"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
Тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару кедендiк режимiн қолдану жөніндегі нұсқаулық;
Тауарлардың керi импорты кедендiк режимiн қолдану жөніндегі нұсқаулық;
Тауарлардың транзитi кедендiк режимiн қолдану жөніндегі нұсқаулық;
Кедендiк қойма кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық;
Бажсыз сауда дүкенi кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық;
Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік режимін қолдану жөніндегі нұсқаулық;
Тауарларды кедендiк бақылаумен қайта өңдеу кедендiк режимiн қолдану жөніндегі нұсқаулық;
Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кедендiк режимiн қолдану жөнiндегі нұсқаулық;
Еркiн кеден аймағы кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық;
Еркiн қойма кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық;
Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу кедендiк режимiн қолдану жөніндегi нұсқаулық;
Тауарлардың экспорты кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық;
Тауарлардың керi экспорты кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық;
Тауарларды жою кедендiк режимiн қолдану жөніндегi нұсқаулық;
Тауарлардан мемлекеттiң пайдасына бас тарту кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық;
Жекелеген кедендiк режимдердiң шеңберiнде кедендiк тасымалдаушымен жүзеге асырылатын қызметтi және уақытша сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулердi лицензиялаудың тәртiбi.
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Г.Ә. Мұхамедиева) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Баспасөз қызметi (Б.Т. Омарәлиев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының орынбасары Б.Т.Жұмабаевқа жүктелсiн.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Төраға міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнiң
2001 жылғы 9 ақпандағы
N 46 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнiң күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының
ТIЗБЕСI
1. "Тауарлардың керi импорты кедендiк режимi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1996 жылғы 8 қазандағы N 190-Б бұйрығы .
2. "Кеден қоймаларының қызметiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 528-Б бұйрығы .
3. "Бажсыз сауда дүкенiнiң қызметiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің 1999 жылғы 27 желтоқсандағы N 634-Б бұйрығы .
4. "Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу, тауарларды кедендiк бақылаумен қайта өңдеу және тауарларды кедендiк аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендiк режимдерiн қолдану туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 584-Б бұйрығы .
5. "Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелу (әкету) режимiнде кедендiк бақылаудың және ресiмдеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң 1997 жылғы 3 сәуiрдегi N 78-Б бұйрығы .
6. "Еркiн кеден аймағында кедендiк бақылаудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1997 жылғы 6 қаңтардағы N 2-Б бұйрығы .
7. "Еркiн қойманың қызметiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 533-Б бұйрығы .
8. "Тауарларды жою кедендiк режимiнде кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 596-Б бұйрығы .
9. "Мемлекеттiң пайдасына бас тарту кедендiк режимi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 26 қазандағы N 157-Б бұйрығы .
10. "Жекелеген кедендiк режимдердiң шеңберiнде жүзеге асырылатын қызметтi және уақытша сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулердi лицензиялаудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 530-Б бұйрығы .
11. "Қазақстан Республикасы кеден органдарының кеден қоймалары мекемелерiнiң және мұндай қоймаларды пайдаланудың ережесi" Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1996 жылғы 5 маусымдағы N 120-Б бұйрығы .
Келісілді Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Мемлекеттік кіріс министрі Кеден комитетінің
2001 жылғы 8 ақпан 2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың
кеден режимiн қолдану жөнiнде
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер
1. Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiн қолдану жөнiндегi осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - кеден iсi туралы Заң) Заңына сәйкес әзiрленген және тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiнде жайғастырылған тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кеден бақылауының тәртiбiн анықтайды.
2. Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимi әкелiнген тауарлардың кеден iсi туралы Заңының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағында тұрақты қалуы немесе тұтынылуы үшiн белгiленедi.
3. Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiнде иелiк құқығын отандық тұлғаға берудi көздейтiн сыртқы сауда мәмiлелерi бойынша әкелiнген, Қазақстан Республикасының кеден аумағында тұрақты пайдалануы немесе тұтынылуы үшiн белгiленген, сондай-ақ отандық және шетелдiк тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағында тұрақты қалуы немесе тұтынылу мақсатында әкелген тауарлары жайғастырылады.
2. Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiнде
орналастыру шарттары
4. Кеден iсi туралы Заңның 29-бабына сәйкес тауарларды еркiн айналысқа шығару мынадай шарттармен:
1) кеден баждары мен салықтарын төлеген кезде;
2) тарифтiк емес реттеу шаралары мен валюталық бақылау саласындағы талаптар сақталғанда;
3) Қазақстан Республикасының заңдық актiлерiнде қарастырылған өзге де талаптарды орындағанда;
4) кедендiк ресiмдеудi аяқтағанда iске асырылады.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi анықтайтын тәртiппен кеден төлемдерiн төлеу жүргiзiледi.
Тауарлардан кеден салықтарын алу жүктелген кеден органдары, Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген тауарларға қатысты қосылған құн мен акциздер салығын қолдану талаптарына қойылатын тәртiпке сәйкес жүргiзедi.
Кеден төлемдерi мен салықтарын төленгенiн растайтын құжаттар:
төлемнiң орындалғаны туралы банкiнiң белгiсi бар төлем тапсырмасы және жүргiзiлген операцияны дәлелдейтiн төлеушiнiң дербес шотының үзiндi көшiрмесi - қолма-қол ақшасыз төлем тәртiбiмен төлеген кезде;
бас бухгалтердiң немесе оның уәкiлiнiң қолы қойылған және кассирдiң мөрiмен (кассирдiң мөртабаны) расталған кеден органының кiрiс кассасы ордерiнiң түбiртегi - қолма-қол ақша берiп төлеген кезде.
Ұқсатуға арналған импортталатын шикiзаттар мен материалдарға салынған кеден баждары мен салықтарын кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеуге рұқсат берген кезде, жүк кеден декларациясымен бiрге кеден және салық органдарының тиiстi кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеуге рұқсат бергенi туралы тиiстi шешiм қоса берiледi.
6. Кеден iсi туралы Заңның 18-бабындағы 6) тармақшасына сәйкес тарифтiк емес реттеу шараларына Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шаралары жатады және оның iшiнде жекеленген тауарларды әкелудiң мемлекеттiк монополиясы бар; әкелiнетiн тауарлардың сан жағынан шектеулiгi (квоталау) бар.
7. Кедендiк ресiмдеу кезiнде тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуын декларант Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары берген тиiстi лицензияны ұсыну жолымен дәлелдейдi.
8. Валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуы жасалған мәмiленiң төлқұжатын ресiмдегенде және кеден органына берген кезде белгiлi болады.
Тауарлар жеткiзiлмеген не болмаса Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Басқармасының 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 271 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында экспорт-импорттық валюталық бақылауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулыққа сәйкес ресiмделген мәмiленiң күшi жойылмаған төлқұжаты бойынша аванстық төлемдердi қайтармаған жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған ықпал ету шаралары қолданылады.
9. Тауарларды еркiн айналысқа шығару үшiн Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң талаптарын орындалғанын кеден органына берiлген:
өнiмнiң қауiпсiздiгiне сәйкестендiрiлген сертификат (сертификаттың кедендiк ресiмдеу сәтiнде болмаса өтiнiш декларация берiледi), фитосанитарлық (карантиндiк) сертификат, санитарлық-тазалық сертификаты ветеринарлық сертификат көрсетедi. Көрсетiлген сертификаттар, мемлекеттiк бақылау түрлерiнiң қандай болмасын бiр түрiн көздейтiн Қазақстан Республикасының тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiнде көрсетiлген тауарлар үшiн ғана ресiмделедi және ұсынылады.
10. Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiнде орналастырылған тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi кеден мақсаттары үшiн қажеттi жүк кеден декларациясы, құжаттар мен қосымша мәлiметтердi қабылдау тәртiбiне белгiленген талаптарға сәйкес айқындалады.
3. Тауарларды шартты түрде шығару
11. Белгiленген шектеулiктердi, талаптарды немесе шарттарды сақтау шартымен кеден төлемдерi мен (немесе) салықтарын салу бөлiмiнде соларға қатысты кеден жеңiлдiктерi берiлген тауарлар, шартты түрде шығарылады және олар тек осындай жеңілдiктердi беруге байланысты мақсаттарда пайдаланылуы тиiс.
12. Осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетiлген жеңiлдiктердi қолданған жағдайларда, декларант ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органына жүк кеден декларациясының 44-бағанына "Берiлген жеңiлдiктерге сәйкес пайдалануға мiндеттенемiз" - деген жазуды енгiзу жолымен соларға берiлген жеңiлдiктерге байланысты, тауарларды тек осындай мақсаттарда пайдаланатыны туралы мiндеттеменi бередi.
13. Шартты түрде шығарылған тауарларды өзге мақсаттарда пайдалану, оларға осындай мақсатпен иелiк етуге рұқсатты кеден төлемдерi мен салықтарын төлеген кезде, соларды бақылауды iске асырып жүрген кеден органының хабарлауымен және тауарларды шығарған кезде орындамаған осы Нұсқаулықта көзделген басқа талаптарды орындағанда берiледi.
14. Шартты түрде шығарылған тауарларды өзге мақсаттарда пайдаланғаны туралы хабарлама, бақылауды iске асырып жүрген кеден органы бастығының атына еркiн түрде жүк кеден декларациясының тiркелу номерiн көрсетiп, жазбаша өтiнiштi жазу жолымен бiлдiредi.
Өтiнiшпен бiрге жүк кеден декларациясының көшiрмесi, сондай-ақ бұрын шартты түрде есептелiнген кеден төлемдерi мен салықтарын төлегенiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
15. Өтiнiш, барлық берiлген құжаттармен бiрге жүк кеден декларациясына қосымша берiлген құжаттардың жиынтығымен қоса тiгiледi. Жүк кеден декларациясының бiрiншi және үшiншi даналарында кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмiрлi мөрi басылған, күнi көрсетiлген "Төлемдер төлендi. Бақылаудан алынды" деген жазуға мөртабан қойылады.
16. Бұрын шартты түрде шығарылған тауарларды еркiн айналысқа шығару жаңадан жүк кеден декларациясын толтырмай жүргiзiледi.
4. Акцизделген тауарлардың
кедендiк ресiмдеу ерекшелiктерi
17. Акциздiк алым маркасымен белгiлеуге жататын Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын тiзiмдеме бойынша акцизделетiн тауарлардың жеке түрлерiн еркiн айналысқа шығару кеден режимiне орналастырылған тауарларды шығаруға рұқсатты, оларды акциздiк алым маркасымен белгiлеу шартымен берiледi.
5. Қорытынды ережелер
18. Тауарлар мен көлiк құралдарын шығарғаннан кейiн кедендiк бақылауды, Кеден iсi туралы заңның 215-бабына сәйкес кеден органы iске асырады.
19. Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тартылады.
Келісілді Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Мемлекеттік кіріс министрі Кеден комитетінің
2001 жылғы 8 ақпан 2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Тауарлардың керi импорты кеден режимiн
қолдану жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер
1. Тауарлардың керi импорты кеден режимiн қолдану жөнiндегi осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) Заңына сәйкес әзiрленген және тауарлардың керi импорты кеден режимiнде орналастырылған тауарларға кедендiк ресiмдеу жүргiзу мен кеден бақылауын iске асыруды анықтайды.
2. Кеден iсi туралы заңның 30-бабына сәйкес тауарлардың керi импорты кеден режимi - бұл экспорттың кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлген отандық тауарлар кеден бажы мен салығы алынбай, сондай-ақ тауарларға тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбай Кеден iсi туралы заңның 31-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде керi әкелiнетiн кеден режимi.
3. Тауарлардың керi импорты кеден режимiнде шетелдiк тауарлар, сондай-ақ отандық тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар экспортының кеден режимiнен өзгешеленген кеден режимдерiнiң шегiнде әкетiлген шетелдiк тауарлар, сондай-ақ отандық тауарларды орналастыруға болмайды.
Сондай-ақ, тауарлардың керi импорты кеден режимiне Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға болмайды.
2. Тауарлардың керi импорты кеден режимiнде тауарларды
орналастыру шарттары
4. Тауарлардың керi импорты кеден режимiнде орналастыру үшiн, тауарлар:
1) тауарлардың керi экспорты кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетілген тауарлар;
2) әкетiлер сәтке дейiн отандық тауарлар, яғни Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында еркiн айналысқа түсетiн қазақстанда не болмаса шетелде шығарылған тауарлар;
3) әкетiлген сәттен бастап үш жыл iшiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген тауарлар болуы керек.
Экспорт кеден режимiнде тауарларды әкеткен кезде жүк кеден декларациясын қабылдаған күн әкету күнi болып есептелiнедi;
4) табиғи тозу не тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi кему салдарынан болған өзгерiстерден және осы Нұсқаулықтың 8 және 9-тармақтарында қарастырылған басқа жағдайларды қоспағанда, әкетiлген кездегi күйiнде болуы тиiс.
Тауарлардың тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайында тозу немесе кемудiң табиғи түрде болуын, осы тауарларға жататын стандарттармен айқындалады.
5. Тауарлардың экспорт кеден режимiне сәйкес әкетiлген тауарлардың керi импорты кеден режимiнде орналастырылған тауарлардың сәйкестiгi, олардың нақты әкетілгенi, әкетiлген күнi, сондай-ақ тауарлардың отандық тауарлар екенiне кеден органының лауазымды тұлғалары күмән келтiрмейтiндей шын және сенiмдi түрдегi әдiспен дәлелденуi тиiс. Аталған жағдаяттарды дәлелдеудi мiндеттеу мүдделi тұлғаларға жүктеледi.
6. Тауарлардың керi импорты кеден режимiне, оларды қандай тұлға әкеткенiне қарамастан, кез келген тұлға тауарларын орналастыра алады.
7. Авария не болмаса тежеусiз күштiң салдарынан тауарлар зақымданған немесе нашарлаған кезде, осындай тауарлар, нақты авария не болмаса тежеусiз күштiң болғанын шетелдегi Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнiң растау шартымен тауарлардың керi импорты кеден режимiнде орналастырылуы мүмкiн.
8. Тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған кезде, осындай тауарлардың әкетiлген күнi айқындалған құны, осындай операциялардың нәтижесiнен өсiп кетпеу шартымен оларды сақтау, ұсақ жөндеу және осыған ұқсас басқа да операциялармен қамтамасыз ету бойынша операцияларға соқтығуы мүмкін.
Әкетiлген күнгi құнның және әкелiнген күнгi құнның ара қатынасы тауарлардың жүк кеден декларациясында көрсетiлген статистикалық құнның негiзiнде айқындалады.
3. Әкету кеден баждары мен өзге сомаларды қайтару
9. Тауарларды керi импорттаған кезде, әкетiлген күннен бастап үш жылдың iшiнде кеден органы әкету кеден бажының төленген сомаларын қайтарады.
10. Әкету кеден баждары мен өзге сомаларды, керi импорттауды атқарып жүрген, осындай баждармен сомаларды төлеген тұлғаға, солардың негiзiнде экспорт және әкету кеден баждары мен өзге де сомалар есептеудi жүргiзiлген жүк кеден декларациясының, олардың төлегенiн растайтын (төлемнiң орындалғаны туралы банкiнiң белгiсi қойылған төлем тапсырмасының көшiрмесi мен қолма-қол ақшасыз төлегенде - жүргiзiлген операцияны растайтын төлеушiнiң жеке шотының үзiндi көшiрмесi; қолма-қол ақшамен төлегенде - кассирдiң мөрiмен (кассирдiң мөртабаны) қойылған бас бухгалтердiң немесе оның өкiлеттi адамының және кассирдiң қолы) құжаттардың көшiрмесiн, сондай-ақ әкету кеден бажы мен өзге сомаларды төлеушiнiң жазбаша өтiнiштi кеден органына төлеушi ұсыну шартымен қайтарылады.
Егер аталған соманы, керi импортталған тауарлардың экспортына кедендiк ресiмдеу жүргiзбеген кеден органы қайтаратын болса, ол тиiстi органның шотына немесе бюджетке әкету кеден бажы мен өзге сомалардың нақты түскенi туралы сол кеден органынан дәлел алу үшiн сұрау салады.
11. Тек әкету кеден бажы мен өзге сомалардың төленген сомасы ғана қайтарылуға жатады.
Қайтарылатын сомалар индекстелiнбейдi, олардан пайыздар төленбейдi.
Қайтару Қазақстан Республикасының валютасымен, әкету кеден бажы мен өзге сомалардың қай валютада төленгенiне қарамастан, жүргiзіледi. Егер төлем шетелдiк валютамен төленсе, онда шетел валютасын Қазақстан Республикасының валютасына қайта есептеу арқылы тауарлардың экспорт кеден режимiне мәлiмдеумен жүк кеден декларациясын қабылдаған күнi қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағамымен жүргiзiледi.
12. Төленген соманы қайтаруды тауарлардың керi импортының кеден режимiнде орналастырылған тауарларға кедендiк ресiмдеу жүргiзген кеден органы қамтамасыз етедi.
13. Тауарлардың керi импорты кеден режимiнде тауарларды орналастырған кезде экспортталған тауарлар тобының бөлiгiн, төленген сомасын қайтару, осы бөлiктiң экспортталған тауарлар тобына сандық қатынасы бойынша жүргiзiледi.
14. Төленген соманы, сондай-ақ олардың бөлiгiн қайтару туралы осындай қайтарымды атқарып жүрген кеден органының лауазымды тұлғасы, соған сәйкес тауарлардың экспорт кеден режимiнде орналастырылған тауарлардың жүк кеден декларациясының тұлға ұсынған бiр данасына, және қайтарылатын сома мен қайтару күнiн (санмен және жазбаша түрде) осы Нұсқаулықтың 10-тармағында көзделген растамада көрсету жолымен жүргiзіледi.
Соманың қайтарылғаны туралы белгi қойылған растаманың көшiрмесi, осындай растаманы берген кеден органына жөнелтiледi. Аталған көшiрме кеден органында, соған сәйкес тауарлардың экспорт кеден режимiнде орналастырылған тауарлардың жүк кеден декларациясының данасымен бiрге сақталады.
15. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген тауарлар, керi импорт кеден режимiнде орналастырылған тауарларға әкелу кеден баждары мен салықтары салынбайды.
16. Тауарларды керi импорттаған кезде тауарларды тасымалдаған тұлға, төлеу түрiнде немесе тауарды әкеткен кезде берiлген өзге де жеңiлдiктердiң нәтижесiнде олардың алған сомасын қайтарады (төлейдi).
Одан басқа осындай сомадан өзге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша пайыздар өндiрiп алынады. Бұл орайда, аталған сомалар мен пайыздар Қазақстан Республикасының кеден органына, кеден төлемдерi үшiн белгiленген тәртiппен төленедi.
Осы тармақ бойынша қайтарылуға (төленуге) жататын сомалар, тауарларды тасымалдап жүрген тұлғаның берген құжаттары мен (немесе) аталған тұлға тiркелген жердегi салық органымен расталған тиiстi құжаттардың негiзiнде анықталады.
4. Тауарлардың керi импорты кеден режимiнде
орналастырылған тауарларды кедендiк ресiмдеу
17. Кері импортталатын тауарларға кедендік ресімдеуді, қызмет аймағында осы тауарларды алушы не болмаса оның бөлімшесі тұрған кеден органы жүргізеді.
18. Декларант кеден органына тауарлардың кері импорты кеден режиміне тауарларды орналастырған кезде кедендік мақсат үшін кедендік жүк декларацияларын, құжаттарды және қосымша мәліметтерді қабылдау тәртібіне белгіленген талаптармен көзделген құжаттарды береді.
19. Осы Нұсқаулықтағы талаптардың сақталғаны туралы дұрыс және тиісті құжаттармен расталған мәліметтер болмаған кезде, тауарлардың кері импорт кеден режиміне тауарларды орналастыруға болмайды.
20. Кері импортталатын тауарларды кедендік ресімдеген кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленетін ставкалар мөлшері бойынша кеден алымдары алынады.
5. Қорытынды ережелер
21. Тауарлардың кері импорты кеден режимінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген жауапкершілікке тартылады.
Келісілді Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің
2001 жылғы 08 ақпан 2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Тауарлардың транзиті
кедендік режимін қолдану жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Тауарлардың транзитi кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрлендi және тауарлардың транзитi кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарлар мен көлiк құралдары (контейнерлер) кедендiк режимiн қолдану тәртiбiн және мұндай тауарлар мен көлiк құралдарының (контейнерлердiң) кедендiк бақылануын айқындайды.
2. Кеден iсi туралы заңның 33-бабына сәйкес тауарлардың транзитi кедендiк режимi тауарларды кеден баждары, салықтары өндiрiлiп алынбай және тарифсiз реттеу шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы, сондай-ақ шет мемлекеттiң аумағы арқылы кедендiк бақылаумен өткiзуге арналған.
3. Тауарлардың транзитi:
1) оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi кезiнде еркiн айналысқа шығаруда немесе шет мемлекеттiң аумағы арқылы транзитi кезiнде экспорттауда тарифсiз реттеудiң шараларын қолдану және (немесе) кеден баждарын және (немесе) салықтарын өндiрiп алу белгiленген (бұдан әрi - 1-ТТ) тауарлардың транзитi;
2) оларға қатысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi кезiнде еркiн айналысқа шығаруда немесе шет мемлекеттiң аумағы арқылы транзитi кезiнде экспорттауда тарифсiз реттеудiң шаралары қолданылмайтын және (немесе) кеден баждары және (немесе) салықтары өндiрiлiп алынбайтын тауарлардың транзитi (бұдан әрi - 2-ТТ) болып екi түрге бөлiнедi.
4. Осы Нұсқаулықта мынаны бiлдiретiн ұғымдар пайдаланылады:
1) транзиттiк тауар - осы Нұсқаулықтың талаптарын сақтай отырып, транзит кедендiк режимiмен орналастырылған және жөнелтушi кеден органынан жiберiлген кеден органына дейiн кедендiк бақылаумен тасымалданатын тауарлар;
2) жөнелтушi кеден органы:
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы тасымалдау кезiнде - оның қызмет аймағында Қазақстан Республикасының аумағына транзиттiк тауарлар мен көлiк құралдарының (контейнерлердiң) әкелiну орны бар Қазақстан Республикасының кеден органы;
шет мемлекеттiң аумағы арқылы тасымалдау кезiнде оның қызмет аймағында, егер өзгелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленбеген болса, транзиттiк тауарлар мен көлiк құралдарының (контейнерлердiң) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан әкетiлу орны бар Қазақстан Республикасының кеден органы;
3) жiберiлген кеден органы:
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы тасымалдау кезiнде - оның қызмет аймағында Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан транзиттiк тауарлар мен көлiк құралдарының (контейнерлердiң) әкетiлу орны бар Қазақстан Республикасының кеден органы;
шет мемлекеттiң аумағы арқылы тасымалдау кезiнде оның қызмет аймағында транзиттiк тауарлар мен көлiк құралдарының (контейнердiң) керi әкелiну орны бар Қазақстан Республикасының кеден органы;
4) аралық кеден органы - оның қызмет аймағында транзиттiк тауарлармен жүктiк және өзге де операциялар жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасының кеден органы;
5) тауарлардың партиясы - бiр алушының атына бiр көлiк құралымен (контейнермен) бiр көлiктiк құжат бойынша тасымалданатын тауар;
6) жеткiзiлетiн тауар - Қазақстан Республикасының аумағында кедендiк ресiмдеу жүргiзілетiн орынға кедендiк бақылаумен тасымалданатын тауар.
Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын басқа ұғымдардың мағынасы Кеден iсi туралы заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдардың мағынасына сәйкес.
5. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы өткiзiлетiн транзиттiк тауарлар және оларды тасымалдайтын көлiк құралдар (контейнерлер) оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелген сәттен бастап және транзит кедендiк режимiнiң аяқталуына дейiн кедендiк бақылауда болады.
6. Шет мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлетiн транзиттiк тауарлар және оларды тасымалдайтын көлiк құралдары (контейнерлер) оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкеткен сәттен және Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына керi әкелгенге дейiн кедендiк бақылауда болады.
7. Транзиттiк тауарлардың жеткiзiлуiне бақылау кедендiк бақылаумен тауарларды жеткiзудiң белгiленген тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.
8. Осы Нұсқаулықтың күшi Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы арналы мұнай құбырларымен, мұнай өнiмдерi құбырларымен және газ құбырларымен, сондай-ақ электр беру желiлерi бойынша тасымалданатын тауарларға қолданылмайды.
2. Тауарлардың транзитi кедендiк режимiмен тауарларды
орналастырудың шарттары
9. Транзиттiк тауарлар, сондай-ақ оларды тасымалдаушы көлiк құралдары (контейнерлер) Қазақстан Республикасының екi кеден органының арасында тасымалданған кезде:
тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде табиғи тозуының не азаюының салдарынан өзгеруiн қоспағанда өзгерiссiз қалуы және қандай да болмасын кәсiпкерлiк мақсаттарда пайдаланылмауы;
жiберiлген кеден органына көлiк құралдарының, белгiленген бағыттың және тасымалдаудың басқа да жағдайларын мүмкiндiктерiнiң негiзiнде жеткiзудiң әдеттегi мерзiмдерiне сәйкес жөнелтушi кеден органы белгiленген, бiрақ бiр ай үшiн екi мың километр есебiнен белгiленген шектi мерзiмнен аспайтын мерзiмдерде жеткiзiлуi тиiс.
10. Тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы транзитi, егер Қазақстан Республикасының Үкiметi өзгедей белгiлемесе, кез-келген жолдар мен бағыттар бойынша жүзеге асырыла алады.
3. Тауарлардың транзитiне рұқсат ету
11. Тауарлардың транзитi жөнелтушi кеден органының рұқсатымен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң транзитi Қазақстан Республикасының Yкiметi рұқсатының негiзiнде жүргiзiледi.
12. Тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы транзитiне арналған рұқсатты тауарлар мен көлiк құралдарын (контейнерлердi) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелетiн жер қызмет аймағына орналасқан кеден органы, ал тауарлардың шет мемлекеттiң аумағы арқылы транзитi кезiнде - транзиттiк тауарлар мен көлiк құралдарын (контейнерлердi) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкететiн жер қызмет аймағына орналасқан жөнелтушi кеден органы бередi.
13. Жөнелтушi кеден органы мынадай:
тауарлардың Қазақстан Республикасына әкелiнуiне, Қазақстан Республикасынан әкетiлуiне немесе олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне тыйым салынбауы. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi және халықаралық шарттармен белгiленедi;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен бекiтiлген халықаралық шарттарда өзгедей белгiленбесе транзиттiк тауарларды кедендiк ресімдеу үшiн алымдардың төленуі;
тiзбесi Қазақстан Республикасымен бекiтiлген халықаралық шарттарда көзделген тауарларға қатысты транзитке уәкiлеттi органдардың рұқсаты берiлуi;
егер тауарлар мұндай бақылауға жататын болса мемлекеттiк бақылаудың малдәрiгерлiк, фитосанитарлық не басқа да түрлерiнiң жүргiзiлуi;
1-ТТ жағдайында кеден органдарының тауарлардың кедендiк бақылаумен тасымалдануы кезiнде заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған талаптарының (көлiк құралдарының тиiстi жабдықталуы, кедендiк баждар мен салықтардың төленуiнiң қамтамасыз етiлуi не кедендiк алып жүру) орындалуы;
транзиттiк тауарлар мен оларға арналған құжаттардың сәйкестендiруi мүмкiндiгiнiң қамтамасыз етiлуi;
жүктiк кедендiк декларация (бұдан әрi - ЖКД) мен кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен қосымша мәлiметтердi берудiң, қабылдаудың және оларды тексерудiң тәртiбiнде айқындалған басқа да құжаттардың ұсынылуы шарттары сақталған жағдайда тауарлардың транзитiне рұқсат бередi.
14. Бұрын тауарлардың кедендiк бақылаумен транзитi кезiнде немесе әкелуi кезiнде кеден органдарының алдындағы өздерiнiң мiндеттемелерiн орындамаған тасымалдаушылар тасымалдайтын тауарларды транзиттiң кедендiк режимiмен орналастыруға рұқсатты Кеден iсi туралы заңның 35-бабындағы белгiленген талаптарды орындаған жағдайда кеден органы бередi.
15. Осы Нұсқаулықтың 2-тарауы мен 13-тармағында көрсетiлген шарттар орындалмаған жағдайда тауарларды тауарлардың транзитi кедендiк режимiмен орналастыруға жол берiлмейдi. Жөнелтушi кеден органдары тасымалдаушыларға көрсетiлген тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге қайтаруға кедергi жасамайды.
4. Транзиттiк тауарларды декларациялаудың
нысаны мен тәртiбi
16. Тауарлардың транзитi кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарлар жөнелтушi кеден органына ЖКД-ны ұсыну жолымен декларациялауға жатады.
17. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгедей көзделмесе транзиттiк тауарлардың әрбiр партиясына ЖКД толтырылады.
ЖКД даналарын (беттерiн) бөлу жүктiк кедендiк декларацияны толтырудың жалпы тәртiптерiне сәйкес жүргiзiледi. Тауарлардың кедендiк тасымалдаушымен тасымалдануы кезiнде соңғысына жөнелтушi кеден органының лауазымды адамының қолымен және жеке нөмiрлi мөрiмен куәландырылған ЖКД-ның төртiншi бетiнiң көшiрмесi берiледi.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлы номенклатурасына сәйкес әртүрлi кодтары бар тауарлар партиясын декларациялау кезiнде қосымша беттердiң орнына айрықшалаулар, орау беттерi немесе олар қосымша беттерде көрсетуге жататын мәлiметтердi қамтитын жағдайы кезiнде тауарлар тiзбесi пайдалануы мүмкiн.
18. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелетiн жер және Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкететiн жер бiр кеден органының қызмет ету аймағында болған жағдайда, онда кеден органы бастығының рұқсатымен ЖКД-ны ұсынбауға болады. Транзиттiк тауарларға бақылау кедендiк бақылаумен тауарларды жеткiзу белгiленген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады.
19. Кеден органдарымен ЖКД ретiнде:
ХЖТ кiтапшасын қолдану арқылы жүктердi халықаралық тасымалдау туралы кедендiк конвенцияға (ХЖТ Конвенциясы, 1975 ж.) сәйкес ресiмделген ХЖТ кiтапшасы;
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген өзге де құжаттар қабылданады. Мұндай құжаттардың тiзбесi, үлгiлерi және оларды пайдаланудың тәртiбi Кеден комитетiмен кеден органдарының назарына жеткiзiледi және жариялауға жатады.
Көрсетiлген жағдайларда ЖКД кеден органына ұсынылмайды.
20. Декларация тауарларды өткiзушi тұлға, кедендiк брокер, тасымалдаушы бола алатын декларантпен толтырылады, қол қойылады және жөнелтушi кеден органына ұсынылады.
Қазақстан Республикасының кеден органдары көлiк құралын басқарушы адамды, егер тасымалдаушының мүддесiн кедендiк ресiмдеу кезiнде осы мақсаттар үшiн арнайы уәкiлеттендiрiлген өзге адам бiлдiрмесе тасымалдаушының кеден декларациясын беруге уәкiлеттендiрiлген өкiлi ретiнде таниды.
21. ЖКД-мен және оның электронды көшiрмесiмен бiрге Жүктiк кедендiк декларацияларды, кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтердi беру белгiленген тәртiпке сәйкес ұсынылады.
Ұсынылған көлiктiк және көлiкке iлеспе, сондай-ақ өзге де құжаттар тауарларды алушының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде екендiгi туралы мәлiметтi қамтуы тиiс.
5. Транзиттiк тауарларды кедендiк ресiмдеу
үшiн кедендiк алымдар
22. Транзиттiк тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерлерде кедендiк алымдар алынады.
23. Кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алымдар:
шет мемлекеттiң аумағы арқылы транзитпен өткiзiлетiн транзиттiк тауарларды;
1975 жылғы ХЖТ кiтапшасын қолдану арқылы жүктердi халықаралық тасымалдау туралы кедендiк конвенцияға сәйкес тасымалданатын транзиттiк тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн;
1998 жылғы 22 қаңтардағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы келiсiмде , сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен басқа да халықаралық шарттарда белгiленген жағдайларда алынбайды.
24. Транзиттiк тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алымдар төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеу берiлмейдi.
25. Кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алымдар ЖКД қабылданғанға дейiн немесе онымен бiр мезгiлде жөнелтушi кеден органының шотына төленедi.
6. Тауарлардың транзитi кедендiк режимiнiң шарттарын
қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар
26. 1-ТТ кезiнде, егер кеден органында тасымалдаушының не оның көлiк құралының кедендiк заңнаманың ережелерiн сақтауды кепiлдендiре алмайды деп ұйғаруға негiздеме болған жағдайда жөнелтушi кеден органы тауарлар мен оларға арналған құжаттарды тасымалдау тек Кеден iсi туралы заңның 35-бабында белгiленген мынадай жағдайларда:
кедендiк мөрлермен және пломбалармен тауарларды тасымалдауға арналған көлiк құралдарының (контейнерлердiң) тиiстi жабдықталуы;
уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi немесе кеден органының депозитiне тиесiлi сомаларды енгiзу түрiнде кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету;
кедендiк алып жүру кезiнде ғана жүргiзiледi деп белгілеуге құқылы.
Бұл ретте, аталған шаралардың әрқайсысы, егер тауарлардың транзитiне қойылатын талаптарды сақтау бұдан бұрынғы шараларды қолдану жолымен қамтамасыз етiлуi мүмкiн болмаса қолданылады. Тасымалдаушы кедендiк алып жүрудi қолдануды таңдауға құқылы.
Көлiк құралын (контейнердi) тиiстi жабдықтауды және өзге де көрсетілген шарттарды қамтамасыз етуге байланысты тасымалдаушыда пайда болған шығыстарды кеден органдары өтемейдi.
27. Бұл тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналыс үшiн шығару (тауарлардың экспорты) кезiнде төлеуге жататын сомаға баламды сома кедендiк баждар мен салықтарды төлеу ретiнде Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзуге жатады.
28. Транзиттiк тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдары (контейнерлер), көлiк құралдарының (контейнерлердiң) жүк бөлiмдерi кедендiк мөрлермен және пломбалармен тауарларды тасымалдауға арналған көлiк құралдарын (контейнерлердi) жабдықтаудың тәртiбi мен көлiк құралдарына (контейнерлерге) кедендiк мөрлермен және пломбалармен тауарларды тасымалдау үшiн рұқсат ету белгіленген тәртiпке сәйкес келуi тиiс.
29. Транзиттiк тауарларды кедендiк алып жүру Кедендiк алып жүру туралы нұсқаулықта белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.
7. Транзиттiк тауарлар мен оларға арналған құжаттарды сәйкестендiру
және кедендiк бақылаудың нысандары
30. Жабдықталған көлiк құралдарынан (контейнерлерден) кеден органының рұқсатынсыз транзиттiк тауарларды алып қою немесе оларды ауыстырып қою жағдайын болдырмау үшiн олар жөнелтушi кеден органында, жiберушi кеден органында және аралық кеден органында сәйкестендiрiлуге тиiстi.
31. Жөнелтушi кеден органы транзиттiк тауарларды сәйкестендiрудi пломба салу, мөр қою, сәйкестендiру белгілерiн қою, мөртабан басу, тауарларды сипаттау, сызбалар жасау, масштабты бейнелерiн дайындау, фотосуреттер, иллюстрациялар, тауарларға ілеспе және өзге де құжаттарды, сондай-ақ сәйкестендiрудiң басқа да құралдарын пайдалану жолымен жүзеге асырады.
32. Сәйкестендiру құралдары тек кеден органдарымен немесе олардың рұқсатымен, жойылудың шын қаупi, қайтарымсыз жоғалуы немесе тауарлардың елеулi бүлiнуiнен басқа, өзгеруi, алынып тасталуы немесе жойылуы мүмкiн. Көрсетiлген мән-жай пайда болған кезде тасымалдаушы жақын кеден органына тез арада сәйкестендiру құралдарының өзгеруiнiң, алынып тасталуының немесе жойылуының қажеттiлiгi туралы хабарлауға және көрсетiлген қауiптiң болғанын дәлелдеудi ұсынуға мiндеттi.
33. Транзиттiк тауарларды көлiк құралдарының жүк бөлiмшелерiне пломба салынып және мөр басылып тасымалдау, мұндай көлiк құралдарының тауарларды кедендiк мөрлермен және пломбалармен тасымалдауға арналған көлiк құралдарын (контейнерлердi) жабдықтау белгiленген тәртiпке сәйкес болған жағдайында жүргiзіледi.
34. Егер жөнелтушi кеден органында кедендiк тексеру жүргiзiлмесе, сәйкестендiрiлу құралы ретiнде транспорттық ұйымдардың немесе тауарды жөнелтушiлердiң пломбасы мен мөрi танылуы мүмкiн.
35. Жануарлар мен басқа да тауарларды тасымалдау кезiнде, оларды тасымалдау уақытында кiру мүмкiндiгi қажет көлiк құралдарының жүк бөлiмшелерiне мөрлер мен пломбалар салынбайды.
36. Транзиттiк тауарларды, оның iшiнде ауыр салмақтыларды және өте үлкендердi, Тауарларды кедендiк мөрлермен және пломбалармен тасымалдауға арналған көлiк құралдарын (контейнерлердi) жабдықтау тәртiбiне сәйкес жабдықтамаған ашық көлiк құралдарында немесе көлiк құралдарында тасымалдау кезiнде, кеден органының лауазымды адамының шешiмi бойынша сәйкестендiрiлу құралы жекелеген жүк орындарына салынуы мүмкiн немесе сәйкестендiрiлу құралы ретiнде тауарларды сипаттау, фотосуреттер, сызбалар, масштабты бейнелер, иллюстрациялар, тауарларға iлеспе құжаттар (оның iшiнде шот-фактуралар немесе шот-проформалары) пайдаланылады. Көрсетiлген құжаттар жөнелтушi кеден органының лауазымды адамымен куәландырылады және ЖКД-ға қоса берiледi.
Тауарларға iлеспе құжаттар (оның iшiнде шот-фактуралар немесе шот-проформалары) егер оларда транзиттiк тауарлардың, жоғалған жағдайда оларды сәйкестендiру үшiн жеткiлiктi дәйектi сипаттамалары бар кеден органының рұқсатынсыз беруi немесе жеткiзiлмеуi, сонымен қатар транзиттiк тауарлардың салмағы мен саны және оның құны көрсетiлгенде, сәйкестендiрiлу құралы ретiнде пайдаланылады.
37. Сәйкестендiрiлу құралдары туралы мәлiмет ЖКД-да көрсетiледi.
38. Транзиттiк тауарларды жiберiлген кеден органымен сәйкестендiру жөнелтушi кеден органының сәйкестендiрiлу құралын тексеру және кедендiк тексеру жүргiзу, сондай-ақ кедендiк бақылауды басқа нысанда жүзеге асыру жолымен жүзеге асырылады.
39. Транзиттiк тауарларды аралық кеден органдарымен сәйкестендiру осы Нұсқаулықтың 31-38-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
40. Тауарлардың ЖКД-да көрсетiлген мәлiметтерге, көлiктiк және тауарға iлеспе құжаттарға сәйкестiлiгiн тексеру мақсатында жөнелтушi кеден органы транзиттiк тауарларға кедендiк тексеру жүргiзуге құқылы.
8. Тауарлардың транзитi кедендiк режимiн басқа
кедендiк режимге өзгерту
41. Тауарлардың транзитi кедендiк режимi басқа кеден режимiне мынадай:
тасымалдаушы транзиттiк тауарлардың бұдан әрi тасымалдануының мүмкiн еместiгiн немесе қолайсыздығын жасайтын авария немесе тежеусiз күштердiң салдарынан осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көзделген шартты орындауды қамтамасыз ете алмауы;
тауарлардың меншiк иесi болып табылатын адамдардың, оларды сатып алушылардың не өз атынан тауарлармен iс-әрекет жасау үшiн жеткiлiктi өзге ретiнде шығатындардың ниетiнiң өзгеруi жағдайларында өзгертiлуi мүмкiн.
Бұл ретте, транзиттiк тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған болуы керек. Уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылатын уақытша сақтау қоймасы, кедендiк қойма, еркiн қойма транзиттiк тауарлардың уақытша сақтау орны бола алады.
42. Транзиттiк тауарлардың басқа кедендiк режиммен орналастырылуы туралы шешiм қызмет аймағында Қазақстан Республикасы кедендiк заңнамасының талаптары мен шарттарына сәйкес транзиттiк тауарлар орналастырылатын уақытша сақтау орны орналасқан кеден органының бастығымен қабылданады.
43. Тауарлардың транзитi кедендiк режимi басқа кедендiк режимге өзгергенде жаңа мәлiмделген кедендiк режиммен тауарларды орналастырудың барлық шарттары сақталған және тиесiлi кедендiк төлемдер мен салықтары төленген болуы керек.
Мұндай тауарларды кедендiк ресiмдеу мәлiмделген кедендiк режимге сәйкес белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.
44. Транзиттiк тауарларды басқа кедендiк режиммен орналастырғанда тауарлардың транзитi кедендiк режимi аяқталады. Транзиттiк тауарларды басқа кедендiк режиммен орналастыру мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдаған кеден органы бұл жөнiнде жөнелтушi және жiберiлген кеден органдарын транзиттiк тауарлардың тасымалын бақылаудан алып тастауы үшiн хабарлайды.
9. Транзиттiк тауарлармен жүктiк операциялар
45. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарына (контейнерлерге) үстеме жүк тиелуi мүмкiн, транзиттiк тауарлар басқа көлiк құралдарына (контейнерлерге) қайта тиелуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы бойынша транзитi кезiнде тауарлармен жүктiк және өзге де операциялар кеден органының рұқсатымен уақытша сақтау орнында кеден органының лауазымды адамының қатысуында жүргiзiледi.
46. Бiр көлiк құралында (контейнерде) транзиттiк тауарлардың бiрнеше партиялары, сондай-ақ транзиттiк тауарлармен бiрге жеткiзілетiн тауарлар да тасымалдануы мүмкiн. Транзиттiк және (немесе) жеткiзілетiн тауарларды тасымалдауға рұқсатты жөнелтушi кеден органы бередi. Жеткiзiлетiн тауарда аралық кеден органында түсiргеннен кейiн ЖКД-да және (немесе) тауарларды жеткiзудi бақылау құжаттарында жаңа салынған сәйкестендiру құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.
47. Транзиттiк тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарына (контейнерлерге) транзиттiк және (немесе) жеткiзілетiн тауарлардың үстеме тиелуiне рұқсатты қызмет аймағында мұндай үстеме жүк тиеу жүргiзiлген кеден органы бередi. Үстеме жүк тиеуден кейiн ЖКД-да және (немесе) тауарларды жеткiзудi бақылау құжаттарында жаңа салынған сәйкестендiру құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.
48. Транзиттiк тауарларды басқа көлiк құралына (контейнерге) қайта тиеуге рұқсатты жөнелтушi кеден органы бередi. Бұл ретте транзиттiк тауарлар жүктiк операциялар жүзеге асырылатын қызмет аймағында уақытша сақтау орны орналасқан кеден органына бағытталады.
Қайта тиеу қызмет аймағында аталған жүктiк операция жүзеге асырылған аралық кеден органының рұқсатымен және бақылауымен уақытша сақтау орындарында жүргiзiледi. ЖКД-да көрсетілген уақытша сақтау орнында қайта тиеуді жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда (жеткiлiксiз алаңдар немесе орналастырылуы, тиеу-түсiру техникаларының жоқтығы, уақытша сақтау орнының иесiмен кедендiк заңнама талаптарын сақтамау және басқалар) кеден органы қайта тиеудiң басқа орнын (оның iшiнде, кедендiк заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын операцияларды кедендiк бақылаумен жүргiзу жағдайында уақытша сақтау қоймасы мәртебесi жоқ) белгiлеуге құқылы.
Қызмет аймағында транзиттiк тауарларды қайта тиеу жүргiзiлетiн аралық кеден органы транзиттiк тауарларды қайта тиеу үшiн аталған кезеңде кедендiк бақылаумен тасымалдауды аяқтауды ресiмдейдi және бұл туралы жөнелтушi кеден органын тауарларды тасымалдауды бақылауды алуы үшiн хабардар етедi.
49. Тауарлардың бүлiнген орамын жөндеуге, орамын ашуға, орауға және қайта орауға рұқсат беру қызмет аймағында мұндай қажеттiлiк туындаған кеден органымен қабылданады. Осы тармақта көрсетiлген барлық iс-әрекеттер кеден органының бақылауымен жүргiзiледi. Қажет болған жағдайда ЖКД-ға қызмет аймағында аталған операциялар жүзеге асырылған кеден органы лауазымды адамының қолымен және жеке нөмiрлi мөрiмен расталған тиiстi өзгертулер енгiзiледi.
10. Әртүрлi көлiк түрлерiмен тасымалдау кезiндегi тауарлар
транзитiнiң ерекшелiктерi
50. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы теңiз және өзен транспорттарымен тасымалданатын тауарлар, егер теңiз және өзен кемелерi Қазақстан Республикасының порттарына бiрнеше рет кiрсе, осы Нұсқаулыққа сәйкес тауарлардың транзитi кедендiк режимiмен орналастырылады. Бұл ретте, жөнелтушi кеден органы болып алғашқы кiру орнында орналасқан кеден органы, ал жiберушi кеден органы - теңiз және өзен кемелерiнiң соңғы кiру орнында орналасқан кеден органы табылады. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау:
техникалық кiруi - кеменiң жұмыс қабiлетiн немесе оңдылығын (бортына жанар-жағар және басқа материалдарды тиеу) көтермелеу бойынша операцияларды жүргiзуi үшiн, яғни жүктердi, тауарларды тиеусiз немесе түсiрусiз, олармен жүктiк операциялар (орау, қайта орау және басқалар), сондай-ақ жолаушыларды отырғызу және түсiру жасамай кiруi;
мәжбүрлiкте кiруi - белгiленген маршрутқа сәйкес әрi қарай қозғалысты орындауға жол бермейтiн себептер бойынша, бiрақ тауарлармен немесе жүктермен қандай да болмасын жүктiк операциялардың жүзеге асырылуынсыз әрi қарай жол жүру мүмкiндiгiмен кiруi жағдайында ЖКД ресiмделмей және кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алымдар алынбай жүзеге асырылады.
51. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы әуе транспортымен тасымалданатын тауарлар, егер әуе кемелерi Қазақстан Республикасының кедендiк аумақтарында екi және одан көп қону жасағанда, осы Нұсқаулыққа сәйкес тауарлардың транзитi кедендiк режимiмен орналастырылады. Бұл ретте, жөнелтушi кеден органы болып алғашқы қону орнында орналасқан кеден органы, ал жiберушi кеден органы - әуе кемесiнiң соңғы қону орнында орналасқан кеден органы табылады. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау:
техникалық қонуы - әуе кемесiнiң жұмыс қабiлетiн немесе оңдылығын (бортына авиациялық жанар-жағар және басқа материалдарды тиеу) көтермелеу бойынша операцияларды жүргiзуi үшiн, яғни жүктердi, тауарларды тиеусiз немесе түсiрусiз, олармен жүктiк операциялар (орау, қайта орау және басқалар), сондай-ақ жолаушыларды отырғызу және түсiру жасамай аялдауы;
мәжбүрлiкте қонуы - ұшу жоспарына сәйкес ұшуды орындауға жол
бермейтiн себептер бойынша, бiрақ тауарлармен немесе жүктермен қандай да болмасын жүктiк операциялардың жүзеге асырылуынсыз әрi қарай жол жүру мүмкiндiгiмен аялдауы жағдайында транзиттiк декларация ресiмделмей және кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алымдар алынбай жүзеге асырылады.
11. Шет мемлекеттердiң аумақтары арқылы тауарлар
транзитiнiң ерекшелiктерi
52. Егер шет мемлекеттердiң аумақтары арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларға олардың әкетiлуi кезiнде тарифсiз реттеудiң шаралары қолданылса, онда мұндай тауарлар тауарлардың транзитi кедендiк режимiмен тек көлiк құралдарының тиiстi жабдықтары жағдайында және:
ХЖТ Конвенциясына сәйкес, 1975 ж.;
темiр жол транспортымен тасымалы кезiнде орналастырылады.
53. Әкетiлу кезiнде кедендiк баждар мен салықтар қолданылатын транзиттiк тауарлар тауарлардың транзитi кедендiк режимiмен кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз еткен жағдайда не ХЖТ Конвенциясына, 1975 ж. сәйкес орналастырылады.
12. Транзиттiк тауарларға көлiк құралдары мен құжаттарды ресiмдеудiң ерекшелiктерi
54. Транзиттiк тауарлар тасымалданатын көлiк құралдарын (контейнерлердi) ресiмдеу осы Нұсқаулықтың 3-бөлiмiнде көрсетілген шарттарды орындаған кезде, бөлек ЖКД-сы ұсынылмай, кедендiк баждар мен салықтар төлеудi қамтамасыз етпей, сондай-ақ кедендiк ресiмдеуге кедендiк алымдар төлемей жүргiзiледi. Көлiк құралдарын сәйкестендiру ЖКД-да көлiк құралының мемлекеттiк белгiсiнiң, тұрпатының және маркасының көрсетiлу жолымен жүргiзiледi.
55. Шетелдiк иелерiнiң атына тiркелген және Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы тасымалданатын бос көлiк құралдары (контейнерлер) тауарлардың транзитi кедендiк режимiмен кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз етпей орналастырылады.
ЖКД әрбiр бос көлiк құралына (контейнерге) толтырылады. Бұл ретте, кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алымдар алынбайды.
56. Егер бос көлiк құралдарын әкелу және әкету орны бiр кеден органының қызмет аймағында орналасқан болса, ЖКД ұсынылмайды.
57. Шет мемлекеттiң аумағы арқылы транзитпен тасымалданатын бос көлiк құралдары тауарлардың транзитi кедендiк режимiмен кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз етпей, сондай-ақ кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алымдар төленбей орналастырылады.
58. Жiберiлген кеден органына табыс етуге жататын транзиттiк тауарларға құжаттар, оларға қатысты тауарлар жеткiзiлгендей, сол тәртiпте жiберiлген кеден органына және (немесе) аралық кеден органына ұсынылады. Транзиттiк тауарларға құжаттар туралы мәлiмет ЖКД-да көрсетiледi.
13. Акцизделетiн тауарлар транзитiнiң ерекшелiктерi
59. Акцизделетiн тауарлардың транзитi туралы шешiм қабылданғаннан соң жөнелтушi кеден органы қабылданған шешiм туралы жiберiлген кеден органын қолда бар байланыс арналары бойынша (почтамен, фельдъегерлiк, факсимиле байланысымен, электрондық почтамен және өзгемен) тез арада хабардар етедi.
60. Қазақстан Республикасының Үкiметiмен айқындалатын жағдайларда акцизделетiн тауарлардың жекелеген санаттарының транзитi тек кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету шарты кезiнде ғана рұқсат етiледi.
61. Акцизделетiн тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы тек Кедендiк мөрлермен және пломбалармен тауарларды тасымалдауға арналған көлiк құралдарын (контейнерлердi) жабдықтаудың белгiленген тәртiбiне жауап беретiн көлiк құралдарында кедендiк мөрлермен және пломбалармен тасымалданады.
62. Тасымалдаушылармен акцизделетiн көлiк құралдарының басқа көлiк құралына қайта тиеумен тасымалдануы, зергерлiк бұйымдар мен жеңiл автокөлiктердi қоспағанда, тек Кеден комитетiнiң рұқсатымен жүзеге асырылады. Бұл ретте, оларды еркiн айналысқа шығару кезiнде маркалауға жататын транзиттiк акцизделетiн тауарларды басқа көлiк құралына қайта тиеу, тiзбесi Кеден комитетiмен бекiтiлетiн уақытша сақтау орындарында жүргiзiледi.
14. Қорытынды ережелер
63. Тауарлардың транзитi кедендiк режимi талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауаптылықта болады.
Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қоса алғанда, транзиттiк тауарлардың тасымалдануына жауапкершіліктi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдаушы алып жүредi.
Кедендiк төлемдермен салықтарды төлеу тасымалдаушыны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендiк ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен босатпайды.
64. Кеден органының рұқсатынсыз тауарларды беру кезiнде, тауарларды жоғалтқан немесе жiберiлген кеден органына олардың жеткiзiлмеуi кезiнде тасымалдаушы шет мемлекеттiң аумағы арқылы транзитi жағдайында мұндай тауарлардың тауарларды еркiн айналысқа шығару немесе тауарлардың экспорты кедендiк режимiмен орналастыру кезiнде төленуге жатуға тиiс кедендiк төлемдерi мен салықтарын төлеуi қажет.
65. Егер:
тауарлар авария немесе тежеусiз күш әрекетi салдарынан жойылған, қайтарымсыз жоғалған болса;
жетiспеуi тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайында табиғи тозу күшiнен немесе кемуiнен болса тасымалдаушы жауапкершіліктен босатылады.
Тауарлардың авария немесе тежеусiз күш әрекетi салдарынан жойылу немесе қайтарымсыз жоғалу фактiсi авария немесе тежеусiз күш әрекетi туралы актiмен, сондай-ақ құзыреттi мемлекеттiк органдардың қорытындыларымен және актiлерiмен расталады.
Тозу немесе кемудiң табиғилығы және тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайы аталған санатты тауарлар мен транзиттiк тауарды тасымалдайтын көлiк құралдарының түрлерiне қатысты стандарттармен айқындалады.
66. Егер тасымалдаушы транзиттiк тауарларды тасымалдау кезiнде осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көзделген шарттарды орындауды қамтамасыз ете алмаса, авария немесе тежеусiз күш әрекетi салдарында ол транзиттiк тауарлардың сақталуын және қандай да бiр рұқсат етiлмеген пайдалануды болдырмауды қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолдануға, мұндай жағдайлар туралы және транзиттiк тауарлардың болу орны туралы жақын кеден органына тез арада хабарлауға мiндеттi. Көрсетiлген кеден органы мұндай жағдайда кедендiк бақылауды қамтамасыз ету үшiн қандай шара қабылдануы керектiгiн айқындайды.
Егер тауарлардың жойылуының, қайтарымсыз жоғалуының немесе едәуiр бүлiнуiнiң шын қауiпi болса, тасымалдаушы жеке қарау бойынша тауарларды түсiру туралы және қайта тиеу туралы шешiм қабылдай алады. Бұл жағдайда тасымалдаушы, көлiк құралдары мен тауарларды сақтап қалу мақсатында осылай әрекет етуге мәжбүр болғандығына дәлелдеме келтiруi және тауарларды жақын кеден органына тасымалдауды қамтамасыз етуi немесе тауарлардың тұрған орнына кеден органының лауазымды адамын жеткiзуi керек.
Көрсетiлген кеден органы болған жағдайды зерттеген соң авария туралы немесе тежеусiз күш әсерi туралы осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада келтiрiлген нысан бойынша үш данада акт толтырады. Актiнiң бiрiншi данасы оны толтырған кеден органында қалады, екiншiсi - транзиттiк тауарлардың тасымалын бақылаудан алу үшiн жөнелтушi кеден органына жолданады, үшiншiсi - тасымалдаушыға берiледi. Жол көлiк оқиғасы туралы актiнiң толтырылу тәртiбi осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада келтiрiлген.
Қызмет аймағында мұндай жағдайлар туындаған кеден органы аталған кезеңде кедендiк бақылаумен тауарларды тасымалдаудың аяқталуын ресiмдейдi және бұл туралы жөнелтушi кеден органы мен жiберiлген кеден органын тасымалдауды бақылаудан алуы үшiн хабардар етедi. Жiберiлген кеден органына дейiн әрi қарай тасымалдау, егер транзиттiк тауарларды әрi қарай тасымалдау мүмкін немесе мақсатқа сәйкес болса, Тауарларды кедендiк бақылаумен жеткiзу тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.
Егер транзиттiк тауарлар жiберiлген кеден органына ЖКД пайдаланумен жiберiлсе, онда әрi қарай тасымалдауды ресiмдеу кезiнде ЖБҚ-ның "Жалпы декларация (өткен құжат)" 40-бағанында немесе ХЖТ кiтапшасының "Қызметтiк пайдалану үшiн" бағанында жинақтың екi жыртылмалы бетiнде алдындағы ХЖТ кiтапшасының нөмiрi көрсетiледi және "Транзит" деген жазба жасалады, ЖКД-ның анықтама нөмiрi көрсетiледi.
Жiберiлген кеден органына тасымалдаушы қажеттi құжаттармен қатар, осы Нұсқаулықпен айқындалатын авария туралы немесе тежеусiз күш әсерi туралы актiнiң үшiншi данасын ұсынады.
67. Егер Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тасымалданатын транзиттiк тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты көрсетiлген құжаттардағы кеден органынан басқа кеден органы арқылы әкетiлсе, онда тауарлардың келгендiгi туралы құлақтандыруды алған кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарды тасымалдаушыны жауапкершiлiкке тартады және жөнелтушi кеден органы мен жiберiлген кеден органын тауарларды тасымалдауды бақылаудан алып тастауы үшiн хабардар етедi.
Тауарлардың транзитi
кедендiк режимiн қолдану
жөнiндегi нұсқаулыққа
1-қосымша
Авария туралы немесе тежеусiз күш әрекетi туралы
АКТI
____________________________________________________________________
1. Жөнелтушi кеден органы 2. Жiберiлген кеден органы
3. Алдындағы бақылау
құжатының N
_____________________________
4. Көлiк құралының тiркеу нөмiрi/ 5. Тасымалдаушы (атауы,
мекен-жайы)
Контейнердiң сәйкестендiру нөмiрi
____________________________________________________________________
6. Сәйкестендiру құралы 8. Жаңа бақылау құжатының
нөмірі
__ __
зақым келген зақым келмеген
____________________________________________________________________
7. Жүктiк бөлiмшелер
__ __
зақым келген зақым келмеген
____________________________________________________________________
9. Тауарлардың жоғалуы анықталмады Тауарлар (бағандар) 10-13
болмауы (Б)
жойылған (Ж)
____________________________________________________________________
10. Жүктiк орын. 11. Жүктiк орындар. 12. Б немесе Ж 13. Ескертулер
дарды маркалау дың саны мен түрі, (болмаған
немесе жойыл. және нөмірі тауардың
ған тауарлардың санын коды
көрсету)
____________________________________________________________________
14. Толтырылу күнi мен орны
____________________________________________________________________
15. Кедендiк бақылаумен тасымалдау үшiн қолданылған шаралар
____________________________________________________________________
___ сәйкестендiру құралдарының жаңаларын салу: саны _______
сипаты_______
___ тауарларды қайта тиеу (16 бағанды қара) ___ басқалары
____________________________________________________________________
16. Егер тауарлар қайта тиелсе, тауарлар қайта тиелген көлiк
құралдарының айырым белгілерi.
Тiркеу нөмiрi ИӘ ЖОҚ Сәйкестендiрілу құралдарының
саны мен сипаттамасы
а) көлiк құралы __________ ___ __________
б) контейнер __________ ___ __________
____________________________________________________________________
17. Актінi толтырған кеден органы 18. Жiберiлген кеден органының
белгiсi
_________________________________ ______________________________
Орны, күнi, мөртабаны және қолы Қолы Мөрi
____________________________________________________________________
___ Тиiстi бағандарға шаршылар қою керек
Тауарлардың транзитi
кедендiк режимiн қолдану
жөнiндегi нұсқаулыққа
2-қосымша
Авария туралы немесе тежеусiз күш әрекетi
туралы актiнi толтырудың тәртiбi
1. Авария туралы немесе тежеусiз күш әрекетi туралы актi тиiстi бланкте (нысаны Тауарлардың транзитi кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулыққа 1-қосымшада келтiрiлген) қызмет аймағында авария немесе тежеусiз күш әрекетi жағдайы туындаған кеден органының лауазымды адамымен үш данада толтырылады.
2. Актiнiң бағандары келесi тәртiпте толтырылады:
1 баған. "Жөнелтушi кеден органы".
Жөнелтушi кеден органының атауы көрсетiледi.
2 баған. "Жiберген кеден органы".
Жiберген кеден органының атауы көрсетiледi.
3 баған. "Алдындағы бақылау құжатының нөмiрi".
Тауарлардың транзитi кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес аварияға дейiн немесе тежеусiз күш әрекетiне дейiн тауарларды тасымалдау жүзеге асырылған ЖКД-ның (ХЖТ кiтапшасының, ДКД-ның) нөмiрi көрсетiледi.
4 баған. "Көлiк құралының тiркеу нөмiрi/контейнердiң сәйкестендiру нөмiрi".
Тауарларды Тауарлардың транзитi кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулығына сәйкес тасымалдайтын көлiк құралының тiркеу нөмiрi немесе контейнердiң сәйкестендiру нөмiрi көрсетiледi.
5 баған. "Тасымалдаушы".
Тасымалдаушының атауы мен заңды мекен-жайы көрсетiледi.
6 баған. "Сәйкестендiру құралы".
Тиiстi алаңда сәйкестендiру құралдарының зақымданғанының немесе зақымданбағанының белгiсi (шаршысы) қойылады.
7 баған. "Жүктiк бөлiмшелер".
Тиiстi алаңда көлiк құралдарының жүктiк бөлiмшелерiнiң немесе контейнердiң зақымданғанының немесе зақымданбағанының белгiсi (шаршысы) қойылады.
8 баған. "Жаңа бақылау құжатының нөмiрi".
Ол бойынша тауарларды кедендiк бақылаумен тасымалдау
жалғасатын ДКД-ның (ХЖТ кiтапшасының) көрсетiледi.
9 баған. "Тауарлардың жоғалуы анықталмады".
Алаңға тауарлардың толық барлығының белгiсi (шаршысы) қойылады. Тауарлардың немесе олардың бөлiгiнiң жоғалуының жағдайында алаң бос күйiнде қалдырылады. "Тауарлар (бағандар) 10-13 болмауы, жойылуы" алаңында тауарлардың немесе олардың бөлiгiнiң болмауы (Б) немесе жойылуы (Ж) белгiсiн қалдыру.
10 баған. "Жүктiк орындарды маркалау және нөмiрлерi".
Жүктiк орындарды маркалау және нөмiрлерi көрсетiледi.
11 баған. "Жүктiк орындардың саны мен түрi, тауардың коды".
Жүктiк орындардың саны мен түрi, сондай-ақ ТМД СЭҚ ТН бойынша
тауардың коды көрсетіледi.
12 баған. "Б немесе Ж".
11 бағанда көрсетiлген тауарларға қарсы оларды болмауы (Б)
немесе жойылуы (Ж) белгiсi қойылады. Егер тауарлардың жоғалуы анықталмаса, баған толтырылмайды.
13 баған. "Ескертулер".
Болмаған немесе жойылған тауарлардың саны көрсетiледi. Егер тауарлардың жоғалуы анықталмаса, баған толтырылмайды.
14 баған. "Толтырылу күнi мен орны".
Авария немесе тежеусiз күш әрекетi туындаған күн мен орынның толық атауы.
15 баған. "Кедендiк бақылаумен тасымалдауды жалғастыру үшiн қолданылған шаралар".
Жаңа сәйкестендiру құралдары, олардың саны мен сипаттамасы; тауарлардың басқа көлiк құралдары мен контейнерлерге қайта тиелу белгiлерi; тасымалдауды жалғастыру үшiн қолданылған басқа шаралар.
16 баған.
Оларға тауарлар қайта тиелген көлiк құралдарының тiркеу нөмiрi немесе контейнерлердiң сәйкестендiру нөмiрлерi, сондай-ақ жаңа салынған сәйкестендiру құралының саны мен сипаттамасы.
17 баған. "Актiнi толтырған кеден органы".
Актiнi толтырған кеден органының атауы және мекен-жайы, осы кеден органының лауазымды адамының тегi мен аты-жөнi оның жеке нөмiрлi мөрiмен куәландырылған қол қоюымен көрсетiледi.
18 баған. "Жiберiлген кеден органының белгiсi".
Тауарлардың жеткiзiлуiнен соң жiберiлген кеден органымен толтырылады. Бағанда күнi, осы кеден органының лауазымды адамының оның жеке нөмiрлi мөрiмен куәландырылған қол қоюымен тегi мен аты-жөнi көрсетiледi.
Келісілді Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Мемлекеттік кіріс министрі Кеден комитетінің
2001 жылғы 8 ақпан 2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Кеден қоймасының кеден режимiн қолдану жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер
1. Кеден қоймасының кеден режимiн қолдану жөнiндегi осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрленген және кеден қоймасының кеден режимiнде жайғастырылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау тәртiбiн, сондай-ақ кеден қоймаларын құру тәртiбiн айқындайды.
2. Кеден iсi туралы заңның 39-бабымен келiсе отырып, кеден қоймасының кеден режимi әкелiнген тауарларды кеден баждарын, салықтарын алмай және тарифсiз реттеу шараларын қолданбай кеден бақылауымен сақтауға, сондай-ақ кеден бажын, тарифсiз реттеу шараларын қолданбай, экспортқа шығарылатын тауарларды нақты экспортқа шығарғанға дейiн кеден бақылауымен сақтау үшiн арналған.
3. Кеден қоймасы ретiнде кеден қоймасының кеден режимiне сәйкес тауарларды сақтауға арналған кез-келген арнайы белгіленген және соған лайықтап жасалған үй-жай немесе орын танылады. Кеден қоймасы кез келген адам пайдалануға оңтайлы ашық үлгiде және белгiлi бiр тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған жабық үлгiде болуы мүмкiн.
4. Кеден қоймасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiнен (бұдан әрi - Кеден комитетi) лицензия алғаннан кейiн құрылады. Егер кеден қоймасын Қазақстан Республикасы құратын болса, аталған лицензияны алу талап етiлмейдi.
5. Кеден қоймасының аумағы кеден бақылауының аймағы болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тiзбеге кiретiн тауарларды қоспағанда, кеден қоймасының кеден режимiнде кез келген тауарларды орналастыруға болады.
7. Кеден қоймасында тауарларды сақтау мерзiмi Кеден iсi туралы заңның 46-бабына сәйкес белгiленедi.
Кеден қоймасында тауарлар мен көлiк құралдарының уақытша сақтау мерзiмi Кеден iсi туралы заңның 46-бабына сәйкес белгiленедi.
2. Кеден қоймаларының жайластыруына және жабдықталуына
қойылатын талаптар
8. Кеден қоймаларын жайластырылуы мен жабдықталуына қойылатын талаптар осы Нұсқаулықтың 9 тармағында анықталған және кеден қоймасының кеден режимiнде орналастырылған тауарларға кедендiк ресiмдеу мен кеден бақылауын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында белгiленедi.
9. Кеден қоймасын құруға арналған үй-жай мен орын өрттен сақтану қауiпсiздiгi, санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес болуы тиiс, сондай-ақ келесi талаптарға сай келуi тиiс:
1) кеден қоймасының жайластыруы:
кеден бақылауынан тыс жағдайларда кеден қоймасынан тауарларды алуға мүмкiншiлiк туғызбауға;
қоймада тұрған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
тауарға үшiншi адамның қол жеткiзуiне мүмкiншiлiк туғызбауға тиiс;
2) кеден қоймасының аумағы барлық көлемi бойынша белгi мен қоршау қойылуы тиiс;
3) қойма кiрме жолдармен, тауарларды өлшеуге арналған сертификатталған жабдықтармен, жүктi тиеп-түсiру техникалармен жабдықталуы тиiс.
Кеден қоймасының кеден режимiнде жайғастырылған тауарларды жүргiзiлетiн кедендiк ресiмдеу мен кеден бақылауын iске асыру мақсатында, тиiстi үй-жай немесе орындардың иелерi кеден органының қызметкерлерi үшiн қажет қызмет және тұрмыс орындары, жабдықтар мен байланыс құралдарын беруi тиiс.
Кеден қоймасын құруға арналған үй-жай немесе орын қосарлы бекiту құрылғыларымен жабдықталуы тиiс, олардың бiреуi қызмет аймағында осындай үй-жай немесе орын бар кеден органының қарамағында болуы тиiс.
10. Уақытша сақтау орын ретiнде пайдаланылатын кеден қоймасының бөлiгi уақытша сақтау орындарына қойылған белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
11. Кеден қоймалары өзiнiң жұмыс iстеген барлық мерзiмдерiнде бекiтiлген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
12. Кеден қоймалары иелерiнiң мiндеттерi Кеден iсi туралы заңның 43-бабында айқындалған.
3. Тауарларды кеден қоймасына орналастыру
13. Кеден қоймасына жүк кеден декларациясының негiзiнде кеден қоймасының кеден режимiнде ресiмделген тауарлар орналастырылады.
14. Кеден қоймасының бiр бөлiгi уақытша сақтау орны болып табылған жағдайда, тауарлардың уақытша сақтау процедурасына сәйкес тауарларды уақытша сақтау мақсатында қойманың тиiстi бөлiмiне орналастыруға болады. Осындай тауарлар кедендiк ресiмделгеннен кейiн кеден қоймасының қалған жерлерiне орналастыруға не болмаса таңдап алған кеден режимiне сәйкес кеден қоймасынан шығарылуға жатады.
15. Уақытша сақтау орындарында уақытша сақтауда тұрған тауарларды (кеден қоймасынан басқа) кеден қоймасына орналастыру мақсатында ауыстыру тауарларды кеден бақылауымен жеткiзу ережелерiне сәйкес жүргiзіледi.
16. Кеден қоймасы, кеден қоймасының кеден режимiнде орналастыратын тауарларға кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн орын бола алады.
17. Өзге тауарларға зиянын тигiзетiн немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн тауарларды кеден қоймасының арнайы жабдықталған үй-жайларына орналастыру қажет.
18. Кеден режимiн өзгертпей атқарылатын тауарларды бiр кеден қоймасынан басқа кеден қоймасына ауыстырған кезде, сақтау мерзiмi тауарларды кеден қоймасына бастапқы орналастырған күннен бастап есептелiнедi. Бұл жағдайда тауарларды нақты ауыстыру тауарларды кеден бақылауымен жеткiзуге қойылатын талаптарға сәйкес жүргiзіледi.
4. Кеден қоймасында сақтау кезiнде тауарлармен
жүргiзілетiн операциялар
19. Тауарлар кеден қоймасының кеден режимiнде ресiмделгеннен кейiн кеден қоймасына орналастырылған тауарлармен мынадай операциялар жүргiзiлуi мүмкiн:
1) осы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi:
тазалау;
желдету;
кептiру (соның iшiнде жылу толқынын пайдаланумен);
сақтау режимiнiң оңтайлы температурасын жасау (салқындату, мұздату, жылыту);
қаптама бумаға буып-түю;
қорғағыш маймен және консерванттарды жағу;
тоттан қорғау үшiн сырлау;
сақтандырғыш қондырғыларды енгiзу;
коррозияға қарсы қабықпен қаптау;
2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау бойынша:
топтамаларды бөлшектеу;
жөнелтiмдердi қалыптастыру;
сұрыптау;
буып-түю;
қайта буып-түю;
таңбалау;
тиеу, түсiру, қайта тиеу;
сынақтау;
оңтайлы жайғастыру мақсатымен қойма төңiрегiнде тауарларды ретiмен орналастыру;
өзге де осыған ұқсас операциялар.
20. Кеден қоймасында уақытша сақтауда тұрған тауарларға осы Нұсқаулықтың 19-тармағындағы 1) тармақшасында тiзiлген осындай тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша операция жасалуы мүмкiн.
Қойманың иесi, тауарларға қатысты өкiлдiгi бар өзге адам және олардың өкiлдерiнiң уақытша сақтауда тұрған тауарларды қарау мен өлшеуге және кеден органының рұқсатымен тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуына мүмкiндiгi бар.
21. Кеден қоймасында тұрған тауарларға жасалатын барлық операциялар, сыртқы экономикалық қызметтiң тоғызыншы белгi деңгейiнде тауар номенклатурасы бойынша сыныптылық кодының өзгеруiне байланысты осы тауарлардың сипатын (сапасын) өзгертуге тиiс емес.
5. Кеден қоймасы арқылы айналысқа түскен тауарлар туралы
есеп жүргiзу және есеп беру
22. Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетiн тауарлары кеден қоймасының кеден режимiне сәйкес есеп беруге жатады.
23. Кеден қоймаларының иелерi есеп жүргiзiп отырады және кеден қоймасына түскен, сақталған және одан әкетiлген тауарлар мен оларды сақтау мерзiмдерi туралы кеден органдарына есеп берiп отырады.
24. Тауарларды кеден қоймасына орналастырған кезде, қойманың иесi тауарларды қойманың есеп жүргiзу құжаттарына тiркейдi, онда келесi мәлiметтер болуы тиiс:
1) тауарлардың Қоймаға орналастырылған күнi;
2) тауарлардың атаулары;
3) орын саны мен нетто салмағы;
4) тауарға iлеспелi құжаттар;
5) кеден қоймасының кеден режимiнде мәлiмделген не болмаса кеден қоймасынан тауарларды шығарған жағдайда, шығарылғаны туралы жүк кеден декларациясының номерi мен шешiмдi қабылдаған күнi;
6) тауарды уақытша сақтауға орналастырған жағдайда, қысқаша декларацияның номерi.
25. Кеден қоймаларының иелерi кеден қоймасында сақтауда тұрған тауарлар туралы кеден органдарына кемiнде үш айда бiр рет есеп берiп отырады. Есеп беру еркiн нысанда жүргiзiледi және онда осы Нұсқаулықтың 24-тармағында көрсетiлген мәлiметтер болуы тиiс.
26. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауды қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын кеден бақылауының нысандарын қолданады, сондай-ақ белгiленген кестеден тыс уақытта есеп берудi талап ете алады. Бұл орайда, кеден қоймасының иесi кеден органынан жазбаша талапты алған күннен бастап санағанда, үш күннiң iшiнде кеден органының бастығына есеп беруi тиiс.
27. Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетiн тауарлар мен көлiк құралдарына есеп жүргiзу нысаны Қазақстан Республикасының кеден органымен анықталады. Бұл орайда, есепке алу жүйесiне:
1) есеп жүргiзу кiтабы;
2) есеп жүргiзудiң кедендiк құжаттары кiредi.
28. Есеп жүргiзу кiтабы есепке алудың автоматтандырылған жүйесiне байланыссыз, белгiленген нысанға сәйкес жүргiзiледi. Жүк қоймасының иесi есеп құжаттарына кеден органдарының мүмкiндiгiн беруге мiндеттi. Есеп жүргiзу кiтабын жүргiзудiң тәртiбiн кеден органы анықтайды.
29. Кеден iсi туралы Заңның 218-бабына сәйкес кеден органы кеден қоймасында тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын түгендеудi жүргiзуге құқығы бар.
30. Есеп жүргiзудiң кедендiк құжаттары ретiнде тауарлар мен көлiк құралдарын ұсынғанда солармен бiрге берiлетiн қысқаша декларация болып табылады.
31. Уақытша сақтауда және кеден қоймасында тұрған тауарлар мен көлiк құралдарының есеп жүргiзу құжаттары бес жыл сақталуы тиiс: есеп жүргiзу кiтабы үшiн - тауарларды шығарған күннен бастап есеп жүргiзу кiтабындағы соңғы жазу жүргiзiлгенге дейiн.
32. Егер уақытша сақтау орны мен кеден қоймасында тауарлар мен көлiк құралдарына есеп жүргiзудiң автоматтандырылған жүйесi пайдаланылса, онда оның иесi кеден органының осындай жүйеге кiруiне рұқсат беруге мiндеттi.
33. Кеден iсi туралы Заңның 218-бабына сәйкес кеден органы уақытша сақтау орындары мен кеден қоймасында сақтауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын түгендеудi жүргiзуге құқығы бар.
6. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу
34. Кеден қоймасының кеден режимiнде орналастырылған және экспорт кеден режимiне сәйкес әкетуге арналған отандық тауарлар әкету кеден баждарынан босатылады немесе осындай баждың төленген сомасы кеден iсi туралы Заңның 48-бабына сәйкес, қайтарылуға жатады.
Кеден қоймасының кеден режимiнде орналастырылған шетелдiк тауарлар әкелу кеден баждары мен салығынан босатылады.
35. Кеден қоймасына орналастырылған тауарларға қатысты кеден баждары мен салықтарын төлеу, тауарларды қоймадан шығарған кезде таңдап алған кеден режимiне сәйкес жүргiзiледi.
36. Кеден iсi туралы Заңның 44-бабына сәйкес кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетiн тауарларға қатысты кеден төлемдерi мен салығын төлеу бойынша декларант жауап бередi. Тауарларды кеден қоймасына сақтауға орналастырған адам декларантпен бiрге ортақтасып жауап бередi.
Кеден iсi туралы Заңның 44-бабымен бекiтілген талаптарды сақтамаған жағдайда, кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу бойынша кеден қоймасының иесi жауап бередi.
7. Тауарларды кеден қоймасынан шығару
37. Кеден қоймасында белгіленген сақтау мерзiмi өткеннен кейiн тауарлар:
өзге кеден режимiне мәлiмделуi тиiс;
Қазақстан Республикасының кеден органдары құрған уақытша сақтау қоймаларына жайғастырылуы тиiс.
38. Тауарлардың кедендiк құны мен олардың саны өзге кеден режимiне орналастыру мақсатында тауарларды кеден қоймасынан шығарған сәтте анықталады.
39. Кеден қоймасының кеден режимiнен тауарларды еркiн айналысқа шығару кеден режимiне өзгерту, тауарларды кеден қоймасының кеден режимiне орналастырған кезде немесе шетелдiк тауар иесiмен отандық тұлғаның арасында жасалған сатып алу - сату шартының, сондай-ақ аталған тауарларға иелiк ету құқығы отандық тұлғаға ауыстыруды көздейтiн өзге құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi. Бұл орайда, кеден қоймасында тауарларды еркiн
айналысқа шығару кеден режимiнде тұрған тауарларға кедендiк ресiмдеудi, аталған тауарларға меншiктiк құқығы ауысқан адам жүргiзедi.
8. Жабық үлгiдегi кеден қоймаларын құру ерекшелiктерi
40. Жабық үлгiдегi кеден қоймаларына тауарларды орналастыру, лицензия алған кезде кеден қоймасының иесi белгiлеген тұлғалар тобымен шектеледi.
9. Кеден органы құрған кеден қоймаларының жұмыстарын
ұйымдастыру ерекшелiктерi
41. Кеден қоймасын, оның қызмет аймағында қоймаға арналған үй-жайы бар кеден органы құрады.
Кеден қоймасын құру туралы шешiмдi кеден органының ұсынысы бойынша Кеден комитетi қабылдайды.
42. Кеден қоймасын кеден органы құрған кезде, осындай қоймаға лицензия талап етiлмейдi.
43. Кеден органы құрған кеден қоймасы ашық үлгiдегi кеден қоймасы болып табылады, яғни кез келген тұлғаның оны пайдалануына мүмкiндiгi бар.
44. Кеден органы құрған кеден қоймасын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету мемлекеттiк бюджеттiң қаражат есебiнен жүргiзiледi.
45. Кеден органы құрған кеден қоймасының штаттағы қызметкерлер саны, аталған қойма қызмет аймағында орналасқан кеден органы үшiн бекiтiлген штаттағы жалпы қызметкерлер саны шегiнде белгiленедi.
46. Кеден қоймасының аумағы кеден бақылауының аймағы болып табылады. Кеден қоймасын күзетудi және өткiзу режимiн iске асыруды кеден органы қамтамасыз етедi.
47. Кеден қоймасын жайластыруға қойылатын талаптар осы Нұсқаулықтың 2-бөлiмiнде айтылған талаптарға ұқсас, бұған кеден органы құрған қосарлы бекiту құрылғылары бар кеден қоймаларын жабдықтауға қойылатын талаптар кiрмейдi.
10. Кеден қоймасын тарату
48. Кеден қоймасын құруға берiлген лицензияны қайтарып алу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап, қойма таратылды деп есептелiнедi. Осы күннен бастап кеден қоймасында тұрған тауарлар уақытша сақтау орнында тұрған болып есептелiнедi және таңдап алған кеден режимiне сәйкес ресiмделуге жатады.
Бұл жағдайда, кеден қоймасында тауарлардың сақталу мерзiмi өткен жағдайда, тауарларды кеден қоймасына орналастырған тұлға не болмаса кеден делдалы оны басқа кеден қоймасына орналастыра алады. Бұл жағдайда, тауарларды тасымалдау осы Нұсқаулықтың 15-тармағына сәйкес iске асырылады.
49. Кеден органы құрған кеден қоймасын Кеден комитетi тарата алады.
50. Кеден органымен құрылған кеден қоймасын тарату, егер қойманы одан әрi экономикалық факторларға, үй-жайдың жағдайына немесе кеден органы қойманың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ете алмайтындай өзге де жағдайларға байланысты пайдалануға мүмкiндiк болмаса, кеден органы ұсынылған уәждеме бойынша жүргiзіледi.
51. Кеден органымен құрылған кеден қоймасының таратылатыны туралы тауарларды сақтауға қойған тұлғаны, осындай таратуға дейiн 3 айдан кешiктiрмей кеден органы хабардар етедi.
52. Кеден органы құрған кеден қоймасынан, тауарларды қойманың таратылуына байланысты аталған кеден органы тауарды сақтауға қойған тұлғаға, тауарларды сақтауға жайғастырған кезде хабардар етедi.
53. Тұлғаның кеден органы құрған кеден қоймасын таратуға байланысты пайда болған шығындары, сондай-ақ осы тұлғаның ала алмаған кiрiс пайдасының орны толтырылмайды, егер кеден органы тауарларын сақтауға қойған адамдарды қойманың таратылатыны туралы осындай таратуға дейiн кем дегенде 3 айдан кешiктiрмей хабардар етсе.
54. Кеден органы осы Нұсқаулықтың 51-тармағында белгіленген хабарлама мерзiмдерiн бұзған жағдайда, кеден органы құрған кеден қоймасын таратуға байланысты тұлғада пайда болған шығыстар сомасын, сондай-ақ сот айқындаған алынбаған кірістер сомасын кеден органы өндіріп алады.
11. Қорытынды ережелер
55. Кеден қоймасының кеден режиміндегі талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тартылады.
Келісілді Қазақстан
Қазақстан Республикасының Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі Мемлекеттік кіріс
2001 жылғы 08 ақпан министрлігі
Кеден комитетінің
2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Бажсыз сауда дүкені кедендік режимін
қолдану жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) 50-бабына сәйкес бажсыз сауда дүкенi кедендiк режимi - тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген кезде бөлшек саудада кедендiк баждар, салықтар алынбай сатылатын және Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан мұндай тауарларды одан кейiнгi әкету шарты кезiнде тарифсiз реттеу шаралары қолданылмайтын кедендiк режим.
2. Бажсыз сауда дүкенiне тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтайтын тауарлардан өзге кез-келген тауарлар орналастырыла алады.
3. Бажсыз сауда дүкенi кедендiк режимiнде орналастырылған тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына кедендiк бақылаумен халықаралық қатынастар үшін ашық әуежайларда, порттарда және шекаралық өту орындарында, сондай-ақ халықаралық тасымалдарды орындайтын әуе және теңiз кемелерiнің бортында сатылады.
4. Бажсыз сауда дүкенiнде сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетiлуi тиiс.
5. Бажсыз сауда дүкенi, оның иесi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің (бұдан әрi - Кеден комитетi) лицензиясын алғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының кеден органдарымен айқындалған орындарда отандық тұлғамен құрылады.
6. Бажсыз сауда дүкенiнің аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады.
7. Бажсыз сауда дүкенiнің иесi кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiмен қоса, бажсыз сауда дүкенi кеден режимiн пайдалану шарттарының сақталуы үшiн жауаптылықта болады.
2. Бажсыз сауда дүкенiнiң жайластырылуы мен
жабдықталуына қойылатын талаптар
8. Бажсыз сауда дүкенiнің жайластырылуына және жабдықталуына қойылатын талаптар, бажсыз сауда дүкенi кеден режимiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында қойылады.
9. Бажсыз сауда дүкенiн құру үшiн қарастырылған үй-жай өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына, санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес болуы қажет, сондай-ақ мынадай:
1) Сауда залы Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы жеке адамдардың өтуі кезінде мұндай адамдармен әкетiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзу үшiн айқындалған орыннан тысқары жерлерде болу;
2) Қазақстан Республикасының аумағына келетiн жеке адамдардың бұл үй-жайларға кiру мүмкiндiгiн болдырмайтын жағдайда орналастырылу;
3) қажеттi өртке қарсы және қорғанудың механикалық құралдарымен, сондай-ақ сигнал беру жабдығымен жабдықталуы;
4) бажсыз сауда дүкенiнің үй-жайындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету, оның iшiнде бажсыз сауда дүкенi кеден режимiмен орналастырылған тауарлардың кедендiк бақылаусыз алып қою мүмкiндiгiн болдырмау;
5) қосалқы үй-жайлардағы, қоймадағы тауарларға бөгде адамдардың кiруiн болдырмау талаптарына жауап беруi керек.
10. Бажсыз сауда дүкенi аумағында сауда операциясын iске асыру, тауарларды сақтау, осы Нұсқаулықпен көзделген талаптарды ескере отырып бажсыз сауда дүкенiнiң қалыпты қалыптасуын қамтамасыз ететiн операцияларды жүзеге асыру үшiн арналған орындар болуы қажет. Осы мақсаттар үшiн бажсыз сауда дүкенi аумағында қоршалған орындар:
1) сауда залы (сауда залдары);
2) бажсыз сауда дүкенi қоймасы (қоймалары);
3) қосалқы үй-жайлар болуы керек.
Сауда залында бажсыз сауда дүкенi кедендiк режимiнде орналастырылған тауарларды сату жүзеге асырылады.
Бажсыз сауда дүкенi қоймаларында тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша, тауарларды сатуға дайындау (орамдарды ашу, қорабынан босату және басқа) операциялары жүргiзiледi.
Қосалқы үй-жайларда тауарларды сатуға дайындау жөнiндегi операциялар жүргiзiледi.
Көрсетiлген операциялар кедендiк бақылаумен жүргiзiледi.
Сауда залы, бажсыз сауда дүкенiнiң қоймасы және қосалқы үй-жайлар тек бажсыз сауда дүкенi кедендiк режимiнің талаптары шеңберiнде пайдаланылуы мүмкiн. Көрсетiлген орындарды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берiлмейдi.
3. Бажсыз сауда дүкенi кедендiк режимiмен орналастырылған
тауарларды кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi
11. Бажсыз сауда дүкенi кедендiк режимiнде мәлiмделген тауарларды кедендiк ресiмдеу Кеден iсi туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
12. Бажсыз сауда дүкенi қоймасына тауарлар уәкiлеттi кеден органының лауазымды адамының қатысуымен немесе келiсiмiмен орналастырылады.
13. Мемлекеттiк бақылаудың мал дәрiгерлiк, санитарлық, экологиялық және басқа да түрлерiне, оның iшiнде сертификаттауға жататын тауарларды кедендiк ресiмдеу заңнамада мұндай тауарларға қатысты көзделген мемлекеттiк бақылаудың түрлерi жүзеге асырылғаннан кейiн ғана аяқталады.
14. Бажсыз сауда дүкенiнің қоймасына орналастыру мақсатында уақытша сақтау орындарында уақытша сақтаудағы тауарларды тасымалдау тауарларды кедендiк бақылаумен жеткiзудің белгiленген талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
4. Тауарларды бажсыз сауда дүкенiнде сату
15. Бажсыз сауда дүкенi кедендiк режимiмен орналастырылған тауарларды сату бөлшек саудамен және тек Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге жол жүретiн жеке адамдарға ғана жүзеге асырылады.
16. Тауарлардың бажсыз сауда дүкенiнде көтерме, оның iшiнде ұсақ көтерме (шамамен алғанда - бөлшектеп сатуға арналған орамдардың, жиынтықтардың 10 бiрлiгiнен астам) сатуға жол берiлмейдi.
17. Бажсыз сауда дүкендерiнде сатылатын тауарлардың кеден органымен келiсiлген арнайы маркировкасы болуы және бөлшектеп сату үшiн алдын ала оралуы тиiс.
18. Тауарларды бажсыз сауда дүкенiнде сатып алғандығы туралы мұндай дүкеннiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге жол жүретiн жеке адамдардың жол жүру немесе өзге де құжаттарына белгi қояды.
Белгi нысаны кеден органының келiсiмi бойынша бажсыз сауда дүкенiнің иесiмен айқындалады.
Кеден органы бажсыз сауда дүкенiнде сатып алынған тауарлардың iс жүзiнде әкетiлуiн бақылауды жүзеге асырады.
19. Бажсыз сауда дүкенi кедендiк режимiмен орналастырылған тауарларды үлгiлерi бойынша, алдын-ала тапсырыс беру бойынша, үйге жеткiзiлуiмен, төлеудi кейiнге қалдыру, сондай-ақ қосымша қызметтер көрсету (сату алдындағы дайындауды, орауды, көрсетудi, қайта орауды және осыған ұқсас операцияларды қоспағанда) кезiнде сатуға жол берiлмейдi.
5. Бажсыз сауда дүкенiне түсетiн және сатылатын тауарлар туралы есеп жүргiзу мен есептiлiк
20. Бажсыз сауда Дүкенi кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлар бажсыз сауда дүкенiнiң иесiмен және кеден органдарымен мiндеттi есебiн жүргiзуiне жатады.
21. Бажсыз сауда дүкенiнің иесi бажсыз сауда дүкенiне орналастырылған келiп түскен және сатылатын тауарлар туралы есеп жүргiзедi және кеден органдарына есеп ұсынады.
Бажсыз сауда дүкенiндегi келiп түскен және сатылатын тауарлардың есебiн жүргiзудің нысанын қойманың иесiмен келiсiм бойынша кеден органы айқындайды. Бұл ретте есеп жүргiзу:
1) есеп жүргiзу кiтабы;
2) кедендiк есеп жүргiзу құжатын мiндеттi енгiзумен жүргiзiледi.
22. Есеп жүргiзу кiтабы осы Нұсқаулыққа 1 және 2-қосымшада белгiленген нысанға сәйкес жүргiзiледi. Бажсыз сауда дүкенi иесiмен есеп жүргiзу кiтабын жүргiзуге қосымша басқа, оның iшiнде автоматтандырылған есеп жүргiзу жүйелерiн пайдалануға жол берiледi.
Есеп жүргiзу кiтабы күнтiзбелiк жыл бойынша жүргiзiледi. Есеп жүргiзу кiтабы алдын-ала тiгiлген, нөмiрленген, түптелген және бажсыз сауда дүкенi қызметi аймағында құрылған кеден органы бастығының не кеден органы бастығының орнындағы адамның қолымен және кеден органының мөрiмен бекiтiлген болуы тиiс.
Есеп жүргiзу кiтабы соңғы жазба енгiзiлгеннен кейiн кеден органына тексеруге берiледi. Тексеру аяқталғаннан кейiн есеп жүргiзу кiтабы бажсыз сауда дүкенiнің иесiне сақтауға қайтарылады. Есеп жүргiзу кiтабына тексеруден кейiн қосымша жазбалар немесе түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi.
Кеден органының келiсiмiмен бұл үлгiде көрсетiлген мәлiметтердiң бәрiнің осындай нысанда болуы шартымен есеп жүргiзу кiтабы нысанының белгiленген үлгiден ауытқуына рұқсат етiледi.
Тауарлардың есебiн жүргiзу кiтабы кеден органының лауазымды адамдарына олардың бастапқы талап етуi бойынша ұсынылады.
23. Кеден органдары бажсыз сауда дүкенiне орналастырылатын және бажсыз сауда дүкенiнен сатылатын тауарлардың есебiн жүргiзедi. Бажсыз сауда дүкенiне орналастырылатын тауарлар үшiн есеп жүргiзудің кедендiк құжаты ретiнде жүктiк кедендiк декларация, ал сатылатын тауарлар үшiн - бажсыз сауда дүкенiнен сатылатын тауарлардың есебiн жүргiзу кiтабы пайдаланылады.
24. Бажсыз сауда дүкенiндегi тауарлардың есебiн жүргiзу құжаттары тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл, есеп жүргiзу кiтабы үшiн - соңғы жазба бойынша тауарларды шығарған күннен бастап сақталады.
25. Бажсыз сауда дүкендерiнiң иелерi бажсыз сауда дүкенiне түскен және сатылған тауарлар туралы кеден органдарына есеп беру айынан кейiнгi айдың 10-нан кешiктiрмей есептерiн ұсынады.
26. Жеткiлiктi негiздемелер болған жағдайда кеден органы кезектен тыс есеп ұсынуды мiндеттеуге құқылы. Мұндай есеп ол туралы кеден органы бастығының немесе кеден органы бастығының орнындағы адамның жазбаша талап етуi алынған күннен бастап жетi күннiң iшiнде көрсетiлген нысан бойынша ұсынылуы тиiс.
27. Кеден органы бажсыз сауда дүкенiнің сауда залдарындағы, қосалқы үй-жайларындағы және қоймасындағы тауарларға түгендеу жүргiзуге құқылы.
6. Бажсыз сауда дүкенiн тарату
28. Лицензияны қайтарып алу туралы лицензиатты хабарлағаннан күннен бастап бажсыз сауда дүкенi таратылды деп есептелiнедi.
29. Лицензиатты хабарлағаннан күннен бастап бажсыз сауда дүкенiн тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бажсыз сауда дүкенiндегi барлық тауарлар уақытша сақтаудағы тауарлар болып есептеледi және таңдап алынған кедендiк режимге сәйкес кедендiк ресiмдеуге жатады.
Көрсетiлген күннен бастап таратылған бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiмен жаңа тауарларды орналастыруға және осы режиммен орналастырылған тауарларды сатуға рұқсат етiлмейдi.
30. Бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда дүкенін тарату туралы хабарлама күнінен бастап үш күндік мерзімде кеден органына осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен қоймадағы тауарлар туралы есеп ұсынуға міндетті.
Кеден органы жеті күндік мерзімнен кешіктірмей таратылатын бажсыз сауда дүкеніндегі тауарларды түгендеуді жүргізеді.
7. Қорытынды ережелер
31. Бажсыз сауда дүкені кедендік режимінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
Бажсыз сауда дүкені кедендік
режимін қолдану жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша
Бажсыз сауда дүкенінің қоймасына орналастыралатын
тауарлардың есебін жүргізу кітабы
____________________________________________________________________
N Тауарлардың Кедендік Тауарларды Тауарға Тауардың Орын.
бажсыз сауда есеп бажсыз сауда ілеспе атауы, дардың
дүкенінің жүргізу дүкеніне құжат. тауардың саны
қоймасына құжатының орналастырған тардың мәртебесі
орналасты. нөмірі тұлға нөмірі (отандық,
рылған күні шетелдік)
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 ____________________________________________________________________
Таблицаның жалғасы
_________________________
Брутто Бажсыз Тауардың
сал. сауда бажсыз сауда
мағы дүкенінің дүкенінің
(кг) қоймасына қоймасынан
тауар сауда залына
қабылдаған орналастырған
адамның күні
қолы
_________________________
9 10
_________________________
Бажсыз сауда дүкені кедендік
режимін қолдану жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша
Бажсыз сауда дүкенінен сатылатын
тауарлардың есебін жүргізу кітабы
____________________________________________________________________
N Тауардың бажсыз Есеп Тауар. Тауар. Орын. Брутто Бажсыз сауда Ес
сауда дүкенінің жүр. дың дың дар. салма. дүкенінен кер
қоймасынан гізу сатыл. атауы дың ғы(кг) тауар берген пе.
сауда залына кітабы ған саны адамның лер
орналастырыл. бойын. күні қолы
күні ша нөмірі
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
____________________________________________________________________
Келісілді Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Мемлекеттік кіріс министрі Кеден комитетінің
2001 жылғы 08 ақпан 2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендік аумағында
тауарларды қайта өңдеу кедендік режимін
қолдану жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеу кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеу кедендiк режимiн қолдану тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
"тауарлар" - қайта өңдеуге арналған шетелдiк тауарлар мен шетелдiк тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылған отандық тауарлар;
"қайта өңдеу өнiмдерi" - қайта өңдеу үшiн әкелiнген тауарларды, оның iшiнде отандық тауарларды пайдаланумен, қайта өңдеу нәтижесiнде алынған тауарлар;
"қайта өңдеу өнiмдерiнің кедендiк мақсатта шығуының саны" - режимнің мәлiмдеушiсi көрсеткен өндiрiстiк процесс бойынша, оның iшiнде отандық тауарларды пайдаланумен, тауарларды қайта өңдеудiң нәтижесiнде пайда болған қайта өңдеу өнiмдерiнiң саны;
"мәлiмдеушi" - тауарларды қайта өңдеу үшiн тасымалдаушы тұлға болып табылатын, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттеменi кеден органына ұсынатын және осы режиммен, оны аяқтаудың шарттарын дұрыс және уақытылы орындауға жауапты отандық тұлға;
"қайта өңдеушi" - тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеудi тiкелей жүзеге асыратын отандық тұлға;
"бақылаушы кеден органы" - қайта өңдеудің шарттары туралы мiндеттеме тiркелген кеден органы.
Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшiн түсiнiктер қолданылады.
3. Шетелдiк тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру кезінде отандық тауарлар пайдаланылуы мүмкiн. Шығаруға тарифсiз реттеу шаралары және (немесе) кедендiк баждар қолданылатын отандық тауарларды пайдалануға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар рұқсаты болған жағдайда ғана жол берiледi.
4. Тауарларды қайта өңдеудiң тәртiбiн бұзғаны, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеудің кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлар мен заңсыз операциялар, осы кедендiк режимдi пайдаланудың шарттарын сақтамағаны үшiн мәлiмдеушi жауаптылықта болады.
2. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды
қайта өңдеу кедендiк режимiн қолдануға қойылатын талаптар
5. Кеден iсi туралы заңның 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеу кедендiк режимiн пайдалануға, егер:
1) мәлiмденетiн тауарлар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тiзбе бойынша қайта өңдеу кедендiк режимiмен орналастыруға тыйым салынғанда;
2) өндiрiстің үздiксiз циклiне қатысты технологиялық процестердi пайдалануды немесе Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында бiрдей қайта өңдеу өнiмдерiнiң өндiрiсi болмағанда бiрегей болып табылатын жағдайларды қоспағанда әкелiнген тауарлар қайта өңдеу өнiмдерiне теңестiрiлмейтiн болса;
3) тауарларды қайта өңдеудi жүзеге асыратын тұлғамен:
бұрын әкелiнген тауарларды қайта өңдеу режимiн жүргiзудің көрсетілген тәртiбiнiң бұзылуымен жүзеге асыруы аяқталмаса;
бұрын бiрнеше рет (екi және бiрден артық) көрсетiлген тәртiп бұзылса;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте контрабанда белгiсiмен кедендiк ереженi бұзу жасалғандығы дәлелденсе жол берiлмейдi.
6. Осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 2) тармақшасымен айқындалған талаптарды ескере отырып, электрлiк, жылулық және энергияның өзге түрлерiне, сондай-ақ электрлiк, жылулық және энергияның өзге түрлерi қайта өңдеу өнiмдерi болып табылатын тауарлар қатысында Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiнiң пайдаланылуына жол берiлмейдi.
3. Тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар
7. Тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операцияларға мыналар жатады:
1) шетелдiк тауарлар қайта өңдеу өнiмдерiнде бiрдейлендiру қайта өңдеудiң мiндеттi шарты болып табылатын жағдайда әкелiнген тауарларды қайта өңдеу өнiмдерiне бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн сипаттамасы сақтала отырып өзiндiк сипатының жоғалтқанда, тауарларды қайта өңдеудiң өзi;
2) әкелiнген тауарлардың негiзгi сипаттары сақталғанда монтаждауды, құрастыруды және жымдастыруды қоса алғанда басқа тауарды дайындау (өңдеу);
3) қайта өңдеуге арналған тауарларды қалпына келтiру немесе бүлiнген немесе тозған тауарларды ауыстыру, рекламация бойынша ақауын жою жүргiзiлгенде оны қалпына келтiрудi қоса алғанда тауарларды жөндеу;
4) қайта өңдеу процесiнде оларды толық немесе iшiнара тұтыну арқылы қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудi жеңiлдетуге арналған кейбiр тауарларды пайдалану. Берiлген операцияның жоғарыда көрсетiлген операциялардың бiрiмен бiр мезгiлде орындалуы тиiс.
Мұндай тауарларға: катализаторлар, флюстер, электродтар, присадкалар және өзгелер жатады.
8. Тауарларды өңдеу жөнiндегi операцияларға, мысалы:
1) тауарларды орау, бөлiп салу және сорттау;
2) сақтау немесе тасымалдау кезiнде тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;
3) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау;
4) жануарлардан, құстардан, балықтардан, шаянтектестер мен
молюскалардан өсiм алу, оларды өсiру және семiрту;
5) ағаштар мен өсiмдiктердi өсiру;
6) пайдалы қазбаларды өндiру;
7) балықтарды, шаянтектестердi және молюскаларды аулау;
8) аң аулау;
9) саңырау құлақтар мен өсiмдiктердi жинау;
10) ақпараттарды, аудио- және бейне жазбаларды ақпарат таратқыштардың кез-келген түрiне көшiрiп алу және көбейту;
11) шетелдiк тауарларды техникалық процесте көмекшi құрал ретiнде пайдалану (мысалы, жабдықтар, станоктар, құрал-жабдықтар және с.с.) жатпайды;
12) Кеден iсi туралы Заңның 85-бабының талаптарына жауап бермейтiн басқа да iс-әрекеттер.
4. Әкелiнген тауарлардың қайта өңдеу
өнiмдерiндегi бiрдейленуi
9. Әкелiнген тауарлардың қайта өңдеу фактiсiн белгiлеу мақсатында қайта өңдеу өнiмдерiнде әкелiнген тауарларды бiрдейлендiру келесi тәсiлдердi:
өндiрiстiк процесте қайта өңдеуге арналған шарттар туралы мiндеттемеде көрсетiлмеген тауарлардың пайдаланылуына жол бермеу мақсатында қойма үй-жайларына, белгiлi бiр техникалық операцияларды орындайтын технологиялық желiлердiң учаскелерiне пломбы түрiнде кедендiк қамтамасыз ету салу;
мәлiмдеушiлердің, қайта өңдеушiнің немесе кеден органдарының лауазымды адамдарының қайта өңдеуге арналған түпкiлiктi тауарларға және (немесе) отандық тауарларға мөрлер, мөртаңбалар, сандық және (немесе) басқа да маркировкалар қоюы;
қайта өңдеуге арналған тауарлардың сипаттамасы;
қайта өңдеуге арналған тауарларды суретке түсiру, масштабпен бейнелеу;
тауарлардың алдын ала алынған сынамаларын, үлгiлерiн қайта өңдеу өнiмдерiмен салыстыру;
тауарлардың (мысалы, двигательдердің, қораб бөлiктерiнiң және басқаларының) зауыттық нөмiрлер түрiндегi бар маркировкаларын пайдаланумен жүргiзiледi.
10. Кеден iсi туралы заңның 56-бабына сәйкес, егер:
қайта өңдеу үшiн өндiрiстің үзiлiссiз циклiне жататын технологиялық процесс пайдаланылатын болса;
қайта өңдеушi Қазақстан Республикасының аумағында бiрдей қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудi болдырмайтын бiрегей технологиялық процестi пайдаланса қайта өңдеу өнiмдерiнде тауарларды идентификациялау талап етiлмейдi. Көрсетiлген технологиялық процестердің тiзбесi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдары белгiлеген тәртiппен айқындалады.
5. Қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттемелердi
ресiмдеудiң тәртiбi
11. Кеден iсi туралы заңның 56-бабына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеу үшiн қайта өңдеуге арналған тауарларды әкелуге кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру жоспарланып отырған кеден органына қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттеменi, жүктiк кедендiк декларациямен (бұдан әрi - ЖКД) бiр мезгiлде ұсынуы қажет.
12. Қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттеме осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлiмдеушiмен ұсынылады. Қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттеме бiреуi кеден органына ұсынылатын және қайта өңдеудi жүзеге асыратын тұлғаның мөрiмен расталатын екi данада толтырылады, екiншi данасы мәлiмдеушiде қалдырылады.
Қайта өңдеу туралы мiндеттемеде оның негiзiнде қайта өңдеудiң мерзiмi мен қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығуының саны белгiленетiн құжаттар қоса берiледi (қайта өңдеуге арналған шарт, қолданыстағы технологиялық құжаттамалар және басқалары).
Тауарларды қайта өңдеу шарты туралы мiндеттемеге журналға сәйкес тiркеу нөмiрi берiледi. Мiндеттемелердi тiркеу журналын осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада белгiленген нысан бойынша бақылаушы кеден органы жүргiзедi.
6. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң кедендiк мақсатта шығуының
санын белгiлеу
13. Әкелiнген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеудің нәтижесiнде пайда болған қайта өңдеу өнiмдерiнің шығуының санын айқындауды мәлiмдеушi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жекелеген тауарларды қайта өңдеу өнiмдерiнің шығуының мiндеттi саны тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен белгiленедi.
14. Мәлiмделген қайта өңдеу өнiмдерінің шығу санын растау үшiн мәлiмдеушiмен кеден органына қайта өңдеу өнiмдерінің шығу нормаларына сүйене отырып пайда болған қайта өңдеу өнiмдерi санының есебi, сондай-ақ қолданыстағы технологиялық құжаттамалар ұсынылады.
Бұл ретте шығу нормасы ретiнде - өндiрiстiк процеске сәйкес қайта өңдеуге арналған тауарлар мен отандық тауарлардың санының бiр бiрлiгiнен алынатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң абсолюттiк мәнiндегi немесе пайыздық тұрғыдағы көлемi ұғылады.
15. Өндiрiстiк процесте пайда болатын әрбiр қайта өңдеу өнiмiнiң шығу саны қайта өңдеуге арналған тауарлардың санын аталған қайта өңдеу өнiмiнiң шығу нормасына көбейту жолымен есептеледi.
16. Қайта өңдеу өнiмдерiнің тауар өнiмдерiнiң бiрлiгiне арналған шығу нормаларын айқындауды мәлiмдеушi жүргiзедi. Нормалар қайта өңдеуге арналған шетелдiк тауарлар үшiн де, қайта өңдеу кезiнде пайдаланылатын отандық тауарлар үшiн де белгiленген болуы тиiс және қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттемеде көрсетiлуi қажет.
7. Қайта өңдеу мерзiмдерiн белгілеу және ұзарту
17. Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу өндiрiстiк процесiнiң ұзақтығы ескеріле отырып мәлiмдеушi белгiлейтiн мерзiмдерге, бiрақ тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткен күнiнен бастап екi жылдан аспайтын уақытта жүргiзiледi.
18. Қайта өңдеу мерзiмi:
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеу үшiн әкелiнген тауарларға кедендiк ресiмдеу;
тауарларды қайта өңдеу;
қайта өңдеу өнiмдерiн iс жүзiнде әкету не өзге де кедендiк режимге орналастыру үшiн қажеттi уақытты қамтиды.
19. Қайта өңдеудiң мерзiмiн қайта өңдеудiң шарттары туралы міндеттемеде көрсетілген тауарларды тасымалдау күнінен бастап екi жылдың шегiнде ұзарту, мұндай ұзарту қажеттiлiгi негiзделетiн бақылаушы кеден органын құлақтандырумен жүзеге асырылады.
Мерзiмдердi ұзарту кезiнде ЖКД-ның 1-шi және 3-шi даналарының сырт жағында кеден органы лауазымды адамының жеке нөмiрлi мөрiмен расталатын ұзартудың мерзiмдерi көрсетiледi.
20. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды қайта өңдеудің мерзiмi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен белгiленедi.
21. Тауарларды қайта өңдеудiң мерзiмiн арттыру (екi жылдан астам уақытқа) туралы мәселенi шешу үшiн мәлiмдеушi қайта өңдеудің шектi мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiне (бұдан әрi - Кеден комитетi) еркiн нысанда тиiстi өтiнiш бередi.
Мыналар өтiнiшке қоса берiледi:
1) тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қайта өңдеудің мерзiмiн екi жылдан астам уақытқа арттырудың орындылығы туралы қорытындысы;
2) тауарларды қайта өңдеу кезiнде кедендiк заңнаманың талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын кеден органының қайта өңдеудің шарттары туралы мiндеттеменiң орындалуы туралы қорытындысы;
3) қайта өңдеудің шарттары туралы мiндеттеменiң көшiрмесi.
22. Тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қайта өңдеудiң мерзiмiн екi жылдан астам уақытқа арттырудың орындылығы туралы қорытындысы еркiн нысанда ресiмделедi және мәлiмдеушi, қайта өңдеу туралы шарттың күнi мен нөмiрi, қайта өңделетiн тауар туралы, сондай-ақ қайта өңдеудiң шектi мерзiмiн арттыруының орынды кезеңi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбеге жататын жекелеген тауарларды қайта өңдеудiң мерзiмiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бұрын белгiлеген мерзiмдерден артық арттыру туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының қайта өңдеудiң мерзiмдерiн арттырудың орындылығы туралы осындай қорытындысы қажет.
23. Кеден органының қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттемелердiң орындалуы туралы қорытындысы:
1) қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттеменiң ұсынылғандығын растайтын;
2) қайта өңдеу үшiн әкелiнген тауарлардың қайта өңдеу шартында көрсетiлген тауарлардың жалпы көлемiне пайыздық қатынастағы көлемi туралы;
3) алынған қайта өңдеу өнiмдерiнiң қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттемеде көрсетiлген қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу көлемiне пайыздық қатынастағы көлемi туралы;
4) қайта өңдеудiң мерзiмдерiн екi жылдың шегiнде ұзарту туралы;
5) қайта өңдеу өнiмдерiнiң кедендiк ресiмделуi туралы;
6) кедендiк ережелердiң бұзылуы фактiлерi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.
24. Қайта өңдеудiң мерзiмiн арттыру туралы өтiнiштi қараудың мерзiмi өтiнiш алынған күннен бастап он күннен аспауы тиiс.
25. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеудiң мерзiмiн арттыру туралы шешiм жазбаша нысанда бақылаушы кеден органымен мәлiмдеушiнiң назарына жеткiзiледi.
26. Қайта өңдеу мерзiмдерiн одан кейiнгi арттыру осы Нұсқаулықтың 21-25 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
27. Қайта өңдеудiң мерзiмiн арттырудан бас тартылған жағдайда, қайта өңдеу жөнiндегi операцияларға ұшырамаған тауарлар үшiн және қайта өңдеу өнiмдерi Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеудiң кедендiк режимi кедендiк заңнамаға сәйкес өзгертуге жатады.
8. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудiң
ерекшелiктерi
28. Шетелдiк тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiмен орналастыру кезiнде мәлiмдеушiнiң қалауы бойынша әкелулiк кедендiк баждар мен салықтарды төлеу не оларды уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде төлеудi немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне тиесілі сомаларды енгiзудi қамтамасыз ету жүргiзiледi.
29. Кеден iсi туралы заңның 59-бабына сәйкес төленген кедендiк баждар мен салықтарды немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзiлген тиесiлi сомаларды қайтару жүргiзiледi не уәкiлеттiк банктiң кепiлдiгi:
Кеден iсi туралы заңның ережелерiнiң сақталуы;
тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тасымалданған күннен бастап екi жылдан кешiктiрiлмей тауарлардың немесе қайта өңдеу өнiмдерiнiң экспорты;
әкелiнген тауарлардың немесе қайта өңдеу өнiмдерiнiң Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге iс жүзiнде әкетiлуiнiң расталуы жағдайында уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi өзінің қолданылуын тоқтатады. Бұл ретте қайтарылатын сомаларға пайыздар есептелмейдi.
Әкелiнген тауарлар мен қайта өңдеу өнiмдерi Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында еркiн айналым үшiн шығарылған жағдайда, егер тауарлар қайта өңдеуге әкелiнген кезде төленбеген болса кедендiк баждар мен салықтардың сомалары төленедi. Әкелулiк кедендiк баждардың ставкалары әкелiнген тауарларды қайта өңдеудiң жүзеге асырылуына қарай қайта өңдеу өнiмдерiне немесе әкелiнген тауарларға қатысты қолданылады.
Көрсетiлген сомалардан басқа олардан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кедендiк баждарды төлеу күнi қолданылған қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша пайыздар алынады. Көрсетiлген пайыздар әкелулiк кедендiк баждарды төлеу күнiн қоса есептегенде тауарлар қайта өңдеудiң кедендiк режимiнде болған уақыты үшiн есептеледi.
9. Қайта өңдеуге арналған тауарлар мен қайта өңдеу
өнiмдерiн кедендiк ресiмдеу
30. Қайта өңдеуге арналған тауарларды, қайта өңдеу өнiмдерiн кедендiк ресiмдеу қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттемеде көрсетiлген мерзiмдерде жүзеге асырылуы тиiс.
31. Тауарларды қайта өңдеу кезiнде пайдаланылған отандық тауарлар ресiмдеуге жатпайды, бiрақ кедендiк бақылау мен есепке алуға жатады.
32. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеудiң кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарлар мен қайта өңдеу өнiмдерiн кедендiк ресiмдеу қайта өңдеушi қызмет аймағындағы кеден органында жүргiзiледi.
Бұл ретте мәлiмдеушiмен не қайта өңдеушiмен (не шарт бойынша кедендiк ресiмдеу жүргiзiлген кезеңге кедендiк брокермен) кеден органына Жүктiк кедендiк декларацияны беру, қабылдау және тексеру тәртiбiмен, кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтерде көзделген құжаттар:
белгiленген тәртiпке сәйкес толтырылған ЖКД;
мәлiмдеушiнiң атынан берiлген тауарларды қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттеме;
қайта өңдеуге арналған келiсiм-шарттарды (шарттарды) не тараптардың ниетiн куәландыратын өзге де құжаттар;
тауарға iлеспе құжаттар (жапсырма қағаздар, коносаменттер, спецификациялар, шот-фактуралар, шот-проформдар және басқалар);
егер қайта өңдеуге арналған тауарлар бұл органдардың бақылауына жататын болса басқа да мемлекеттiк органдардың рұқсаты;
әкелулiк кедендiк баждар мен салықтардың төленгендiгiн не оларды уәкiлеттi банктiң кепілдiгi түрiнде төлеудiң қамтамасыз етiлгендiгiн немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне тиесiлi сомалардың енгiзiлгендiгiн куәландыратын құжаттар;
кедендiк мақсаттар үшiн жүктiк кедендiк декларацияларды, құжаттарды және қосымша мәлiметтердi қабылдау тәртiбiне қойылатын талаптарға сәйкес белгiленген басқа да құжаттар ұсынылады.
33. Әкетiлетiн қайта өңдеу өнiмдерiн, оның iшiнде қалдықтар мен қалған қайта өңделмеген тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзушi кеден органы мiндеттi түрде шекарадағы кеденнен бұл тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге iс жүзiнде әкетiлгендiгi туралы растау алғаннан кейiн үш күннiң iшiнде ресiмделген ЖКД-ның көшiрмелерiн бақылаушы кеден органына жолдайды.
34. Әкелулiк кедендiк баждар мен салықтарды қайтару Кеден iсi туралы заңның 59-бабының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
10. Тауарлар мен қайта өңдеу өнiмдерiн кедендiк
бақылаудың тәртiбi
35. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеудiң кедендiк режимiнiң пайдаланылуын жалпы бақылауды бақылаушы кеден органы жүзеге асырады.
36. Бақылаушы кеден органы кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында әрбiр тiркелген қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттеме бойынша Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiн пайдалануға қатысты барлық материалдар мен құжаттар (келiсiм-шарттар, қайта өңдеу шарттары туралы мiндеттемелер, олар бойынша тауарларды кедендiк ресiмдеу жүргiзiлген ЖКД-ның көшiрмелерi және басқалары) тiгілетiн iс қалыптастырады.
37. Кеден органының аумағында қызметiн жүзеге асыратын қайта өңдеушi қайта өңдеу үшiн тауарларды пайдаланғанына кеден бақылауын жүргiзуге қайта өңдеу мерзiмiнiң iшiнде құқылы.
38. Мәлiмдеушi қайта өңдеу өнiмдерiн керi әкетудiң мерзiмдерi аяқталғанға дейiн бақылаушы кеден органына ЖКД-ның көшiрмелерiн ұсына отырып тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеудiң кедендiк режимiнiң пайдаланылуы туралы толық есеп ұсынуға мiндеттi.
39. Өндiрiстің қалдықтары болып табылатын әрi өндiрiстiк процесте сөзсiз қайта өңдеу өнiмдерiн құрайтын және мәлiмдеушiде қолданылуын таппаған тауарлар (материалдар, заттар, бұйымдар және басқалар) тауарлардың еркiн айналымы не экспорты үшiн тауарлар шығарудың кедендiк режимiмен орналастырылуы мүмкiн.
40. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген, қайта өңдеу өнiмдерiн дайындау үшiн пайдаланылмаған сол Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатурасы бойынша 9-таңбалы тауарлық субпозициясымен жiктелетiн қайта өңдеуге арналған тауарлардың қалған бөлiгi қайта өңдеуге арналған тауарлар сияқты кедендiк заңнамада көзделген кедендiк режимдерге сәйкес кедендiк ресiмдеуге және кедендiк бақылауға жатады.
41. Өндiрiстiк шығын болып табылатын, қайта өңдеу өнiмдерiн дайындау кезiндегi өндiрiстiк процестің негiзiнде пайда болатын және (немесе) қайтарусыз жоғалатын материалдар, заттар және басқалар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қалады және кедендiк тұрғыда ресiмделмейдi, бiрақ кедендiк бақылауға жатады.
42. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiн пайдалану кезiнде, Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Кеден iсi туралы заңның 209-бабына сәйкес мәлiмдеушi мен қайта өңдеушiнiң қаржылық және сыртқы экономикалық қызметiне тексеру жүргiзуге құқылы.
11. Қорытынды ережелер
43. Қазақстан Республикасының кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағында тауарларды
қайта өңдеу кедендiк режимiн
қолдану жөнiндегi нұсқаулыққа
1-қосымша
____________________________________________________________________ (кеден органының атауы)
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды қайта
өңдеудің кеден режимiнде мәлiмделген тауарларды қайта өңдеудiң
шарттары туралы мiндеттеме
____________________________________________________________________
(тауарларды қайта өңдеу режимiн мәлiмдеген тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________сәйкес
(қайта өңдеу келiсiм-шартының (шарттың) күнi мен нөмiрi немесе
тараптардың ниетiн растайтын өзге құжаттар)
мынадай шарттарды:
қайта өңдеудiң мерзiмiн_____________________________________________
қайта өңдеу өнiмдерiнің шығу нормасын______________________________
қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу көлемiн_______________________________
керi әкету мерзiмiн________________________________________________
идентификациялаудың тәсiлiн________________________________________
Ерекше белгiлерiн__________________________________________________
сақтаужағдайында___________________________________________________ (қайта өңдеушi кәсiпорынның атауы, мекен-жайы)
кәсiпорынында_______________________________________________________ (Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар
____________________________________________________________________
номенклатурасына сәйкес тауарлардың атауы және олардың жiктеу коды)
қайта өңдеу өнiмдерiн алу мақсатында мынадай________________________
(Сыртқы экономикалық
____________________________________________________________________
қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың атауы және
олардың жiктеу коды)
____________________________________________________________________
тауарларды қайта өңдеудi жүзеге асыруға мiндеттенедi.
Мәлімдеуші басшысының аты-жөні,_______________________________ (қолы)
N_____________________________________
______________________________________
(кеден органы лауазымды адамының қолы)
______________________________________
* міндеттеменің нөмірі кеден органының лауазымды адамымен
беріледі және мынадай тұрғыда қалыптастырылады:
00000/00000/000 - мұнда
00000 - тауарларды қайта өңдеудің шарттары туралы міндеттеме
қабылдаған кеден органының коды;
00000 - айы, күні, жылының соңғы саны;
000 - кеден органының тіркеу журналына сәйкес міндеттеменің
реттік нөмірі.
Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағында тауарларды
қайта өңдеу кедендiк режимiн
қолдану жөнiндегi нұсқаулыққа
2-қосымша
Қайта өңдеу шарттары туралы міндеттемені
тіркеу журналы
____________________________________________________________________
N Мәлімдеуші- Қайта өңдеу СЭҚ ТН СЭҚ ТН Кері Ескерт.
р/б кәсіпорынның шартының бойынша бойынша әкету пелер
атауы күні мен тауардың қайта өңдеу мерзімі
нөмірі коды өнімдерінің
коды
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Келісілді Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Мемлекеттік кіріс министрі Кеден комитетінің
2001 жылғы 08 ақпан 2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Кеден бақылауымен тауарларды қайта өңдеуде кеден
режимін қолдану жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеден бақылауымен тауарларды қайта өңдеуде кеден режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрлендi және кеден бақылауымен тауарларды қайта өңдеуде кеден режимiн пайдаланудың ерекшелiктерiн анықтайды.
2. Кеден бақылауымен тауарларды қайта өңдеуде кеден режимiн кедендiк ресiмдеу және тауарларды кедендiк бақылау Қазақстан Республикасының кеден аумағындағы тауарларды өңдеуде кеден режимiнде белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Кеден iсi туралы заңының 62-бабына сәйкес кеден бақылауымен тауарларды өңдеуде кеден режимiн пайдалану режимнiң басқа да шарттары сақталған жағдайда, төмендегiдей жағдайларда рұқсат етiледi:
1) қайта өңдеу үшiн тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағына өңдеу операцияларын тiкелей жүзеге асыратын тұлғамен әкелiнедi;
2) қайта өңдеу операциялары өңдеу жасалынуы тиiс кәсiпорындағы қарапайым технологиялық процестерге сәйкес келедi.
4. Кеден iсi туралы заңының 62-бабында белгiленген алты айдан артық қайта өңдеудiң мерзiмiн ұзартуға жол берiлмейдi.
2. Қайта өңдеу шарттары туралы мiндеттемелердi
ресiмдеудiң тәртiбi
5. Кеден iсi туралы заңының 62-бабына сәйкес кеден бақылауымен тауарларды өңдеу үшiн кеден органдарына өңдеудiң шарттары туралы мiндеттемелердi беру қажет.
6. Қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттеменi тауарларға кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кедендiк органға өңдеудi жүзеге асырушы тұлға осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көзделген нысанда тапсырады. Қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттеме екi данада толтырылады, оның бiр данасы кеден органына тапсырылады және өңдеудi жүзеге асырушы тұлғаның мөрiмен расталады, екiншi дана өңдеудi жүзеге асырушы тұлғаның қолында қалады.
Қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттемемен құжаттар қоса берiледi, олардың негiзiнде қайта өңдеудiң мерзiмдерi және қайта өңдеу өнiмiнiң шығу көлемi анықталады (тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi шарт, кәсiпорынның қолданылып жүрген технологиялық құжаттамасы және басқалар).
Тауарларды өңдеудiң шарттары туралы мiндеттемеге журналға сәйкес тiркеу нөмiрi берiледi. Мiндеттемелердi тiркеу журналын осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында белгiленген нысан бойынша жүргiзедi.
3. Кеден баждары мен салықтарды төлеудiң
ерекшелiктерi
7. Кеден бақылауымен тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiмен орналастыратын шетелдiк тауарларға iшке тасудың кедендiк баждары және салықтар салынбайды. Аталған тауарларға тарифтiк емес реттеудiң шаралары қолданылмайды.
8. Шетелдiк тауарларды қайта өңдеудiң өнiмдерi сыртқа шығарудың кедендiк баждарынан босатылады. Аталған өнiмдерге тарифтiк емес реттеудiң шаралары қолданылмайды.
9. Кеден iсi туралы заңының 63-1-бабына сәйкес шетелдiк тауарларды немесе оларды қайта өңдеудiң өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден аумағындағы еркiн айналысқа жiберу кезiнде, iшке тасудың кедендiк баждарының және салықтардың сомалары төленедi. Iшке тасудың кедендiк баждарының және салықтардың ставкалары әкелiнген тауарларды қайта өңдеуге қатысты қайта өңдеудiң өнiмдерiне немесе әкелiнген тауарларға қолданылады.
Бұл ретте, аталған сомалар төленген күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 еселiк мөлшерiнде өсiммен есептеу жүргiзiледi. Өсiм iшке тасудың кедендiк баждарын және салықтарды төлеу күнін қоса алғанда, тауарлардың қайта өңдеудің кедендік режимінде болуының уақытына есептеледі.
4. Кеден заңдары талаптарының сақталуын бақылау
10. Тауарларды қайта өңдеу кезіндегі кеден заңдары талаптарының сақталуын бақылауды қайта өңдеу мақсатында тауарларға кедендік ресімдеуді жүргізетін кеден органы жүзеге асырады.
11. Кеден бақылауымен тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимін пайдалану кезінде кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары Кеден ісі туралы заңының 209-бабына сәйкес тауарларды қайта өңдеумен шұғылданатын тұлғалардың қаржылық және сыртқы экономикалық іс-әрекетін тексере алады.
5. Қорытынды ережелер
12. Кеден бақылаумен тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген жауапкершілік тартылады.
Кеден бақылауымен
тауарларды қайта өңдеуде
кеден режимiн қолдану
жөнiндегi нұсқаулыққа
1-қосымша
____________________________________________________________________
(кеден органының атауы)
Кеден бақылауымен тауарларды өңдеудiң кеден режимiнде ресiмделген
тауарларды қайта өңдеудiң шарттары туралы мiндеттеме
____________________________________________________________________
(қайта өңдеудi жүзеге асырушы тұлға)
_____________________________________________________________сәйкес
(қайта өңдеу жөнiндегi шарттың күнi және нөмiрi)
____________________________________________________________________
тауарларды қайта өңдеуге мiндеттенедi.
