Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге р

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі N 435 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5768 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының
9 -бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру ережесі бекітілсін.
      2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге рұқсаттарды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 24 мамырдағы N 16-6/69 п (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4259 нөмірмен тiркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 6 шілдедегі N 123 (929) санында жарияланған) бұйрығы;
      2) "Жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған түрлерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 23 мамырдағы N 121 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4321 нөмірмен тiркелген,  Заң газетінде" 2006 жылғы 8 тамыздағы N 144 (950 ) санында жарияланған) бұйрығы.
      3) "Жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған түрлерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 23 мамырдағы N 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 шілдедегі N 239 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4854 нөмірмен тiркелген, "Заң газетінде" 2007 жылғы 10 тамыздағы N 122 (1150 ) санында, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында, 2007 жылғы тамыз-қыркүйекте жарияланған) бұйрығы.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Толқымбеков Е.Р.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                         А. Күрішбаев

       "КЕЛІСІЛДІ"    
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің 
      міндетін атқарушы  
      __________ Ә. Смайылов
      2009 жылғы 4 тамыз

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2009 жылғы 30 шілдедегі
N 435 бұйрығымен    
бекітілген       

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері  мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Ереже жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беруді реттейді.
      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар және терминдер қолданылады:
      1) балықтар мен басқа да су жануарлардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдер - балықтар мен басқа да су жануарлардың кез-келген оңай танылатын бөліктері, сондай-ақ олардың тiршiлiк ету өнiмдерi: кесіп-бөлінген, кептірілген уылдырық, шәует, цисталар және басқалары, сонымен бірге шикі, салқындаған, мұздатылған түрде;
      2) жануарлар дүниесі объектілері бөліктері мен олардың туындылары (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) – тіршілік әрекетінің өнімдері қан, мускус, жұмыртқа, у, қанаттар, мамық;
      3) аңшылық олжа – жануарлар мен құстардың кез келген оңай танылатын бөлігі, терісі немесе олардың бөлігі, қаңқасы немесе сүйегі, бас сүйегі, мүйізі, бұғы мүйізі, сауыты, тұлыбы.
      4. Аңшылық олжаларын қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті) береді.
      5. Балықтарды және өзге су жануарларын, оның ішінде балықтардың және өзге су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкелуге рұқсаттарын (бұдан әрі – Балық әкелуге рұқсат) осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкелу орны бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – Инспекция) береді.
      6. Балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерін әкетуге рұқсаттарды (бұдан әрі – Балық әкетуге рұқсат) осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аулау (алып қою), өсіру немесе сатып алу орны бойынша Инспекциялар береді.
      7. Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерімен халықаралық сауда туралы (бұдан әрі – СИТЕС Конвенциясы) Конвенцияның қосымшасына енгізілген жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiне, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тиiстi құжаттарды бергенге дейiн мемлекеттік баж төленеді.
      8. Осы Ережелер заңнамалық актілерде және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

2. Рұқсат алуға құжаттарды ұсыну тәртібі

      9. Жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді (бұдан әрі – үлгілер) Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге өтінімдерді заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде жеке келісім-шарт және өтінім берушінің сенімхаты негізінде заңды және басқа да қызметтер көрсететін тұлғалар (бұдан әрі - өтінім берушілер) осы Ережелердің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне жібереді.
      10. Балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуді жоспарлап отырған тұлға Рұқсат алу үшін әкелу орнындағы Инспекцияға осы ережелерге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат сатып алу жөнінде өтінім беруші қол қойған Өтінім (бұдан әрі – Балық әкелуге өтінім) береді.
      11. Балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуді жоспарлап отырған тұлға Рұқсат алу үшін балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді аулау немесе сатып алу орнындағы Инспекцияға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат сатып алу жөнінде өтінім беруші қол қойған Өтінім (бұдан әрі – Балық әкетуге өтінім) береді.
      12. Заңды тұлға беретін жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алуға өтінімдер өтінім берушінің мөрімен куәландырылады.
      13. Үлгілерді Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге берілетін өтінімге мына құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
      1) құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлға үшін) (нотариалды куәландырылған);
      2) үлгілердің шығу тегін, оларды олжалау және сатып алу заңдылығын растайтын құжаттар (табиғаттан алынды, сатып алынды, сыйға тарту немесе мұра ретінде алынды және басқалар);
      3) экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісім-шарт немесе осы әкелуді немесе әкетуді (болған жағдайда) жүзеге асыру ниетін растайтын өзге шарттық құжат;
      4) әкелінетін және әкетілетін үлгілердің экспорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігіне сәйкестігін растайтын құжат;
      5) салық төлеушінің куәлігі (СТН) немесе сәйкестендіру нөмірі бар құжат (тіркеу органы беретін сәйкестендіру нөмірінің бар екендігін растайтын құжат).
      14. Балық әкетуге берілетін Өтінімге Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге мәлімделген балықтарды және өзге су жануарларын, олжалаудың, жасанды жағдайларда өсірудің немесе сатып алудың заңдылығын растайтын мына құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса тіркеледі:
      1) құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы куәлік (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлға үшін), салық төлеушінің куәлігі (СТН) немесе сәйкестендіру нөмірі бар құжат (тіркеу органы беретін сәйкестендіру нөмірінің бар екендігін растайтын құжат);
      2) балықтарды және өзге су жануарларын (болған жағдайда) сатып алу-сатуға балық шаруашылығы ұйымымен немесе су айдынын пайдаланушымен жасалған шарт;
      3) зақымдану, денсаулыққа қатер төну немесе қатыгездікпен қарау тәуекелін барынша азайту үшін үлгілерге (болған жағдайда) тиісті дәрежеде күтім жасау жағдайлары бар ұйыммен жасалған шарт;
      4) балықтарға және өзге су жануарларына, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерге (болған жағдайда) иелік ету немесе пайдалану құқығына сенімхат;
      5) балықтарды және өзге су жануарларын сатып алу заңдылығын растайтын құжаттар (сатып алу заңдылығын растайтын құжат ретінде сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, тауар құжаттамасы немесе тауар чегі, немесе банктың белгісі бар төлем тапсырысы болуы мүмкін).
      15. Балық әкетуге берілетін Өтінімге келесі құжаттар қоса тіркеледі:
      1) құрылтай құжаттары және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (заңды тұлға үшін), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлға үшін), салық төлеушінің куәлігі (СТН) немесе сәйкестендіру нөмірі бар құжат (тіркеу органы беретін сәйкестендіру нөмірінің бар екендігін растайтын құжат);
      2) өнім өңдеуші белгілеген балық өңдеу кезіндегі шығын нормалары.
      16. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа сатып алу нысанына байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге мәлімделген балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді олжалаудың заңдылығын, жасанды жағдайларда өсірудің немесе сатып алудың заңдылығын растайтын Өтінімге мына құжаттар қосымша тіркеледі:
      1) егер әкетілетін балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді өтініш жасаушы жасанды жолмен өсірген болса, онда өтініш беруші балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді өсірген ұйым берген, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган куәландырған анықтаманы беруі тиіс (түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме);
      2) егер әкетілетін балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді өтініш жасаушы аулап алған  болса, онда өтінуші осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес әкетілетін балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктерін аулауға рұқсат ету туралы балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның берген анықтамасын ұсынуы тиіс;
      3) егер әкетілетін балықтар және өзге су жануарлары, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдер сатып алынған болса, онда өтініш жасаушы әкетіліп бара жатқан балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді сатып алуды растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс (сатып алу заңдылығын  растайтын құжат, сатып алу-сату шарты немесе сыйға тарту шарты, тауар құжаттамасы, тауар чегі немесе банк белгісі бар төлем тапсырысы болуы мүмкін).

3. Үлгілерді әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру тәртібі

      17. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті өтінімді алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде осы өтінімді қарап, рұқсатты ресімдейді, не берілген өтінім осы Ереженің 13-тармағына сәйкес келмеген жағдайда және осы ережелерге 3-қосымшада көзделген Өтінім нысанына сәйкес келмеген жағдайда дәлелдер келтірілген бас тарту жібереді. Өтінім беруші ұсынылған құжаттардың кемшіліктерді жойғаннан кейін материалдарды Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне қайта қарауға жіберуге құқылы.
      18. Рұқсат тиісінше Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бланкісінде осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған басшының қолы қойылады және тиісінше Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің мөрі басылады. Үлгілердің әрбір тобы үшін жеке рұқсат ресімделеді.
      19. Рұқсаттар өтініш жасаушыға немесе басқа адамға осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттар беру журналына қол қою арқылы өтініш жасаушының сенімхаты бойынша беріледі.
      20. Берілген рұқсат ол берілген сәттен бастап алты ай бойы күшінде болады.
      21. Жеке тұлға жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) алып қоюға берілген рұқсат құжаттарына (аң аулау рұқсаты, аң аулау хаттамасы, олжалау парағы) сәйкес аулаған СИТЕС Конвенциясының Қосымшасына енгізілмеген аңшылық олжаларға, сондай-ақ аңшылық олжаларды меншік құқығын бермей тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшін басқа тұлғаға беру кезінде әкетуге рұқсат талап етілмейді.

4. Балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру тәртібі және рұқсат беруден бас тарту

      22. Инспекция балықтарды әкелуге Өтінімді және (немесе) балықтарды әкетуге Өтінімді Инспекцияға Өтінім келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарайды, содан кейін балықтарды әкелуге Рұқсат және (немесе) балықтарды әкетуге Рұқсат өтінім берушілерге береді не дәлелдер келтірілген бас тарту құжатын береді.
      23. Рұқсаттар беруден бас тартуға:
      1) Өтінімге қоса берілетін құжаттардың толық топтамасын тапсырмау;
      2) Өтінімде көрсетілген мәліметтерді және оған қоса берілетін құжаттарды толық көлемінде ұсынбау;
      3) өтініш берушінің әкетіліп бара жатқан балықтардың және өзге су жануарларының, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдердің шығу тегі, ауланған, өсірілген, сатып алынған орны туралы қасақана жалған ақпарат беруі болып табылады.
      24. Егер Инспекция осы Ереже белгілеген мерзімде өтініш жасаушыға Рұқсат бермесе не Рұқсат беруден бас тарту себебі жайында өтініш берушіні жазбаша хабардар етпесе немесе өтініш берушіге негізсіз бас тарту құжатын берсе, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы әрекеттер бойынша шағымдануына болады.
      25. Алушылар сатып алған Рұқсаттарды, заңды тұлға басқа заңды тұлға болып қайта құрылуын қоспағанда, өзге ұйымдар мен адамдарға мүлікті иеліктен айыруына жол берілмейді.
      26. Рұқсаттар балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге берілген рұқсаттарды есепке алу және тіркеу журналында тіркеліп, өтініш берушіге немесе басқа адамға нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша не заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарымен осыған уәкілетті өзге адам қол қойған және осы ұйымның мөрімен куәландырылған сенімхат бойынша беріледі. Рұқсаттардың түбіртектері Инспекцияда қалады.
      27. Өтініш жасаушы балықтарды және өзге су жануарларын, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді болжамды әкелуге немесе әкетуге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Инспекцияға әкетілетін балықтардың және өзге су жануарларының, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдердің түрі мен мөлшері бөлігінде бұдан берілген Өтінімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында өтініш жасай алады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін Өтінімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілмейді
      28. Өтініш жасаушы әкелу немесе әкету күніне дейін Инспекцияға бұдан бұрын берілген Рұқсаттарды жою жайында өтініш жасай алады. Бұл жағдайда өтініш жасаушы Рұқсаттардың түпнұсқаларын Инспекцияға қайтарады.
      29. Рұқсаттың қолданылу мерзімі – ол берілген күннен бастап алты ай.
      30. Өтініш жасаушы қайта тіркеуден өткен жағдайда Рұқсат осы ереженің 29-тармағында көрсетілген мерзім күшінде болады.
      31. Рұқсаттар әкетілетін жануарлар дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдердің мәлімделген көлеміне (мөлшеріне) беріледі.
      32. Рұқсаттар бланкілері мен берілген Рұқсаттардың түбіртектері қатаң есептіліктегі құжаттар болып табылады.

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың  
бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді,
оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін 
және құрып кету қаупі төнген санаттарына 
жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттар беру ережесіне      

      1-қосымша

      
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
__________________________________
аумақтық орган

                                            Басқаға беру құқығынсыз

Балық және өзге су жануарлар, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге
Рұқсаттың түбіртегі N __________    

1

Берілді (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның аты-жөні, жеке кәсіпкердің аты-жөні)


2

Әкелудің мақсаты


3

Әкелу рұқсат етіледі (балықтың атауы және басқа су жануарлар олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді (салмақ (кг/тн)


4

Әрекеттің мерзімі


5

Негізгі талап (жеке куәлік және басқа құжаттар)


Берілген күні "___"______________ 200__ ж

М.О. Қолы _______________________________
            (лауазымды адамның Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
__________________________________
аумақтық орган

                                            Басқаға беру құқығынсыз

Балық және өзге су жануарлар, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге
Рұқсаттың N__________

1

Берілді (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның аты-жөні, жеке кәсіпкердің аты-жөні)


2

Әкелудің мақсаты


3

Әкелу рұқсат етіледі (балықтың атауы және басқа су жануарлар олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді (салмақ (кг/тн)


4

Әрекеттің мерзімі


5

Негізгі талап (жеке куәлік және басқа құжаттар)


Берілген күні "___"_______________ 200__ ж

М.О. Қолы ______________________________
            (лауазымды адамның Т.А.Ә.)

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың  
бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді,
оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін 
және құрып кету қаупі төнген санаттарына 
жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттар беру ережесіне        

      2-қосымша 

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
__________________________________
аумақтық орган

                                            Басқаға беру құқығынсыз

Балық және өзге су жануарлар, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге
N ________ Рұқсат түбіртегі

_____________________________________________________________
  (заңды тұлғаның атауы, заңды тұлғаның жауапты адамының аты-жөні,                           әкесінің аты, қызметі
_______________________________________________________________________________________________
     орналасқан орны немесе жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты,
                  азаматтығы, тұрғылықты жері )


Балықтар және өзге су жануарлары, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді

Балық түрі

Салмағы (кг/тн)

1

Жас (шикі-балық), салқындатылған балық



2

Тірі балық және басқа су жануарлары



3

Мұздатылған балық



4

Бөлінген балық



5

Балық уылдырығы



6

Шаяндар



7

Гаммарус



8

Артемия sp.(цисты)



9

Басқалар (көрсету)
















Барлығы



Әкетуге кедендік рәсімдеу пункті _ _________________________
Алушы-мемлекет ____________________________________________
Рұқсат әрекетінің мерзімі : алты ай
Берілген күні "____"_______________ 200__ ж.
М.О. Қолы ______________________________________
                         (лауазымды адамның Т.А.Ә.)     

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
__________________________________
аумақтық орган

                                            Басқаға беру құқығынсыз

Балық және өзге су жануарлар, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге
N ________ Рұқсат

__________________________________________________________________
  (заңды тұлғаның атауы, заңды тұлғаның жауапты адамының аты-жөні,                           әкесінің аты, қызметі
_______________________________________________________________________________________________
     орналасқан орны немесе жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты,
                  азаматтығы, тұрғылықты жері )


Балықтар және өзге су жануарлары, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді

Балық түрі

Салмағы (кг/тн)

1

Жас (шикі-балық), салқындатылған балық



2

Тірі балық және басқа су жануарлары



3

Мұздатылған балық



4

Бөлінген балық



5

Балық уылдырығы



6

Шаяндар



7

Гаммарус



8

Артемия sp.(цисты)



9

Басқалар (көрсету)
















Барлығы



Әкетуге кедендік рәсімдеу пункті _ _________________________
Алушы-мемлекет ____________________________________________
Рұқсат әрекетінің мерзімі : алты ай
Берілген күні "____"_______________200__ ж.
М.О. Қолы ______________________________________
                         (лауазымды адамның аты-жөні)

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың  
бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді,
оның ішінде жануарлардың cирек кездесетін 
және құрып кету қаупі төнген санаттарына 
жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттар беру ережесіне       

      3-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы          
Ауыл шаруашылығы министрлігінің     
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті 

________________________________________
      (заңды тұлғаның толық атауы)    
________________________________________
      (жеке тұлғаның, жеке кәсіпкердің  
________________________________________
      тегі, аты, әкесінің аты),    
________________________________________
      (мекен-жайы, телефон және факс нөмірі)

Жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген санатқа жатқызылған жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және/немесе одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсатына ие болуға
ӨТІНІМ

___________________________________________________________________
___________________________________ Қазақстан Республикасына әкелуге
(қажеттісінің асты сызып қойылсын)
Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын
Үлгіні әкелетін және/немесе әкететін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы _______________________________________
___________________________________________________________________
Үлгіні әкелудің және/немесе әкетудің мақсаты ______________________
Үлгінің түрі ______________________________________________________
Тірі үлгілер үшін – жынысы мен жасы, ұқсату белгілерінің болуы (сақиналар, микрочиптер және басқалар)
___________________________________________________________________
Тірі үлгілердің саны немесе салмағы _______________________________
Үлгілердің бөліктері мен олардан жасалған өнімдердің саны немесе салмағы ___________________________________________________________
Үлгілерді әкелудің және/немесе әкетудің жоспарланып отырған мерзімі мен кедендік ресімдеу бекеті, көлік құралдары мен маршрут сұлбасы  ___________________________________________________________________
Тірі үлгілер үшін үлгі тасымалдауға дайын болатыны және ол барынша аз зақымдану тәуекелімен, денсаулығына қауіп төндірілмей жөнелтілетіні немесе оған қатыгездік жасалмайтыны жөнінде растама _______________
___________________________________________________________________
Экспорттаушының (қайта экспорттаушының) және импорттаушының заңды мекен-жайы орыс және ағылшын тілдерінде, олардың телефондары немесе факстары ___________________________________________________________ ____________________________________________________________________

20___ ж. ________________  _________________________________________     (өтінім берілген күн)                   (қолы, Т.А.Ә.)

                            МО (заңды тұлға үшін)

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың   
бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, 
оның ішінде жануарлардың cирек кездесетін  
және құрып кету қаупі төнген санаттарына  
жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттар беру ережесіне        

      4-қосымша  

___________________________________________________________________
           (уәкілетті органның аумақтық органың толық атауы)
___________________________________________________________________
        заңды тұлға атауы немесе жеке тұлғаның толық аты-жөні
___________________________________________________________________

Балық және өзге су жануарлар, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсатты  алу үшін өтінім

      Балық және басқа су жануарларын әкелуге рұқсат беруiңiздi сұраймын.
      1. Әкелуге өтінім берілген балықтардың және басқа су жануарларының жалпы көлемі (кг/тн) _____________________________,


Балықтар және өзге су жануарлары

түрі

Салмағы (кг/тн)

1

Тірі балық



2

Басқа тірі су жануарлары
















Барлығы



Қолы ______________________________
        (Аты-жөні)

МО

      Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың   
бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, 
оның ішінде жануарлардың cирек кездесетін  
және құрып кету қаупі төнген санаттарына  
жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттар беру ережесіне          

      5-қосымша  

____________________________________________________________________
       (уәкілетті органының аумақтық органының толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлға атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні (толық)__________________________________________________________________________________________________________________________________________

Балық және өзге су жануарлар, олардың бөліктері мен  олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсатты иелену үшін өтінім

      Балық және өзге су жануарлар, олардың бөліктері мен туынды түрлерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруiңiздi сұраймын.
      1. Әкетуге өтінім берілген балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерінің жалпы көлемі (кг/тн),     


Балықтар және өзге су жануарлары, олардың бөліктері

түрі

Салмағы (кг/тн)

1

Жас (шикі-балық), салқындатылған балық



2

Тірі балық және басқа су жануарлары



3

Мұздатылған балық



4

Бөлінген балық



5

Балық уылдырығы



6

Шаяндар



7

Гаммарус



8

Артемия sp.(цисты)



9

Басқалар (көрсету)
















Барлығы



      2. Әкетілетін балық, сондай-ақ әкетілетін балық, олардың бөліктері мен туынды түрлері (әкетілетін балық, сондай-ақ өтінім беруші немесе аулаған тұлғамен әкетілетін балықтар, олардың бөліктері мен туынды түрлері ауланған кезде толтырылады) "__" ________ 20__ ж. _____________________________________________________________________
 (әкетілетін балықты, сондай-ақ балықтарды, олардың бөліктері мен
_____________________________________________________________________
туынды түрлерін аулаған заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның
                           аты-жөні (толық)
___________________________________________________________________
 (балық қорлары мен басқа да су жануарларын пайдаланушы болып
__________________________________________________________ бекітілген
табылатын заңды тұлға атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні (толық)
__________________________________________________________ де аулаған
    (балық шаруашылығы су тоғанының атауы (учаскесі)

Аулауға негіз _______________________________________________________
                      (балық аулау шарты, балық шаруашылығын жүргізу шарты,
_____________________________________________________________________
  балық аулауға рұқсат реквизиттері (нөмірі, күні, кіммен берілген))

      3. Әкетілетін балық, сондай-ақ әкетілетін балық, олардың бөліктері мен туынды түрлері (әкетілетін балық, сондай-ақ өтінім беруші немесе аулаған тұлғамен әкетілетін балықтар, олардың бөліктері мен туынды түрлері өсірілген кезде толтырылады) ) ____________________________________________________________________
(әкетілетін балықты, сондай-ақ балықтарды, олардың бөліктері мен _____________________________________________________________________________________
  туынды түрлерін өсірген заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның
                          аты-жөні (толық)
_________________________________________________________ де өсірген
                    (су тоғанының атауы)                           

4. Әкетілетін балық, сондай-ақ әкетілетін балық, олардың бөліктері мен туынды түрлері _________________________________________________
                    (әкетілетін балықты, сондай-ақ балықты, олардың
____________________________________________________________________
   бөліктері мен туынды түрлерін іске асырған заңды тұлғаның
________________________________________________________ сатып алынды
      атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні (толық)

Әкетуді кедендік рәсімдеу пункті ___________________________________
Алушы-ел ___________________________________________________________
Әкету мерзімі ______________________________________________________
Өтінім берушінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі заңды мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін - тұрғын мекен-жайы, тұлғаны куәландыратын құжаттар мәліметтері), _____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Телефон/факс байланыс нөмірлері ____________________________________

Күні "____"_______________ 200__ ж.

Қолы ______________________________
             (Аты-жөні)

      МО

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың   
бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, 
оның ішінде жануарлардың cирек кездесетін  
және құрып кету қаупі төнген санаттарына  
жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттар беру ережесіне          

6-қосымша 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті

____________________________________________________________________
                (уәкілетті органның аумақтық органы)
____________________________________________________________________

Балық және басқа су жануарларын аулау туралы анықтама

____________________________________________________________________
  (заңды тұлғаның атауы, заңды тұлғаның жауапты адамының лауазымы,
____________________________________________________________________
   аты-жөні, әкесінің аты, қызметі, немесе жеке тұлғаның аты-жөні,
_____________________________________________________________________              әкесінің аты, азаматтығы, тұрғылықты жері)
___________________________________________________________ берілген.
                (бұдан әрі - Пайдаланушы)

Осы анықтама Пайдаланушы төмендегі сандық-түрлік құрамындағы балықты негізінде ауланғанын растайды ______________________________________
                         (балық аулау шарты, балық шаруашылығын жүргізу шарты,
_____________________________________________________________________      балық аулауға рұқсат реквизиттері (нөмірі, күні, кіммен берілген)

N

Балық және басқа су жануарларының түрлері

Салмағы (кг/тн)

Ескерту

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10





Барлығы



2. Әкетілетін балық "____" _________ 20 __ ж. ______________________
_____________________________________________________________________
        (әкетілетін балықты аулаған заңды тұлғаның атауы
_____________________________________________________________________
              немесе жеке тұлғаның аты-жөні (толық)
____________________________________________________________________      (балық қорлары мен басқа да су жануарларын пайдаланушы болып
____________________________________________________________________
                табылатын заңды тұлға атауы немесе жеке _________________________________________________________ бекітілген
                   тұлғаның аты-жөні (толық)
________________________________________________________ де аулаған
    (балық шаруашылығы су тоғанының атауы (учаскесі)

Аулауға негіз ______________________________________________________
               (балық аулау шарты, балық шаруашылығын жүргізу шарты,
____________________________________________________________________
  балық аулауға рұқсат реквизиттері (нөмірі, күні, кіммен берілген))

      Анықтама балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсатты алу үшін берілген.

Анықтама беру күні "____"_______________ 20____ ж.

МО Қолы ________________________________________
              (қызметтік тұлғаның аты-жөні)

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың    
бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді,  
оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін   
және құрып кету қаупі төнген санаттарына   
жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге 
рұқсаттар беру ережесіне        

7-қосымша     

Қазақстан Республикасы                Республика Казахстан
  Ауыл шаруашылығы                        Министерство
     министрлігі                      Сельского хозяйства

ОРМАН ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚ                          КОМИТЕТ
    ШАРУАШЫЛЫҒЫ                      ЛЕСНОГО И ОХОТНИЧЬЕГО
     КОМИТЕТI                               ХОЗЯЙСТВА

010000, Астана қаласы, Орынбор к-сі                 010000, г. Астана ул. Орынбор
"Министрліктер үйі", 5 кіреберіс                    "Дом министерств" 5 подъезд
тел/факс: (8-717-2)74-33-25, 74-33-00            тел/факс: (8-717-2)74-33-25, 74-33-00
__________________ N ___________                                         
На N ________ от _______________

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
РҰҚСАТ N
(қажеттісін белгілеңіз)

Берілді (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә.)


Әкелу немесе әкету мақсаты (қажеттісін белгілеңіз)


Рұқсат етіледі (жануардың немесе үлгінің атауы, саны және басқалар) (қажеттісін белгілеңіз)


Жарамдылық мерзімі


Ерекше жағдайлары (куәландыратын және басқа да құжаттардың болуы)


Төраға ________________________________________
                   (қолы, аты жөні)

      МО

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың  
бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді,
оның ішінде жануарлардың cирек кездесетін 
және құрып кету қаупі төнген санаттарына 
жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттар беру ережесіне         

8-қосымша

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттарды тіркеу журналы     

р/с
N

Рұқсат N

Пайдалану түрі (жануарлар түрлері, саны)

Жарамдылық мерзімі

Кімге берілді (жеке немесе заңды тұлғалар, сонымен бірге өтінім берушінің сенімхаты негізінде)

Өтініш берушіге рұқсат берілген күн және рұқсаттың N

Алушының деректері (Т.А.Ә., жеке куәлігінің N)

Алушының қолы