"Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 155 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5385 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасындағы еріксіз таратылатын банктердің тарату комиссиясының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4181 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2006 жылы маусымда жарияланған, N 9-10, 97-бап) "Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4654 тіркелген) қаулысымен, "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген) қаулысымен, "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 250 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5073 тіркелген) қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесінде:

      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі - Банктер туралы Заң)" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "қайтарып алуына" деген сөздер "айыруына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      3) тармақшадағы "қайтарып алу туралы" деген сөздер "айыру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) кредиторлар санаты - бір жақты сипаты бар талаптары бар және Банктер туралы Заңның 74-2-бабымен көзделген белгілі бір кезектілік аясында қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) күтпеген шығыстар - мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс кідіртуге болмайтын қажеттілікке арналған тарату комиссиясының жоспарланбаған шығындары;";

      7-тармақтың 8) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы Заң)" деген сөздер "банктер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтың екінші абзацындағы "он күндік мерзімде" деген сөздер "он жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Банктің тарату комиссиясы банкті тарату рәсімдерін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Жұмыс жоспары жарты жылға бөлу арқылы бір жылға жасалады және тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мәлімет үшін беріледі. Одан әрі, тарату комиссиясы жұмыс Жоспарын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың онынан кешіктірмей береді.";

      12-тармақтың екінші абзацы "орынбасары" деген сөздің алдынан "төраға тарату комиссиясының мүшелері арасынан тағайындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-тармақта:

      "жұмысқа тартылған қызметкерінің" деген сөздер алынып тасталсын;

      "жеке еңбек шартында (келісім-шартта)" деген сөздер "еңбек шартында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе өтеулі қызмет көрсету шартында анықталады.";

      17-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тарату комиссиясының Төрағасы осы Ереженің 111-тармағына сәйкес таратылатын банктің кредиторлар комитетінің өкілеттігіне енген мәселелерден басқа банкті тарату өндірісі мәселелері бойынша шешімді дербес қабылдайды, тарату өндірісі барысында пайда болатын мәселелерді шешуге байланысты шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және басқа құжаттарға қол қояды.";

      19-тармақта:

      "бағалы қағаз тіркеушілеріне" деген сөздерден кейін ", орталық депозитарийге, кредиттік бюроларға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) салық органдарын банкті мәжбүрлеп тарату туралы Қазақстан Республикасының салық салу жөніндегі заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етеді;";

      6) тармақшадағы "таратылатын банктің" деген сөздің алдынан "осы Ереженің 55-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      9) тармақшадағы "жұмыстан босатады" деген сөздердің алдынан "қажет болса" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) тармақша "басқа есебін" деген сөздерден кейін "және олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасауды" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін жұмысқа адамдарды еңбек, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қабылдайды;";

      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-1) "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2006 жылы қарашада жарияланған, N 16, 229-бап) жаңа банкке мәміле паспорты бойынша мәміле паспортының міндеттемелерін орындау жөніндегі ақпаратты береді;";

      21-тармақта:

      бірінші абзац мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Іріктеу процесінде төлем жасалмаған, сондай-ақ айналысқа жарамсыз шетел валютасын анықтаған жағдайда, банктің тарату комиссиясы оларды банктер немесе почтаның Ұлттық операторы арқылы сатады не ауыстырады.";

      екінші абзацтағы "ағымдағы шотына" деген сөздердің алдынан "бас офистің" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзацтағы:

      бірінші сөйлемдегі "банкті еріксіз тарату туралы соттың шешімі заң күшіне енгеннен кейін" деген сөздер "банкке банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген лицензиядан банкті айырған сәттен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемдегі "банкті еріксіз тарату туралы соттың шешіміне дейін, сондай-ақ күшіне енгеннен кейін" деген сөздер "банкті банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырғаннан кейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Банктің тарату комиссиясының бөлімшелерінің ағымдағы шотын ашу мынадай мақсат бойынша жүзеге асырылады:

      1) касса қалдығының лимитін белгілейтін осы Ереженің 55-тармағын сақтау үшін;

      2) осы Ережеге сәйкес шығыстарды жүзеге асыру үшін аударым жасау тәртібі арқылы ақша аудару жолымен, сондай-ақ кредиторлардың талаптар тізіліміне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру арқылы банктің тарату комиссиясы бөлімшелерінің кассаларын таратылатын банктің бас офисіндегі тарату комиссиясымен толықтыру;

      3) таратылатын банктің бас офисіндегі ағымдағы шотқа ақша аудару.

      Екінші деңгейдегі банкте тарату комиссиясы бөлімшесінің ағымдағы шотын ашу тарату комиссиясы бөлімшесінің тұрған орнында Ұлттық Банк филиалы болмаған және екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашуға уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашуға жол беріледі.

      Банктің және оның филиалдарын (өкілдіктерін) тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы белгіленген тәртіппен таратылатын банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында, екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттарын жабады.";

      25-тармақ "осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      28-тармақтың 6) тармақшасындағы "өзге" деген сөз "көзделмеген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      29-тармақта:

      "тарату комиссиясының тартылған қызметкерлеріне" деген сөздердің алдынан "еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Еңбекке ақы төлеу шығыстарына, сондай-ақ өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығындары да қосылады.";

      30-тармақтың бірінші абзацындағы:

      "мүшелеріне," деген сөзден кейін "сондай-ақ тартылған қызметкерлерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      "оларға қатысты" деген сөздерден кейін ", уәкілетті органның, кепілдік беру жөніндегі ұйымның тарату комиссиясының құрамына енгізілген қызметкерлерін қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      31-тармақтың бірінші абзацындағы "жеке" деген сөз алынып тасталсын;

      36-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-1. "Күтпеген шығыстар" шығын бабы бойынша шығыстардың басқа бабында шығынға, сондай-ақ осы Ережеде белгіленген тәртіп бойынша келісілуі не бекітілуі мүмкін қажетті шығыстарға байланысты шығыстарды жүзеге асыруға жол берілмейді.";

      38-тармақтың бірінші абзацы "уәкілетті органға" деген сөздердің алдынан "шығыстар сметасын әрбір бап бөлігінде жасауды қалыптастыру кезінде осы Ереженің 26-тармағымен көзделген принциптерді сақтауды көрсететін түсіндірме жазбамен" деген сөздермен толықтырылсын;

      39-тармақ "тарату шығыстарының" деген сөздердің алдынан "шығыстар сметасын әрбір бап бөлігінде жасауды қалыптастыру кезінде осы Ереженің 26-тармағымен көзделген принциптерді сақтауды көрсететін түсіндірме жазбаның қосымшасымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 45-1, 45-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "45-1. Тарату шығыстары сметасы мынадай жағдайларда келісуге (бекітуге) жатқызылмайды:

      1) тарату комиссиясының осы Ереженің 26-тармағымен көзделген тарату шығыстары сметасын қалыптастыру принциптерін сақтауын көрсететін түсіндірме жазбаны бермеу;

      2) жоспарланған (жасалған) шығыстарды растайтын құжаттарды бермеу.

      45-2. Уәкілетті орган тарату шығыстары сметасын келісу немесе онымен келісуден бас тарту туралы банктің тарату комиссиясына жазбаша түрде хабарлама жібереді.

      Кредиторлар комитетінің тарату шығыстары сметасын бекіту немесе оны бекітуден бас тарту туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.";

      56-тармақтағы:

      "кредиторлармен" деген сөздің алдынан ", мүлікті сатудан, дебиторлық берешекті төлеттіруден" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қызмет көрсетуші банктегі" деген сөздер алынып тасталсын;

      58-тармақтағы "және келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тарату комиссиясының ағымдағы шотына аударылады" деген сөздер алынып тасталсын;

      69-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Есепті түрде берілген ақша оларды алған күннен бастап, ал іссапарлық шығыстар іссапар аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай жағдайларда қайтарылуы тиіс:

      1) мақсатқа лайық пайдаланылмаса;

      2) мақсатқа лайық пайдаланылатындығын растайтын құжаттар болмаса.

      Есепті түрде берілген және пайдаланылмаған ақшаны жалақыдан ұстауға жол берілмейді.";

      73-тармақтағы "Қосымшасына" деген сөздің алдынан "2-" цифрмен толықтырылсын;

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Тарату комиссиясы мүлікке баға беру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы(лар) бар бағалаушыны(лар) тарта отырып таратылатын банктің мүлкін бағалайды (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда).

      Тарату комиссиясы барлық мүлікке баға беруді бірмезгілде не мүліктің бөлігін сату шарасы қажеттігі бойынша жасайды.

      Баланстық құнына тәуелсіз жылжымайтын мүлікке, бірлігі үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен артық баланстық құны бар жылжитын мүлікке баға беру үшін бағалаушыны таңдау конкурс (тендер) өткізу жолымен жүзеге асырылады, оның қорытындысы бойынша ең тиімді шарттарды (көрсеткен қызметі үшін төлем мөлшері, бағалауды жүргізу мерзімі, бағалаушының филиалдық желісінің болуы және өзге де шарттар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Конкурс (тендер) өткізудің шарттарын тарату комиссиясының төрағасы анықтайды және ол республикалық немесе облыстық мерзімдік баспасөз басылымдарында жарияланады.

      Тарату комиссиясы елуден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі баланстық құны бар жылжитын мүліктің бір бірлігін бағалауға бағалаушыны таңдауды баға жөніндегі ұсыныстарды сұрату жолымен жүзеге асырады.

      Баланстық құны елуден кем болатын айлық есептік көрсеткіші бар жылжитын мүлік бағаланбайды.";

      106-тармақта:

      "он күндік мерзімде" деген сөздер "он жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Кредиторлар комитеті құрамының тізімін тарату комиссиясы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жасайды.";

      107-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын банктің басшы қызметкерлері, сондай-ақ, тарату рәсімдеріне, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қиянат келтіретін не басқалардың артықшылықтарын білдіретін іс-қимылдар жасауын, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезіндегі жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу факті(лер)сінің болуын белгілеуге қатысты осының алдында банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссияларының төрағасы немесе мүшесі болып табылған кредиторлар өкілдері енгізілмейді.";

      108-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Кредиторлар комитетіне енгізілген кредиторлар саны үш адамнан кем болмауы тиіс.";

      111-тармақта:

      3) тармақшада:

      "оның ішінде" деген сөзден кейін "орындамағаны және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "өз міндеттемелерін" деген сөздердің алдынан "және (немесе) төрағаның" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) тармақшада:

      "негізгі және" деген сөздер алынып тасталсын;

      "төрағасына және мүшелеріне" деген сөздер "төрағасына және (немесе) мүшелеріне, сондай-ақ тартылған қызметкерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      116-тармақтағы "заттай нысанда" деген сөздердің алдынан "оның бағалау құны, сондай-ақ таратылатын банктің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы есептегі дебиторлық берешек бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Тарату комиссиясы ұсынылған талаптарды (өтініштерді) белгілеген мерзім өткеннен кейін таныған, бірақ тарату балансы бекігенге дейінгі кредиторлар талабы кредиторлар талабы тізіліміне енгізілмейді, бірақ басқа кредиторлық берешек ретінде жеке баланс шотында ескеріледі және белгіленген мерзім ішінде анықталған кредиторлар талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған борышкер мүлкінен қанағаттандырылады.

      Тарату комиссиясының талаптарды (өтініштерді) ұсыну үшін белгілеген мерзімі өткеннен кейін белгілі болған және тарату комиссиясы танымаған кредиторлар талаптары кредитордың ұсынған талаптарының қанағаттандырылғандығы және олардың кредиторлар талаптары тізіліміне тиісті кезекке қойылғандығы жөніндегі сот шешімі негізінде ғана енгізіледі.";

      122-тармақта:

      "аукциондар өткізу жолымен" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Тарату комиссиясы бағалы қағаздардың ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған рыногында таратылатын банктің бағалы қағаздарын сатуды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен белгіленген тәртіппен іске асырады.";

      125-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Тарату комиссиясы баланстық құны елу айлық есептік көрсеткіштен төмен жылжитын мүлікті кредиторлар комитеті бекіткен бағамен жария сауда-саттық өткізбей сата алады.";

      126-тармақтың 2) тармақшасындағы "бар бағалаушыны" деген сөздер "бар бағалаушы(ларды)ны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      127-тармақшадағы "сатудың бастапқы бағасы" деген сөздерден кейін ", кезеңі" деген сөзбен толықтырылсын;

      135-тармақта:

      "сондай-ақ", "мен дебиторлары" деген сөздер алынып тасталсын;

      ", сондай-ақ банктің тарату комиссиясының төрағасы және мүшелері" деген сөздермен толықтырылсын;

      155-тармақтың оныншы абзацындағы:

      төртінші, бесінші сөйлемдер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша бірінші рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы мүлікті бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) тарта отырып, тарату комиссиясы белгілеген соңғы баға құнының 80% төмен болмауы керек. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша екінші рет және бірнеше рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы мүлікті бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) тарта отырып, тарату комиссиясы белгілеген соңғы баға құнының 50% төмен болмауы керек."

      160-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Егер сауда-саттық болмай қалған жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы болмай қалған сауда-саттық туралы хаттама жасайды.";

      173-тармақтағы "салымшыларға" деген сөздің алдынан "жіберілген міндеттемелер сомасын баланстан бір мезгілде есептен шығарып және таратылатын банктің кепілдік беруі бойынша ұйым үшін ашылған тиісті шотқа есепке ала отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      174-тармақтағы "басталған кезде" деген сөздерден кейін "кепілдік берілген депозиттер бойынша оның төленген (төленетін) сомасы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      Қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрышындағы "қосымшасы" деген сөздің алдынан "2" деген цифрмен толықтырылсын;

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбеллік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және еріксіз таратылатын банктердің тарату комиссияларына мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Төрайым

Е.Л. Бахмутова

"Келісілген"


Қазақстан Республикасының


Ұлттық Банкі


Төрағасы


_____________Ә.Ғ.Сәйденов


2008 жыл 10 қараша


(қолы, күні, елтаңбалы мөр)



  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 29 қазандағы
N 155 қаулысына 1-қосымша
"Қазақстан Республикасындағы
банктерді мәжбүрлеп тарату
ережесіне 1-қосымша

      ________жылғы____________тоқсанға арналған

      Тарату шығыстары сметасы

N

Шығыстар бабы атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен)

1

2

3

Ай


1

Еңбекке ақы төлеу шығыстары


1.1

Тарату комиссиясының Төрағасының, мүшелерінің еңбегіне, сондай-ақ еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тартылған қызметкерлер еңбектеріне ақы төлеу шығыстары



лауазымды жалақы сомасы



жеке табыс салығы сомасы



міндетті зейнетақы жарнасы сомасы


1.2

Өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған қызметкерлердің еңбектеріне ақы төлеу шығыстары


2

Бюджетке ақша аудару жөніндегі шығыстар



әлеуметтік салық



әлеуметтік аударымдар



мүлікке салынатын салық



көлік құралдарына салынатын салық



жер салығы



қосылған құн салығы



жер учаскесін пайдалану төлемі қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем


3

Әкімшілік шығыстар



қызметтік және шаруашылық қажеттіліктерге көлік жалдау жөніндегі қызмет



байланыс қызметі



үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализация жөніндегі қызмет



көлікті күзету жөніндегі қызмет



көлік үшін тұрақты ұсыну жөніндегі қызмет



көлікті тіркеу жөніндегі қызмет



көлікті техникалық қарау жөніндегі қызмет



көлікті сақтандыру жөніндегі қызмет



коммуналдық қызмет



мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын ағымдағы жөндеу, негізгі құрал-жабдықтарға техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) жөніндегі жұмыстар



үй-жайды жалдау



тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу жөніндегі қызмет



мүлікке баға беру жөніндегі қызмет



бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызмет



жылу жүйесін қосуға дайындық жөніндегі қызмет



сантехникалық жұмыстар



мүлікті сақтау жөніндегі қызмет



мемлекеттік баж салығын төлеу



нотариатта куәландыру жөніндегі қызмет



мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызмет



терезелер, есіктерге торкөзді дайындау және қою жөніндегі жұмыстар



аукциондар өткізу жөніндегі қызмет



инкассация қызметі



сараптама жасау жөніндегі қызмет



аудит жүргізу жөніндегі қызмет



құжаттарды аудару жөніндегі қызмет



телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе тасымалдау



актуалды жағдайдағы акционерлер тізілімдеріне қолдау көрсететін тіркеуші қызметі



Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жөніндегі қызмет және оларды мұрағатқа тапсыру



Таратуды тіркеу жөніндегі алымды төлеу


4

Тауар-материалдық құлдылықтарды сатып алу шығыстары



офис жабдықтарын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау



көлік құралдарын ұстау



үй-жайды ұстау



қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу



кеңсе тауарларын сатып алу



жанар-жағар май материалдарын сатып алу


5

Іссапарлық шығыстар


6

Күтпеген шығыстар


Айдың қорытындысы








Айдың қорытындысы








Айдың қорытындысы


Тоқсан ішіндегі барлығы



      Тарату комиссиясының төрағасы

      ____________________________________________ ______

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      Бас бухгалтер

      ____________________________________________ ______

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      Орындаушы

      ____________________________________________ ______

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      телефон.";

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын және қаржы

      ұйымдарын реттеу мен қадағалау

      агенттігі Басқармасының

      2008 жылғы 29 қазандағы

      N 155 қаулысына 2-қосымша

      "Қазақстан Республикасында

      банктерді мәжбүрлеп тарату

      ережесінің 3-қосымшасы

      Бекітемін

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын және қаржы

      ұйымдарын реттеу мен қадағалау

      агенттігі Төрайымының орынбасары

      ______________________________

      ______жыл "___"_______________

      Кредиторлар комитеті құрамының тізімі

      _________________________________________

      (таратылатын банктің атауы)

р/с

N

Кезектіліктің (санаттың) нөмірі және атауы

Кредиторлар комитеті құрамына енгізілген таратылатын банктің кредиторының атауы

Кредиторлық берешек сомасы

1

2

3

4










      Тарату комиссиясының төрағасы

      ____________________________________________ ______

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      Орындаушы

      ____________________________________________ ______

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      телефон.";