"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
Уақытша сақтау орындарына қойылатын мiндеттемелер туралы нұсқаулық;
Кедендiк ресiмдеудi жүргiзудiң орны мен уақыты туралы нұсқаулық;
Кедендiк жүк декларациясын тапсыру мерзiмiн ұзарту ережесi;
Жүк кеден декларациясын, құжаттар мен кеден мақсаттары үшiн қажет қосымша мәлiметтердi ұсыну, қабылдау мен тексеру жөнiндегi нұсқаулық;
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiне қатысушылардың алдын-ала жасалатын операциялар сатысында есеп құжаттарын ұсынуының тәртiбi;
Кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған растауларды берудiң Ережесi;
Мiндеттi сертификаттауға жататын тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың Ережесi;
Жедел жеткiзiлiмдер кезiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу Ережесi;
Тауарларды алдын ала мәлiмдеу рәсiмiн қолдану жөнiндегi Ереже;
Тауарларды арагiдiк мәлiмдеу рәсiмiн қолдану жөнiндегi Ереже;
Кедендiк брокер ретiнде iс-әрекет жасау құқығын беретiн лицензияларды беру, күшiн тоқтату және керi шақыру жөнiндегi нұсқаулық;
Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманға бiлiктiлiк аттестатын берудiң ережесi;
Мамандарды кедендiк ресiмдеу бойынша аттестация жүргiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң Орталық комиссиясы туралы ереже;
"Жасыл және қызыл дәлiздер" жүйесiн пайдалана отырып жеке тұлғалар өткізетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау жөнiндегi ереже;
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн болмаса халықаралық байланыс үшiн ашық кеден бақылауы аймағында не әуежай аймағында орналасқан жеке тұлғаларға жеке қарау жүргiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулық;
Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн тауарларын кедендiк ресiмдеу, декларациялау және кедендiк бақылаудың осы Ережесi;
Қысқаша декларацияны толтыру жөнiндегi нұсқаулық;
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ режимiнде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесi.
Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 6 наурыздағы N 69 бұйрығымен .
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Г.Ә. Мұхамедиева) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Баспасөз қызметi (Б.Т. Омарәлиев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының орынбасары Б.Т. Жұмабаевқа жүктелсiн.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Тауарлар мен көлiк құралдарын
кедендiк ресiмдеу туралы
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнiң
2001 жылғы 15 ақпандағы
N 54 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс
министрлiгi Кеден комитетiнiң күшi жойылған кейбiр
бұйрықтарының
ТIЗБЕСI
1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 532-Б бұйрығы .
2. "Жүктiк кедендiк декларациялардың электрондық көшiрмелерi туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 1998 жылғы 30 қарашадағы N 242-Б бұйрығы .
3. "Мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдердi (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелудiң тәртiбiн қолдануға енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 175-Б бұйрығы .
4. "Жүктiк кедендiк декларацияны берудiң мерзiмдерiн ұзарту туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 2000 жылғы 22 мамырдағы N 160-Б бұйрығы .
5. "Мерзiмдi және алдын ала декларациялаудың рәсiмi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң 1997 жылғы 23 маусымдағы N 161-Б бұйрығы .
6. "Толық емес мерзiмдi декларациялау туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1996 жылғы 31 қазандағы N 222-Б бұйрығы .
7. "Тауарларды жедел әкелу кезiнде кедендiк ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң 1997 жылғы 8 шiлдедегі N 176-Б бұйрығы .
8. "Кедендiк брокер ретінде қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды берудiң, қолданылуын тоқтата тұрудың және кері қайтарып алудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетінiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 529-Б бұйрығы .
9. "Қазақстан Республикасының аумағында кедендiк жеңілдіктердi пайдаланатын тұлғалар кедендік қоймалардан босататын тауарларды кедендiк бақылау туралы нұсқаулықты қолдануға енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнің 1997 жылғы 23 сәуiрдегi N 107-Б бұйрығы .
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігі
Кеден комитетінің
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Уақытша сақтау орындарына қойылатын міндетті
талаптар туралы нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Уақытша сақтау орындарына қойылатын мiндеттi талаптар туралы осы нұсқаулық (бұдан әрi - нұсқаулық) тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптарды анықтайды.
2. "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" (бұдан әрi - "Кеден iсi туралы Заң") Қазақстан Республикасы Заңының 171-бабына сәйкес кедендiк бақылау аймағындағы арнайы бөлiнген және жайғастырылған үй-жайлар, ашық алаңқайлар, көлiк құралдары немесе өзге де орындар (уақытша сақтау қоймалары, кедендiк қоймалар, бос қоймалар) тауарлар мен көлiк құралдарының уақытша сақтау орындары болып табылады.
3. Уақытша сақтау орындарын айқындау мақсаттарында кедендiк бақылау аймақтарын құруды және кедендiк бақылау аймақтарының шекараларын белгiлеудi Қазақстан Республикасының кедендiк органдары белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
4. Уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптар кеден органына тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу сәтiнен бастап және оларды шығаруға дейiн кеден бақылауынан жүзеге асырудың қажеттiлiгі мен жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету өлшемiне немесе таңдалған кеден режимiне сәйкес тұлғаға билiк етудi беруге байланысты белгiленедi.
2. Уақытша сақтау қоймаларына қойылатын талаптар
5. Уақытша сақтау қоймасының (бұдан әрi - УСҚ) құрастырылуы, жайғастырылуы және жабдықталуы төмендегi талаптарға сәйкес болуы қажет:
1) тауарлардың, көлiк құралдарының УСҚ-на кеден бақылауынан тыс келiп түсу мүмкiндiгiн және оларды алу мүмкiндiгiн болдырмау;
2) УСҚ-дағы тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету;
3) үшiншi тұлғалардың тауарларға және көлiк құралдарына қол жеткiзу мүмкiндiгiн болдырмау;
4) жалғаспалы түсіру алаңдарын қоса алғанда УСҚ аумағы бүкіл периметрі бойынша белгіленуі және қоршалуы және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін тегіс жолының болуы тиіс. УСҚ аумағының қоршауы үздіксіз және тұтас конструкцияны білдіруі әрі биіктігі 2,2 метрден кем болмауы тиіс;
5) УСҚ аумағында УСҚ-ның бөлiгi болып есептелмейтiн құрылыстар мен ғимараттардың болмауы;
6) УСҚ техникалық жағынан жарамды ену жолдарымен, сондай-ақ жабық тексеру алаңдарымен жабдықталуы;
7) өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi;
8) санитарлық және техникалық нормаларға сәйкестiгi;
9) Кеден iсi туралы Заңның 180-бабында көзделген УСҚ-да орналасқан тауарлармен операциялар жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;
10) қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін қажетті түсіру-тиеу техникаларының, сондай-ақ уақытша сақтауға орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификацияланған өлшеу жабдықтарының болуын қамтамасыз ету;
11) радиациялық бақылау жөніндегі сертификацияланған құралдардың болуын қамтамасыз ету.
Ескерту: 5-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 3 бұйрығымен .
6. Аталған талаптардан басқа, УСҚ иесi мыналарды қамтамасыз ету тиiс:
1) қоймада сақталатын тауарларға автоматтандырылған есеп жүргiзу. Бұл орайда, есеп жүргiзу үшiн ақпаратты компьютермен өңдеудiң бiр құралын пайдалануға болады;
2) кеден органдарының қызметкерлері үшін УСҚ-да кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыруға арналған қажетті қызметтік үй-жайлардың, жабдықтардың және байланыс құралдарының болуы.
Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 3 бұйрығымен .
3. Арнайы бөлiнген және жайғастырылған үй-жайларға
қойылатын талаптар
7. Арнайы бөлiнген және жайғастырылған үй-жай (бұдан әрi - үй-жай) осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 9), 10)-тармақшаларында және 6-тармақтың 2)-тармақшасында белгiленген талаптарды қоспағанда, осы Нұсқаулықтың 5, 6-тармақтарына сәйкес УСҚ-ының конструкциясына және жайғастырылуына қойылатын талаптарға жауап беруi тиiс.
8. Уақытша сақтау орны ретiнде үй-жайдың бiр бөлiгiн пайдаланған кезде, ол үй-жайдың қалған бөлiгiнен темiр бетон, бетон, кiрпiш, металл конструкциясы немесе осы материалдардың араласуы түрiндегi конструкция болып табылатын толассыз қоршаумен қоршалуы, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 7-тармағына сәйкес қалған талаптарға жауап беруi тиiс.
9. Үй-жай (алаңқай) бiр мекен-жайда орналасқан және бiрыңғай әрi тұтас кешен болып табылған жағдайда ғана, ол уақытша сақтау орны болып танылады.
4. Ашық алаңқайларға қойылатын талаптар
10. Ашық алаңқайдың аумағына қойылатын талаптар мынадай болуы тиiс:
1) бүкiл периметрi бойынша белгiленуi және қоршалуы тиiс. Ашық алаңқай аумағының қоршауы темiр бетон, бетон, кiрпiш, металл конструкциясы немесе осы материалдардың араласуы түрiндегi толассыз конструкция болып табылуы тиiс және оның биiктiгi кемiнде 2,2 метр болуы тиiс;
2) кедендiк бақылауды iске асыру үшiн жеткiлiктi техникалық құралдармен қамтамасыз етiлуi;
3) осы Нұсқаулықтың 5 тармағындағы 1)-3), 5)-8), 11)-тармақшаларында және 6-тармақтың 1)-тармақшасында белгiленген санитарлық нормаларға және талаптарға жауап беруi.
Ескерту: 10-тармақ толықтырылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 3 бұйрығымен .
11. Әуе, теңiз және өзен порттарының, темiр жол станцияларының аумағында орналасқан ашық алаңқайлар үшiн кедендiк бақылау аймақтарын белгiлеу мүдделi тұлғалардың (әуе, теңiз және өзен порттарының, темiр жол станцияларының әкiмшiлiгiмен) келiсуi негiзiнде жүргiзiледi.
5. Көлiк құралдарына қойылатын талаптар
12. Көлiк құралын, тауарларды халықаралық жол тасымалы (бұдан әрi - ХЖТ) рәсiмiн пайдаланумен тасымалдау және жеткiзу кезiнде немесе көлiк құралын артынша ашық алаңқайларға орналастыру шартымен, бiр тәулiкке дейiн уақытша сақтау орны ретiнде тануға рұқсат етiледi.
13. Уақытша сақтау орны ретiнде пайдалануға рұқсат етiлетiн және ХЖТ рәсiмiн пайдаланумен тасымал рұқсат етiлмеген көлiк құралы Жабдықтар және көлiк құралдарын (контейнерлердi) кедендiк мөрлер мен пломбылар арқылы тауар тасымалына жiберу тәртiбi туралы Нұсқаулықта белгiленген тиiстi жабдыққа қойылатын талаптарға жауап беруi тиiс.
6. Кедендiк және бос қоймаларға қойылатын
талаптар
14. Кедендiк қойманы және бос қойманы, уақытша сақтау орнына арналған үй-жайдың бөлiгi жеке шығарылып, келу-кету жолдарымен жабдықталған жағдайда, уақытша сақтау орны ретiнде тануға рұқсат етiледi.
15. Кедендiк қоймалардың және бос қоймалардың иегерлерi уақытша сақтау орны болып танылған кедендiк немесе бос қойманың бөлiктерiнде сақталатын тауарларға жеке есеп жүргiзудi қамтамасыз етуi тиiс. Бұл орайда, осындай есеп жүргiзу үшiн ақпаратты компьютермен өңдеудiң бiр құралын пайдалануға болады.
7. Қорытынды ережелер
16. Арнайы бөлiп берiлген және жайғастырылған үй-жайлар, ашық алаңқайлар, көлiк құралдары, уақытша сақтау қоймалары, кедендiк қоймалар және бос қоймалар оларды уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланудың толық мерзiмi кезiнде белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
17. Уақытша сақтау орындарының иелерi уақытша сақтау орындарының қалыпты қызмет етуiне кедергi жасайтын уақытша сақтау орындарының конструкциясындағы және жайғастырылуындағы өзгерiстер туралы кедендiк органдарға уақтылы хабарлауға мiндеттi.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Кедендік ресімдеуді жүргізудің орны
мен уақыты туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кедендік ресімдеуді жүргізудің орны мен уақыты туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Кеден ісі туралы заң) 154-бабына сәйкес әзірленді және оның ішінде тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеу жүргізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің орнын, кеден органдарының қызмет аймағын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органының жұмыс уақытын анықтайды.
2. Кеден органдарының қызмет аймағын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті белгілейді және жариялануға жатады.
3. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес айқындалатын кеден органының жұмыс уақытында жүзеге асырылады. қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмыс уақыты туралы хабарлау кеден органдары орналасқан орындардағы маңдайша жазуларда және стендтерде орналастыру жолымен жүзеге асырылады.
4. Тауарлар мен көлік құралдарын сақтау, тауарлармен және көлік құралдарымен жүк және өзге де операциялар, кедендік ресімдеу мақсаттары үшін сынамалар мен үлгілер алу, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органының қызмет аймағында орналасқан олардың уақытша сақтау орнында жүзеге асырылады.
Тауарлармен көлік құралдарын кедендік ресімдеу осы тармақта көрсетілген уақытша сақтау орнында олардың үй-жайынсыз аяқталған жағдайда, тауарлардың орналастырылған орнында жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының кедендiк
шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк
құралдарына кедендік ресімдеуді жүргізудің орны
5. Тауарлар мен көлік құралдарын алушы (жөнелтуші) заңды тұлғаның не оның құрылымдық бөлiмшесi тіркелген кеден органының қызмет аймағы (бұдан әрі - негізгі кеден органы тіркеу орны) заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының кедендік ресімдеу орны болып табылады.
Қызмет аймағында алушы (жөнелтуші) орын болып табылатын басқа кеден органындағы (заңды тұлға не оның құрылымдық бөлiмшесi тіркелген кеден органынан ерекше) тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу осы Нұсқаулықпен белгіленген тәртіпте берілетін тіркеу орны кеден органының рұқсатымен жүргізіледі.
Ескерту: 5-тармақ толықтырылды - Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2002 жылғы 23 ақпандағы N 54 бұйрығымен .
6. Кеден қоймасы, еркін қойма, бажсыз сауда дүкені, еркін кеден аймағының кеден режимдерінде тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу қызмет аймағы кеден, еркін қоймалар, бажсыз сауда дүкені, еркін аймағына сәйкес болып табылатын кеден органына жүргізіледі.
Тауарларды транзиті кеден режимінде тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу қызмет аймағында Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу орны болып табылатын кеден органында жүргізіледі.
7. Еркiн кеден аймағындағы кедендiк режимде тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органы өзге кеден режимiне еркiн кеден аймағындағы кеден режимiн өзгерту кезiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу орны болып табылады.
Қызмет аймағында тиiсті кеден, еркiн қойма болып табылатын кеден органы кеден қоймасы, еркiн қоймасының кеден режимiне еркiн кеден аймағындағы кеден режимiн өзгерту кезiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу орны болып табылады.
8. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына бос көлiк құралдарының және жолаушылар тасымалдайтын көлiк құралдарының (тауар ретiнде өткiзiлетiндердi есептемегенде) кiру кезiнде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасын қиып өтетiн кеден орны болып қызмет аймағында Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына көрсетiлген көлiк құралдарының әкелу орны бар кеден органы табылады.
9. Мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша және оның есебi үшiн Кеден iсi туралы заңның 154-бабына сәйкес кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасының кеден органының келiсiмiмен өзге де орындарда және Қазақстан Республикасы кеден органының жұмыстан тыс уақыттарында жүргiзiледi.
Заңды тұлғаны тiркеу орнынан ерекшеленетiн өзге орында тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеуге рұқсат:
1) мұндай тұлғада кедендiк төлемдер мен (немесе) салықтарды төлеу бойынша берешегi болмаған;
2) негiзгi кеден органының қызмет аймағынан тысқары жердегi орын тауарлар мен көлiк құралдарының алу (жөнелту) орны болып табылған кезде еркiн нысанда ресiмделетiн тауарлар мен көлiк құралдарын алушының (жөнелтушiнiң) жазбаша өтiнiшi негiзiнде тiркеу орнын кеден органы бередi.
Алушының (жөнелтушiнiң) өтiнiшiнде келесi мәлiметтер: сыртқы экономикалық қызметке қатысушының атауы; олар кедендiк ресiмделедi деп топшыланатын кеден органы (бұдан әрi - ресiмдеушi кеден органы) болуы тиiс. Өтiнiшке сыртқы сауда келiсiм-шарты немесе шарттарымен алу (жөнелту) орны болып кеден органының қызмет аймағында алынатын (жөнелтiлетiн) тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн орын айқындалған алынатын (жөнелтілетiн) тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу үшiн негiз болып табылатын өзге де құжаттар қоса берiлуi керек.
Рұқсат өтiнiш алынған күннен бастап үш күндiк мерзiмде 3 данада ресiмделедi: олардың бiрiншiсi сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға беріледi, екiншiсi - ресiмдеушi кеден органына жiберiледi, үшiншiсi - бақылауды жүзеге асыру үшiн негiзгi кеден органында қалады.
Рұқсат бұл мерзiм iшiнде осы тармақтың 1) және 2)-тармақшаларында белгiленген шарттар бұзылмаған жағдайлар кезiнде бiр жыл iшiнде күшiнде болады.
Осы тармақтың 1) және 2)-тармақшаларында белгiленген шарттарды сақтауды бақылау олардың бұзылуы анықталған жағдайда берiлген рұқсатты сыртқы экономикалық қызметтiң қатысушысын және ресiмдеушi кеден органын құлақтандыру жолымен қайтарып алатын негiзгi кеден органы жүзеге асырады. Қайтарып алу ресiмдеушi кеден органын құлақтандырған күннен бастап қолданылады, бұл ретте құлақтандыру негiзгi кеден органымен жедел жолмен факсимильдi немесе электронды байланыс құралдарын пайдалануымен қамтамасыз етiлуi керек.
3. Жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының кедендiк
шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына
кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн орын
10. Жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау тәртiбiне талаптарға айқындайтын кеден органдары жүргiзедi.
4. Қорытынды ережелер
11. Осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Кедендiк жүк декларациясын тапсыру
мерзiмiн ұзарту ережесi
1. Осы Кедендiк жүк декларациясын тапсыру мерзiмiн ұзарту ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" (бұдан әрi - Кеден iсi туралы Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 195-бабына сәйкес әзiрлендi және кедендiк жүк декларациясын (бұдан әрi - КЖД) тапсыру мерзiмiн ұзартудың тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Ереже Тауарларды құбыр көлiгiмен, электр желiсi арқылы жылжытқан кезде уақытша КЖД пайдалануды, арагiдiк мәлiмдеудi, алдын ала мәлiмдеудi, сондай-ақ жедел жеткiзiлiм кезiнде тауарларды кедендiк ресiмдеуден өткiзудi қоспағанда, КЖД қолданылуымен тауарларды және осындай тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын мәлiмдеудiң барлық жағдайларына қолданылады.
3. КЖД тапсыру мерзiмiн ұзарту мынадай тауарларға қатысты қолданылады:
кедендiк баждар және салықтар салынбайтындар;
КЖД тапсыру мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш келiп түскен күнi кедендiк баждар мен салықтар төленуi қамтамасыз етiлген жағдайда, кедендiк баждар және салықтар салынатындар;
Кеден iсi туралы Заңның 195-бабында белгiленген мерзiмде КЖД тапсыру күнi оларға қатысты кедендiк баждар мен салықтардың ставкалары көтерiлетiн болса, немесе тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын болса.
4. КЖД тапсырудың мерзiмiн ұзартуды тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасының кеден органы жүзеге асырады.
5. Ұзарту мерзiмi ескерiле отырып, КЖД тапсырудың нақты мерзiмi тауарларды және осындай тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын көрсету күнiнен бастап екi айдан аспауы тиiс.
6. КЖД тапсырудың мерзiмiн ұзарту осы Ережелердiң 1-қосымшасына сәйкес белгiленген нысанда құрастырылған нысанда толтырылған мәлiмдеушiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi және де ол үшiн тауарларды алушы (жiберушi) тұлғаның кедендiк баждар мен салықтардан қарызы болмауы шарт.
7. Өтiнiш Кеден iсi туралы Заңның 195-бабында белгiленген КЖД тапсыру мерзiмi аяқталғанға дейiн, Қазақстан Республикасының кедендiк органының лауазымды адамымен өтiнiштiң қаралуы мерзiмi ескерiле отырып, берiледi.
Қазақстан Республикасының кедендiк органының лауазымды адамы өтiнiштi оның Қазақстан Республикасының кедендiк органына келiп түсу уақытынан бастап үш күннен кешiктiрместен қарайды.
8. Өтiнiште КЖД тапсыру мерзiмiн ұзартудың себебi, сондай-ақ КЖД және оларды тапсырудың күнi көрсетiле отырып, кедендiк мақсаттарға қажеттi құжаттарды тапсыру туралы мiндеттеме көрсетiледi.
9. Кеден iсi туралы Заңның 195-бабында белгiленген мерзiмдерде КЖД тапсыру мүмкiн еместiгiнiң себебiн растайтын құжаттар өтiнiшпен бiрге берiледi.
10. КЖД тапсырудың мерзiмiн ұзарту туралы шешiмдi осы Ережелердiң 2-қосымшасына сәйкес белгiленген нысанда Қазақстан Республикасы кедендiк органының бастығы, немесе оның орынбасары болып табылатын тұлға қабылдайды. Шешiм екi дана болып ресiмделедi, бiр данасы осындай шешiм қабылдаған Қазақстан Республикасының кедендiк органында қалады, екiншiсi мәлiмдеушiге берiледi.
11. Кедендiк ресiмдеу және бақылау бөлiмiнiң (кедендiк пост) лауазымды адамы өтiнiш пен шешiмдi арнайы кiтапта тiркейдi, онда төмендегiдей мәлiметтер көрсетiледi: өтiнiш келiп түскен уақыт; мәлiмдеушi, тауарларды алушы (жiберушi) туралы мәлiметтер (атауы, мекен-жайы); тауарлардың атаулары; олардың саны; шығу елi; қабылданған шешiм (КЖД тапсыру мерзiмi ұзартылған жағдайда, шешiмнiң қабылдау нөмiрi және күнi көрсетiледi).
12. КЖД тапсырудың ұзартылған мерзiмi аяқталу күнiне дейiн немесе сол күнi декларант жалпы белгiленген тәртiпте кедендiк ресiмдеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден органына КЖД және кедендiк мақсаттарға қажеттi құжаттарды тапсыру тиiс.
КЖД-мен бiрге КЖД мерзiмiн ұзарту туралы Қазақстан Республикасының кедендiк органы шешiмiнiң тiзбеге енгiзiлетiн көшiрмесi берiледi.
13. Осы Ережелерде белгiленген талаптарды бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Кедендiк жүк декларациясын
тапсыру мерзiмiн ұзарту
ережелерiне 1 қосымша
________________________
кедендiк органның атауы
________________________
________________________
________________________
Өтiнiш
Төмендегідей тауарларға қатысты кедендік жүк декларациясын тапсыру мерзімін ұзартуды өтiнемін:
__________________________________________________________
Тауарлардың атауы, саны, көліктік құжаттардың NN
__________________________________________________________
қысқаша декларацияда, тауарларды уақытша сақтау орны
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________ дейін
байланысты
КЖД белгіленген мерзімде тапсырмаудың себебі көрсетіледі
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
КЖД-ны және кедендік мақсаттарда, аталған тауарларды кедендiк
ресiмдеу үшiн қажет құжаттарды
________________________________________________-ге дейiн
КЖД тапсыру мерзімі көрсетіледі
тапсыруға міндеттімін
Қосымша беріліп отырған құжаттар:
1.
2.
3.
4.
Декларант __________
қолы
200 __ж."__"____________
Кедендiк жүк декларациясын
тапсыру мерзiмiн ұзарту
ережелерiне 2 қосымша
__________________________________________________________
кедендiк органның атауы
N__ шешiм
Осы арқылы өтiніште көрсетілген тауарларға КЖД тапсырудың мерзiмін ұзартуға рұқсат етіледi
_____________________________________________________дейін
200 __ж."__"____________
К.О. бастығы __________
қолы
М.О.
Қазақстан Республикасының кедендік органына ол бекіткен мерзімде тауарларға және көлік құралдарына арналған КЖД-ны, сондай-ақ кедендік мақсаттарда қажет құжаттар мен мәліметтерді тапсырмаған үшiн "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жауапкершілік туындайды.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Жүк кеден декларациясын, құжаттар мен кеден
мақсаттары үшін қажет қосымша мәліметтерді
ұсыну, қабылдау мен тексеру жөніндегі
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жүк кеден декларациясын, құжаттар мен кеден мақсаттары үшiн қажет қосымша мәлiметтердi ұсыну, қабылдау мен тексеру жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрленген және таңдап алынған кеден режимдерiнде жүк кеден декларациясын, құжаттар мен кеден мақсаттары үшiн қажет қосымша мәлiметтердi ұсынудың, қабылдау мен тексерудiң тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Ереже жүк кеден декларациясын қолдана отырып, сонымен қатар уақытша, мерзiмдi, жартылай және алдын ала мәлiмдеудiң рәсiмдерiн пайдалана отырып, сондай-ақ жедел жеткiзiлiмдердi кедендiк ресiмдеген кезде тауарларды мәлiмдеудiң барлық жағдайында қолданылады.
3. Жүк кеден декларациясын декларант Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген мерзiмде негiзгi кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасының кеден органына бередi.
Негiзгi кедендiк ресiмдеу деген ұғым тауарларды белгiлi бiр кеден режимiне орналастырып, осы режимдi Қазақстан Республикасының кеден заңдарының талаптары мен ережелерiне сәйкес аяқтауды білдiредi.
4. Жүк кеден декларациясын ұсынған кезде тауарлар, тауарларды түтiктi құбыр көлiгi мен электр желiсi бойынша тасымалдағанда, тауарларды мерзiмдi мәлiмдегенде, толық емес мерзiмдi мәлiмдегенде, алдын ала мәлiмдегенде және тауарлардың кеден бақылауында тұру шартымен оларды кеден органына ұсынғаннан кейiн, тауарларға бiр тәулiктiң iшiнде кедендiк ресiмдеудi жүргiзудi аяқтаған кездегi жағдайларды қоспағанда, тауарлар уақытша сақтау орындарында тұруы тиiс.
2. Жүк кеден декларациясын ұсыну және қабылдау
5. Декларанттың жүк кеден декларациясын беруi, декларанттың кеден органына жүк кеден декларациясында аталған және осы Ереженiң 24 және 25-тармақтарында анықталған мәлiметтердi растайтын құжаттармен бiрге жүргiзілуi тиіс.
Декларанттың кеден органына келiсiлген мерзiмде тиiстi құжаттардың, егер осы құжаттың түпнұсқасы тауарларды шығару туралы шешiмдi қабылдау үшiн мiндеттi болып табылса, түпнұсқасын жеткiзу туралы мiндеттеменi ұсынумен бiрге жүк кеден декларациясында аталған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшiрмесiн ұсынуына болады.
Егер құжаттардың түпнұсқасын ұсыну мiндеттi болмаса, декларанттың мөрiмен расталған құжаттардың көшiрмесi, iлеспелi хат болған кезде ғана қабылданады.
6. Жүк кеден декларациясының (бұдан әрi - ЖКД) қағаздағы нұсқасымен бiрге, декларант оның электрондық көшiрмесiн қоса ұсынады, бұған мерзiмдi мәлiмдеу рәсiмi бойынша уақытша немесе толық емес мәлiмдеудi пайдалана отырып мәлiмделген жағдайлары қосылмайды. Соңғы айтылған жағдайда ЖКД-ның электрондық көшiрмесi толық ЖКД-сын берген кезде, ұсынылады.
7. ЖКД-сын және осы Ереженiң 24 және 25-тармақтарында анықталған құжаттармен қоса, құжаттардың тiзiмдемесi екi данада осы Ереженiң 1-қосымшасымен келiсе отырып, бiр мезгілде кеден органына берiледi.
8. ЖКД-сы мен құжаттар және кеден мақсаттары үшiн қажет қосымша құжаттарды қабылдау кеден органының кеден декларациясын қабылдауға, тiркеуге және есепке алуға жауапты лауазымды тұлғасымен (бұдан әрi - жауапты қызметкер) жүзеге асырылады.
ЖКД-сында аталған мәлiметтердi растайтын құжаттар мен ЖКД-сында бар ақпараттар мен (немесе) ЖКД-сында мәлiмделген мәлiметтердi растайтын құжаттарды тексеру мақсатында қосымша сұрау салынған құжаттар, Кеден iсi туралы заңның 198-бабына сәйкес құжаттар мен кеден мақсаттары үшiн қажет қосымша мәлiметтер болып табылады.
9. Осы Ереженiң 24 және 25-тармақтарында анықталған құжаттарды ұсынбау декларацияны қабылдаудан бас тарту үшiн негiз бола алмайды.
Бұл жағдайда, жауапты қызметкер, ЖКД-сын қабылдаған күннен бастап санағанда 10 күннен аспауға тиiс мерзiмде жетiспеген құжаттардың тiзiмдемесiн көрсетiп, осы Ереженiң 2-қосымшасына келтiрiлген нысан бойынша тiзiмдемеге қосымша болып табылатын талап парағын толтырады.
Есеп беру мақсатында талап парағы жеке журналда тiркеледi.
10. Жауапты қызметкердiң ЖКД-сын қабылдауы, таңдап алған кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы тасымалданатын тауарлардың негiзгi кедендiк ресiмдеуiнiң басталғанын куәландырады және кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың бiрiншi кезеңiне жатады.
11. ЖКД-сын қабылдау ЖКД-сын Тiркеу журналында тiркеу нөмiрiнiң жазбасымен Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 26 қыркүйектегi N 127 бұйрығымен бекiтiлген ЖКД толтыру тәртiбi туралы Нұсқаулыққа сәйкес қалыптастырылатын тiркеу нөмiрiнiң "Анықтама нөмiрi" ЖКД 7-бағанында қою жолымен ресiмделедi.
