Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығы

      «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы № 9/2-V «Наурыз мейрамы мерекесіне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 18 сәуірде № 720 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 47 «Вечерняя Астана», 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 44 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Шекенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов