ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2021 № 48 (01.10.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес банк қызметінің жекелеген көрсеткіштері туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес шетел валютасымен биржадан тыс операциялар туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес банктің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес өзге сыныпталатын активтер мен ірі дебиторлар туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшамен операциялар туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес резидент-клиенттердің шоттары мен салымдары бойынша есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
14) тармақша 01.12.2023 дейін қолданылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 қаулысымен.14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі және сыйақы мөлшерлемелері бойынша есептің нысаны;
15)
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
15) тармақша 01.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (мәтін алып тасталды) қаулысымен.16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғаларының мониторингі туралы есептің нысаны;
17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес банктің басшы қызметкерлеріне төленген кіріс туралы есептің нысаны;
18) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес банк, банк клиенттері, банктің өнімдері мен көрсететін қызметтері, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз операциялар, банк клиенттерінің сыртқы экономикалық келісімшарттары және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы есептің нысаны;
19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес талаптар мен міндеттемелерді орындау кестелеріне сәйкес әкету және әкелу туралы есептің нысаны;
20) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта мыналарды:
1) осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген есепті – есепті күннен кейінгі үш жұмыс күннен кешіктірмей күн сайын ұсынады, оған мыналар:
есепті күннен кейінгі төрт жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылатын айдың бірінші, екінші және соңғы жұмыс күндері үшін есептер;
аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынылатын жылдың соңғы жұмыс күні (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке алғанда) үшін қосымша есеп (оның ішінде банкішілік операциялар бойынша айналымдар болмаған кезде) қосылмайды;
2) осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын ұсынады.
Жылдың соңғы жұмыс күні (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке алғанда) үшін қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынылады;
3) осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген есепті – есепті күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, күн сайын;
4) осы қаулының 1-тармағының 5), 6), 7) және 19) тармақшаларында көзделген есептерді есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
5) осы қаулының 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген есепті:
өзге де сыныпталатын активтер туралы мәліметтер бөлігінде – аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынылатын желтоқсан айы (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке алғанда) үшін өзге сыныпталатын активтер туралы қосымша есепті (банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) қоспағанда, есепті айдан кейінгі айдың он бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
ірі дебиторлар туралы мәліметтер бөлігінде – есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
6) осы қаулының 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген есепті – есепті айдан кейінгі айдың он бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
7) осы қаулының 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген есепті:
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізілімі бөлігінде – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы мәліметтер және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы қосымша мәліметтер бөлігінде – есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
8) осы қаулының 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген есепті –есепті айдан кейінгі айдың отызыншы күнінен кешіктірмей, ай сайын;
9) осы қаулының 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген есепті –есепті айдан кейінгі айдың сегізінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
10) осы қаулының 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген есепті –есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, ай сайын;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
11) тармақша 01.12.2023 дейін қолданылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 қаулысымен.11) осы қаулының 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген есепті –есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
12)
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
12) тармақша 01.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (мәтін алып тасталды) қаулысымен.13) осы қаулының 1-тармағының 16) тармақшасында көзделген есепті –есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызыншы күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
14) осы қаулының 1-тармағының 17) тармақшасында көзделген есепті –қаржы жылының аяқталуы бойынша күнтізбелік отыз алты күннен кешіктірмей, жыл сайын;
15) осы қаулының 1-тармағының 18) тармақшасында көзделген есепті – қаржы жылының аяқталуы бойынша күнтізбелік отыз алты күннен кешіктірілмей, жыл сайын ұсынады.
Екінші деңгейдегі банктер осы қаулының 1-тармағының 5), 6), 7), 9), 12) және 15) тармақшаларында көзделген желтоқсан айы (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке алғанда) үшін қосымша есептерді (есепті айда банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды кіріс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 137 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17313 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Е. Досаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
2020 жылғы "___" ____________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
2020 жылғы "___" ____________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 1-қосымша |
Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Екінші деңгейдегі банктердің есептілігінде мыналар қамтылады:
1) баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп;
2) банк қызметінің жекелеген көрсеткіштері туралы есеп;
3) шетел валютасымен биржадан тыс операциялар туралы есеп;
4) банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есеп;
5) бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп;
6) банктің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп;
7) өзге сыныпталатын активтер мен ірі дебиторлар туралы есеп;
8) берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп;
9) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп;
10) қолма-қол ақшамен операциялар туралы есеп;
11) резидент-клиенттердің шоттары мен салымдары бойынша есеп;
12) тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп;
13) жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі және сыйақы мөлшерлемелері бойынша есеп;
14) жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі және сыйақы мөлшерлемелері (оның ішінде сыйақының ең жоғарғы мөлшерлемесі) бойынша есеп;
15) зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғаларының мониторингі туралы есеп;
16) банктің басшы қызметкерлеріне төленген кіріс туралы есеп;
17) банк, банк клиенттері, банктің өнімдері мен көрсететін қызметтері, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз операциялар, банк клиенттерінің сыртқы экономикалық келісімшарттары және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы есеп;
18) талаптар мен міндеттемелерді орындау кестелеріне сәйкес әкету және әкелу туралы есеп.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 2-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 700-N(D)
Кезеңділігі: күнделікті
Есепті кезең: 20__ жылғы "___"________________ үшін
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімдері:
есепті күннен кейінгі төрт жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылатын айдың бірінші, екінші және соңғы жұмыс күндері үшін есептерді қоспағанда, есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей, күн сайын
жылдың соңғы жұмыс күні үшін қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылдың отыз бірінші қаңтарынан кешіктірілмей (оның ішінде банкішілік операциялар бойынша айналымдар болмаған кезде) ұсынылады
Нысан |
Кесте. Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп
№ | Көрсеткіштер атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Шот нөмірі | |
2 | Резиденттік белгісі | |
3 | Экономика секторының коды | |
4 | Валюталар тобының коды | |
5 | Сомасы |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны _____________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп (индексі - 700-N(D), кезеңділігі - күн сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысан күн сайын жасалады, есепті күнінің соңындағы жағдай бойынша толтырылады.
Қосымша есеп жыл сайын (оның ішінде банкішілік операциялар бойынша айналымдар болмаған кезде) нысан бойынша жасалады, банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдар ескеріле отырып, жылдың соңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша толтырылады.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
5. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
6. Нысан мен осы түсіндірмедегі шоттардың нөмірлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына (бұдан әрі – Банктер шоттарының үлгі жоспары) сәйкес көрсетіледі.
7. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
8. Нысанда екінші деңгейдегі банктің баланстық (активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, кіріс, шығыс) және баланстан тыс (шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер, балансқа меморандумның шоттары) шоттарындағы қалдықтар туралы мәліметтер көрсетіледі.
9. Нысанда мерзімдер бойынша активтер мен міндеттемелердің мынадай сыныптамасы қабылданды:
қысқа мерзімді – бір жылға дейін қоса алғанда;
ұзақ мерзімді – бір жылдан астам.
10. 1, 2, 3 және 4-жолдарда мәндер кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
11. 2, 3 және 4-жолдарда резиденттік белгісіне, экономика секторына және валюталар тобына сәйкес келетін кодтар осы түсіндірменің 18, 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес ерекшеліктерді ескере отырып, осындай нақтылау қолданылатын шоттар үшін көрсетіледі.
12. 1-жолда Банктер шоттарының үлгі жоспарына сәйкес келетін шоттың төрт таңбалы нөмірі көрсетіледі.
13. 2-жолда мынадай кодтарға сәйкес резиденттік белгісі көрсетіледі:
"1" коды - Қазақстан Республикасының резиденті;
"2" коды - Қазақстан Республикасының бейрезиденті.
14. 3-жолда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау қағидаларына сәйкес экономика секторының коды көрсетіледі.
15. 4-жолда мынадай кодтарға сәйкес валюталар тобының коды көрсетіледі:
"1" коды – қазақстандық теңге, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (бұдан әрі – теңге);
"2" коды – еркін айырбасталатын валюта;
"3" коды – валюталардың басқа түрлері.
16. 2 және 3-жолдарда:
активтер бойынша резиденттік белгісі және дебитордың (эмитенттің) экономика секторының коды, міндеттемелер бойынша – резиденттік белгісі және кредитордың экономика секторының коды көрсетіледі;
1405, 1406, 1425, 1752 және 1864 шоттары үшін резиденттік белгісі және вексель берушінің экономика секторының коды көрсетіледі;
1201, 1202, 1205, 1206, 1208, 1209, 1452, 1453, 1454, 1456, 1457, 1459, 1481, 1482, 1483, 1485, 1486, 1491, 1492, 1494, 1495, 1744, 1745, 1746, 1750 және 1757 шоттары үшін резиденттік белгісі және экономика секторының коды көрсетіледі Эмитент;
2301, 2303, 2306, 2401, 2402, 2405 және 2406 шоттар үшін бағалы қағазды ұстаушының резиденттік белгісі және экономика секторының коды, бағалы қағазды ұстаушыны анықтау мүмкіндігі болмаған кезде – резиденттік белгісі және бағалы қағаздың номиналды ұстаушысының (сенімгерлік меншік иесінің) экономика секторының коды көрсетіледі.
17. 3-жолда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда немесе Ұлттық пошта операторында орналастырылған және 1250-топтың "Басқа банктерде орналастырылған салымдар" шоттарында көрсетілген салымдар бойынша экономика секторының "5" коды көрсетіледі.
18. 1007, 1009, 1603 және 1604 шоттары үшін:
2-жолда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған бағалы металдардан және ұлттық валютадағы коллекциялық монеталардан жасалған монеталар үшін "1" коды, бағалы металдардан жасалған монеталар мен Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттерінің коллекциялық монеталары үшін – "2" коды көрсетіледі;
3 және 4-жолдарда көрсеткіштер толтырылмайды.
19. 3-жолда көрсеткіш 1811, 1812, 1813, 1814, 1815, 1816, 1817, 1818, 1819, 1820, 1821, 1822, 1823, 1824, 1825, 1826, 1827, 1831, 1832, 1833, 1834, 1835, 1836, 1837, 1838, 1839, 1840, 1841, 1842, 1843, 1844, 1845, 1871, 1880, 2811, 2812, 2813, 2814, 2815, 2816, 2817, 2818, 2819, 2820, 2831, 2832, 2833, 2834, 2835, 2836, 2838, 2839, 2871, 2874, 2880, 3561, 3562, 3563 және 3564 шоттар бойынша ұсынылмайды.
20. 4-жолда көрсеткіш 1013, 1727, 2016, 2126, 2212, 2216, 2708 және 2717 шоттар бойынша ұсынылмайды.
21. 2, 3 және 4-жолдарда көрсеткіштер 1011, 1012, 1601, 1602, 1610, 1651, 1652, 1653, 1654, 1655, 1656, 1657, 1658, 1659, 1660, 1661, 1662, 1691, 1692, 1693, 1694, 1695, 1696, 1697, 1698, 1699, 1854, 1857, 1858, 1859, 1873, 1874, 2854, 2857, 2858, 2859, 2861, 2872, 2873, 3001, 3003, 3025, 3027, 3101, 3200, 3400, 3510, 3540, 3580, 3589 және 3599 шоттар, 4 (төртінші) шоттарға, Үлгілік Шоттар жоспарының 5 (бесінші), 6 (алтыншы) және 7 (жетінші) сыныптары бойынша ұсынылмайды.
22. 5-жолда теңгедегі сома үтірден кейін екі белгісі бар сан форматында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 3-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылған
Банк қызметінің жекелеген көрсеткіштері туралы есеп
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: ADD
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "___"________________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімдері:
есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын
жылдың соңғы жұмыс күні үшін қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылдың отыз бірінші қаңтарынан кешіктірілмей (банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) ұсынылады
Нысан |
Кесте. Банк қызметінің жекелеген көрсеткіштері туралы есеп
№ | Көрсеткіштер атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Банк қызметі көрсеткішінің коды | |
2 | Сомасы | |
3 | Есепті күн |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны _____________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Банк қызметінің жекелеген көрсеткіштері туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Банк қызметінің жекелеген көрсеткіштері туралы есеп (индексі - ADD, кезеңділігі - ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Банк қызметінің жекелеген көрсеткіштері туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер есепті айдың әрбір жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша жасайды және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Қосымша есеп жыл сайын (банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) нысан бойынша жасалады, банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдар ескеріле отырып, жылдың соңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша толтырылады.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
5. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
6. Нысан мен осы түсіндірмедегі шоттардың нөмірлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) сәйкес көрсетіледі.
7. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
8. Нысанда осы қаулыда көзделген есептердің басқа нысандарына енгізілмеген екінші деңгейдегі банк қызметінің жекелеген көрсеткіштері бойынша мәліметтер көрсетіледі.
9. 1-жолда мән "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесінде жасалған және орналастырылған анықтамалықтан таңдалады.
10. 8713 және 8714-кодтар бойынша деректерді "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген қызметті жүзеге асыратын ислам банктері ғана көрсетеді. 8713 және 8714-кодтар бойынша күн (кезең) соңындағы сома Үлгі шот жоспарының 1426 "Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиентке қойылатын талаптар" және 1427 "Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек" баланстық шоттары бойынша қалдықтар сомасына сәйкес келеді.
11. 8713, 8714, 8721, 8722, 8723, 8724, 8725, 8726, 8727, 8728, 8729, 8730, 8731, 8732, 8733, 8734, 8735, 8736, 8737, 8738, 8739, 8740, 8741, 8742, 8743 және 8744-кодтар бойынша деректер есепті айдың соңғы жұмыс күні үшін ғана, басқа кодтар бойынша - есепті айдың әрбір жұмыс күні үшін көрсетіледі.
12. 8715, 8716, 8717, 8718, 8719, 8720, 8732, 8733, 8734 және 8735-кодтар бойынша деректер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18186 болып тіркелген "Банктің және банк конгломератының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 317 қаулысымен бекітілген Банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы үшін қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесіне сәйкес қалыптастырылады.
13. 8715 және 8716-кодтарына Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, жергілікті атқарушы органдар және акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қамтиды.
14. 8717-код бойынша көрсетілген акционерлік қоғамдардың еншілес ұйымдары шығарған бағалы қағаздарды есепке алусыз, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы шығарған ауыртпалық салынбаған бағалы қағаздар көрсетіледі.
15. 8715, 8716 және 8717-кодтар бойынша екінші деңгейдегі банк кері сатып алу талабымен сатқан немесе кепілге берілген немесе өзге де түрде ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды шегергенде, бағалы қағаздардың баланстық құны (есептелген сыйақыны, оң (теріс) түзетулерді, дисконттар мен сыйақыларды есепке ала отырып, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) шегергендегі номиналды құны) көрсетіледі. Бұл ретте басқа жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша шығындарға арналған бағалау резерві қаржы активінің баланстық құнын төмендетпеуге тиіс.
8716 және 8717-кодтар бойынша қалдықтар үлгі шот жоспарының 3562 шотында көрсетілген, әділ құны бойынша басқа жиынтық кіріс арқылы ескерілетін бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік залалдарға арналған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алмағанда осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есепте көрсетілген Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергілікті атқарушы органдар шығарған Қазақстан Республикасының ауыртпалық салынбаған мемлекеттік бағалы қағаздарының құнына, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздардың құнына сәйкес келеді.
16. 8718 және 8719-кодтар бойынша сомаларда: бір күндік своп бойынша - жасалған күнгі талаптар (міндеттемелер), екі күндік своп бойынша - жасалған күнгі және своп жасалған күннен кейінгі келесі күнгі талаптар (міндеттемелер) қамтылады.
17. 8721, 8722, 8723, 8726 және 8727-кодтар бойынша баланстық және баланстан тыс шоттарда ескерілетін сомалар көрсетіледі.
18. 8728 және 8731-кодтар бойынша есепті күнгі жағдай бойынша қалыптастырылған резервтердің (провизиялардың) сомасы көрсетіледі.
19. 8729 және 8730-кодтар бойынша Банктердің үлгі шоттарының жоспарына сәйкес 1400 "Клиенттерге қойылатын талаптар" және 1700 "Сыйақы алуға байланысты есептелген кірістер" шоттарының топтары бойынша ескерілетін сомалар көрсетіледі.
20. 8732-код бойынша олар бойынша құрылған резервтерді шегергенде таза сыныпталған қарыздар (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері репо" операциялары) бойынша сома көрсетіледі.
Таза сыныпталған қарыздар деп бухгалтерлік есептің деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан астам деңгейде резервтер қалыптастырылған қарыздардың баланстық құны (дисконттарды (сыйақыларды), оң (теріс) түзетулерді, есептелген сыйақыны және олар бойынша құрылған резервтерді ескере отырып, негізгі борыш) түсініледі.
21. 8733-код бойынша олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есепке алмағанда, сыныпталған қарыздар (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және кері репо операциялары) бойынша сома көрсетіледі.
Сыныпталған қарыздар деп бухгалтерлік есептің деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан астам деңгейде резервтер қалыптастырылған қарыздар бойынша негізгі борыш сомасы түсініледі.
22. 8735-код бойынша ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есепке алмағанда, сыныпталған дебиторлық берешек бойынша сома көрсетіледі.
Сыныпталған дебиторлық берешек деп бухгалтерлік есептің деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан астам деңгейде резервтер қалыптастырылған дебиторлық берешек түсініледі. Сыныпталған дебиторлық берешектің есебіне негізгі борыштың сомасы қосылады.
23. 8736-код бойынша толық жұмыс күні жұмыспен қамтылған қызметкерлердің саны көрсетіледі (ішінара жұмыспен қамтылған екі қызметкер толық жұмыс күні жұмыспен қамтылған бір қызметкер ретінде есептеледі).
24. 8741 және 8742-кодтар бойынша "Қаржы құралдары" 9 (International Financial Reporting Standards – IFRS) халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес тиісінше сатып алынған немесе құрылған кредиттік-құнсызданған қаржы активтері бойынша (бастапқы тану кезінде кредиттік құнсыздану болған сатып алынған немесе құрылған қаржы активтері бойынша) негізгі борыштың және (немесе) есептелген сыйақының сомасы көрсетіледі.
25. 8743-код бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ немесе кемінде 30 (отыз) күнді құрайтын 1 (бір) жылға дейінгі қоса алғанда өтеуге дейінгі мерзімі бар активтердің сомасы мыналарды қоса алғанда көрсетіледі:
заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар (резервтерді (провизияларды) шегергенде);
банктерге қойылатын талаптар (резервтерді (провизияларды) шегергенде);
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар;
бағалы қағаздар (резервтерді (провизияларды) шегергенде);
кері репо операциялары (резервтерді (провизияларды) шегергенде);
реттелген борыш (резервтерді (провизияларды) шегергенде);
өзге қаржы активтері.
Өзге қаржы активтеріне Үлгі шот жоспарының мына шоттарында көрсетілген сомалар жатады:
1753 "Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кіріс";
1855 "Құжаттамалық есеп айырысулар бойынша дебиторлар";
1860 "Банк қызметі бойынша басқа да дебиторлар";
1861 "Кепілдіктер бойынша дебиторлар";
1864 "Акцептелген вексельдер үшін клиентке қойылатын талаптар";
1877 "Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар)";
1879 "Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)";
1890 "Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар мен дилинг операциялары бойынша талаптар" шоттар тобы.
Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ немесе кемінде 30 (отыз) күнді құрайтын активтердің барлығы өтелгенге дейінгі түпкілікті мерзім бойынша бөлінеді (өзге қаржы активтерін қосқанда).
Активтердің сомасы есептелген сыйақыны, оң (теріс) түзетулерді, дисконттар мен сыйақыларды ескере отырып, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) шегергенде көрсетіледі.
26. 8744-код бойынша 1 (бір) жылға дейінгі өтелгенге дейінгі мерзімі бар міндеттемелер мыналарды қоса алғанда көрсетіледі:
клиенттердің салымдары;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-клиенттерінің салымдары;
банктер алдындағы міндеттемелер;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдындағы міндеттемелер;
айналысқа шығарылған бағалы қағаздар;
халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар;
Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарынан алынған қарыздар;
репо операциялары;
реттелген борыш;
арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары;
өзге қаржы міндеттемелері.
Өзге қаржы міндеттемелеріне Үлгі шот жоспарының мына шоттарында көрсетілген сомалар жатады:
2451 "Мерзімсіз қаржы құралдары";
2727 "Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар";
2757 "Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстар";
2855 "Құжаттамалық есеп айырысулар бойынша кредиторлар";
2860 "Банк қызметі бойынша басқа да кредиторлар";
2864 "Акцептер бойынша міндеттемелер";
2890 "Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар мен дилинг операциялары бойынша міндеттемелер" шоттар тобы.
Барлық міндеттемелер өтелгенге дейінгі түпкілікті мерзім бойынша бөлінеді (өзге қаржы міндеттемелерін қосқанда).
Міндеттемелер сомасы есептелген шығыстар, оң (теріс) түзетулер, дисконттар мен сыйлықақылар ескеріле отырып көрсетіледі.
27. 8743 және 8744-кодтар бойынша тиісінше Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері бойынша активтер мен міндеттемелердің теңгедегі және шетел валютасындағы сомасы көрсетіледі.
8743 және 8744-кодтар бойынша сомалар талап етілгенге дейінгі активтер мен міндеттемелерді қамтиды.
28. Деректер болмаған кезде тиісті жолдардың көрсеткіштері ұсынылмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 4-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Шетел валютасымен биржадан тыс операциялар туралы есеп
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: OTC
Кезеңділігі: күн сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "___"________________ үшін
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімі: күн сайын, есепті күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей
Нысан |
Кесте. Шетел валютасымен биржадан тыс операциялар туралы есеп
№ | Көрсеткіштер атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Контрагент туралы мәліметтер: | |
1.1 | Атауы | |
1.2 | сәйкестендіргіш түрі | |
1.3 | сәйкестендіру нөмірі | |
1.4 | резиденттік белгісі | |
2 | Мәміле туралы мәліметтер: | |
2.1 | мәміле түрі | |
2.2 | есептеу нысаны | |
2.3 | мәміле мақсаты | |
2.4 | мәмілені жасау күні мен уақыты | |
2.5 | мәмілені валюталау күні | |
3 | Сатып алу: | |
3.1. | валюта коды | |
3.2. | мәміле сомасы | |
4 | Сату: | |
4.1 | валюта коды | |
4.2 | мәміле сомасы | |
5 | Есепті күн |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Шетел валютасымен биржадан тыс операциялар туралы есептің нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Шетел валютасымен биржадан тыс операциялар туралы есеп (индексі – OTC, кезеңділігі – күн сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Шетел валютасымен биржадан тыс операциялар туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды шетел валютасын сатып алу (сату) бойынша биржадан тыс мәмілелерді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк күн сайын жасайды. Нысандағы деректер мәміле валютасының бірліктерінде толтырылады.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
5. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
6. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
7. Нысанда есеп беретін банк мәміле жасаған сәттен бастап T (мәміле жасалған күні) немесе Т+n (мәміле жасалғаннан кейін, мұндағы n-мәміле жасалған күн мен есеп айырысу күні арасындағы күндер саны) есеп айырысу күні бар қолма-қол және қолма-қол емес нысандағы биржадан тыс мәмілелер бойынша, ұлттық валютамен немесе басқа шетел валютасымен валюталық жұптар бойынша деректер көрсетіледі.
Биржадан тыс мәмілелер бойынша деректер Қазақстан Республикасының басқа резидент банктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарымен жасалған шетел валютасын сатып алу немесе сату жөніндегі мәмілелерді қамтиды. Деректерге валютаның бір түрі бойынша қолма-қол ақшасыз өтімділікті қолма-қол өтімділікке айырбастау жөніндегі мәмілелер кірмейді.
8. 1.2, 1.4, 2.1, 2.2, 2.3, 3.1 және 4.1-жолдарда мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
9. Бір шетел валютасын басқа шетел валютасына немесе ұлттық валютаға сатып алу немесе сату бойынша операция Нысанда бірыңғай операция ретінде көрсетіледі.
Своп операциялары бойынша мәміленің екі бөлігі бойынша деректер жеке көрсетіледі.
10. 1.1-жолда банк жүргізетін контрагенттердің анықтамалығына сәйкес контрагенттің атауы көрсетіледі.
Контрагенттерді сәйкестендіру үшін 1.2 және 1.3-жолдарда сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері және олардың мәндері көрсетіледі:
Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері бойынша – Халықаралық ұйымның 9362 "Банк ісі. Банктік телекоммуникациялық хабарламалар. Банктердің сәйкестендіру кодтары" стандарттау бойынша халықаралық стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды, ол болмаған кезде – бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру коды және бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесі үшін белгіленген алгоритм бойынша банк беретін балама сәйкестендіру нөмірі.
1.4-жолда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын контрагент бойынша "1" мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын контрагент бойынша "2" мәні көрсетіледі.
11. 2.1-жолда мәміле түрі көрсетіледі, 2.2-жолда мәміле бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру нысаны: қолма-қол нысанда, қолма-қол ақшасыз нысанда, базалық активті жеткізумен немесе жеткізбестен, 2.3-жолда – мәміле мақсаты көрсетіледі.
2.5-жолда мәмілені валюталау күні (есептеу күні) көрсетіледі. Сплит мәмілесі бойынша осы жолда мәмілені валюталандырудың соңғы күні көрсетіледі.
12. 3.1 және 4.1-жолдарда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды ұсынуға арналған кодтар" Қазақстан Республикасының Ұлттық сыныптауышына сәйкес сатып алу немесе сату валюталарының кодтары көрсетіледі.
3.2 және 4.2-жолдарда валютаны сатып алу немесе сату бойынша мәміленің сомасы үтірден кейін екі белгімен сатып алу немесе сату валютасының бірлігінде көрсетіледі.
13. 5-жол банктің шетел валютасымен биржадан тыс операциялары туралы мәліметтер берілетін күнді көрсетуге арналған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 5-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есеп
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: INTERBNK
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "___"________________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімдері:
есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын
желтоқсан айы үшін қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылдың отыз бірінші қаңтарынан кешіктірілмей (банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) ұсынылады
Нысан |
Кесте. Банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есеп
№ | Көрсеткіштер атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Контрагент туралы мәліметтер: | |
1.1 | атауы | |
1.2 | сәйкестендіргіш түрі | |
1.3 | сәйкестендіргіш | |
1.4 | экономика секторының коды | |
1.5 | резиденттік белгісі | |
1.6 | тіркелген елі | |
2 | Мәміленің референсі (коды) | |
3 | Активтің, міндеттеменің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің түрі | |
4 | Валюта коды | |
5 | Мәміле жасалған күн | |
6 | Талаптарды, міндеттемелерді орындау күні | |
7 | Салымдар және тартылған қарыздар бойынша айналымдар: | |
7.1 | есепті кезеңде тартылған (орналастырылған) қаражат, валюта бірлігінде | |
7.2 | есепті кезеңде тартылған (орналастырылған) қаражат, теңгедегі баламасы | |
8 | Сыйақы мөлшерлемесі | |
9 | Активтің, міндеттеменің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің құндық көрсеткіштері: | |
9.1 | құндық көрсеткіштің түрі | |
9.2 | шот нөмірі | |
9.3 | сомасы | |
10 | Кредиттік тәуекел сатысы |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Банкаралық активтер мен міндеттемелер бойынша есептің нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есеп (индексі – INTERBNK, кезеңділігі – ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Берілген қарыздарды, "кері репо" операцияларын, болашақта берілетін қарыздар, шығарылған және расталған кепілдіктер мен аккредитивтер бойынша шартты және ықтимал талаптарды қоспағанда, олар бойынша мәліметтер Нысан бойынша ұсынылатын банкаралық активтер банктің резидент қаржы ұйымдарына және бейрезидент қаржы ұйымдарына қатысты активтері, шартты және ықтимал талаптарын қамтиды.
Олар бойынша мәліметтер Нысан бойынша ұсынылатын банкаралық міндеттемелер болашақта берілетін қарыздар, шығарылған және расталған кепілдіктер мен аккредитивтер бойынша шартты және ықтимал міндеттемелерді қоспағанда, банктің резидент-қаржы ұйымдары және бейрезидент-қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелері, шартты және ықтимал міндеттемелерін қамтиды.
4. Нысанды екінші деңгейдегі банктер ай сайын есепті айдың соңындағы жағдай бойынша банкаралық активтер мен банкаралық міндеттемелердің құндық көрсеткіштері үшін және салымдар мен қарыздарды тарту (орналастыру) операциялары бойынша есепті айдағы сомада жасайды.
Банкаралық активтер мен міндеттемелердің құндық көрсеткіштері үшін өлшем бірлігі теңге болып табылады. Банкаралық активтер немесе міндеттемелер бойынша есепті айдағы айналым үшін көрсеткіштер тиісті валюта бірліктерімен және ұлттық валютадағы баламаны көрсету үшін теңгемен өлшенеді. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.
5. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
6. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
7. Нысан мен осы түсініктемедегі шоттардың нөмірлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) сәйкес көрсетіледі.
8. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
9. Нысанда мынадай контрагенттер бойынша банкаралық активтер және банкаралық міндеттемелер бойынша мәліметтер көрсетіледі:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және Қазақстанның Даму Банкін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының резидент-банктері;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері;
банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымдары;
банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымдары.
10. 1.2, 1.4, 1.5, 1.6, 3, 4, 9.1, 9.2 және 10-жолдарда мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
11. Нысан бойынша мәліметтер есепті күнге талаптары және (немесе) міндеттемелері бар және (немесе) есепті кезең ішінде операциялар жүргізілген әрбір контрагент бойынша толтырылады.
Нысанға банкішілік операциялар бойынша мәліметтер енгізілмейді.
Банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымдары болып табылатын банктің контрагенттері бойынша Үлгі шот жоспарына сәйкес 1052, 1054, 1259, 1264 және 1267 баланстық шоттардағы қалдықтар бойынша ғана мәліметтер ашылады.
12. 1.1-жолда екінші деңгейдегі банк жүргізетін контрагенттердің анықтамалығына сәйкес контрагенттің атауы көрсетіледі.
Контрагенттерді сәйкестендіру үшін 1.2 және 1.3-жолдарда сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері және олардың мәндері көрсетіледі:
Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері бойынша – Халықаралық ұйымның 9362 "Банк ісі. Банктік телекоммуникациялық хабарламалар. Банктердің сәйкестендіру кодтары" стандарттау бойынша халықаралық стандарттарына сәйкес банктің контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды.
13. 1.4-жолда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес контрагенттің экономика секторының коды – "3", "4" немесе "5" көрсетіледі
1.5-жолда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын контрагент бойынша "1" мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын контрагент бойынша "2" мәні көрсетіледі.
1.6-жолда контрагенттің тіркелген (инкорпорация) елінің коды көрсетіледі.
14. 2-жолда екінші деңгейдегі банктің ақпараттық жүйесінде осы мәміленің бірегей сәйкестендіргіші болып қызмет ететін мәміленің референсі (коды) көрсетіледі.
15. 4-жолда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды ұсынуға арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес мәміле бойынша есеп айырысу валюталарының кодтары көрсетіледі.
16. 5 және 6-жолдарда мәміленің жасалған күні, шарт талаптары бойынша мәміле бойынша талаптардың (міндеттемелердің) орындалған күні көрсетіледі.
17. 7.1-жолда есепті кезең ішінде алынған қарыздар мен 1 (бір) жылға дейінгі (қоса алғанда) мерзімге орналастырылған (тартылған) салымдардың сомасы ұлттық және шетел валютасымен көрсетіледі. 7.2-жолда теңгемен қайта есептегендегі осы соманың баламасы көрсетіледі.
Қарыз сомасы алынған немесе бұрын Нысанда көрсетілген салымдар сомасы орналастырылған (тартылған) шарттар ұзартылған кезде, ұзартылған шарттар бойынша сома келесі есепті күндерге Нысанда көрсетілмейді.
7.1 және 7.2-жолдардың мақсаттары үшін бұрын алынған қарыздар және орналастырылған (тартылған) салымдар бойынша есептелген сыйақыны капиталдандыру сомасы есепке алынбайды.
7.1 және 7.2-жолдардың мақсаттары үшін ағымдағы және корреспонденттік шоттарда орналастырылған (тартылған) сома, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер ескерілмейді.
7.1 және 7.2-жолдарда деректер болмаған кезде көрсеткіштер ұсынылмайды.
18. 8-жолда 7.1 және 7.2-жолдарда көрсетілген есепті кезең ішінде алынған қарыздар, орналастырылған (тартылған) салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі (шарт бойынша) көрсетіледі.
Көрсеткіш бойынша үтірден кейін екі таңбамен пайыздық мәндегі мән көрсетіледі.
7.1 және 7.2-жолдар бойынша деректер болмаған кезде 8-жолдағы көрсеткіш ұсынылмайды.
19. 9.2. және 9.3-жолдарда Үлгі шот жоспарына сәйкес шоттардың нөмірлері және есепті күнгі жағдай бойынша осы мәміле бойынша банкаралық активтердің, міндеттемелердің сомасы ескерілетін барлық шоттар үшін оларға сәйкес құндық мәндер көрсетіледі. Егер құндық мән нөлге тең болса, 9.1, 9.2, 9.3 және 10-жолдар бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.
20. 10-жолда 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сәйкес есепті күнгі жағдай бойынша активтер, міндеттемелер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер жатқызылған (кредиттік) тәуекелдің сатысы көрсетіледі.
10-жолдағы көрсеткіш 9 "Қаржы құралдары" Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және Банктің провизияларын (резервтерін) есептеудің ішкі әдістемесіне сәйкес құнсыздануға қатысты талаптар қолданылмайтын активтер мен шартты міндеттемелер бойынша толтырылмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 6-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: PORTF
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ________________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімдері:
есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын
желтоқсан айы үшін қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылдың отыз бірінші қаңтарынан кешіктірілмей (банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) ұсынылады
Нысан |
1-кесте. Бағалы қағаздар портфеліне кіретін бағалы қағаздар бойынша транзакциялар туралы мәліметтер
№ | Көрсеткіштер атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Бағалы қағаздың сәйкестендіру коды | |
2 | Референс транзакциялар | |
3 | Операция түрі | |
4 | Бұрын кепіл ретінде қабылданған және банктің меншігіне өткен бағалы қағаздарға сәйкестік белгісі | |
5 | Транзакция күні | |
6 | Бағалы қағаздар саны | |
7 | Бағалы қағаздың сатып алу құны | |
8 | Сатып алу күніндегі бағалы қағаздың рейтингі |
2-кесте. Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы мәліметтер
№ | Көрсеткіштер атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Бағалы қағаздың сәйкестендіру коды | |
2 | Бағалы қағаздар есепке алынатын портфельдің түрі | |
3 | Портфельдегі бағалы қағаздардың саны | |
4 | Портфельдегі бағалы қағаздың құндық көрсеткіштері: | |
4.1 | құндық көрсеткіштің түрі | |
4.2 | шот нөмірі | |
4.3 | сомасы | |
5 | Репо операциясының мәні болып табылатын ауыртпалықтағы бағалы қағаздар және бағалы қағаздар: | |
5.1 | бағалы қағаздар саны | |
5.2 | баланстық құны | |
6 | Репо операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар: | |
6.1 | бағалы қағаздар саны | |
6.2 | баланстық құны | |
7 | Эмитенттің есепті күнгі рейтингі | |
8 | Есепті күнге бағалы қағаздың рейтингі | |
9 | Кредиттік тәуекел сатысы | |
10 | Есепті күн |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есептің нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп (индексі – PORTF, кезеңділігі – ай сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер ай сайын есепті айдың соңындағы жағдай бойынша жасайды.
Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі теңге болып табылады. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
5. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
6. Нысан мен осы түсініктемедегі шоттардың нөмірлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) сәйкес көрсетіледі.
7. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
8. Нысанда еншілес және қауымдасқан ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдарға қатысу үлестеріне) салымдарды және заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына өзге де қатысуды қоспағанда, банктің борыштық және үлестік бағалы қағаздарға салымдары туралы мәліметтер көрсетіледі, олар бойынша мәліметтер осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес банктің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп нысанында көрсетіледі.
9. 1-кестенің 1, 3, 4 және 8-жолдарында және 2-кестенің 1, 2, 4.1, 4.2, 7, 8 және 9-жолдарында мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
10. Нысанның 1-кестесі есепті айда бағалы қағаздармен жүргізілген әрбір транзакция бойынша жеке толтырылады.
Нысанның 2-кестесі есепті айдың соңында банк портфеліндегі әрбір бағалы қағаз бойынша жеке толтырылады.
11. 1-кестенің және 2-кестенің 1-жолдарында бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN коды) - орталық депозитарий бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына оларды сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында беретін әріптік-цифрлық код көрсетіледі. Бағалы қағаздар мен эмитенттердің анықтамалықтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) екінші деңгейдегі банктер ұсынатын мәліметтер негізінде жүргізеді.
12. 1-кестенің 2-жолында есеп беретін банктің ақпараттық жүйесінде транзакцияның бірегей сәйкестендіргіші ретінде қызмет ететін транзакция референсі (коды) көрсетіледі.
13. 1-кестенің 3-жолында Ұлттық Банк жүргізетін сәйкес операциялардың түрлері көрсетіледі.
14. 1-кестенің 4-жолында бұрын кепіл ретінде қабылданған және банктің меншігіне өткен бағалы қағаздар бойынша "1" мәні, өзге жағдайларда "0" мәні көрсетіледі.
Егер 1-кестенің 3-жолында "01" коды көрсетілсе және 1-кестенің 4-жолында "1" мәні көрсетілсе, онда транзакция күні ретінде 1-кестенің 5-жолында бағалы қағаздардың есептілікті ұсынатын банктің меншігіне өту күні көрсетіледі.
15. 1-кестенің 6-жолында үтірден кейін екі белгімен ондық түрінде ұсынылатын бөлшек санды (жарғылық капиталдарға қатысу құралдары үшін) көрсетуге жол беріледі.
16. 1-кестенің 7-жолында облигациялар бойынша номиналды құны, акциялар бойынша – сатып алу құны көрсетіледі. Құн көрсеткіші теңгемен көрсетіледі (номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар үшін құнының баламасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысының 1-тармағында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында көзделген тәртіппен айқындалған транзакция жасалған күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп көрсетіледі).
17. 1-кестенің 8-жолында және 2-кестенің 7 және 8-жолдарында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына сәйкес рейтингтік агенттіктердің бірі берген рейтинг көрсетіледі.
Бірнеше рейтингтік агенттіктердің рейтингтері болған кезде берілген күні бойынша неғұрлым жаңартылған рейтинг көрсетіледі. Егер рейтингтер берілген күндер сәйкес келсе, ең төменгі рейтинг көрсетіледі. Бір бағалы қағазға, бір эмитентке рейтингтің бір жаңартылған мәнінен артық емес мәні сәйкес келеді.
Рейтингтердің мәндері 1-кестенің 8-жолында және 2-кестенің 7 және 8-жолдарында Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергілікті атқарушы органдар шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша көрсетілмейді.
18. 2-кестенің 2-жолында есепті күнгі жағдай бойынша бағалы қағаздар есепке алынатын портфельдің түрі көрсетіледі.
19. 2-кестенің 4.2 және 4.3-жолдарында осы бағалы қағаз бойынша сома есепке алынатын Банктердің үлгі шот жоспарына сәйкес шоттардың нөмірлері және есепті күндегі оларға сәйкес құндық мәндер көрсетіледі.
Өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша Банктер шоттарының үлгі жоспарына сәйкес 3-сыныпты шоттарда көрсетілген күтілетін кредиттік зияндарға арналған резервтер (провизиялар) де көрсетіледі.
Егер құндық мән нөлге тең болса, 2-кестенің 4.1, 4.2 және 4.3-жолдары бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.
20. 2-кестенің 5.2 және 6.2-жолдарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес (амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша) қалыптастырылған резервтер (провизиялар), оң (теріс) түзетуді (әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша), дисконт (сыйлықақы), есептелген сыйақы құнын қоса алғанда, есепті күнге бағалы қағаздардың баланстық құны көрсетіледі. Бұл ретте басқа жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша шығындарға арналған бағалау резерві қаржы активінің баланстық құнын төмендетпеуге тиіс.
2-кестенің 5.1 және 5.2-жолдарындағы көрсеткіштер, оның ішінде 2-кестенің 6.1 және 6.2-жолдарында көрсетілген көрсеткіштердің мәндерін қамтиды.
21. 2-кестенің 9-жолында 9 "Қаржы құралдары" Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сөйкес есепті күнгі жағдай бойынша бағалы қағаздар жатқызылған кредиттік тәуекелдің сатысы көрсетіледі. 9-жолдағы көрсеткіш 9 "Қаржы құралдары" Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және Банктің провизияларын (резервтерін) есептеудің ішкі әдістемесіне сәйкес құнсыздануға қатысты талаптар қолданылмайтын бағалы қағаздар бойынша толтырылмайды.
22. 2-кестенің 10-жолы бойынша тиісті деректер ұсынылатын күн көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 7-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Банктің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: INVEST
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімдері:
есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын
желтоқсан айы үшін қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылдың отыз бірінші қаңтарынан кешіктірілмей (банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) ұсынылады
Нысан |
Кесте. Бағалы қағаздар портфеліне кіретін бағалы қағаздар бойынша транзакциялар туралы мәліметтер
№ | Көрсеткіштердің атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Мәміле референсі | |
2 | Заңды тұлға туралы мәліметтер: | |
2.1 | Атауы | |
2.2. | идентификатор түрі | |
2.3 | Идентификатор | |
2.4 | қатысу түрі | |
2.5 | резиденттік белгісі | |
2.6 | тіркелген елі | |
2.7 | заңды тұлғаның түрі | |
3 | Сатып алу күніне инвестициялар: | |
3.1 | сатып алу күні | |
3.2 | сатып алу құны | |
3.3 | заңды тұлға капиталындағы үлес салмағы, % | |
4 | Есепті күнге инвестициялар: | |
4.1 | құндық көрсеткіштің түрі | |
4.2 | шот нөмірі | |
4.3 | Сомасы | |
4.4 | акциялар саны (дана) | |
4.5 | заңды тұлға капиталындағы үлес салмағы, % | |
5 | Кредиттік тәуекел сатысы |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Банктің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді толтыру бойынша түсіндірме Банктің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп (индексі - INVEST, кезеңділігі - ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Банктің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер, оның ішінде ислам банктері ай сайын есепті айдың соңындағы жағдай бойынша жасайды.
Нысанның құндық көрсеткіштері үшін өлшем бірлігі теңге болып табылады. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.
4. Нысан мен осы түсіндірмедегі шоттардың нөмірлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) сәйкес көрсетіледі.
5. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
6. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
7. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
8. Нысанда еншілес және қауымдасқан ұйымдардың, және басқа да заңды тұлғалардың капиталына банктің, оның ішінде ислам банкінің инвестицияларының мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.
9. 2.2, 2.4, 2.5, 2.6, 2.7, 4.1, 4.2 және 5-жолдарда мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
10. 1-жолда есеп беруші банктің ақпараттық жүйесінде осы мәміленің бірегей сәйкестендіргіші болып қызмет ететін мәміленің референсі (коды) көрсетіледі.
11. 2.1-жолда есеп беретін банк жүргізетін контрагенттердің анықтамалығына сәйкес капиталына банк қатысатын заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Заңды тұлғаларды сәйкестендіру үшін 2.2 және 2.3-жолдарда сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері және олардың мәндері көрсетіледі:
Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері бойынша – Халықаралық ұйымның 9362 "Банк ісі. Банктік телекоммуникациялық хабарламалар. Банктердің сәйкестендіру кодтары" стандарттау бойынша халықаралық стандартына сәйкес банктің контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды, ол болмаған кезде – бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру коды және бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесі үшін белгіленген алгоритм бойынша есеп беретін банк қалыптастырған балама сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – балама сәйкестендіру нөмірі);
2.5-жолда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға бойынша "1" мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын заңды тұлға бойынша "2" мәні көрсетіледі.
2.6-жолда капиталына есеп беретін банк қатысатын заңды тұлғаның тіркелген (инкорпорация) елі көрсетіледі.
12. 3-жолда инвестицияларды сатып алу күніндегі жағдай бойынша мәліметтер көрсетіледі.
3.1-жолда эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеу күні көрсетіледі. Өзге мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік құқығы туындаған күн (сәт) көрсетіледі.
3.2-жолда сатып алу күніндегі сатып алу құны теңгемен көрсетіледі.
13. 3.3 және 4.5-жолдарда банкке тиесілі акциялар санының эмитенттің орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегергенде) акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе тиісінше сатып алу күніне және есепті күнге заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу пайызындағы үлесі көрсетіледі.
14. 4.2 және 4.3-жолдарда еншілес және қауымдасқан ұйымдардың және басқа да заңды тұлғалардың капиталына банктің, оның ішінде ислам банкінің инвестицияларының сомалары және есепті күнгі оларға сәйкес құндық мәндері ескерілетін Үлгі шот жоспарына сәйкес шоттардың нөмірлері көрсетіледі.
Егер құндық мән нөлге тең болса, 4.1, 4.2 және 4.3-жолдар бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.
15. 4.4-жолда акциялардың саны бірлікпен (данада) көрсетіледі. 4.4-жолда. ондық түрінде ұсынылатын бөлшек санды (жарғылық капиталдарға қатысу құралдары үшін) үтірден кейін екі белгімен көрсетуге жол беріледі.
16. 5-жолда 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сәйкес есепті күндегі жағдай бойынша есеп беретін банк инвестицияларды жатқызған кредиттік тәуекелдің сатысы көрсетіледі.
5-жолдағы көрсеткіш 9 "Қаржы құралдары" Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және Банктің провизияларын (резервтерін) есептеудің ішкі әдістемесіне сәйкес құнсыздануға қатысты талаптар қолданылмайтын активтер мен шартты міндеттемелер бойынша толтырылмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 8-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Өзге сыныпталатын активтер мен ірі дебиторлар туралы есеп
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: DEBTORS
Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ________________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімі:
өзге сыныпталатын активтер туралы мәліметтер бөлігінде – есепті айдан кейінгі айдың он бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын
желтоқсан айындағы өзге сыныпталатын активтер туралы қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылдың отыз бірінші қаңтарынан кешіктірілмей (банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) ұсынылады
ірі дебиторлар туралы мәліметтер бөлігінде – есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын
Нысан |
1-кесте. Өзге сыныпталатын активтер туралы мәліметтер
№ | Көрсеткіштер атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Референс | |
2 | Есепті кезеңнің аяғындағы құны (активтер тобы бойынша сома): | |
2.1 | құндық көрсеткіштің түрі | |
2.2 | шот нөмірі | |
2.3 | сомасы | |
3 | (Кредиттік) тәуекел сатысы |
2-кесте. Ірі дебиторлар туралы мәліметтер
№ | Көрсеткіштер атауы | Мәні |
1 | Референс | |
2 | Дебитор туралы мәліметтер: | |
2.1 | атауы | |
2.2 | идентификатор түрі | |
2.3 | идентификатор | |
2.4 | резиденттік белгісі | |
2.5 | контрагенттің тіркелген елі | |
3 | Дебиторлық берешектің түрі | |
4 | Валюталық белгі | |
5 | Шарт бойынша орындау мерзімі | |
6 | Есепті күнгі көрсеткіштер: | |
6.1 | құндық көрсеткіштің түрі | |
6.2 | шот нөмірі | |
6.3 | есепті кезеңнің аяғындағы қалдық сомасы | |
7 | (Кредиттік) тәуекел сатысы |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Өзге сыныпталатын активтер мен ірі дебиторлар туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Өзге сыныпталатын активтер мен ірі дебиторлар туралы есеп (индексі – DEBTORS, кезеңділігі – ай сайын, тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Өзге сыныпталатын активтер мен ірі дебиторлар туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Екінші деңгейдегі банктер Нысанды ай сайын (өзге сыныпталатын активтер туралы есеп көрсеткіштері), тоқсан сайын (ірі дебиторлар туралы есеп көрсеткіштері) есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды.
Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі теңге болып табылады. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
5. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
6. Нысан мен осы түсіндірмедегі шоттардың нөмірлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) сәйкес көрсетіледі.
7. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
8. Нысанда ірі дебиторлар туралы мәліметтер және осы қаулыда көзделген есептердің басқа нысандарына енгізілмеген банк провизияларын (резервтерін) есептеудің ішкі әдістемесіне сәйкес "Қаржы құралдары" 9 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сәйкес құнсыздану кезеңдері бойынша жіктелуге жататын өзге активтер туралы мәліметтер көрсетіледі.
9. 1-кестенің 2.1, 2.2 және 3-жолдарында мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
10. 1-кестенің 2.2 және 2.3-жолдарында өзге сыныпталатын активтердің сомалары есепке алынатын Үлгі шот жоспарына сәйкес шоттардың нөмірлері және есепті күнгі оларға сәйкес келетін құндық мәндер көрсетіледі. Егер құндық мән нөлге тең болса, 1-кестенің 2.1, 2.2 және 2.3-жолдары бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.
Резервтердің (провизиялардың) мөлшері абсолюттік мәнде оң сан ретінде көрсетіледі.
11. 1-кестенің 3-жолында "Қаржы құралдары" 9 Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IFRS) сәйкес есепті күнгі жағдай бойынша өзге де жіктелетін активтер жатқызылған кредиттік тәуекелдің сатысы көрсетіледі.
12. 2-кестенің 2.2, 2.4, 2.5, 3, 6.1, 6.2 және 7-жолдарында мәндер Нысан ұсынылатын ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
13. 2-кестеде банктің мынадай талаптарға сәйкес келетін ірі дебиторлары туралы мәліметтер көрсетіледі:
есепті күнге дебиторлық берешек бойынша контрагент анықталған;
контрагент банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға болып табылмайды;
контрагентке қойылатын талаптар мынадай операциялардың біреуін немесе бірнешеуін жасау салдарынан туындаған:
қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сату, сатып алу, қайта беру;
қарызды дебиторлық берешекке қайта жіктеу;
өндіріп алынған кепіл мүлкін сату;
Үлгі шот жоспарына сәйкес 1740, 1741 және 1400 топтарының шоттарында есепті күні көрсетілген сомаларды қоспағанда, екінші деңгейдегі банктің қарыз алушысымен өзге де операциялар;
екінші деңгейдегі банктің шығарылған және расталған кепілдіктер мен аккредитивтер бойынша міндеттемелерді орындауы.
Жеке басы есепті күнге белгіленбеген үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттері нәтижесінде туындаған дебиторлық берешек туралы мәліметтер (операцияның сипатына қарамастан) осы түсіндірменің 14-тармағында баяндалған талаптарға сәйкес келген кезде нысанда көрсетіледі. Бұл жағдайда дебитор ретінде банк не оның құрылымдық бөлімшесі көрсетіледі, 2-кестенің 3-жолы бойынша дебиторлық берешектің түрі ретінде "Өзгелері" мәні көрсетіледі.
14. 2-кестені толтыру кезінде екінші деңгейдегі банктер екінші деңгейдегі банкте талаптардың ең көп сомасы бар екінші деңгейдегі банктің 25 (жиырма бес) ірі дебиторларын ашады.
15. 2-кестенің 2-жолындағы анықтамалықтарды екінші деңгейдегі банктер жүргізеді, анықтамалықтардағы тиісті ақпаратты екінші деңгейдегі банктер қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.
16. 2-кестенің 2.1-жолында екінші деңгейдегі банк жүргізетін анықтамалыққа сәйкес дебитордың атауы көрсетіледі.
Контрагенттерді сәйкестендіру үшін 2-кестенің 2.2 және 2.3-жолдарында сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері және олардың мәндері көрсетіледі:
заңды тұлға үшін – Халықаралық ұйымның 9362 "Банк ісі. Банктік телекоммуникациялық хабарламалар. Банктердің сәйкестендіру кодтары" стандарттау бойынша халықаралық стандартына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе банктің контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды, ол болмаған кезде – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесі үшін белгіленген алгоритм бойынша есеп беретін банк қалыптастырған балама сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – балама сәйкестендіру нөмірі);
жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, ол болмаған кезде – баламалы сәйкестендіру нөмірі.
17. 2-кестенің 2.4-жолында Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын дебитор бойынша "1" мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын дебитор бойынша "2" мәні көрсетіледі.
18. 2-кестенің 4-жолында шетел валютамен көрсетілген дебиторлық берешек бойынша "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайларда "0" көрсетіледі.
19. 2-кестенің 6.2 және 6.3-жолдарында дебиторлық берешек сомалары және есепті күнгі оларға сәйкес келетін құндық мәндері ескерілетін Үлгі шот жоспарына сәйкес шоттардың нөмірлері көрсетіледі.
Егер құндық мән нөлге тең болса, 2-кестенің 6.1, 6.2 және 6.3-жолдары бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.
20. 2-кестенің 7-жолында "Қаржы құралдары" 9 Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сәйкес есепті күнгі жағдай бойынша дебиторлық берешек жатқызылған кредиттік тәуекелдің сатысы көрсетіледі.
2-кестенің 7-жолындағы көрсеткіш 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және банктің провизияларын (резервтерін) есептеудің ішкі әдістемесіне сәйкес құнсыздануға қатысты талаптар қолданылмайтын дебиторлық берешек бойынша толтырылмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 9-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: LOANS
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" _____________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімдері:
есепті айдан кейінгі айдың он бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын
желтоқсан айы үшін қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылдың отыз бірінші қаңтарынан кешіктірілмей (банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) ұсынылады
Нысан |
Кесте. Берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп
№ | Көрсеткіштердің атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Референс | |
2 | Аймақ | |
3 | Кредиттеу субъектісінің түрі | |
4 | Кәсіпкерлік субъектісінің санаты | |
5 | Резиденттік белгісі | |
6 | Біртектілік белгісі | |
7 | Валюталық белгі | |
8 | Ұзақ мерзімді қарыз белгісі | |
9 | Кредиттеу мақсаты | |
10 | Қамтамасыз етудің болу белгісі | |
11 | Жұмыс істемейтін қарыздың белгісі | |
12 | Есепті кезеңдегі көрсеткіштер: | |
12.1 | есепті кезеңде берілді | |
12.2 | орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі, % | |
13 | Есепті кезеңнің соңындағы көрсеткіштер: | |
13.1 | құндық көрсеткіштің түрі | |
13.2 | шот нөмірі | |
13.3 | есепті кезеңнің аяғындағы қалдық сомасы | |
14 | Кредиттік тәуекел сатысы |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді толтыру бойынша түсіндірме Берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп (индексі – LOANS, кезеңділігі – ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды).
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер ай сайын есепті айдың соңындағы жағдай бойынша жасайды. Ислам банкі үшін есепке сауданы қаржыландыру мәмілелеріне жататын исламдық қаржы құралдары енгізіледі.
Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі теңге болып табылады. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
5. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
6. Нысан мен осы түсіндірмедегі шоттардың нөмірлері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына (бұдан әрі – Үлгі шот жоспарына) сәйкес көрсетіледі.
7. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
8. Нысанда есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша банк берген қарыздар туралы, есепті кезеңде осындай қарыздарды беру және өтеу көлемдері және есепті кезең ішінде берілген қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы мәліметтер көрсетіледі. Ислам банкі үшін мәліметтер сауданы қаржыландыру мәмілелеріне жататын исламдық қаржы құралдары және оларға қолданылатын сауда үстеме бағалары бойынша ұсынылады.
Нысан бойынша ұсынылатын мәліметтерге банктерге немесе банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын өзге де қаржы ұйымдарына берілген қарыздар, осындай банктер немесе ұйымдар олар бойынша контрагент болатын "кері репо" операциялары кірмейді.
9. 2, 3, 4, 5, 9, 10, 13.1, 13.2 және 14 жолдарда мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
10. 5-жолда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын кредиттеу субъектісі бойынша "1" мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын кредиттеу субъектісі бойынша "2" мәні көрсетіледі.
11. 6-жолда біртекті қарыздар бойынша "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайда "0" көрсетіледі.
12. 7-жолда шетел валютасымен берілген қарыздар бойынша "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайда "0" көрсетіледі.
13. 8-жолда 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар бойынша "1" мәні көрсетіледі, 1 (бір) жылға дейінгі (қоса алғанда) мерзімге берілген қарыздар үшін "0" көрсетіледі.
14. Төлем карталар бойынша берілген және кредиттеудің өзге мақсаттары бойынша сәйкестендірілмейтін қарыздар 9-жолда тұтынушылық мақсаттарға берілген қарыздарға жатады.
15. 10-жолда кепіл болған кезде анықтамалықтан берешектің ең көп үлесі тиесілі кепіл түріне сәйкес келетін мән таңдалады.
16. 11-жолда негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайда "0" көрсетіледі.
17. 12.1-жолда есепті ай ішінде берілген қарыздардың сомасы көрсетіледі.
18. 12.2-жолда есепті кезеңде нақты ұсынылған қарыздар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі, олар туралы ақпарат 12.1-жол бойынша ұсынылады. Есептеу үшін тиісті қарыз шарттарында көрсетілген номиналды сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылады.
Орташа алынған сыйақы мөлшерлемесін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
Rср - Орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі;
Rn - n қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
Qn - есепті кезеңде берілген n-қарыздың көлемі
Ислам банктері үшін 12.2-жолда есепті кезеңде жүзеге асырылған сауданы қаржыландыру мәмілелері бойынша сауда үстеме бағасының орташа сараланған көрсеткіші көрсетіледі.
19. 13.2 және 13.3-жолдарда банк, оның ішінде ислам банкі берген (жүзеге асырған) қарыздардың (саудалық қаржыландырудың) сомалары және есепті күндегі оларға сәйкес құндық мәндері ескерілетін Үлгі шот жоспарына сәйкес шоттардың нөмірлері көрсетіледі.
Егер құндық мән нөлге тең болса, 13.1, 13.2, 13.3 және 14 -жолдар бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.
20. 14-жолда 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сәйкес есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша берілген қарыздар жатқызылған кредиттік тәуекелдің сатысы көрсетіледі.
14-жолдағы көрсеткіш 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және Банктің, ұлттық даму институтының мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің провизияларын (резервтерін) есептеудің ішкі әдістемесіне сәйкес құнсыздануға қатысты талаптар қолданылмайтын дебиторлық берешек бойынша толтырылмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 10-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: AFFIL
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ______________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімдері:
Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар тізілімі бөлігінде – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын
Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер туралы мәліметтер және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен мәмілелер туралы есепке қосымша мәліметтер бөлігінде -есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын
Нысан |
1-кесте. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар тізілімі
№ | Көрсеткіштердің атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Тұлға идентификаторы | |
1.1. | Идентификатор түрі | |
1.2. | Сәйкестендіру нөмірі | |
2 | Қосымша тұлға идентификаторы: | |
2.1. | идентификатор түрі | |
2.2. | сәйкестендіру нөмірі | |
3 | Атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлға үшін) | |
4 | Жеке тұлғаның белгісі | |
5 | Тіркелген елі | |
6 | Тұлға банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жатқызылған белгі | |
7 | Тұлға банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар тізіліміне енгізілген күн | |
8 | Банкпен ерекше қатынастар арсқылы байланысты тұлғалар тізілімінен тұлға алып тасталған күн |
2-кесте. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер туралы мәліметтер
№ | Көрсеткіштердің атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Тұлға идентификаторы | |
1.1. | Идентификатор түрі | |
1.2. | Сәйкестендіру нөмірі | |
2 | Идентификатор | |
2.1 | мәміленің анықтамасы (коды) | |
2.2 | шарт нөмірі | |
2.3 | шарт жасалған күн (мәміле талаптарын орындауды бастау) | |
2.4 | шарттың қолданылу мерзімі (мәміле талаптарын орындау) | |
2.5 | операция түрі | |
2.6 | мәміленің мақсаты | |
2.7 | валюта коды | |
2.8 | мәміле сомасы | |
2.9 | сыйақы мөлшерлемесі | |
3 | Уәкілетті органның (адамның) шешімінің деректемелері: | |
3.1 | номірі | |
3.2 | күні | |
4 | Үлгілік шарттарға сәйкес мәміле жасасу белгісі | |
5 | Есепті күнге мәміле құнының көрсеткіштері: | |
5.1 | құн көрсеткішінің түрі | |
5.2 | шот нөмірі | |
5.3 | Сомасы | |
6 | Ескерту |
3-кесте. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы қосымша мәліметтер
№ | Көрсеткіштердің атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Көрсеткіштің түрі | |
2 | Сомасы |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді толтыру бойынша түсіндірме Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп (индексі – AFFIL, кезеңділігі – ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер ай сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды.
Нысандағы деректер теңгемен үтірден кейін екі таңбамен толтырылады.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
5. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
6. Нысан мен осы түсіндірмедегі шоттардың нөмірлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына (бұдан әрі – Үлгі шот жоспарына) сәйкес көрсетіледі.
7. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
8. Нысанында:
1-кестеде – банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар тізілімінің көрсеткіштері бойынша мәндер;
2-кестеде – банктің осындай тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған және (немесе) есепті күні қолданыста болған барлық мәмілелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер туралы есептің көрсеткіштері бойынша мәндер;
3-кестеде - банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалатын мәмілелер туралы есепке қосымша мәліметтер көрсетіледі.
9. 1-кестенің 1, 5 және 6-жолдарында, 2-кестенің 1, 3.5, 3.6, 3.7, 6.1 және 6.2-жолдарында, 3-кестенің 1-жолында мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
10. Тұлғаның екінші деңгейдегі банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысуының белгісі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында айқындалады.
11. 1-кестеде есепті күнгі жағдай бойынша банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты және есепті кезең ішінде банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты болған барлық тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
Екінші деңгейдегі банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды сәйкестендіру үшін 1 және 2-кестелердің 1 және 2-жолдарында сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері және олардың мәндері көрсетіледі:
заңды тұлға үшін – Халықаралық ұйымның 9362 "Банк ісі. Банктік телекоммуникациялық хабарламалар. Банктердің сәйкестендіру кодтары" стандарттау бойынша халықаралық стандартына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе банктің контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды, олар болмаған кезде – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесі үшін белгіленген алгоритм бойынша есеп беретін банк қалыптастырған балама сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – балама сәйкестендіру нөмірі);
жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, ол болмаған кезде – балама сәйкестендіру нөмірі.
Екінші деңгейдегі банкпен байланысты тұлғаларда ерекше қатынастармен бірнеше сәйкестендіргіштер болған кезде қосымша сәйкестендіргіш 1-кестенің 2-жолында көрсетіледі.
1-кестенің 3-жолында банк жүргізетін банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың анықтамалығына сәйкес атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін) көрсетіледі.
12. 1-кестенің 4-жолында жеке тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) болып табылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға бойынша "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайларда "0" көрсетіледі.
13. 1-кестенің 6-жолында бір мезгілде бірнеше өзекті мәндерді көрсетуге жол беріледі. Егер тұлғаның банкпен ерекше қатынастармен байланысуының бірнеше белгілері болса, 1-кестенің 6-жолында барлық белгілер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар болып табылмайтын, бірақ Халықаралық қаржылық есептілік стандартында (International Accounting Standards – IAS) көзделген негіздер бойынша банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар деп танитын тұлғалар бойынша 24 "Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу", 1-кестенің 6-жолында "190" (жеке тұлғалар бойынша) және "290" (заңды тұлғалар бойынша) көрсетіледі.
14. 1-кестенің 7-жолында тұлғаның банкпен ерекше қатынастармен байланысы белгісінің (белгілерінің) бар екендігі туралы банкке белгілі болған күн көрсетіледі.
Келесі есепті кезеңдерде 1-кестенің 7 және 8-жолдары банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізілімінен тұлғаларды қосу немесе алып тастау фактісі бойынша толтырылады.
15. 2-кестеде банктің онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалатын барлық мәмілелері туралы мәліметтер көрсетіледі, олардың сомасы банктің онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасалатын операцияларының әрбір түрі бойынша, банктің реттеуші меншікті капиталы мөлшерінің жиынтығында 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан асады.
Егер банктің меншікті капиталының теріс мәні болса, 2-кестеде банктің онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған операцияларының әрбір түрі бойынша сомасы банк активтері мөлшерінің жиынтығында 0,001 (нөл бүтін мыңнан бір) пайызынан асатын банктің онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған барлық мәмілелері туралы мәліметтер көрсетіледі.
2-кестеде Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен банктің Директорлар кеңесінің шешімі бойынша жасалған шарт шеңберінде банк банктік шот бойынша жүргізетін шетел валютасын (қолма-қол және қолма-қол ақшасыз) айырбастау жөніндегі операциялар, сондай-ақ банкпен ерекше қатынастармен байланысты бір тұлғаның меншікті шоттары арасындағы аударым операциялары жөніндегі мәліметтер көрсетілмейді.
16. 2-кестенің 2.1-жолында банктің ақпараттық жүйесінде осы мәміленің бірегей сәйкестендіргіші болып табылатын мәміленің референсі (коды) көрсетіледі.
17. 2-кестенің "банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға төленген дивидендтер" және "банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың банкке төлеген дивидендтері" 2.5-жолындағы операция түрін таңдаған кезде 2-кестенің 2.3-жолында тиісінше дивидендтерді төлеу күні мен алу күні көрсетіледі.
2-кестенің 2.8-жолында төленген дивидендтердің сомасы, ал 2-кестенің 6.3-жолында "есептелген кірістер, шығыстар" құндық көрсеткішінің түрі бойынша есептелген дивидендтердің сомасы көрсетіледі.
18. Шарттың қолданылуы ұзартылса, 2-кестенің 2.4-жолында шарттың қолданылуы ұзартылған тиісті күн көрсетіледі, 2-кестенің 5.3-жолында "Негізгі борыш" құндық көрсеткішінің түрі бойынша - ұзартылған мәміле шартының қолданылуы кезеңіндегі есепті күнге баланстық қалдық сомасы көрсетіледі.
19. 2-кестенің 2.6-жолында банк жүргізетін анықтамалыққа сәйкес мәміленің мақсаты көрсетіледі.
20. 2-кестенің 2.7-жолында валюта кодтары "Валюталар мен қорларды ұсынуға арналған кодтар" 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.
21. 2-кестенің 2.8-жолында шартта көрсетілген мәміле сомасы көрсетіледі.
Шарт бойынша шетел валютасындағы мәміле сомасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығының 1-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеуде көрсетіледі.
22. 2.9-жолда шарт талаптарына сәйкес мәміле бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық пайызбен көрсетіледі.
23. 2-кестенің 3.1 және 3.2-жолдарында уәкілетті органның (тұлғаның) банктің онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле жасасуы (жасасуы) туралы шешімінің деректемелері көрсетіледі.
Егер 2-кестенің 4-жолындағы көрсеткіш бойынша "1" мәні көрсетілсе, 2-кестенің 3.1 және 3.2-жолдарындағы көрсеткіштер толтырылмайды.
Егер мәміле жасау кезінде тұлғада банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысу белгісі болмаса, 2-кестенің 3.1 және 3.2-жолдарындағы мәндер ұсынылмайды.
24. 2-кестенің 4-жолында банктің Директорлар кеңесі бекіткен және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылмайтын үшінші тұлғалармен ұқсас мәмілелерге қолданылатын осындай мәмілелердің үлгілік шарттарына сәйкес банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле жасау кезінде "1" көрсетіледі, өзге жағдайда "0" көрсетіледі.
25. 5.2 және 5.3-жолдарда банктің ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелерінің сомалары және есепті күнгі оларға сәйкес құндық мәндері ескерілетін банктердің үлгі шот жоспарына сәйкес шоттардың нөмірлері көрсетіледі.
Егер құндық мән нөлге тең болса, 5.1, 5.2 және 5.3-жолдар бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.
26. "Кірістер, шығыстар" деген 2-кестенің 5.1-жолындағы құндық көрсеткіштің түрі бойынша 5.3-жолда банктердің Үлгі шот жоспарына сәйкес 4 және 5-сыныптардың тиісті баланстық шоттарында көрсетілген есепті күнге мәміле бойынша пайыздық кірістердің, шығыстардың сомасы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 11-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Қолма-қол ақшамен операциялар туралы есеп
Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: CASH
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы 1 ______________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың отызынан кешіктірмей, ай сайын.
Нысан |
1-кесте. Клиенттердің операциялары бойынша мәліметтер
№ | Көрсеткіштер атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Референс | |
2 | Өңір | |
3 | Есеп айырысу-касса бөлімшесі | |
4 | Операциялар санаты | |
5 | Клиент түрі | |
6 | Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары | |
7 | Клиенттің экономикалық қызметінің түрі | |
8 | Операция түрі | |
9 | Сомасы |
2-кесте. Кассалық операциялар бойынша мәліметтер
№ | Көрсеткіштер атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Референс | |
2 | Өңір | |
3 | Операциялар санаты | |
4 | Операция түрі | |
5 | Сомасы |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Қолма-қол ақшамен операциялар туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қолма-қол ақшамен операциялар туралы есеп (индексі – CASH, кезеңділігі – ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Қолма-қол ақшамен операциялар туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Екінші деңгейдегі банктер Нысанды ай сайын жасайды.
4. Нысан есепті айдың соңындағы жағдай бойынша жасалады. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі теңге болып табылады. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.
5. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
6. Нысанның мақсаты үшін мына ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық құрылғылар – POS-терминалдарды қоспағанда, банкоматтар, электрондық терминалдар және қолма-қол ақшаны қабылдау және (немесе) беру жөніндегі кассалық операцияларға немесе операциялардың өзге түрлерін жүзеге асыруға, тиісті растайтын құжаттарды қалыптастыруға арналған өзге де құрылғылар;
2) POS-терминал – төлем карточкаларын пайдалана отырып және екінші деңгейдегі банктің ақпараттық жүйесіне қосылу арқылы қолма-қол ақша беру жүзеге асырылатын электрондық-механикалық құрылғы.
7. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
8. Нысанда заңды (меншіктің барлық нысандарындағы), жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер екінші деңгейдегі банктің кассалары, электрондық құрылғылары және POS-терминалдары арқылы қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырған операциялар (кіріс, шығыс) туралы мәліметтер көрсетіледі.
9. 1 және 2-кестелердің 1-жолы есептілікті жинауға арналған "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйеде есеп жолының идентификаторы ретінде қызмет ететін референсті көрсетуге арналған. Референс қолма-қол ақшамен операция туралы мәліметтерді ұсынатын екінші деңгейдегі банк үшін бірегей болып табылады.
10. 1-кестенің 2, 3, 4, 5, 6, 7 8-жолдарында және 2-кестенің 2, 3 және 4-жолдарында мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардың кодтарына сәйкес толтырылады.
11. 1-кестенің 3-жолында екінші деңгейдегі банк жүргізетін анықтамалыққа сәйкес қолма-қол ақшамен кіріс-шығыс операциясы жүзеге асырылған екінші деңгейдегі банктің есеп айырысу-касса бөлімшесі көрсетіледі.
Көрсеткіш электрондық құрылғылар мен POS-терминалдар арқылы жасалған қолма-қол ақшамен жасалатын кіріс және шығыс операцияларын қоспағанда, барлық операциялар бойынша толтыру үшін міндетті болып табылады.
12. 1-кестенің 6-жолында кәсіпкерлік субъектісінің санаты (заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер болып табылатын клиенттер бойынша) көрсетіледі.
13. 1-кестенің 7-жолында заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер болып табылатын клиенттердің экономикалық қызметінің түрі көрсетіледі.
14. 1-кестенің 8-жолы мынадай кіріс және шығыс баптарына жіктеледі:
1) қолма-қол ақша кірісі бабы:
"Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден және орындалған жұмыстардан түсетін түсімдер" бабында қолма-қол ақшаның түсімдері көрсетіледі:
заңды тұлғалардан, барлық меншік нысанындағы дара кәсіпкерлерден;
сауда және саудаға жатпайтын кәсіпорындардың тауарларды сатуынан;
заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің негізгі қызметін құрайтын қызметтер мен жұмыстардың түрлерінен: тұрмыстық, медициналық, заңдық, жөндеу-құрылыс, салттық қызметтер және білім беру саласындағы қызметтер;
заңды тұлғалардан, дара кәсіпкерлерден банк қызметтерін көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеуге қолма-қол ақшаның түсуі (бюджетке төленетін төлемдерді қабылдауға арналған бланкілер үшін алымдар және басқалары);
заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер қызметінің негізгі түріне жатпайтын, бұл ретте Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін қызметтер мен жұмыстардың жоғарыда аталған түрлерінен, қызметтердің басқа түрлерін көрсетуден түсетін қолма-қол ақша түсімдері;
"Шоттарға түсімдер" бабында салымдарды, ағымдағы және карточкалық шоттарды толықтыру үшін заңды, жеке тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден екінші деңгейдегі банктің кассаларына түсетін қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
"Қазақстан Республикасы бойынша ақша аударымдары жүйесі арқылы (шот ашпай) бір жолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түсетін түсімдер" бабында Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа тұлғалардың пайдасына ақша аударымдары жүйесі арқылы (екінші деңгейдегі банкте шот ашпай) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардан түсетін қолма-қол ақшаның түсімдері көрсетіледі;
"Ақша аударымдары жүйелері арқылы (шот ашпай) шетелге бір жолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түсетін түсімдер" бабында ақша аударымдары жүйесі арқылы (екінші деңгейдегі банкте шот ашпай) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі басқа тұлғалардың пайдасына аударымдар жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардан түсетін қолма-қол ақшаның түсімдері көрсетіледі;
"Қарыздарды өтеу" бабында қарыздарды және олар бойынша есептелген сыйақыны өтеу есебіне жеке, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің ағымдағы шоттарына қолма-қол ақшаның түсімдері, басқа қаржы ұйымдарында ресімделген қарыздарды өтеу үшін шот ашпай төлемдерді қабылдауы көрсетіледі;
"Электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақшаның түсуі" бабында электрондық құрылғылар арқылы жеке, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің шоттарына қолма-қол ақшаның түсуі көрсетіледі;
"Қолма-қол ақша кірісінің" жоғарыда келтірілген баптары бойынша есепке алынбаған қолма-қол ақша түсімдері" бабында "Қолма-қол ақша кірісінің" жоғарыда келтірілген баптары бойынша есепке алынбаған барлық өзге түсімдер көрсетіледі.
2) қолма-қол ақша шығысының баптары:
"Тауарларға, көрсетілетін қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеуге беру" бабында заңды тұлғалар мен меншіктің барлық нысанындағы дара кәсіпкерлерге тауарлар, көрсетілетін қызметтер мен орындалған жұмыстар үшін есеп айырысу үшін, іссапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарына, оның ішінде заттарды, асыл тастар мен металдарды, өнер заттарын, антиквариат және қолөнер-қолдан жасалған бұйымдарын сатып алуға, кәдеге жарату шикізатын, металл сынықтарын дайындауға, халықтан шыны ыдысты сатып алуға құқығы бар заңды тұлғаларға қолма-қол ақша беру;
"Шоттардан беру" бабында екінші деңгейдегі банктің жеке, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің ағымдағы, карточкалық шоттарынан қолма-қол ақша беруі, салымдар мен олар бойынша сыйақыны қайтару көрсетіледі;
"Қазақстан Республикасы бойынша бір жолғы аударым бойынша ақша аударымдары жүйелері арқылы (шот ашпай) жеке тұлғаларға қолма-қол ақша беру" бабында жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа тұлғалардан аударымдар бойынша түсімдер есебінен ақша аударымдары жүйесі арқылы (екінші деңгейдегі банкте шот ашпай) қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
"Жеке тұлғаларға ақша аударымдары жүйелері арқылы (шот ашпай) шетелден біржолғы аударым бойынша қолма-қол ақша беру" бабында жеке тұлғаларға ақша аударымдары жүйесі арқылы (екінші деңгейдегі банкте шот ашпай) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі басқа тұлғалардан аударымдар бойынша түсімдер есебінен қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
"Қарыздар беру" бабында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мақсаттарға жеке, заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге ағымдағы шоттан қолма-қол ақшамен қарыздар беру көрсетіледі;
"Электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақша беру" бабында электрондық құрылғылар арқылы жеке, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің шоттарынан қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
"POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақша беру" бабында POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
"Қызметкерлермен есеп айырысу үшін қолма-қол ақша беру" бабында жалақыны, еңбекке уақытша қабілетсіздік кезінде еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемді, іссапар бойынша шығыстарды өтеуді немесе төлеуді, демалыс төлемдерін, сыйлықақыларды, қосымша ақылар мен үстемеақыларды, өтемақыларды, жәрдемақыларды және басқаларды қоса алғанда, еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері бойынша есеп айырысу үшін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің ағымдағы шоттарынан қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
"Қолма-қол ақша шығысы" жоғарыда келтірілген баптары бойынша ескерілмеген қолма-қол ақша беру" бабында "Қолма-қол ақша шығысы" жоғарыда келтірілген баптары бойынша ескерілмеген қолма-қол ақшаны өзге де беру көрсетіледі.
15. 2-кестенің 4-жолы мынадай кіріс және шығыс баптарына жіктеледі:
1) қолма-қол ақша кірісі баптары:
"Электрондық құрылғылардан алынған қолма-қол ақшаның түсімдері" бабында электрондық құрылғылардан алынған қолма-қол ақшаның түсімдері көрсетіледі;
"Екінші деңгейдегі банктің айырбастау пункттерінің шетел валютасын сатуынан түсетін түсімдер" бабында сатылған шетел валютасына қолма-қол ақшаның меншікті айырбастау пункттерінен, екінші деңгейдегі банктен түсімдері көрсетіледі;
"Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың шетел валютасын сатуынан түсетін түсімдер" бабында қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардан сатылған шетел валютасына қолма-қол ақшаның түсімдері көрсетіледі;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының айналым кассасынан екінші деңгейдегі банктің операциялық кассасына қолма-қол ақшаның түсімдері" бабында екінші деңгейдегі банктің операциялық кассаларын бекіту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының айналым кассасынан қолма-қол ақшаның түсімдері көрсетіледі;
"Екінші деңгейдегі банктің операциялық кассасына оның кассалық бөлімшелерінен және екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операциялық кассаларынан қолма-қол ақшаның түсімдері" бабында қолма-қол ақшаның түсімдері көрсетіледі:
екінші деңгейдегі банктің касса торабынан тыс орналасқан оның дербес операциялық кассаларынан екінші деңгейдегі банктің операциялық кассасына (екінші деңгейдегі банктің желісі бойынша қолма-қол ақшаның орын ауыстыруы: бас офис кассасы, филиалдың кассасы, екінші деңгейдегі банктің касса торабынан тыс орналасқан касса);
басқа екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операциялық кассаларынан екінші деңгейдегі банктің операциялық кассасына;
2) қолма-қол ақша шығысының баптары:
"Есепті кезеңнің соңындағы операциялық кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығы" бабында есепті кезеңнің соңындағы екінші деңгейдегі банктің операциялық кассасындағы қолма-қол ақшаның қалдықтары көрсетіледі;
"Электрондық құрылғыларды жүктеу үшін қолма-қол ақша беру" бабында электрондық құрылғыларды бекіту үшін қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
"Екінші деңгейдегі банктің меншікті айырбастау пункттеріне шетел валютасын сатып алуына қолма-қол ақша беру" бабында шетел валютасын сатып алуға меншікті айырбастау пункттеріне қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
"Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға шетел валютасын сатып алуға қолма-қол ақша беру" бабында қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға шетел валютасын сатып алуға қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
"Екінші деңгейдегі банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының айналым кассасына қолма-қол ақшаны тапсыруы" бабында екінші деңгейдегі банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының айналым кассасына берген қолма-қол ақша сомасы көрсетіледі;
"Екінші деңгейдегі банктің операциялық кассасынан оның кассалық бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операциялық кассаларына қолма-қол ақша беру" бабында қолма-қол ақша беру көрсетіледі:
екінші деңгейдегі банктің операциялық кассасынан екінші деңгейдегі банктің кассалық торабынан тыс орналасқан оның дербес операциялық кассаларына (қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банктің желісі бойынша өткізу: бас офис кассасы, филиалдың кассасы, екінші деңгейдегі банктің кассалық торабынан тыс орналасқан касса);
екінші деңгейдегі банктің операциялық кассасынан басқа екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операциялық кассаларына.
16. 1-кестенің 9-жолында көрсетілген барлық клиенттік кіріс операциялары (электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақша түсімдерін қоспағанда) бойынша және 2-кестенің 5-жолында көрсетілген барлық кассалық кіріс операциялары бойынша жиынтық сома 1-кестенің 9-жолында көрсетілген барлық клиенттік шығыс операциялары (электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақша беруді қоспағанда) бойынша және 2-кестенің 5-жолында көрсетілген барлық кассалық шығыс операциялары бойынша жиынтық сомаға тең болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 12-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Резидент-клиенттердің шоттары мен салымдары бойынша есеп
Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: RESDEP
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ________________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімдері:
есепті айдан кейінгі айдың сегізінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
желтоқсан айы үшін қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылдың отыз бірінші қаңтарынан кешіктірілмей (банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) ұсынылады
Нысан |
Кесте. Резидент-клиенттердің шоттары мен салымдары бойынша есеп
№ | Көрсеткіштердің атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Референс | |
2 | Банктің салымшылары және өңірі туралы мәліметтер: | |
2.1 | контрагент санаты | |
2.2 | Өңір | |
3 | Есепті кезеңнің соңындағы мәліметтер: | |
3.1 | шоттың (салымның) түрі | |
3.2 | валюта тобының коды | |
3.3 | салым мерзімі | |
3.4 | орташа алынған жылдық сыйақы мөлшерлемесі, % | |
3.5 | есепті кезеңдегі түсімдер | |
3.6 | есепті кезеңнің шығуы | |
3.7 | шоттардағы (салымдардағы) ақша қалдығы |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Резидент-клиенттердің шоттары мен салымдары бойынша есеп нысанына қосымша |
Резидент-клиенттердің шоттары мен салымдары бойынша есеп әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі - RESDEP, кезеңділігі - ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Резидент-клиенттердің шоттары мен салымдары бойынша есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер есепті айдың соңындағы жағдай бойынша ай сайын жасайды.
Нысанның құндық көрсеткіштері үшін өлшем бірлігі теңге болып табылады. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
5. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
6. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
7. 2.1, 2.2, 3.1, 3.2 және 3.3-жолдарда мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдап алынады.
8. Нысанды толтыру кезінде екінші деңгейдегі банктер нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес "6", "7", "8" немесе "9" экономика секторларына жататын Қазақстан Республикасының резидент-клиенттерінің шоттары мен салымдары туралы мәліметтерді ашады.
9. 2.1-жолда егер контрагент (салымшы) заңды тұлға болса "1" коды, егер жеке тұлға (дара кәсіпкерлерді қоса алғанда) контрагент (салымшы) болып табылса "2" коды көрсетіледі.
10. 2.2-жолда шотқа қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банк филиалының өңірі көрсетіледі.
11. Шоттың 3.3-жолында салымдар клиенттермен банктік салым шарттары негізінде мерзімдер бойынша бөлінеді.
Шарттың мерзімі өткен, бірақ салымды клиент талап етпейтін мерзімді және жинақ салымдары үшін 3.3-жолда "6" салым мерзімінің коды көрсетіледі, бұл ретте:
1) клиент әрекетсіз салық төлеуші болып табылса немесе салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болса, клиенттің шотында Қазақстан Республикасының салық органдары қойған шектеулер (инкассалық өкімдер, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы қаулылар) болады;
2) клиенттің шотына үшінші тұлғалардың банктік шоттан ақша алу және (немесе) банктік шоттағы ақшаға тыйым салу туралы талаптары қойылған;
3) банк осы салымды "талап етуге дейінгі салым" шарттарымен ұзартады.
Шартты салымдар бойынша 3.3-жолда салым мерзімінің коды "06" көрсетіледі.
12. 3.4-жолда есепті кезеңдегі шоттарға, резидент-клиенттердің салымдарына нақты тартылған ақша сомалары бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемелері көрсетіледі. Есептеу үшін тиісті шарттарда көрсетілген номиналды сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылады.
13. 3.5 және 3.6-жолдарда толықтыру, ішінара алу және өтеу операциялары бойынша шот, есепті кезеңдегі салым бойынша түсу және шығу сомалары көрсетіледі.
14. 3.7-жолда есептелген сыйақыны есепке алмағанда, есепті кезеңнің соңындағы шоттар, салымдар бойынша банк міндеттемелерінің сомасы көрсетіледі.
15. Шетел валютасындағы шоттар мен салымдар бойынша сомалар нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 Қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығының 1-тармағына сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеледі:
3.5 және 3.6 – жолдар бойынша-шетел валютасымен операция жүргізу күніне;
3.7 – жол бойынша-есепті күнге.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 13-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп
Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: FUND
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ______________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, ай сайын.
Нысан |
Кесте. Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп
№ | Көрсеткіштердің атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Референс | |
2 | Контрагент туралы мәліметтер: | |
2.1 | атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
2.2 | идентификатор түрі | |
2.3 | идентификатор | |
2.4 | контрагент санаты | |
2.5 | резиденттік белгісі | |
2.6 | тіркелген елі | |
2.7 | компаниялар тобына жататындар | |
3 | Қорландыру түрі | |
4 | Валюталық белгі | |
5 | Есепті күндегі міндеттеменің баланстық құны | |
5.1 | баланстық құнға енгізілген дисконт (минус белгісімен) |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді толтыру бойынша түсіндірме Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп (индексі – FUND, кезеңділігі – ай сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер ай сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды.
Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі теңге болып табылады. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
5. Нысанды толтыру кезінде кодтар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
6. Нысан мен осы түсіндірмедегі шоттардың нөмірлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына (бұдан әрі – Банктердің үлгі шот жоспарына) сәйкес көрсетіледі.
7. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтырылуы міндетті болып табылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
8. Нысанда банктің ең ірі депозиторлары (кредиторлары) - жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі, олардың алдындағы банк міндеттемелерінің сомасы (міндеттемелерінің жиынтық сомасы) кемінде 10 (он) миллион теңгені құрайды және міндеттемелер сомасының кемуі бойынша қалыптастырылған банк депозиторлары (кредиторлары) тізбесінің 30 (отыз) ең үлкен мәндерінің қатарына кіреді.
Егер заңды тұлғаны, оның ірі қатысушыларын және (немесе) еншілес ұйымдарын қамтитын байланысты тұлғалар тобы банктің депозиторлары (кредиторлары) болып табылса, онда банктің ірі депозиторы (кредиторы) мәртебесін айқындау мақсатында аталған тұлғалар алдындағы банк міндеттемелерінің жиынтық сомасы қаралады.
Егер бір заңды тұлғаның бірнеше филиалы банктің депозиторлары (кредиторлары) болып табылса, онда нысанда осы заңды тұлға бойынша жиынтығында міндеттемелер сомасы көрсетіледі.
9. Нысанда есептелген сыйақыны, оң (теріс) түзетулерді, шоттар мен талап етілгенге дейінгі салымдар, мерзімді және жинақ салымдары, алынған қарыздар, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар, мерзімсіз қаржы құралдары, реттелген борыштар бойынша дисконттар мен сыйақыларды ескере отырып, банк тартқан ақшаның баланстық құны көрсетіледі.
10. 2.2, 2.4, 2.5, 2.6, 3, 5.2 және 5.4-жолдарда мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
11. Егер банктің ірі депозиторларының (кредиторларының) қатарына заңды тұлғаны, оның ірі қатысушыларын және (немесе) еншілес ұйымдарын қамтитын байланысты тұлғалар тобы жатқызылса, онда Нысандағы мәліметтер көрсетілген тұлғалардың әрқайсысы бойынша жеке көрсетіледі.
12. Осы түсіндірменің 8 және 11-тармақтарының мақсатында заңды тұлғаның (қатысу үлесі 10 (он) және одан көп пайызды құрайтын) және (немесе) оның еншілес ұйымдарының ірі қатысушыларының мәртебесін банк әрбір күнтізбелік айдың басындағы жағдай бойынша жаңартады.
13. Банктің ең ірі депозиторларының (кредиторларының) қатарына қаражатын өзі дербес орналастырған "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы және (немесе) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кірмейді.
14. 2.1-жолда есеп беретін банк жүргізетін анықтамалыққа сәйкес контрагенттің (депозитордың, кредитордың) атауы көрсетіледі. Жеке тұлғалар бойынша 2.1-жолдағы көрсеткіш жеке тұлға-клиенттердің шартты белгілеуімен ауыстырылуы мүмкін, мысалы, жеке тұлға 1, жеке тұлға 2 және т.б.
Банктің ірі депозиторларын (кредиторларын) сәйкестендіру үшін 2.2 және 2.3-жолдарда сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері және олардың мәндері көрсетіледі:
заңды тұлға үшін – Халықаралық ұйымның 9362 "Банк ісі. Банктік телекоммуникациялық хабарламалар. Банктердің сәйкестендіру кодтары" стандарттау бойынша халықаралық стандартына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе банктің контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды, олар болмаған кезде – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесі үшін белгіленген алгоритм бойынша есеп беретін банк қалыптастырған балама сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – балама сәйкестендіру нөмірі);
жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, ол болмаған кезде – балама сәйкестендіру нөмірі.
15. 2.4-жолда егер кредитор (депозитор) заңды тұлға болып табылса "1" коды, егер кредитор (депозитор) жеке тұлға (дара кәсіпкерлерді қоса алғанда) болып табылса "2" коды көрсетіледі.
16. 2.5-жолда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын контрагент бойынша "1" мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын контрагент бойынша "2" мәні көрсетіледі.
17. Егер топтың жоғарғы деңгейдегі компаниясы немесе топтың жоғарғы деңгейін білдіретін жеке тұлға банктің клиенті болып табылса, онда 2.7-жолда тиісінше компанияның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) не шартты белгісі (осы түсіндірменің 14-тармағында келтірілген мысалға ұқсас) көрсетіледі.
Егер топтың жоғарғы деңгейдегі компаниясы немесе топтың жоғарғы деңгейін білдіретін жеке тұлға банктің клиенті болып табылмаса, 2.7-жолда банк-заңды тұлға депозиторының (кредиторының) атауы қайталанады.
Квазимемлекеттік сектор компаниялары бойынша жоғарғы деңгейдегі компания 2.7-жолда, егер ол банктің клиенті болып табылмаса да көрсетіледі.
Егер банк-заңды тұлға депозиторының (кредиторының) екі және одан да көп ірі қатысушылары болса және топтың жоғарғы деңгейдегі компаниясы болмаса, онда 2.7-жолда банктің алдында міндеттемелері бар (заңды тұлғаның басқа ірі қатысушылары алдында міндеттемелері болмаған кезде) заңды тұлға көрсетіледі.
Егер банктің заңды тұлғаның бірнеше ірі қатысушылары алдында міндеттемелері болса, 2.7-жолда заңды тұлғаның капиталына ең көп қатысу үлесі бар ірі қатысушы, ал тең үлестер кезінде – есепті күндегі жағдай бойынша алдындағы міндеттемелерінің сомасы көп болатын ірі қатысушы көрсетіледі.
18. 4-жолда міндеттемелер бойынша ұлттық валютада "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайларда "0" көрсетіледі.
19. 5-жолда есептелген сыйақыны, оң (теріс) түзетулерді, дисконттар мен сыйақыларды ескере отырып, банк тартқан ақшаның баланстық құны көрсетіледі.
20. 5-жолдағы мән 5.1-жолдағы мәнді қамтиды.
21. Ислам банктері 5-жолды Үлгі шот жоспарына сәйкес 7830 "Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша міндеттемелер" баланстық шотындағы қалдықтарды ескере отырып толтырады.
22. 5.1-жолдағы көрсеткіш баланстық құнға енгізілген дисконт болмаған кезде ұсынылмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
14-қосымша 01.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (мәтін алып тасталды) қаулысымен.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 14-қосымша |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
15-қосымша 01.12.2023 дейін қолданылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 қаулысымен.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 15-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ескерту. 15-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2021 № 48 (01.10.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғаларының мониторингі туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: RISK
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ________________ жағдай бойынша
Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын – есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызынан кешіктірмей.
Нысан |
1-кесте. Зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғалары
(мың теңгемен) |
№ | Зиянға ұшыратуға әкелген операциялық тәуекел оқиғасының сипаты (зияндардың себептері) | Операциялық тәуекел оқиғаларын іске асыру салдарының нысаны және мөлшері | |||||
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша салынған және өндіріп алынған айыппұлдар | Сот шығасылары, соттың шешімі бойынша өндіріп алулар | Банк қызметкерлеріне соттан тыс өтемақылар | Клиенттерге соттан тыс өтемақылар | Материалдық активтерді мерзімінен бұрын есептен шығару | Операциялық тәуекелді іске асыру салдарын жоюға кеткен шығындар | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
4 | |||||||
5 | |||||||
… |
кестенің жалғасы:
Резервтермен өтелмеген өзге зиян | Активтер құнын төмендету | Өзгелері (қандай екенін көрсету) |
9 | 10 | 11 |
2-кесте. Операциялық тәуекелді іске асырудан болған зиянның жиынтық сомасы
Көрсеткіштің атауы | Сомасы |
Операциялық тәуекелді іске асырудан болған зиянның жиынтық сомасы |
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы__________________________________________________________
Телефоны ________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________
Орындаушы ______________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
____________________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғаларының мониторингі туралы есеп нысанына қосымша |
Зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғаларының мониторингі туралы есеп әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі –RISK, кезеңділігі – тоқсан сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғаларының мониторингі туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер есепті тоқсанның соңындағы жағдай бойынша тоқсан сайын жасайды.
Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 1-кестенің 2-бағанында есепті кезеңде іске асырылған, 500 000 (бес жүз мың) теңге және одан асатын мөлшерде зиян келтірген операциялық тәуекелдің жеке оқиғасы (зиян себептері) ашылады.
Зиян сомасы өтем ескеріле отырып көрсетіледі.
6. 2-кестеде есепті күнгі жағдай бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бастап банк шеккен өтемді ескере отырып, барлық зиянның жалпы сомасы, оның ішінде 500 000 (бес жүз мың) теңге және одан асатын мөлшердегі зиян көрсетіледі.
7. Мәліметтер болмаса Нысан нөлдік қалдықтармен көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 16-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғаларының мониторингі туралы есеп
Ескерту. 16-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: RISK
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ________________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын - есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызынан кешіктірмей
Нысан |
1-кесте. Зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғалары
(мың теңгемен) |
№ | Зиянға ұшыратуға әкелген операциялық тәуекел оқиғасының сипаты (зияндардың себептері) | Операциялық тәуекел оқиғаларын іске асыру салдарының нысаны және мөлшері | |||||
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша салынған және өндіріп алынған айыппұлдар | Сот шығасылары, соттың шешімі бойынша өндіріп алулар | Банк қызметкерлеріне соттан тыс өтемақылар | Клиенттерге соттан тыс өтемақылар | Материалдық активтерді мерзімінен бұрын есептен шығару | Операциялық тәуекелді іске асыру салдарын жоюға кеткен шығындар | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
4 | |||||||
5 | |||||||
… |
кестенің жалғасы:
Резервтермен өтелмеген өзге зиян | Активтер құнын төмендету | Өзгелері (қандай екенін көрсету) | ||
Материалдық активтерді мерзімінен бұрын есептен шығару | Операциялық тәуекелді іске асыру салдарын жоюға арналған шығындар | |||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
2-кесте. Операциялық тәуекелді іске асырудан болған зиянның жиынтық сомасы
Көрсеткіштің атауы | Сомасы |
Операциялық тәуекелді іске асырудан болған зиянның жиынтық сомасы |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғаларының мониторингі туралы есеп нысанына қосымша |
Зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғаларының мониторингі туралы есеп әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – RISK, кезеңділігі – тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғаларының мониторингі туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер есепті тоқсанның соңындағы жағдай бойынша тоқсан сайын жасайды.
Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 1-кестенің 2-бағанында есепті кезеңде іске асырылған, 500 000 (бес жүз мың) теңге және одан асатын мөлшерде зиян келтірген операциялық тәуекелдің жеке оқиғасы (зиян себептері) ашылады.
Зиян сомасы өтем ескеріле отырып көрсетіледі.
6. 2-кестеде есепті күнгі жағдай бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бастап банк шеккен өтемді ескере отырып, барлық зиянның жалпы сомасы, оның ішінде 500 000 (бес жүз мың) теңге және одан асатын мөлшердегі зиян көрсетіледі.
7. Мәліметтер болмаса Нысан нөлдік қалдықтармен көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 17-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Банктің басшы қызметкерлеріне төленген кіріс туралы есеп
Ескерту. 17-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: RExe
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы кезең
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімі: қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде, жыл сайын
Нысан |
Кесте. Банктің басшы қызметкерлеріне төленген кіріс туралы есеп
(мың теңгемен) |
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса ) | Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін | Банктің басшы қызметкерінің лауазымы | Жетекшілік етілетін қызмет түрі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
… | ||||
Жиынтығы | Х | Х | х |
кестенің жалғасы:
Белгіленбеген сыйақыны төлемеу фактілерінің болуы (иә/жоқ) | Есепті кезеңде есептелген сыйақы | Есепті кезеңнің алдындағы есепті кезеңдерде тоқтатыла тұрған және есепті кезеңде төленген сыйақы | ||||
төленген белгіленген | белгіленбеген | |||||
төленген | тоқтатыла тұрған | n жыл | n-1 жыл | n-2 жыл | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Х | Х | х | х | х | х | |
Х | Х | х | х | х | х | |
Х | Х | х | х | х | х | |
х |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны _____________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Банктің басшы қызметкерлеріне төленген кіріс туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Банктің басшы қызметкерлеріне төленген кіріс туралы есеп (индексі – RExe, кезеңділігі – жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Банктің басшы қызметкерлеріне төленген кіріс туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Екінші деңгейдегі банктер Нысанды жыл сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды.
Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Есеп нысанында қаржы жылы ішінде банктің басшы қызметкерлеріне төленген кіріс туралы мәліметтер көрсетіледі.
6. Кіріс сомасы бюджетке төленетін міндетті төлемдерді ескере отырып, брутто негізде көрсетіледі.
7. 6-бағанда есепті кезең ішінде белгіленбеген сыйақыны төлемеу фактілерінің болуы көрсетіледі.
8. 10-бағанда есепті кезеңнің алдындағы кезеңде тоқтатыла тұрған және есепті кезеңде төленген сыйақы сомасы көрсетіледі (мұндағы "n" жылы – есепті кезеңнің алдындағы жыл). 11 және 12-бағандарда (мұндағы "n-1 жыл", "N – 2 жыл" - "n" жылының алдындағы жылдар) төлемі тиісті кезеңде тоқтатыла тұрған және есепті кезеңде жүзеге асырылған сыйақы сомалары көрсетіледі. 12-бағаннан басталатын қосымша бағандардың саны есепті кезеңде тоқтатылған сыйақы төлеу жүзеге асырылған "n-2" есепті жылдың алдындағы жылдар санына сәйкес келеді.
9. Есепте банктің басшы қызметкерлері, оның ішінде есепті кезеңде жұмыстан шығарылғандар бойынша мәліметтер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 18-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Банк, банк клиенттері, банктің өнімдері мен көрсететін қызметтері, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз операциялар, банк клиенттерінің сыртқы экономикалық келісімшарттары және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы есеп
Ескерту. Қаулы 18-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: AML_CFT
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы кезең
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімі: қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік отыз алты күннен кешіктірмей ішінде, жыл сайын
Нысан |
Кесте. Банк, банк клиенттері, банктің өнімдері мен көрсететін қызметтері, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз операциялар, банк клиенттерінің сыртқы экономикалық келісімшарттары және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы есеп
№ | Көрсеткіштер атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 бөлім. Екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі - банк) бойынша жалпы ақпарат | ||
1.1 | Активтер мөлшері | |
1.2 | Банк қамтитын облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ еншілес банктер мен филиалдар арқылы банк ұсынылған шет елдердің саны | |
1.3 | Клиенттер саны | |
1.4 | Дебеттік айналымдардың шамасы | |
1.5 | Шығыс қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы сомасы | |
1.6 | Қолма-қол ақшаны алудың жалпы сомасы | |
2 бөлім. Банк клиенттері | ||
2.1 | Кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару бағдарламасына сәйкес банктер мойындаған жоғары тәуекелді клиенттердің саны | |
2.2 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінде тұрған клиенттер саны | |
2.3 | Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тізіміндегі клиенттер саны | |
2.4 | Шетелдік жария лауазымды тұлғалар болып табылатын жеке тұлғалар – клиенттер саны | |
2.5 | Бенефициарлық меншік иесі шетелдік жария лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлғалар – клиенттердің саны | |
2.6 | Басқа банктерде есеп беретін Банк ашқан шоттар бойынша корреспондент-банктердің саны (НОСТРО) | |
2.7 | Есеп беретін банкте шоттары бар корреспондент-банктердің саны (ЛОРО) | |
2.8 | Резидент емес клиенттер саны | |
2.9 | Бенефициарлық меншік иелері заңды тұлға клиентінің бірінші басшылары болып табылатын заңды тұлғалар – клиенттердің саны | |
2.10 | Сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексі елдерінің тізбесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдерден клиенттер саны | |
2.11 | Financial Action Task Force on Money Laundering тізіміне енгізілген елдердің клиенттерінің саны | |
2.12 | Коммерциялық емес ұйымдардың клиенттер саны | |
3 бөлім. Банктің өнімдері мен қызметтері | ||
3.1 | Шығарылған алдын ала төленген карталар саны | |
3.2 | Қызмет көрсету артықшылықтарын пайдаланатын тұрақты клиенттер саны (VIP) | |
3.3 | Кастодиандық қызмет көрсету қызметтерін пайдаланатын банк клиенттерінің саны | |
3.4 | Электрондық ақшаның сәйкестендірілген иелерінің (клиенттерінің) саны | |
3.5 | Шетелдік қаржы ұйымдарының саны | |
3.6 | Жеке тұлғалардың айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алу жөніндегі операциялары | |
3.7 | Жеке тұлғалардың айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сату жөніндегі операциялары | |
3.8 | Банктік шотты пайдаланбай төлемдер және (немесе) ақша аударымдары | |
3.9 | Іскерлік қатынастарды бастапқы қашықтықтан орнату (клиенттер саны) | |
4 бөлім. Қолма-қол ақша операциялары | ||
4.1 | Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша алуы (зейнетақылар мен жәрдемақыларды қоспағанда) | |
4.2 | Жеке тұлғаларға шетелден біржолғы аударым бойынша ақша аударымдары жүйесі арқылы беру (шот ашпай) | |
4.3 | Заңды тұлғаларға тауарларды, көрсетілетін қызметтерді және орындалған жұмыстарды төлеуге беру | |
4.4 | Заңды тұлғаларға өзге шығыстарға беру | |
5-бөлім. Шығыс қолма-қол ақшасыз ақша аударымдары (ел ішінде) | ||
5.1 | Консалтингтік, маркетингтік және зерттеу қызметтері | |
5.2 | Сақтау, тасымалдау қызметтері | |
5.3 | Құрылыс-монтаж жұмыстары үшін ел ішіндегі аударымдар | |
5.4 | Өтеусіз аударымдар, оның ішінде жылдам ақша аудару жүйелері бойынша аударымдар | |
6 бөлім. Шығыс қолма-қол ақшасыз ақша аударымдары (шетелге) | ||
6.1 | Консалтингтік, маркетингтік және зерттеу қызметтері | |
6.2 | Сақтау, тасымалдау қызметтері | |
6.3 | Құрылыс-монтаж жұмыстары үшін шетелге аударымдар | |
6.4 | Шарттар бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар), өтемақы төлемдері | |
6.5 | Өтеусіз аударымдар, оның ішінде жылдам ақша аудару жүйелері бойынша аударымдар | |
7-бөлім. Шығыс қолма-қол ақшасыз ақша аударымдары (оффшорлық аймақтарға) | ||
7.1 | Консалтингтік, маркетингтік және зерттеу қызметтері | |
7.2 | Сақтау, тасымалдау қызметтері | |
7.3 | Құрылыс-монтаж жұмыстары үшін шетелге аударымдар | |
7.4 | Шарттар бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар), өтемақы төлемдері | |
7.5 | Өтеусіз аударымдар, оның ішінде жылдам ақша аудару жүйелері бойынша аударымдар | |
8 бөлім. Оффшорлық аймақтарда тіркелген клиенттерді қоспағанда, клиенттердің сыртқы экономикалық келісімшарттары | ||
8.1 | Репатриациялау мерзімі бұзылған және уәкілетті банк банктік бақылаудың дербес карточкаларын жіберген келісімшарттар | |
8.2 | Дебиторлық берешегі 180 (жүз сексен) күннен асатын есептік нөмірі бар банк клиенттерінің экспорты мен импорты бойынша келісімшарттар бойынша берешек сомасы | |
8.3 | Шетелдік қаржылық емес компаниялардың филиалдарын (өкілдіктерін) (бұдан әрі – ШҚеКФ) қоспағанда, репатриациялау мерзімі 360 күннен асатын есепке алу нөмірінсіз банк клиенттерінің келісімшарттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары | |
8.4 | Репатриациялау мерзімі 360 күннен асатын есептік нөмірі бар банк клиенттерінің келісімшарттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары | |
8.5 | Үшінші тұлғалардың пайдасына төлеуді көздейтін сыртқы экономикалық келісімшарттар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары | |
9 бөлім. Оффшорлық аймақтарда тіркелген клиенттердің сыртқы экономикалық келісімшарттары | ||
9.1 | Репатриациялау мерзімі бұзылған және уәкілетті банк банктік бақылаудың дербес карточкаларын жіберген келісімшарттар | |
9.2 | Дебиторлық берешегі 180 күннен асатын есептік нөмірі бар банк клиенттерінің экспорты мен импорты бойынша келісімшарттар бойынша берешек сомасы | |
9.3 | ШҚеКФ қоспағанда, репатриациялау мерзімі 360 күннен асатын есепке алу нөмірінсіз банк клиенттерінің келісімшарттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары | |
9.4 | Репатриациялау мерзімі 360 күннен асатын есептік нөмірі бар банк клиенттерінің келісімшарттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары | |
9.5 | Үшінші тұлғалардың пайдасына төлеуді көздейтін сыртқы экономикалық келісімшарттар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары | |
10 бөлім. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде қабылданған шаралар бойынша ақпарат | ||
10.1 | "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес іскерлік қатынастары тоқтатылған клиенттердің саны, олар бойынша ақпарат уәкілетті органға жіберілді | |
10.2 | "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес іскерлік қатынастар орнатудан бас тартылған клиенттердің саны, олар бойынша ақпарат уәкілетті органға жіберілді | |
10.3 | Уәкілетті органға жіберілген, олар бойынша ақпарат уәкілетті органға жіберілген қаржылық мониторингке жататын шекті операциялардың саны | |
10.4 | Уәкілетті органға жіберілген күдікті операциялардың саны | |
10.5 | Уәкілетті органға жіберілген тоқтатылған күдікті операциялардың саны | |
10.6 | Уәкілетті органға жіберілген ақшамен немесе өзге де мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту саны |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20___ жылғы "___" __________
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Банк, банк клиенттері, банктің өнімдері мен көрсететін қызметтері, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз операциялар, банк клиенттерінің сыртқы экономикалық келісімшарттары және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы есеп (индексі – AML_CFT, кезеңділігі – жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Банк, банк клиенттері, банктің өнімдері мен көрсететін қызметтері, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз операциялар, банк клиенттерінің сыртқы экономикалық келісімшарттары және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Екінші деңгейдегі банктер Нысанды жыл сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды.
Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Шетел валютасындағы операциялар бойынша сомалар операцияны жүргізудің соңғы күніне не есепті кезеңнің соңғы күніне Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген, "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 Қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығының 1-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеуде көрсетіледі, олар бойынша қайта есептеу бұзылған келісімшарттарды қоспағанда есепті айдың соңғы күніне жүргізіледі.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанда "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде қабылданған банк, банк клиенттері, банктің өнімдері мен қызметтері, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз операциялар, банк клиенттерінің сыртқы экономикалық келісімшарттары және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі мәліметтер көрсетіледі
6. 1.1, 1.2, 1.3, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6, 2.7, 2.8, 2.9, 2.10, 2.11, 2.12, 3.2, 3.3, 3.4 және 3.5-жолдардағы мәндер есепті қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша толтырылады. Нысанның өзге жолдарындағы мәндер есепті жыл үшін толтырылады.
7. 1.1, 1.4, 1.5, 1.6, 3.6, 3.7, 3.8-жолдар мен 4, 5, 6, 7, 8 және 9-бөлімдердегі мәндер мың теңгемен көрсетіледі. 1.2, 1.3, 3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5, 3.9 жолдар мен 2 және 10-бөлімдердегі сандық деректер бірліктерде көрсетіледі.
8. 1.1-жолда осы қаулының 2-қосымшасының баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп кестесіне сәйкес ұсынылатын активтердің мөлшері туралы ақпарат көрсетіледі.
9. 1.3-жолда банктік шот ашумен де, банктік шот ашпай да банкте қызмет көрсететін клиенттердің саны туралы ақпарат көрсетіледі.
10. 1.4-жолда есепті жылдағы 1, 2, 3, 4 және 5-сыныптар (баланстық айналымдар) бойынша айналым сальдосы бойынша ақпарат көрсетіледі.
11. 1.5-жолда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14339 болып тіркелген "Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 қаулысының (бұдан әрі – № 213 қағидалар) 13-қосымшасына сәйкес "Банк шотын пайдалана отырып және пайдаланбай төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректер нысанына сәйкес ұсынылатын шығыс қолма-қол ақшасыз операциялардың (клиенттік операциялар) жалпы сомасы, оның ішінде халықаралық ақша аударымдары және Қазақстан Республикасының аумағында жасалған аударымдар көрсетіледі.
12. 1.6-жолда осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар туралы есептің нысанына және № 213 қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес "Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" әкімшілік деректер нысанына сәйкес ұсынылатын банк клиенттері жасаған қолма-қол ақшаны алудың жалпы сомасы көрсетіледі.
13. 2.1-жолда банк белгілеген критерийлерге сәйкес есепті қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша жоғары тәуекелді клиенттердің саны көрсетіледі. Бұл ретте осы тармақ 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6, 2.7, 2.8, 2.9, 2.10, 2.11 және 2.12-жолдар бойынша ақпаратты қамтымайды.
14. 2.5-жолда шетелдік жария лауазымды тұлға болып табылатын бенефициарлық меншік иелері (бенефициарлық меншік иесі) заңды тұлғалардың саны туралы ақпарат көрсетіледі.
15. 2.9-жолда жеке-дара атқарушы орган, алқалы атқарушы органның басшысы бенефициарлық меншік иелері болып танылған заңды тұлғалардың саны туралы ақпарат көрсетіледі.