12. Кеден iсi туралы заңның 199-бабына сәйкес тiркелген сәттен бастап ЖКД-сы заңды күшi бар құжат болып табылады.
13. ЖКД-сын тiркеген кезде құжаттар тiзiмдемесiнде жауапты қызметкер:
1) ЖКД-сын кедендiк ресiмдеуге қабылдаған күндi растайтын ЖКД-сының тiркеме нөмiрi қойылады;
2) қызметкердiң фамилиясы, лауазымы көрсетiледi;
"Декларация қабылданды" деген жазу жазылып, ЖКД-сын қабылдаған күн мен уақыты қойылады.
Жүргiзiлген жазу мен белгілердiң барлығына жауапты қызметкердiң жеке нөмiрлi мөрiмен расталады.
Расталғаннан кейiн, тiзiмдеменiң бiрiншi данасы декларантқа берiледi, екiншi данасы - ұсынылған ЖКД-сы мен құжаттарға енгiзiледi.
14. Қабылданған ЖКД-сы, осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген жағдайларда ұсынылатын оның электрондық көшiрмесi негiзгi кедендiк ресiмдеудi жүргiзу барысында кеден мақсаттары үшiн қажет құжаттар және құжаттардың тiзiмдемесi деректi және нақты бақылау кезеңдерiне тапсырылады:
1) тауарлардың кодын, шыққан елiн сыртқы экономикалық қызметтiң Тауарлар номенклатурасына сәйкес дұрыс анықталуын, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуын бақылау кезеңi;
2) валюталық бақылау мен кедендiк құнын бақылау кезеңi;
3) кеден төлемдерi мен салықтарын бақылау кезеңi;
4) тауарларды тексеру мен шығару кезеңi.
15. ЖКД-сын тексеру барысында кеден органының лауазымды тұлғасы кеден органы бастығының рұқсатымен, ЖКД-сында бар ақпараттар мен (немесе) ЖКД-сында мәлiмделген мәлiметтердi растайтын құжаттарды (бұдан әрi - қосымша мәлiметтер құрамында бар құжаттар) тексеру мақсатында қосымша мәлiметтерге сұраныс салуға құқығы бар. Бұл ретте, талап парағына кеден органының бастығы қолын қояды.
16. ЖКД-сы мен оның электрондық көшiрмесiне тексеру аяқталған соң, кезеңдiк құжаттық бақылауды атқарып жүрген кеден органының лауазымды тұлғасы, ЖКД-ның бiрiншi данасындағы белгiлерден басқа, құжаттар тiзiмдемесiнiң келесi бетiнде тиiстi кезеңдерде жүргiзiлген бақылаудың нәтижелерi туралы "Тексерiлдi, ескерту жоқ" не болмаса "Қосымша құжаттар мен (немесе) мәлiметтердi ұсыну қажет" деген жазу түрiнде белгiлер қояды және құрамында қосымша құжаттары бар құжаттар тiзбесi мен оларды ұсыну мерзiмдерiн көрсетiп, құжаттық бақылаудың кезеңiнде ЖКД-ны тексеруге жауапты кеден органының лауазымды тұлғасы жеке нөмiрлi мөрiн басып, қолы қойылған талап парағын толтырады.
Құрамында қосымша мәлiметтер бар құжаттарды кеден органына ұсыну мерзiмi ЖКД-ны қабылдаған күннен бастап санағанда 3 күннен аспауы тиiс, көрсетiлген мерзiм кеден органы бастығының рұқсатымен ЖКД-ны қабылдаған күннен 10 күнге ұзартылуы мүмкiн.
17. Ескертулер болмаған кезде, ЖКД-сы мен құжаттар және (немесе) кеден мақсаттары үшiн қажет қосымша құжаттар, тексеру мен шығару кезеңiне, таңдап алынған кеден режимiне сәйкес кедендiк ресiмдеудiң рәсiмдерiн аяқтау үшiн берiледi.
18. ЖКД-сында ескертулер болған кезде, талап парағы мен кеден мақсаттары үшiн қажет құжаттар қабылдау кезеңiне жiберiледi. Жауапты қызметкер декларантқа талап парағын бередi. Бұл ретте, декларанттың өкiлдiгi тiзiмдеменiң екiншi данасында талап парағының қабылданған уақыты, күнiн көрсетiп, қолын қояды. ЖКД-сы, тiзiмдеме, кеден мақсаттары үшiн қажет құжаттар декларантқа қайтарылмайды, құрамында қосымша мәлiметтер бар құжаттарды ұсынғанға дейiн қабылдау кезеңiнде қалады.
Құжаттық бақылау кезеңiнде, осы Ереженiң 24 және 25-тармақтарында көрсетiлген құжаттардың болмауы анықталғанда, талап парағына ЖКД-ны тексеруге жауапты кеден органының лауазымды тұлғасы қол қояды.
ЖКД қағаз тасығышына ЖКД электрондық көшiрмесiн бермеудiң сәйкессiздiгiн тексеру барысындағы анықтау кезiнде ЖКД тексеруге жауапты кеден органының жауапты тұлғасы талап парағына тиiстi ескертулердi енгiзедi.
19. Кеден iсi туралы заңға сәйкес, кеден заңдарымен белгiленген мерзiмде талап парағындағы жетпеген құжаттарды ұсынбау кеден ережелерiн бұзған болып есептелiнедi.
20. Кеден iсi туралы заңның 200-бабына сәйкес кеден органының лауазымды тұлғасы техникалық сипаты бар қателердi (қате басу, грамматикалық және лексикалық) құжаттық бақылауды жүргiзген кезде тауып алса, тiзiмдеме данасында тиiстi бағанға өзгерту енгiзудiң қажеттiлiгi туралы жазылады, соның негiзiнде кеден органының лауазымды тұлғасының қатысуымен декларант ЖКД-сында осы қателердi, өзiнiң мөрi мен қолын қойып растай отыра, түзетуге құқығы бар. Тиiстi өзгертулердi лауазымды тұлға ЖКД-ның электрондық көшiрмесiне енгiзедi.
21. Егер бақылау кезеңiнде ЖКД-сын тексеру барысында сәйкессiздiк байқалған болса, мәлiметтердi мәлiмдеген кезде және кеден органының лауазымды тұлғасымен тауарларды шығарудың мүмкiн еместiгi белгiленедi, онда олар "Тексерiлдi" деген сөздiң орнына "Шығаруға тыйым салынады" деген жазу жазылады және тауарларды шығаруды жүзеге асырмаған себептер көрсетiледi және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес шешiм қабылданады.
22. Кеден iсi туралы заңның 200-бабына сәйкес, ЖКД-дағы мәлiметтердi өзгерту мен толықтыруға рұқсат берiледi, егер декларант құжаттық бақылау аяқталғанға дейiн немесе тауарлар мен көлiк құралдарына тексеру басталғанға дейiн сәйкессiздiктi анықтаған болса немесе кеден органы ЖКД-да көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн белгiлеген болса. Бұл орайда, ЖКД-дағы мәлiметтердi өзгертулер мен толықтырулар, оның қолдану аймағын кеңейте не тарылта алмайды. ЖЖ-сына өзгертулер немесе толықтыруды енгiзу үшiн, декларант оларды енгiзу қажеттiлiгiнiң себептерiн көрсетiп, еркiн нысанмен өтiнiш жазады.
23. Кеден iсi туралы заңның 200-бабына сәйкес ЖКД-сы, декларант еркiн нысанмен жазылған өтiнiшi бойынша: әкелген кезде - ЖКД-сын тексеру мерзiмi аяқталғанша, әкеткен кезде - тауарларды әкелудiң шектi мерзiмi аяқталғанша қайтарып алуы мүмкiн.
ЖКД-сын қайтарып алған кезде, жауапты қызметкер ЖКД-ның тiркелу журналында "Қайтарып алынды" деген жазуды күнiн қойып жүргiзедi.
Жаңа ЖКД-сы жалпы белгiленген тәртiпте ұсынылады.
3. Кедендiк ресiмдеу үшiн қажет құжаттар
24. Кеден iсi туралы заңның 198-бабына сәйкес, кеден мақсаттары үшiн қажет құжаттар болып табылады:
1) кедендiк ресiмдеуге жататын тауарларға меншiктiк құқығы бар екенiн растайтын құжаттар (иелену немесе пайдалану құқығы);
сыртқы саудалық келiсiм-шарт, шарт, келiсiм не болмаса кедендiк ресiмдеуге жататын тауарларға иелену немесе пайдалану құқығы бар екенiн растайтын өзге де құжаттар;
жоғарыда аталған құжаттар болмаған жағдайда - құны 5000 АҚШ долларынан аспайтын баламалы тауарлардың шот-фактурасы;
2) Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы тауарларды нақты тасымалдағанын растайтын құжаттар;
көлiк құжаттары;
3) тауарлардың кеден құнын растаушылар Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарлардың кеден құнын мәлiмдеу және түзету үшiн көзделген құжаттар;
4) тауарлардың шыққан елiн растайтын құжаттар;
экспорттаушы, тауардың шыққан жерiн шот-фактура немесе проформ-шотта мәлiмдеуi;
5) төленгенiн немесе кеден алымдары мен (немесе) кеден баждары мен (немесе) салықтарын кеден режимiнiң шартына байланысты төлеудi қамтамасыз етудi растайтын және төлемдер мен салықтары бойынша жеңілдiктер берiлгенiн растайтын құжаттар;
төлемнiң орындалғаны туралы банкiнiң белгiсi бар төлем тапсырмасы және қолма қол ақшасыз тәртiпте төленген кезде - жүргiзiлген операцияны растайтын төлеушiнiң жеке шотының үзiндi көшiрмесi;
қолма қол ақшалай төлеген кезде - бас бухгалтердiң немесе оның уәкiлеттi тұлғасының, кассирдiң қолдары қойылған, мөрмен құпталған кеден органының кiрiс кассалық ордерiнiң түбiртегi;
б) декларанттың кеден декларациясын өз атынан беруге өкiлеттiгi бар екенiн растайтын құжаттар;
декларанттың штатында тұрған жеке тұлғаға сенiм хат не болмаса кедендiк ресiмдеу үшiн жауапты тұлғаның қызметiне қабылдағаны туралы бұйрық;
не болмаса, кеден брокерi тауарлар мен көлiк құралдарын мәлiмдеген кезде - брокерлiк қызмет көрсету туралы шарт және кедендiк ресiмдеу бойынша маманның бiлiктiк аттестаты.
25. Кеден режимдерiнiң талаптарына сәйкес мынадай құжаттар:
1) тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кедендiк режимi:
стандарттың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
өнiмнiң қауiпсiздiгiне сәйкес келетiнi туралы сертификат, немесе өтiнiш-декларация, фитосанитарлық (карантиндiк) сертификат, санитарлық-тазалық сертификат, ветеринарлық сертификат. Аталған сертификаттар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген жағдайларда ғана мiндеттi сертификат қажет ететiн тауарлар үшiн берiледi;
уәкiлеттi мемлекеттiк органдардан тиiстi рұқсаттар мен Қазақстан Республикасының заңдарында не болмаса Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көрсетiлген жағдайлардағы өзге құжаттар:
лицензия - лицензиялауға жататын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес квоталауға жататын тауарлар үшiн;
мәмiлелiк төлқұжат - Қазақстан Республикасының Ұлттық банк басқармасының 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 271 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы экспорттық-импорттық валюталық бақылау ұйымы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрi - Нұсқаулық) сәйкес;
тауарлардың шыққан жерiн растайтын құжаттар:
тарифтiк артықшылықтарды қолдану үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлардың шыққан жерiн анықтау тәртiбi туралы нұсқаулыққа сәйкес ресiмделген тауарлардың шыққан жерi туралы СТ-1 нысандағы сертификат (ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден шыққан тауарлар үшiн) не болмаса А нысандағы сертификат (артықшылықтың ұлттық жүйесiн пайдаланушы елдерден шыққан тауарлар үшiн);
тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану үшiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны, халықтың денсаулығын, қазақстандық тұтынушылардың құқығын қорғау, қоғамдық тәртiптi, мемлекеттiк қауiпсiздiктi және өзге де Қазақстан Республикасының өмiрдегi маңызды мүдделерiн қорғау үшiн - шыққан елдiң уәкiлеттi органдары берген шыққан жерi туралы сертификат;
кедендiк төлемдер мен салықтар (қосымша құнға салынатын салықтар мен акциздер) бойынша жеңілдiктер беру үшiн негiздiң болғанын растайтын құжаттар - кеден төлемдерiн салу тәртiбi мен кеден төлемдерiн қайтару тәртiбi туралы нұсқаулықта және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарларға қатысты қосымша құн мен акциздерге салынатын салықтарды қолдану туралы нұсқаулықта көрсетiлген құжаттар;
2) тауарлар экспортының кеден режимi:
стандарттың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетiлген жағдайлардағы сәйкестiк сертификаты;
уәкiлеттi мемлекеттiк органдардан тиiстi рұқсаттар мен Қазақстан Республикасының заңдарында не болмаса Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көрсетiлген жағдайлардағы өзге құжаттар:
лицензия - лицензиялауға жататын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес квоталауға жататын тауарлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарлар; мәмiлелiк төлқұжат - Нұсқаулыққа сәйкес;
тауарлардың шыққан жерiн растайтын құжаттар;
шыққан жерi туралы сертификат - егер оның ұсынылуы Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнде көрсетiлген немесе тиiстi келiсiм-шарттарда тiркелген болса;
3) тауарлар керi импортының кеден режимi:
тауарлар экспортының кеден режимiне сәйкес ресiмделген ЖКД;
Кеден iсi туралы заңның 31-бабының бiрiншi бөлiмiндегi төртiншi абзацына сәйкес тауарлардың өзгермеген күйiн растайтын құжаттар; стандарттың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
өнiмнiң қауiпсiздiгiне сәйкес келетiнi туралы сертификат, немесе өтiнiш-декларация, фитосанитарлық (карантиндiк) сертификат, санитарлық-тазалық сертификат, ветеринарлық сертификат. Аталған сертификаттар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген жағдайларда ғана мiндеттi сертификат қажет ететiн тауарлар үшiн берiледi;
әкету кеден баждарын қайтарған жағдайда - кеден баждарының төленгенiн растайтын құжаттар;
4) тауарлар транзитiнiң кеден режимi:
кеден мөрлерi мен пломбалары қойылған тауарларды тасымалдау үшiн көлiк құралына берiлген рұқсат туралы куәлiк;
кеден баждары мен (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету шартымен транзиттi жүзеге асырғанда тиесiлi сомалардың төленуiн қамтамасыз етуiн растайтын құжаттар - тиесiлi соманы депозитке қолма-қол ақшасыз төлем тәртiбiмен төлеген кезде - төлемнiң орындалғаны туралы банкiнiң белгiсi бар төлем тапсырмасы және жүргiзiлген операцияны дәлелдейтiн төлеушiнiң дербес шотының үзiндi көшiрмесi;
тиесiлi соманы депозитке қолма-қол ақшалай төлем тәртiбiмен төлеген кезде - бас бухгалтердiң немесе оның уәкiлiнiң қолы қойылған және кассирдiң мөрiмен (кассирдiң мөртабаны) расталған кеден органының кiрiс кассасы ордерiнiң түбiртегi;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi транзиттеуге Қазақстан Республикасының Үкiметi берген рұқсат қағаз;
5) кеден қоймасының кеден режимi:
тауарларды жайғастыруға кеден қоймасының иесiмен жасалған шарт;
стандарттың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
өнiмнiң қауiпсiздiгiне сәйкес келетiнi туралы сертификат, немесе өтiнiш-декларация, фитосанитарлық (карантиндiк) сертификат, санитарлық-тазалық сертификат, ветеринарлық сертификат. Аталған сертификаттар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген жағдайларда ғана мiндеттi сертификат қажет ететiн тауарлар үшiн берiледi;
6) бажсыз сауда жасайтын дүкеннiң кеден режимi:
бажсыз сауда жасайтын дүкен арқылы тауарларды өткiзуге бажсыз сауда жасайтын дүкеннiң иесiмен жасалған шарт;
стандарттың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
өнiмнiң қауiпсiздiгiне сәйкес келетiнi туралы сертификат, немесе өтiнiш-декларация, фитосанитарлық (карантиндiк) сертификат, санитарлық-тазалық сертификат, ветеринарлық сертификат. Аталған сертификаттар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген жағдайларда ғана мiндеттi сертификат қажет ететiн тауарлар үшiн беріледi;
7) кеден аумағында тауарларды ұқсату режимi:
ұқсату шарттары туралы мiндеттеме;
олардың шығарылуына тарифтiк емес реттеу шаралары мен (немесе) кеден баждары қолданылатын отандық тауарларды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы берген рұқсат қағазы;
стандарттың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
өнiмнiң қауiпсiздiгiне сәйкес келетiнi туралы сертификат, немесе өтiнiш-декларация, фитосанитарлық (карантиндiк) сертификат, санитарлық-тазалық сертификат, ветеринарлық сертификат. Аталған сертификаттар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген жағдайларда ғана мiндеттi сертификат қажет ететiн тауарлар үшiн берiледi;
ұқсату бойынша жасалатын iс-қимылдарға қатысты кәсiпорынның қолданып жүрген технологиялық құжаттары;
Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған тiзiмдеме бойынша тауарлар үшiн өнiм шығымының мiндеттi мөлшерi мен ұқсату мерзiмiн белгiлеу жөнiндегi Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органының қорытындысы ;
8) кеден бақылаумен тауарларды ұқсату кеден режимi:
тауарларды ұқсатудың шарттары туралы мiндеттеме;
стандарттың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
өнiмнiң қауiпсiздiгiне сәйкес келетiнi туралы сертификат, немесе өтiнiш-декларация, фитосанитарлық (карантиндiк) сертификат, санитарлық-тазалық сертификат, ветеринарлық сертификат. Аталған сертификаттар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiмен белгiленген жағдайларда ғана мiндеттi сертификат қажет ететiн тауарлар үшiн берiледi;
кәсiпорынның қолданып жүрген технологиялық құжаттарын ұқсату бойынша жасалатын операцияның кәсiпорынның кәдуiлгi технологиялық процесiне сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
9) тауарларды уақытша әкелу мен уақытша әкету кеден режимi:
тауарларды керi әкелу (әкету) туралы мiндеттеме;
стандарттың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
өнiмнiң қауiпсiздiгiне сәйкес келетiнi туралы сертификат, немесе өтiнiш-декларация, фитосанитарлық (карантиндiк) сертификат, санитарлық-тазалық сертификат, ветеринарлық сертификат. Аталған сертификаттар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген жағдайларда ғана мiндеттi сертификат қажет ететiн тауарлар үшiн берiледi; Уақытша әкелiнетiн тауарлар үшiн берiледi;
Кеден iсi туралы заңның 70-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде уақытша әкелiнген (әкетiлген) тауарларды қайтармаған кезде, аталған кеден режимiн аяқтау үшiн:
уақытша әкетiлген кезде - Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемесi берген растама;
уақытша әкелген кезде - Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органының растамасы;
10) еркiн кеден аймағының кеден режимi:
стандарттың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
өнiмнiң қауiпсiздiгiне сәйкес келетiнi туралы сертификат, немесе өтiнiш-декларация, фитосанитарлық (карантиндiк) сертификат, санитарлық-тазалық сертификат, ветеринарлық сертификат. Аталған сертификаттар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген жағдайларда ғана мiндеттi сертификат қажет ететiн тауарлар үшiн берiледi;
ұқсатуға арналған тауарлар ретiнде мәлiмделген тауарларды әкелу - тауарларды ұқсату жеткiлiктi ұқсатудың өлшемдерiне сәйкес келетiнi туралы құжаттық растауы;
11) еркiн қойманың кеден режимi:
тауарларды сақтау туралы еркiн қойманың иесiмен жасалған шарт;
стандарттың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
өнiмнiң қауiпсiздiгiне сәйкес келетiнi туралы сертификат, немесе өтiнiш-декларация, фитосанитарлық (карантиндiк) сертификат, санитарлық-тазалық сертификат, ветеринарлық сертификат. Аталған сертификаттар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген жағдайларда ғана мiндеттi сертификат қажет ететiн тауарлар үшiн берiледi;
12) тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсатудың кеден режимi:
тауарларды ұқсатудың шарттары туралы мiндеттеме;
стандарттың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардағы сәйкестiк сертификаты;
Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтаған тiзiмдеме бойынша тауарлардың ұқсатылған өнiм шығымының мiндеттi мөлшерi мен ұқсату мерзiмiн белгiлеу жөнiндегi уәкiлеттi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органының қорытындысы;
Ұқсату үшiн әкетiлген тауарларды қайтармаған кезде - егер тауарлардың авария немесе тежеусiз күштiң әрекетi салдарынан жойылуы не бiржола жоғалуы, тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи тозуы себебiмен жетiспеуi немесе кемуi, не Қазақстан Республикасының заңдары бойынша шетел мемлекетi органдарының немесе лауазымды адамдарының жолсыз әрекеттерi салдарынан иелiктен шығып кету жәйттерiн Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерiнiң растауы. Тауарлар не ұқсату өнiмдерiн қайтарудың мүмкiн еместiгiн растайтын құжаттарды ЖКД-сын ұсынған кезде беруге талап қойылмайды және ол тауарлар не ұқсату өнiмдерiнiң белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн жүргiзiледi;
13) тауарлардың керi экспорт кеден режимi:
тауардың шетелдiк екенiн растайтын құжаттар:
тауарларды керi экспорт кеден режимiнде немесе кеден қоймасының кеден режимiнде, бажсыз сауда жасайтын дүкен, еркiн қойма, еркiн кеден аймағы, тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында, кеден бақылауымен тауарларды ұқсату кеден режимiнде (Қазақстан Республикасының аумағында ұқсатылмаған тауарларды шетелдiк тауарларды ұқсатудың мүмкiндiгi көзделген кеден режимiнiң шегiнде тауарларды әкеткен жағдайларда) ресiмделген ЖКД-ның көшiрмесi;
стандарттың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардағы сәйкестiк сертификаты;
тауарлар шыққан елдегi уәкiлеттi органның тауарлардың керi экспортына берген рұқсаты, егер Қазақстан Республикасымен бекiтiлген халықаралық шарттарымен тауарлардың керi экспортына рұқсат тек аталған рұқсат қағазы болған кезде берiледi;
әкелу кеден баждары, салықтары мен өсiмақының төленгенiн растайтын құжаттар. Олардың әкетiлгенiне екi айдан астам уақыт болған, тауарлардың керi экспорты кеден режимiнде ресiмделген тауарлар үшiн берiледi;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, тасымалданатын тауарлармен өз атынан iс-әрекеттi жасау үшiн жеткiлiктi өкiлеттiгi бар тұлғаның тауарлардың керi экспортына келiсiмi; Тұлғаның келiсiмi керi экспортты көздейтiн шарттың ережелерiне сәйкес бiлiнедi не болмаса аталған тұлғаның өтiнiшiнде жазбаша түрде дәлелденедi.
14) тауарларды жою кеден режимi:
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны сақтау министрлiгi аумақтық органының қорытындысы;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органының қорытындысы;
15) мемлекет пайдасы үшiн тауарлардан бас тарту кеден режимi:
стандарттың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар;
өнiмнiң қауiпсiздiгiне сәйкес келетiнi туралы сертификат, немесе өтiнiш-декларация, фитосанитарлық (карантиндiк) сертификат, санитарлық-тазалық сертификат, ветеринарлық сертификат. Аталған сертификаттар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген жағдайларда ғана мiндеттi сертификат қажет ететiн тауарлар үшiн берiледi.
26. Егер алушының (жөнелтушiнiң) мемлекеттiк тiркелу орны тұрған кеден органының қызмет аймағынан тысқары жерде тауарларға кедендiк ресiмдеу жүргiзiлсе, Кедендiк ресiмдеудi жүргiзудiң орны мен уақыты туралы нұсқаулықпен белгiленген тәртiпте берiлетiн кеден органының рұқсаты ұсынылады.
27. Бір кеден режимінің екінші кеден режиміне ауысуы ЖКД-сын ұсыну осы Ереженің ережелеріне сәйкес таңдап алынған кеден режиміне қатысты жүзеге асырылады.
Жүк кеден декларациясын,
құжаттар мен кеден мақсаттары
үшін қажет қосымша мәліметтерді
ұсыну, қабылдау және тексеру
ережесіне 1-қосымша
мөртабан мен кеден
органы лауазымды
тұлғасының жеке
нөмірлі мөріне арналған орын
N_____ Жүк кеден декларациясына қосылатын ҚҰЖАТТАР ТІЗІМДЕМЕСІ
(ұсынылатын)
_________________________
(декларанттың атауы)
__________________________________________________________________
N р/с Құжаттардың атауы Парақтар Даналар Ескертулер
саны саны
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Декларанттың уәкілетті
тұлғасының қолы М.О.
Жүк кеден декларациясын,
құжаттар мен кеден мақсаттары
үшін қажет қосымша мәліметтерді
ұсыну, қабылдау және тексеру
ережесіне 2-қосымша
___________________________
(декларанттың атауы)
Қосымша құжаттар мен кеден мақсаттары
үшін қажет қосымша мәліметтердің
ТАЛАП ПАРАҒЫ
_________________________________________________________________
N р/с Құжаттардың атауы Беру мерзімі Ескертулер
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Кеден органы бөлім бастығының қолы
(кеден органының бастығы) -
кеден органының мөрімен расталады.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiне
қатысушылардың алдын-ала жасалатын операциялар
сатысында есеп құжаттарын ұсынуының
ЕРЕЖЕСI
1. Осы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiне қатысушылардың алдын-ала жасалатын операциялар сатысында есеп құжаттарын ұсынуының ережесi (бұдан әрi - Ереже) тауарлар мен көлiк құралдарын негiзгi кедендiк ресiмдеудi жүргiзудi жеңiлдету мен жеделдетудi және оларды белгiлi бiр кедендiк режимге орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың есебiн (бұдан әрi - есеп) жүргiзуiнің рәсiмiн айқындайды.
2. Есеп жүргiзуге сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.
Бұл ретте есеп жүргiзу сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны (бұдан әрi - СЭҚ-ға қатысушы) мемлекеттiк тiркеген жер қызмет аймағында орналасқан кеден органында жүзеге асырылады.
3. Есептi мынадай құжаттардың:
1) мемлекеттiк тiркелгендiгi туралы куәлiк;
2) заңды тұлғаның КҰЖЖ (кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеушiсi) кодтарын көрсете отырып статистика басқармасы берген статистикалық кәртiшкенің;
3) салық төлеушiнің тiркеу нөмiрiн көрсете отырып салық органы берген тiркелгенi туралы анықтама;
4) банктен теңгемен және (немесе) валютада шоттар ашқандығы туралы анықтаманың негiзiнде тиiстi кеден органы жүргiзедi.
4. Осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттардың көшiрмелерi оның түпнұсқасы қоса ұсынылған жағдайда нотариалды түрде расталмауы мүмкiн. Бұл ретте құжаттардың көшірмелерін оларды түпнұсқасымен салыстыруды жүргiзгеннен кейiн кеден органы растайды.
Есеп үшiн ұсынылған құжаттар нөмiрленедi және арнайы папкiге тiгiледi.
5. Кеден органдары ұсынылған құжаттардың негiзiнде СЭҚ-ға қатысушының осы Ережеге Қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi есеп кәртiшкесiн ресiмдейдi.
Есеп кәртішкесiнің бiр данасы кеден органында қалады, екiншiсi - есепке арналған барлық құжаттар қабылданған сәттен бастап келесi жұмыс күнiнің аяқталуынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде СЭҚ-ға қатысушыға берiледi.
6. Есеп үшiн кеден органына ұсынылған мәлiметтер өзгерген жағдайда СЭҚ-ға қатысушының Ереженің 3-тармағында белгiленген тәртiппен өзгерген мәлiметтердi қамтыйтын құжаттарды ұсынуы қажет.
7. Есеп кәртiшкесiнде көрсетiлген мәлiметтердi кеден органдары негiзгi кедендiк ресiмдеудi жүргiзу кезiнде жүктiк кедендiк декларацияда қамтылған ақпараттарды тексеру мақсатында пайдаланады.
Қазақстан Республикасының
сыртқы экономикалық қызметiне
қатысушылардың алдын-ала
жасалатын операциялар
сатысында есеп құжаттарын
ұсынуының ережесiне
қосымша
___________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы кеден органының атауы)
N______СЭҚ қатысушының есеп кәртiшкесi
КҰЖЖ коды:____________
Ұйымның атауы:____________________________
СОАТО: __________ __________________________
(коды) (облыс, қала)
Кәсiпорынның санаты:__________ _________________
(коды) (аты)
___________________________________
Есеп шотының N (теңгемен)
______________________________________
Валюталық шоттың N (валютаның атауы)
Мекен-жайы:___________________________________________
(почталық индекс; қала)
Статистика басқармасында тiркелген күнi___________
Жауапты инспектор _______________ ____________
(қолы) (аты-жөнi)
Күні
Инспектордың жеке
нөмiрлi мөрiнiң орыны
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға
арналған растауларды берудiң ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған растауларды берудiң осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 193-бабына сәйкес әзiрлендi және кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған растауларды берудiң тәртiбiн белгiлейдi.
2. Кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған растауды (бұдан әрi - растау) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) бередi.
2. Растауларды берудiң, тоқтатудың және керi қайтарып
алудың тәртiбi
3. Растау мүдделi адамның осы Ереженiң бiрiншi қосымшасына сәйкес ресiмделген өтiнiшiнiң негiзiнде берiледi. Өтiнiштi алған кезде Кеден комитетi осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiштер мен растауларды тiркеу журналында оларды есепке алуды жүргiзедi.
