Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 477 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 31 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2689. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2017 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау тәртібін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішевке жүктелсiн.

Ұлттық Банк
Төрағасы



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 477 қаулысымен
бекітілген

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер және анықтамалар

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің және Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – уәкілетті банктер) бағалы металдардан жасалған монеталардан басқа, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау жөніндегі операцияларды және шынайылығы мен төлемділігі айқындалғаннан кейін олармен жекелеген операцияларды жүргізу тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттары мен монеталарының (бұдан әрі – банкнотар мен монеталар) төлемділігі олардың Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралы ретінде пайдаланылу қабілетінің болуы, сондай-ақ банкноттар мен монеталарда қолдан жасау белгілерінің болмауы болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Ақша айналысынан алынған банкноттар мен монеталар, сондай-ақ тесілген банкноттар мен қатпарланған монеталар заңды төлем құралы ретінде күшін жойған банкноттар мен монеталар болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5. Дайындау кезінде техникалық талаптардан көзге түсерліктей ауытқу (форматтың сәйкес келмеуі, жыртықтар, нөмірленуінің сәйкес келмеуі, түзетулер болуы, бояулардың араласып кетуі, бедердің араласып кетуі және/немесе көмескіленіп көрінуі және басқасы) жіберілген банкноттар мен монеталар жарамсыз болып қалған банкноттар мен монеталар болып табылады.

      6. Мынадай ақаулары бар:

      1) бояғыш заттар төгілген, оның ішінде жайылып кеткен бояулармен жазылған жазбалары бар;

      2) ультракүлгін жарық түсірген кезде көрінетін бөгде жазбалары бар;

      3) машинамен оқылатын белгілерді көрсетпейтін бөгде жазбалары бар;

      4) жыртылған банкноттар, желімденген немесе желімденбеген бөліктері еш даусыз бір банкноттікі болып табылатын және Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінің бірігіп елу пайызынан астам көлемін құрайтын банкноттар;

      5) бұрышынан немесе шетінен көлемінің бір пайызынан астамын жоғалтқан, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінен елуден астам пайызын сақтап қалған;

      6) ұзынынан он миллиметрден астам жыртығы бар, оның ішінде түссіз жабысқақ таспамен желімденген;

      7) банкноттағы тесіктердің болуы оны тесуді куәландыратын жағдайларды қоспағанда, диаметрінде үш және одан астам миллиметр болатын ойықтары, тесіктері және жыртықтары бар;

      8) банкнот бейнесінің жоғалуына әкеп соқтырған сырылу белгілері бар;

      9) от шалған және күйген, бірақ бұл ретте Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінен елуден астам пайызын сақтап қалған;

      10) қорғаныш жібі жойылған;

      11) банкнот бейнесінің және ашықтығының төмендеуіне әкеп соқтырған, бет және (немесе) сырт жақтары кірлеген банкноттар. Кірлеу дегеніміз шаңның, кірдің, майлардың және басқа да ластағыш заттардың болуы салдарынан банкнот бетінің қараюымен сипатталатын банкноттардың жай-күйі;

      12) үлбіреу және қағаздың қаттылығын жоғалту белгілері бар банкноттар тозығы жеткен банкноттар болып табылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Ақаулы (зақымдалған) монеталарға мынадай зақымдары бар:

      1) жаншылған, тесігі бар, майысқан, кетік, сынған (механикалық өңдеуге (қатпарлауға) ұшыраған монеталарды қоспағанда);

      2) қышқылға күйдіріліп, металл қосылған;

      3) жоғары температураның әсерінен зақымдалған;

      4) бастапқы түсін өзгерткен, бірақ аверсінде (бет жағында), реверсінде (сырт жағында) немесе қырында жазбаша және (немесе) сандық белгілерін сақтаған монеталар жатады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      8. Төлемділігін және шынайылығын анықтау үшін сараптама жүргізуді қажет ететін зақымдалған банкноттар мен монеталар күмәнді банкноттар мен монеталар болып табылады.

      9. Төлем банкноттары мен монеталарына жатқызуға болмайтын, Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілмеген зақымдары бар, "ҮЛГІ", "SPECIMEN" жазуы бар банкноттар, сондай-ақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінен елуден астам пайызын сақтап қалған, қайта жасалған банкноттардың түпнұсқа бөлігі болып табылатын, желімнің немесе кесілген жерінде жабысқақ таспаның іздері бар, тігінен түзу кесілген банкноттар мен монеталар төлемге жарамсыз банкноттар мен монеталар болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Қайта жасалған банкноттар және жалған банкноттар мен монеталар қолдан жасалған банкноттар мен монеталар болып табылады.

      11. Өзгерістер енгізілген банкноттың сыртқы түрін басқа номиналдағы түпнұсқа банкноттың түріне ұқсас ететіндей қылып, банкноттың номиналын өзгертетін сурет жапсырылған, үстіне сурет салынған немесе мәтін не сандар басылған түпнұсқа банкноттар қайта жасалған банкноттар болып табылады және мұндай қайта жасалған банкнот қайта жасалғанға дейінгі банкнотта көрсетілген номиналдан басқаша өзге бір номинал бойынша түпнұсқа банкнот болып қателесіп қабылдануы мүмкін.

      Бір фрагменті жалған болып табылатын бірнеше фрагменттен тұратын банкноттар да қайта жасалған банкноттарға жатқызылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. Шынайы болып табылмайтын, бірақ сыртқы түрі қалай да шынайы болып көрінетін банкноттар мен монеталар жалған банкноттар мен монеталар болып табылады.

      13. Төлем банкноттарына заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоймаған, шынайылығына күмән тудырмайтын және Ұлттық Банк белгілеген банкнот көлемдерінің жетпіс пайыздан кем емес, олардың номиналын білдіретін белгілерін (жазбаша немесе сандық) сақтаған және елеусіз зақымдары бар (егер олар банкноттардың шынайылығын анықтауға кедергі келтірмесе), оның ішінде тозған банкноттар жатады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Төлем монеталарына Қазақстан Республикасында заңды төлем құралы болып табылатын, бүліну сипатына қарамастан аверсінде (бет жағында), реверсінде (сырт жағында) немесе қырында жазбаша және (немесе) сандық белгілерін сақтап қалған шынайы монеталар, оның ішінде ақаулы (зақымданған) монеталар, сондай-ақ биколорлыққа жататын монеталардың екі бөлігі жатады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Айналыстан шығарылған, механикалық өңдеуден өткізілген (тесілген), банкноттардың заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтқанын куәландыратын тиісті белгілері (саңлаулары) бар банкноттар өтелген банкноттар болып табылады.

      Ұлттық Банк өтелу белгілерінің сипаттамаларын уәкілетті банктерге жібереді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      15-1. Айналыстан алынған, механикалық өңдеуге (бедерлеуге) ұшыраған, монеталардың заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтқанын білдіретін тиісті механикалық өңдеу (бедерлеу) белгілері бар монеталар бедерленген монеталар болып табылады. Ұлттық Банк бедерлеу белгілерінің сипаттамаларын уәкілетті банктерге жібереді.

      Ескерту. 1-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      16. Ұлттық Банк заңды төлем құралы ретінде айналысқа енгізген банкноттар мен монеталар шынайы банкноттар мен монеталар болып табылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Төлем банкноттары мен монеталары тозу дәрежесі бойынша айналысқа жарамды, тозығы жеткен, ақаулы (зақымданған), айналыстан алынатын болып бөлінеді. Айналысқа жарамды банкноттар мен монеталар өз кезегінде эмиссиялық ораудағы банкноттар мен монеталар және айналыста болған банкноттар мен монеталар болып бөлінеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Қазақстан Республикасының аумағындағы банкноттар мен монеталар (тозығы жеткен банкноттар мен ақаулы (бүлінген) монеталардан басқасы) барлық төлем түрлері мен ақша аударымдары үшін қабылдануы тиіс.

      19. Уәкілетті банктер ұсынылған сомаға қарамастан, тозығы жеткен төлем банкноттары мен ақаулы (бүлінген) монеталарды барлық төлем түрлері мен ақша аударымдары үшін қабылдайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Төлемге жарамсыз банкноттар мен монеталар төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін қабылданбайды.

      21. Қолдан жасалған банкноттар мен монеталар айырбасталуға, клиентке қайтарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының аумақтық құқық қорғау органдарына берілуге тиіс.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Банкноттар мен монеталардың төлемділігін
айқындау бойынша операцияларды және төлемділігі мен
шынайылығы анықталғаннан кейін олармен жекелеген
операцияларды жүзеге асыру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      22. Ұлттық Банк белгілеген банкнот көлемдерінің 50%-нан (елу пайызынан) астамын сақтаған, бүлінген, банкноттардың шынайылығын айқындауды қиындататын күмәнді банкноттарды уәкілетті банктер қабылдайды және олардың шынайылығын белгілеу үшін сараптамаға жібереді.

      Сараптама шынайы деп таныған банкноттар айналысқа жарамды банкноттарға айырбасталуы тиіс.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2015 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      23. Күмәнді монеталарды уәкілетті банктер қабылдайды және олардың шынайылығын белгілеу үшін сараптамаға жібереді.

      Сараптама шынайы деп таныған монеталар айналысқа жарамды монеталарға айырбасталуы тиіс.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2015 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      24. Уәкілетті банктерге келіп түскен тозығы жеткен, ақаулы (бүлінген) төлем банкноттары мен монеталары сұрыпталады, айналысқа шығарылмайды және Ұлттық Банктің филиалдарына жіберіледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген банкноттар мен монеталарды уәкілетті банктер айналысқа жарамды банкноттар мен монеталарға айырбастайды. Айырбастағаны үшін ақы алынбайды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Қағидалардың 22, 23-тармақтарында көрсетілген күмәнді банкноттар мен монеталар олардың шынайылығы және оларды айырбастау мүмкіндігі жөніндегі мәселені шешу үшін міндетті түрде Ұлттық Банктің филиалдарына сараптамаға жіберіледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      27. Уәкілетті банктердің касса қызметкерлері бүлінген банкноттардың сақталған көлемін анықтаған кезде арнайы торларды (Қағидаларға 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшалар) пайдаланылады.

      Бүлінген банкнот оның сериялық нөмірлері басылған беті көрінетіндей және сақталған шеттері тордың шектеріне дәл келетіндей етіп тиісті номиналға арналған торға орналастырылады. Егер банкноттың ешбір шеті толық сақталмаса, онда банкноттың ең аз зақымдалған екі шеті тордың төменгі және оң жақ шегімен беттестіріледі, бұл ретте оның бағытына мән берілмейді. Бүлінген банкноттың контуры айналдыра жиектеліп сызылады. Контурдың сызығы өткен торкөздер саны жинақталып қосылады да, екіге бөлінеді. Шыққан санға банкнотты жайып салған кезде жабылған торкөз саны қосылады. Шыққан нәтижеден бөлшек бөлігі алып тасталады. Егер алынған нәтиже тордың 140 немесе одан артық торкөзін құраса, банкнот айырбасталуға жатқызылады деп саналады.

      Тормен жұмыс істеген кезде банкноттардың көлеміндегі Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлеміндегі рұқсат етілген ауытқу шегіндегі ауытқулар есептелмейді. Рұқсат етілген ауытқулар шегін Ұлттық Банк уәкілетті банктерге жеке жеткізеді. Көлемдегі рұқсат етілген ауытқудың нәтижесінде банкнотпен толық жабылмаған торкөздер тұтас толтырылған болып саналады.

      Толтырылған торлар уәкілетті банк кассасының жеке ісінде сақталады және Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша беріледі. Торға оны толтырған касса қызметкері қол қояды және уәкілетті банктің касса меңгерушісі куәландырады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Бірнеше фрагменттен тұратын банкнотты (оның ішінде әртүрлі номиналдыларын) зерттегенде, егер аталған фрагменттерді Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлемінің 50 %-дан (елу пайыздан) астамы сақтаған болса немесе бұл еш даусыз бір банкнотқа жататын бірнеше фрагмент болып, олардың жиынтық шамасы Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлемінің 50%-дан (елу пайыздан) астамын құраса, оларды (егер олар шынайы болса) айналысқа жарамдыларымен алмастыру керек екенін ескеру қажет. Мұндайда банкноттың қанша бөлікке айрылып жыртылғанына (кесілгеніне) мән берілмейді. Фрагменттерді талдаған кезде, жыртылған (кесілген) сызығы, сутамғы белгілері, графикалық суреттері, жиектерінің көлемі, серия нөмірлері назарға алынады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      29. Егер банкнот әртүрлі банкноттардың (оның ішінде әртүрлі номиналдағыларының) екі фрагментінен құралса және фрагменттердің әрқайсысының шамасы Банк белгілеген банкнот көлемінің 50 %-дан (елу пайыздан) астамын құраса, онда бұл фрагменттердің әрқайсысы жеке банкнот болып қарастырылады және ол шынайы болып табылған жағдайда, айналысқа жарамды банкноттарға айырбасталуы тиіс.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің номиналы 1, 3 және 5 теңге

      банкноттарының төлемділігін анықтауға арналған тор

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 128 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
2-қосымша

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қоса алғанда 2005 жылға дейін шығарылған, номиналы 200, 500, 1000 және 2000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Көлемі 144 х 69 мм

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      200 торкөз банкноттың 100% шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың келіп түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі N __________

      Банкноттың көлемі: _____________ %

      Төлемділігін анықтауды тексерген:

      _________________________ ___________

      (фамилиясы, инициалдары) (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________ ___________

      (фамилиясы, инициалдары) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
3-қосымша

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қоса алғанда 2005 жылға дейін шығарылған, номиналы 5000 және 10000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Көлемі 149 х 74 мм

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      200 торкөз банкноттың 100% шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың келіп түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі N __________

      Банкноттың көлемі: _____________ %

      Төлемділігін анықтауды тексерген:

      _________________________ ___________

      (фамилиясы, инициалдары) (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________ ___________

      (фамилиясы, инициалдары) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
4-қосымша

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналы 200 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.03.2007 N 23 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Өлшемі 126 х 64 миллиметр










































































































































































































      200 тор банкнота шамасының 100 %-ына сәйкес келеді

      Банкнотаның түскен күні: ______________________

      Банкнотаның деректемелері:

      шығарылған жылы _______________________________

      номиналы ___________, сериясы ____, N _________

      Банкнота алаңы: ___________________%-ын құрайды

      Төлемділігін анықтауды тексерді:

      _________________________ ___________

      (аты-жөні) (қолы)

      Касса меңгерушісі_______________________ ___________

      (аты-жөні) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
5-қосымша

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналы 500 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.03.2007 N 23; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Өлшемі 130 х 67 миллиметр










































































































































































































      200 тор банкнота шамасының 100 %-ына сәйкес келеді

      Банкнотаның түскен күні: ___________________________

      Банкнотаның деректемелері:

      шығарылған жылы ____________________________________

      номиналы __________, сериясы ____, N _______________

      Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

      Төлемділігін анықтауды тексерді:

      _________________________ ___________

      (аты-жөні) (қолы)

      Касса меңгерушісі ________________ ___________

      (аты-жөні) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
6-қосымша

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналы 1000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту: 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.03.2007 N 23; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Өлшемі 134 х 70 миллиметр










































































































































































































      200 тор банкнота шамасының 100 %-ына сәйкес келеді

      Банкнотаның түскен күні: ___________________________

      Банкнотаның деректемелері:

      шығарылған жылы ____________________________________

      номиналы __________, сериясы ____, N _______________

      Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

      Төлемділігін анықтауды тексерді:

      _________________________ ___________

      (аты-жөні) (қолы)

      Касса меңгерушісі ________________ ___________

      (аты-жөні) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
7-қосымша

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналы 2000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту: 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы N 23 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Өлшемі 139 х 73 миллиметр










































































































































































































      200 тор банкнота шамасының 100%-ына сәйкес келеді

      Банкнотаның түскен күні: ___________________________

      Банкнотаның деректемелері:

      шығарылған жылы ____________________________________

      номиналы __________, сериясы ____, N _______________

      Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

      Төлемділігін анықтауды тексерді:

      _________________________ ___________

      (аты-жөні) (қолы)

      Касса меңгерушісі ________________ ___________

      (аты-жөні) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
8-қосымша

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналы 5000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту: 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.03.2007 N 23; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Өлшемі 144 х 76 миллиметр










































































































































































































      200 тор банкнота шамасының 100%-ына сәйкес келеді

      Банкнотаның түскен күні: ___________________________

      Банкнотаның деректемелері:

      шығарылған жылы ____________________________________

      номиналы __________, сериясы ____, N _______________

      Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

      Төлемділігін анықтауды тексерді:

      _________________________ ___________

      (аты-жөні) (қолы)

      Касса меңгерушісі ________________ ___________

      (аты-жөні) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
9-қосымша

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналы 10000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту: 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.03.2007 N 23; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Өлшемі 149 х 79 миллиметр










































































































































































































      200 тор банкнота шамасының 100%-ына сәйкес келеді

      Банкнотаның түскен күні: ___________________________

      Банкнотаның деректемелері:

      шығарылған жылы ____________________________________

      номиналы __________, сериясы ____, N _______________

      Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

      Төлемділігін анықтауды тексерді:

      _________________________ ___________

      (аты-жөні) (қолы)

      Касса меңгерушісі ________________ ___________

      (аты-жөні) (қолы)