"Почта байланысы қызметтерін ұсыну ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 1 шілдедегі N 210-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіның 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 460-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 20 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3979. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен

      Ескерту. ҚР Көлік және коммуникация министрінің 06.06.2012 № 313 бұйрығымен.

      Почта байланысы саласының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Почта туралы" Заңының 7-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
 

      1. "Почта байланысы қызметтерін ұсыну ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 1 шілдедегі N 210-ө  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2005 жылғы 11 тамызда N 3783 тіркелген, "Заң газеті" 2005 жылғы 21 қазан, N 131-132 (756), мынадай толықтырулар енгізілсін:
 

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Почта байланысы қызметтерін ұсыну ережелерінде:
      47-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Ереженің 178-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғалар жөнелтетін хаттардың, почта карточкаларының, бандерольдер мен посылкалардың "Үкіметтік" және/немесе "Правительственное" деген белгісі болуы мүмкін.";
 

      90-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1)-тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) осы Ереженің 178-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғалардан қабылданған почта жөнелтімдерінде - "Үкіметтік" және/немесе "Правительственное" деп жазылады.";
 

      мынадай мазмұндағы 100-1-тармақпен толықтырылсын:
      "100-1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді мазмұндамайтын, "Үкіметтік" және/немесе "Правительственное" деген белгісі бар хаттарды, почта карточкаларын, бандерольдер мен посылкаларды осы Ереженің 178-тармағында көрсетілген тұлғалар жөнелте алады, және олар почта операторының кез келген өндірістік объектілерінде қолданыстағы тарифпен төлеу арқылы қабылданады.".
 

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және қаржылық реттеу департаменті (Сейтімбеков А.А.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге енгізсін.
 

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары Н.Ғ.Мұхамеджановқа жүктелсін.
 

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге алынған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға
      міндетін атқарушы