Пошта мөртабанын пошта жөнелтімдерінде қолдану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттындыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 9 шілдедегі N 291 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5734 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Ғылыми дәреже мен атаққа ие болған тұлғаларға берілетін дипломдарды, аттестаттарды және олардың төлқұжаттарын рәсімдеу мен беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестаттау комитеті төрағасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 163-Зж (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде N 2852 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Ж.Түймебаев