Почта байланысы қызметін көрсету Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 1 шілдедегі N 210-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3783. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен

      Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары торабын ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Автомобиль жолының Қарағанды қаласы арқылы өтетін жалпы ұзындығы 33 километр учаскесі М-36 "РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы" республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамынан Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қарағанды облысының әкімімен бірлесіп, автомобиль жолының жоғарыда көрсетілген учаскесін қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі