Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру қызметi туралы заң), "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.";
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын, бағалаушы Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындаған лоттың (мүліктің) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;
3) болжанбаған шығыстар – тарату комиссиясы жоспарламаған, мөлшері 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, шұғыл қажеттіліктерге арналған шығындар;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен, тарату комиссиясымен танылған кредиторлардың талаптарын, жүзеге асырылған кепілдікті төлемдер, Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптарда басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстар бойынша "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) талаптарын көрсететін құжат;";
16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"16) сауда-саттыққа қатысушы – сауда-саттықты ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтiнiш берген және сауда-саттықты ұйымдастырушы оны қатысушы ретінде тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
17) сауда-саттықты ұйымдастырушы – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттықты өткізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасқан және сауда-саттықтың нәтижелеріне мүдделі емес жеке не заңды тұлға;";
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"25) тарату шығыстарының сметасы – тарату комиссиясы белгiлi бір уақыт кезеңіне болжап отырған шығындарды көрсететін, кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған кезде – уәкілетті органмен келісу бойынша тарату комиссиясының төрағасы) бекітетін құжат;";
29) және 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"29) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру күнінен бастап уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган;
30) бас офис – тарату комиссиясының төрағасы ұйымдастыру-басқару және Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис.";
5-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан немесе соның есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің егер оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не тарату комиссиясының төрағасы осы іс-әрекеттерді жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты берген тұлға жасаған жағдайда ғана заң күші болады;";
8) тармақша алынып тасталсын;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап оған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер ауысады.
Тарату комиссиясы бір айдан аспайтын мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығынан не уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияларының түпнұсқалары "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау үшін, оның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
9. Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан іс-әрекет жасайды және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде дербес әрекет етеді.
Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату рәсімін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімшелердің басшылары жұмыс жоспарын тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тарату комиссиясының төрағасына жібереді.
Тарату комиссиясының төрағасы жиынтық жұмыс жоспарын жарты жылдықтарға бөле отырып, бір жылға жасайды (бөлімшелердің басшылары ұсынған жұмыс жоспарларын ескере отырып) және тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде уәкiлеттi органға жібереді.
Тарату комиссиясы жыл сайынғы жұмыс жоспарларын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей уәкiлеттi органға жібереді.
Тарату комиссиясы есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей әрбір жартыжылдықтың қорытындылары бойынша жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпаратты уәкiлеттi органға ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының тиімді жұмыс істеуі, сондай-ақ құқықтар мен міндеттерді белгілеу мақсатында ол тағайындалған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тарату комиссиясы төрағасының, тарату комиссиясы төрағасының орынбасары мен тарату комиссиясы мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы бұйрық шығарады.";
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бөлімшені уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тағайындайтын басшысы (бұдан әрі – бөлімшенің басшысы) басқарады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Кредиторлар комитетінің және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің арасында келісімді жасауға (бұзуға) тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін тағайындау (босату) туралы уәкілетті органның шешімі негіз болып табылады. Уәкілетті орган тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату туралы шешімді қабылдаған күннен бастап келісім бұзылған болып саналады.
Кредиторлар комитетімен жасалатын келісімде тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесінің құқықтары және міндеттері, жұмыс тәртібі, сыйақыны төлеу мөлшері мен мерзімдері және тарату комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің функцияларын орындауға байланысты өзге де ережелер көзделеді.
Кредиторлар комитетімен жасалатын келісімге кредиторлар комитетінің атынан кредиторлар комитетінің төрағасы немесе кредиторлар комитеті осыған уәкілеттік берген адам қол қояды.
Кредиторлар комитеті құрылғанға дейін және келісім жасалғанға дейін тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіктерін Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-тармақтармен толықтырылсын:
"15-1. Тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған, кредиторлардың мүдделеріне қысым көрсететін не басқа кредиторларға артықшылық беретін іс-әрекет (әрекетсіздік) жасаған жағдайда, кредиторлар комитеті және (немесе) тарату комиссиясының төрағасы уәкілетті органға комиссияның төрағасын және (немесе) мүшесін атқарып отырған қызметтерінен босату туралы өтінішхатпен өтініш жасау жөнінде шешім қабылдайды.
15-2. Тартылған қызметкердің немесе тартылған тұлғаның құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе өтеулі қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекітетін әр қызметкердің лауазымдық нұсқаулығында айқындалады.
Тарату комиссиясының жұмысына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары және олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрынғы басшы қызметкерлері тартылмайды.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады, бөлімшелердің және олардың басшыларының жұмысын бақылайды.
Тарату комиссиясының төрағасы кредитордың өтінішін қарау нәтижелері туралы шешімдерді және Ереженің 107-тармағына сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетінің өкілеттігіне кіретін мәселелерді қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату өндірісінің міндеттері бойынша шешімдерді дербес қабылдайды, сондай-ақ шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және тарату өндірісі барысында туындайтын мәселелерді шешуге байланысты басқа да құжаттарға қол қояды.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді:
1) ол тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініштерді беру тәртібін, мерзімін және кредиторлар өз талаптарын беретін мекенжайды, филиал желісі болса – филиалдардың мекенжайын (мекенжайларын) міндетті түрде көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жариялайды;
2) тағайындалған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қол қою және мөр бедерінің үлгілері бар құжаттарды ұсынады;
3) тағайындалған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мүлікті және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы", "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді және тарату комиссиясы жасамаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін иеліктен алу мәмілелерін тіркеуге, сондай-ақ кепіл ұстаушысы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгілейді;
4) заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органдарын және мемлекеттік кірістер органдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді;
5) бірыңғай тіркеушіден сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күніндегі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін сұратады;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығын және (немесе) уақытша әкiмшiлiгін тарату комиссиясына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тарату ісін жүргізу міндеттерін жүктеуді растайтын құжатпен қол қойғыза отырып, таныстырады;
7) қабылдау-өткізу туралы актілерді жасай отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығынан не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөртабандарын, мөрлерін, электрондық ақпарат тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуін, бланкілері мен барлық басқа да құжаттарын дереу талап етеді;
8) қабылдау-өткізу актілері бойынша активтерді, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін қабылдайды;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кассасын дереу түгендейді, Ереженің 53-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарына аударады;
10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгемен және қажетті жағдайда шетел валютасында ағымдағы шоттарын ашады;
11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылданғаны және тарату комиссиясының тағайындалғаны туралы хабарландыруды көрінетін жерге орналастырады;
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерi мен мiндеттемелерiн түгендеуді жүзеге асырады;
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарады;
14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн анықтайды;
15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін оның таратылу мақсаттарына сәйкес басқарады;
16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді;
17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағдарламалық қамтамасыз етуінің және электрондық ақпарат тасымалдағыштарының, сондай-ақ басқа ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;
18) толық материалдық жауап беретін адамдар, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізудің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық және басқа есептілігін өңдеудің электрондық жүйесіне кіру рұқсаты бар адамдар тобын айқындайды;
19) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері мен құжаттары заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адамды тағайындайды;
20) автоматтандырылған есептік жүйенің деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер), тарату комиссиясын құру күнінде қолда бар электрондық түрдегі бас бухгалтерлік кітапты қағазға басып шығарады. Осы ақпарат электрондық түрде болмағанда, қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;
21) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекенжайын анықтайды және талдау есебінің деректерімен салыстырып тексереді;
22) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;
23) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде Қордың атына таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру шарттарының тізілімін жiбередi;
24) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттары, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды жұмысқа қабылдайды;
25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың барлық кезеңі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі мен құжаттарын сақтау бойынша шаралар қабылдайды;
26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ісінің барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмейтін мерзімде жылдың қорытындысы бойынша жариялайды;
27) уәкілетті органның талабы бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтер береді;
28) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздары шығарылымдарының күшін жою мақсатында уәкілетті органға акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының күшін жою үшін құжаттарды ұсынады;
29) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есепті, тарату балансын жасайды және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді;
30) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталғаннан кейін Ереженің 10-тарауында белгіленген тәртіппен құжаттарды мұрағатқа сақтауға береді және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.";
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Тарату өндiрiсiне байланысты, оның iшiнде тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету бойынша шығыстар таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражатынан кезектен тыс және тұрақты төленеді.
Кредиторлар комитетi құрылғанға дейiн тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша бекiтедi.
Тарату өндiрiсiнiң шығыстары олардың туындауына қарай тарату массасынан төленедi.
Тарату массасын мақсатсыз жұмсауға, сондай-ақ 3 (үш) айдан артық мерзiмге тарату шығыстарына қаражат резервтеуге тыйым салынады.
22. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетін ай сайынғы сыйақы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген он еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.";
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Тарату шығыстары сметасында мынадай шығын баптары көзделеді:
1) еңбекке ақы төлеу шығыстары;
2) бюджетке аударымдар бойынша шығыстар;
3) әкімшілік шығыстар;
4) тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша шығыстар;
5) іссапар шығыстары;
6) көзделмеген шығыстар;
7) өзге шығыстар.
27. Еңбекке ақы төлеу шығыстары мынадай шығындарды көздейді: тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне сыйақы төлеу, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін есепке ала отырып, еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің жұмысына ақы төлеу.
Еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарда:
лауазымдық еңбекақы;
мемлекеттік бюджетке аударылатын жеке табыс салығының;
міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.";
28-тармақ алынып тасталсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Қызметкерлердің еңбегіне, сондай-ақ орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге арналған шығыстар бабы тарату комиссиясының төрағасы бекітетін штаттық кестеге сәйкес қалыптастырылады.
Штаттық кестеге тарату комиссиясының төрағасы, мүшелері, еңбек шарттары және қызмет көрсету шарттары бойынша жұмыс істейтін адамдар енгізіледі.";
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
"29-1. Қызметін және функциялардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тарату комиссиясы үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектісін қоспағанда, қызметтерді жеткізушіні таңдайды.
Қызметтерді жеткізушіні таңдау қызмет көрсетудің практикалық тәжірибесі, өңірлерде филиалдардың, мамандардың болуы ескеріле отырып баға ұсыныстарын сұрату жолымен жүзеге асырылады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Әкімшілік шығыстар:
1) қызметтік және шаруашылық мұқтаждықтар үшін көлік жалдау жөніндегі қызметке;
2) байланыс қызметіне (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта мен анықтамалық қызметтердің қызмет көрсетуі бойынша шығыстар, интернет желісін пайдалану үшін шығыстар);
3) үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепіл мүлкін) күзету және сигнализация жөніндегі қызметке;
4) көлікті күзету жөніндегі қызметке;
5) көлікке арналған тұрақты ұсыну жөніндегі қызметке;
6) көлікті тіркеу жөніндегі қызметке;
7) көлікті техникалық тексеру жөніндегі қызметке;
8) көлікті сақтандыру жөніндегі қызметке;
9) қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
10) коммуналдық қызметке;
11) мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (байқау) жөніндегі жұмыстарға;
12) үй-жайды жалдауға;
13) жылжымайтын мүлік пен тиісті құжаттаманы тіркеуші органдарда тіркеу жөніндегі қызметке;
14) мүлікті бағалау жөніндегі қызметке;
15) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызметке;
16) жылыту жүйесін іске қосуға дайындау жөніндегі қызметке;
17) сантехникалық жұмыстарға;
18) мүлікті сақтау жөніндегі қызметке;
19) мемлекеттік бажды төлеуге;
20) нотариалды куәландыру жөніндегі қызметке;
21) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызметке;
22) терезелерге, есіктерге темір торларды дайындау және орнату жөніндегі жұмыстарға;
23) аукциондар өткізу жөніндегі қызметке;
24) инкассация қызметіне;
25) сараптама жүргізу жөніндегі қызметке;
26) аудит жүргізу жөніндегі қызметке;
27) құжаттарды аудару қызметіне;
28) телефон нөмірлерін орнатуға, ауыстыруға немесе басқа жерге орнатуға;
29) акционерлердің тізілімін өзекті күйде ұстау үшін бірыңғай тіркеушінің қызметіне;
30) банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақша аударымы мен төлемдері жөніндегі қызметке;
31) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа тапсыру жөніндегі қызметке;
32) таратуды тіркегені үшін алым төлеуге;
33) коллекторлық қызметке арналған шығындарды қамтиды.
Жұмысқа және қызмет көрсетуге ақы төлеу тұрақты және біржолғы сипатта болады.";
34-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Іссапарға жіберілген қызметкерге тәуліктік ақы 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында – айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аспайтын тұрғын жайды жалдау жөніндегі шығыстар, іссапарға жіберілген жерге және кері қарай тұрақты жұмыс орнына көлік шығыстары өтеледі.";
34-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34-1. Өзге шығыстар өзге шығындарды қамтиды.
"Көзделмеген шығыстар", "Өзге шығыстар" шығындар баптары бойынша шығыстардың басқа бабы бойынша артық шығынға байланысты шығыстар, сондай-ақ келісілуі не бекітілуі Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын мұқтаждықтарға арналған шығыстар жүзеге асырылмайды.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты қаржылық жай-күйіне қарай және тарату комиссиясы орындаған жұмысты ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасы бекітілген тарату шығыстарының сметасына міндетті тәртіппен кредиторлар комитеті алдын-ала бекітетін өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді.";
45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45-1. Тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келісуге дейін тарату комиссиясының бірінші кезектегі іс-шараларды жүргізуіне байланысты оның мынадай шығындар баптары бойынша шығыстарды жүзеге асыруына рұқсат етіледі:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыруды жариялау жөніндегі қызмет;
2) байланыс қызметі (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта мен анықтамалық қызметтердің қызмет көрсетуі бойынша шығыстар);
3) коммуналдық қызмет;
4) бірінші және екінші қол қою (қолтаңбалар) үлгілері бар құжаттарды және мөр бедерін нотариалды куәландыру жөніндегі қызмет;
5) үй-жайды жалдау жөніндегі қызмет.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Есеп берушi тұлғалар есептi түрде берiлген сомалар бойынша оларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кеш емес мерзiмде, iссапарлық шығыстар бойынша iссапар мерзiмi аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кеш емес мерзiмде алынған сомалардың мақсатты жұмсалғанын растайтын құжаттарды бередi (барлық растаушы құжаттар қоса берiлген аванстық есептер, тауарларға ақы төленгенi немесе қызмет көрсетiлгені туралы чектер).
Есептi түрде берiлген ақша мынадай:
1) мақсатты жұмсалмаған;
2) мақсатты жұмсалғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайларда қайтарылуға тиіс.
Есептi түрде берiлген ақша алынған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал іссапар шығыстары бойынша – іссапар ақталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылуға тиіс.
Есепті түрде алынған және пайдаланылмаған ақша сыйақыдан (жалақыдан) ұсталмайды.";
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"71. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның қозғалысын және нысаналы пайдаланылуын есепке алу үшін ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша нөмірленетін, жіппен байланатын және мөрмен бекітілетін кассир қабылдаған және берген ақшаны есепке алу кітабын (бұдан әрі – касса кітабы) жүргізеді. Касса кітабындағы парақтар саны тарату комиссия төрағасының (бөлімше басшысының), бас бухгалтерінің және кассирінің қолымен расталады.";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Тарату комиссиясы тағайындалған күнінен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде тарату комиссиясы уәкілеттік берген таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметкерлерінің қатысуымен мүлікті (активтерді) түгендеуді, жеке шоттарды баланстық шоттармен, сақтандыру шарттарын (полистерін), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа да шарттарын салыстырып тексеруді, сондай-ақ баланстық шоттардағы және меморандум шоттарындағы барлық қалдықтарды салыстырып тексеруді жүргізеді. Түгендеу нәтижелері бойынша акті жасалады.
Бухгалтерлік есеп деректерінің дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы жылына кемінде бір рет, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
1) материалды жауапты адамдар мен лауазымды тұлғалар, оның ішінде тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) бухгалтерлік қызмет басшысы ауысқан жағдайда;
2) ұрлану немесе теріс пайдаланушылық, сондай-ақ мүліктің бүліну фактілері анықталған жағдайда;
3) табиғи апат, өрт, апаттар немесе қысылтаяң жағдайлардан туындаған басқа да төтенше жағдайлар жағдайында міндетті тәртіппен түгендеу жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 82-1, 82-2, 82-3, 82-4 және 82-5-тармақтармен толықтырылсын:
"82-1. Мүлікті Ережеде белгіленген тәртіппен сатқанға дейін, тарату комиссиясы тарату шығыстарын азайту мақсатында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін, оның ішінде тарату комиссиясы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот актілері бойынша қабылдаған мүлікті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келтірілген зиянды өтеу есебіне алынған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген мүлікті жалға беруді таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетімен келісу бойынша жүзеге асырады.
Мүлікті жалға беруден алынған ақша тарату массасына жіберіледі.
Мүлікті жалға беру тарату комиссиясының оны сату бойынша іс-шараларды жүзеге асыруын тоқтата тұрмайды.
Тарату комиссиясының мүлікті жалға беру шартын жасасуы жалға алушының мүлікті тарату комиссияның бірінші талабы бойынша босатуға (қайтаруға) және жалданған мүлікті қосымша жалдауға (қосалқы жалға беруге) беруге тыйым салуға келісімі болған кезде жүзеге асырылады.
82-2. Тарату комиссиясы жалға алушыны таңдауды тендер өткізу арқылы жүзеге асырады, оның қорытындысы бойынша артықшылық мүлікті жалға алудың ең жақсы шарттарын ұсынған тұлғаға беріледі.
Бірнеше тендер қатысушысы мүлікті жалдаудың бірдей талаптарын ұсынған жағдайда, жалға алушыны таңдау тендерге мүдделі қатысушылардың міндетті түрде қатысумен жеребе арқылы жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрынғы басшы қызметкерлері, акционерлері және басқа да үлестес тұлғалары, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары болып табылатын тұлғалар, тарату комиссиясының төрағасы, мүшелері, тартылған қызметкерлері, сондай-ақ барлық жоғарыда атап көрсетілген тұлғалардың өкілдері тендерге қатыстырылмайды.
82-3. Тендер өткізу туралы хабарландыру тендер өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын аумағында жалға берілетін мүлік орналасқан облыс немесе республикалық маңызы бар қала бойынша таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Мүлікті жалға алушыны таңдау бойынша тендер өткізу туралы хабарландыруда:
тендерді өткізу күні, орны және уақыты;
таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы;
жалға берілетін мүліктің сипаттамасы;
өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және мерзімдері;
тендерлік құжаттаманы және қосымша ақпаратты алуға болатын телефондар, мекенжайлар қамтылады.
Тарату комиссиясы тендерлік құжаттаманы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетімен келіседі.
82-4. Тендерлік құжаттамада мынадай мәліметтер қамтылады:
1) хабарландыруда көрсетілген ақпарат;
2) жалға берілетін мүлікті көрсету күні, уақыты және орны;
3) жалға алу төлемін төлеу талаптары;
4) тендердің жеңімпазы анықталатын критерийлер;
5) жалға беру шартының жобасы.
Тарату комиссиясы жалдау төлемінің мөлшерін салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас мүлікті жалдау кезінде әдетте қолданылатын бағаларға қарай айқындайды.
82-5. Егер тендерге екі қатысушыдан кем қатысқан болса, тендер өтпеді деп саналады.
Тендер өтпеді деп танылған жағдайда, тарату комиссиясы тендердің жалғыз қатысушысымен жалға беру шартын жасасу туралы мәселені қарайды.
Тарату комиссиясы тендерге қатысушымен алты айдан аспайтын мерзімге жалға беру шартын жасасады.
Тарату комиссиясы жалға беру шартының қолданылу мерзімі өткен соң кредиторлар комитетімен келісу бойынша жалға беру шартын ұзарту туралы мәселені қарайды.";
83 және 84-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"83. Тарату комиссиясы мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (бағалаушыларды) тарта отырып, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін бағалауды жүргізеді.
Баланстық құнына қарамастан жылжымайтын мүлікті, бірлігі үшін 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткіштен артық баланстық құны бар жылжымалы мүлікті бағалау үшін бағалаушыны таңдау конкурс (тендер) өткізу жолымен жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша ең тиімді талаптар (көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу мөлшері, бағалауды жүргізу мерзімі, бағалаушының филиалдық желісінің болуы және өзге де талаптар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Конкурсты (тендерді) өткізу талаптарын тарату комиссиясының төрағасы анықтайды және олар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалануға жататын мүлкінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе облыста, республикалық маңызы бар қалада, Қазақстан Республикасының астанасында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Тарату комиссиясы 50 (елуден) 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткішке дейінгі баланстық құны бар жылжымалы мүліктің 1 (бір) бірлігін бағалау үшін бағалаушыны таңдауды баға ұсыныстарын сұрату жолымен жүзеге асырады.
Баланстық құны 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аз жылжымалы мүлікті бағалау жүргізілмейді.
Бағалау жүргізу конкурсына бір-біріне қатысты үлестес бағалаушылар қатыстырылмайды. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар үлестес бағалаушылар болып табылады.
84. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдындағы берешегін өтеу есебіне, оның ішінде сот шешімін орындау есебіне мүлікті беру кредиторлар комитетімен келісу бойынша мүлікті бағалау туралы есеп болған жағдайда жүзеге асырылады.";
86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Тарату комиссиясы тарату массасын толтықтыру үшiн дебиторлық берешекті өндiрiп алу бойынша жұмыс жүргiзеді.
87. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылдануы нәтижесінде мүліктік құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған заңды тұлғалар, заңды тұлғаны құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен дауды тікелей реттеу мақсатында жазбаша өтінішпен оның тарату комиссиясына хабарласады.
Кредиторлар - жеке тұлғалар растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша өтінішпен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына өтініш жасайды.";
87-1-тармақ алынып тасталсын;
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Кредиторлардың талаптарында талап ету мөлшері туралы мәліметтер қамтылады (талап етудің негіздемесі мен мөлшерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) мөлшері туралы жеке-жеке (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері және басқа құжаттар)).";
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Шағымдар (өтініштер) беру мерзімі баспасөзде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап есептеледі және 2 (екі) айдан кем болмайды.";
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"97. Аралық тарату балансын және оған қосымшаларды, оның ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін тарату комиссиясы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8321 тіркелген "Тарату комиссияларының Қазақстан Республикасында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептері мен қосымша ақпаратын ұсыну нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін және оларды толтыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 376 қаулысында (бұдан әрі – № 376 қаулы) белгіленген нысандар бойынша жасайды.";
98-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 99-1-тармақпен толықтырылсын:
"99-1. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін жасағаннан кейін оларды уәкілетті органға бекітуге ұсынады.
Уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бекітеді.
Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін құжаттардың бір данасы тарату комиссиясына қайтарылуға жатады, ал екінші данасы уәкілетті органда қалады.
Аралық тарату балансының деректері ұсынылған құжаттар мен ақпараттың деректеріне сәйкес келмеген жағдайларда, сондай-ақ № 376 қаулыда көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайда аралық тарату балансы уәкілетті органмен бекітілуге жатпайды.
Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілмеген жағдайда, уәкілетті орган анықталған бұзушылықтардың, кемшіліктердің себептері мен оларды жою және аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту үшін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімін көрсете отырып, бұл туралы тарату комиссиясын жазбаша хабардар етеді.
Аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімі тарату комиссиясы аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптары тізілімінің бекітілмегені туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап бір айдан аспайды.";
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"102. Тарату комиссиясы кредиторлар комитеті құрамының тізімін аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қалыптастырады, тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітуге уәкілетті органға жіберіледі. Тарату комиссиясы кредиторлар комитеті құрамының тізімін Ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жасайды.";
103-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрынғы басшы қызметкерлері, сондай-ақ бұдан бұрын оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезінде жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым көрсететін не басқаларға артықшылық беретін іс-әрекет жасау фактісінің (фактілерінің) болуы анықталған банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған кредиторлар мен олардың өкілдері енгізілмейді.";
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"104. Кредиторлар комитетіне енгізілген кредиторлар саны кем дегенде 3 (үш) адам болады.
Кредитор кредиторлар комитетінің жұмысына қатысудан бас тартқан жағдайда, тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ең жоғары талап ету сомасы бар кейінгі кредиторға ұсыныс жібереді.";
мынадай мазмұндағы 104-1, 104-2 және 104-3-тармақтармен толықтырылсын:
"104-1. Уәкілетті орган кредиторлар комитетінің құрамын мынадай негіздер бойынша қайта бекітуге тиіс:
1) кредиторлар комитетінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін шешімдерді қабылдауы;
2) кредиторлар комитетінің отырысына мәселені 2 (екі) реттен көп рет шығару кезінде кредиторлар комитетінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қабылдамауы;
3) кредиторлар комитетінің кредиторлар - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзатын шешімдерді қабылдауы.
Кредиторлар комитетінің құрамын қайта бекіту туралы шешім тарату комиссиясына және кредиторлар комитетіне жіберіледі.
104-2. Тарату комиссиясының шешімі бойынша кредиторлар комитетінің мүшесі кредиторлар комитетінің құрамынан мынадай негіздер бойынша шығарылады:
1) кредиторлар комитеті мүшесінің дәлелді себептерсіз қатарынан 2 (екі) реттен көп рет кредиторлар комитетінің отырыстарына қатыспауы;
2) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар комитеті мүшесінің талаптарын толығымен қанағаттандыру;
3) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің құрамына қатысудан бас тартуы;
4) кредитордың кредиторлар комитетінің құрамында болуына кедергі болатын өзге де жағдайлар (заңды күшіне енген сот актілері, заңды тұлға - кредитордың таратылуы не жеке тұлға - кредитордың қайтыс болуы және басқалар).
104-3. Ереженің 104-1 және 104-2-тармақтарында көзделген жағдайларда тарату комиссиясы кейіннен кредиторлар комитетінің тізімін бекітуге уәкілетті органға ұсынумен кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту бойынша жұмыс жүргізеді.
Тарату комиссиясы таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ең жоғары талап ету сомасы бар кейінгі кредиторға ұсыныс жібереді.";
105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"105. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің отырысын өткізу күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей отырыстың күн тәртібін бере отырып, уәкілетті органды және кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін кредиторлар комитетінің бірінші отырысының өткізілу орны мен күні туралы жазбаша хабардар етеді.
Кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысы кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде өткiзiледi. Кредиторлар комитетi бiрiншi отырысында:
кредиторлар комитетiнiң төрағасын сайлайды;
кредиторлар комитетінің отырыстарын өткізу тәртібі мен дауыс беру рәсiмiн реттейтін кредиторлар комитеті туралы ережені бекітеді.
Кредиторлар комитетiнiң төрағасына дауыс беру рәсiмiнде тең дауыс алу кезiнде шешушi дауыс алу құқығы берiледi.";
107 және 107-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"107. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар кіреді:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату процесінде жасалатын барлық құжаттармен танысу;
2) Ереженің 15-тармағына сәйкес тарату комиссиясының төрағасымен және (немесе) мүшесімен келісім жасау;
3) уәкілетті органды және сотты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында кредиторлардың құқықтарын, мүдделерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы хабардар ету;
4) сотқа және уәкілетті органға тарату комиссиясының іс-әрекеттеріне шағымдану;
5) мүлікті сату аукциондарын және тарату комиссияның отырыстарын қоса алғанда, кредиторлар комитеті мүшелерінің арасынан тарату рәсімдерінің кез келгенін жасау кезінде қатысу өкілеттіктері берілген кредиторлардың өкілдерін сайлау;
6) тарату комиссиясынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйі туралы ақпарат алу;
7) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өндіріп алуға мүмкін емес дебиторлық берешегінің көлемін бекіту;
8) тарату комиссиясы ұсынған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату массасын, конкурстық массасын іске асыру жоспарын бекіту, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін алты айдан аспайтын мерзімге төлемді бөліп-бөліп төлеу түрінде ақы төлеу талабымен жария сауда-саттық арқылы сату туралы шешімді келісу;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйін ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасына және (немесе) мүшелеріне, сондай-ақ тартылған қызметкерлерге қосымша төлемдер мөлшерін қоса алғанда, тарату шығыстарының сметасын бекіту;
10) тарату комиссиясының мүлікті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан есептен шығару актісін бекіту;
11) тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін жалға беру туралы шешімді және тендерлік құжаттаманы келісу;
12) тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған мүлікті таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдындағы берешегін өтеу үшін, оның ішінде сот шешімін орындау есебіне қабылдау туралы шешімді келісу;
13) тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келтірілген зиянды өтеу есебіне алынған атқарушылық іс жүргізу шеңберіндегі сот актілері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы қабылдаған жылжымайтын мүлкіне қатысты мәміле жасау туралы шешімді келісу.
107-1. Кредиторлар комитеті болмаған, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмаған жағдайда, Ереженің 107-тармағының 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерді тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.";
109-тармақ алынып тасталсын;
112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"112. Тиісті кезегі келген жағдайда кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) оның бағалау құны бойынша заттай нысанда мүлікті, сондай-ақ есептеулердің тепе-теңдік қағидатын сақтай отырып, баланстық және баланстан тыс шоттарда есептелген дебиторлық берешекті (негізгі борышты, есептелген сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды) беру арқылы қанағаттандырылады.";
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"115. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан, не оларды қараудан жалтарған жағдайда, кредитор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясына талапарызбен сотқа жүгінеді.";
117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"117. Өтініші тарату комиссиясымен танылған және кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредитордың алдындағы міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған жағдайда, тарату комиссиясы кредиторға төленбеген соманы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен нотариустың депозитіне аударады.";
119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"119. Егер таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы Ережеде белгiленген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сатуды жүзеге асырады.
Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарығында сатуды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздары нарықтық құны бойынша сатылады.
Ұйымдастырылған нарықта айналыстағы бағалы қағаздардың (бір бірлігінің) құнын бағалау "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Осындай бағалы қағаздарды көрсетілген әдістеме бойынша бағалау мүмкін болмаған не бағалы қағаздардың белгілі бір түріне қатысты әдістеме болмаған жағдайда, олардың құнын Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы бағалайды.
Бағалы қағаздарды нарықтық құны бойынша сатып алуға ниетті тұлғалар болмаған жағдайда, кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаса – уәкілетті органмен келісу бойынша тарату комиссиясының төрағасы) бағалы қағаздардың әрбір түрі үшін өзге құнын белгілейді.";
120-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарату комиссиясы кредиторлар комитетiнің құрамы бекiтілгенге дейін уәкілетті органмен келісу бойынша Ережеде көзделген тәртіппен мүлікті сатады.";
122-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аз бағалау құны бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылжымалы мүлкі кредиторлар комитеті мүлікті сату бағасын бекіту талабымен бағалау құнынан төмен емес баға бойынша осы мүлікті сатып алуға ниетті тұлғалар болмаған жағдайда бағалау құнынан төмен баға бойынша сатылады.";
мынадай мазмұндағы 122-1-тармақпен толықтырылсын:
"122-1. Тазартылған қымбат металдардың құны Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының (LBMA Gold Price) сату күніне белгіленген алтын бағасы бойынша айқындалады.";
124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"124. Сату жоспарында сатылатын объектілер туралы ұсыныстар және олардың толық сипаттамасы, бағалау құны, бастапқы (және сауда-саттықтың голланд әдiсi кезiнде – ең төмен) сату бағасы, сауда-саттықты өткiзу кезеңі және әдiсi туралы мәлiметтер қамтылады.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін сату жоспарына баланстық құны 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аз, сондай-ақ бағалау құны 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аз мүлік кіргізілмейді. Бағалау құны 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аз мүлік тарату комиссиясы оны бағалау құнынан төмен емес бағамен сатпаған жағдайда таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін сату жоспарына кіргізіледі.";
125-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мүлiктi ең жоғары бағамен сату;";
126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"126. Сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін сату туралы хабарландыруды аукцион өткізу күніне дейін кем дегенде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мүлкінің орналасқан жері бойынша облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылжымайтын мүлкін сату бойынша алғашқы сауда-саттық өтпеген болып танылған жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін сату туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Аукцион ол туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі. Әрбір жеке аукционға жеке хабарландыру беріледі.";
132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"132. Аукционға "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес бір-біріне қатысты үлестес әлеуетті сатып алушылар қатыстырылмайды.";
136 және 137-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"136. Бір кепілдікті жарна сауда-саттыққа қатысуға және кепілдікті жарна енгізілген бір лотты сатып алуға құқық береді.
137. Кепілдікті жарнаны қатысушы не оның атынан Ереженің 132-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Сатушы кепілдікті жарнаның алушысы болып табылады.";
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"139. Сатушы мынадай жағдайларда:
1) аукционды өткізуге дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын оған қатысудан бас тартқанда;
2) сауда-саттық жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартқанда;
3) қатысушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға оның нәтижелерімен келіспеуді негіздемей қол қоюдан бас тартқанда;
4) сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда;
5) егер қатысушы сауда-саттықтың ағылшын әдісінде бастама баға хабарланғаннан кейін немесе сауда-саттықтың голланд әдісінде ең төменгі бағаға жеткен кезде аукциондық нөмірін көтермеген болса, кепілдікті жарнаны қайтармайды.";
142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"142. Аукционға қатысушы ретінде тіркеу үшін құжаттар тізбесінде мыналарды қамтылады:
1) белгіленген нысандағы аукционға қатысуға өтінім;
2) жеке куәлік немесе "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жеке басты куәландыратын өзге құжат (жеке тұлға үшін)";
3) кепілдікті жарнаның енгізілуін растайтын төлем құжатының немесе кіріс ордердің көшірмесі;
4) сауда-саттыққа қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат;
5) жарғының және құрылтай шартының (бар болса) және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтаманың (заңды тұлға үшін) нотариалды куәландырылған көшірмелері.";
145, 146, 147, 148, 149 және 150-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"145. Аукционға қатысушы:
1) сауда-саттыққа өзі немесе өзінің өкілдері арқылы қатысады;
2) қосымша мәліметтерді, сауда-саттыққа шығарылатын сату объектісі бойынша нақтылауларды тегін алады;
3) сауда-саттықта сатылатын объектіні алдын ала қарайды;
4) өзінің құқығы бұзылған кезде сотқа жүгінеді;
5) Ереженің 139-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілдікті жарнаны қайтарып алады;
6) сатушыға бұл туралы жазбаша хабарлай отырып аукционға қатысуға өзінің өтінімін қайтарып алады.
146. Аукционға кіру билетін төлеген барлық ниет білдірушілер қатысады. Кіру билетінің құнын Сатушы өзі айқындайды, бірақ ол бір билет үшін бір айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аукционға қатысушылар, уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің өкілдері кіру билеттерін төлеуден босатылады.
147. Сатушы сауда-саттықты дайындаудың және оны өткізудің бүкіл кезеңінде:
1) сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жария етпейді;
2) Ереженің 142-тармағында атап көрсетілгендерді қоспағанда, аукционға қатысушылардан қатысушы ретінде тіркеу үшін қосымша құжаттарды талап етпейді.
148. Аукционды сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізеді. Аукцион оны өткізу қағидаларын хабарлаудан басталады, онда сату объектісінің қысқаша сипаты, лоттың бастама (ең төменгі) бағасы, бағаны өзгерту қадамы және сауда-саттықты өткізу әдісі көрсетіледі. Аукционды өткізу қағидаларын бұзған адамдар аукцион өткізу залынан шығарылады.
149. Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағаны өзгерту қадамын сауда-саттық барысында сату объектісінің бастама бағасының 5 (бес) пайызынан 10 (он) пайызына дейінгі шекте белгілейді.
150. Сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион картасында белгіленген тәртіпке қарамастан лоттарды сауда-саттыққа қою бірізділігі туралы шешім қабылдайды.";
152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"152. Сауда-саттық төменде сипатталған екі әдістің бірімен өткізіледі:
1) сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бастама бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайтын сауда-саттықтың ағылшын әдісі. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмірді көтере отырып бастама бағасын жоғарылатады, бірақ хабарланған қадамнан кем емес етіп жоғарылатады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лот бойынша сауда-саттыққа қатысатындардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны жоғарылатуды ұсынады. Лот бойынша сауда-саттық ұсынылған ең жоғары бағасына дейін барады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушы бастама бағасын төмендету қадамын хабарлаумен жаңа бағаны хабарлай отырып, лоттың бастама және ең төменгі бағасын хабарлайтын сауда-саттықтың голланд әдісі. Сауда-саттықты ұйымдастырушы баға хабарланған кезде аукциондық нөмірін бірінші болып көтерген қатысушының нөмірін атайды, лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттыққа қойылатын лоттың ең төменгі бағасы төмендетілмейді. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша алғаш рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы тарату комиссиясы бағалаушыны тарта отырып белгілейтін оның соңғы бағалау құнының 80 (сексен) пайызынан аз болмайды. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша екінші рет және одан көп рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы тарату комиссиясы бағалаушыны тарта отырып белгілейтін оның соңғы бағалау құнының 50 (елу) пайызынан аз болмайды.
Егер баға хабарланған сәтте екі немесе одан көп нөмір бір мезгілде көтерілген болса, сауда-саттықты ұйымдастырушы жеңімпазды айқындау сәтіне дейін белгіленген қадам шамасына бағаны көтере бастайды. Егер бағаны көтерген кезде өз нөмірін бір мезгілде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың ешқайсысы көтерілген бағасы бойынша мүлікті сатып алуға ниет білдірмесе, сауда-саттықты ұйымдастырушы жеребе рәсімін қолданады.
Жеребеде сауда-саттыққа қатысатын өз нөмірін бір мезгілде көтерген тұлғалар сауда-саттықты ұйымдастырушы дайындаған бірдей конверттерді тартады, олардың біреуінде "жеңімпаз" деген жазуы бар қағаз парағы, ал басқасында (басқаларында) – таза қағаз парағы болады.
Конвертті тарту құқығын Ереженің 144-тармағына сәйкес аукционға қатысушы ретінде бірінші болып тіркеуден өткен сауда-саттыққа қатысушы алады. "Жеңімпаз" деген жазумен қағаз парағы бар конвертті тартқан сауда-саттыққа қатысушы сауда-саттықтың жеңімпазы деп танылады.
Өткізілетін сауда-саттық мынадай жағдайда:
1) сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер болмағанда немесе егер берілген өтінімдердің саны 1 (бір) өтінімнен аспайтын болса;
2) сауда-саттыққа қатысушылар келмегенде немесе қатысушылардың келуі бір қатысушыдан аспайтын болғанда;
3) сауда-саттықтың жеңімпазы сауда-саттық хаттамасына, сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқанда немесе сатып алу-сату объектісі бойынша сатушымен одан әрі есеп айырысулар тәртібін бұзғанда;
4) көтерілген аукциондық нөмірлер болмағанда немесе сауда-саттықтың ағылшын әдісінде лоттың бастама бағасы хабарланған кезде бір ғана аукциондық нөмір көтерілгенде;
5) сауда-саттықтың голланд әдісінде лоттың ең төменгі бағасы хабарланған кезде көтерілген аукциондық нөмірлер болмағанда өтпеген болып саналады.";
161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"161. Егер шартта бөлiп-бөлiп төлеу көзделмеген болса, Сатушы мен Сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін 5 (бес) банктік күннен кешіктірмей Сатып алушы шартта көрсетілген соманы Сатушының ағымдағы шотына аударады және оған тиісті төлем құжатының көшірмесін растауға ұсынады.";
168 және 169-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"168. Мұрағат ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті органмен келісусіз құжаттарды жою жүргізілмейді.
169. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты сақталуға жататын құжаттары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналасқан жері бойынша мемлекеттік мұрағаттарға реттелген түрде тапсырылады, ал сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды толық аяқтау сәтінде сақталу мерзімі өтпеген, уақытша сақталуға жататын, оның ішінде жеке құрам бойынша құжаттары қабылдау-өткізу актісі бойынша уәкілетті органның филиалдарына тапсырылады.";
170-тармақ алынып тасталсын;
173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"173. Тарату комиссиясы тарату балансы және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есеп бекітілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін – уәкілетті органға ұсынады.";
1, 2 және 3-қосымшалар тиісінше осы қаулының 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
Министр____________А. Мұхамедиұлы
2016 жылғы 15 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 226 қаулысына 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 226 қаулысына 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 226 қаулысына 3-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 226 қаулысына 4-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ережеге 1-қосымша |
Нысан
Тарату шығыстары сметасы
____________ жылғы _____ тоқсан
__________________________________________________________
(таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
№ | Шығыстар баптарының атауы | Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен) |
1 | 2 | 3 |
Айы | ||
1 | Еңбекке ақы төлеу шығыстары | |
1.1 | тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне сыйақы төлеуге арналған шығыстар, оның ішінде: | |
1.1.1 | тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне сыйақы | |
1.1.2 | жеке табыс салығы | |
1.2 | еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлерге ақы төлеуге арналған шығыстар, оның ішінде: | |
1.2.1. | лауазымдық еңбекақы | |
1.2.2 | жеке табыс салығы | |
1.2.3 | міндетті зейнетақы жарналары | |
1.3 | өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тұлғалардың жұмысына ақы төлеуге арналған шығыстар, оның ішінде: | |
1.3.1 | көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу | |
1.3.2 | жеке табыс салығы | |
2 | Бюджетке аударымдар бойынша шығыстар | |
2.1 | әлеуметтік салық | |
2.2 | әлеуметтік аударымдар | |
2.3 | мүлікке салынатын салық | |
2.4 | көлік құралдарына салынатын салық | |
2.5 | жер салығы | |
2.6 | қосымша құн салығы | |
2.7 | жер телімін пайдалану төлемі, қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем | |
2.8. | өзге салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер | |
3 | Әкімшілік шығыстар | |
3.1 | қызметтік және шаруашылық қажеттіліктерге көлік жалдау жөніндегі қызмет | |
3.2 | байланыс қызметі | |
3.3 | үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализация жөніндегі қызмет | |
3.4 | көлікті күзету жөніндегі қызмет | |
3.5 | көлік үшін тұрақты ұсыну жөніндегі қызмет | |
3.6 | көлікті тіркеу жөніндегі қызмет | |
3.7 | көлікті техникалық қарау жөніндегі қызмет | |
3.8 | көлікті сақтандыру жөніндегі қызмет | |
3.9 | қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу | |
3.10. | коммуналдық қызмет | |
3.11 | ағымдағы жөндеу, негізгі құрал-жабдықтарға техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) жөніндегі жұмыстар | |
3.12 | үй-жайды жалдау | |
3.13 | тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу жөніндегі қызмет | |
3.14 | мүлікті бағалау жөніндегі қызмет | |
3.15 | бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызмет | |
3.16 | жылыту жүйесін қосуға дайындық жөніндегі қызмет | |
3.17 | сантехникалық жұмыстар | |
3.18 | мүлікті сақтау жөніндегі қызмет | |
3.19 | мемлекеттік бажды төлеу | |
3.20 | нотариалды куәландыру жөніндегі қызмет | |
3.21 | мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызмет | |
3.22 | терезелерге темір торларды, есіктерді дайындау және орнату жөніндегі жұмыстар | |
3.23 | аукциондар өткізу жөніндегі қызмет | |
3.24. | инкассация қызметі | |
3.25. | сараптама жүргізу жөніндегі қызмет | |
3.26 | аудит жүргізу жөніндегі қызмет | |
3.27 | құжаттарды аудару қызметі | |
3.28 | телефон нөмірлерін орнатуға, ауыстыруға немесе басқа жерге орнату | |
3.29 | акционерлердің тізілімін өзекті күйде ұстау үшін тіркеушінің қызметі | |
3.30 | банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақша аударымы мен төлемдері жөніндегі қызмет | |
3.31 | құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа тапсыру жөніндегі қызмет | |
3.32 | таратуды тіркегені үшін алым төлеу | |
3.33 | коллекторлық қызмет | |
4 | Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары | |
4.1 | офис жабдықтарын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау | |
4.2 | көлік құралдарын ұстау | |
4.3 | үй-жайды ұстау | |
4.4. | қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу | |
4.5 | кеңсе тауарларын сатып алу | |
4.6 | жанар-жағар май материалдарын сатып алу | |
5 | Іссапарлық шығыстар | |
6 | Көзделмеген шығыстар | |
7 | Өзге.шығыстар | |
Бір айдағы жиынтығы | ||
Бір айдағы жиынтығы | ||
Бір айдағы жиынтығы | ||
Тоқсандағы жиынтығы |
Тарату комиссиясының төрағасы _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Бас бухгалтер _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Орындаушы _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 226 қаулысына 5-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ережеге 2-қосымша |
Нысан
________________________________________________________________
(таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
Кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кітабы
Басталды ____________________
Аяқталды ____________________
Оны толық пайдаланғанға дейін кітапқа жазылады
Кіріс | ||||||||
Түскен күні | Кімнен қабылданды (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Кіріс құжаттардың саны (данамен) | Цифрлармен сомасы (валюта түрін көрсете отырып бірліктермен) | Сомасы жазумен | Мақсаты | Кассирдің қолы | Бас бухгалтердің (бөлімше бухгалтерінің) қолы | Төрағаның (бөлімше басшысының) қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
қалдығы | ||||||||
қалдығы | ||||||||
Бір күндегі жиынтығы |
Шығыс | ||||||||
Берілген күні | Кімге берілді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) | Шығыс құжаттардың саны (данамен) | Цифрлармен сомасы (валюта түрін көрсете отырып бірліктермен) | Сомасы жазумен | Мақсаты | Кассирдің қолы | Бас бухгалтердің (бөлімше бухгалтерінің) қолы | Төрағаның (бөлімше басшысының) қолы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
қалдығы | ||||||||
қалдығы | ||||||||
Бір күндегі жиынтығы | ||||||||
Бір күндегі жиынтығы |
Растаушы жазба
Осы кітаптағы жиынтығы
__________________________________________________________________,
(таратылатын банктің атауы)
20 ___ жылғы "___" _________ жазбаларға арналған ___________________
____________________________________________________________________
(саны жазумен көрсетіледі)
__________________ нөмірден бастап_____________ нөмірге дейін қоса
алғанда нөмірленген, байланған және мөрмен бекітілген парақ.
20 ___ жылғы "____" ____________
Төраға (бөлімше басшысы) __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Бас бухгалтер (бөлімше бухгалтері)_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Кассир ____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 226 қаулысына 6-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ережеге 3-қосымша |
Нысан
Бекітемін
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Төрағасының орынбасары
____________________________________ жылғы "___"__________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Кредиторлар комитеті құрамының тізімі
_________________________________________________________
(таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
р/с № | Кезектіліктің (санаттың) нөмірі және атауы) | Кредиторлар комитетінің құрамына енгізілген таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторының атауы | Кредиторлық берешек сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 |
Тарату комиссиясының төрағасы _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Бас бухгалтер ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Орындаушы ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны)