"Жүк кеден декларациясын беру мерзiмiн ұзарту туралы Ереженi бекiту туралы"

Бұйрық Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетi 2000 жылғы 22 мамырдағы N 160 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 15 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1159. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен. ~V011442

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Заңының 195 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Ұсынылып отырған жүк кеден декларациясын беру мерзiмiн ұзарту туралы Ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Г. Мұхамедиева ) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлігiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Баспасөз қызметi (Г. Исахан ) осы бұйрықтың ресми түрде

жариялануын қамтамасыз етсiн.
     4. Осы бұйрықтың атқарылуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк 
кiрiс министрлiгi Кеден комитетi Төрағасының орынбасары Б. Жұмабаевқа 
жүктелсiн. 
     5. Бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

     Төрағаның м.а.
     
                                                          ҚР МКМ КК
                                                       22 мамыр 2000 ж.
                                                      N 160 бұйрығымен
                                                         "Бекітілген"

        Жүк кеден декларациясын беру мерзiмiн ұзарту ережелерi 



      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасы кеден iсi туралы" ( бұдан әрi - Заң) Заңының 195 бабына сәйкес жүк кеден декларациясын (бұдан әрi - ЖКД) беру мерзiмiн ұзарту тәртiбiн анықтайды.
      2. Осы Ереже, тауарларды түтiк құбыр көлiгi мен электр желiсi бойынша тасымағанда, тауарларды мерзiмдi мәлiмдеген, алдын ала мәлiмдеген кезде уақытша ЖКД-сын пайдаланған жағдайларды санамағанда, ЖКД-сын пайдалана отырып, тауарларды мәлiмдеудiң барлық жағдайына таратылады.
      3. Қазақстан Республикасының кеден органдары осындай мерзiмдi ұзарту қажет болған кезде декларанттың жазбаша өтiнiшi бойынша осы Ереже анықтаған тауарларға қатысты ЖКД-сын беру мерзiмiн ұзартады.
      4. Өтiнiш Заңның 195 бабы анықтағандай, ЖКД-сын беру мерзiмiн өткiзбей, тиiстi уақытында, Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы лауазымды тұлғалардың өтiнiштi қарау мерзiмi ескерiле отырып, берiледi.
      5. Өтiнiште ЖКД-н беру мерзiмiн ұзарту себептерi, мiндеттеме және ЖКД-сымен кеден мақсаты үшiн қажет құжаттардың берiлетiн күнi көрсетiледi.
      6. Өтiнiшпен Қазақстан Республикасының кеден заңдары белгiлеген мерзiмде ЖКД-сын бере алмау себептерiн растайтын құжаттар қоса тапсырылады.
      7. ЖКД-сын беру мерзiмiн ұзарту туралы шешiмдi кеден органының бастығы не болмаса оның орнын басушы тұлға кеден төлемдерi мен салықтары бойынша берешегi жоқ, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты белгiлеген нысанда қабылдайды.
      8. ЖКД-сын беру мерзімiн ұзарту туралы шешім декларанттың осындай мерзiмге ұзарту туралы өтiніш түскен сәттен бастап келесi жұмыс күнi бiткенге дейiн кешiктiрмей қабылданады.
      9. Өтiнiш пен шешiмдi кеден органының лауазымды тұлғасы өтiнiштiң түскен күнi, декларант, жөнелтушi, қабылдап алушы, тауардың аталуы, олардың мөлшерi, шыққан жерi, қабылданған шешiм (ұзартылған жағдайда шешiмнiң N мен шешiмнiң қабылданған күні көрсетiледі), өтiнiштi қабылдаған кеден органдарындағы лауазымды тұлғаның қолы көрсетiлген арнайы Журналға тiркейдi.
      10. ЖКД-сын беру мерзiмiн ұзарту келесi тауарларға қолданылады:
          1.) кеден баждары мен салықтары салынбайтын тауарларға;
          2.) кеден баждары мен салықтары ЖКД-сын беру мерзiмiн, ұзарту
              туралы өтiнiш берген сәтке дейiн төленiп қойылған
              тауарларға қатысты, кеден баждары мен салықтары салынатын
              тауарларға;
              Егер ЖКД-сын Қазақстан Республикасының кеден органына
              берген сәтте, оның беру мерзiмiн ұзартқаннан кейiн ЖКД-сын
              беретiн күнi төлеуге жататын кеден төлемдерi мен
              салықтарының сомасы жоғары немесе бұрынғы төленген кеден
              төлемдерi мен салықтарының сомасынан төмен болса, онда
              пайда болған айырмашылық ЖКД-сын беретiн күнi не оған дейiн
              Қазақстан Республикасының кеден органына төленуге жатады
              немесе декларантқа қайтарылады, не болмаса Қазақстан
              Республикасының кеден органы тиiстi түрде келесi төлемдердiң
              есебiне жатқызады;
          3.) Соларға қатысты, Қазақстан Республикасы Заңының 195 бабына
              сәйкес белгiленген мерзiмде ЖКД-сын берген сәтте, Қазақстан
              Республикасының Заңы тауарларға iлеспелi құжаттар бойынша
              Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы осы
              тауарларды өткiзген сәтте қолданған заңдарға қарағанда
               ұтымсыз жағына өзгерсе.
      11. ЖКД-сын берудiң ұзартылған мерзiмi бiтер күнi немесе оған дейiн декларант белгіленген нысанда, толтырылған ЖКД-сымен кеден мақсаттары үшiн қажет құжаттарды тапсырады.
      12. ЖКД-сын беру мерзiмiн ұзарту туралы, декларанттың өтiнiшi мен кеден органының шешiмi ЖКД-сымен қоса және өзге де құжаттар тізiмдемеге енгiзіледi.
      13. ЖКД-сының беру мерзiмi оның ұзартылған мерзiмi мен кедендiк

ресiмдеу мерзiмін ескергенде Қазақстан Республикасының кеден органына 
тауарлар мен көлiк құралдарын ұсынған сәттен бастап екi айдан аспау керек. 
     14. ЖКД-сының беру мерзiмi осы Ереженiң 13 тармағында көрсетiлген 
мерзiмінен ұзартуды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс 
министрлiгiнiң Кеден комитетi жүргізеді. 
     15. Қазақстан Республикасының кеден органына олар белгiлеген мерзiмде 
тауарлар мен көлiк құралдарының ЖКД-сын, сонымен қатар кеден мақсаттары 
үшiн қажет құжаттар мен мәлiметтердi тапсырмауы Қазақстан Республикасының 
кеден заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тартуға әкеп соғады. 

                                                    кеден органының аталуы
                                                    ______________________
                                                    ______________________
                                                    ______________________
                                                    ______________________
     
                          ӨТIНIШ 

     Мына тауарлардың жүк кеден декларациясын беру мерзiмiн ұзартуды     
өтiнемiн____________________________________________________________
____________________________________________________________________     
  тауарлардың аталуы, мөлшерi, көлiкке ілеспелi құжаттардың N N
____________________________________________________________________     
____________________________________________________________________     
  немесе қысқаша декларация, тауарлардың уақытша сақталу орны
____________________________________________________________________     
_____________________________________________________мерзiмге дейін
____________________________________________________________________     
белгiлеген мерзiмде ЖКД-сын тапсырмау себептерi көрсетiледi
_____________________________________________________байланысты
____________________________________________________________________     
____________________________________________________________________     
___________________________________ көрсетілген тауарларға кедендiк 
ресiмдеудi жүргiзу үшiн, кеден мақсаттары үшiн
қажет                  ЖКД-сы                   мен
     
құжаттарды___________________________________
            ЖКД-сын беру күнi көрсетiледi

     Ұсынылатын құжаттар: 1.
                          2.
                          3.
                          4.
     Декларант                  ______________
                                   қолы

        _____ _____________2000 ж.

   ____________________________________________________________________    
                       Кеден органының аталуы

                                N______ШЕШIМ

        Өтiнiште көрсетiлген тауарларға ЖКД-сын беру мерзiмiн ұзартуға     
     рұқсат ________________________________ дейін беріледі.
     
     
     Күні _____ _____________2000 ж.
     
     
     К.о. бастығы                             ______________
                                                   қолы
     
     
     
     М.О.
     
     
        
     
     Қазақстан Республикасының кеден органына, олар, белгiлеген мерзiмде   
     тауарлар мен көлік құралдарының ЖКД-сын, сонымен қатар кеден          
     мақсаттары үшiн қажет құжаттар мен мәлiметтердi тапсырмауы           
     Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы кеден iсi       
     туралы Заңында көзделген жауапкершiлiкке тартуға әкеп соғады.
     
     
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.