4. Растау кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн тiкелей жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметке қатынасушы не ұсыным бойынша кеден брокерiне ұсынылуы мүмкін:
1) электрондық тасығыштардағы кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi бағдарлама. Бағдарлама Кеден комитетiнiң форматтарына (бұдан әрi - формат) сәйкес келуi тиiс;
2) егер өтiнiш берушi кедендiк брокер болып табылса, кедендiк брокер ретiнде қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның көшiрмесi.
5. Растау осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данада ресiмделедi, оның бiреуi өтушi берушiге берiледi, екiншiсi Кеден комитетiнде қалады.
Ресiмделген растауға код берiледi, ол өтiнiштер мен растауларды тiркеу журналына және растаулар тiзiлiмiне енгiзiледi, сондай-ақ одан әрi кеден құжатының әрбiр ресiмделген электрондық көшiрмесiнiң белгiлi бiр тұсына енгiзiледi.
Растау өтiнiш тiркелгеннен кейiнгi үш күндiк мерзiмде өтiнiш берушiге берiледi.
6. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға берiлген растау сыртқы экономикалық қызметтiң басқа да қатысушылары алып жүретiн тауарларға арналған кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыру үшiн пайдаланылмайды.
7. Осы Ереженiң 4-тармағында белгiленген талаптарды орындамаған жағдайда растауды беруден бас тартылуы мүмкiн. Растауды беруден бас тартқан жағдайда, Кеден комитетi өтiнiш тiркелген күннен бастап үш күннен кешiктiрместен бас тартудың себептерiн мазмұндай отырып, бұл туралы жазбаша түрде өтiнiш берушiге хабарлайды.
8. Растауды:
1) кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiнде деректер дұрыс көрсетiлмегенi анықталған;
2) осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген талаптар бұзылған;
3) кеден брокерiнiң лицензиясы керi қайтарылып алынған жағдайларда Кеден комитетi керi қайтарып алуы мүмкiн.
9. Растаудың қолданыс мерзiмi шектелмейдi.
Пiшiмдерi өзгерген жағдайда өзгерген пiшiмдерге сәйкес бағдарламаны Кеден комитетi өтiнiш берушiге ұсынғанға дейiн растаудың қолданысы тоқтатылады.
Және де растаудың қолданысын қалпына келтiру растауды беру үшiн белгiленген мерзiмде жүргiзiледi.
Кеден комитетi пiшiмдi өзгерту туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етедi.
3. Қорытынды ереже
10. Осы Ережеде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк көзделген.
Кеден құжаттарының электрондық
көшірмелерiн қалыптастыруға
арналған растауларды берудің
ережелеріне 1-қосымша
ӨТIНIШ
________________________________________________________________
(толық және қысқа заңды атауы, КҰЖЖ коды,
________________________________________________________________
СТТН коды, заңдық және іс жүзіндегі мекен-жайы, мемлекеттік
тіркеу туралы куәліктің нөмірі
________________________________________________________________
өтініш беруші - кедендік брокерге арналған тиісті лицензияның
нөмірі, есеп айырысу және валюталық шоттар, осы шоттар
ашылған банктердің мекен-жайлар және КҰЖЖ және СТТН кодтары).
________________________________________________________________
Кеден құжаттарының электрондық көшірмелерін қалыптастыруға
арналған растауларды беруді сұраймын:
________________________________________________________________
(Электрондық көшірмелерін қалыптастыру көзделген кеден
құжаттарының түрін көрсету керек)
Заңды тұлға басшысының
аты-жөні қолы Мөр
Кеден құжаттарының электрондық
көшірмелерiн қалыптастыруға
арналған растауларды берудің
ережелеріне 2-қосымша
Кеден құжаттарының электрондық көшірмелерін қалыптастыруға
арналған өтініштерді және растауларды тіркеу кітабы
_________________________________________________________________
N Өтініш Өтінішті Кедендік брокер Растаудың нөмірі және
р/с берушінің (тіркеу) үшін бағдарла. күні, бас тартылған
атауы беру маның, лицензия. жағдайда - бас тарту
күні ның болуы туралы хаттың N мен
күні
_________________________________________________________________
Кеден құжаттарының электрондық
көшірмелерiн қалыптастыруға
арналған растауларды берудің
ережелеріне 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі
Кеден комитеті Растау N ___
Осымен ___________________________________________________________
(өтініш беруші заңды тұлғаның атауы, КҰЖЖ коды, СТТН коды,
__________________________________________________________________
заңдық және іс жүзіндегі мекен-жайы, тіркеу туралы куәліктің нөмірі)
төмендегідей кеден құжаттарының электрондық көшірмелерін
қалыптастыруға арналған растау беріледі:
1.______________________________________;
2.______________________________________;
3.______________________________________;
4.______________________________________.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
кіріс министрлігі Кеден комитетінің Төрағасы
Мөр орны 200__жылғы "___" ___________
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Қазақстан Республикасы
Экономика және сауда
министрлігінің Стандарттау,
метрологиялау және
сертификаттау жөніндегі
комитетінің төрағасы
2001 жылғы 15 ақпан
Мiндеттi сертификаттауға жататын тауарларды
кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер
1. Мiндеттi сертификаттауға жататын тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) лицензиялау туралы заңдарға , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - кеден iсi туралы Заң) Заңының 153 және 203-баптарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау және мiндеттi сертификаттауға жататын тауарлардың тәртiбiн анықтайды.
2. Өнiмнiң сертификатталуын жүргiзу тәртiбi мен ережелерiне қойылатын жалпы талаптар "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16-қарашада шыққан "Кеден одағы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттерге әкелiнетiн тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтiк, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық және экологиялық стандарттар, нормалар, ережелер мен талаптар" N 1716 қаулысымен бекiтiлген.
3. Мiндеттi сертификаттауға жататын тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
4. Әкелiнген тауарлардың стандартқа, техникалық регламентке немесе Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген өзге де нормативтiк құжаттарға сәйкес келетiнiн растау Қазақстан Республикасының сертификаттың мемлекеттiк жүйесiнде аккредитивтелiнген сертификаттау жөнiндегi органдардың өнiмдi сертификаттау жолымен, немесе сертификаттау бойынша шетел органдары берген сертификатты мойындау жолымен жүзеге асырылады.
2. Кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау тәртiбi
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде жеке тұлғалар әкелген тауарларды, сондай-ақ шетел мемлекеттерi мен халықаралық ұйымдар өкiлдiгiнiң ресми пайдалануы, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осындай өкiлдiктердегi қызметкерлердiң жеке пайдалануы үшiн арналған тауарларды кедендiк ресiмдеу, сәйкестендiру сертификатын ұсынусыз жүргiзiледi.
6. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн тауарлар мынадай кеден режимдерiнде мiндеттi сертификаттауға жатады:
1) Тауарларды еркiн айналым үшiн шығару;
2) Керiимпорт;
3) Бажсыз сауда дүкенi;
4) Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету (тауарларды уақытша әкелу бөлiгiнде);
5) Жабдықтарды әкелу бөлiгiнде еркiн кеден аймағы;
6) Еркiн қойма (жабдықтарды әкелу бөлiгiнде);
7) Тауарларды кеден аумағынан тыс жерде ұқсату (ұқсату өнiмдерiн әкелу бөлiгiнде);
8) Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту.
7. Кедендiк ресiмдеу жүргiзген кеден органына сәйкестендiру сертификаты жүк кеден декларациясымен бiрге берiледi және ол кеден мақсаттары үшiн қажет құжаттар болып табылады.
8. Жүк кеден декларациясын берген кезде сәйкестендiру сертификаты болмаған кезде, кеден органына осы Ереженiң қосымшасында көрсетілген нысан бойынша өтiнiш-декларация берiледi.
9. Кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау мақсаттары үшiн белгiленген тәртiпте сәйкестендiру сертификатының расталған көшiрмесi пайдаланылуы мүмкiн. Ол келесi аталған тұлғалардың бiреуiмен:
1) нотариуспен;
2) сертификат берген органмен;
3) сертификаттау стандартизация, метрология бойынша аумақтық мемлекеттік органмен;
4) кеден одағына мүше-мемлекеттердің консулдық мекемелерімен расталады.
10. Ұсынылған сертификаттың көшірмесі кеден органының іс қағаздарында қалады және қайтарылуға жатпайды.
11. Кеден органының рұқсатымен сертификаттау мақсаттары үшін тауарларға қатысты өкілеттері бар декларант не болмаса өзге тұлғалар кеден бақылауымен әкелінген тауарларды тексере алады, сондай-ақ олардан сынамалар мен үлгілерді Қазақстан Республикасының кеден заңнамалары белгілеген тәртіпте алады.
12. Ұсынылған сертификаттың сенімсіз екендігіне жеткілікті негіз бар деген ұғым пайда болған кезде, кеден органы декларанттан тауарға берілген сертификаттың шынайы екендігін дәлелдеуді талап етеді не болмаса сертификат берген органнан тиісті ақпаратқа сұрау салады.
3. Қорытынды ережелер
13. Осы Ережемен белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
Мiндеттi сертификаттауға
жататын тауарларды
кедендiк ресiмдеу мен
кедендiк бақылаудың
Ережесiне
қосымша
ӨНІМНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ
ДЕКЛАРАЦИЯ - ӨТIНIШ (ЖҰМЫСТАРДЫҢ,
КӨРСЕТIЛГЕН ҚЫЗМЕТТIҢ)
(өнiмдi өткiзу құқығынсыз) 026302 КСД
200- ж. "__"_________N____
__________________________________________________________________
(кәсiпорынның (ұйымның, мекеменiң) аталуы __________________________________________________________________
(мекен-жайы) ___________________________________________________________атынан
(кәсiпорынның бастығы) __________________________________________________________________
(аты-жөнi) __________________________________________________________________
(өнiмнiң аталуы мен белгiсi)
_______________________________________(жұмыс, көрсетiлген қызмет)
(жүргiзiлген жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) __________________________________________________________________
(олар бойынша шығарылатын құжаттар)
адам өмiрiнің, денсаулығының, мүлiктерiнің және қоршаған ортаның
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн аталған өнiм үшiн белгiленген
мәлiмделген сәтте қолданыста болған барлық талаптарға сәйкес
келетiнi туралы айрықша жауапкершiлiкпен өзiнiң атынан мәлiмдейдi.
__________________________________________________________________
(мемлекеттiк стандарттың, санитарлық норма мен
__________________________________________________________________
ережелердiң, құрылыс нормасы мен ережелердiң __________________________________________________________________
және өзге құжаттардың аталуы мен белгiлерi)
мөрдiң Кәсiпорынның бастығы
орны
_________________
(қолы, аты-жөні)
__________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының аумақтық __________________________________________________________________
Мемлекеттiк стандартының немесе оның өкілеттi органының,
__________________________________________________________________
мекен-жайы аталуы)
N __"___" _________ мерзiмге дейiн жасалған шарт бойынша
___________________________ осы өтiнiш-декларация бақыланды
(шарттың тоқтатылған күнi)
мөрдің
орны
Сертификаттау бойынша
органның бастығы немесе
оның уәкiлеттi органы ___________________
(қолы, аты-жөнi)
Ескерту. Мәлiмдеушiде, қауiпсiздiк талаптарын белгiлейтiн
стандарттар мен өзге нормативтiк құжаттар бойынша
деректер болмаған кезде, бұл жол толтырылмайды.
СЕРТИФИКАТТАУ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСI
____________________________________________________________
________________________________________________
(сертификаттау жөніндегі органның
________________________________________________
аталуы мен мекен-жайы)
N 0049501 КСС
СӘЙКЕСТIК СЕРТИФИКАТЫ
Мемлекеттік реестрде тіркелген
"___"_________ ж. N______
сақтау шарттары сақталуымен
"___"_________ 200__
жылға дейін күші бар
1. Осы сертификат мәлімдеушінің ! ! ! ! ! ! СЭҚ ТН-ның
коды____________кәсiпорында (фирмада) жасалған өнiмiн
куәландырады,
____________________________________________________________
________________________
және сертификаттауға ұсынылған______________________________
____________________________________________________атауымен
өндірістің тұрпаты, маркасы немесе топтаманың шамасы
____________________________________________________________
(нормативтiк құжаттар мен оның тармақтары)
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.
2.__________________________________________________________
(аталуы мен оның мекен-жайы)
Мәлімдеуші (өнiм дайындаушы, сатушы), осы сертификатта
көрсетілген нормативтік құжаттардың талабына өткізетін
өнімдердің және солар бойынша сыналған үлгілер дайындалған
техникалық құжаттарға сәйкес келуіне, сондай-ақ тұтынушыларға
сертификаттың болғаны туралы хабардар етеді.
3. "___"_________ ж. N____ хаттама, зертхананың сынақтаған
аккредиттелген зертхананың аталуы
____________________________________________________________
(мемлекеттік реестрдегі тіркеме N, шетелдік сертификаттың
N,"___"_________, сапалықтың (өндірістің) сертификаттық
жүйесі) негізінде сертификат берілген.
4. __________________________________________________________
(сертификаттау жөніндегі акредиттелген органның
____________________________________________________________
аталуы мен мекен-жайы)
инспекциялық бақылауды жүзеге асырды.
М.О. Сертификат берген органның бастығы
____________ _____________________
(қолы) (фамилиясы, аты-жөні)
ӨНІМ ДАЙЫНДАУШЫЛАРДЫҢ, (САТУШЫЛАРДЫҢ)
ЖӘНЕ БАҚЫЛАУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА
Сертификаттың көшірмесі тек белгіленген үлгілерде
орындалады.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Жедел жеткізілімдер кезінде тауарларды кедендік
ресімдеу Ережелері
1. Осы Ережелерде жедел жеткiзiлiмдер кезiнде тауарларды
кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi анықталады.
2. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 160-бабына сәйкес табиғи апаттар, авариялар, катастрофалар, тiрi жануарлар, тез бұзылатын тауарлар, радиоактивтi материалдар, хабарламалар және бұқаралық ақпарат мақсаттарындағы материалдар кезiнде қажеттi болатын тауарларды кедендiк ресiмдеу оңайлатылған тәртiпте жүргiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының кедендiк органдары жедел жеткiзiлiмдер кезiнде тауарларды уақытша сақтауға орналастырмастан кедендiк ресiмдеуден өткiзедi.
4. Жедел жеткiзiлiмдер кезiндегi мәлiмдеу кедендiк органға өтiнiш және кедендiк органға кедендiк жүк мәлiмдемесiн кейiнірек берумен уақытша кедендiк мәлiмдеме болып саналатын тауарлармен бiрге жiберiлетiн құжаттар беру арқылы жүзеге асырылады.
Өтiнiште тауар жiберушiлер және тауар алушылар, жiберушi және тауарлар жiберiлген елдер, тауарлардың атауы, сипаттамасы, саны, брутто-салмағы және құны, тауарларды пайдалану мақсаттары туралы мәлiметтер, сондай-ақ әкелiнетiн тауарлар тартылатын олардың кедендiк режимi, белгiленген мерзiмдерде кедендiк жүк мәлiмдемесiн, кедендiк мақсаттарға қажеттi құжаттарды беру туралы мiндеттеме болуы тиiс.
Кедендiк жүк мәлiмдемесi кедендiк органға кеден тауарлардың шығуы күнiнен бастап 30 күннен кешiктiрместен жiберiледi.
Жедел жеткiзiлiмдердi кедендiк ресiмдеу кезiнде Қазақстан Республикасының кедендiк органы тауармен бiрге жүретiн құжаттарды және мәлiмдеушiнiң өтiнiшiн қабылдаған күнi күшiнде болатын нормативтiк құқықтық кесiмдер қолданылады.
5. Кедендiк баждар мен салықтар салынған тауарлар осы Ережелердiң 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк баждар мен салықтарды төлеу қамтамасыз етiлген жағдайда ғана оңайлатылған тәртiпте ресiмделуi мүмкiн.
6. Авария, катастрофа немесе табиғи апат болған төтенше жағдай туындаған күнiнен бастап бiр айдың iшiнде әкелiнетiн және оның салдарын жою жөнiндегi дереу iс-шаралар (құтқару және медициналық жабдық, медикамент, уақытша тұрғын үй және басқалар) өткiзуге арналған, кедендiк баждар мен салықтар салынған тауарлардың жедел жеткiзiлiм кезiндегi кедендiк ресiмделуi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне төтенше жағдайдың күнi мен өту орны туралы мәлiметтердi тапсырған жағдайда ғана кедендiк баждар мен салықтар төлеудi қамтамасыз етпестен жүргiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi осындай дәлелдеу мәлiметтерiнiң болуы туралы тауарлардың кедендiк ресiмделуi жүргiзiлуi тиiс бағынысты кедендiк органдарға хабарлайды.
7. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн және ветеринарлық, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттiк бақылаудың басқа да түрлерiнен өткiзуге жататын тауарлар осы Ережелердiң 3-тармағына сәйкес оларды жылжытушы отандық тұлға тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың рұқсатын алғанға дейiн мұндай тауарларды пайдаланбау туралы немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында пайдалану үшiн қажеттi рәсiмдердi толық орындағаны туралы мiндеттеме берген жағдайда ғана ресiмделуi мүмкiн.
8. Сыртқа шығару тұрғысынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулер белгiленген немесе мемлекеттiк органдардың тарапынан бақылауға жататын тауарлар осы Ережелердiң 3-тармағына сәйкес оларды жылжытушы тұлға тиiстi рұқсаттар көрсеткен жағдайда ғана ресiмделуi мүмкiн.
9. Кедендiк төлемдер мен салықтардан тауарларды босату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
10. Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес осы Ережелерде белгiленген тәртiптi бұзудан жауапкершiлiк туындайды.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Тауарларды алдын ала мәлiмдеу рәсiмiн қолдану жөнiндегi
ЕРЕЖЕ
1. Тауарларды алдын ала мәлiмдеу рәсiмiн қолдану жөнiндегi осы Ережелер (бұдан әрi - Ережелер) "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 202-бабына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарларды алдын ала мәлiмдеудiң тәртiбiн анықтайды.
2. Тауарларды алдын ала мәлiмдеу декларанттың Қазақстан Республикасының кедендiк органына тауарлардың жеткiзiлетiн орынға келуiне дейiн отыз күн қалған мерзiмнiң iшiнде мәлiмдеу жасағанда қолданылады.
3. Тауарларды алдын ала мәлiмдеу рәсiмiн пайдалану үшiн декларант тауарларға кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн Қазақстан Республикасының кедендiк органына (бұдан әрi - ресiмдеушi кедендiк орган) тауарларды көрсетпестен бұрын 9-тармақта көрсетiлген ерекшелiктер ескерiле отырып, белгiленген тәртiпте толтырылған, әкелiнетiн тауарларға арналған кедендiк жүк мәлiмдемесiн (бұдан әрi - КЖМ) тапсырады.
КЖМ кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау жүргiзу үшiн қажеттi әрi жеткiлiктi Кеден iсi туралы Заңның 198-бабында көзделген құжаттармен бiрге берiледi. Бұл орайда кедендiк ресiмдеуге көлiктiк және тауармен бiрге алып жүретiн құжаттардың көшiрмелерi алынуы мүмкiн. Көлiктiк және тауармен бiрге алып жүретiн құжаттардың түпнұсқалары ресiмдеушi кедендiк органға тауарларды көрсету кезiнде берiледi (егер, соңғыларды КЖМ тапсыру кезiнде көрсетуге мүмкiндiк болмағанда).
4. Тауарлар ресiмдеушi кедендiк органға берiлуi тиiс мерзiм КЖМ-дi кедендiк органда тiркеу күнiнен есептеледi. Егер осы мерзiмде тауарлар ресiмдеушi кедендiк органға көрсетiлмесе, КЖМ-нiң күшi жойылады.
5. Тауарларды алдын ала мәлiмдеу рәсiмi бойынша мәлiмделiнетiн тауарға ресiмдеушi кедендiк органның КЖМ-дi қабылдау күнiне қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
6. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк органына көрсету кезiнде декларант көлiктiк құжаттар мен тауармен бiрге алып жүретiн құжаттардың түпнұсқаларын бередi (егер олар КЖМ тапсыру күнi көрсетiлмеген болса), олар КЖМ тiркеу кезiнде құрастырылатын тiзiлiмге енгiзiлуi тиiс.
7. Тауарларды шығару қарауды, ұқсастыру рәсiмiн, КЖМ-де көрсетiлген мәлiметтердiң iс жүзiндегi мәлiметтерге сәйкестiгiн тексерудi қоса алғанда, тауарларға кедендiк бақылау жүргiзiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
8. Құн, сан немесе салмақ көрсеткiштерi бұрын мәлiмделген көрсеткiштерден айырмашылығы болып (тауармен бiрге жүретiн құжаттардың көшiрмелерi негiзiнде) өзгерген жағдайда, құны мен санының өзгеруiн растайтын құжаттар мiндеттi түрде көрсетiледi (коммерциялық кесiмдер, Сауда-өнеркәсiп палатасының кесiмдерi).
Мұндай жағдайда ресiмдеушi кедендiк органға белгiленген тәртiпте, iс жүзiндегi мәлiметтердiң ескерiлуiмен толтырылған және алдын ала ресiмделген КЖМ бланкiсiнiң қоса берiлуiмен КЖМ-нiң жаңа бланкiсi тапсырылады КЖМ-нiң жаңа бланкiсiне КЖМ-нiң дәл сол тiркеу нөмiрi берiледi. Алдын ала ресiмделген КЖМ-нiң бланкiсi таңылады және белгiленген тәртiпте жаңа КЖМ-мен бiрге сақталады.
9. КЖМ белгiленген тәртiпте толтырылады. Бұл орайда "Декларацияның түрi" атты 1 графаның үшiншi кiшi бөлiмiнде "ААМ" - алдын ала мәлiмдеу көрсетiледi.
Жаңа КЖМ берiлген жағдайда 8-тармаққа сәйкес КЖМ-нiң 40-графасында алдын ала ресiмделген КЖМ-нiң нөмiрi көрсетiледi.
10. Ресiмдеушi кедендiк орган алдын ала мәлiмдеу рәсiмiнiң қолданылуымен тауарларды кедендiк ресiмдеудi, бұл тауарлар кедендiк бақылауда болып ресiмдеушi кедендiк органға олар көрсетiлгеннен кейiн кедендiк ресiмдеу бiр тәулiктiң iшiнде аяқталған жағдайда, уақытша сақтау орнына орналастырмастан жүргiзедi.
11. Осы Ережелерде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк туындайды.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімін қолдану жөніндегі
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімін қолдану жөніндегі осы ережелер (бұдан әрі - Ережелер) "Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 202-бабына сәйкес және тауарларды арагiдiк мәлімдеудiң тәртiбiн анықтайды.
2. Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы бірыңғай тауарларды бірыңғай тұлға тұрақты түрде тасымалдаған кезде кедендік органның рұқсатымен тауарларды еркін айналысқа және экспортқа шығарудың кедендік режимдеріне сәйкес қолданылады. Арагідік мәлімдеу рәсімін қолдану жөніндегі рұқсат осы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысанда беріледі.
3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыртқы экономикалық іс-әрекетінің Тауарлық тізбесі бойынша 9 белгінің деңгейінде жіктеу коды бірыңғай болған жағдайда тауарлар бірыңғай болып есептеледі (бұдан әрі - ТМД СЭІӘ ТТ).
4. Егер, бірыңғай тұлға бірыңғай тауарды күнтізбелік бір айдың ішінде екі немесе одан да көп рет жеткізген жағдайда, тауар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы бірыңғай тұлғамен тұрақты түрде тасымалданатын болып қаралады.
5. Жекелеген жеткізілімдердің немесе тасымалдау құралдарының санына қарамастан бір сыртқы сауда шарты бойынша, күнтізбелік бір айдың ішінде тасымалданатын бірыңғай тауарлар кедендік мақсаттар үшін бірыңғай тұтастық болып қаралады.
6. Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімін қолдану кезінде тауарларды кедендiк ресiмдеуге қатысты Қазақстан Республикасы Кеден органы арагiдiк кедендiк жүк мәлiмдемесiн (бұдан әрi - АКЖМ) қабылдау күнi күшiнде болатын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерi қолданылады.
7. Арагiдiк мәлiмдеу рәсiмiн пайдалана отырып, тауарларды кедендiк ресiмдеу мұндай тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастырылмастан жүргiзiледi.
2. Арагiдiк мәлiмдеу рәсiмiн пайдалануға арналған
рұқсаттарды беру тәртiбi
8. Арагiдiк мәлiмдеу рәсiмiн пайдалануға арналған рұқсатты алу үшiн (бұдан әрi - рұқсат) мүдделi тұлға Қазақстан Республикасының кедендiк органына тауарды жылжытушы тұлғаның басшысы қол қойған еркiн нысандағы өтiнiштi тапсырады және де онда төмендегiдей мәлiметтер көрсетiледi:
1) 9 белгiнiң деңгейiндегi ТМД СЭIӘ ТТ бойынша жiктеу коды көрсетiле отырып, тауарлардың атаулары;
2) күнтiзбелiк бiр айдың iшiнде тауарларды тасымалдаудың болжамды жиiлiгi мен көлемдерi;
3) тауардың шығу тегi болып табылатын ел;
4) олардың негiзiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн сыртқы сауда шартының немесе басқа да құжаттың реквизиттерi (күнi және нөмiрi);
5) тауарлардың болжамдалған кедендiк құны;
6) iшке тасу кезiнде тауар жiберушiнiң, сондай-ақ сыртқа шығару кезiнде тауар алушының атаулары;
7) сыртқа шығару кезiнде - ол арқылы тауар шығару жүргiзiлетiн кедендiк өткiзу пунктi.
9. Өтiнiш келiп түскен күнiнен бастап үш күннiң iшiнде оны Қазақстан Республикасының кедендiк органы қарауы тиiс. Кедендiк орган бастығының рұқсатымен бұл мерзiм 10 күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн.
10. Әкелiнетiн тауарларға қатысты рұқсат төмендегiлерге орай алдын ала шешiм қабылданған жағдайда берiледi:
1) тауарлардың жiктелуi;
2) тауардың шығу тегi болып табылатын ел.
11. Рұқсат төмендегiдей жағдайда берiлмейдi:
1) тауарларды болжамды жылжыту арагiдiк мәлiмдеу рәсiмiн пайдалану талаптарына сәйкес келмесе;
2) кедендiк ережелердi бұзғаны үшiн сот арқылы жазаға тартылған адамдарға;
3) кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша қарызы бар адамдарға.
12. Кедендiк төлемдер мен салықтарды алдына ала төлеудiң сомалары кедендік органның депозит есепшотына түскен уақыттан бастап рұқсат қолданылымды болып есептеледi.
13. Рұқсат, олардың негiзiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн сыртқы сауда шартының немесе басқа да құжаттың қолданыста болу мерзiмiне берiледi.
14. Рұқсат керi шақырылуы мүмкiн немесе оның күшi төмендегiдей жағдайларда тоқтатылуы мүмкiн:
1) оларға қатысты iстердi сот қарайтын кедендiк ережелердi тұлға бұзған жағдайда;
2) кедендiк төлемдер және салықтар бойынша тұлға қарыздар болса, сондай-ақ ай сайынғы кедендiк төлемдер мен салықтардың сомалары кедендiк органның депозитiне түспесе;
3) осы Ережелерде көзделген арагiдiк мәлiмдеу рәсiмiн пайдаланудың талаптары сақталмаса.
3. Кедендiк жүк мәлiмдемесiн берудiң, қабылдаудың және
тексерудiң арагiдiк мәлiмдеу рәсiмiн пайдалану
кезiндегi тәртiбi
15. Арагiдiк мәлiмдеу жеткiзiлiм айының алдындағы айда АКЖМ беру арқылы жүргiзiледi. Бұл орайда АКЖМ тауарлардың бiрыңғай партиясына толтырылады.
16. АКЖМ толтыру, беру, қабылдау және тiркеу кедендiк жүк мәлiмдемелерiн (бұдан әрi - КЖМ), сондай-ақ төменде көрсетiлген ерекшелiктер ескерiле отырып, кедендiк мақсаттарға қажеттi құжаттарды және қосымша мәлiметтердi беру, қабылдау және тексеру Ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес iске асырылады:
1-графаның "Мәлiмдеменiң түрi" деген үшiншi кiшi бөлiмiнде "ТАМ" деген жазба енгiзiледi;
көлiк құралдарының нөмiрлерi туралы мәлiметтер көрсетiлмейдi;
тауарлардың санына қатысты мәлiметтер, жеткiзiлуге болжамдалған тауарлардың саны ескерiле отырып, болжамды түрде көрсетiледi.
17. Қазақстан Республикасының кедендiк органдары тауарлардың күнтiзбелiк айдың iшiндегi әрбiр жеткiзiлiмiне есеп жүргiзедi және қозғалысын iс жүзiнде бақылайды.
18. Арагiдiк мәлiмдеу рәсiмiн пайдаланумен тауарлар қозғалысы жүргiзiлген күнтiзбелiк айдан кейiн 10 күннен кешiктiрместен, толық КЖМ берiледi, ол әкелiнген немесе әкетiлген тауарлардың iс жүзiндегi саны есепке алына отырып, толтырылады. Бұл орайда толық КЖМ-iне АКЖМ-iнiң анықтамалық нөмiрi таңылады, ал "Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы" деген" КЖМ 31-графасында мәлiмдеушi "... үшiн жеткiзiлiм" деген қосымша жазба енгiзедi, онда тауар жеткiзiлiмi жасалған күнтiзбелiк айдың және жылдың атауы көрсетiледi.
Мәлiметтердi көрсету үшiн КЖМ парағының екiншi жағындағы орын жеткiлiксiз болса, КЖМ парағының екiншi жағы ретiнде басқа қағаз парақ қолданылады, онда "КЖМ парағының екiншi жағы N_____" деген жазба жасалады.
19. Кедендiк төлемдер мен салықтар АКЖМ қабылданған күнi немесе оған дейiн төленедi.
4. Тауарларды еркiн айналысқа шығару жөнiндегi
кедендiк режимге сәйкес жылжытылатын тауарларды арагiдiк
мәлiмдеу рәсiмi пайдаланыла отырып жасалатын кедендiк
ресiмдеудiң ерекшелiктерi
20. Әрбiр партияның жеткiзiлiм орнына келiп түсуi кезiнде тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк органға көрсетiледi, ал оларға қатысты көлiк және тауармен бiрге жүретiн құжаттар кедендiк органға берiледi.
21. Кедендiк органның лауазымды адамы тауармен бiрге жүретiн құжаттарда және АКЖМ көрсетiлген мәлiметтердiң тауарларды қарау қорытындыларына сәйкестiгiн тексередi.
22. Мәлiмдеушi берген құжаттардағы мәлiметтер қарау қорытындыларына сәйкес келген жағдайда, кедендiк бақылауды жүргiзетiн Қазақстан Республикасы кедендiк органының лауазымды адамы көлiктiк және тауармен бiрге жүретiн құжаттарда мынадай жазба жасайды (немесе штапм қояды): "Шығару рұқсат етiлдi. Арагiдiк мәлiмдеу", ол аталған лауазымды адамның қолымен және жеке нөмiрлi мөрiмен расталады және АКЖМ нөмiрi, тауарларды шығару күнi көрсетiледi.
23. Әкелiнетiн тауарлардың саны АКЖМ көрсетiлген көлемнен асқан жағдайларда, мәлiмдеушiнiң өтiнiш бойынша кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiмен әкелiнген тауарлардың саны туралы мәлiметтерге түзетулер енгiзiледi. Мәлiметтерге түзетулер енгiзу АКЖМ беру түрiнде жасалады және де бұрын берiлген АКЖМ мәлiмделмеген тауарлар туралы мәлiметтер көрсетiледi.
24. Тауарлар iс жүзiнде әкелiнбеген жағдайда, мәлiмдеушiнiң данасын қосқанда, АКЖМ барлық даналары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден Комитетi (бұдан әрi - Кеден Комитетi) белгiлеген тәртiпте жойылуға жатады. Бұл орайда келесi айға арналған АКЖМ әкелiнбеген тауарлардың саны ескерiле отырып толтырылады.
Әкелiнген тауарлар көлемiнiң АКЖМ мәлiмделген көлемнен айырмашылығы болған жағдайда, толық АКЖМ әкелiнген тауарлардың iс жүзiндегi саны ескерiле отырып толтырылады. Бұл орайда келесi айға арналған АКЖМ осындай өзгерiстер ескерiле отырып толтырылады.
5. Тауар экспорты жөнiндегi кедендiк режимге сәйкес
жылжытылатын тауарларды арагiдiк мәлiмдеу рәсiмi
пайдаланыла отырып жасалатын кедендiк ресiмдеудiң
ерекшелiктерi
25. Рұқсат берген және АКЖМ ресiмдеген Қазақстан Республикасының кедендiк органы Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан, ол арқылы тауарларды iс жүзiнде шығару жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасының кедендiк органына (бұдан әрi - шекаралық кедендiк орган) арагiдiк мәлiмдеу рәсiмiн ашу туралы ақпаратты бередi және онда әкетiлетiн тауарлар туралы негiзгi мәлiметтердi көрсетедi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасында кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн ресiмделген АКЖМ көшiрмесiн ай сайын бередi.
26. Жiберудiң кедендiк органына тауардың жiберiлетiн әрбiр партиясын көрсеткен кезде, тауарға қатысты көлiктiк және тауармен бiрге жүретiн құжаттар да көрсетiледi. Қазақстан Республикасы кедендiк органының лауазымды адамы құжаттарды көрсетiлген мәлiметтердiң тауарларды қарау қорытындыларына сәйкестiгiн тексередi.
27. Мәлiмдеушi берген құжаттардағы мәлiметтер қарау қорытындыларына сәйкес болған жағдайда, жiберудiң кедендiк органының лауазымды адамы көлiктiк және тауармен бiрге жүретiн құжаттарда мынадай жазба жасайды (немесе штамп қояды): "Шығаруға рұқсат етiлдi. Арагiдiк мәлiмдеу" және АКЖМ нөмiрi мен тауарларды шығару күнiн көрсетедi, олар аталған лауазымды адамның қолымен және жеке нөмiрлi мөрiмен расталады.
28. Әкетiлген тауарлардың iс жүзiндегi саны АКЖМ арқылы мәлiмделген тауарлар санынан аса алмайды.
29. Тауарлар іс жүзінде шығарылмаған жағдайда, мәлімдеушінің данасын қоса алғанда, АКЖМ барлық даналары Кеден Комитеті белгілеген тәртіпте жойылуға жатады. Бұл орайда келесі айға арналған АКЖМ шығарылмаған тауарлар саны ескеріле отырып толықтырылады.
АКЖМ арқылы мәлімделген көлеммен салыстырғанда шығарылған тауарлардың саны аз болған жағдайда, толық АКЖМ тауарлардың іс жүзінде шығарылған саны ескеріле отырып толықтырылады. Бұл орайда келесі айға арналған АКЖМ осындай өзгерістер ескеріле отырып толықтырылады.
6. Арагідік мәлімдеу рәсімін пайдалануды бақылау
30. Арагідік мәлімдеу рәсімі бойынша кедендік ресімдеуді жүргізетін Қазақстан Республикасының кедендік органдары кедендік бақылау мақсаттары үшін, арагідік мәлімдеу рәсіміне сәйкес жылжытылатын тауарлардың есебін осы Ережелердің 2-қосымшасында белгіленген нысандағы кітапта жүргізеді. Кітап тауарларды арагідік мәлімдеу туралы соңғы жазба жасалған күннен бастап Қазақстан Республикасының кедендік органында бес жыл бойы сақталады.
31. Белгіленген тәртіпті бұзумен тауар жылжытатын тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туындайды.
Тауарларды арагідiк мәлiмдеу
рәсімін қолдану Ережелерiне
1-қосымша
Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімін пайдалану жөніндегі
РҰҚСАТ
2000 жылғы "___"__________ N ХХХХХ/0000
<*>
Кедендiк органның атауы
Осымен рұқсат етіледі ______________________________________
(тұлғаның атауы, мекен-жай)
тауарлар үшін арагідік мәлімдеу рәсімін пайдалану
_____________________________________________________________,
(ТМД СЭІӘ ТТ сәйкес тауарлардың атауы және коды)
кедендік режимге сәйкес шарт немесе басқа құжат бойынша
жылжытылатын
_____________,
(күні және нөмірі)
____________________.
Рұқсат берілді "____"_____________мерзiмге дейiн.
Рұқсатқа Кедендiк органның басшысы қол қояды (БКБ, КБ және
кедендер) және ол Кедендiк органның мөрімен расталады.
<*> Ескертпе . Рұқсаттың нөмірі төмендегідей қалыптасады:
ХХХХХ/0000, онда:
ХХХХХ - Рұқсатты берген кедендiк органның коды;
0000 - Рұқсаттың реттік саны.
Тауарларды арагідiк мәлiмдеу
рәсімін қолдану Ережелерiне
2-қосымша
Арагідік мәлімдеу рәсімі бойынша ресімделген тауарларға есеп
жүргізу кітабы
__________________________________________________________________
N Мәлімдеуші АКЖМ Рұқсат Тауар атауы Тауарды Кедендік
р/с N нөмірі және саны қарауға бақылау
және күні беру жүргізген
күні лауазымды
адамның
аты-жөні
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
Ескертпе:
1) кітапта АКЖМ арқылы ресімделген тауарлардың әрбір жеткізілімі бойынша мәліметтер көрсетіледі;
2) жеткізілім айы аяқталған кезде әрбір АКЖМ бойынша қорытынды мәліметтер жасалады;
3) рұқсаттың күш мерзімі аяқталған кезде әрбір рұқсат бойынша
қорытынды мәліметтер жасалады.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Кедендiк брокер ретiнде iс-әрекет жасау құқығын беретін
лицензияларды беру, күшiн тоқтату және керi шақыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Кедендiк брокер ретiнде iс-әрекеттi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беру, күшiн тоқтату және керi шақыру туралы осы ережелер (бұдан әрi - Ережелер) лицензиялау туралы заңнамаға және "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрлендi және кедендiк брокер ретiнде iс-әрекеттi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды берудiң, күшiн тоқтатудың және керi шақырудың тәртiбiн анықтайды.
2. Кедендiк брокер ретiнде iс-әрекеттi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды (бұдан әрi - лицензиялар) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) бередi.
3. Лицензиялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында тұрғылықты орны бар, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 27 маусымдағы N 959 қаулысында бекiтiлген бiлiктiлiк талаптарға жауап беретiн және осы Ережелердiң 2-бөлiгiнде көрсетiлген заңды тұлғаларға осы Ережелерге қатысты 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысанда берiледi.
2. Кедендiк брокер ретiнде iс-әрекеттi жүзеге асыруға
қойылатын бiлiктiлiк талаптар
4. Кедендiк брокер ретiнде iс-әрекеттi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшiн заңды тұлғалар мынадай бiлiктiлiк талаптарға жауап беруi тиiс:
1) штатта белгiленген тәртiпте бiлiктiлiк аттестат алған кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның болуы;
2) Қазақстан Республикасының кедендiк органдары қолданылатын ақпаратты өңдеудiң автоматтандырылған құралдары мен бағдарламалық өнiмдерiне сәйкес келетiн ақпаратты өңдеудiң автоматтандырылған құралдары мен бағдарламалық өнiмдердi қосқанда, кедендiк брокер ретiнде iс-әрекеттi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық жабдықтың болуы;
3) есеп пен есеп беру жүргiзудi қамтамасыз ететiн, кедендiк бақылауға жататын тауарлармен және көлiк құралдармен iс-қимылдар жасауды дәлме-дәл әрi жан-жақты бейнелей алатын шарттардың болуы;
4) кедендiк баждар мен салықтарды, кедендiк төлемдердi, айыппұлдарды және кедендiк ережелердiң бұзылғаны үшiн нысандар болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдарының құнын төлеудi кейiнгi қалдырған және бөлiп төлеген үшiн проценттердi, сондай-ақ уәкiлеттi банктiң кепiлдiгiмен немесе бағамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiндегi Қазақстан Республикасының кедендiк органының депозиттiк есепшотына (бұдан әрi - кедендiк органның есепшоты) салу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен белгiленетiн, Қазақстан Республикасының валютасында немесе шетелдiк валютада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң бағамы бойынша 200000 АҚШ долларына тең мөлшерде ақша салумен жүргiзiлетiн кедендiк төлемдердi төлеудiң мерзiмiн бұзғаны үшiн пеня төлеудi қамтамасыз ету.
3. Лицензияларды беру тәртiбi
5. Лицензияны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 Қаулысын iске асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген нысанда лицензия беру жөнiндегi заңды тұлғаның өтiнiшi (бұдан әрi - өтiнiш берушi);
2) өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттар, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгi, атап айтқанда:
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалдық түрде куәландырылған көшiрмесi;
өтiнiш берушiнiң штатында кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн кем дегенде бiр маман бар екендiгi туралы құжат, сондай-ақ штатта тұрған кедендiк ресiмдеу мамандарының Кедендiк комитет берген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң нотариалды расталған көшiрмелерi;
3) лицензиялық алымның төленгенi туралы квитанция;
4) Iс-әрекетi жүзеге асырылатын аумағында кедендiк брокер және (немесе) оның филиалы орналасқан кедендiк органның кедендiк брокер ретiнде iс-әрекеттi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық жабдықтың бар болуы туралы, кедендiк брокердiң тауарлармен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу және оған байланысты есеп жүргiзу операцияларын есепке алуды жүргiзуге белгiленген талаптарға сәйкес есептiк құжаттаманың бар болуы туралы қорытындысы;
5) Кедендiк брокерде бар бағдарламалық қамтамасыз ету форматтарының кедендiк органдарының кедендiк құжаттаманы автоматикалық өңдеуден өткiзуде және кедендiк статистикасын жүргiзуде пайдаланылатын форматтардың сәйкестiгi туралы Қазақстан Республикасының өкiлеттi органының ұйғарысы;
6) Кеден органының есеп шотына 200000 АҚШ долларына тең соманың түсiруi туралы Қазақстан Республикасы кедендiк органының растауы мен төлемдiк құжаттың көшiрмесi.
6. Лицензияларды беру туралы өтiнiш "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-тармағы белгiлеген мерзiмде қаралады.
7. Лицензия беру туралы өтiнiштi қарау барысында Кедендiк комитет өтiнiш берушiнiң берген деректерiмен құжаттарының нақты екенiн растайтын құжаттар сұратуға құқылы.
8. Лицензиялау туралы заңдарында белгiлеген негiздемелер бойынша лицензия берiлмейдi.
4. Лицензияның күшiн уақытша тоқтату және керi
шақыру тәртiбi
9. Кедендiк брокермен лицензияда көрсетiлген талаптар орындалмаған жағдайда, Кедендiк комитеттiң шешiмiмен лицензия күшiн уақытша тоқтату себебiн көрсете отырып алты айлық мерзiмге дейiн тоқтатылуы мүмкiн.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын кедендiк брокердiң лицензиясын тоқтату лицензиялау туралы заңға сәйкес жүргiзiледi.
10. Лицензияның күшiн уақытша тоқтату туралы шешiмдi Кедендiк комитет кедендiк брокермен кеден заңдарын бұзу фактiлерi жайлы кедендiк органдардың хабарландыру негiзiнде қабылдайды.
11. Лицензия күшi оны тоқтату себептерiнiң жойылғаннан кейiн лицензия күшiн қайталап бастау туралы қабылданған күнiнен бастап жаңартылады. Лицензия күшiн уақытша тоқтату және оның күшiн жаңарту туралы шешiм Кеден комитетiнiң бұйрығы нысанында қабылданады.
12. Лицензиялау туралы заңдарда белгiлеген жағдайларда, лицензия сот арқылы қайтарылады.
13. Лицензия күшiн тоқтату, Кеден iсi туралы Заңға сәйкес кедендiк ереженi бұзған үшiн салынатын жаза түрiнде қолданылу мүмкiн.
14. Лицензияны қайтып алу немесе уақытша тоқтату жағдайында, кедендiк брокер лицензияны қайтып алу немесе тоқтату туралы хабарландыру алғаннан кейін 15 күннен артық кешiкпей кедендiк брокер қызмет жасаған аумағындағы кедендiк органдарға кедендiк бақылауға тиiстi лицензия күшiнiң бүкiл кезеңiндегi тауарлар және көлiк құралдарымен жүргiзген операциялардың есептiлiгiн өткiзуi тиiс.
15. Лицензияны қайтып алу немесе оның күшiн уақытша тоқтату туралы сот шешiмi күшiне енбей тұрғанда қабылданған кедендiк декларациясы Кеден iсi туралы Заңның 20-тармағына сәйкес өкiлеттi тұлғаның пәрменiмен қайтарылуы мүмкiн. Тауарлармен көлiк құралдары шықпаған, кедендiк декларацияны қайтару құқығы жойылған жағдайда, кедендiк декларацияның күшi кедендiк органдар арқылы жойылады.
Кедендiк декларациясы қайтып алынған немесе күшi жойылған тауарлармен көлiк құралдары кедендiк заңдарға сәйкес кедендiк ресiмдеуге жатады. Кедендiк декларациялардың күшiн жою барысында кедендiк органдар Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларымен көлiктiк құралдары кедендiк ресiмдеуден өтуi тиiс тұлғаларды жалпы белгiленген тәртiпте ресiмдеуден өткiзу қажеттiгiн жазбаша хабар беруi тиiс.
16. Лицензияны қайтып алу жағдайында кедендiк бақылауға мақсатталған кедендік делдалдың тауарлармен көлік құралдарын кедендік ресiмдеу жөнiндегi өкiлеттi тұлғалармен iстелген шарттары мынадай жағдайларды қамтамасыз еткенде дұрыс деп танылады:
1) жасалған шарттармен кедендiк делдал өз мiндеттемелерiн толық орындағанда;
2) Кедендiк режимге жататын тауарлармен көлiк құралдардың іс-әрекетi аяқталса немесе кедендiк делдалдың кедендiк режимiнiң iс-әрекетiн аяқтауға байланысты басқа мiндеттемелерi жоқ болған жағдайда;
3) Есептiлiк құжаттарын тексеруде келiстердi жүзеге асыру сәтiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылатын заң бұзушылықтар анықталмағанда.
17. Кедендiк брокерлер қызметiн жүзеге асырған аумақтың кедендiк органдары аталған келiстерге байланысты тауарлармен көлiк құралдары шығысымен iрiктеулi кедендiк бақылауды жүзеге асырады.
18. Осы Нұсқаудың 16-тармағының шартына сәйкес келмеген жағдайда, тауарлармен көлiк құралдары заңмен белгiленген тәртiппен кедендiк ресiмделуден өтуi тиiс.
19. Лицензияны қайтып алу жағдайында, кедендiк органдар Қазақстан Республикасының кедендiк заңдарына сәйкес тауарлармен көлiк құралдары кедендiк ресiмдеуден өтуi тиiс тұлғаларды хабарландыру алғаннан кейiн 30 күннен кешiкпей осындай ресiмдеудiң қажеттiлiгi туралы жазбаша хабар беруi тиiс.
5. Лицензия күшiнiң жойылуы
20. Лицензия күшi мынадай жағдайларда жойылады:
1) лицензия керi шақырып алынғанда;
2) кедендiк делдал қайта құрылғанда немесе жойылғанда.
21. Тармақпен алынып тасталынды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 12 қарашадағы N 95 бұйрығымен .
6. Қосымша ережелер
22. Лицензияға енгiзiлмейтiн, лицензия алу жөнiндегi өтiнiште кедендiк брокер туралы көрсетiлген деректер өзгерген кезде кедендiк брокер өзгерiс болған сәтiнен айлық мерзiмде бұл жөнiнде Кеден комитетiне жазбаша түрде хабар беруi тиiс.
Тұлғаның қайта тiркелуiне байланысты лицензияда көрсетiлген деректердiң өзгерген жағдайында, лицензияның арғы бетiнде Кеден комитетiнiң төрағасы растаған және Кедендiк комитетiнiң мөрi басылған тиiстi жазу жазылады.
Ескрту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 12 қарашадағы N 95 бұйрығымен .
23. Лицензияны жоғалтып алған кезде кедендiк брокер 10 күн iшiнде көшiрмесiн алуға құқылы. Сонымен бiрге, жеке қызмет түрлерiмен айналысуға пұрсат алу үшiн алым төлейдi.
7. Қорытынды ережелер
24. Лицензиялаумен байланысты кедендiк органдардың шешiмдерi белгiленген заң тәртiбімен шағымдалуы мүмкiн.
25. Лицензияны қайтарып алу жағдайында кедендiк делдалмен өкiлеттi тұлғалар арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңдары арқылы реттеледi.
Кедендік брокер ретінде іс-әрекет жасау
құқығын беретін лицензияларды беру,
күшін тоқтату және кері шақыру
жөніндегі осы нұсқаулыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министрлігінің
Кеден комитеті
Мемлекеттік лицензия
____________________________________________________________берілді
(заңды тұлғаның толық атауы)
Кедендік брокер ретінде іс-әрекет жасауға
Лицензия іс-әрекетінің ерекше шарттары _____________________
__________________________________________________________________
___________________________________________
Төраға__________________________________
(Аты-жөні)
Қала ________ Берілу күні 200__ж. "___"_____________
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Кедендік ресімдеу жөніндегі маманға біліктілік
аттестатын берудің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманға бiлiктiлiк аттестатын берудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманға (бұдан әрi - маман) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, бiлiктiлiк аттестатын (бұдан әрi - аттестат) беру туралы өтiнiштi қараудың, аттестаттарды берудiң, қайтарып алудың, қайта тiркеудiң, аттестаттардың қолданысын тоқтатудың, аттестатты жарамсыз деп танудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Маман өзiнiң қызметiн "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң), Қазақстан Республикасының Үкiметi 1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 556 қаулысымен бекiтiлген Кедендiк брокер туралы ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
3. Маман өзi штатында тұратын кедендiк брокердiң атынан кедендік ресімдеу жөнiндегi іс-қимылды жасауға құқылы.
4. Кедендiк брокер мен маманның қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалатын жеке дара еңбек шартының негiзiнде құрылады.
5. Мамандардың тiзiлiмiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) жүргiзедi.
2. Маманға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
6. Бiлiктiлiк емтиханын тапсырған және Кеден комитетiнiң аттестатын алған ортадан төмен емес бiлiмi бар отандық жеке тұлға маман бола алады.
7. Бiлiктiлiк емтиханы мынадай тақырыптар бойынша өткiзiледi:
кеден iсi;
азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық, халықаралық құқық негiздерi;
салықтық, валюталық заңдардың негiздерi.
8. Бiлiктiлiк емтихандары кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестациялауға белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
9. Бiлiктiлiк емтиханын өткiзуге арналған сұрақтардың тiзбесiн Комиссия бекiтедi.
3. Өтiнiштердi қараудың және аттестаттар
берудiң тәртiбi
10. Аттестат алу үшiн Кеден комитетiне мынадай құжаттар тапсырылады:
осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес белгiленген нысан бойынша аттестат беру туралы өтiнiш;
бiлiктiлiк емтиханын тапсыру туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң Орталық комиссиясының анықтамасы;
бiлiктiлiк аттестаты берiлгенi үшiн алым төленгендiгi туралы түбiртек.
11. Осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес белгiленген нысан бойынша аттестаттарды беру өтiнiш алған күннен бастап 10 күн iшiнде жүргiзiледi.
12. Аттестаттарды берген кезде Кеден комитетi:
Осы Ереженiң 3-тармақшасына сәйкес белгiленген нысан бойынша маманның карточкасын ресiмдейдi. Карточка екi данада ресiмделедi, олардың бiрi - маманға берiледi, екiншiсi - Кеден комитетiнде қалады;
және осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес белгiленген нысан бойынша мамандар аттестаттарын тiркеу журналында тiркеу жүргiзiледi.
13. Аттестатпен бiрге маманға осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес белгiленген нысан бойынша кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның куәлiгi берiледi, оның нөмiрi аттестатты тiркеу нөмiрiне сәйкес келуi тиiс.
4. Аттестаттардың қолданысын тоқтатудың тәртiбi
14. Аттестаттың қолданысы:
1) кеден iсiн құқықтық реттеу елеулi түрде өзгерген жағдайда маман бiр айлық мерзiмде өзiнiң бiлiмiн жаңа талаптарға лайық растай алмаса;
2) егер осы Ережеге сәйкес қойылатын талаптарға маманның сәйкестiгiн растау мақсатында айлық мерзiмде аттестатциялау кезiнде маман аттестациялаудан өтпесе;
3)кеден Ережелерiн бұзғаны үшiн жазалау ретiнде тоқтатылуы мүмкiн.
15. Аттестаттың қолданысын тоқтату туралы шешiмдi кеден органы бұйрық нысанында қабылдайды. Бұйрық шығару Қазақстан Республикасы сотының шешiмi бойынша аттестаттың қолданысы тоқтатылған жағдайда талап етiлмейдi.
16. Аттестаттың қолданысын тоқтату туралы немесе аттестаттың қолданысын тоқтату түрiнде жаза қолданылып, кеден ережелерiн бұзу туралы iс жүргiзуге қатысты шешiм шығарған кеден органы маманды, штатында маман тұратын кедендiк брокердi, сондай-ақ Кеден комитетiн қабылданған шешiм туралы хабардар етедi.
17. Тоқтату кеден органдары тоқтату туралы шешiм қабылдаған күннен бастап немесе сот шешiмi күшiне енген кезден бастап күшiне енедi.
18. Аттестаттың қолданысы екi айға дейiнгi мерзiмге тоқтатылуы мүмкiн.
19. Аттестаттың қолданысы кеден органдарының шешiмi бойынша қалпына келтiрiледi, ол мынадай тәртiппен:
осы Ереженiң 14-тармағының 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатылса - осы Ережеде көзделген тәртiппен аттестациялаудан өткеннен кейiн;
осы Ереженiң 14-бабының 3)-тармақшасында көрсетiлген негiз бойынша тоқтатылса - кеден органының қаулысында немесе сот шешiмiнде көрсетiлген тоқтатудың мерзiмi бiткен соң кеден органының бұйрығы ретiнде ресiмделедi.
20. Кеден iсiн құқықтық ресiмдеудi елеулi түрде өзгерту туралы шешiмдi және көрсетiлген негiздер бойынша аттестаттардың қолданысын тоқтату туралы шешiмдi Кеден комитетi қабылдайды және ол жариялануға жатады.
21. Аттестаттың қолданысын тоқтату үшiн негiз болып табылатындай маманның қызметiнен заңсыздық тапқан кеден органы ол туралы қызмет аймағында кедендiк брокердi мемлекеттiк тiркеу орны орналасқан, штатында маман тұратын кеден органын кiдiрiссiз хабардар етедi.
22. Кеден органдарының бiрiнiң шешiмi бойынша аттестатының қолданысы тоқтатылған маман басқа кедендiк органдардың қызмет аймағында кедендiк ресiмдеу жөнiндегi iс-қимылды жасауға құқылы емес.
5. Мамандарды аттестациялауды өткiзудiң тәртiбi
23. Мамандарды аттестациялау:
аттестатты берген кезiнен бастап әрбiр үш жыл өтiсiмен;
кеден ісiн құқықтық реттеу елеулi түрде өзгерген жағдайда жүргiзiледi.
24. Мамандарды кезектi аттестациялауды жүргiзу туралы шешiмдi Комиссия дайындайды және ол жариялауға жатады.
25. Комиссия аттестациялауды жүргiзудiң күнi, орны және басқа да шарттары туралы мамандарды хабардар етедi.
26. Мамандарды аттестациялау Комиссияның шешiмi бойынша бiлiктiлiк емтиханын немесе тест тапсыру нысанында жүргiзiлуi мүмкін.
27. Кеден iсiн құқықтық реттеудiң елеулi түрдегi өзгерiсi туралы шешiм қабылданған жағдайда осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлместен аттестациялау өткiзiледi.
28. Өткiзудiң күнi, орны көрсетiлген аттестациялауды өткiзу туралы шешiм, сондай-ақ аттестациялау нысаны жариялануға жатады.
28-1. Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманды қайта аттестациялау кезiнде бiлiктiлiк аттестатын беру үшiн алынатын алым төленбестен, осы Тәртiптiң 3-тарауында белгiленген тәртiппен жаңа бланк берiле отырып, аттестатты қайта ресiмдеу жүргiзiледi. <*>
Ескрту: 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 14 қарашадағы N 98 бұйрығымен .
6. Аттестаттарды қайтарып алудың және оларды
жарамсыз деп танудың тәртiбi
29. Аттестат мынадай жағдайларда:
аттестат өтiнiш берушi ұсынған толық емес немесе дұрыс емес мәлiметтердiң негiзiнде берiлсе және олардың аттестат беру туралы шешiм қабылдау үшiн елеулi маңызы болған болса;
маман Қазақстан Республикасының кеден органдары алдында өзiнiң мiндеттерiн орындамаса;
маман кедендiк ресiмдеу кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, атап айтқанда, оның кедендiк төлемдер мен салықтарға қатысты бөлiгiнде заңсыздық жасаса;
маман Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмысты жасағанда, сондай-ақ Кеден iсi туралы заңда көзделген құқық бұзушылық жасаған жағдайда кiнәлi деп танылса;
маман кеден iсi саласында құқық бұзғандығына немесе қылмыс жасағандығына кiнәлi деп таныса;
маман коммерциялық құпия немесе құпия ақпарат құрайтын мәлiметтердi заңсыз пайдалану арқылы белгiлi бiр тұлғаға заңсыз түрде елеулi нұқсан келтiрсе;
аттестат қолданысын тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi ай өтiсiмен маман өзiне берiлген бiлiктiлiкке сәйкестiгiн дәлелдей алмаса қайтарып алынуы мүмкiн.
30. Аттестатты қайтарып алу туралы шешiмдi Кеден комитетi бұйрық нысанында қабылдайды. Бұйрық шығару Қазақстан Республикасы сотының шешiмi бойынша қайтарылып алынған жағдайда талап етiлмейдi.
31. Аттестатты қайтарып алған кезде Кеден комитетi қабылданған шешiм туралы маманды, штатында маман тұрған кедендiк брокердi жазбаша түрде хабардар етедi.
32. Аттестатты қайтарып алу туралы немесе оны жарамсыз деп тану туралы хабарлама алған маман хабарлама алған күннен бастап (сот шешiмi күшiне енген кезден бастап) 5 күн iшiнде кейiнiрек оларды Кеден комитетiне беру үшiн қызмет аймағында кедендiк брокердi мемлекеттiк тiркеу орны орналасқан кеден органына өзiнiң аттестатын, куәлiгiн және жеке нөмiрi бар мөрiн тапсыруға тиiс.
33. Аттестатты беру туралы екiншi қайтара өтiнiш аттестатты қайтарып алу үшiн негiз болған себептер жойылған жағдайда оны қайтарып алған күннен бастап алты ай өтiсiмен қаралуы мүмкiн.
34. Аттестатты қайта беру осы Ережеге сәйкес жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
35. Аттестат жоғалған жағдайда маманның өтiнiшi бойынша аттестат жарамсыз деп танылады. Жаңа аттестатты беру маманның бiлiктiлiк талаптарына толық сәйкестiгi жағдайында аттестат берiлгенi үшiн алым төлей отырып жүргiзiледi.
7. Аттестаттарды қайта тiркеудiң тәртiбi
36. Кедендiк брокердi банкрот деп таныған жағдайда онда жұмыс iстейтiн мамандардың аттестаттары қайта тiркелуi тиiс.
37. Аттестатты қайта тiркеу мамандардың тiзiлiмiне және кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның карточкасына тиiстi жазбалар енгiзу арқылы жүзеге асырылады.
38. Аттестатты қайта тiркеу кедендiк брокердiң банкротқа ұшырау фактiсiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi қоса тiркелген маманның тиiстi хабарламасы алынған күннен бастап 10 күн iшiнде жүргiзiледi.
39. Кедендiк брокермен еңбек шартын жасасқан жағдайда маман бұл туралы Кеден комитетiне хабарлауға мiндеттi.
Екi және одан да көп кедендiк брокерлердiң штатында тұрған бiр маманның кедендiк ресiмдеу жөнiндегi қызметiн жүзеге асыруына бiр мезгiлде жол берiлмейдi.
40. Қайта тiркеу жүргiзiлетiн аттестаттың қолданысы аттестат қайта тiркелгенге дейiн тоқтатылады.
8. Қорытынды ережелер
41. Кедендiк брокермен еңбек қатынастары тоқтатылған кезде маман осындай өзгерiстер туралы Кеден комитетiне хабарлауға мiндеттi.
42. Маман кедендiк брокермен жеке дара еңбек шартын жасасқан кезден бастап кеден брокерiнiң атынан кедендiк ресiмдеу жөнiндегi операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
43. Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның аттестаты және (немесе) куәлiгi және (немесе) маманның жеке нөмiрi бар мөрi жоғалған жағдайда маманның өтiнiшi бойынша аттестаттың, куәлiктiң немесе жеке нөмiрi бар мөрдiң тиiстi көшiрмесi берiледi. Бұл орайда аттестаттың, куәлiктiң бланкiлерiнiң, жеке нөмiрi бар мөрдi дайындаудың құны өндiрiлiп алынуы тиiс.
44. Аттестаттарды қайтарып алу, олардың қолданысын тоқтату, жарамсыз деп тану туралы кеден органдарының шешiмдерiне Кеден iсi туралы заңның 388-395-баптарына сәйкес шағым түсiрiлуi мүмкiн.
Кедендiк ресiмдеу
жөнiндегi маманға
бiлiктiлiк аттестатын
берудiң ережесiне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс
министрлiгi Кеден
комитетiнiң Төрағасына
___________________________________________________________
(Аты-жөнi) ӨТIНIШ
(мәшенкемен жазу түрiнде толтырылады)
Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманға бiлiктiлiк аттестатын берудi
сұраймын.
Қоса берiлiп отырған құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден
комитетiнiң Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестациялау
жөнiндегi Орталық комиссиясының 200_жылғы "__" _______________
бiлiктiлiк емтиханды тапсыру туралы анықтамасы;
2) Бiлiктiлiк аттестатта беру үшiн алымды төлеудi растайтын құжат, 200_жылғы "___" __________(дан) N________________
Төлем Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкiнiң 200__жылғы "__"___________
бағамы бойынша 1 ЕВРО- _______тенге
жасалды.
____________________ 200_жылғы "___" __________
Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманға
бiлiктiлiк аттестатын берудiң ережесiне
2-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КIРIС
МИНИСТРЛIГIНIҢ КЕДЕН КОМИТЕТI
КЕДЕНДIК РЕСIМДЕУ ЖӨНIНДЕГI МАМАННЫҢ
АТТЕСТАТЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнiң Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды
аттестациялау жөнiндегi Орталық комиссиясының шешiмiмен
___________________________________________________________
(Аты-жөні)
19__жылы туған, паспорт (жеке куәлiгi) N _______________, кім
берiлдi_____________________________________________________
(қашан берiлдi, кiм бердi)
кедендiк брокердiң атынан кедендiк ресiмдеу бойынша iс-қимыл
жасау құқығы берiледi және КЕДЕНДIК РЕСIМДЕУ ЖӨНIНДЕГI МАМАН
бiлiктiлiгi танылады.
Хаттама 200_жылғы "___" __________, N____________
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден
комитетiнiң Төрағасы
_____________
(қолы)
Аттестациялық комиссияның хатшысы
_____________
(қолы)
Тiркеу N_____
М.О.
Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманға
бiлiктiлiк аттестатын берудiң ережесiне
3-қосымша
Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның
N _______КАРТОЧКАСЫ
Кедендiк брокердiң атауы
____________________________________________________ ФОТОСУРЕТ
тұрғылықты жерi____________________________________
__________________________________Тел.______________
N___ бiлiктiлiк емтиханды өткiзу туралы Хаттаманың негiзiнде
200_жылғы "___" __________ _________________________________________________________________
(Аты-жөнi толық)
Жеке куәлiк/Паспорт N________________________________________________________________
(Паспорттың/жеке куәлiктiң N, аттестат берген органның атауы)
_________________________жылғы "___" __________берілді
_______________________________________________ _________________________________________________________________
кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның N_____аттестаты берілдi
Аттестат беру күнi 200_ж. "___" __________
М.О.
Аттестат алушының қолы Аттестат берушiнiң қолы
______________________ _______________________
_________________________________________________________________
Аттестациялау туралы белгілер Ерекше белгілер _________________________________________________________________
Хаттама N_____200_жылғы "___" __________
Келесі аттестацияны өткізу күні
200_жылғы "___" __________
М.О.
Кедендік ресімдеу жөніндегі мамандарды
аттестациялау жөніндегі Орталық
комиссияның хатшысы
_____________________ _________________________________________________________________
Хаттама N_____200_жылғы "___" __________
Келесі аттестацияны өткізу күні
М.О.
Кедендік ресімдеу жөніндегі мамандарды
аттестациялау жөніндегі Орталық
комиссияның хатшысы
_____________________ _________________________________________________________________
Кедендік ресімдеу жөніндегі
маманға біліктілік аттестатын
берудің ережесіне
4-қосымша
Кедендік ресімдеу жөніндегі мамандардың біліктілік
аттестаттарын тіркеу кітабы
___________________________________________________________________
N Біліктілік Хаттама Аттестат N және алым Маман Аттестат р/с аттестат. нөмірі тіркеу N төлеу туралы карточка. беру
талған р-қ күні сының N күні
адам
___________________________________________________________________
Кедендік ресімдеу жөніндегі
маманға біліктілік аттестатын
берудің ережесіне
5-қосымша
Кедендік ресімдеу жөніндегі
МАМАН N 000000
Фамилия ____________________________________________
Есімі ______________________________________________
Әкесінің аты_________________________________________
200_ж. "___" __________ дейін
жарамды
ФОТОСУРЕТ
Қолы _______________
М.О.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Мамандарды кедендiк ресiмдеу бойынша аттестация
жүргiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң
Орталық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мамандарды кедендiк ресiмдеу бойынша аттестация жүргiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң Орталық комиссиясы туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Мамандарды кедендiк ресiмдеу бойынша аттестация жүргiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi Орталық комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) жұмыс тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын алу үшiн бiлiктiлiк емтихандарды өткiзудiң тәртiбiн анықтайды.
2. Комиссия кедендiк ресiмдеу бойынша мамандарды (бұдан әрi - мамандар) даярлау және аттестациялау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң (бұдан әрi - Кеден комитетi) жалпы саясатын және жұмысын үйлестiру мақсатында құрылады және iс-қимыл жасайды.
3. Комиссияның персоналдық құрамын Кеден комитетiнiң Төрағасы бекiтедi.
4. Комиссия өз қызметiн өтеусiз негiзде жүзеге асырады.
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары
және құқықтары
5. Мамандарды даярлау және аттестациялау жөнiндегi Кеден комитетiнiң саясатын құрастыру және iске асыру Комиссияның мiндетi болып табылады.
6. Мiндеттерге сәйкес Комиссия төмендегiдей функцияларды iске асырады:
бағдарламаларды, сондай-ақ бiлiктiлiк емтихандарды, мамандарды аттестациялауды өткiзудiң тәртiбiн құрастыру;
бiлiктiлiк емтихандарға тестiлер мен сұрақтарды құрастыру және бекiту;
бiлiктiлiк емтихандарды өткiзу орны мен уақыты туралы мәлiметтердi жариялауды қамтамасыз ету;
бiлiктiлiк емтихандардың хаттамаларын қарау және бекiту, олардың негiзiнде аттестат беру туралы шешiм қабылдау;
мамандардың тiзбесiн аттестаттарды керi шақыру және күшiн уақытша тоқтату туралы мәлiметтердi көрсете отырып, жүргiзу;
аттестаттарды беруден бас тарту туралы өтiнiш берушiлердiң хабарламасы;
шағым арыздарды қарау және олар бойынша шешiмдер қабылдау.
7. Комиссия:
Кеден комитетi басшылығының қарауына аттестаттарды керi шақыру, жарамсыз деп тану немесе күшiн уақытша тоқтату туралы ұсыныстар енгiзуге;
Кеден органдарындағы лауазымды адамдармен және басқа да тұлғалармен өзара iс-қимыл жасау және оларды жұмысқа тартуға құқылы.
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
8. Комиссия жетi тұрақты мүшелерден тұрады.
9. Комиссия Кеден комитетi лауазымды адамдарынан қалыптасады. Комиссияның құрамына кедендiк iске қатысты ғылыми, оқыту немесе сарапшылық iс-әрекетпен шұғылданатын адамдар кiруi мүмкiн.
10. Комиссияны Комиссия Төрағасы басқарады, ол Кеден Комитетiнiң Төрағасы орынбасарының қызметiн атқарады және оны Кеден Комитетiнiң Төрағасы қызметке тағайындайды.
11. Комиссияның Төрағасы:
Комиссияға жалпы басшылық етудi жүзеге асырады;
Комиссияның отырыстарын жүргiзедi және оның шешiмдерiне қол қояды;
оның мүшелерi бойынша Комиссияның қызметiне қатысты тапсырмалар бередi;
бiлiктiлiк емтихандардың бағдарламаларын және оларды өткiзудiң, мамандарды аттестациялаудың тәртiбiн бекiтедi;
бiлiктiлiк емтихандарға тестiлер мен сұрақтарды бекiтедi;
аттестаттарға қол қояды;
аттестаттардың күшiн уақытша тоқтату және керi шақыру туралы ұсыныстар енгiзедi;
Комиссия жұмысының жоспарларын бекiтедi;
Кеден Комитетi Төрағасының қарауына Қазақстан Республикасындағы кедендiк iстiң құқықтық реттелуi бiршама өзгерген жағдайда, мамандарды қайта аттестациялау бойынша ұсыныстар енгiзедi;
емтихандық комиссиялардың құрамын бекiтедi.
12. Комиссияның Төрағасы болмаған жағдайда, Комиссияның мүшелерiнен сайланатын Комиссия хатшысы оның функцияларын жүзеге атқарады.
13. Комиссия хатшысы:
Комиссия жұмысының жоспарларын құрастырады және Комиссия мәжiлiстерiн, оның мүшелерiне оларды өткiзу және күн тәртiбi туралы кемiнде 5 күн бұрын хабарлай отырып, ұйымдастырады, жоспарланған мәжiлiске қажеттi материалдарды әзiрлейдi және олардың жiберiлуiн iске асырады;
Комиссия шешiмдерiнiң жобаларын әзiрлейдi және оларды орындау мерзiмдерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
хатшы ретiнде Комиссия шешiмдерiне, мамандардың куәлiктерiне қол қояды, сондай-ақ аттестаттарға қол қойып, Кеден Комитетiнiң Төрағасына қол қою үшiн бередi;
бiлiктiлiк емтихан тапсырған адамдарға аттестат берудi бақылауды жүзеге асырады;
Комиссия шешiмдерiн жариялауды ұйымдастырады;
Комиссияның Төрағасы белгiлеген басқа да функцияларды атқарады.
14. Комиссияның мүшелерi Комиссияның отырыстарына қатысады, сондай-ақ Комиссия Төрағасының тапсырмаларын орындайды.
4. Комиссияның мәжiлiстерiн және шешiмдердi
қабылдауды ұйымдастыру
15. Комиссияның мәжiлiстерi қажеттiлiкке орай тоқсанына кемiнде 1 рет өткiзiледi.
16. Комиссия, оның отырысында кемiнде төрт мүшесi қатысқан жағдайда, шешiмдер қабылдауға құқықтық тұрғыдан өкiлеттi.
17. Төраға болмаған жағдайда, Комиссияның мәжiлiстерiн хатшы жүргiзедi.
18. Төрағаны қосқанда, Комиссияның барлық мүшелерi, шешiмдер қабылдау кезiнде бiр дауысқа ие.
19. Комиссияның шешiмдерi жариялылық және алқалылық негiзiнде қабылданады.
20. Комиссияның шешiмдерi мәжiлiске қатысқандардың қарапайым дауыс көпшiлiгiмен қабылданады. Дауыстардың саны тең болған жағдайда, Комиссия Төрағасының, ал ол болмаған жағдайда, мәжiлiстi жүргiзушi хатшының дауысы басым.
21. Комиссияның қабылданған шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi, оған Комиссияның Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда, мәжiлiстi жүргiзушi хатшы қол қояды.
5. Бiлiктiлiк емтихандарды және мамандарды
аттестациялауды өткiзудiң тәртiбi
22. Бiлiктiлiк емтиханды емтихандық комиссия қабылдайды, оның құрамын Комиссияның Төрағасы бекiтедi. Емтихандық комиссияның құрамында Комиссияның кемiнде үш мүшесi болады.
23. Бiлiктiлiк емтиханды тапсыру үшiн мүдделi тұлғалар осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес белгiленген нысанда Комиссияға өтiнiш бередi.
24. Бiлiктiлiк емтиханды тапсыруға рұқсат беру туралы өтiнiш, алынған күнiнен бастап 10 күннiң iшiнде қаралуы тиiс.
25. Бiлiктiлiк емтихандар кемiнде 10 өтiнiш берген адамға емтихан тапсыруға рұқсат берiлген кезде өткiзiледi.
26. Комиссия емтихан тапсыруға рұқсат алу үшiн өтiнiш берген адамдарға бiлiктiлiк емтиханның өтуi күнi мен орны туралы хабарлайды.
27. Бiлiктiлiк емтихандар Комитет тұрған жерден тыс жерлерде де өткiзiлуi мүмкiн.
28. Бiлiктiлiк емтихан екi кезеңде өтедi:
1) тест сынағы;
2) негiзгi емтихан.
29. Тест сынағы жазбаша және/немесе электрондық нысанда жүзеге асырылады және әрбiр сұраққа берiлетiн жауапты 2 минуттың көлемiнде дайындау және әрбiр жаттығудың шешiлуiне жауап iздеудiң уақыты 45 минуттың көлемiнде болу есебiмен өткiзiледi.
30. Тест 12 сұрақтан және екi практикалық жаттығудан тұрады (бiрiншi практикалық жаттығу - кедендiк жүк мәлiмдемесiн толтыру жөнiнде, екiншiсi - төмендегi құжаттардың бiрiн толтыру жөнiнде: кедендiк құн мәлiмдемесi, кедендiк құнды түзету мәлiмдемесi, мәміле паспорты). Бұл ретте, жаттығулар тiкелей негiзгi емтихан кезеңiнде бағаланады.
31. Тестегi 4 сұраққа жауап бермеген немесе қате жауап берген адамдарға қосымша 3 ұсынылады. Бiр сұраққа жауап болмаған немесе қате жауап болған жағдайда, мұндай адамдар негiзгi емтиханға жiберiлмейдi.
32. Бiлiктiлiк емтиханды қайта тапсыру алдында өткiзiлген емтиханнан 6 ай өткеннен кейiн ғана рұқсат етiледi. Бұл ретте, рұқсат беру осы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
33. Тестегi 3 сұраққа жауап бермеген немесе қате жауап берген адамдарға негiзгi емтиханды тапсыру үшiн рұқсат берiледi.
34. Осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес белгiленген нысанда тест сынағының қорытындылары бойынша хаттама толтырылады, оны емтихандық комиссия бекiтедi.
35. Негiзгi емтихан емтихан тапсырушының бiр емтихандық билет бойынша ауызша жауабы және тест кезеңiнде орындалған практикалық жаттығулар емтихандық комиссиямен бағалана отырып өткiзiледi.
36. Емтихандық билеттердiң жалпы саны 50-ден кем болмауы тиiс және де әрбiр билетте 5 сұрақ болады.
37. Емтихан тапсырушының жауабы оның практикалық жаттығуларды шешуi бесұпайлық жүйе бойынша бағаланады.
38. Емтихандық комиссияның әрбiр мүшесi емтихандық билеттегi сұрақтарға берiлген әрбiр жауапты, практикалық жаттығуларды шешудi бағалайды және комиссия мүшесiнiң емтихандық карточкасында осы Ереженiң 3-қосымшасында көрсетiлген үлгi бойынша бағаларды көрсетедi.
39. Негiзгi емтиханда алынған баға емтихандық комиссия мүшелерiнiң емтихандық карточкаларында көрсетiлген ұпайлардың негiзiнде алынған орташа ұпай ретiнде анықталады.
40. Тұлғаның жалпы орташа ұпайы кемiнде 3 ұпай болған жағдайда, ол бiлiктiлiк емтиханды тапсырды деп саналады.
41. Бiлiктiлiк емтиханның қортындылары бойынша осы Ереженiң 4-қосымшасында көрсетiлген нысан бойынша бiлiктiлiк емтиханды өткiзу туралы хаттама жасалады.
42. Бiлiктiлiк емтиханды өткiзу туралы хаттаманың негiзiнде Комиссияның хатшысы бiлiктiлiк емтиханды тапсыру туралы тиiстi анықтамаларды ресiмдейдi, олардың нысаны осы Ереженiң 5-қосымшасында көрсетiледi.
43. Мамандарды тест сынағынан өткiзудi тест сынағының қорытындыларын бекiткен Комиссия жүргiзедi.
Мамандарды кедендiк ресiмдеу
бойынша аттестация жүргiзу
жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнiң Орталық
комиссиясы туралы ережеге
1-қосымша
Мамандарды кедендiк ресiмдеу
аттестация жүргiзу
жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнiң Орталық
комиссиясының Төрағасына
______________________,
(аты-жөнi толық)
туған жылы____________
ӨТIНIШ
(машиналық жазба түрiнде толтырылады)
Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның аттестатын алу үшiн бiлiктiлiк емтиханды тапсыруға рұқсат беруiңiздi өтiнемiн.
Өзiм туралы мәлiмет:
Бiлiм______________, _____________ жылы бiтiрдiм.
(орта, жоғары) (бiтiру жылы)
____________________________________________________________
(оқу орны атауы)
____________________________________________________________
Кеден iсi саласындағы жұмыс тәжiрибесiнiң болуы (болса)_____
(толық жылдардың саны)
кәсiпорында (ұйымда)_________________________________
(кәсiпорынның, ұйымның атауы)
_______________________________лауазымы бойынша қызмет еттiм.
Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi оқу курстарын
___________________________________________________аяқтадым.
(оқу курстарының атауы)
Қоса берiлiп отырған құжаттар:
1) Жұмыс орнынан анықтама
2) Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi оқу курстарын өтудi растайтын
құжат.
Біліктілік емтихан өткізу туралы ақпаратты төмендегі мекен-жайы бойынша хабарлауды өтінемін:_________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
телефон ________________ факс_______________________
_____________ 200_жылғы "___"___________
(қолы)
Мамандарды кедендiк ресiмдеу
бойынша аттестация жүргiзу
жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнiң Орталық
комиссиясы туралы ережеге
2-қосымша
Тест сынағының хаттамасы
N_____ 200_жылғы "___"______
Бiлiктiлiк емтиханның бiрiншi кезеңiнiң қорытындылары бойынша
(тест сынағы) мынадай құрамдағы емтихандық комиссия:____________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
төменде аталған адамдардың негізгі емтиханға қол жеткізген
нәтижелерімен жіберілуін рұқсат етеді:
________________________________________________________________
Аты-жөні Дұрыс Қосымша Аты-жөні Дұрыс Қосымша
жауап сұрақ жауап сұрақ ________________________________________________________________
1. 8.
________________________________________________________________
2. 9.
________________________________________________________________
3. 10. ________________________________________________________________
4. 11. ________________________________________________________________
5. 12. ________________________________________________________________
6. 13. ________________________________________________________________
7. 14. ________________________________________________________________
Төменде аталған адамдар біліктілік емтиханның бірінші кезеңін
өте алмады, сондықтан негізгі емтиханға жіберілмейді.
________________________________________________________________
1. 8.
________________________________________________________________
2. 9.
________________________________________________________________
3. 10. ________________________________________________________________
4. 11. ________________________________________________________________
5. 12. ________________________________________________________________
6. 13. ________________________________________________________________
7. 14. ________________________________________________________________
Орталық комиссияның мүшелері:
Комиссияның Төрағасы ________________________________ Аты-жөні.
Комиссияның хатшысы ________________________________ Аты-жөні.
1. __________________________________________________ Аты-жөні.
2. __________________________________________________ Аты-жөні.
3. __________________________________________________ Аты-жөні.
4. __________________________________________________ Аты-жөні.
5. __________________________________________________ Аты-жөні.
6. __________________________________________________ Аты-жөні.
7. __________________________________________________ Аты-жөні.
Мамандарды кедендiк ресiмдеу
бойынша аттестация жүргiзу
жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнiң Орталық
комиссиясы туралы ережеге
3-қосымша
КОМИССИЯ МҮШЕСІНІҢ ЕМТИХАНДЫҚ
КАРТОЧКАСЫ
200_жылғы "___"___________
Емтихандық комиссияның мүшесі
_______________________________________________________
(Аты-жөні)
Бесұпайлық жүйеде бағаланады
_________________________________________________________________
Емтихан тапсырушының Сұрақтар Практ. Орташа
аты-жөні ---------------------------- жаттығу баға
1 2 3 4 5
_________________________________________________________________
1.
_________________________________________________________________
2.
_________________________________________________________________
3.
_________________________________________________________________
4.
_________________________________________________________________
5.
_________________________________________________________________
6.
_________________________________________________________________
7.
_________________________________________________________________
8.
_________________________________________________________________
9.
_________________________________________________________________
10.
_________________________________________________________________
11.
_________________________________________________________________
12.
_________________________________________________________________
13.
_________________________________________________________________
14.
_________________________________________________________________
15.
_________________________________________________________________
16.
_________________________________________________________________
17.
_________________________________________________________________
18.
_________________________________________________________________
19.
_________________________________________________________________
20.
_________________________________________________________________
21.
_________________________________________________________________
22.
_________________________________________________________________
23.
_________________________________________________________________
24.
_________________________________________________________________
25.
_________________________________________________________________
26.
_________________________________________________________________
27.
_________________________________________________________________
28.
_________________________________________________________________
29.
_________________________________________________________________
30.
_________________________________________________________________
Қолы ________________
Мамандарды кедендiк ресiмдеу
бойынша аттестация жүргiзу
жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнiң Орталық
комиссиясы туралы ережеге
4-қосымша
Бiлiктiлiк емтиханды өткiзу туралы хаттама
N______ 200_жылғы "___"___________
Бiлiктiлiк емтиханның қорытындылары бойынша емтихандық
мынадай құрамдағы комиссия: __________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________
___________________,
төменде аталғандардың кеден iсi саласындағы қажеттi бiлiмi
бар екендiгiн анықтады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс
министрлiгi Кеден Комитетiнiң бiлiктiлiк аттестаты берiле отырып,
оларды кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандар деп тануға болады: _______________________________________________________________
Аты-жөнi Жалпы Аты-жөнi Жалпы
ұпай ұпай _______________________________________________________________
1. 8. _______________________________________________________________
2. 9. _______________________________________________________________
3. 10. _______________________________________________________________
4. 11. _______________________________________________________________
5. 12. _______________________________________________________________
6. 13. _______________________________________________________________
7. 14. _______________________________________________________________
Төменде аталғандар бiлiктiлiк емтихандарды тапсыра алмады: _______________________________________________________________
Аты-жөнi Жалпы Аты-жөнi Жалпы
ұпай ұпай _______________________________________________________________
1. 8. _______________________________________________________________
2. 9. _______________________________________________________________
3. 10. _______________________________________________________________
4. 11. _______________________________________________________________
5. 12. _______________________________________________________________
6. 13. _______________________________________________________________
7. 14. _______________________________________________________________
Орталық комиссияның мүшелері:
Комиссияның Төрағасы ________________________________ Аты-жөні.
Комиссияның хатшысы ________________________________ Аты-жөні.
1. __________________________________________________ Аты-жөні.
2. __________________________________________________ Аты-жөні.
3. __________________________________________________ Аты-жөні.
4. __________________________________________________ Аты-жөні.
5. __________________________________________________ Аты-жөні.
6. __________________________________________________ Аты-жөні.
7. __________________________________________________ Аты-жөні.
Мамандарды кедендiк ресiмдеу
бойынша аттестация жүргiзу
жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнiң Орталық
комиссиясы туралы ережеге
5-қосымша
Бiлiктiлiк емтиханды тапсыру туралы анықтама
_________________________________________________________берiлдi
(Аты-жөні толық)
Куәлік/Паспорт N______
200_жылғы "___"___________ берілді
Кедендік ресімдеу жөніндегі маман болу
үшін біліктілік емтиханды
тапсырылғандығын растау ретінде
Біліктілік емтиханды өткізу туралы N______ хаттама
200_жылғы "___"___________
Кедендік ресімдеу бойынша
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
министрлігінің Кеден комитеті
Орталық комиссиясының
хатшысы
______________________
(Аты-жөні)
200_жылғы "___"___________
Мөр
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
"Жасыл және қызыл дәліздер" жүйесін пайдалана отырып
жеке тұлғалар өткізетін тауарларды кедендік
ресімдеу және кедендік бақылау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Жасыл және қызыл дәлiздер" жүйесiн пайдалана отырып жеке тұлғалар өткiзетiн тауарларды кедендік ресімдеу және кедендiк бақылау жөнiндегi осы ережелер (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) 193, 203 және 210-баптарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы халықаралық өткiзу бекеттерi арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн тауарларға кедендiк бақылау жүргiзудiң нысаны мен тәртiбiн анықтайды.
2. Халықаралық өткiзу бекетiнде "жасыл және қызыл дәлiздер" жүйесiн пайдалану туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) қабылдайды.
3. "Жасыл және қызыл дәлiздер" жүйесiн пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өтетiн жеке тұлға мәлiмдеу нысанын және өзi өткiзетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау үшiн оған сәйкес дәлiздi дербес таңдайды.
4. Мәлiмдеудiң және кәмелетке толмағандар өткiзетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау үшiн оған сәйкес келетiн дәлiздiң нысанын таңдауды алып жүретiн адам жүргiзедi.
5. Кәмелетке толмағандар өткiзетiн тауарлар туралы мәлiметтер алып жүретiн адамның жолаушылық кедендiк жүк декларациясында мәлiмделедi.
6. "Жасыл дәлiз" - Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы халықаралық өткiзу бекеттерi арқылы жүретiн, қол жүгi мен алып жүрiлген жол жүгiнде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы жеке тұлғалармен өткiзетiн тауарларды кедендiк ресiмдеудiң, мәлiмдеудiң және кедендiк бақылаудың ережелерiне сәйкес мiндеттi жазбаша мәлiмдеуге жататын тауарлар болмайтын жеке тұлғаларымен жылжытылатын тауарларды кедендiк бақылаудан өткiзудiң оңайлатылған тәртiбi болып табылады.
7. Кедендiк бақылаудың "жасыл дәлiзде" жекелеген нысандарының қолданбауы тұлғаларды Қазақстан Республикасы кедендiк заңнамасын сақтаудан босатпайды.
8. "Қызыл дәлiз" - Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы халықаралық өткiзу бекеттерi арқылы жүретiн жеке тұлғалар өткiзетiн тауарларды Қазақстан Республикасы кедендiк заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi кедендiк бақылаудың нысандарының пайдаланылуымен кедендiк бақылаудың тәртiбi болып табылады және де ол қол жүгi мен алып жүрiлген жол жүгiнде Кеден iсi туралы заңның 192-бабына сәйкес мiндеттi жазбаша мәлiмдеуге жататын тауарлар болатын жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.
9. "Жасыл және қызыл дәлiздердiң" басталуы мен аяқталуын кедендiк орган кедендiк бақылау аймағының шеңберiнде белгiлейдi.
10. Айрықша жағдайларда, Кеден комитетiнiң шешiмiмен "жасыл дәлiз" уақытша жабылуы мүмкiн. Мұндай шешiм өткiзу бекетiнде қалыптасқан шұғыл жағдай, Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн белгiлi бiр адамдар топтарының ерекшелiктерi, Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарлар әкелiнуi немесе жiберiлуi мүмкiн мемлекеттердiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, қабылдануы мүмкiн.
2. "Жасыл дәлiз" жуйесi бойынша жеке
тұлғаларды өткiзудiң тәртiбi
11. Жеке тұлғалардың "жасыл дәлiз" iлесiп жүруi бойынша ескере отырып, жазбаша немесе ауызша нысанда мәлiмдеусiз (жолаушылық кедендiк декларациясын толтырусыз) конклюденттiк нысанда мәлiмдеудi бiлдiредi. Оларға және олар жылжытатын тауарларға осы Ереженiң 13, 14-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк бақылаудың техникалық құралдары пайдаланыла отырып жүргiзiлетiн қарау және бақылау қолданылмайды.
12. Жеке тұлғалардың "жасыл дәлiзден" өтуi кедендiк орган жол жүгiнде және қол жүгiнде мiндеттi жазбаша мәлiмдеуге жататын тауарлардың болмауы туралы жолаушының өтiнiшi ретiнде қарастырады.
13. Өзiнде немесе жол жүгiнде жеке тұлғада мiндеттi жазбаша мәлiмдеуге жататын тауарлар бар деуге негiздер болса, кедендiк органның лауазымды адамдары "жасыл дәлiзде", Кеденi iсi туралы заңның 211-бабында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, Кеден iсi туралы заңда көзделген кедендiк бақылаудың тиiстi нысандарын қолдана алады.
14. "Жасыл дәлiзде" таңдаулы кедендiк бақылау жүргiзiлуi де мүмкiн .
3. "Қызыл дәлiз" жүйесiнен жеке
тұлғаларды өткiзудiң тәртiбi
15. "Жасыл дәлiзден" өтетiн жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу, мәлiмдеу және кедендiк бақылаудың белгiленген тәртiбiне сәйкес мiндеттi жазбаша мәлiмдеуге жататын өткiзетiн тауарлар туралы мәлiметтердi жолаушылық декларацияда өтiнiш түрiнде жазбаша мәлiмдейдi.
4. "Жасыл және қызыл дәлiздердi" қолдану үшiн
шекарадағы өткiзу бекеттерiне қойылатын талаптар
16. "Жасыл және қызыл дәлiздер" жүйесi шекарадағы өткiзу бекетiнiң кедендiк бақылау аймағында, "жасыл дәлiзге" қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталған кемiнде бiр дәлiз болған жағдайда, сондай-ақ "қызыл дәлiзге" қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталған кемiнде бiр дәлiз болған жағдайда қолданылады.
17. Дәлiздердiң санын кедендiк орган белгiлейдi.
18. "Жасыл және қызыл дәлiздердi" ұйымдастыруға мынадай талаптар қойылады:
1) өткiзу бекетi ғимаратының жоспарына қатысты дәлiздер қол жүгiн беру орындарының шегiнен тыс жерде болуы тиiс;
2) қарауды қоса алғанда, кедендiк бақылаудың технологиясын ұйымдастыру кезiнде, жеке тұлғалардың кедендiк бақылау аймағы арқылы қол жүгiн беру орнынан шығуға дейiн (ұшып келу кезiнде) және кiре берiс орнынан авиабилеттер мен қол жүгiн тiркеу орнына дейiн (ұшу кезiнде) жүруiн қамтамасыз ету көзделуi тиiс;
3) әрбiр дәлiз бойынша қозғалыстың бағыты айқын белгiленуi тиiс;
4) дәлiзге кiру орны еденде төтесiнен енi 10 сантиметр дәлiздiң енiмен бiрдей сызықпен белгіленуi тиiс, сондай-ақ төртбұрыш түрiндегi графикалық белгi болуы қажет:
енi 100 сантиметр, биiктiгi 50 сантиметр;
белгiнiң периметрi мен диагоналi (жоғарғы оң жағындағы бұрыштан сол жағындағы төменгi бұрышқа) тиiсiнше белгiленедi;
"қызыл дәлiз" үшiн - енi 10 сантиметр қызыл сызықпен;
"жасыл дәлiз" үшiн - енi 10 сантиметр жасыл сызықпен;
Ақ түстi белгiнiң алаңына мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлiнде тиiсiнше жазба жасалады:
"жасыл дәлiз" үшiн - "Жасыл дәлiз";
"қызыл дәліз" үшін - "Қызыл дәліз".
19. "Жасыл" және "қызыл" дәлiздерге кiру орындары ақпараттық тақтайшалармен жабдықталуы тиiс, онда кедендiк бақылау нысанын таңдаудың шарттары және әрбiр сол шартқа қатысты кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi, сондай-ақ жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзетiн тауарларын кедендiк бақылаудан жасыруына немесе жалған мәлiмдеуiне қатысты жауапкершiлiгi көрсетiлуi тиiс.
20. Тақтайлардағы ақпарат мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлiнде, сондай-ақ оның пайдаланылуын кедендiк орган ұтымды деп таныған кез келген тiлде баяндалуы тиiс.
Кедендiк орган ақпараттық материалдарға уақытылы қажеттi өзгерiстер енгiзуге мiндеттi.
21. Кедендiк бақылау аймақтарының алдында орналасқан үй-жайлар немесе өткiзу бекеттерiнiң аймақтары жолаушылық кедендiк декларацияларының бланкiлерiн толтыру үшiн үстелдермен жабдықталуы, сондай-ақ бланкiлер мен оларды толтырудың үлгiлерi жеткiлiктi болуы тиiс.
22. Жеке тұлғаларға консультациялар беру үшiн ақпараттық аймақта кедендiк органның жұмыс тәжірибесi мол лауазымды адамдары болуы тиiс.
23. "Жасыл" және "қызыл" дәлiздер, әдеттегiдей, теледидарлық бақылау жүйелерiмен жабдықталуы керек.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін
болмаса халықаралық байланыс үшiн ашық кеден бақылауы
аймағында не әуежай аймағында орналасқан жеке
тұлғаларға жеке қарау жүргiзу тәртiбi туралы
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн болмаса халықаралық байланыс үшiн ашық кеден бақылауы аймағында не әуежай аймағында орналасқан жеке тұлғаларға жеке қарау жүргiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) 212-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн жеке тұлғаларға жеке қарау жүргiзу үшiн негiздi, оның тәртiбiн және оны өткiзудiң хаттама нысанын айқындайды.
Нұсқаулық Қазақстан Республикасы кеден органдарының барлық лауазымды тұлғаларының орындауы үшiн мiндеттi.
2. Жеке қарау кеден бақылауының айрықша нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн болмаса халықаралық байланыс үшiн ашық кеден бақылауы аймағында немесе халықаралық әуежайдың транзиттi аймағында орналасқан жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының кеден органдарына бақылау жүктелген Қазақстан Республикасының заңдарын немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бұзу объектiлерi болып табылатын тауарларды өзiнде жасырады және бермейдi деген негiз болған кезде кеден органының бастығы немесе оның орнын ауыстыратын лауазымды тұлғаның шешiмi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Жеке қарауға азаматтығына қарамастан кез-келген жеке тұлға ұшырауы мүмкiн.
Кеден iсi туралы заңның 211-бабына, сондай-ақ Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 693-бабына сәйкес жеке қарау жүргiзуден босатылған тұлғалар жеке қарауға ұшырауы мүмкiн емес.
4. Кеден органының бастығы (оның орнын ауыстыратын тұлға) қабылдаған айқындалған жеке тұлғаға жеке қарау жүргiзу туралы шешiм жеке тұлға берген кеден декларациясына болмаса кеден органының лауазымды тұлғасының рапортына бұрыштама қою жолымен жазбаша түрде ресiмделедi не жеке актiмен ресiмделедi. Шешiмде жеке қарау жүргiзу тапсырылған кеден органының нақты лауазымды тұлғасы көрсетiлуi қажет. Шешiмнiң көшiрмесi жеке қараудағы тұлғаға тапсырылады.
5. Жеке қарауды куәгердiң, ал қажеттiлiк кезде мамандар, соның iшiнде аудармашы және бiлiктi медицина қызметкерiнiң қатысуы кезiнде кеден органының бастығы (оның орнын ауыстыратын тұлға) тағайындаған кеден органының лауазымды тұлғасы жүргiзедi.
Кәмелетке толмаған немесе қабiлетсiз тұлғаны жеке қарау оның заңды өкiлдерiнiң (ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары) немесе оны алып жүретiн тұлғалардың қатысуымен жүргiзiледi.
Оған қатыспайтын және оған қатысы жоқ тұлғалардың жеке қарау кезiнде қатысуына тыйым салынады.
6. Жеке қарауға қатысатын тұлғалар, соның iшiнде куәгерлер қаралатын тұлғамен бiрге кәмелетке толғандар және бiр жыныста болуы қажет.
7. Қаралатын тұлғаның денесін қарауды медицина қызметкерi жүзеге асырады.
8. Жеке қарау жеке тұлғаның өзiнде жасырылған тауарларды қолға түсіру үшiн қажетті шектерде қаралатын тұлғаның жеке басының еркiн кемсiтудi және денсаулығына залал келтiрудi және мүлкiне заңсыз залалды болдырмайтын сыпайы нысанда жүргiзiлуi қажет.
Кеден iсi туралы заңның 424-бабына сәйкес кеден органдары лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде қаралатын тұлғаға келтiрiлген шығындар немесе залалдар өтеледi.
9. Жеке қарауды жүргiзу жөнiндегi кеден органдары лауазымды тұлғаларының әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаралатын тұлғаның шағымдануына болады.
10. Кеден iсi туралы заңның 212-бабына сәйкес қаралатын тұлға адвокаттың қызметiн пайдалануға құқылы.
2. Жеке қарауға қатысатын тұлғалар.
Олардың құқықтары мен мiндеттерi
11. Жеке қарауды жүргiзуге қаралатын жеке тұлғаның туысқаны болып табылатын немесе жеке қараудың айқындалған нәтижелерiне ол жеке, тiкелей немесе жанама мүдделi деп санауға мүмкiндiк беретiн өзге де жағдайлары бар Қазақстан Республикасының кеден органдарының лауазымды тұлғасына жол берiлмейдi.
12. Жеке қарауды кеден органдары лауазымды тұлғасының жүргiзу мүмкiндiгiне жол бермейтiн жағдайлар бар кезде КББ, КБ, кеден бастығы немесе оның орнын ауыстыратын лауазымды тұлға жаңа шешiммен жеке қарауды жүргiзудi кеден органының басқа лауазымды тұлғасына жеке қарауды тапсырады.
Сол негiздерде көрсетiлген кеден органының лауазымды тұлғасына қаралатын тұлға, ал кәмелетке толмаған немесе қабiлетсiз тұлғаны жеке қарау кезiнде - оның заңды өкілдерi оны алып жүретiн тұлға бас тартуы мүмкiн. Бас тарту туралы өтiнiш себептi болуы керек. Бас тарту туралы өтiнiштi кеден органының бастығы (оның орнын ауыстыратын тұлға) қарайды. Бас тарту туралы өтiнiштi беру кезiнде жеке қарау iсi тоқтатыла тұрады.
13. Жеке қарау жүргiзу тапсырылған кеден органының лауазымды тұлғасы:
1) жеке қарау туралы шешiмдi нақты және мерзiмiнде орындауға;
2) жеке қарау басталу алдында жеке тұлғаға аталған шешiм туралы жариялауға, жеке қарау жүргiзу туралы кеден органы бастығының (оның орнын ауыстыратын тұлғаның) шешiмiмен оны таныстыруға және жеке қарауды жүргiзу туралы шешiмнiң көшiрмесiн тапсыруға, оны құқықтары мен мiндеттерiмен таныстыруға және жасырылған тауарларды өз еркiмен берудi ұсынуға;
3) жеке қарауға қатысатын барлық тұлғаларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
4) жеке қарау жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын және осы Нұсқаулықтың ережелерiн сақтауға;
5) белгiленген нысан бойынша жеке қарау хаттамасын жасауға;
6) жеке қарау хаттамасымен қаралатын тұлғаны таныстыруға мiндеттi.
14. Куәгерлер ретiнде (екi тұлға санында) қарау нәтижелерiне мүдделi емес Қазақстан Республикасының кез-келген азаматтары (көлiк қызметкерлерi, жолаушылар және басқалары) шақырылуы мүмкiн.
15. Куәгерлер:
1) қаралатын тұлғадан алынған заттарды қарау кезiнде қатысуға;
2) жеке қарау хаттамасына енгiзiлуге жататын жүргiзiлген iс-әрекеттерi жөнiнде ескертулердi жасауға құқылы.
16. Жеке қарауды жүргiзуге Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды тұлғасы тартатын медицина қызметкерi:
1) оның өмiрi мен денсаулығына залал келтiрместен қаралатын тұлғаның денесiн қарауды жеке өзi жүргiзедi;
2) қаралатын тұлғаның денесiн қарау себебi бойынша түсiнiктер бередi;
3) оның қатысуымен рәсiмделетiн жеке қарау хаттамасының және басқа да құжаттардың мазмұнын өз қолымен куәландырады.
17. Медицина қызметкерi:
1) жеке қарау хаттамасымен танысуға және қаралатын тұлғаның денесiн қарауға қатысты бөлшекте ескертулер жасауға;
2) қажеттiлiк жағдайында қаралатын тұлғаның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз және оған залал келтiрмейтiн техникалық құралдарды (мысалы: медицина аспаптары және жабдық пен басқалары) қолдануға құқылы.
18. Жеке қарау жүргiзуге қатысуға Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды тұлғасы тартатын маман:
1) жеке қарау жүргiзетiн кеден органының лауазымды тұлғасы нұсқамалармен дәл жүруге;
2) қаралатын тұлға жасыратын заттарды табу және алудың барысы мен нәтижелерiн оны тiркеу үшiн өзiнiң арнайы бiлiмi мен дағдыларын пайдалана отырып жеке қарауға (осы Нұсқаулықтың 27-тармағында көрсетiлген кезеңдерден басқа) қатысуға;
3) тауарларды жасырудың мүмкін болатын орындары мен тәсiлдерiн жеке қарауды жүргiзетiн кеден органы лауазымды тұлғасының назарын аудартуға және оларды табу тәсiлi туралы нұсқамалар беруге;
4) олардың орындалатын iс-әрекеттерi жөнiнде түсiнiктер беруге;
5) жеке қарау хаттамасына және қажеттiлiк жағдайында оның қатысуымен рәсiмделетiн басқа да құжаттарға қол қоюға мiндеттi.
19. Маман:
1) жеке қарауды жүргiзетiн кеден органының лауазымды тұлғасының рұқсатымен қаралатын тұлғаға сұрақтар қоюға;
2) ғылыми-техникалық құралдарды және жасырылған заттарды табу мен алу үшiн әдiстердi пайдалануға, бұл ретте өтiнiш жасауға;
3) бақылау, өлшеу және зерттеу жүргiзуге;
4) арнайы бiлiмдер мен дағдыларды талап ететiн мәселелер бойынша жеке қарауды жүргiзетiн кеден органының лауазымды тұлғасына кеңестер беруге;
5) хаттамаға оларды мiндеттi түрде енгiзумен олар қол қоятын құжаттардың мазмұны туралы ескертулер жасауға құқылы.
20. Егер қаралатын тұлға мемлекеттiк немесе орыс тiлiн бiлмесе жеке қарауға қатысу үшiн аудармашы тартылады.
21. Аудармашы оның барлық кезеңдерiнде (осы Нұсқаулықтың 27-тармағында көрсетiлген кезеңдерден басқа) жеке қарауға қатысады. Осы Нұсқаулықтың 27-тармағында көрсетiлген жеке қарау кезеңiнде аудармашының қатысуы қаралатын тұлғаның талап етуi бойынша мүмкiн.
22. Қаралатынның келiсiмiмен кеден органының лауазымды тұлғасы аудармашы ретiнде тартылуға жол берiледi.
23. Аудармашы оған тапсырылған аударманы дәл және толық орындау қажет.
24. Жеке қарау барысында қаралатын тұлға жеке қарауды жүргiзетiн Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды тұлғасының заңды талаптарын орындауға мiндеттi және мыналарға:
1) жеке қарау жүргiзу туралы кеден органы бастығының немесе оның орнын ауыстыратын лауазымды тұлғаның жеке қарауды жүргiзу туралы шешiмiнiң көшiрмесiн талап етуге;
2) өз құқықтары мен мiндеттерiмен танысуға;
3) алып кетудi көрсетуге;
4) түсiнiктемелер беруге, өтiнiш беруге;
5) оны жасаудың аяқталуы бойынша жеке қарау хаттамасымен танысуға және оның мазмұны бойынша ескертулер жасауға;
6) ана тiлiмен немесе ол бiлетiн басқа да тiлдi, сондай-ақ аудармашының қызметiн пайдалануға;
7) жеке қарау жүргiзу аяқталуы бойынша, егер жеке қарау жүргiзу кезінде өз құқықтары мен заңды мүдделері тапталған деп санаса, кеден органының лауазымды тұлғасының іс-әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.
3. Жеке қарауды жүргiзу кезеңдерi
25. Жеке қарау үш кезеңде жүргiзiледi.
26. Бiрiншi кезең (дайындық) жеке қарауды жүргiзу туралы кеден органы бастығының (оның орнын ауыстыратын тұлғаның) шешiмiн жеке тұлғаға жариялаудан басталады. Дайындық кезеңiнде кеден органының лауазымды тұлғасы жеке тұлғаны жеке қарауды жүргiзу туралы кеден органы бастығының (оның орнын ауыстыратын тұлғаның) шешiмiмен таныстырады, жеке қарауды жүргiзу туралы шешiмнiң көшiрмесiн тапсырады, куәгерлердiң қатысуымен оның құқықтары мен мiндеттерi тұлғаға түсiндiрiледi, сондай-ақ кеден бақылауынан жасырылған тауарларды өз еркiмен беру ұсынылады.
27. Екiншi кезеңде - тiкелей жеке бақылау жүргiзiледi. Кеден органының лауазымды тұлғасы жеке тұлғаға тiкелей жеке бақылаудың басталуы туралы хабарлайды. Осы кезеңде жеке тұлғаның заттары, киiмдерi мен денесiн қарау, қажеттiлiк жағдайында оларды зерттеу жүзеге асырылады.
Маман (бiлiктi медицина қызметкерiнен басқа) мен аудармашы қаралатын тұлғаның денесiн қарау жүргiзiлетiн үй-жайда, сондай-ақ тұлға денелiк киiмде немесе киiмсiз орналасқан уақытта қатыспауы тиiс. Аталған үй-жайда осы уақытта суретке түсiру, киноға түсiру, бейне жазбаға жол берiлмейдi.
28. Үшiншi кезең - аяқтаушы. Осы кезеңде жеке қарау құжатты рәсiмделу жүзеге асырылады. Құжатты рәсiмделу Кеден iсi туралы заңның 212-бабына және Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 626-бабына сәйкес жеке қарау хаттамасында жасалады.
4. Жеке қараудың дайындық кезеңi
29. Кеден органының лауазымды тұлғасы оған байланысты жеке қарауды жүргiзу ниетi туралы жеке тұлғаға хабарлайды, жеке қарауды жүргiзу туралы кеден органы бастығының (оның орнын ауыстыратын тұлғаның) шешiмiмен таныстырып, жеке Қарауды жүргiзу туралы шешiмнiң көшiрмесiн тапсырады.
30. Жеке қарауды жүргiзу туралы шешiммен жеке тұлға танысу фактiсi жеке қарауды жүргiзу туралы шешiмге тиiстi жазба жолымен аталған тұлға куәландырылады. Осындай әрекеттердi жасаудан бас тартқан жағдайда, жеке қарауды жүргiзу туралы шешiм жариялаған Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен куәландырылған жеке қарау жүргiзу туралы шешiмге белгi қойылады.
31. Жеке бақылауды жүргiзуге тағайындалған кеден органы лауазымды тұлғасының Кеден iсi туралы заңға және осы Нұсқаулыққа қайшы келмейтiн кез-келген өкiмi немесе талабы жеке қарауды жүргiзу туралы шешiммен жеке тұлғаны таныстыруды куәландыру сәтiнен оны жүргiзу және ресiмдеу үшiн уақыты, орны, тәсiлi және рәсiмi туралы оған қатысты жеке бақылау жүргiзiлген жеке тұлға үшiн мiндеттi.
Жеке қарауды жүргiзуге тағайындалған кеден органы лауазымды тұлғасының заңды өкiмiне немесе талабына бағынбау жауапкершілік Кеден iсi туралы заңның 413-бабында көзделген кеден ережелерiн бұзу туралы хаттаманың жеке тұлғаға қатысты жасалуы үшiн негiз болып табылады.
Жеке қарау жүргiзуде кеден органының лауазымды тұлғасына қарсылық көрсету Кеден iсi туралы заңның 327-бабында көзделген тәртiпте және мерзiмде жеке тұлғаны әкiмшiлiк ұстау үшiн негiз болып табылады.
32. Жеке қарау жүргiзу туралы шешiммен жеке тұлға танысқаннан кейiн тұлға жеке қарау жүргiзу үшiн үй-жайға кiргiзiледi, онда куәгерлердiң қатысуымен оған оның құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi.
33. Дәлелдi бас тартудағы жеке тұлғаның өтiнiшi жағдайында кеден органының лауазымды тұлғасы енгiзiлген бас тартуды кеден органының бастығына (оның орнын ауыстыратын тұлғаға) ұсынады, одан кейiн тұлғаны көрсетiлген бас тарту шешiмiне қатысты қабылданған шешiммен таныстырылып, шешiмнiң көшiрмесi қаралатын тұлғаға тапсырылады.
34. Тұлғаға кеден бақылауынан жасырылған тауарларды өз еркiмен беру ұсынылады. Берiлген тауарлар жеке қарауға қатысатын тұлғаларға ұсынылады.
35. Егер тұлға жасырылған тауарларды өз еркiмен бас тартқан жағдайда болмаса егер кеден органы лауазымды тұлғасының осындай тауарларды бергеннен кейiн жеке тұлға кеден бақылауынан қандай-да бiр тауарларды жасырады деген дәлелдi негiз бар болса, кеден органы лауазымды тұлғасы тұлғаның тiкелей жеке қарауына көшедi.
5. Жеке қарауды жүргiзу тәртiбi
36. Қарауға қатысатын тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында оны жүргiзу басталғанға дейiн ауызша нысанда қаралатын тұлғада оқпен атылатын, газ бен суық қару және шабуыл жасау үшiн жарамды өзге де заттар мен бұйымдардың жоқтығына көз жеткiзу қажет.
37. Жеке қарау санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретiн Қазақстан Республикасы кеден органының осы мақсат үшiн арнайы жабдықталып бөлiнген үй-жайында жүргiзiледi.
Жеке қарау санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретiн бөлiнген аэропорт, вокзал, көлiк құралдарында (каюта, купе және басқасы), сондай-ақ көлiк ұйымдарының, құқық қорғау және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдардың бөлiнген үй-жайларында жүргiзiлуi мүмкiн.
38. Жеке қарау жүргiзiлетiн үй-жайда жеке тұлғаны ертiп жүру кезiнде жүру кезiнде аталған тұлға өзiнде бар тауарларды, заттарды, құжаттарды лақтырып жiбермеу немесе жойып жiбермеу үшiн бақылау қамтамасыз етiлуi қажет.
39. Жеке қарау жүргiзiлетiн үй-жай куәгерлердiң қатысуымен Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды тұлғасы алдын-ала қарауы тиiс. Қабырғалас үй-жайлардағы есiктер, терезелер, иллюминаторлар тығындалып жабылуы, шабуыл жасау қаруы ретiнде пайдаланылуы мүмкiн заттар алып тасталуы қажет.
40. Жеке қарау жүргiзiлетiн үй-жайға бөгде тұлғалардың енуi және жеке қарау жүргiзу үшiн олардың бақылау мүмкiндiгi болмауы қажет.
41. Бiр үй-жайда бiр уақытта бiрнеше тұлғаның жеке қарауына тыйым салынады.
42. Жеке қарауды жүргiзетiн кеден органы лауазымды тұлғасының өкiмiнде қаралатын тұлғада бар киiмдi, аяқ киiмдi және басқа да заттарды толық зерттеу үшiн қажеттi аспаптар, құрал-жабдықтар және қарайтын техникалық заттар болуы қажет.
43. Жеке қарау барысында:
1) қаралатын тұлғадағы бар барлық ұсақ заттар қаралады (арқан, қолшатыр, портмоне, оттық, автоқалам, портсигар және тағысын тағылар);
2) қаралатын тұлғадан кезек-кезегiмен шешiлетiн үстiңгi киiм, аяқ киiм және бас киiм;
3) қаралатын тұлғаның денелiк киiмiнен жоғары барлық денесi жоғарыдан төмен қарай ұстап көрiнедi;
4) кезек-кезегiмен жоғарыдан төмен қарай қаралатын тұлғадан шешiлген денелiк киiм қаралады;
5) қаралатын тұлғаның денесi зерттеледi (шаштарын, қолының шынтақтарын, аяқтарының табандарын және басқалары).
44. Жеке қарау барысында қаралатын тұлғаның тәртiбiне тұрақты қадағалау жүргiзу, қаралатын тұлғада бар киiмнiң, аяқ-киiмнiң және заттардың белгiлерiне, денедегi таңғыштар мен дәкеден жасалған таңғыштарға айырықша көңiл аудара отырып жеке қараудың аралық қорытындыларын ескеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн заңсыз сол немесе өзге де заттарды жасырудың сипатты тәсілдерiн ескеру қажет.
45. Киiмдi және аяқ-киiмдi қарау кезiнде ортапедиялық аяқ-киiмдерге, бас киiмдерге, сондай-ақ киiмнiң тiгiстерiне, жамауларына, қайырмаларына, иықшаларына, астарына, аяқ киiмнiң белдiгiне, қонышына, ұлтарағына, өкшесiне айырықша назар аудару қажет.
46. Жеке қарауға қатысатын тұлғалар қаралатын тұлғаның мүлкiне ұқыпты және дұрыс қарауы тиiс.
47. Қаралатын тұлғаның тауарларды өз еркiмен беруi жағдайында, егер аталған тұлға тағы да қандай-да бiр тауарларды жасырады деген онда жеткiлiктi болжам негiздерi жоқ болса, кеден органының лауазымды тұлғасы олардан алуды шектеуге құқылы. Осы шешiм жеке қарау хаттамасында көрсетiлуi қажет.
48. Өз еркiмен берiлген немесе жеке қарау кезiнде табылған тауарларды көру үшiн жеке қарауға қатысатын тұлғаларға ұсынады және қаралатын тұлға үшiн қолы жетпейтiн жерлерге қойылады.
49. Жеке қарау аяқталғаннан кейiн оны жүргiзген кеден органының лауазымды тұлғасы жеке қарау жүргiзiлген үй-жайды мұқият қарауға мiндеттi.
Жеке қарау басталғанға дейiн үй-жайда болмаған заттар табылған жағдайда, кеден органының лауазымды тұлғасы олардың кiмдiкi екенiн анықтау үшiн шаралар қабылдауы тиiс.
50. Жеке қарауға қатысқан тұлғаларға жеке қарау кезiнде белгiлi болған қаралатын тұлғаның физикалық ерекшелiктерi, қарау нәтижелерiн жаюға тыйым салынады.
6. Жеке қарауды құжатты ресiмдеу
51. Жеке тұлғаны жеке қарауды жүргiзу үшiн кеден органының бастығы немесе оның орнын ауыстыратын тұлға қол қойған жеке қарау жүргiзуге шешiмнiң (1-қосымша) бар болуы мiндеттi.
52. Жеке қарау аяқталғанан кейiн кеден органының лауазымды тұлғасы белгіленген нысан бойынша жеке қарау хаттамасын (2-қосымша) жасайды.
Хаттаманың көшiрмесiн қаралатын тұлғаға болмаса оның заңды өкіліне қолхатпен тапсырылады.
53. Жеке қарау хаттамасына мыналар қол қояды:
1) жеке қарауды жүргiзген кеден органының лауазымды тұлғасы;
2) куәгерлер;
3) осы Нұсқаулыққа сәйкес жеке қарауды жүргiзуге тартылған өзге де тұлғалар;
4) оған қатысты жеке қарау жүргiзiлген жеке тұлға.
Жеке қарау хаттамасына қол қоюдан оған қатысты жеке қарау жүргiзiлген тұлға бас тартқан жағдайда, хаттамада осы туралы куәгерлердiң қолы қойылып куәландырылған тиiстi жазба жасалынады.
54. Жеке қарау хаттамасына қоса берiледi:
1) қаралатын тұлға өз еркiмен берген заттар;
2) жеке қарау барысында табылған және алынған заттар;
3) жеке қарау барысында орындалған фотографиялық суреттер мен негативтер, киноленталар, аудио және бейне жазбалар;
4) қаралатын тұлғаның, медицина қызметкерiнiң, маманның, куәгерлердiң жеке парақтардағы түсiнiктерi мен өтiнiштерi;
5) құжатты түрде тiркелген бақылаулардың, өлшеулер мен зерттеулердiң, сондай-ақ дәрілік заттарды қолданудың нәтижелерi.
55. Қаралатын тұлға өз еркiмен берген, жеке қарау барысында онда табылған және алынған заттар, бейне, аудио, фото, кинопленкалар және басқа да заттай айғақтар жеке пакеттерге салынады және мөр басылып салынып қойылады. Пакеттерде қажеттi түсiнiктер болуы тиiс және жеке бақылауды жүргiзген кеден органы лауазымды тұлғасының және куәгерлердiң қол қоюымен куәландырылуы қажет.
56. Жеке қарау хаттамалары күнтiзбелiк жылдың басынан бастап ұлғаймалы тәртiппен "Жеке қарау хаттамаларын тiркеу журналында" (3-қосымшаға) мiндеттi түрде тiркелуге жатады.
57. Қылмыстық iстi қозғау немесе кеден ережелерiн бұзғаны туралы қылмыстық iс жүргiзу кезiнде жеке қарау хаттамасының түпнұсқасы қылмыстық iстiң тиiстi материалдарына немесе кеден ережелерiн бұзу туралы iске қоса берiледi, оның көшiрмесi кеден органында қалады.
Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы
өтетiн болмаса халықаралық
байланыс үшiн ашық кеден
бақылауы аймағында не әуежай
аймағында орналасқан жеке
тұлғаларға жеке қарау жүргiзудiң
тәртiбi туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
Жеке қарау жүргiзу туралы ШЕШIМ
200_жылғы "___" ___________ ______________________
(хаттаманы жасау орны)
___________________________________________________________________
(кеден органының бастығы немесе оның орнын ауыстыратын тұлға,
аты-жөнi)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
______________________________жедел ақпаратты қарап
БЕЛГIЛЕДI:
/Халықаралық аэропорттың транзиттiк аймағында немесе кеден бақылауы аймағында орналасқан/ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн азамат(ша)
______________________________________________________
өзiнде болуы және кеден бақылауынан заттарды жасыруы мүмкiн:
белгiленген тәртiпте мiндеттi түрде декларациялауға жататын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтуге тыйым салынған.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
жазылғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 253, 257-баптары мен "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" ҚР Заңының 212-бабын басшылыққа ала отырып,
ШЕШТI:
___________________________________________________________________
____________________________тұратын________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
азаматқа(шаға) жеке қарау жүргiзiлсiн.
Бастық______________ _________________
(аты-жөнi) қолы
Маған шешiм 200_жылғы "___" ________жарияланды. ___________
қолы)
Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы
өтетiн болмаса халықаралық
байланыс үшiн ашық кеден
бақылауы аймағында не әуежай
аймағында орналасқан жеке
тұлғаларға жеке қарау жүргiзудiң
тәртiбi туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
Жеке қарау хаттамасы
200_жылғы "___" __________ _______________________
(хаттаманы жасау орны)
Жеке қарау____ сағат______ минутта басталды.
Жеке қарау____ сағат______ минутта басталды.
_________________________________________________________________
(кеден органының атауы, жеке қарау
_________________________________________________________________
жүргiзiлген шешiм бойынша кеден органының
_________________________________________________________________
лауазымды тұлғасының қызметi, аты-жөнi)
_________________________________________________________шешiмiне
сәйкес
_________________________________________________________________
(кеден органының атауы, жеке қарау жүргiзетiн
_________________________________________________________________
және хаттама жасаушы кеден органының
_________________________________________________________________
лауазымды тұлғасының қызметi, аты-жөнi)
жеке қарау жүргiзу туралы шешiм хабарланған, "Қазақстан
Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
212-бабында көзделген оның құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлген_____________________________
(қаралатын тұлғаның азаматтығы,
_________________________________________________________________
аты-жөнi, туған жылы, төлқұжат деректерi)
жеке қарау жүргiздi.__________________________________________
(қаралатын тұлғаның қолы)
Қазақ немесе орыс тiлiн_____________________________________
(меңгеремiн, меңгермеймiн)
аудармашының қызмет көрсетуiн қажет етемiн (етпеймiн) және________
тiлiнде___________________________________ көрсеткiш бере аламын.
(қаралатын тұлғаның қолы)
Жеке қарау мынадай куәгерлер қатыса отырып:
__________________________________________________________________
(аты-жөнi, жұмыс орны немесе қызметiнiң шыққан
_________________________________________________________аудармашы,
жері, жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiмет)
1.________________________________________________________________
(аты-жөнi, тұрғылықты мекен-жайы, жеке басын куәландыратын
құжаттың деректерi)
2.________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының ҚIЖК-нiң 84-бабында көзделген олардың
құқықтары мен мiндеттерi жеке қарау басталар алдында түсiндiрiлген
1.________________________________________________________________
(медициналық жұмысшы маманның,
__________________________________________________________________
қарауға қатысқан маманның аты-жөнi,
__________________________________________________________________
жұмыс орны және қызметi)
2.________________________________________________________________
_______________________________ маманның (мамандардың) қатысуымен
__________________________________________________________________
(жеке қарау жүргiзiлетiн орын - әуежай, вокзал
_____________________________________________үй-жайында өткiзiлдi.
және т.б, үй-жайдың нөмiрi, купе және т.б.)
______________________________ __________________________
(маманның қолы) (аудармашының қолы)
_______________________________ __________________________
(куәгерлердiң қолдары) (маманның қолы)
Азамат(ша)____________________________кедендiк бақылаудан жасырған
заттарын өз еркiмен беру туралы ұсынысқа__________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
___________________________________________________мәлiмдедi және
өз еркiмен________________________________________________________
(ерiктi нақты қандай заттар берілгенiн
__________________________________________________________________
көрсету, олардың саны және дербес белгілерi,
__________________________________________________________________
тәсілi және оның жасырылған орны)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
________________________________________________________көрсеттi.
Жеке қарау нәтижесiнде азамат(ша)_________________________________
(қараудың хронологиялық дәйектiлiгiнде қандай заттар
__________________________________________________________________
қолға түсiрiлдi, олардың саны және дербес белгілерi,
__________________________________________________________________
тәсiлi және жасырған орны болмаса алдағы қарау жүргiзiлмейдi)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________қолға түсірілдi.
Жеке қарау жүргiзудiң шегi:_______________________________________
(жеке қарауды жүргiзудiң шегi, маманның, медицина
__________________________________________________________________
қызметкерiнiң дәрежесi және қатысу нысаны)
Нақты техникалық құралдар, медициналық аспаптар (параметрi атауы,
типi, маркасы, үлгiсi) пайдалану туралы, оларды пайдалану шарттары
және тәртiбi туралы белгi:________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Хаттамаға қоса берiледi:__________________________________________
(жеке қарау жүргiзу кезiнде ерiктi түрде берiлген
__________________________________________________________________
немесе қолға түсiрiлген заттардың атауы,
__________________________________________________________________
саны және жеке белгiлерi; ұқсастырумен
__________________________________________________________________
қамтамасыз етудiң тәсілдерi)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жеке қараудың хаттамасына қосылғандар: фотографиялық суреттер,
негативтер, киноленталар, аудио- және видеожазбалар, құжатты
тiркелген қадағалаулардың қорытындылары, өлшеу және зерттеулер,
дәрi-дәрмектердi пайдалану (қажет емесiн сызу).
Қаралатын тұлғаның өтiнiшi:_______________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жеке қарауға қатысатын өзгеде тұлғалардың өтініші:________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қаралатын тұлғаның тәртібі туралы белгі (қажет болған жағдайда)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жеке қарау жүргізуді және хаттама жасады:
_________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні)
Тексерілуші тұлға:
_________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні)
Куәгерлер:
_________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні)
_________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні)
Мамандар:
_________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні)
_________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні)
Аудармашы:
_________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні)
Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы
өтетiн болмаса халықаралық
байланыс үшiн ашық кеден
бақылауы аймағында не әуежай
аймағында орналасқан жеке
тұлғаларға жеке қарау жүргiзудiң
тәртiбi туралы нұсқаулыққа
3-қосымша
____________________________________
(кеден органының атауы)
жеке қарау хаттамаларын тіркеу
журналы
___________________________________________________________________
NN Жеке Тексерілуші Жеке Жеке Жеке қараудың Жеке
р/с қарау тұлғаның қарауды қарауды қорытындылары қараудың
жүргізу аты-жөні, жүргізу кім жиынтығы
күні белгіленген туралы жүргізді бойынша
деректері кім шешім шешім
қабылдады
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы алып өтетiн тауарларын кедендiк ресiмдеу,
декларациялау және кедендiк бақылау
Ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн тауарларын кедендiк ресiмдеу, декларациялау және кедендiк бақылаудың осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы кеден iстерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн тауарларын кедендiк ресiмдеу, декларациялау және кедендiк бақылаудың тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн тауарларға қатысты оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiпте Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын нормалар шегiнде декларациялау және кедендiк бақылау тәртiбi қолданылады.
3. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн тауарларын кедендiк ресiмдеудi Қазақстан Республикасының кеден шекарасында орналасқан кеден органдары жеке тұлғалар тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тiкелей алып өткен кезде жүргiзедi.
4. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн тауарларын кедендiк ресiмдеуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден шекарасында орналасқан кеден органдары кедендiк ресiмдеудi тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу кезiнде нысаналы кеден органында болмаса тауарларды Қазақстан Республикасынан әкету кезiнде шығарылатын кеден органында жүргiзуi мүмкiн.
5. Осы Ереженiң мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) иесiмен жөнелтiлетiн жүк - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн жеке тұлғаның тiкелей алып өтетiн тауарлары;
2) иесiз жөнелтiлетiн жүк - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн жеке тұлғаның тасымалдаулары (жүк түбiршегi, үстемесi, коносаментi және басқа құжаттар бойынша) туралы жасалған шарт бойынша тасымалдаушының Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн тауарлары.
2. Тауарларды жолаушы кеден декларациясын пайдаланып
декларациялау тәртiбi
6. Жеке тұлғалардың алып өтетiн тауарларын он алты жасқа толған (отандық немесе шетелдiк) тұлға декларациялайды.
Он алты жасқа толмаған жеке тұлғалардың алып өтетiн тауарларын жасы кәмелетке толған, кәмелетке толмаған тұлғаның атынан сөйлеуге өкiлетi бар оларды iлестiрiп жүрген тұлға декларациялайды.
7. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн осы Ереженiң 1 қосымшасының тiзiмiне сәйкес мiндеттi жазбаша декларациялауға жататын тауарларды декларациялау осы ереженiң 2 қосымшасына екi данада жолаушы жүк декларациясында олар туралы мәлiметтi хабарлау жолымен жүргiзiледi.
Егер декларацияға жеке тұлғаның алып өтетiн барлық тауарлары туралы мәлiметтер сыймаған жағдайда, нысаны және пайдалану тәртiбi осы Ережелермен белгiленетiн декларацияның қосымша парақтары пайдаланылады.
8. Тауарларын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн әрбiр жеке тұлғаға жазбаша нысанда декларациялауға мүмкiндiк берiлуi керек.
9. Жеке тұлғалардың белгiленген жазбаша нысан бойынша мiндеттi түрде жазбаша декларациялауға жататын тауарлардың болуы туралы мәлiметтердi декларацияламауы олардың Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы алып өтетiн қол жүктерiнде және жүктерiнде осындай тауарлардың болмауы туралы хабарланғаны сияқты қаралады.
10. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн осы Ереженiң 1 қосымшасында аталмаған тауарларын декларациялау ауызша нысанда жүргiзiлуi мүмкін.
11. Иесiз жөнелтiлген жүктердегi тауарларды декларациялау тасымалдаушыда алып өтетiн тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жеткiлiктi өкiлеттiгi немесе тауар иесiнiң атынан жолаушы жүк декларациясымен бiрге және тауар иесiнiң еркiн нысанда толтырған өтiнiшi болған кезде оларды тасымалдаушы жүргiзуi мүмкiн.
12. Тасымалдаушы тауарларды декларациялаудан бас тартқан немесе мүмкiншiлiгi болмаған кезде, тауарлар осы тауарларды тиiсiнше алушы немесе жiберушi болып табылатын тұлға жолаушы жүк декларациясын ұсынғанға дейiн оларды Қазақстан Республикасына әкелуге немесе оларды Қазақстан Республикасынан әкетуге жiберiлмейдi.
13. Олардың кедендiк ресiмделгенiн растайтын құжаттары жоқ тауарлар әкету кезiнде және оларды кеден органына бергеннен кейiн кедендік ресімдеу тікелей аяқталуы мүмкін еместерге қатыстылар уақытша қойма орындарына орналастырылады.
14. Иесiз жөнелтiлген жүктердегi тауарларды алушы оның Қазақстан Республикасына келуiн растайтын құжаттар (Қазақстан Республикасына келуi кезiнде ресiмделген жолаушы жүк декларациясы) болған кезде кеден баждарын, кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдарын және қосылған құн салығын салудан босатылады. Бұл ретте, иесiмен жөнелтiлген жүкке ресiмделген тауарлар ескерiледi. Осы құжаттың көшiрмесi тауар алу кезiн ресiмделетiн жолаушы кеден декларациясына қоса берiледi және ресiмделген кеден органында қалады.
15. Иесiз жөнелтiлген жүктi ресiмдеу кезiнде берiлетiн кiру кеден декларациясын қайта пайдалануды болдырмау мақсатында, осы құжаттың түпнұсқасындағы "Қызметтiк белгiлер үшiн" деген бағанға кеден органының лауазымды тұлғасы олардың ресiмделгенi туралы жүк түбiршектерiнiң, үстемелердiң және басқа да құжаттардың нөмiрлерiн және күндерiн көрсетiп "ИЖЖ ресiмделдi" деген белгi қояды.
16. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы алып өтетiн тауарларының белгiленген нормалардан артуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүк кеден декларациясын пайдаланып кедендiк ресiмдеуге жатады.
3. Жолаушы кеден декларацияларының тармақтарын
(бағандарын)
толтыру тәртiбi
17. Декларацияда тиiстi тармақтармен көзделген мәлiметтер көрсетiледi.
18. "келу", "кету" және "транзит" шаршыларында тиiстi шаршыларды сызып тастау жолымен Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн тұлғаның тауарларды алып өту бағыты көрсетiледi - тиiстi шаршыны сызып тастау дұрыс жауап, сызбау - терiс жауап; декларант тауарларды транзитпен алып өткен кезде де алып өту бағыты көрсетiледi, яғни "транзит" дегеннен басқа "келу" немесе "кету" шаршыларын сызып тастайды.
19. "Тұлға туралы мәлiмет" 1 тарауда:
аты-жөнi, тұратын елi, азаматтығы, төлқұжатының немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттың нөмiрi, жiберiлген елi, нысаналы елi, кеден шекарасы арқылы өту кезiнде тұлғаға iлескен кәмелетке толмаған балаларының болуы және олардың саны толық көрсетiледi.
20. "Жүктерiнiң болуы туралы мәлiмет" 2 тарауда:
2.1-тармақта - кеден органына бiр уақытта жолаушы декларациясын берумен ұсынылуы мүмкiн жүктiң жеке тұлғада болуы немесе болмауы көрсетiледi. Ол болған кезде орнының саны көрсетiледi;
2.2-тармақта - жеке тұлғада иесiз жөнелтiлген жүктiң болуы болмаса болмауы көрсетiледi. Ол болған кезде оны Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн иесiз жөнелтiлген жүкке әрекет қолданған жеке тұлғаға қатысты тауар орналасқан орынның жалпы саны көрсетiледi. Қазақстан Республикасының кеден аумағына келу кезiнде осы мәлiметтер осындай тауарларды әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасы кеден органдарының осы тұлғаларына хабарланған сияқты қаралады. Осындай мүлiктердi декларациялау белгiленген тәртiпке сәйкес тек қана жүктi алуы бойынша жүргiзiледi.
21. "Тауарлардың болуы туралы мәлiметтер" 3 тарауда халықаралық заңдарға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мiндеттi түрде декларациялауды талап ететiн тауарлар туралы мәлiметтер көрсетiледi:
3.1 тармақта - Тiзiмнiң 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес мәлiметтер;
3.2 тармақта - Тiзiмнiң 4-тармағына сәйкес мәлiметтер;
3.3 тармақта - Тiзiмнiң 5-тармағына сәйкес мәлiметтер;
3.4 тармақта - Тiзiмнiң 6-тармағына сәйкес мәлiметтер;
3.5 тармақта - Тiзiмнiң 7-тармағына сәйкес мәлiметтер;
3.6 тармақта - Тiзiмнiң 8-тармағына сәйкес мәлiметтер;
3.7 тармақта - Тiзiмнiң 9-тармағына сәйкес мәлiметтер;
3.8 тармақта - Тiзiмнiң 10-тармағына сәйкес мәлiметтер;
3.9 тармақта - Тiзiмнiң 11-тармағына сәйкес мәлiметтер;
3.10 тармақта - Тiзiмнiң 12-тармағына сәйкес мәлiметтер;
3.11 тармақта - оларды уақытша әкелген кезде 3.1-3.10 тармақтарда көрсетiлген тауарлар туралы мәлiметтер;
3.12 тармақта - Тiзiмнiң 13-тармағына сәйкес мәлiметтер көрсетiледi.
22. "Тауарлар туралы мәлiметтер" 4 тарауда:
4.1 тармақта - мүмкiншiлiгi бойынша олардың ерекшеленетiн белгiлерiн (олардың әзiрленген материалы, түсi, нысаны, тауардың маркасы, салмағы және т.б.) көрсетiп 3.2-3.11 тармақтарда көрсетiлген тауарлар туралы мәлiметтер: алып өтетiн тауарлардың саны, тауарлардың құны (Қазақстан Республикасының валютасымен немесе АҚШ долларымен);
4.2 тармақта көлiк құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi, бұл ретте, шаршыларды алып өтетiн осындай көлiк құралдарының бағыты мен мақсатын көрсету үшiн толтырылады.
23. Толтырылған декларацияға құрылған күнi және декларанттың қолы қойылып куәландырылады.
24. "Қызметтiк белгiлер үшiн" деген бағанда кеден органының лауазымды тұлғасы:
рұқсат беретiн құжаттардың нөмiрiн, берiлген күнiн және оларды берген органдардың атауын; иесiз жөнелтiлген жүктердiң ресiмделуi туралы мәлiметтердi;
қоса берiлген қосымша бланктардың санын;
кеден төлемдерi мен салықтарын төлегенiн растайтын құжаттар болған кезде олардың нөмiрiн көрсетедi.
25. Декларацияға енгiзiлетiн кез-келген өзгерiстер мен толықтырулар декларанттың қолымен және осы кеден декларациясын қабылдаған кеден органының лауазымды тұлғасының жеке нөмiрлi мөрiнiң бедерлемесiмен куәландырылуға жатады.
26. Декларация мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде, ал кеден органының рұқсатымен - кеден органының лауазымды тұлғасы сөйлейтiн басқа да тiлдерде толтырылады.
4. Кеден органы лауазымды тұлғасының жолаушы кедендекларациясын
ресiмдеу тәртiбi
28. Хабарланған жолаушы кеден декларациясындағы мәлiметтердiң тауарлардың нақты күйiмен сәйкестiгiн тексергеннен кейiн кеден органының лауазымды тұлғасы мемлекеттiк уәкiлеттi органдар берген және қолданыстағы заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы осы тауарларды алып өту құқығын беретiн малдәрiгерлiк, фитосанитарлық, экологиялық және басқа да мемлекеттiк бақылау түрлерiне жататын тауарларға қатысты рұқсат беретiн құжаттарының болуын, сондай-ақ кеден мақсаттары үшiн қажеттi басқа да құжаттардың болуын тексередi.
29. Кеден мақсаттары үшiн рұқсат беретiн және басқа да қажеттi құжаттар берiлмеген және бұл ретте, кеден ережелерiн бұзу белгiлерi болмаса қылмыс құрамы болмаған жағдайда, осындай тауарлар уақытша сақтау орындарына орналастырылады.
30. Ұсынылған құжаттар туралы мәлiметтер "Қызметтiк белгілер үшiн" бағанына енгiзiледi.
31. Кеден органының лауазымды тұлғасы растаған кеден мақсаттары үшiн қажеттi құжаттардың көшiрмелерi аталған декларацияны ресiмдеген кеден органында қалдырылатын жолаушы кеден декларациясына қоса берiледi.
32. Кеден органының лауазымды тұлғасы кеден органдарының құзыретiне жатқызылған мәлiметтердi енгiзуден басқа, өзiнiң бастамасы, тапсырмасы немесе қандай да болмасын тұлғаның өтiнiшi бойынша декларацияны толтыруға, ондағы көрсетiлген мәлiметтердi өзгертуге немесе толықтыруға құқығы жоқ.
33. Толтырылған декларацияда кеден органының лауазымды тұлғасы "Қызметтiк белгiлер үшiн" деген 3.1 және 4.1 бағандарындағы жазбаларды шектейдi (қоршап қояды). Қоршап қою оны ресiмдегеннен кейiн қосымша жазба жазуға келмейтiн түрмен жүргiзiледi. Осы мақсаттар үшiн осы тараулардағы жазба мен бос бағандар арасындағы бос жерлердi кеден органының лауазымды тұлғасы бiртұтас сызықпен сызып тастауы керек.
3.1 және 4.1 бағандардағы қоршалған жазбалар кеден органының лауазымды тұлғасының жеке нөмiрлi мөрiмен расталады.
"Қызметтiк белгiлер үшiн" деген бағандағы "М.О." рәмiздерiмен белгiленген шаршыларға декларацияны қабылдаушы және тауарлардың кедендiк ресiмдеуiн жүргiзушi кеден органының лауазымды тұлғасының жеке нөмiрлi мөрiнiң бедерлемесi қойылады.
34. Декларация ресiмделген сәттен бастап заңды күшi бар құжат болады.
35. Кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн жолаушы кеден декларациясының бiр данасы декларантқа қайтарылып берiледi, ал келесiсi кедендiк ресiмдеу жүргiзген кеден органының iстерiнде қоса берiлген құжаттармен бiрге декларация ресiмделген күннен бастап бес жыл iшiнде сақталады.
5. Кеден бақылауын жүргiзудiң тәртiбi
36. Қол жүктерi мен иесiмен бiрге жөнелтiлген жүктерге техникалық құралдардың көмегiмен кедендiк бақылау жүргiзгеннен кейiн кеден органының лауазымды тұлғасы ауызша сұрау жүргiзедi және қажет кезде қол жүктері мен жүктерді қарап шығу жүргізiледi. Бұл ретте, кедендiк қарап шығу таңдау арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
37. Қарап шығу кезiнде хабарланған жолаушы кеден декларациясындағы мәлiметтердiң тауарлардың нақты күйiне сәйкестiгi және толықтығы тексерiледi.
38. Жүк кеден декларациясын пайдаланып кедендiк ресiмдеу, сондай-ақ рұқсат беретiн құжаттардың болмауы, кеден төлемдерi мен салықтарға тиiстi төлемдердiң мүмкіншілігi, сондай-ақ кеден мақсаттары үшiн қажеттi басқа да құжаттардың болмауы себептерi бойынша кеден органдарына тауарларды бергеннен кейiн тiкелей аяқталуы мүмкiн емес кедендiк ресiмдеу қолдануға қатысты тауарлар уақытша сақтау орындарына орналастырылады.
6. Кеден бақылауының белгiлi бiр
нысандарынан босату
39. Кеден бақылауының белгiлi бiр нысандарынан босату Кеден iсi туралы Заңның 211, 223-227-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қорытынды ережелер
40. Осы Ережелермен белгiленген талаптарының бұзылуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiк көзделген.
Жеке тұлғалардың Қазақстан
Республикасының кеден
шекарасы арқылы алып өтетiн
тауарларын кедендiк ресiмдеу,
декларациялау және кедендiк
бақылаудың Ережелерiне
1 қосымша
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы оларды алып
өту кезiнде жеке тұлғалардың мiндеттi түрде жазбаша
декларациялауға жататын тауарларының
ТIЗБЕСI
1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн қолдағы шетел және ұлттық валютасын декларациялау тәртiбiне сәйкес жазбаша декларациялауға жататын Қазақстан Республикасының валютасы, шетел валютасы, бағалы қағаздар.
2. Алып өтуге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарымен Қазақстан Республикасына әкелудiң және Қазақстан Республикасынан әкетудiң жеңiлдетiлген (кеден төлемдерi мен салықтардан толық босатылып) тәртiбi көзделген зергерлiк және басқа да бұйымдардан басқа, кез-келген түрдегi және күйдегi бағалы металдар (алтын, күмiс, платина және платиналық топтағы металдар, нақтырақ айтқанда, палладий, иридий, радий, рутений, осмий).
3. Алып өтуге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарымен Қазақстан Республикасына әкелудiң және Қазақстан Республикасынан әкетудiң жеңiлдетiлген (кеден төлемдерi мен салықтардан толық босатылып) тәртiбi көзделген зергерлiк және басқа да бұйымдардан басқа, шикiзаттай және өңделген түрдегi табиғи бағалы тастар (алмастар, лағылдар, зүбәржаттар, сапфирлер және құбылтастар) сондай-ақ iнжулер.
4. Қару, яғни тiрi және басқа да нысанаға тигiзу, дыбыс беру үшiн арналған конструкторлық құрылғылар және заттар;
оқ-дәрiлер, яғни, нысанаға тигiзу үшiн арналған және қопару, лақтыру, пиротехникалық немесе жұлып алу заряды болмаса олардың үйлесiмi бар қарулану және металмен жабдықтау заттары;
жарылғыш заттар, яғни әртүрлi порохтар, пироксилин, нитроглецирин, нитрогликоль, динамит, тротил және сыртқы импульс (соққы, жылу дiрiлiнен және басқа да әсерлерден) әсерiнен газ тәрiздi өнiмдер құрап және жылу бөлiп өзiнен-өзi үлкен химиялық реакцияға (жарылыс) бейiмделген химиялық қосылымдар және қоспалар.
5. Нашақорлық құралдар және сананы улайтын заттар (Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына бақылануға жататын нашақорлық құралдардың, сананы улайтын заттардың және олардың прекурсорларының тiзбесiне қосылған синтетикалық және табиғи шығатын заттар, препараттар, өсiмдiктер), сондай-ақ соған ұқсастар.
6. Мәдениет құндылықтары, атап айтқанда:
тарихи құндылықтар, соның iшiнде халық өмiрiнде, қоғам мен мемлекеттiң дамуында, ғылым және техника тарихында, сондай-ақ атақты тұлғалардың өмiрi мен қызметiне қатысты тарихи оқиғалармен байланыстылар;
археологиялық қазбалар нәтижесiнде алынған заттар және фрагменттер;
көркем-өнер құндылықтары, соның iшiнде:
кез-келген негiзде және кез-келген материалды қолдана отырып қолмен жасалған (сызбалар мен өнеркәсiп бұйымдары, қолмен боялған халық кәсiпшiлiгi мен сувенирлiк бұйымдар) картиналар, полотно және суреттер, иконалар;
кез-келген материалдан жасалған түпнұсқалық көркем шығармалар;
дiни ғұрыптық көркем кәсiпшілігiнiң бұйымдары;
гравюралар, эстампалар, литография және олардың түпнұсқалық баспа нысандары;
бұқаралық және топтап шығару бұйымдардан басқа кез-келген материалдардан жасалған әшекейлi-қолданбалы өнер шығармалары;
сәулет, тарихи, көркем ескерткiштерiнiң және монументтiк өнер ескерткiштерiнiң құрайтын бөлшегi және фрагменттерi;
жеке немесе коллекцияларда ерекше (тарихи, көркем, ғылыми және көркем) қызығушылық тудыратын ескi кiтаптар, басылымдар;
сирек кездесетiн қол жазбалар және құжаттамалық ескерткiштер;
фото-, фоно-, кино-, бейнеархивтердi қоса алғандағы архивтер;
бiрегей және сирек кездесетiн музыкалық аспаптар;
пошта маркалары, өзге де филатилистикалық материалдар, жекелеп алғанда және коллекцияларда;
ескi тиындар, ордендер, медальдар, мөрлер және басқада коллекциялау заттары;
басқа да жылжымалы заттар, соның iшiнде тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдениеттiк мәнi бар көшiрмелер, сондай-ақ мемлекет қорғауға алған тарихи және мәдениет ескерткiштерi;
100 жылдан астам бұрын жасалған өзге де көне заттар.
7. Баспа өнiмдерi, кино-, фото- және бейне материалдар, сондай-ақ мемлекеттiк және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге, соғысты, терроризмдi, рассизмдi насихаттауға бағытталған материалдары, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы материалдары бар ақпараттарды тасудың басқа да түрлерi.
8. Тiптi салыстырмалы кiшкентай мөлшерi адам организмiне түскен кезде улануға немесе өлімге әкелетін адам организміне жат табиғи және синтетикалық (мышьяк, циандық калий, сулема, стрихнин және басқалары) заттар;
күйiкке және басқа да организмдi бүлдiруге әкелетiн (қышқылдар, ойып түсiретiн сiлтiлер және т.б.) заттар;
жол жүру болмаса емдiк курс алу үшiн Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтушi тұлғалардың тек қана жеке пайдалануы үшiн арналған дәрiлiк заттардан басқа, дәрiлiк заттар.
9. Химиялық элементтерi, радиоактивтi (технеций, прометий, полоний және олардан кейiнгi Менделеевтiң кезеңдiлiк жүйесiндегi барлық элементтерi) барлық изотоптары бар заттар және нәтижесiнде тiрi организмдерге қауiптi кез-келген толқынды, корпускулярлы немесе электромагниттi сәуле мөлшерi пайда болатын иондайтын тарауға әкелудi сипаттайтын өзге де табиғи және синтетикалық заттар.
10. Флора мен фаунаның сирек кездесетiн коллекциялары және үлгiлерi, минералогия, анатомия және палентология, жойылу қаупi тұрған жабайы флора мен фауна объектiлерi сияқты осындай ғылым салалары үшiн қызығушылық тудыратын заттар, олардың бөлiктерi және олардан алған өнiмдер.
11. Оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану мемлекеттiк органдар тарапынан бақылауға жатпайтын техникалық құралдардан, соның iшiнде жеке ұялы байланыстағы мобильдiк телефондарынан басқа, бiр немесе бiрнеше радиоберушi болмаса қабылдаушы құрылғылардан тұратын техникалық құралдар немесе олардың комбинациясы және көмекшi жабдықтары (радиостанция, радионавигация және радиоайқындау жүйелерi, кабельдiк теледидар жүйелерi) және 9 кГц асатын жиiлiлiкте жұмыс iстейтiн басқа да құрылымдар.
12. Егер бұл шектеулер артылған болса, оларды кеден шекарасы арқылы кеден төлемдерi мен салықтарын төлемей оңайлатылған жеңiл тәртiппен алып өтуге Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген сандық (салмақтық) немесе құндық шектеулерге қатысты тауарлар.
13. Тауар ретiнде әкелiнген (әкетiлген) болмаса уақытша әкелiнген (әкетiлген) көлiк құралдары.
14. Иесiз жөнелтiлген жүктегi алып өтетiн тауарлар.
Жеке тұлғалардың Қазақстан
Республикасының кеден
шекарасы арқылы алып өтетiн
тауарларын кедендiк ресiмдеу,
декларациялау және кедендiк
бақылаудың Ережелерiне
2 қосымша
ЖОЛАУШЫ КЕДЕН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
* Әрбiр 16 жасқа толған тұлға толтырады.
* Керектi жауап тиiстi рамкаға мынадай белгімен белгiленедi.
* Уақытша келу/кетудiң барлық кезеңiнде сақталады және қайтып келу кезiнде кеден органына берiледi. Жоғалған кезде орнына келтiрiлмейдi.
__ __ __
келу кету транзит
1. Тұлға туралы мәлiмет:
_________________________________________________________________
тегi Аты әкесiнiң аты
_________________________________________________________________
тұрақты тұратын елi азаматтығы/берiлгендiгi төлқұжаты
_________________________________________________________________
қандай елден келдi (шығу елi қай елге барады (нысаналы
көрсетiледi) елi көрсетіледi)
Өзiммен бiрге кәмелетке толмаған балалар бар ____ ____ Саны
Иә Жоқ
2. Жүгiнiң болуы туралы мәлiмет:
2.1. Қол жүгiн қоса алғандағы,__ __ 2.2. Иесiз жөнелтiлген жүк_ _
иесiмен жөнелтiлген жүк Иә Жоқ (жүкке iлескен құжаттар И Ж
бойынша)
Орын саны_______________ Орын саны_________________
3. Тауарларының болуы туралы мәлiмет:
Менде және менiң жүгiмде мiндеттi түрдегi декларациялауды талап
ететiн және шекара арқылы алып өту тиiстi құзыреттi органдардың
рұқсат беретiн құжаттары бойынша жүргiзілетiн тауарлар бар:
3.1 Ұлттық және өзге де қолдағы валюта, валюталық құндылықтар,
кез-келген түрдегi және күйдегi бағалы металдардан және асыл__ ___
тастардан жасалған бұйымдар Иә Жоқ
___________________________________________________________________
Валюталардың, құндылықтардың Сомасы/саны
немесе бұйымдардың ________________________________________
атаулары Санмен Жазумен
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3.2 Қару, кез-келген __ __ 3.8 флора және фауна объек-рi,
оқ-дәрiлер, жарылғыш Иә Жоқ олардың бөлiктерi және олардан __ __
заттар алынған өнiмдер Иә Жоқ
3.3 Нашалар және __ __ 3.9 Жоғары жиiлiлiк
сананы уландыратын Иә Жоқ радиоэлектронды құрылым және __ __
заттар байланыс құралы Иә Жоқ
3.4 Ескi және өнер __ __ 3.10 Кеден төлемдерiн салуға __ __
заттары Иә Жоқ жататын тауарлар Иә Жоқ
3.5 Баспа басылым. __ __ 3.11 Уақытша әкелiнетiн __ __
дары және басқа да Иә Жоқ (әкетiлетiн) тауарлар Иә Жоқ
ақпарат тасушылар
3.6 Улы және қатты __ __ 3.12 Көлiк құралдары __ __
әсер ететiн заттар Иә Жоқ Иә Жоқ
және дәрiлер
3.7 Радиоактивтi __ __
материалдар Иә Жоқ
Кедендiк бақылау мақсаттарында 3.2.-3.12. тармақшаларда
көрсетiлген тауарлар туралы нақты мәлiметтер, олар болған кезде
декларацияның келесi бетiндегi 4. тармақта көрсетiлуi қажет.
4. Тауарлар туралы мәлiметтер:
4.1 3.2-3.11 тармақшаларда көрсетiлген тауарлар туралы мәлiметтер
___________________________________________________________________
N Тауардың атауы және басқа да ерекше Саны Ұлттық
р/с белгілері, рұқсат беретiн құжаттың нөмiрi _________ валютамен
және берілген күнi және оны берген орган Сан. Жазу. және АҚШ $
мен мен құны
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жалпы құны (Барлығы):
___________________________________________________________________
4.2. Көлiк құралы туралы мәлiметтер
___________________________________________________________________
Түрi, маркасы_____ Шығарылған жылы ______ Двигателiнiң көлемi (см3)
____________
Шасси N ___________ Кузов N_____________ Двигатель N___________
Кеден режимi:
әкелу ___ уақытша әкелу ___ керi әкету ___
әкелу ___ уақытша әкету ___ керi әкелу ___
___________________________________________________________________
Декларацияда жалған мәлiметтер хабарлағаным үшiн өзiме қолданыстағы
заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке тартылатыныма мен хабардармын
"____" _______________2001 ж. Тұлғаның қолы _________________
Қызметтiк белгiлер үшін
____________________________________
жеке
____________________________________
нөмірлі
____________________________________
мөрі
____________________________________
____________________________________
М.О.
ЖОЛАУШЫ КЕДЕН ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ҚОСЫМША ПАРАҒЫ
(Кеден декларациясы негiзгi парағының 3.1.; 4.1. бағандарына
симай қалған тауарлар туралы мәлiметтер)
Тұлға туралы мәлiметтер:
__________________________________________________________________
тегi аты әкесінің аты
Тауарлар туралы мәлiметтер:
Ұлттық және өзге де қолдағы валюта, валюталық құндылықтар,
кез-келген түрдегi және күйдегi бағалы металдардан және асыл
тастардан жасалған бұйымдар
__________________________________________________________________
Валюталардың, құндылықтардың Сомасы/саны
немесе бұйымдардың ______________________________________
атаулары Санмен Жазумен
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.2-3.11. тармақшаларда көрсетiлген тауарлар туралы мәлiметтер
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________
N Тауардың атауы және басқа да ерекше Саны Ұлттық
р/с белгілері, рұқсат беретiн құжаттың нөмiрi _________ валютамен
және берілген күнi және оны берген орган Сан. Жазу. және АҚШ $
мен мен құны
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жалпы құны (Барлығы):
___________________________________________________________________
"____" __________________2001 ж. Тұлғаның қолы ______________
Қызметтiк белгiлер үшін
____________________________________
жеке
____________________________________
нөмірлі
____________________________________
мөрі
____________________________________
____________________________________
М.О.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі
2001 жылғы 15 ақпан
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетінің министрлігі
N 54 бұйрығымен
2001 жылғы 15 ақпандағы
Қысқаша декларацияны толтыру жөнiндегi нұсқаулық
1. Қысқаша декларацияны тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдаушының өкiлi, ал арнайы уәкiлеттi тұлға болмаған жағдайда, көлiк құралын жүргiзушi тұлға N 1 қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша үш данада толтырады. Егер тауарлар мен көлiк құралдары уақытша сақтау үшiн ашық алаңқайларға, көлік құралдарына немесе арнайы бөлiп берiлген және жайғастырылған үй-жайларға орналастырылған жағдайда, қысқаша декларацияның үшiншi данасын толтыру талап етiлмейдi.
Бұл ретте, қысқаша декларацияның даналары мынадай тәртiпте таратылады:
1-шi дана - бақылау үшiн кеден органының iстерiнде қалады;
2-шi дана - тасымалдаушыға берiледi;
3-шi дана - УСҚ (кеден қоймасының, бос қойманың) иесiне берiледi.
2. Кеден органы қысқаша декларацияны қабылдаудан бас тарта алмайды.
3. Қысқаша декларация кеден органдарына N 4-қосымшада келтiрiлген нысан бойынша қысқаша декларациялар есебiн жүргiзу кiтабында есептеледi. Қысқаша декларацияның есеп жүргiзу кiтабындағы нөмiрi оның тiркеу нөмiрi болып есептеледi.
4. Қысқаша декларация 14 бағаннан тұрады және онда мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
1-баған. "Тауарларды жiберушi, жiберу елi"
жiберу елiн көрсетiлген жiберушiнiң атауы, заңды мекен-жайы;
2-баған. "Тауарларды алушы, нысаналы елi"
нысаналы елi көрсетiлген алушының атауы, заңды мекен-жайы;
3-баған. "Тасымалдаушы"
тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғаның атауы және заңды мекен-жайы;
Егер тасымалдаушы мыналар болып табылған жағдайда:
жеке тұлға - аты-жөнi, паспорттық мәлiметтерi және оның
тұрғылықты жерi;
темiр жол - "темiр жол" деген жазба жазылады;
әуе компаниясы - "авиа" деген жазба жазылады, рейс нөмiрi және қазақстандық әуежайына әуе кемесiнiң келу уақыты көрсетiледi;
тасымалдаушы болған жағдайда:
теңiз немесе өзен кемесi - "теңiз (өзен) кемесi" деген жазба жасалады және тiркелу порты және қазақстандық портқа келу уақыты көрсетiледi;
4-баған. "Көлiк құралы туралы мәлiмет"
көлiк түрi, атауы және көлiк құралының нөмiрi;
5-баған. " Көлiк құжаттарының атауы, нөмiрлерi"
құжаттардың атауы, көлiктiк құжаттың нөмiрi болған жағдайда, оның нөмiрi;
6-баған. "Тауардың ТМД СЭҚ ТН бойынша атауы/коды"
тауардың атауы, көлiк құжаттарында тауардың ТМД СЭҚ ТН бойынша коды болмаған жағдайда, оны көрсету қажет емес.
Тауарлардың үштен астам атауын берген кезде осы баған бойынша мәлiметтердi мәлiмдеме парағының екiншi жағында көрсетуге рұқсат етiледi, ол үшiн бағанның нөмiрi көрсетiледi ("6-бағанға қосымша"), кеден органының қысқаша декларацияны қабылдайтын және тiркейтiн лауазымды адамының қолымен және жеке нөмiрлi мөрiмен, ресiмдеу күнi көрсетiле отырып расталады;
7-баған. "Орындар саны"
көлiк құжаттарында көрсетiлген орындардың саны;
8-баған. "Салмағы (кг)"
тауарлармен бiрге жүретiн құжаттарда көрсетiлген уақытша сақтауға орналастырылатын тауарлардың килограммалық салмағы;
9-баған. "Пломбылардың және өзге де ұқсастыру құралдарының саны мен нөмiрлерi"
көлiк құралында бар болатын пломбылардың немесе өзге де ұқсастыру құралдарының саны мен нөмiрлерi;
10-баған. "Қосымша мәлiметтер"
Тауарларды және көлiк құралдарын уақытша сақтау орындары және рәсiмi туралы нұсқаулыққа сәйкес уақытша сақтаудың жеке орындарына орналастыруға шектеу қойылған тауарлар әкелiнген жағдайда толтырылады;
11-баған. "Уақытша сақтау орны"
таңдалған уақытша сақтау орнының атауы және тұрғылықты жерi, сол орынның иегерi туралы мәлiметтер;
12-баған. "Уақытша сақтау мерзiмi"
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындайтын уақытша сақтау мерзiмi;
13-баған. "Кеден органының атауы"
тауарлар мен көлiк құралдары берiлетiн Қазақстан Республикасы кеден органының толық атауы;
14-баған. "Кеден органының шешiмi"
уақытша сақтау орны туралы кеден органының шешiмi.
Таңдалған уақытша сақтау орны Тауарларды және көлiк құралдарын уақытша сақтау орындары және рәсiмi туралы нұсқаулыққа сәйкес келмесе, осы Нұсқаулыққа сәйкес рұқсат етiлетiн уақытша сақтау орындары көрсетiледi.
Өзге де уақытша сақтау орнын таңдау жаңа қысқаша декларацияны белгiленген тәртiпте беру арқылы ресiмделедi.
Осы жағдайда, бұрын жасалған қысқаша декларацияның күшi жойылады.
5. Тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдаушының өкiлi 1-11-бағандарды толтырады, ал арнайы уәкiлеттi тұлға болмаған жағдайда, көлiк құралын жүргiзушi тұлға.
6. Кеден органының тауарларды және көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеуден өткiзетiн лауазымды адамы 12-14-бағандарды толтырады.
7. Тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдаушы өкiлiнiң қолымен, ал арнайы уәкiлеттi тұлға болмаған жағдайда, көлiк құралын жүргiзушi тұлғаның қолымен расталған тиiстi түзетулер енгiзу арқылы 1-5, 7-11-бағандарда көрсетiлген мәлiметтердi өзгерту жүзеге асырылады.
8. Қысқаша декларация кеден органының тауарларды және көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеуден өткiзетiн лауазымды адамының қолымен ресiмдеу күнi көрсетiле отырып расталады.
Қысқаша декларацияны толтыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
N_______қысқаша декларация
_________________________________________________________________
1. Тауарларды жіберуші, 3. Тасымалдаушы
жіберу елі
_________________________________________________________________
2. Тауарларды алушы, 4. Көлік құралдары туралы
нысаналы елі мәлімет
_________________________________________________________________
5. Көлік 6. Тауардың 7. Орындар. 8. Салмағы 9. Пломбылар
құжаттарының СЭҚ ТН дың саны (кг) мен өзге де
атауы, бойынша ұқсастыру
нөмірі атауы/коды құралдарының
сандары және
нөмірлері
_________________________________________________________________
10. Қосымша мәліметтер
_________________________________________________________________
11. Уақытша сақтау орны 12. Уақытша сақтау мерзімі
_________________________________________________________________
13. Кеден органының атауы 14. Кеден органының шешімі
_________________________________________________________________
Тасымалдаушының өкілінің аты-жөні
_________________________________________________________________
(көлік құралдарын жүргізуші уәкілетті тұлғаның қасақана қатыспауы
кезінде)
_____________
(қолы)
Қысқаша декларацияны толтыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Қысқаша декларацияларды тіркеу журналы
___________________________________________________________________
Р/с Алушы Тауардың Тасымал. Көлік құралы Саны мен уақытша уақытша
N атауы даушы салмағы сақтау сақтау
(кг) орны мерзімі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________
* Қысқаша декларациялардың реттік саны оның тіркеу нөмірі
болып табылады
Бұйрыққа қосымша <*>
Ескерту. Бұйрық жаңа қосымшамен толықтырылды - Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 6 наурыздағы N 69 бұйрығымен .
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының
аумағында еркiн кедендiк аймақ режимінде мәлiмделетiн
тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ режимiнде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң), "Кедендiк режимдер туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 2001 жылғы 9 ақпандағы N 46 бұйрығымен бекiтiлген Еркiн кедендiк аймақтың кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулыққа , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығымен бекiтiлген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге сәйкес әзiрлендi және "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына (бұдан әрi - "Астана - жаңа қала" АЭА) еркiн кедендiк аймақ кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
2. Кеден iсi туралы заңның 71-бабына сәйкес еркiн кедендiк аймақтың кедендiк режимi (бұдан әрi - ЕКА-ның кедендiк режимi) - бұл шетелдiк тауарлар тиiстi аумақтық шекараларда немесе үй-жайларда (орындарда) кедендiк баждар, салықтар алынбастан және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан орналастырылатын және пайдаланылатын, отандық тауарлар әкетуге Кеден iсi туралы заңмен айқындалатын тәртіппен экспорттың кедендiк режимiне сәйкес қолданылатын шарттарда орналастырылатын және пайдаланылатын кедендiк режим.
"Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағындағы ЕКА кедендiк режимi - бұл Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен акциздер салынатын, "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағында орналастырылатын және пайдаланылатын импортталатын тауарларға акциз алуды қоспағанда осы тармақтың бiрiншi абзацында белгiленген шарттарда қолданылатын кедендiк режим. (РҚАО-ның сілтемесі: (9-бөлім) қараңыз.)
2. Тауарларды "Астана - жаңа қала"
АЭА-ның аумағында ЕКА кедендiк режимiнде
орналастырудың шарттары
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына ЕКА кедендiк режимiмен:
құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтарды;
арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы құрылыс процесiнде толығымен пайдаланылатын тауарларды;
құрылыс және объектiлердi жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес пайдалануға беру үшiн қажеттi тауарлар мен жабдықтарды орналастыруға рұқсат етiледi.
4. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында тауарлармен мынадай операцияларды жасауға рұқсат етiледi:
бұл тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi;
тауарларды тасымалдауға дайындау жөнiндегi: құрылыс процесінде ұтымды орналастыру және тұтыну мақсатында бөлiнген құрылыс салу учаскелерiнiң шегiнде партияларды бөлу, тауарлар мен көлiк құралдарын сұрыптау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, сондай-ақ орнын ауыстыру (кеден органының рұқсатымен);
ғимараттарды және құрылыстарды тұрғызу кезiнде құрылыс өндiрiсi технологиясының талаптарын орындау жөнiндегi.
5. Тауарлар "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағында ол жұмыс iстеп тұрған жағдайда ЕКА кедендiк режимiмен шектеусiз мерзiмдерде бола алады.
6. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылған тауарларды тасымалдау құрылысқа арналған учаскелердiң шегiмен шектеледi. Бұл жағдайда учаскелер арасында тасымалдау тауарларды кедендiк бақылаумен жеткiзуге (кедендiк алып жүру) белгiленетiн талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
7. "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағына шетелдiк және отандық тауарлардың жеткiзiлуiн жүзеге асыратын көлiк құралдары кедендiк ресiмдеу кезеңiнде бақылау-өткiзу пункттерiнiң жанындағы ашық алаңдарда (уақытша сақтау орындары) орналастырылады.
Осындай көлiк құралдарының "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағында болу мерзiмдерi тиеу-түсiру жұмыстарын жүзеге асыруға қажеттi уақытқа қарай белгiленедi. Көлiк құралының келуi мен кетуiн есепке алу "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағындағы бақылау өткiзу пунктiндегi арнаулы журналда 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша жүргiзiледi.
3. Тауарларды кедендiк ресiмдеу
8. Кеден органына жүктiк кедендiк декларацияны ұсына отырып ЕКА кедендiк режимiнде кедендiк ресiмдеуге осы Ереженiң 3-тармақтарында көрсетiлген шетелдiк және отандық тауарлар жатады.
9. Тауарларды ЕКА кедендiк режимiмен орналастыруға заңнамалық тәртiппен "Астана - жаңа қала" АЭА аумағында тiркелген тұлғаларға рұқсат етiледi. (РҚАО-ның сілтемесі: (6-бап) ; (3-тарау) қараңыз.)
10. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген тауарлар кеден органына:
жүктiк кедендiк декларацияны;
тұрғызылатын құрылыстар мен техникалық-экономикалық негiздеуге (машиналар мен жабдықтар үшiн) арналған жобалық-сметалық құжаттаманы;
жүктiк кедендiк декларацияларды, құжаттарды және "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығымен бекiтiлген кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi қосымша мәлiметтердi қабылдау мен тексеру ережесiнде белгiленген талаптарға сәйкес белгiленетiн өзге де құжаттарды ұсыну жолымен декларациялауға жатады.
Тауарларды "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағына әкелу кезiнде декларациялау мынадай ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi:
тауар тобы ретiнде бiр объектiнiң құрылысына арналған тауарлар ұғылады;
30 "Тауарды қарау орыны" бағанында оның мекен-жайына тауар жеткiзiлетiн "Астана - жаңа қала" АЭА құрылысы объектiсiнің бiрдейлендiрiлген нөмiрi мынадай сызба бойынша көрсетiледi:
N 0.000 элемент, мұнда:
0. - учаскенiң нөмiрi;
000. - құрылыс объектiсiнiң нөмiрi;
тауарларды өткiзу кезiнде кезеңдiк және алдын ала мәлiмдеудің ережесi қолданылуы мүмкiн. Бұл ретте тауарларды кезеңдiк декларациялау рәсiмi бойынша тауарларды әкелуге кезеңдiк жүк кедендiк декларациясын тiркеген сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде рұқсат етiледi. Тауарларды әкелу аяқталғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей әкелiнген тауардың нақты саны ескерiле отырып толтырылған толық жүк кедендiк декларация ұсынылады.
Ескерту. 10-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 157 бұйрығымен .
11. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген де, көрсетiлмеген де отандық тауарларды, машиналар мен жабдықтарды "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағына орналастырған жағдайда, декларациялаудың оңайлатылған нысаны қолданылуы мүмкiн (2-қосымша).
Бұл жағдайда декларациялаудың оңайлатылған нысанының даналары мынадай тәртiппен бөлiнедi:
1-дана - бақылау үшiн кеден органының iстерiнде қалады;
2-дана - декларанттың қолына берiледi.
Оңайлатылған нысандағы декларация тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органы лауазымды адамының қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiмен, ресiмделген күнi көрсетiле және оларды iс жүзiнде әкелгенi/әкеткенi туралы белгiлер қойыла отырып расталады.
Тауарларды әкелгендегіден өзгеше мөлшерде әкеткен жағдайда, тауарды өткiзушi тұлға мөрмен расталған Оңайлатылған нысандағы декларацияның 9-бағанында әкетiлетiн тауардың iс жүзiндегi мөлшерiн көрсетедi.
Оңайлатылған нысандағы декларацияны кеден органдары оңайлатылған нысандағы декларацияларды тiркеу журналына осы Ережеге 3-қосымшада келтiрiлген нысанға сәйкес есепке алады.
"Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағындағы объектiлерге қызмет көрсету үшiн (жұмысшыларды, жолаушыларды, қызмет көрсетушi қызметшiлердi тасымалдау) пайдаланылатын және тауарлар тасымалдауға жұмылдырылмаған автокөлiк құралдарын көрсетiлген АЭА-ның аумағына өткiзуге кеден органының келiсiмiмен рұқсат етiледi.
12. ЕКА кедендiк режимi өзге кедендiк режимге өзгерген жағдайда тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану, кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу таңдалған кедендiк режимнiң шарттары мен талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
13. Бұрын "Астана - жаңа қала" АЭА аумағынан Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының қалған бөлiгiне ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылған отандық тауарларды әкету кезiнде, тауарларды өткiзушi тұлға төлем ретiнде немесе тауарларды әкелу кезiнде берiлген өзге де жеңiлдiктердiң нәтижесiнде алынған соманы қайтарады.
14. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылған шетелдiк тауарлар Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге қайта экспорттаудың кедендiк режимiне сәйкес әкетiледi. Нақты әкетуге бақылау тауарларды кедендiк бақылаумен жеткiзуге белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Кедендік алымдар мен салықтарды
төлеудiң ерекшелiктерi
15. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын шетелдiк тауарларды әкелу кезiнде импортталатын тауарларға акциз алуды қоспағанда, кедендiк баждар, салықтар алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
16. Отандық тауарларды "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағына Қазақстан Республикасының қалған кедендiк аумағынан әкелу кезiнде кедендiк төлемдер, салықтар алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
17. Осы Ереженiң 12-тармағында белгiленген тәртiпке сәйкес "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағына бұрын әкелiнген отандық тауарларды "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасының қалған кедендiк аумағына әкету кезiнде кедендiк төлемдер мен салықтар алынбайды, тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
18. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын шетелдiк тауарларды "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету кезiнде кедендiк баждар, салықтар алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
19. Шетелдiк тауарларды "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының қалған бөлiгiне әкелу кезiнде кедендiк баждар мен қосымша құн салығы мәлiмделген кедендiк режимнің шарттарына сәйкес алынады және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылады.
5. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын
тауарларды кедендiк бақылау
20. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк бақылау тауар ЕКА кедендiк режимiне орналастырылған сәттен бастап жүзеге асырылады және тауарды өзге кедендiк режимге орналастырған кезде, не кеден органының тауарлардың АЭА-ның аумағындағы құрылыс процесiнде толығымен пайдаланылғанына көзi жеткеннен кейiн аяқталады.
Өзге кедендiк режимдерге мәлiмделген тауарларды одан әрi кедендiк бақылау таңдап алынған кедендiк режимнiң шарттарына және талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
21. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу кеден қоймасының, бос қойманың режимдерiн қоспағанда оларды өзге кедендiк режимде мәлiмдеген жағдайда мұндай тауарларды ЕКА кедендiк режимiнде кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органында жүргiзiледi.
6. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын
тауарларды есептеу мен есептіліктi
жүргiзудiң тәртiбi
22. Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары кедендiк бақылаудың барлық нысандарын қолдануға, сондай-ақ белгiленген кестеден тыс есеп ұсынуды талап етуге құқылы. Бұл жағдайда, есептi ЕКА кедендiк режимiн мәлiмдеген адамдар кеден органы бастығының жазбаша талабы ұсынылғаннан бастап жетi күннiң iшiнде ұсынуы тиiс.
23. ЕКА кедендiк режимiн мәлiмдеген адамдар белгiленген үлгiдегi есеп кiтабында (4-қосымша) тауарлардың есебiн жүргiзедi және кеден органдарына олар туралы есеп бередi. Тауарларда болатын кез келген өзгерiстер есептiк құжаттарда көрсетiлуi тиiс. Есептiлiк осы Ереженiң 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша есептiктен кейiнгi айдың 10-на дейiн тоқсан сайын ұсынылады.
24. Билiгiнде ЕКА кедендiк режимiнде мәлiмделген тауарлар бар адамдар Қазақстан Республикасының кеден органдарына есептiлiктi ұсынбағаны және тауарлардың есебiн жүргiзу тәртiбiн сақтамағаны үшiн жауаптылықта болады.
25. "Астана - жаңа қала" АЭА-ның кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды есепке алатын және осы Ережеге сәйкес қолданылатын барлық журналдар мен кiтаптар нөмiрленуi, тiгiлуi және кеден органының мөрiмен расталуы тиiс.
7. Арнайы экономикалық аймақты жабу
26. "Астана - жаңа қала" АЭА таратылған жағдайда құрылыс процесiне толығымен пайдаланылған тауарларды, сондай-ақ "Астана - жаңа қала" АЭА-ның мерзiмiнен бұрын таратылған жағдайда "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заңының 6-бабында көзделген кепiлдiктер таратылатын тауарларды қоспағанда бұрын ЕКА режимiнде ресiмделген және "Астана - жаңа қала" АЭА-ның аумағына орналастырылған тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес өзге кедендiк режимге қайта ресiмдеуге жатады.
8. Қорытынды ережелер
27. Еркін кедендік аймақ кедендік режимінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жауаптылық белгіленеді.
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық
аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ
режимінде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк
бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесiне
1-қосымша
"Астана - жаңа қала" АЭА-ның бақылау-өткізу пунктінде
көлік-құралдарын әкелу мен әкетуді есепке алу журналы
___________________________________________________________________
БӨП ашық|а/м |Тауардың|Саны|Объек.|АЭА |Кеден.| АЭА |Ес.
алаңына |маркасы,| атауы | |тінің |учаске.| дік |аумағы.|кер.
орналас.|мем. | | |атауы |сіне |құжат.| нан |ту
күні |нөмірі | | | |келген | тың |шыққан |
(уақыты)| | | | | күні |нөмірі| күні |
| | | | |(уақы. | |(уақы. |
| | | | |ты) | |ты) |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық
аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ
режимінде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк
бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесiне
2-қосымша
(Тек қана отандық тауарлар үшiн)
Оңайлатылған нысандағы декларация
N 0./00.00.0/0.000000 *
___________________________________________________________________
1. Тауарларды жөнелтушi 3. Тасымалдаушы
2. Тауарларды алушы 4. Көлiк құралы туралы
мәлiметтер
___________________________________________________________________
5. Атауы, 6. 7. Саны 8. Салмағы
көлiк Тауарлардың (дана, орны, (кг.)
құжаттарының атауы жиынтықтар
нөмiрлерi және т.б.)
___________________________________________________________________
9. Қосымша мәлiметтер
10. Құрылыс учаскесiнiң нөмiрi, объектiнiң атауы
(объектiнiң бiрдейлендiрген коды)
___________________________________________________________________
Тауарды алушының өкiлi ______________________
М.О. ______________________ күні
(қолы)
Кеден органының қызметкерi _________ ЖНМ
* 0./00.00.0/0.000000 элементi, мұнда:
0. - құрылыс учаскесiнiң нөмiрi;
00.00.0 - оңайлатылған нысандағы декларацияны қабылдаған айы, күнi және осы жылдың соңғы саны;
0.000000 - учаскi БӨП-iнiң нөмiрi және кеден органы берген оңайлатылған нысандағы декларацияның өспелi қорытындысы бар реттiк нөмiрi (жыл аяқталғаннан кейiн нөмiрлеу қайтадан басталады).
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық
аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ
режимінде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк
бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесiне
3-қосымша
Оңайлатылған нысандағы деклерацияларды тіркеу
ЖУРНАЛЫ
___________________________________________________________________
N *|Алушы |Тауардың | Тасымалдаушы|Көлік | Саны| Салмағы | Уақытша
р/б| | атауы | |құралы| | | сақтау
| | | | | | | орыны
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
________________________
* Оңайлатылған нысандағы декларацияның реттік нөмірі оның тіркеу нөмірі болып табылады.
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық
аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ
режимінде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк
бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесiне
4-қосымша
__________________________________
(ұйымның, кәсіпорынның атауы)
"Астана - жаңа қала" АЭА аумағында "еркін кедендік аймақ"
режимінде ресімделген тауарлардың, машиналардың және
жабдықтардың пайдаланылуын ЕСЕПКЕ АЛУ КІТАБЫ
Басталды:
Аяқталды:
___________________________________________________________________
КІРІС
___________________________________________________________________
Қоймалық |Есептік |Тауардың| ЖКД-ның | СЭҚ ТН | Өлшем |Саны
есеп |кезеңнің|түскен | немесе өзге | бойынша |бірлігі |
кәртішке.|басына | күні | кедендік | сипаттау | |
сінің | қалған | | құжаттың | және код | |
нөмірі | қалдық | | нөмірі | | |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
ШЫҒЫС
___________________________________________________________________
Талаптың | ЖКД-ның | Өлшем | Саны | Құрылыс |Есептік |Ескерту
(жүк- | немесе өзге | бірлігі| | объекті. |кезеңнің|
құжаттың)| кедендік | | | сінің |аяғында |
нөмірі | құжаттың | | | атауы |қалған |
| нөмірі | | | |қалдық |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Басшы _________________________________
Бас бухгалтер _________________________
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық
аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ
режимінде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк
бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесiне
5-қосымша
___________________________________ Кеден органына есептіден
(ұйымның, кәсіпорынның атауы) кейінгі айдың 10-на дейін
тоқсан сайын ұсынылады
________ жылдың ________ тоқсанындағы
"Астана - жаңа қала" АЭА аумағында "еркін кедендік аймақ"
режимінде ресімделген тауарлардың, машиналардың және
жабдықтардың пайдаланылуы туралы ЕСЕП
Басталды:
Аяқталды:
____________________________________________________________________ КІРІС
____________________________________________________________________
Қоймалық | Есептік | Тауардың | ЖКД-ның |СЭҚ ТН |Өлшем |Саны
есеп | кезеңнің | түскен | немесе өзге |бойынша |бірлігі|
кәртішке. | басына | күні | кедендік |сипаттау| |
сінің | қалған | | құжаттың |және код| |
нөмірі | қалдық | | нөмірі | | |
________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________ ШЫҒЫС
____________________________________________________________________
Талаптың | ЖКД-ның | Өлшем | Саны | Құрылыс |Есептік |Ескерту
(жүк- | немесе өзге | бірлігі| |объекті. |кезеңнің|
құжаттың) | кедендік | | | сінің |аяғына |
нөмірі | құжаттың | | | атауы |қалған |
| нөмірі | | | |қалдық |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Басшы _________________________________
Бас бухгалтер _________________________