Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы

Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 6 наурыздағы N 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1822. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 1 шілдедегі N 290 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі орынбасарларының шекті саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегі N 985  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1-қосымшада:
      "Алматы қаласы" деген жолда: "Әкімдер аппаратының саны (бірлік)" деген бағандағы "290" деген сан "291" деген санмен ауыстырылсын; "оның ішінде әкім орынбасарлары (бірлік)" деген бағандағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын; 
      "Жиыны" деген жолда: "Әкімдер аппаратының саны (бірлік)" деген бағандағы "1350" деген сан "1351" деген санмен ауыстырылсын; "оның ішінде әкім орынбасарлары (бірлік)" деген бағандағы "64" деген сан "65" деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі