"Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 205 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 қарашада № 19640 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 болып тіркелген, 2006 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде № 9-10 жарияланған, 219-мақала) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидалары және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидалары және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар";

      кіріспе алып тасталсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидалары және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банктерді мәжбүрлеп таратуды жүзеге асыру тәртібі мен мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды.";

      19-тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы", "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" (бұдан әрі - орталық депозитарий), "Мемлекеттік кредиттік бюро" акционерлік қоғамдарын, кредиттік бюроларды банкті мәжбүрлеп тарату туралы және банктің тарату комиссиясының тағайындалғаны және банктің істерін аяқтау әрі оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктердің оған көшкендігі туралы хабардар етеді;

      4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік кірістер органдарын банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді;

      5) орталық депозитарийден банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күніндегі жағдай бойынша банктің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін сұратады;";

      21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Таратылатын банктің ағымдағы шоттары теңгеде және қажет болған жағдайда шетел валютасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады.";

      33-тармақтың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) акционерлердің тізілімін өзекті күйде ұстау үшін орталық депозитарийдің қызметіне;";

      173 және 174-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "173. Қатысушы банктің тарату комиссиясы депозиторларға өтемақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті есептеуді жасағаннан кейін міндеттемелердің берілген сомасын баланстан бір мезгілде есептен шығарып және оны таратылатын банктегі кепілдік беру жөніндегі ұйым алдындағы міндеттемелерді есепке алудың тиісті шотына есепке жаза отырып, салымшыларға төленуге тиіс өтемақы мөлшерінде кредиторлар талаптары тізілімінің екінші кезегіне кепілдік беру жөніндегі ұйымды енгізеді.

      174. Кепілдік беру жөніндегі ұйым тарату комиссиясы депозиттерін қайтару жөніндегі міндеттемелеріне кепілдік берілетін депозиторлар тізіміне және депозиттер бойынша өтеудің есебіне кіргізбеген тұлғаларға оның төлеген кепілді өтеу сомасы бойынша талап қойған жағдайда банктің тарату комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын даусыз деп тану туралы мәселені қарайды.

      Көрсетілген талаптар даусыз деп танылған кезде олар кепілдік беру жөніндегі ұйым үшін белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады. Көрсетілген талаптар толық қанағаттандырылғанша есептеу жүргізілген кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру тоқтатыла тұрады.".

      186-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "186. Тарату комиссиясы тарату балансы және банкті тарату туралы есеп бекітілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға жібереді.";

      188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "188. Банк қызметін тоқтату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілгеннен, банктің құжаттары архивке сақтауға тапсырылғаннан және бұл жөнінде уәкілетті органға хабарланғаннан кейін тарату комиссиясының өкілеттіктері тоқтатылады.";

      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мәжбүрлеп таратылатын
банктерді таратуды жүзеге
асыру қағидаларына және
олардың тарату
комиссияларының жұмысына
қойылатын талаптарға
1-қосымша";

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мәжбүрлеп таратылатын
банктерді таратуды жүзеге
асыру қағидаларына және
олардың тарату
комиссияларының жұмысына
қойылатын талаптарға
2-қосымша";

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мәжбүрлеп таратылатын
банктерді таратуды жүзеге
асыру қағидаларына және
олардың тарату
комиссияларының жұмысына
қойылатын талаптарға
3-қосымша".

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев