Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасындағы мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының""Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4181 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2006 ж. маусым айындағы N 9-10, 219-құж. жарияланған), Агенттік Басқармасының""Агенттігі Басқармасының""Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4654 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге, Агенттік Басқармасының""Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген,) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесінде:
4-тармақтың 8) тармақшасында""жүзеге асыратын" деген сөздің алдында""тарату комиссия төрағасының тікелей басшылығымен" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметін жедел басқаруын жүзеге асырады, бөлімшелердің және олардың басшыларының қызметін бақылайды.
Тарату комиссиясының төрағасы осы Ереженің 111-тармағына сәйкес таратылатын банктің кредиторлар комитетінің уәкілеттігіне енген мәселелерден басқа банктің тарату өндірісі мәселелері бойынша өз бетінше шешім қабылдайды.";
19-тармақта:
7) тармақ "теңгемен және" деген сөзден кейін "қажетті жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
18) және 19) тармақшалары алынып тасталсын;
21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Таратылатын банктің ағымдағы шоттары тарату комиссиясы және оның бөлімшелері орналасқан жердегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің филиалдарында теңгемен және қажетті жағдайда шетел валютасында ашылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің филиалдары тарату комиссиясынан қабылданған шетел валютасын тозу дәрежесі бойынша сұрыптау жүргізу үшін және түпнұсқалығы мен төлемділігін тексеру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) жібереді, кейіннен ақша тарату комиссияның және оның бөлімшелерінің ағымдағы шотына есепке алынады. Тарату комиссиясының және оның бөлімшелерінің шотынан шетел валютасы аударым арқылы беріледі.";
28-тармақта:
5) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) өзге шығыстар.";
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
"36-1. Өзге шығыстар осы Ереженің 28-тармағы 1) - 5) тармақшаларында қарастырылмаған, мөлшері жүз айлық есептік көрсеткішінен асуға тиіс емес шығындар болып табылады.";
51-тармақта "тиісінше" деген сөз алынып тасталсын;
52-тармақ алынып тасталсын;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Кассада қалған қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимиті мынадай шекте бекітілген ай сайынғы шығыстар негізінде анықталады:
ай сайынғы шығыстар касса қалдығының касса қалдығының
күн сайынғы лимиті бөлімшелердегі
күн сайынғы лимиті
5 миллион теңгеге дейін - 100 мың теңге - 70 мың теңге
5 млн.-нан 10 млн. - 200 мың теңге - 70 мың теңге
теңгеге дейін
10 млн.-нан 20 млн. - 400 мың теңге - 70 мың теңге
теңгеге дейін
20 миллион теңгеден - 600 мың теңге - 70 мың теңге";
жоғары
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"85. Тарату комиссиясы баға беру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тарта отырып таратылатын банктің мүлкін бағалайды.
Бағалаушы конкурс (тендер) өткізу жолымен таңдалады, оның қорытындысы бойынша ең тиімді шарттарды (көрсеткен қызметі үшін төлем мөлшері, бағалауды жүргізу мерзімі, бағалаушының филиалдық желісінің болуы және өзге де шарттар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі.
Конкурс (тендер) өткізудің шарттары тарату комиссиясының төрағасымен анықталады және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.";
88-тармақта:
"банкке" деген сөздің алдында "кастодиан-" деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші сөйлемі алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 88-1-тармақпен толықтырылсын:
"88-1. Осы Ереженің 88-тармағында көрсетілген активтерді аралық тарату балансын және кредиторлардың талаптары тізілімін бекіткенге дейін қайтару барысында тарату комиссиясы мынадай іс-шараларды жүргізеді:
1) тарату конкурстық массаға енбеген активтерді оларды басқа банкке аудару үшін түгендеуін жүргізеді;
2) тапсыратын күні берілетін активтердің мөлшеріне қатысты салыстырып тексеру жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша тиісінше акт жасалады. Басқа банкке берілетін активтер сомасы таратылатын банктің есепке алу және сақтау үшін қабылдаған активтер сомасына тең болуы тиіс;
3) активтерді (ақшаны) басқа банкке аудару туралы шарт және активтерді аудару туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын активтерді қабылдау-өткізу актісін жасайды.";
мынадай мазмұндағы 89-1-тармақпен толықтырылсын:
"89-1. Осы Ереженің 89-тармағында көрсетілген кепіл мүлік пен бөлінген активтерді аралық тарату балансын және кредиторлардың талаптары тізілімін бекіткенге дейін қайтару барысында тарату комиссиясы мынадай іс-шараларды жүргізеді:
1) кепіл мүлік пен ипотекалық облигациялардың қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтерді ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкіліне тапсыру жөнінде шарт жасасады;
2) ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкіліне Қазақстан Республикасының ипотека туралы заңнамасына сәйкес, ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығы болып табылатын ипотекалық заем шарттарын (ипотекалық куәліктерін қоса алғанда), сондай-ақ кепіл шарттарын және тапсырылатын кепіл мүлікке құқығын анықтайтын барлық құжаттарды тапсырады;
3) талап ету құқықтарын беру туралы ережеге сәйкес ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкіліне ипотекалық шарт бойынша талап ету құқығын тапсыруды жүзеге асырады;
4) ипотекалық куәлігінде ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілінің пайдасына тапсыру жазбасын жүргізеді. Бұл ретте тапсыру жазбасында ипотекалық куәлігі бойынша құқықтар тапсырылатын ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілінің аты нақты және толық көрсетілуге тиіс. Ипотекалық куәлігіндегі және ипотекалық шартындағы бланктік тапсыру жазбалары жарамсыз болып саналады.
Ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне ипотекалық куәлігі бойынша құқықтарды тапсыру онымен келешекте оған негізгі міндеттеме бойынша құқықтарды да тапсыратынын көрсетеді. Ипотекалық куәлігінің және ипотекалық шарттың заңды иесі кепілдік ұстаушы мен кредитордың негізгі міндеттеме бойынша құқықтарын қоса алғанда, оның мазмұнынан туындаған барлық құқықтарды иеленеді;
5) тапсыру күніне тапсырылатын ипотекалық заемдардың мөлшерін (нақтылы өтелген берешек сомалары бойынша және өтелмеген берешек қалдықтары бойынша) салыстырып тексеру жүргізеді. Ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығы ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне негізгі борыш, сыйақы, осы ипотекалық заемдар бойынша айыппұл, өсімпұлды қоса алғандағы сомаға тапсырылады;
6) ипотекалық облигациялар шығарылымының көлемі мен банк берген заемдардың жиынтық сомасы арасында айырма пайда болған жағдайда ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкілін ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ипотекалық заемдар бойынша жетпеген соманы мойындағаны туралы және осы берешек соманы кредиторлардың талап ету тізілімінің сегізінші кезек тобына енгізетіні туралы хабардар етеді;
7) ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығын тапсырған кезде әрбір борышкерді жазбаша оның заем бойынша міндеттемелерін басқа тұлғаға тапсырғаны туралы хабардар етеді.
Егер борышкер ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығы ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар етілмесе банк алдындағы міндеттемелерін орындау ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкілі орындауы тиіс деп танылады.
Тарату комиссиясының ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлікті және бөлінген активтерді ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне тапсырғаннан кейін ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілдері мен ипотекалық облигациялар ұстаушылары арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.";
111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"111. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар енеді:
1) банкті тарату процессінде жасалған барлық құжаттармен танысу;
2) кредиторлардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылғаны туралы шағымдардың қаралуына қатысу;
3) уәкілетті органды және сотты банкті тарату процесінде кредиторлардың құқықтары мен мүдделерінің және Қазақстан Республикасының заңнамалығының бұзылғаны туралы, оның ішінде тарату комиссия мүшелерінің өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабардар ету;
4) тарату комиссиясының іс-әрекеттері жөнінде сотқа және уәкілетті органға шағымдану;
5) кредиторлар комитеті мүшелерінің қатарынан мүлікті сату аукциондарына және тарату комиссияның отырыстарын қоса алғанда, таратудың кез келген процедураларының іске асырылуына қатысуға құқығы бар кредиторлардың өкілдерін тағайындау;
6) тарату комиссиясынан таратылатын банктің қаржылық жағдайы туралы ақпарат алу;
7) таратылатын банктің өндіріп алуға мүмкін емес дебиторлық берешектің көлемін бекіту;
8) тарату комиссиясы ұсынған банктің тарату, конкурстық массасын іске асыру жоспарын бекіту;
9) банктің қаржылық жағдайын есепке ала отырып тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне негізгі және қосымша төлемдерді қоса алғандағы тарату шығындары сметасын бекіту;
10) тарату комиссиясының банк балансынан мүлікті шығару актісін бекіту.";
мынадай мазмұндағы 111-1-тармақпен толықтырылсын:
"111-1. Кредиторлар комитеті болмаған, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмаған жағдайда, осы Ереженің 111-тармағының 7)-10) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерін тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.";
123-тармақта:
"Тарату" деген сөзден кейін "комиссия төрағасының" деген сөздермен толықтырылсын;
"хаттамамен ресімделген" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С.Жұмабаева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкке, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларына жіберсін.
4. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Төраға |
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Төрағасы
____________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)