16. 2.10-жолда Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымы жариялаған сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде (Corruption perception Index) Қазақстан Республикасынан төмен бағаланған елдерде тіркелген клиенттер саны туралы ақпарат көрсетіледі
17. 2.11-жолда ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) тізіміне енгізілген елдерден клиенттердің саны туралы ақпарат көрсетіледі:
1) ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобымен (ФАТФ) ынтымақтаспайтын;
2) ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимыл жөніндегі ұлттық жүйелерде стратегиялық кемшіліктері бар.
18. 3.1-жолда № 213 қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Төлем карточкалары бойынша мәліметтер" әкімшілік деректер нысанына сәйкес ұсынылатын шығарылған алдын ала төленген карталардың саны туралы ақпарат көрсетіледі.
19. 3.3-жолда кастодиандық қызмет көрсету қызметтерін пайдаланатын банк клиенттерінің саны туралы ақпарат көрсетіледі.
20. 3.4-жолда № 213 қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің және электрондық ақша иелерінің саны туралы мәліметтер" әкімшілік деректер нысанына сәйкес берілетін электрондық ақшаның сәйкестендірілген иелерінің (клиенттерінің) саны туралы ақпарат көрсетіледі.
21. 3.5 – жолда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары) сәйкес резиденттік белгісіне – 2 және экономика секторының кодына-5 сәйкес келетін шетелдік қаржы ұйымдары клиенттерінің саны туралы ақпарат көрсетіледі
22. 3.6 және 3.7-жолдарда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18545 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысына 12-қосымшаға сәйкес айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп нысанына сәйкес ұсынылатын айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату жөніндегі клиенттердің операцияларының жалпы сомасы көрсетіледі.
23. 3.8-жолда № 213 қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес "Банк шотын пайдалана отырып және пайдаланбай төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректер нысанына сәйкес коммуналдық төлемдер мен бюджетке төленетін төлемдерді қоспағанда, банктік шотты пайдаланбай операциялар, сондай-ақ оффшорлық аймақтарға операциялар бойынша жалпы сома көрсетіледі
24. 4.1-жолда зейнетақылар мен жәрдемақыларды қоспағанда, жеке тұлғалардың қолма-қол ақшаны алуының жалпы сомасы, оның ішінде банкоматтар, POS-терминалдар (төлем карточкаларын және екінші деңгейдегі банктің ақпараттық жүйесімен қосылуды пайдалана отырып, қолма-қол ақша беру жүзеге асырылатын электрондық-механикалық құрылғы) арқылы көрсетіледі.
25. 4.3 және 4.4-жолдарда заңды тұлғалардың тауарларды төлеуге, қызметтерді төлеуге және өзге де шығыстарға қолма-қол ақша алуы туралы ақпарат көрсетіледі.
26. 5.1, 6.1 және 7.1-жолдарда Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес-858 және 859 төлем тағайындау кодтары бойынша жүзеге асырылатын консалтингтік, маркетингтік және зерттеу қызметтері үшін қолма-қол ақшасыз ақша аударымдары бойынша ақпарат көрсетіледі. Бұл ретте көрсетілген төлем тағайындауларымен ақша аударымдарын іріктеуді мынадай түйінді сөздер мен сөздердің үзінділері бойынша жүргізу қажет: "консалт", "маркетинг", "зерттеу", "consult", "marketing", "research"
27. 5.2, 6.2 және 7.2-жолдарда Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес – 811, 812, 814 және 816 төлем тағайындау кодтары бойынша жүзеге асырылатын сақтау, тасымалдау қызметтері үшін қолма-қол ақшасыз ақша аударымдары бойынша ақпарат көрсетіледі.
28. 5.4-жолда өтеусіз аударымдар, оның ішінде Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес – 111, 112 және 119 төлем тағайындау кодтары бойынша жүзеге асырылатын жылдам ақша аударымдары жүйелері бойынша аударымдар бойынша ақпарат көрсетіледі. Бұл ретте көрсетілген төлем (аударым) мақсаты бар ақша аударымдарын іріктеу мынадай түйінді сөздер мен сөздердің үзінділері бойынша жүргізіледі: "материалдық", "көмек", "демеушілік", "support", "aid", "қайырымдылық", "қайырымдылық", "gifts", "сыйлықтар", "залалды өтеу", "компенсация".
29. 5.3, 6.3 және 7.3-жолдарда Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес – 821 төлем тағайындау коды бойынша жүзеге асырылатын құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін қолма-қол ақшасыз ақша аударымдары бойынша ақпарат көрсетіледі.
30. 6.4 және 7.4-жолдарда Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес-119 төлем тағайындау коды бойынша жүзеге асырылатын клиенттердің сыртқы экономикалық шарттары бойынша тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар, өсімпұлдар), өтемақы төлемдерін төлеу жөніндегі ақпарат көрсетіледі. Бұл ретте төлемнің (аударымның) көрсетілген мақсаты бар ақша аударымдарын іріктеуді мынадай түйінді сөздер мен "айыппұл", "өсімпұл", "fine", "penalty" сөздерінің фрагменттері бойынша жүргізу қажет.
31. 7 және 9-бөлімдерде тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен бекітілген оффшорлық аймақтарға жасалатын операциялар бойынша ақпарат толтырылады. Мемлекеттің бір бөлігі болып табылатын оффшорлық аймақтар бойынша ақпарат мұндай ақпарат банкке белгілі болған жағдайларда ұсынылады.
32. 8.1 және 9.1-жолдарда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18539 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына 13-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректер нысанна сәйкес есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк ұсынатын, есепті кезеңде валютаны репатриациялау мерзімі бұзылған келісімшарттар бойынша бұзушылықтардың жалпы сомасы көрсетіледі.
33. 8.2 және 9.2-жолдарда есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша берешек сомасы (жеткізу және төлеу күні арасындағы айырма) көрсетіледі, олар бойынша есепті күндегі жағдай бойынша экспорт (экспорттық түсім) және импорт (аванстық төлемдер) бойынша валюталық шарттар бойынша 180 (бір жүз сексен) күннен астам дебиторлық берешек болады.
34. 8.3, 8.4, 9.3 және 9.4-жолдарда есепті күнге репатриациялау мерзімі күнтізбелік 360 (үш жүз алпыс) күннен асатын сыртқы экономикалық келісімшарттар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары бойынша ақпарат көрсетіледі.
35. 8.5 және 9.5-жолдарда үшінші тұлғалардың пайдасына төлеуді көздейтін сыртқы экономикалық келісімшарттар бойынша жалпы сома көрсетіледі.
36. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 19-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Талаптар мен міндеттемелерді орындау кестелеріне сәйкес әкету және әкелу туралы есеп
Ескерту. Қаулы 19-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: GAP
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "___"________________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер
Әкімшілік деректер нысынын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын
Нысан |
Кесте. Талаптар мен міндеттемелерді орындау кестелеріне сәйкес әкету және әкелу туралы есеп
(мың теңгемен) |
№ | Активтер | Орындау мерзімі белгіленбеген активтер (міндеттемелер) | |
ұлттық валютада | шетел валютасында | ||
1 | 2 | ||
Активтер | х | х | |
1 | Ақша қаражаты (касса, жолдағы күн, банкоматтар және басқалар) | ||
2 | Басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттар мен салымдар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) | ||
3 | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған корреспонденттік шоттар мен салымдар | ||
4 | Бағалы қағаздар, оның ішінде: | ||
4.1. | әділ құны бойынша | ||
4.2. | амортизацияланған құн бойынша | ||
5 | Банкаралық қарыздар | ||
6 | Клиенттерге қарыздар, оның ішінде: | ||
6.1 | заңды тұлғаларға | ||
6.1.1 | негізгі қарыз | ||
6.1.2 | сыйақы | ||
6.2 | Жеке тұлғаларға | ||
6.2.1 | негізгі қарыз | ||
6.2.2 | сыйақы | ||
7 | Бағалы қағаздармен" Кері репо " операциялары | ||
8 | Капиталға инвестициялар және реттелген қарыз | ||
9 | Басқа дебиторлар | ||
10 | Ақша қаражатының түсуі болжанатын өзге де активтер | ||
Активтер бойынша жиыны: | |||
Міндеттемелер | х | х | |
11 | Корреспонденттік шоттар және басқа банктердің салымдары | ||
12 | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік шоттары мен салымдары | ||
13 | Алынған қарыздар, оның ішінде: | ||
13.1. | негізгі қарыз | ||
13.2. | сыйақы | ||
14 | Клиенттердің салымдары, оның ішінде: | ||
14.1. | заңды тұлғалар | ||
14.2. | жеке тұлғалар | ||
15 | Бағалы қағаздармен репо операциялары | ||
16 | Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар, оның ішінде: | ||
16.1. | негізгі қарыз | ||
16.2. | сыйақы | ||
17 | Реттелген борыштар, оның ішінде: | ||
17.1. | негізгі қарыз | ||
17.2. | сыйақы | ||
18 | Төленген дивидендтер | ||
19 | Басқа кредиторлар | ||
20 | Ақша қаражатының кетуі болжанатын өзге де міндеттемелер | ||
Капитал | х | х | |
21 | Акцияларды орналастыру | ||
22 | Айналысқа шығарылған акцияларды сатып алу | ||
Міндеттемелер мен капитал бойынша жиыны: | |||
Баланстан тыс құралдар | х | х | |
23 | Кепілдіктер | ||
24 | Несие желілері | ||
25 | Басқалар | ||
Баланстан тыс құралдар бойынша жиыны |
кестенің жалғасы:
Негізгі борыш және есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ, сондай-ақ негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі 30 (отыз) күннен аспайтын талаптар мен міндеттемелер бойынша түсімдер мен шығыстар | |||||
алдағы есепті ай ішінде | 31 (отыз бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін | 91 (тоқсан бір) күннен 180 (бір жүз сексен) күнге дейін | |||
ұлттық валютада | шетел валютасында | ұлттық валютада | шетел валютасында | ұлттық валютада | шетел валютасында |
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы:
181 (бір жүз сексен бір) күннен 365 (үш жүз алпыс бес) күнге дейін | 1 жылдан 5 жылға дейін | 5 жылдан астам | |||
ұлттық валютада | шетел валютасында | ұлттық валютада | шетел валютасында | ұлттық валютада | шетел валютасында |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Атауы __________________________________________________
Мекенжайы ______________________________________________
Телефоны ________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________
Орындаушы______________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20___ жылғы "___" __________
Талаптар мен міндеттемелерді орындау кестелеріне сәйкес кету және әкелу туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Талаптар мен міндеттемелерді орындау кестелеріне сәйкес әкету және әкелу туралы есеп (индексі – GAP, кезеңділігі – ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Талаптар мен міндеттемелерді орындау кестелеріне сәйкес әкету және әкелу туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер есепті айдың соңындағы жағдай бойынша ай сайын жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
5. Алдағы ағын бойынша деректер абсолюттік мәнде оң сан ретінде көрсетіледі, алдағы ағындар бойынша деректер абсолюттік мәнде теріс сан ретінде көрсетіледі.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. Нысанда талаптар мен міндеттемелерді орындау кестелеріне сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент бойынша түсімдер мен кетулер туралы мәліметтер көрсетіледі. Ақшалай қаражаттың түсуі мен шығуы негізгі борыш бойынша да, сыйақы бойынша да көрсетіледі
7. Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ, сондай-ақ негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын барлық активтер алдағы кезеңде талаптарды орындау кестесіне сәйкес бөлінеді.
8. Барлық міндеттемелер мен баланстан тыс құралдар орындау кестесіне сәйкес бөлінеді.
9. Орындау кестесі белгіленбеген активтер, міндеттемелер және баланстан тыс құралдар бойынша мәліметтер кестенің 1 және 2-бағандарында көрсетіледі.
10. 4-жолда әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар 1 және 2-бағандарда көрсетіледі. Амортизацияланған құн бойынша ескерілетін бағалы қағаздар орындау кестелеріне сәйкес көрсетіледі.
11. 6, 13, 16 және 17-жолдарда ақшалай қаражаттың түсуі мен кетуі негізгі борыш пен сыйақыға бөлініп көрсетіледі.
12. 10-жолда өзге активтер алдыңғы жолдарда көрсетілмеген активтер бойынша ақша қаражатының түсімдері туралы мәліметтер көрсетіледі.
13. 18, 21 және 22-жолдарда мәліметтер банктің директорлар кеңесінің, акционерлердің жалпы жиналысының және банктің өзге де уәкілетті органдарының тиісті шешімі болған кезде көрсетіледі.
14. 20-жолда алдыңғы жолдарда көрсетілмеген өзге міндеттемелер бойынша ақша қаражатының кетуі туралы мәліметтер көрсетіледі.
15. Баланстан тыс құралдар бойынша ақша қаражаттарының түсуі мен шығуы арасындағы айырма көрсетіледі.
16. Деректер болмаған жағдайда тиісті жолдардағы көрсеткіштер ұсынылмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 20-қосымша |
Екінші деңгейдегі банктердің есептілікті ұсыну қағидалары
Ескерту. Қаулы 20-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Екінші деңгейдегі банктердің есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2 тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
2. Банк Ұлттық Банкке өзінің барлық филиалдары бойынша деректерді қамтитын есептілікті ұсынады.
3. Есептілік Ұлттық Банкке есептілікті ұсыну сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынылады
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесіне ақпаратты жүктеу кезінде нысанішілік бақылау жүзеге асырылады. Нысанішілік бақылауды жүзеге асыру кезінде қателер анықталған жағдайда ақпарат ақпараттық жүйемен қабылданбайды.
5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесіне нысанішілік бақылаудан өткен осы есепті кезеңдегі ақпараттың соңғы жүктелуінің нақты күні тиісті есепті кезең үшін есептілікті ұсынудың аяқталу күні болып табылады.
6. Есептілікке қол қою жөніндегі функция жүктелген басшының немесе адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен есептілікті куәландыру есептілікті ұсыну аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
7. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін банктің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген тұлға қамтамасыз етеді.
8. Есепке қол қою жөніндегі функция жүктелген басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген тұлға және орындаушы электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырған есептілік электрондық форматта сақталады.
9. Баламалы сәйкестендіру нөмірі банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-контрагенттері сәйкестендіргіштерінің бірі ретінде қызмет етеді, есептілікті ұсынатын банк үшін бірегей және банктің осы тұлғамен өзара қарым-қатынас жасау кезеңі ішінде өзгермейтін болып табылады.
10. Банк клиентінің және (немесе) контрагентінің резиденттігі "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
11. Мәмілелерге дейін ақпаратты нақтылауды көздейтін нысандарда есеп беретін банктің ақпараттық жүйесінде мәміленің бірегей сәйкестендіргіші болып табылатын мәміленің (транзакцияның) референсі (коды) көрсетіледі. Референс мәнінің өрісі мәтіндік деректер форматына ие және мәтіндік және сандық элементтерді қамтуы мүмкін.
Мәмілелерге дейін ақпаратты нақтылауды көздемейтін нысандарда референс ретінде мынадай тәртіппен қалыптастырылатын ұсынылатын деректер жиынтығының бірегей нөмірі көрсетіледі:
алғашқы сегіз таңба - "ЖЖЖЖААКК" форматындағы есепті күн, мұнда "ЖЖЖЖ" - жыл, "АА" - ай, "КК" - күн;
бір таңба - белгіленген бөлгіш "_";
соңғы алты таңба - реттік нөмірі (000001-ден 999999-ға дейін).
Есеп беретін банктің жүйесінде мәміле (транзакция) референсі (коды) болмаса банк осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген алгоритмді пайдалана алады.
12. Есептілікті жасау мақсатында активтер мен шетел валютасындағы міндеттемелер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығының 1-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есепті күнге қайта есептеліп көрсетіледі.
13. Осы қаулыда көзделген есептер нысандарының кез келген кестелері бойынша деректер болмаған кезде ол бойынша мәліметтер берілмейді, бұл туралы екінші деңгейдегі банктер осы кесте бойынша мәліметтерді ұсыну мерзімінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін жазбаша түрде хабардар етеді.