредиторлармен есептесу үшін белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады. Көрсетілген талаптар толық қанағаттандырылғанға дейін есептесу жүргізілген кредиторлардың талаптарын орындау кезектері тоқтатыла тұрады.

      100. Таратылатын банктің міндеттемелері бойынша есеп айырысулар уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

      101. Аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту туралы ақпарат тарату комиссиясы уәкілетті орган бекіткен аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде таратылатын банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      102. Тарату комиссиясы таратылған банктің кредиторларының талаптарын, оның ішінде оның банкрот болуына байланысты қанағаттандыруды аралық тарату балансына сәйкес ол бекітілген күннен бастап, Банктер туралы Заңның 74-2-бабында белгіленген тәртіп пен кезектілік бойынша жасайды.

      Тиісті кезегі келген жағдайда кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) бағалаушы айқындаған құны бойынша заттай нысанда мүлікті, сондай-ақ есептеулердің тепе-теңдік қағидатын сақтай отырып, беру күніне таратылатын банктің баланстық және баланстан тыс шоттарында есептелген дебиторлық берешекті (негізгі борышты, есептелген сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды) беру арқылы қанағаттандырылады.

      103. Бір кезектің танылған барлық талаптарын қанағаттандыру үшін таратылған банктің мүлкі жетіспеген жағдайда таратылған банктің ақшасы және (өзге) мүлкі осы кезектің кредиторлары арасында кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырылуы тиіс талаптар сомасына теңбе-тең түрде бөлінеді.

      Таратылған банктің мүлкі жетіспеуіне байланысты кредиторлардың қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансы бекітілгенге дейін жасалмаған талаптары өтелді деп есептеледі.

      Егер кредитор сотқа талаптанбаған және соттың шешімі бойынша оны қанағаттандырудан бас тартылған жағдайдағы тарату комиссиясы танымаған кредиторлар талаптары өтелген болып есептеледі

      104. Өтініші тарату комиссиясымен танылған және кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредитордың алдындағы міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған жағдайда, тарату комиссиясы кредиторға төленбеген соманы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен нотариустың депозитіне аударады.

      105. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылған банктің қалған мүлкін тарату комиссиясы акционерлік қоғамдар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен банк акционерлері арасында бөліске салады.

6-тарау. Таратылған банктің кредиторлар комитеті

      106. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында және банкті еріксіз таратқан жағдайда солардың қатысуымен шешімдер қабылдау үшін кредиторлар комитеті құрылады.

      107. Кредиторлар комитетінің құрамын тарату комиссиясы аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қалыптастырады, оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бекітуге жіберіледі.

      Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      108. Кредиторлар комитеті құрамын уәкілетті орган бекіту үшін тарату комиссиясы Осы қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша ресімделеді.

      109. Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптар сомасы ең көп кредиторлар, Банктер туралы заңның 74-2-бабында көзделген әр кезектегі кредиторлар санатының бір өкілінен кіреді.

      Егер әрбір кезектің кредиторлар санатының бір өкілі бойынша кредиторлар комитетін құру мүмкін болмаса, кредиторлар комитеті бар кезектерден, оның ішінде сол кезектің бірнеше өкілдерінен қалыптасады.

      Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға осы кредиторларды тарату өндірісіне қатысу үшін кредиторлар комитетінің құрамына кіру туралы ұсыныстар жібереді.

      Банктер туралы заңның 74-2-бабында көзделген кредиторлар талаптарының тізілімінде бір кезектегі санатындағы кредиторлар болған кезде және бірдей талаптар сомасы, тарату комиссиясы талапты тарату комиссиясына бірінші жіберген кредиторға кредиторлар комитетінің құрамына кіру туралы ұсынысты жібереді.

      Кредитордың жазбаша келісімі болған жағдайда ол кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі.

      Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын банктің басшы қызметкерлері, сондай-ақ бұдан бұрын оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезінде жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым көрсететін не басқаларға артықшылық беретін іс-әрекет жасау фактісінің (фактілерінің) болуы анықталған банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған кредиторлар мен олардың өкілдері енгізілмейді.

      110. Кредиторлар комитетіне енгізілген кредиторлар саны кем дегенде 3 (үш) адам болады.

      Кредитор кредиторлар комитетінің жұмысына қатысудан бас тартқан жағдайда, тарату комиссиясы таратылып отырған банкте ең жоғары талап ету сомасы бар кейінгі кредиторға ұсыныс жібереді.

      111. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің мүшесін кредиторлар комитетінің құрамынан мынадай негіздер бойынша шығарады:

      1) кредиторлар комитеті мүшесінің дәлелді себептерсіз қатарынан екі реттен көп рет кредиторлар комитетінің отырыстарына қатыспауы;

      2) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар комитеті мүшесінің талаптарын толығымен қанағаттандыру;

      3) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің құрамына қатысудан бас тартуы;

      4) кредитордың кредиторлар комитетінің құрамында болуына кедергі болатын өзге де жағдайлар (заңды күшіне енген сот актілері, заңды тұлға - кредитордың таратылуы не жеке тұлға - кредитордың қайтыс болуы және басқалар).

      112. Уәкілетті орган кредиторлар комитетінің құрамын мынадай негіздер бойынша қайта бекітуге тиіс:

      1) кредиторлар комитетінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін шешімдерді қабылдауы;

      2) кредиторлар комитетінің отырысына мәселені екі реттен көп рет шығару кезінде кредиторлар комитетінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қабылдамауы;

      3) кредиторлар комитетінің кредиторлар - жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзатын шешімдерді қабылдауы.

      113. Осы қағидалардың 111 және 112-тармақтарында көзделген жағдайларда тарату комиссиясы кейіннен кредиторлар комитетінің тізімін бекітуге уәкілетті органға ұсынумен кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту бойынша жұмыс жүргізеді.

      114. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің отырысы өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторлар комитеті отырысының күн тәртібін бере отырып, уәкілетті органды және кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін кредиторлар комитетінің бірінші отырысының өткізілетін орны мен күні туралы жазбаша хабардар етеді.

      Кредиторлар комитетінің бірінші отырысы кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі. Бірінші отырыста кредиторлар комитеті кредиторлар комитетінің төрағасын сайлайды және кредиторлар комитетінің отырыстарын өткізу тәртібі мен дауыс беру рәсімін регламенттейтін кредиторлар комитеті туралы ережені бекітеді.

      Кредиторлар комитетінің төрағасына дауыс беру рәсімінде дауыстар тең болған кезде шешуші дауыс құқығы беріледі.

      115. Кредиторлар комитетінің кейінгі отырыстары комитет айқындайтын тәртіппен және мерзімде шақырылады.

      116. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар кіреді:

      1) банкті тарату барысында пайда болған барлық құжаттармен танысу;

      2) тарату комиссиясынан таратылатын банктің қаржылық жай-күйі туралы ақпарат алу;

      3) тарату комиссиясының төрағасымен және (немесе) мүшесімен Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келісім жасасу;

      4) уәкілетті органды банкті тарату процесінде кредиторлардың құқықтарының, мүдделерінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы туралы, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы туралы хабардар ету;

      5) тарату комиссиясының іс-әрекеттеріне сотқа және уәкілетті органға шағым жасау;

      6) мүлікті сату бойынша аукциондарды және тарату комиссиясының отырысын қоса алғанда, банкті тарату рәсімдерінің кез келгенін жасау кезінде қатысуға өкілеттік берілген кредиторлар комитеті мүшелерінің арасынан кредиторлар өкілдерін сайлау;

      7) таратылатын банктің дебиторлық берешегін өндіріп алу мүмкін емес баланстан шығару туралы актіні бекіту;

      8) тарату комиссиясы ұсынған таратылатын банктің тарату, конкурстық массасын сату жоспарын бекіту, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын банктің мүлкін күнтізбелік 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге бөліп-бөліп төлеу түрінде ақы төлеу талабымен жария сауда-саттық арқылы сату туралы шешімді келісу;

      9) тарату шығыстарының сметасын бекіту;

      10) тарату комиссиясының таратылатын банктің балансынан мүлікті есептен шығаруға арналған актісін бекіту;

      11) дебиторлық берешекті мерзімінен бұрын ішінара өтеген және (немесе) қарыздар бойынша сыйақы және айыпақы (өсімпұл), банктік кепілдіктер бойынша айыпақы (өсімпұл) есептеуді тоқтата тұрған кезде таратылатын банктің балансынан өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығаруды келісу;

      12) тарату комиссиясы қабылдаған, таратылатын банк алдындағы берешекті өтеу үшін, соның ішінде сот шешімін орындау есебіне мүлікті қабылдау туралы шешімін келісу;

      13) тарату комиссиясы қалыптастырған кредиттік пакет бойынша баға ұсыныстарының нәтижелерін келісу және қалыптастырылған кредиттік пакет бойынша құқықтарды (талаптарды) иеліктен шығару және (немесе) басқаға беру тәртібін анықтау;

      14) тарату комиссиясы қабылдаған таратылатын банктің жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ банктің тарату комиссиясы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот актілері бойынша қабылдаған, банкке келтірілген залалды өтеу есебінен алынған жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасау туралы шешімді, сондай-ақ осы Қағиданың 141-тармағына сәйкес жасалатын, дауды реттеу туралы келісімнің талаптарын келісу;

      15) тарату комиссиясы қабылдаған банктік қарыз шарттарының қарыздар бойынша айыпақы есептеуді тоқтату және/немесе сыйақы есептеуді тоқтата тұруға қатысты талаптарын өзгерту туралы шешімін келісу;

      16) таратылатын банктің борышкерлерінен берешекті өндіріп алу және таратылатын банктің активтерін қайтару бойынша іс-шараларды жүзеге асыратын заңды тұлғалармен жасалатын мәмілелерді келісу.

      Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      117. Кредиторлар комитетінің отырысы хаттамамен ресімделеді. Кредиторлар комитетінің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.

      Кредиторлар комитеті отырысы хаттамасының көшірмесі кредиторлар комитетінің отырысы өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылады.

      118. Тарату комиссиясы қалыптастырған кредиторлар комитетінің құрамы болмаған немесе кредиторлар комитеті өздерінің функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асырмаған кезде, осы Қағиданың 116-тармағының 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделген шешімдерді қабылдау өкілеттіктерін тарату комиссиясы дербес жүзеге асырады.

      Тарату комиссиясының шешімі тарату комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.

      Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      119. Уәкілетті органның келісімі бойынша кредиторлар комитеті болмаған кезде тарату комиссиясының төрағасы (қажет болған жағдайда) таратылатын банк кредиторларының жалпы жиналысын өткізеді.

7-тарау. Таратылатын банктің активтерін басқару және мүлкін сату тәртібі

1-параграф. Таратылатын банктің активтерін түгендеу және оларды басқару

      120. Таратылатын банктің активтеріне банктің меншікті мүлкі, заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар, ақша, валюталық құндылықтар, бағалы қағаздар, талап ету құқықтары, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, материалдық емес активтер, материалдық қорлар және басқа активтер, оның ішінде таратылатын банкке тиесілі емес, бірақ бухгалтерлік есепте тұрған мүлік және қандай да бір себептермен ескерілмеген мүлік, сондай-ақ тарату массасын қалыптастыру үшін негіз құрайтын банктің басқа талаптары кіреді.

      121. Тарату комиссиясы таратылатын банктің мүлкін (активтерін), кредиттік және өзге де шарттарын түгендеуді, сондай-ақ дербес шоттарды баланстық шоттармен, баланстық шоттардағы және меморандум шоттарындағы қалдықтарды ол тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей салыстырып тексеруді жүргізеді.

      122. Түгендеу соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енген күнгі жағдай бойынша немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырған күнгі жағдай бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 122-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      123. Мүліктің немесе мүлікке құқықтардың нақты болуын тексеруді тарату комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) төрағасының бұйрығына сәйкес құрылатын түгендеу комиссиясының мүшелері түгенделетін мүліктің жоғалуынан (зақымдануынан) келтірілген зиян үшін толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалған тұлғалардың (бар болса) қатысуымен (бұдан әрі – материалдық жауапты тұлғалар) жүргізеді.

      Түгендеу комиссиясының құрамына тарату комиссиясының мүшелері, таратылатын банктің қызметкерлері, сондай-ақ қызмет көрсету шарттары бойынша тартылған адамдар енгізіледі. Таратылатын банктің қызметкерлерімен немесе қызмет көрсету шарты бойынша тартылған тұлғалармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалады.

      Түгендеу актілерінде бухгалтерлік есептің деректері бойынша таратылатын банктің мүлкі туралы нақты мәліметтер банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күнгі немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырған күнгі таратылатын банктің шоттары бойынша қалдықтар ведомосінің кіріс қалдықтарына сәйкес келеді.

      Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      124. Түгендеу нәтижелері бойынша активтердің әр түрі бойынша акт және түгендеу нәтижелері туралы жиынтық акт жасалады. Түгендеу актісі электрондық нысанда және қағаз тасымалдағышта уәкілетті органға жіберіледі.

      Түгендеу актілері мен түгендеу қорытындылары туралы жиынтық акт нөмірленеді, тігіледі және соңғы парақтың сыртқы бетіне нөмірленген парақтардың санын цифрлармен және жазумен көрсете отырып, Комиссия төрағасының қолымен бекітіледі. Комиссия төрағасының қолы таратылатын банктің мөрімен бекітіледі.

      125. Түгендеу барысында мүліктің жетіспеушілігі анықталған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы уәкілетті органға мүлікті түгендеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей жетіспейтін мүлікті іздеу және қайтару бойынша жүргізілген және жоспарланған іс-шараларды қамтитын жетіспеушілікпен жұмыс жөніндегі жоспарды ұсынады.

      Тарату комиссиясы жетіспейтін мүлікті іздеуге, анықтауға және қайтаруға, сондай-ақ жетіспеушілікке кінәлі адамдарды жауапқа тартуға бағытталған шараларды қабылдайды.

      Тарату комиссиясы таратылатын банктің бұрынғы басшыларына, материалдық жауапты тұлғаларға, басқарушы компанияларға, жалға берушілерге, жалға алушыларға, ұйымдарға және жетіспейтін мүлік туралы ақпараты бар немесе болуы мүмкін тұлғаларға жазбаша сұратулар жібереді.

      Жетіспейтін мүліктің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат болмаған кезде тарату комиссиясы құқық қорғау органдарына жүгіну үшін негіздердің бар-жоғын айқындайды, қажетті құжаттарды жинау және жүйелеу бойынша жұмыс жүргізеді, өтініштерді дайындайды және құқық қорғау органдарына жібереді.

      126. Түгендеу барысында анықталған нақты бар мүліктің бухгалтерлік есеп деректерімен алшақтықтарын жою мыналарға сәйкес жүргізіледі:

      1) жаңадан анықталған мүлік (оның ішінде таратылатын банктің бухгалтерлік есебінде көрсетілмеген мәмілелерді жасау нәтижесінде меншік құқығы туындаған мүлік және талап ету құқықтары) кіріске алуға жатады;

      2) мүліктің кем шығуы (оның ішінде қаржы ұйымының бухгалтерлік есебінде көрсетілмеген мәмілелерді жасасу нәтижесінде мүліктің және (талап ету) құқықтардың шығарылуымен байланысты), оның туындауына кінәлі адамдар анықталмаған немесе осы тұлғалардан көрсетілген кем шығуды (залалдардың орнын толтыруды) өндіріп алу туралы сот бас тартқан жағдайда, кредиторлар комитеті бекіткен есептен шығару туралы актінің негізінде таратылатын банктің шоттарынан есептен шығаруға жатады.

      Ескерту. 126-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      127. Несиелік және басқа да дебиторлық берешекті түгендеу актіде көрсетілетін дебиторлық берешекті растайтын құжаттарды (шарттар және өзге де құжаттар) анықтаудан тұрады.

      Дебиторлық берешектің болуын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, осы берешек мүліктің жетіспеуі ретінде ескеріледі.

      128. Қаржы ұйымдарында және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған банк шоттарындағы қалдықтарды түгендеу кезінде бухгалтерлік есеп деректері жоғарыда көрсетілген ұйымдардан алынған үзінді- көшірмелердің деректерімен банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырған күнгі шоттар бойынша салыстырылады.

      Ескерту. 128-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      129. Бағалы қағаздарды түгендеу бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында есепте тұрған бағалы қағаздар санының қалдықтарын банкті лицензиядан айырған және банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнге немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күнге орталық депозитарийден алынған үзінді- көшірмелердің деректерімен салыстырып тексеруді білдіреді.

      Ескерту. 129-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      130. Негізгі құралдарды түгендеу олардың нақты болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

      Жылжымайтын мүлікке және автокөлік құралдарына түгендеу жүргізу кезінде осы объектілерге меншік құқығын растайтын құжаттардың болуы тексеріледі.

      131. Негізгі құралдарды және мүліктің басқа да түрлерін түгендеу актілерінде үшінші тұлғалардың сақтауындағы, банк жалға берген мүлік, сондай-ақ өзге де белгіленген фактілер жеке көрсетіледі.

      132. Қоймадағы және пайдалануға берілмеген тауарлық-материалдық қорлар әрбір затты қарап, оларды сақтау орындары бойынша түгенделеді.

      133. Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде материалдық емес активтердің бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі және Банктің оларды пайдалану құқығын растайтын құжаттардың болуы тексеріледі.

      134. Уақытша әкімшіліктен (уақытша әкімшіден) таратылатын банктің тарату комиссиясы қабылдайтын мүлкінің көлемін ескере отырып түгендеу жүргізу кезінде уәкілетті органмен келісім бойынша түгендеу жүргізу мерзімі тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен белгіленген түгендеуді аяқтау мерзімі аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынылған дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, түгендеу жүргізу мерзімін ұзарту туралы өтінішінің негізінде ұзартылады.

      135. Таратылатын банктің түгендеу арқылы белгіленген барлық активтері, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тарату массасына енгізілуге тиіс. Тарату басында банктің балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілуге тиіс.

      Түгендеу барысында анықталған мүліктің жетіспеушілігі аралық тарату балансына қосылады және жеке шотта ескеріледі.

      136. Бухгалтерлік есеп деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы түгендеуді жылына кемінде бір рет, сондай-ақ міндетті түрде мынадай жағдайларда жүргізеді:

      тарату комиссиясының материалдық жауапты және лауазымды адамдары, оның ішінде төрағасы және (немесе) бухгалтерлік қызметінің басшысы ауысқан кезде;

      мүлікті ұрлау немесе теріс пайдалану, сондай-ақ бүлдіру фактілері анықталған кезде;

      төтенше жағдайлардан туындаған дүлей зілзалар, өрт, апаттар немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде.

2-параграф. Таратылатын банктің дебиторларымен жұмыс

      137. Банктегі тарату процесінің басталуы банктің дебиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

      Банктің дебиторлық берешегі бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және дебитор мен банк арасында жасалған шартта көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

      138. Провизияларды есептеу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) уәкілетті органмен келісілген банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      139. Дебиторлық берешекті сот тәртібімен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      140. Банктің тарату комиссиясы дебиторлық берешекті есептеуді сотқа талап арыз берген күні дебитор мен банк арасында жасалған шарттардың талаптарын негізге ала отырып, таратылатын Банктің уәкілетті органдары сыйақы және (немесе) күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешекке айыпақы (өсімпұл) есептеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған сәтте болған қарыздар бойынша бұған дейін қабылдаған шешімдерін ескере отырып жүзеге асырады.

      Заңды күшіне енген сот актілері бойынша атқарушылық құжаттар сот актілерін мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларының Республикалық немесе өңірлік палатасына жіберіледі.

      Ескерту. 140-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      141. Сот талқылауы барысында немесе атқарушылық іс жүргізу шеңберінде татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, дауды реттеу туралы өтініш мәлімделген жағдайда, тарату комиссиясы мынадай шарттар сақталған кезде бітімгершілік келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдер (бұдан әрі – дауды реттеу туралы келісім) жасау туралы мәселені қарайды:

      дебитордың қаржылық жағдайы дебиторлық берешекті дауды реттеу туралы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде өтеуге мүмкіндік береді;

      дауды реттеу туралы келісімнің талаптары таратылатын банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соқпайды;

      дауды реттеу туралы Келісім шеңберінде дебиторлық берешекті өтеу мерзімі дебитор-жеке тұлғалар үшін - 30 (отыз) айдан, дебитор-заңды тұлғалар үшін - 24 (жиырма төрт) айдан аспайды;

      банк дебитордың міндеттемелерін орындау есебіне бұрын қабылдаған қамтамасыз ету (ол болған кезде) өзгеріссіз сақталады; сот орындаушысы дебиторға қатысты атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдаған мүлік (болған кезде) дауды реттеу туралы келісім талаптарының орындалуын қамтамасыз ету ретінде тарату комиссиясына кепілге беріледі.

      Осы тармақта көзделген талаптарды жүзеге асыру мақсатында, тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының атынан жасалатын мүлік кепілі шарттарына қол қояды; дебитор-заңды тұлғамен жасалатын, дауды реттеу туралы келісім бойынша берешекті өтеу дауды реттеу туралы келісімде көзделген, берешекті өтеудің бүкіл мерзімі ішінде ай сайын тең төлемдермен жүзеге асырылады.

      Дауды реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген тәртіппен бекітеді.

      Ескерту. 141-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      142. Тарату комиссиясы дауды сотқа дейінгі реттеу шеңберінде жеке (дара кәсіпкерлерді қоса алғанда) және заңды тұлғаларға (шағын және орта бизнес субъектілері) берілген қарыздар бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) есептен шығару туралы шешім қабылдайды:

      1) негізгі борыш пен есептелген сыйақының 70 (жетпіс) және одан да көп пайызы мөлшерінде борыш сомасын біржолғы өтеген кезде – 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;

      2) негізгі борыштың 70 (жетпіс) пайызынан аз мөлшерде борыш сомасын және борышкер енгізген соманың пайыздық арақатынасына мөлшерлес мөлшерде есептелген сыйақыны біржолғы өтеу кезінде.

      Бұдан әрі тарату комиссиясы дебитор тарапынан қарызды толық біржолғы өтеу шартымен тұрақсыздық айыбын толық көлемде есептен шығару туралы шешім қабылдайды.

      Тарату комиссиясының оларды қанағаттандыруы туралы тарату комиссиясының бұрын қараған және қабылдаған шешімдері бойынша берілген қарыздар бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) есептен шығару туралы қайталама өтінішхаттар қаралмайды және қанағаттандырылмайды.

      Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      143. Тарату комиссиясының осы Қағидалардың 142-тармағында көрсетілген қарыздар бойынша есептелген айыпақыны (өсімпұлды) есептен шығару және (немесе) банктік кепілдіктер бойынша айыпақыны (өсімпұлды) есептен шығару туралы шешімдер қабылдауы үшін дебиторлар тиісті өтінішхат береді.

      Ескерту. 143-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      144. Айыпақыны (өсімпұлды) есептен шығару туралы өтініш тарату комиссиясының шешім қабылдауы үшін объективті негіздерді қамтиды, олар мына талаптардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келеді:

      1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін:

      бизнесті жүргізудің қатарынан 6 (алты) айдан астам, қызметтен түскен кірістің, берешекті 50 (елу) және одан да көп пайызға өтейтін екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттардағы ақшаның болмауы;

      екінші деңгейдегі банктерде ашылған шоттарда тыйым салудың болуы;

      кепіл мүлкінің жоғалуын және (немесе) зақымдануын растайтын құжаттардың болуы;

      алынатын табыс көзі болып табылатын мүліктің жоғалуын және (немесе) зақымдануын растайтын құжаттардың болуы;

      борышкердің қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын өзге де құжаттар;

      2) жеке тұлғалар үшін:

      берешекті 50 (елу) және одан да көп пайызға өтейтін екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарда қатарынан 6 (алты) айдан астам ақшаның болмауы;

      кепіл мүлкінің жоғалуын және (немесе) зақымдануын растайтын құжаттардың болуы;

      соңғы қатарынан 6 (алты) ай ішінде жұмысынан айрылғандығын және табыстың жоқтығын растайтын құжаттар;

      асыраушысынан айрылғандығын растайтын құжаттар;

      борышкердің немесе оның отбасы мүшесінің мүгедектігін растайтын құжаттар;

      борышкердің қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын өзге де құжаттар.

      Өтінішхаттарға растайтын құжаттар (мемлекеттік органдардың ресми жауаптары, фотосуреттер, ағымдағы шоттардан үзінді- көшірмелер, банктермен хат алмасу және басқа да растайтын құжаттар) қоса беріледі.

      Ескерту. 144-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      145. Тарату комиссиясы өтініш берілген күні:

      1) кепілмен қамтамасыз ету бағалау құны бойынша есептелген сыйақы мен айыпақыны есептей отырып, қарызды 2 (екі) және одан да көп есе өтейтін болса;

      2) борышкерге қатысты таратылатын банктің мүддесі үшін берілген қарыздар бойынша қылмыстық талқылау жүргізілетін болса;

      3) борышкерге қатысты қарыз бойынша берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот шешімі болса;

      4) борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, есептелген айыпақыны (өсімпұлды) есептен шығару туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартады.

      Ескерту. 145-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      146. Тарату комиссиясы сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), сондай-ақ қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуді тоқтата тұру туралы шешімді мынадай:

      1) негізгі борыштың және есептелген сыйақының 70 (жетпіс) және одан да көп пайызы мөлшеріндегі борыш сомасын біржолғы өтеу қарыз бойынша берешектің мерзімі өткен бөлігін өтемеген;

      2) мерзімі өткен берешек қатарынан күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күнді құраған шарттар болған кезде қабылдайды.

      147. Есептелген айыпақыны есептен шығарумен негізгі борыш пен есептелген сыйақының 100 (жүз) пайызынан аз мөлшерде қарыз сомасын біржолғы өтеу және қарыз бойынша сыйақы және айыпақыны есептеуді тоқтата тұру туралы шешімді тарату комиссиясы таратылатын банктің кредиторлар комитетімен келісім бойынша қабылдайды және ол банк шартына қосымша келісімге қол қою арқылы таратылатын банкке кредит берудің ішкі қағидаларына сәйкес ресімделеді.

      Негізгі борыш және есептелген сыйақы сомасын толығымен біржолғы өтеген кезде міндеттемелерді тоқтату туралы тарату комиссиясының шешімі тарату комиссиясының төрағасының өкімімен ресімделеді.

      Берешектің толық өтелгені жөніндегі ақпаратты тарату комиссиясы кредиттік бюроға Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен береді.

      Ескерту. 147-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      148. Осы Қағидалардың 142, 143, 144, 145, 146, 147-тармақтарының ережелері берілген банктік қарыздар бойынша тең қарыз алушыларға, кепіл берушілерге және кепілгерлерге қолданылады.

3-параграф. Таратылатын банктің мүлкін жалға беру тәртібі

      149. Таратылатын банктің мүлкін өткізгенге дейін тарату шығыстарын барынша азайту мақсатында банктің тарату комиссиясы таратылатын банктің мүлкін, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу шеңберінде заңды күшіне енген сот актілеріне сәйкес банктің тарату комиссиясы қабылдаған, сондай-ақ меншік құқығы белгіленген тәртіппен банкке тіркелген банкке келтірілген зиянды өтеу есебіне алынған мүлікті жалға беру мәселелерін қарайды.

      150. Мүлікті жалға беруден алынған ақша тарату массасына жіберіледі.

      Мүлікті жалға беру тарату комиссиясының оны өткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруын тоқтата тұрмайды.

      Тарату комиссиясының жалдау шартын жасасуы жалға алушының тарату комиссиясының бірінші талап етуі бойынша мүлікті босатуға (қайтаруға) және жалға алынған мүлікті қосалқы жалдауға (қосалқы жалға) беру мүмкін еместігі бойынша шектеулерді қабылдауға келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

      151. Жалға алушыны таңдауды банктің тарату комиссиясы тендер өткізу арқылы жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша жалға алудың ең жақсы шарттарын ұсынған тұлғаға артықшылық беріледі.

      152. Тендер өткізу туралы хабарландыру тендер өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын таратылатын банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      Тендер өткізу туралы хабарландыруда:

      1) тендерді өткізу күні, орны және уақыты;

      2) таратылатын банктің атауы;

      3) жалға берілетін мүліктің сипаттамасы;

      4) өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және мерзімі;

      5) тендерлік құжаттаманы және қосымша ақпаратты алуға болатын телефондар, мекенжайлар қамтылады.

      153. Тендерлік құжаттамада мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) хабарландыруда көрсетілген ақпарат;

      2) жалға берілетін мүлікпен танысу күні, уақыты және орны;

      3) жалдау ақысын төлеу шарттары;

      4) олардың негізінде тендер жеңімпазы анықталатын критерийлер;

      5) жалдау шартының жобасы.

      154. Тендерге қатысуға таратылатын банктің бұрынғы басшы қызметкерлері, таратылатын банктің кредиторлары болып табылатын тұлғалар, сондай-ақ банктің тарату комиссиясының төрағасы, мүшелері, тартылған қызметкерлері жіберілмейді.

      155. Егер тендерге екіден кем қатысушы қатысса, тендер өтпеді деп есептеледі.

      Тендер өткізілмеді деп танылған жағдайда тарату комиссиясы тендердің жалғыз қатысушысымен жалдау шартын жасасу туралы мәселені қарайды.

4-параграф. Таратылатын банктің мүлкін сату және активтеріне билік ету тәртібі

      156. Тарату комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын бағалаушыны (бұдан әрі – бағалаушы) тарта отырып, таратылатын банктің мүлкін бағалауды жүргізеді.

      157. Тарату комиссиясы бір мезгілде барлық мүлікке не мүліктің бір бөлігіне бағалау жүргізеді.

      158. Таратылатын банктің баланстық құнына қарамастан, оның барлық мүлкін бағалау үшін бағалаушыны таңдау бағалау компанияларынан олардың қызметтеріне баға ұсыныстарын қарау жолымен жүзеге асырылады. Бағалау компанияларынан алынған баға ұсыныстарының нәтижелері бойынша неғұрлым тиімді шарттарды (көрсетілетін қызметтер үшін төлем мөлшері, бағалау жүргізу мерзімдері, бағалаушыда филиалдық желінің болуы және өзге де талаптар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Баға ұсынысын беру талаптарын банктің тарату комиссиясының төрағасы айқындайды және таратылатын банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      Бір-біріне қатысты үлестес бағалаушылар баға ұсыныстарын бере алмайды. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабында айқындалған тұлғалар үлестес бағалаушылар болып табылады.

      159. Таратылатын банктің алдындағы берешекті өтеу есебіне, оның ішінде сот шешімін орындау есебіне мүлікті беру кредиторлар комитетінің келісімі бойынша бағалау туралы есеп болған кезде жүзеге асырылады.

      160. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының банкін, бейрезидент-банкінің филиалын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырғанға дейін орын алған, банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырғанға дейін орындалуы және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құжаттамалық ресімделуі аяқталмаған таратылатын банктің қатысуымен жасалған мәмілелер өтпеді деп есептеледі.

      Ескерту. 160-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      161. Осы Қағидалардың 162-тармағында көрсетілген активтерді аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгенге дейін қайтару кезінде тарату комиссиясы:

      1) тарату конкурстық массасына енгізілмейтін активтерді басқа банкке аудару үшін түгендеу;

      2) беру күніне берілетін активтердің сомаларын салыстырып тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша тиісті акт жасалады. Активтердің басқа банкке берілетін сомасы таратылатын банктің сақтау және есепке алу үшін алған активтерінің сомасына тең болуы тиіс;

      3) активтерді (ақшаны) басқа банкке аудару туралы шарт жасау және активтерді аудару туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын активтерді қабылдау-беру актісін жасайды.

      162. Банктер туралы заңның 74-1-бабының 1-1-тармағында көрсетілген кепілдік мүлікті және бөлінген активтерді аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгенге дейін қайтару кезінде тарату комиссиясы:

      1) ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне кепілдік мүлікті және ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді беру туралы шарт жасасады;

      2) Қазақстан Республикасының ипотека туралы заңнамасына сәйкес ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтары болып табылатын ипотекалық қарыз шарттарын (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда), сондай-ақ ипотекалық шарттарды және берілетін кепіл мүлкіне құқық белгілейтін барлық құжаттарды ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді о;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ипотекалық шарт бойынша талап ету құқығын ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне беруді жүзеге асырады;

      4) ипотекалық куәлігінде ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілінің пайдасына тапсыру жазбасын жүргізеді. Бұл ретте тапсыру жазбасында ипотекалық куәлігі бойынша құқықтар тапсырылатын ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілінің аты нақты және толық көрсетілуге тиіс. Ипотекалық куәлігіндегі және ипотекалық шартындағы бланктік тапсыру жазбалары жарамсыз болып саналады.

      Ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне ипотекалық куәлігі бойынша құқықтарды тапсыру онымен келешекте оған негізгі міндеттеме бойынша құқықтарды да тапсыратынын көрсетеді. Ипотекалық куәлігінің және ипотекалық шарттың заңды иесі кепілдік ұстаушы мен кредитордың негізгі міндеттеме бойынша құқықтарын қоса алғанда, оның мазмұнынан туындаған барлық құқықтарды иеленеді;

      5) тапсыру күніне тапсырылатын ипотекалық заемдардың мөлшерін (нақтылы өтелген берешек сомалары бойынша және өтелмеген берешек қалдықтары бойынша) салыстырып тексеру жүргізеді. Ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығы ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне негізгі борыш, сыйақы, осы ипотекалық заемдар бойынша айыппұл, өсімпұлды қоса алғандағы сомаға тапсырылады;

      6) ипотекалық облигациялар шығарылымының көлемі мен банк берген жиынтық сомасы арасында айырма пайда болған жағдайда ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкілін ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ипотекалық қарыздар бойынша жетпеген соманы мойындағаны туралы және осы берешек соманы кредиторлардың талап ету тізілімінің сегізінші кезек тобына енгізетіні туралы хабардар етеді;

      7) ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқығын тапсырған кезде әрбір дебиторды жазбаша оның қарыз бойынша міндеттемелерін басқа тұлғаға тапсырғаны туралы хабардар етеді.

      Егер дебитор ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқығы ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар етілмесе банк алдындағы міндеттемелерін орындау ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкілі орындауы тиіс деп танылады.

      Тарату комиссиясының ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлікті және бөлінген активтерді ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне тапсырғаннан кейін ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілдері мен ипотекалық облигациялар ұстаушылары арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      163. Тарату комиссиясы банктік қарыз шарттарды өтеу нақтылығы мен перспективалары, борышкерлердің мүліктік жағдайы мәніне талдау жасайды және кредиттік топтаманы қалыптастырады. Тарату комиссиясы банктің уәкілетті органдарының шешімдерін банктің уәкілетті органдарының қабылдаған шешімдерін банктік операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге дейін соңғы 2 (екі) ай ішіндегі бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыра отырып, банктік қарыз шарттары бойынша сатуды немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру мәніне салыстырып тексеру жүргізеді.

      Кредиттік пакеттерді қалыптастыру мыналарды:

      қарыз түрін;

      кредиттеу мерзімін;

      қамтамасыз ету түрлерін;

      берешектің мөлшерін;

      қарыз беру өңірін (орынын);

      сот талқылауларының және/немесе атқарушылық іс жүргізудің болуын;

      сыйақы мөлшерлемелерін;

      мерзімі өткен күндер санын;

      қарыз валютасын ескере отырып жүзеге асырылады.

      Тарату комиссиясы қалыптастырылған кредиттік топтама бойынша иеліктен шығаруды немесе құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді банктің кредиторлар комитетімен келісе отырып, иеліктен шығарғанға немесе құқықты (талапты) басқаға бергенге дейін 6 (алты) айдан аспайтын кезеңге бағалаушы айқындаған, таратылатын банк алдындағы қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлік құнының бағалауын ескеріп жүргізеді.

      Тарату комиссиясы қалыптастырылған кредиттік топтама бойынша иеліктен шығаруды немесе құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылған кредиттік топтама бойынша баға ұсыныстарын сұрату туралы хабарландыруды банктің интернет-ресурсында жариялау арқылы жүргізеді.

      Төлемді бөліп төлеу түрінде төлеу талабымен қалыптастырылған кредиттік топтама бойынша иеліктен шығаруды немесе құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді банктің кредиторлар комитеті айқындайды.

      Қалыптастырылған кредиттік топтаманың иеліктен шығару немесе құқықтарын (талаптарын) басқаға беру бойынша төлемді бөліп төлеу мерзімі 24 (жиырма төрт) айдан аспайды. Төлемді бөліп төлеу түрінде төлеу талаптары туралы ақпарат және осындай бөліп төлеудің мерзімі тарату комиссиясы жариялайтын баға ұсыныстарын сұрату туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      Әлеуетті сатып алушылар баға ұсыныстарын сұрату туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде "Қатаң конфиденциалды" белгісі бар баға ұсынысын жібереді.

      Тарату комиссиясы әлеуетті сатып алушыларға қосымша ақпаратты құпиялылықты сақтау және қалыптастырылған кредиттік топтама бойынша иеліктен шығару немесе құқықтарды (талаптарды) басқаға беру мүмкіндігін қарауға байланысты алынған ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойылғаннан кейін ғана береді.

      Кредиттік топтама бойынша иеліктен шығарудың немесе құқықтарды (талаптарды) басқаға берудің ең жоғары құнын ұсынған тұлға әлеуетті сатып алушы деп танылады.

      Тарату комиссиясы әлеуетті сатып алушының баға ұсынысы келісілмеген жағдайда әлеуетті сатып алушыға қалыптастырылған кредиттік топтама бойынша иеліктен шығарудан немесе құқықтарды (талаптарды) басқаға беруден бас тартады.

      Ескерту. 163-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      164. Таратылатын банктің алдындағы мерзімі өткен берешегін, оның ішінде банк лицензиясынан айырылған күннен бастап құралған тұрақсыздық айыбы (айыппұл және өсімпұл) толық өтеген жағдайда, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау шеңберінде тарату комиссиясы таратылатын банктің клиентінің өтінішхаты бойынша кредиттік бюроға ұсынылатын ақпаратқа түзету енгізеді.

      165. Таратылатын банктің бағалы қағаздарын сатуды тарату комиссиясы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарығында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.

      Ұйымдастырылған нарықта айналыстағы таратылатын банктің бағалы қағазының (бір бірлігінің) құнын бағалау қор биржасының қаржы құралдарын бағалау әдісіне сәйкес жүргізеледі. Мұндай бағалы қағаздарды көрсетілген әдіс бойынша бағалау мүмкін болмаған не белгілі бір бағалы қағазға қатысты әдістеме болмаған жағдайда, олардың құнын бағалауды бағалаушы жүргізеді.

      Таратылатын банктің бағалы қағаздарын нарықтық құны бойынша сатып алуға ниет еткен адамдар болмаған жағдайда, кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған кезде тарату комиссиясының төрағасы уәкілетті органмен келісе отырып) әрбір бағалы қағазға өзге құнын белгілейді.

      166. Тарату комиссия төрағасының мүлікті сату туралы шешімін, сондай-ақ таратылатын банктің мүлкін сату жоспарын таратылатын банктің кредиторлар комитеті бекітеді.

      Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілгенге дейін тарату комиссиясы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен уәкілетті органмен келісу бойынша мүлікті сатады.

      Таратылатын банкте кредиторлар комитеті болмаған жағдайда, мүлікті сату туралы шешімді, сондай-ақ таратылатын банктің мүлкін сату Жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және оны уәкілетті органға жібереді.

      167. Мүлікті сату сауда-саттық жасау Жоспарына сәйкес ашықтық, жариялылық және рұқсат беру қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

      Тарату комиссиясы аукциондарды өткізу кезінде сауда-саттық жасау (ағылшын немесе голланд әдісі) әдістерін дербес таңдайды

      168. Таратылатын банктің үйлері және ғимараттары, жылжымайтын мүліктің өзге де объектілері, олардың құнына қарамастан көлік құралдары, сондай-ақ мүліктің бір бірлігі үшін 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен асатын бағалау құны бар таратылатын банктің өзге мүлкі тек қана жария сауда-саттық (аукцион) арқылы сатылуға жатады.

      169. Бұрын жеке тұлғаның ипотекалық қарызы бойынша кепіл болып табылған, жеке және заңды тұлғалардан берешекті өндіріген кезде банктің меншігіне алынған таратылатын банктің мүлкін сатуды таратылатын банк мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын қаржы ұйымына, сондай-ақ оның бұрынғы меншік иесіне (жеке тұлғаға) атаулы сату арқылы бағалау құны бойынша аукцион өткізбей жүзеге асырады.

      Мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сәйкес келдмейтін мүлік осы Қағиаларға сәйкес сауда-саттықта сатылады.

      170. Банктің 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аз бағалау құны бар жылжымалы мүлікін сату бағалау құнынан төмен емес баға бойынша жария сауда-саттық жүргізбей сатылады. Осы мүлікті бағалау құнынан төмен емес баға бойынша сатып алуға ниетті тұлғалар болмаған жағдайда, жылжымалы мүлік бағалау құнынан 50 (елуден) төмен емес баға бойынша.

      Банктің құны 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен төмен болатын жылжымалы мүлікін сату туралы ақпарат таратылатын банктің интернет-ресурсында сату бағасы, оның техникалық сипаттамалары (бар болса) көрсетіле отырып орналастырылады.

      171. Тазартылған қымбат металдардың құны Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының (LBMA Gold Price) сату күніне белгіленген алтын бағасы бойынша айқындалады.

      172. Таратылатын банктің мүлкін сату алдында дайындау шараларына мыналар жатады:

      1) таратылатын банктің мүлкін қайта қарау құрылымдау (сегментация, шоғырландыру) жөніндегі ұсыныстарды дайындау және нәтижесінде объектіні сату анықталатын лоттарды қалыптастыру;

      2) бағалаушыны таңдау және таратылатын банктің мүлкін бағалау жөніндегі іс-шараларды өткізу;

      3) таратылатын банктің мүлкін сату туралы хабарландыруларды жариялау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      4) таратылатын банктің мүлкін сату Жоспарын кредиторлар комитетіне қарауға және бекітуге дайындау және ұсыну;

      5) тартылатын жеке немесе заңды тұлғамен, оның ішінде электрондық аукциондарды ұйымдастырушымен сауда-саттық өткізу жөнінде қызмет көрсету туралы шарт жасау.

      173. Сату жоспарында сату объектілері туралы ұсыныстар мен олардың жан-жақты сипаттамасы, бағалау құны, сатудың бастапқы (және сауда-саттықтың голландтық әдісіндегі ең төмен) бағасы, сауда-саттықты өткізу кезеңі мен әдісі туралы мәліметтер бар.

      Сату жоспарына бағалау құны 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен төмен мүлік кірмейді.

      Таратылатын мүліктің мүлкін сату жоспарына өзгерістер сату объектілеріне жүргізілген бағалау (қайта бағалау) нәтижелері бойынша енгізіледі. Мүлікті сату жоспарына енгізілетін өзгерістерді кредиторлар комитеті бекітеді, ол болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және уәкілетті органға жіберіледі Өзгертілген сату жоспары сатылатын лоттардың жаңартылған құрылымын және (немесе) олардың жаңа бастапқы (ең төменгі) бағасын қамтиды.

      174. Тарату комиссиясы осы Қағидаларда белгіленген тәртіп бойынша тартылып отырған банктің мүлкін сатуды мынадай талаптар мен мақсаттарды негізге ала отырып жүргізеді:

      1) сатылып отырған мүлікке осы өңірдегі осыған ұқсас мүлік түрлерінің нарықтық бағасынан кем емес баға белгілеу;

      2) мүлікті ең жоғары бағамен сату;

      3) мүлікті қалдырмай сатып жіберу кезіндегі жоғалтуды барынша азайту.

      175. Сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын банктің мүлкін сату туралы хабарландыруды аукцион өткізу күніне дейін кем дегенде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын таратылатын банктің интернет-ресурсында жариялайды.

      Аукцион ол туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі. Әрбір жеке аукционға жеке хабарландыру беріледі.

      Таратылатын банктің мүлкін сату туралы хабарландыру қажет болған кезде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде немесе мүліктің орналасқан жері бойынша жариялайды.

      176. Сауда-саттықты өткізу туралы ақпараттық хабарда мынадай мазмұн болады:

      1) сауда-саттықты өткізу күні, орны және уақыты;

      2) таратылатын банктің сатуға қойылатын мүліктің атауы және тарату комиссиясының мекенжайы;

      3) қойылатын лоттардың сипаты (мазмұны);

      4) әрбір лот бойынша сауда-саттықты өткізу әдісі;

      5) сатуға қойылатын лоттардың бастапқы және ең төменгі бағасы (лоттың ең төмен бағасы сауда-саттықты голландтық әдісімен өткізген жағдайда көрсетіледі);

      6) кепілдік беру жарнасының мөлшері, мерзімі және тәртібі, сатушының деректемелері;

      7) өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және мерзімі;

      8) сату объектісімен таныстыру күні, уақыты мен орны;

      9) сатып алынған объектісін сату бойынша ақы төлеу шарттары;

      10) сауда-саттықты өткізу ережесімен танысуға және өзге ақпаратты алуға болатын телефондары мен мекен-жайлары;

      11) сатушының шешімі бойынша басқа қосымша ақпарат.

      177. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттықты өткізгенге дейін әрбір қатысушыға оның тіркеген сәтте берілетін аукционға қойылатын әрбір лоттың жан-жақты сипаты бар аукциондық карта жасайды.

      178. Ақпараттық хабарды жариялағаннан кейін сатушы барлық ниет білдірушілердің аукционды өткізу ережесі және ұйымдастыру туралы ақпаратқа және сату объектісіне еркін кіруін қамтамасыз етеді.

      179. Сатушының функцияларына мыналар жатады:

      1) кепілдік берілген жарналарын қабылдау;

      2) аукционды өткізу барысына бақылауды жүзеге асыру;

      3) сауда-саттық жеңімпаздарымен сатып алу-сату шартын жасау және оның орындалуын бақылау;

      4) қатысушыларымен және сатып алушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру.

      180. Аукционға қатысуға осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен тіркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар жіберіледі.

      Аукционға "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына және "Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес бір-біріне қатысты үлестес әлеуетті сатып алушылар қатыстырылмайды.

      181. Таратылатын банктің аукцион арқылы сатылатын мүлігін сатып алуға ниет білдіруші тұлғалар кепілдік жарнасын енгізеді.

      182. Аукционға қатысу үшін кепілдік жарнасы барлық таратылатын банктер үшін бірдей мөлшерде белгіленеді және әрбір сату объектісі бойынша оның бастама бағасының 5 (бес) пайызын құрайды.

      183. Қатысушылардың мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету кепілдік жарнасы болып табылады:

      1) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;

      2) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасау;

      3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау.

      184. Бір кепілдік жарнасы сауда-саттыққа қатысуға және кепілдік жарнасы енгізілген бір нақты лотты сатып алуға құқық береді.

      185. Кепілдік жарнасын қатысушы не оның атынан Қағидалардың 182-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Сатушы кепілдік жарнасының алушысы болып табылады.

      186. Сатушы мынадай жағдайларда:

      1) аукционды өткізуге дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын оған қатысудан бас тартқанда;

      2) сауда-саттық жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартқанда;

      3) қатысушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға оның нәтижелерімен келіспеуді негіздемей қол қоюдан бас тартқанда;

      4) сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда;

      5) егер қатысушы сауда-саттықтың ағылшын әдісінде бастама баға хабарланғаннан кейін немесе сауда-саттықтың голланд әдісінде ең төменгі бағаға жеткен кезде аукциондық нөмірін көтермеген болса, кепілдікті жарнаны қайтармайды.

      187. Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналары аукцион басталған күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады, ал егер ақша аукционнан кейін сатушының банк шотына түссе, онда олар түскен күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде қайтарылады.

      188. Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап өткізіледі және аукцион басталғанға дейін бір сағат қалғанда аяқталады.

      189. Аукционға қатысушы ретінде тіркеу үшін құжаттар тізбесінде мыналарды қамтылады:

      1) белгіленген нысандағы аукционға қатысуға өтінім;

      2) жеке куәлік немесе "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жеке басты куәландыратын өзге құжат (жеке тұлға үшін)";

      3) кепілдік жарнасының енгізілуін растайтын төлем құжатының немесе кіріс ордердің көшірмесі;

      4) сауда-саттыққа қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат;

      5) жарғының және құрылтай шартының (бар болса) және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтаманың (заңды тұлға үшін) нотариалды куәландырылған көшірмелері.

      190. Аукцион қатысушыларын тіркеу сатушы еркін нысанда жасайтын сауда-саттық қатысушыларын тіркеу журналында жүргізеді.

      191.Тіркеуден өткен тұлға аукцион өткізілетін күнінде аукциондық нөміріне ауыстырылатын қатысушының билетін алады. Сауда-саттық барысында аукциондық номерін басқа тұлғасы пайдалануға тыйым салынады.

      192. Аукционға қатысушы:

      1) сауда-саттыққа өзі немесе өзінің өкілдері арқылы қатысады;

      2) қосымша мәліметтерді, сауда-саттыққа шығарылатын сату объектісі бойынша нақтылауларды тегін алады;

      3) сауда-саттықта сатылатын объектіні алдын ала қарайды;

      4) өзінің құқығы бұзылған кезде сотқа жүгінеді;

      5) Қағидалардың 186-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілдік жарнасын қайтарып алады;

      6) сатушыға бұл туралы жазбаша хабарлай отырып аукционға қатысуға өзінің өтінімін қайтарып алады.

      193. Аукционға кіру билетін төлеген барлық ниет білдірушілер қатысады. Кіру билетінің құнын сатушы өзі айқындайды және ол бір билет үшін бір айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

      Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аукционға қатысушылар, уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің өкілдері кіру билеттерін төлеуден босатылады.

      194. Сатушы сауда-саттықты дайындаудың және оны өткізудің бүкіл кезеңінде:

      1) сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жария етпейді;

      2) Қағидалардың 189-тармағында атап көрсетілгендерді қоспағанда, аукционға қатысушылардан қатысушы ретінде тіркеу үшін қосымша құжаттарды талап етпейді.

      195. Аукционды сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізеді. Аукцион оны өткізу қағидаларын хабарлаудан басталады, онда сату объектісінің қысқаша сипаты, лоттың бастама (ең төменгі) бағасы, бағаны өзгерту қадамы және сауда-саттықты өткізу әдісі көрсетіледі.

      Аукционды өткізу қағидаларын бұзған адамдар аукцион өткізу залынан шығарылады.

      196. Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағаны өзгерту қадамын сауда-саттық барысында сату объектісінің бастапқы бағасының бес пайызынан он пайызына дейінгі шекте белгілейді.

      197. Сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион картасында белгіленген тәртіпке қарамастан лоттарды сауда-саттыққа қою бірізділігі туралы шешім қабылдайды.

      198. Аукционға бірнеше лоттар шығарған кезде әрбір лоттар бойынша сауда-саттықтың әр түрлі әдістер өткізуге рұқсат етіледі.

      199. Сауда-саттық төменде сипатталған екі әдістің бірімен өткізіледі:

      1) сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бастама бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайтын сауда-саттықтың ағылшын әдісі. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмірді көтере отырып бастама бағасын жоғарылатады, бірақ хабарланған қадамнан кем емес етіп жоғарылатады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лот бойынша сауда-саттыққа қатысатындардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны жоғарылатуды ұсынады. Лот бойынша сауда-саттық ұсынылған ең жоғары бағасына дейін барады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды;

      2) сауда-саттықты ұйымдастырушы бастама бағасын төмендету қадамын хабарлаумен жаңа бағаны хабарлай отырып, лоттың бастама және ең төменгі бағасын хабарлайтын сауда-саттықтың голланд әдісі. Сауда-саттықты ұйымдастырушы баға хабарланған кезде аукциондық нөмірін бірінші болып көтерген қатысушының нөмірін атайды, лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттыққа қойылатын лоттың ең төменгі бағасы төмендетілмейді. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша алғаш рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы тарату комиссиясы бағалаушыны тарта отырып белгілейтін оның соңғы бағалау құнының сексен пайызынан аз болмайды. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша екінші рет және одан көп рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы тарату комиссиясы бағалаушыны тарта отырып белгілейтін оның соңғы бағалау құнының елу пайызынан аз болмайды.

      Егер сауда-саттықты өткізу кезінде баға хабарланған сәтте екі немесе одан көп нөмір бір мезгілде көтерілген болса, сауда-саттықты ұйымдастырушы жеңімпазды айқындау сәтіне дейін белгіленген қадам шамасына бағаны көтере бастайды. Егер бағаны көтерген кезде өз нөмірін бір мезгілде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың ешқайсысы көтерілген бағасы бойынша мүлікті сатып алуға ниет білдірмесе, сауда-саттықты ұйымдастырушы жеребе рәсімін қолданады.

      Жеребеде сауда-саттыққа қатысатын өз нөмірін бір мезгілде көтерген тұлғалар сауда-саттықты ұйымдастырушы дайындаған бірдей конверттерді тартады, олардың біреуінде "жеңімпаз" деген жазуы бар қағаз парағы, ал басқасында (басқаларында) – таза қағаз парағы болады.

      Конвертті тарту құқығын аукционға қатысушы ретінде бірінші болып тіркеуден өткен сауда-саттыққа қатысушы алады. "Жеңімпаз" деген жазумен қағаз парағы бар конвертті тартқан сауда-саттыққа қатысушы сауда-саттықтың жеңімпазы деп танылады.

      Өткізілетін сауда-саттық мынадай жағдайда:

      сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер болмағанда немесе егер берілген өтінімдердің саны бір өтінімнен аспайтын болса;

      сауда-саттыққа қатысушылар келмегенде немесе қатысушылардың келуі бір қатысушыдан аспайтын болғанда;

      сауда-саттықтың жеңімпазы сауда-саттық хаттамасына, сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқанда немесе сатып алу-сату объектісі бойынша сатушымен одан әрі есеп айырысулар тәртібін бұзғанда;

      көтерілген аукциондық нөмірлер болмағанда немесе сауда-саттықтың ағылшын әдісінде лоттың бастама бағасы хабарланған кезде бір ғана аукциондық нөмір көтерілгенде;

      сауда-саттықтың голландық әдісінде лоттың ең төменгі бағасы жарияланған кезде көтерілген аукцион нөмірлері болмағанда.

      200. Аукцион егер онда кемінде екі қатысушы қатысқан жағдайда, өтті деп саналады.

      201. Аукционға бірінші рет қойылатын мүлікті сату сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі.

      202. Бір сатып алушы қатысатын сауда-саттықты өткізген кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы жалғыз қатысушыға қойылатын лотты сауда-саттықтың кез келген әдісі кезінде бастапқы бағасынан кем емес сатады.

      Ескерту. 202-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      203. Әрбір сатылған лот бойынша сауда-саттық нәтижелері сол күні сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасымен ресімделеді, сатушы, сауда-саттықты ұйымдастырушы, сауда-саттықтың жеңімпазы және әрбір лот бойынша сауда-саттық аяқталған барлық қатысушылары оған қол қояды. Сауда-саттық қатысушыларына кепілдік жарнасы олар сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасына қол қойған жағдайда ғана қайтарылады. Хаттамаға қол қоймаған сауда-саттық қатысушысы оның нәтижелеріне өз келіспеушілігін жазбаша негіздейді. Егер сауда-саттық болмай қалған жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы болмай қалған сауда-саттық туралы хаттама жасайды.

      204. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған сауда-саттықтың жеңімпазы аукционға бұдан әрі қатысу құқығынан айырылады. Бұл жағдайда осы объектісі бойынша сауда-саттықтар жаңартылады.

      Сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан немесе сатушымен сатып алу-сату объектісі бойынша одан әрі есеп айырысу тәртібін бұзған сауда-саттықтың жеңімпазы мүлікті сату жөніндегі тарату комиссиясы өткізетін барлық кейінгі аукциондарға қатысу құқығынан айырылады.

      Ескерту. 204-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      205. Сауда-саттық нәтижелерін және сауда-саттық жеңімпаздарының міндеттемелерін және сатушының сату бағасы бойынша сатып алу-сату шарт жасауын белгілейтін құжаты сауда-саттықтар нәтижелері туралы хаттамасы болып табылады.

      206. Аукционды өткізгеннен кейін 3 (үш) күн ішінде сатып алушы және сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады, онда шарттың мәні, құқығы, міндеттемелері және тараптардың жауапкершілігі, сату объектісінің соңғы бағасы және ақы төлеу шарттары, тараптардың деректемелері көрсетіледі, сондай-ақ тараптар арасындағы сатып алушы және сатушы қол қоятын сауда-саттықтың объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасай отырып тараптардың қарауы бойынша өзге талаптар.

      207. Егер шартта бөлiп-бөлiп төлеу көзделмеген болса, сатушы мен сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін 5 (бес) банктік күннен кешіктірмей сатып алушы шартта көрсетілген соманы сатушының ағымдағы шотына аударады және оған тиісті төлем құжатының көшірмесін растауға ұсынады.

      208. Сатып алушы осы белгіленген мерзімде аукционда сатып алған мүлікке қажетті төлем енгізбеген жағдайда, сатушы сатып алу-сату шартын осы шарттың талаптарында көзделген бір тәртіппен бұзады. Сатып алушы енгізген кепілдік жарнасы оған қайтарылмайды және осы мүлік қайтадан сауда-саттыққа қойылады. Сатып алушының сату объектісіне төлем енгізбегеніне жауапкершілігі ол және сатушының арасындағы сатып алу-сату шартында көзделеді.

      209. Мүлікті сату рәсімін жеделдету және сату рәсімімен байланысты шығыстарды қысқарту мақсатында тарату комиссиясы кредиторлар комитетімен келісі отырып электрондық аукциондар арқылы электрондық аукциондарды ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен сатуды жүзеге асырады.

8-тарау. Таратылатын банктің құжаттарын сақтауды және архивке тапсыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      210. Банктің тарату комиссиясы сақтауға жататын құжаттарды есепке алу, ресімдеу мен сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша банктерге қойылатын, оның ішінде архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес тарату комиссиясының қызметіне байланысты барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.

      211. Банктің тарату комиссиясының құрамы өзгерген кезде сақтауға жататын істерді және құжаттарды тарату комиссиясының жаңа құрамына (оның жеке мүшелеріне) қабылдау-өткізуі таратылатын банктің істері мен құжаттарын қабылдау-өткізу актісі негізінде жасалады.

      212. Таратылатын банктің қызметі нәтижесінде пайда болатын, сақтау мерзімдері көрсетілген құжаттар тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13710 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 66 қаулысымен белгіленеді.

      Ескерту. 212-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      213. Істер мен құжаттарды сақтау мерзімін оларды іс жүргізу аяқталған жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап есептеледі.

      214. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жою сараптау-тексеру комиссиясының келісімі бойынша тарату комиссиясының төрағасы бекітетін, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның нысаны бойынша актімен ресімделеді.

      215. Сараптау-тексеру комиссиясымен келісусіз құжаттарды жою жүргізілмейді.

      216. Таратылатын банктің тұрақты сақталуға жататын құжаттары банктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік архивтерге реттелген түрде тапсырылады, ал банкті таратуды толық аяқтау сәтінде сақталу мерзімі өтпеген, уақытша сақталуға жататын, оның ішінде жеке құрам бойынша құжаттары қабылдау-өткізу актісі бойынша уәкілетті органға тапсырылады.

      217. Құжаттардың есепке алынуын және сақталуын ұйымдастыруға жауапты адам істерді архивтік сақтауға тапсыруға дайындаған кезде, олардың дұрыс ресімделу, қалыптастырылу және тізімдемеге енгізілген істердің саны таратылатын банктің іс номенклатурасына сәйкес куәландырылған істердің санына сәйкестігін тексереді. Құжаттарды тапсыру тізімдемелер бойынша жүзеге асырылады және актімен ресімделеді.

      Егер таратылатын банктің құжаттарын өңдеу жай-күйі мен сапасы тиісінше болмаса, онда тарату комиссиясы олардың ретке келтірілуін ұйымдастырады.

      Таратылатын банктің құжаттарын сақтауды ұйымдастыру бойынша шығыстар таратылатын банк қаражаты есебінен жүргізіледі.

9-тарау. Таратуды аяқтау

      218. Таратылатын банктің кредиторларымен есеп айырысулар аяқталғаннан кейін немесе өндіріп алу немесе сату үшін мүмкін активтер болмаған кезде тарату комиссиясы сотқа уәкілетті органмен келісілген тарату туралы есепті және тарату балансын ұсынады.

      Сот тарату туралы есепті және тарату балансын бекітеді және тарату ісін жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кредиторларымен есеп айырысу аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы уәкілетті органға қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының таратылуы туралы есеп береді.

      Уәкілетті орган қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының таратылуы туралы есепті бекітеді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 218-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      219. Тарату комиссиясы тарату балансы және банкті тарату туралы есеп бекітілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға жібереді.

      220. Мәжбүрлеп таратылған жағдайда банктердің қызметін тоқтатуды тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      221. Тарату комиссиясының өкілеттіктері банктің қызметін тоқтату туралы мәліметтер Ұлттық бизнес-сәйкестендіру тізіліміне енгізілгеннен, банктің құжаттары мемлекеттік архивке өткізілгеннен және бұл туралы уәкілетті органға хабарлағаннан кейін тоқтатылады.

      222. Банктің қызметін тоқтатуды тіркегеннен кейін тарату комиссиясы 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банктің қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.

10-тарау. Қорытынды ережелер

      223. Осы Қағидалармен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнама нормаларына сәйкес шешілуге тиіс.

  Мәжбүрлеп таратылатын
банктерді таратуды жүзеге
асыру қағидаларына және
олардың тарату
комиссияларының жұмысына
қойылатын талаптарға
1-қосымша
  Нысан

Тарату шығыстарының сметасы ________________ жылғы _____ тоқсандағы __________________________________________________ (таратылатын банктің атауы)

Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен)

ай

ай

ай

тоқсандағы барлығы

1

2

3

4

5

6

1

Еңбекке ақы төлеу шығыстары





1.1

тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің сыйақысы, оның ішінде:





1.1.1

сыйақы





1.1.2

жеке табыс салығы





1.1.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.1.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





1.2

еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясының тартылған қызметкерлеріне ақы төлеу шығыстары, оның ішінде:





1.2.1

лауазымдық жалақы





1.2.2

жеке табыс салығы





1.2.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.2.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





1.3

өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған адамдардың жұмысына ақы төлеу шығыстары, оның ішінде:





1.3.1

көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу





1.3.2

жеке табыс салығы





1.3.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.3.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





2

Бюджетке аударымдар бойынша шығыстар





2.1

әлеуметтік салық





2.2

әлеуметтік аударымдар





2.3

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





2.4

мүлікке салынатын салық





2.5

көлік құралдарына салынатын салық





2.6

жер салығы





2.7

қосымша құн салығы





2.8

жер телімдерін пайдалану төлемі, қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем





2.9

өзге салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер





3

Әкімшілік шығыстар





3.1

қызметтік және шаруашылық қажеттіліктерге көлік жалдау қызметтері





3.2

байланыс қызметтері





3.3

үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализациясы қызметтері





3.4

көлікті күзету қызметтері





3.5

көлік үшін тұрақ беру қызметтері





3.6

көлікті тіркеу қызметтері





3.7

көлікті техникалық қарау қызметтері





3.8

көлікті сақтандыру қызметтері





3.9

қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қызметтері





3.10

коммуналдық қызметтер





3.11

негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) жұмыстары





3.12

үй-жайды жалдау





3.13

тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу қызметтері





3.14

мүлікті бағалау қызметтері





3.15

бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері





3.16

жылыту жүйесін қосуға дайындау қызметтері





3.17

сантехникалық жұмыстар





3.18

мүлікті сақтау қызметтері





3.19

мемлекеттік бажды төлеу





3.20

нотариаттық куәландыру қызметтері





3.21

мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметтері





3.22

терезелерге, есіктерге темір торларды дайындау және орнату жұмыстары





3.23

аукциондар өткізу қызметтері





3.24

инкассация қызметтері





3.25

сараптама жүргізу қызметтері





3.26

аудит жүргізу қызметтері





3.27

құжаттарды аудару қызметтері





3.28

телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе басқа жерге орнату





3.29

бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі орталық депозитарийдің қызметтері





3.30

банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпастан жүзеге асырылған төлемдер және ақша аударымдары қызметтері





3.31

құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды архивке тапсыру қызметтері





3.32

таратуды тіркеу үшін алым төлеу





3.33

коллекторлық қызметтер





4

Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары





4.1

офис жабдығын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау





4.2

көлік құралдарын ұстау





4.3

үй-жайларды ұстау





4.4

қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу





4.5

кеңсе тауарларын сатып алу





4.6

жанар-жағар май материалдарын сатып алу





5

Іссапар шығыстары





6

Көзделмеген шығыстар





7

Өзге де шығыстар





Жиынтығы





      Атауы ___________________ Мекенжайы _______________________

      Телефон ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________

      Орындаушы _________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                   телефон

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы,             телефон

      Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы,             телефон

      Күні 20__жылғы "____" ______________

  Мәжбүрлеп таратылатын
банктерді таратуды жүзеге
асыру қағидаларына және
олардың тарату
комиссияларының жұмысына
қойылатын талаптарға
2-қосымша
  Нысан

____________________________________________ (таратылатын банктің атауы)

      Кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кітабы

      Басталды ___________________________

      Аяқталды _________________________

      Оны толық пайдаланғанға дейін кітапқа жазылады

Кіріс

Түскен күні

Кімнен қабылданды (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Кіріс құжаттардың саны (данамен)

Цифрлармен сомасы (валюта түрін көрсете отырып бірліктермен)

Сомасы жазумен

Мақсаты тағайындау

Кассирдің қолы

Басбухгалтердің (бөлімше бухгалтерінің) қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының)қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9





































Бір күндегі жиынтығы









Шығыс

Беріл ген күні

Кімге берілді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Шығыс құжаттардың саны (данамен)

Цифрлармен сомасы (валюта түрін көрсете отырып бірліктермен)

Сомасы жазумен

Мақсаты тағайынд

Кассирдің қолы

Бас бухгалтердің (бөлімше бухгалтерінің) қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының)қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9





































Бір күндегі жиынтығы









      Растаушы жазба:

      "Осы кітаптағы жиынтығы _____________________________________________,

      (таратылатын банктің атауы)

      20 ___ жылғы "__" _________ жазбаларға арналған __________________

      _______________________________________

      (саны жазумен көрсетіледі)

      _______________ нөмірден бастап_____________ нөмірге дейін қоса алғанда

      нөмірленген, байланған және мөрмен бекітілген парақ."

      20 ___ жылғы "_____" _________________

      Басшы немесе растаушы жазбаға қол қоюға уәкілетті адам

      _______________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             қолы

      Бас бухгалтер немесе растаушы жазбаға қол қоюға уәкілетті адам

      _______________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             қолы

      Кассир _______________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             қолы

  Мәжбүрлеп таратылатын
банктерді таратуды жүзеге
асыру қағидаларына және
олардың тарату
комиссияларының жұмысына
қойылатын талаптарға
3-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
___________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (ол бар болса) қолы)
______ жылғы "__" __________

Кредиторлар комитетінің құрамы ___________________________________________ (таратылатын банктің атауы)

№ р/с

Кезектіліктің (санаттың) нөмірі және атауы

Кредиторлар комитетінің құрамына енгізілген таратылатын банк кредиторының атауы

Кредиторлық берешек сомасы

1

2

3

4









      Тарату комиссиясының төрағасы _______________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон

      Орындаушы _________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   телефон

      Күні ______ жылғы "____" _____________

  Банктерді таратуды
жүзеге асыру,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының қызметін
мәжбүрлеп тоқтату
қағидаларына және
мәжбүрлеп таратылатын
банктердің, қызметі
мәжбүрлеп тоқтатылатын
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының тарату
комиссияларының жұмысына
қойылатын талаптарға
4-қосымша

      Нысан

  "Бекітемін"
___________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), қолы)
"__" ________________ жыл

Кредиттік топтама ___________________________________________ (таратылатын банктің атауы)

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/н №

Берген өңір

Субъектінің типі (ЖТ/ЗТ/ДК)

Берілген күні

Аяқталған күні

Кредиттің валютасы

1

2

3

4

5

6













      кестенің жалғасы

Кредиттің типі

% мөлшерлеме

Мерзім кешіктірілген күндер саны

Берешек сомасы (жалпы және бөлу арқылы)

Қамтамасыз етудің болуы, қамтамасыз етудің түру, құны

Сот талқылауы/атқарушылық іс жүргізу

7

8

9

10

11

12













      Тарату комиссиясының төрағасы

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы, телефоны

      Орындаушы_________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы, телефоны

      Күні "____" ____________________ жыл

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2020 жылғы 30 қарашасы
№ 114 Қаулыға
2-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 болып тіркелген, 2006 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 9-10, 219-құж. жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 58 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4654 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 болып тіркелген) 14-тармағы;

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 250 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5073 болып тіркелген);

      5. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 155 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5385 болып тіркелген, 2008 жылғы 31 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде № 197 (1597) жарияланған).

      6. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 2 қарашадағы № 227 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5890 болып тіркелген, 2009 жылғы 22 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде № 193 (1790) жарияланған).

      7. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 6 қарашадағы № 166 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6665 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 357-358 (26418-26419) жарияланған).

      8. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6907 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 179 (26600) жарияланған.

      9. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 134 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7660 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 271-273 (27090-27092) жарияланған.

      10. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 226 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13074 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 наурызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14997 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағы.

      12. "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 325 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18189 болып тіркелген, 2019 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      13. "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 205 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19640 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      14. "Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 24 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20329 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).