____________________________________________________________________
(Сыртқы экономикалық iс-әрекеттiң тауарлық тiзбесiне сәйкес
тауарлардың атаулары және оларды саралау коды) қайта өңдеу өнiмiн
алу мақсатында
____________________________________________________________________
(Сыртқы экономикалық iс-әрекеттiң тауарлық тiзбесiне сәйкес қайта
өңдеу өнiмдерiнiң атаулары және оларды саралау коды) кәсiпорында
____________________________________________________________________
(өңдеушi кәсiпорынның атауы, мекен-жайы)
мынадай шарттар сақтала отырып:
қайта өңдеу мерзiмi_________________________________________________
қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу саны___________________________________
қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормасы_____________________ __________
____________________________________________________________________
қайта өңдеу мерзiмi:
20____ жылғы __________ 20___ жылғы ____________дейін ерекше
белгiлер
____________________________________________________________________
қайта өңдеудi жүзеге асырушы тұлға басшысының аты-жөнi,
_________________
(қолы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(кеден органының лауазымды тұлғасының қолы)
__________________________________________________________
Мiндеттемелер нөмiрiн кеден органының лауазымды тұлғасы
бередi және мынадай түрде қалыптасады:
00000/00000/000 онда:
00000 - қайта өңдеу шарттары туралы мiндеттеменi қабылдаған
кеден органының коды;
00000 - күн, ай, жылдың соңғы саны;
000 - Мiндеттемелердiң реттiк нөмiрi, кеден органының тiркеу
журналына сәйкес.
Кеден бақылауымен
тауарларды қайта өңдеуде
кеден режимiн қолдану
жөнiндегi нұсқаулыққа
2-қосымша
Қайта өңдеу шарттары туралы міндеттемелерді
тіркеу журналы
____________________________________________________________________
N Өтініш Қайта өңдеу СЭІӘТТ СЭІӘТТ Режимнің Ескерту
р/с беруші жөніндегі бойынша бойынша аяқталу
кәсіпорын. шарттың күні тауардың қайта өңдеу күні
ның атауы және нөмірі коды өнімдерінің
коды
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Келісілді Қазақстан
Қазақстан Республикасының Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі Мемлекеттік кіріс
2001 жылғы министрлігі
Кеден комитетінің
2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Тауарларды уақытша әкелу мен уақытша әкетуге кеден
режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Тауарларды уақытша әкелу мен уақытша әкетудiң кеден режимiн қолдану жөнiндегi осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) Заңына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының кеден аумағында немесе одан тысқары жерде тауарларды уақытша әкелу мен уақытша әкету кеден режимiнде тауарларды кеден бажынан, салықтарынан толық немесе iшiнара босата отырып және тарифсiз реттеу шараларын қолданбай пайдалану үшiн арналған тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау тәртiбiн айқындайды.
2. Уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн тауарлар, табиғи тозуы не тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында кемуi салдарынан өзгеруiн қоспағанда өзгерiссiз күйiнде қайтарылуға тиiс.
3. Уақытша әкелiнбейтiн және уақытша әкетiлмейтiн тауарлар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
4. Тауарларды уақытша әкелу мен уақытша әкетудiң кеден режимiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағында уақытша пайдалануға арналған шетелдiк тауарлар немесе Қазақстан Республикасы кеден аумағының шегiнде уақытша пайдалануға арналған отандық тауарлар орын алуы мүмкiн.
2. Кедендiк ресiмдеу
5. Тауарларды уақытша әкелу мен уақытша әкетудiң кеден режимiнде әкелiп және әкетiп жүрген тұлғаның тауарлары Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялауға жатады. Бұл ретте, тұлға Қазақстан Республикасына уақытша әкелген тауарларды керi әкететiнi туралы, немесе Қазақстан Республикасынан уақытша әкетiлген тауарларды керi әкелетiнi туралы осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша толтырылған мiндеттеменi кеден органына беруi тиiс.
6. Уақытша әкелу немесе уақытша әкетудiң мерзiмiн тауарларды уақытша әкелудi немесе әкетудi жүзеге асырған тұлға айқындайды, алайда ол тауарларды әкелген немесе әкеткен күннен бастап санағанда екi жылдан аспауы тиiс және декларант бұл туралы жүк кеден декларациясының 44-бағанындағы 8-санының астында көрсетедi.
Шетел дипломатиялық немесе соларға теңестiрілген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамының, солармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оларды Қазақстан Республикасында аккредитациялау мерзiмi аяқталғанша, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген тауарларын Қазақстан Республикасына уақытша әкелуге рұқсат етiледi.
Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тiзбеге енгiзiлген лизинг заттарын уақытша әкелу мен уақытша әкету мерзiмi лизинг шартына сәйкес бекiтiледi. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге енгiзiлген лизинг заттарын уақытша әкелу мен уақытша әкетудiң мерзiмдерiн өзгертудi Қазақстан Республикасының кеден органдары, лизинг шартына енгiзiлiп ұсынылған өзгертулердiң негiзiнде лизинг заттарын уақытша әкелген және уақытша әкеткен тұлға жүгiнген кезде iске асырады.
7. Уақытша әкелудiң (әкетудiң) тиiстi мерзiмдерiн сақталуын бақылауды кеден органдары iске асырады және уақытша әкелудiң (әкетудiң) мәлiмделген мерзiмдерi аяқталуына дейiн кем дегенде қырық күннен кешiктiрмей тауарды уақытша әкелген (әкеткен) тұлғаны тауарларды белгiленген мерзiмде әкету (әкелу) немесе өзге кеден режимiне мәлiмдеудiң қажеттілiгi туралы хабардар етедi.
8. Тауарларды уақытша әкелудiң (әкетудiң) белгiленген мерзiмдерiн шектеулi мерзiм (2-жылға дейiн) шегiнде ұзартуды осы Нұсқаулықпен белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
Тауарларды уақытша әкелудiң (әкетудiң) шектеулi мерзiмдерiн (2-жылдан астам) ұзарту Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң (бұдан әрi - Кеден комитетi) рұқсатымен жүзеге асырылады. Көрсетiлген мерзiмдердi ұзарту, құжатпен расталған (өндiрiстiк, инвестициялық және басқа да) мақсаттардан шыға отырып және осы Нұсқаулықтың 8-тармағында белгiленген тәртiпте тауарларды уақытша әкелудiң (әкетудiң) мән-жайына қарай отырып жүзеге асырылады.
Уақытша әкелудiң (әкетудiң) мерзiмдерiн ұзартқан кезде жаңа жүк кеден декларациясы ресiмделмейдi, әкелудiң (әкетудiң) ұзартылған мерзiмдерi тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимiнде бұрынғы ресiмделген жүк кеден декларациясының бiрiншi және үшiншi данасының келесi бетiнде көрсетiледi және аталған кеден режимiнiң талаптарын сақталуын бақылауды жүзеге асырушы кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмiрлi мөрiмен расталады.
Кеден режимiнiң талаптарын сақталуын бақылауды жүзеге асырушы кеден органы бастығының рұқсатымен тауарларды ұқсастыру және бар болуы мен күйiнiң өзгермегенiн растау мақсаттары үшiн түсiрiлген уақыты көрсетiлген фотосуреттердi, бейне материалдарды пайдалануға рұқсат етiледi.
9. Кеден комитетiнен уақытша әкелудiң (әкетудiң) шектеулi мерзiмдерiн ұзартуға рұқсат алу үшін тауарларды уақытша әкелiп (әкетiп) жүрген тұлға Кеден комитетiне тауарларды уақытша әкелудiң (әкетудiң) шектеулi мерзiмдерi аяқталғанға дейiн кем дегенде 30 күннен кешiктiрмей, мерзiмдердi ұзарту туралы еркiн нысанда толтырылған өтiнiш беруi тиiс және сонымен бiрге кеден режимiнiң талаптарын сақталуын бақылауды жүзеге асырушы кеден органына өтiнiштiң көшiрмесiн жөнелтедi.
Тауарды уақытша әкелген тұлғаның өтiнiшiн алған сәттен бастап, кеден органы бес күн iшiнде өтiнiштi қарайды және қорытындысын осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Кеден комитетiне жөнелтедi.
Тұлға өтiнiшпен бiрге:
1) кеден органы растаған жүк кеден декларациясының көшiрмесiн;
2) осы тауарға иелену және пайдалану құқығы бар екенi тиiстi түрде анықталған шарт, келiсiм-шарт немесе өзге құжатты беруi тиiс.
Тауарларды уақытша әкету мерзiмдерiн ұзарту үшiн тұлға осы тармақтың
1) және 2)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттарға қосымша уақытша әкетiлген тауардың өзгермеген күйi туралы шетелдегi Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi берген растауды ұсынады.
10. Кеден ережелерiн бұзу туралы iс қозғалған жағдайларда, уақытша әкелудiң (әкетудiң) мерзiмдерiн ұзарту туралы өтiнiш, тек қана Кеден органына сот шешiмiнiң көшiрмесi немесе кеден ережелерiн бұзу туралы iс жөнiнде кеден органы шығарған шешiмнiң көшiрмесiн ұсына отырып кеден ережелерiн бұзу туралы iс қаралғаннан кейiн қаралады.
11. Өтiнiштi қарау мерзiмi, осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды беру шартымен, оны Кеден комитетiне берген күннен бастап санағанда 15 күннен аспауы тиiс.
3. Уақытша әкелiнген (әкетiлген) тауарларды кедендiк
бақылаудың тәртiбi
12. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды уақытша әкелу (әкету) кеден режимiнде тауарларды алып өткен кезде заң талаптарының сақталуын, сонымен қатар кезеңдiк баждар мен салықтар сомасының нақты түскенiн бақылауды, оларға кедендiк ресiмдеу жүргiзген кеден органы жүзеге асырады.
13. Уақытша әкелiнген тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының қызмет аймағынан басқа кеден органының қызмет аймағына үш ай немесе одан да көп мерзiмге ауыстырған кезде, тауарды уақытша әкелген тұлға тауарларға кедендiк ресiмдеу жүргiзген кеден органын, тауарды басқа кеден органының қызмет аймағына әкететiнi туралы хабардар етедi.
Хабарлама еркiн нысанмен жазбаша түрде уақытша әкелу кеден режимiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырған кеден органының қызмет аймағынан тысқары жерде тауарлардың тағайындалған орны мен болу мерзiмi көрсетілiп жүргiзіледi. Осыған ұқсас хабарлама қызмет аймағында уақытша әкелiнген тауарларды алып өту жүргiзiлген кеден органына беріледi. Бұл ретте, тауарды уақытша әкелген тұлға растаған уақытша әкелу кеден режимiнде тауарларға кедендiк ресiмдеу үшiн негiз болған құжаттардың (жүк кеден декларациясы, келiсiм-шарт, келiсiм немесе тауарларды иелену және пайдалану құқығы анықталған өзге құжаттардың) көшiрмелерiн қоса бередi.
14. Тауарларды уақытша әкелген тұлға, оларды әкету мерзiмiн ұзарту туралы жүгiнген жағдайда, қызмет аймағында осы тауар бар кеден органы тауарға тексеру жүргiзедi және осы Нұсқаулықпен белгiленген нысандағы қорытындысын бередi. Көрсетiлген қорытындының көшiрмесi де осындай сияқты уақытша әкелу кеден режимiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырушы кеден органына жөнелтiледi.
15. Тауарларды Қазақстан Республикасынан тыс жерге керi әкетудi кедендiк ресiмдеу тауарларды уақытша әкелген тұлғаның қалауы бойынша тауарлар тұрған жердегi кеден органында жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл ретте, уақытша әкелу кеден режимiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырушы кеден органы уақытша әкелiнген тауарларға қатысты кеден баждары мен салықтары бойынша берешектiң бар-жоғын тексередi және тауарды уақытша әкелген тұлғаға тиiстi растау қағазын беруге тиiс.
Қазақстан Республикасынан тыс жерге керi әкетудiң кедендiк ресiмдеуiн жүргiзген кеден органы, кедендiк ресiмдеу және тауарларды Қазақстан Республикасынан тыс жерге нақты әкету аяқталғаннан кейiн, осы режимнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырушы кеден органына уақытша әкелiнген тауарларды бақылаудан алу үшiн негiз болып табылатын жүк кеден декларациясының көшiрмесiн жөнелтедi.
16. Уақытша әкелiнген тауарларға иелену және пайдалану құқығы берiлген кезде, тиiстi құқық алған тұлға қайтадан жасалған келiсiм-шарт (шарттар), қабылдап алу-беру актiсi, тауар иесiнiң жазбаша хабарламасы және өзге де құжаттар негiзiнде жаңа жүк кеден декларациясын табыс етедi. Мұндай жағдайда, жүк кеден декларациясын ресiмдеу үшiн кеден алымдары алынады, ал тұлға төлеген кезеңдi кеден баждары мен салықтары бұрын осы тауарларды иеленген және пайдаланған тұлғаға қайтарылмайды, қайта осы тауарларды еркiн айналысқа шығарған жағдайда төленуге жататын кеден баждары мен салықтарының сомасына есептеледi.
Жаңа жүк кеден декларациясын ресiмдеудi, ресiмдеу сәтiнде қызмет аймағында тауарлар мен көлiк құралдары тұрған кеден органында кеден заңдарына сәйкес уақытша әкелiнген тауарларды иелену мен пайдалану құқығы ауысқан тұлға жүргiзедi. Уақытша әкелiнген тауарларға және қажеттi төлем құжаттарын беруге қатысты кеден баждары мен салықтары бойынша берешектiң жоқ екенi туралы уақытша әкелiнген тауарларға кеден режимiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырушы кеден органының растамасы осындай ресiмдеудiң мiндеттi шарты болып табылады.
Жаңа жүк кеден декларациясына ресiмдеу жүргiзген кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарын бақылаудан алу үшiн, осы кеден режимiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырушы кеден органына оның көшiрмесiн жөнелтедi.
17. Кеден iсi туралы Заңның 69-бабына сәйкес тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимiн басқа кеден режимiне өзгертуге рұқсат етiледi. Мұндай өзгертуге мәлiмделген кеден режимiне қойылатын талаптар сақталған кезде тауарларды әкетудiң (әкелудiң) белгiленген мерзiмдерi аяқталғанға дейiн рұқсат етiледi.
4. Кеден төлемдерi мен салықтарын есептеу және
өндiрiп алу тәртiбi
18. Кеден iсi туралы Заңның 68-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi кеден баждары мен салықтарын салудан толық босатылатын уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн тауарлардың тiзбесiн бекiтедi.
Өзге тауарларға қатысты кеден баждары мен салықтарын салудан iшiнара босату кеден iсi туралы Заңның 68-бабына сәйкес қолданылады. Бұл ретте, әрбiр толық және толық емес айлар үшін, егер тауарлар еркін айналысқа шығарылса немесе экспортталатын болса төленуге жататын соманың үш пайызы төленедi, бұл ретте, қосымша құнға салынатын кеден баждары мен салықтары бойынша дәйектi төлемнiң сомасы бөлек есептелiнедi.
Уақытша әкелiнген немесе уақытша әкетiлген кезде iшiнара босатыла отырып алынатын кеден баждары мен салықтарының жалпы сомасы, егер тауарларды еркiн айналысқа немесе экспортқа шығарылған болса, әкелiнген немесе әкетiлген сәтiнде төленуге жататын кеден баждары мен салықтарының сомасынан аспауы тиiс.
Егер көрсетiлген сомалар тепе-тең болған жағдайда, осы тауарға қатысты тарифсiз реттеу шараларын қолданбау шарты кезiнде тауарлар еркiн айналым немесе экспорт үшiн шыққан деп есептеледi.
19. Кеден баждары мен салықтарын төлеу мынадай ерекшелiктер ескерiлiп жүзеге асырылады:
1) керi әкету (әкелу) мерзiмдерiн ұзартқан жағдайда, кеден баждарының, салықтарының ставкалары мен тауарларды уақытша әкелу мен әкетудiң мәлiмделген кеден режимiмен жүк кеден декларациясын қабылдаған күнi қолданыста болған шетел валютасының бағамы қолданылады;
2) кезеңдi кеден баждары мен салықтарының есептелген сомалары әрбiр келесi айға немесе декларанттың қалауы бойынша неғұрлым көбiрек кезеңiне алдын ала төленедi;
3) кезеңдi кеден баждары мен салықтарының төленген сомалары керi әкеткен (әкелген) кезде болмаса өзге кеден режимiне мәлiмделген кезде, уақытша әкелiнген тауарларды кейiнiрек еркiн айналысқа шығару кеден режимiне мәлiмдеу жағдайларын қоспағанда қайтарылмайды. Бұл жағдайда:
кезеңдi кеден баждары мен салықтарының төленген сомалары тауарларды еркiн айналысқа шығару үшiн тауарларды шығарылған тауарлардың кеден режимiне орналастырылуына байланысты төленуге тиiстi кеден баждары мен салықтарының сомасына есептеледi;
кеден баждарының, салықтарының ставкалары мен тауарларды еркiн айналысқа шығару кеден режимiне мәлiмдеумен жүк кеден декларациясын қабылдаған күнi қолданыста болған шетел валютасының бағамы қолданылады;
тауарлардың кедендiк құны тауарларды уақытша әкелу/әкету кедендiк режимiне орналастырған күннен бастап анықталады.
Тауарларды уақытша әкелу/әкету мерзiмдерiн ұзартқан кезде кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдары алынбайды.
5. Жеке тұлғалардың оңайлатылған тәртiптi қолдана отырып
тауарларды уақытша әкелуi (әкетуi)
20. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткен кезде, осы тұлғаларға тауарларды декларациялаудың оңайлатылған тәртiбiн қолданумен Қазақстан Республикасының аумағында (уақытша болған елде) жеке пайдалануы үшiн қажеттi уақытша әкелген (әкеткен тауарларды жеке тұлғалар өзiмен бiрге) тауарларын әкеле (әкете), сондай-ақ керi әкете (әкеле) алады.
Қазақстан Республикасының аумағында (уақытша болған елде) жеке пайдалануы үшiн қажеттi тауарлар ретiнде, сипаты мен болу ұзақтылығына қарай мынадай тауарлар қаралады:
жеке басының күнделiктi тұрмысында қолданылатын заттар (киiм, аяқ киiм, қымбат металдардан, асыл тастардан, маржаннан жасалған зергерлiк бұйымдар);
музыкалық аспаптар, аудиотехника, бейнетехника, сондай-ақ жеке пайдалануы үшін кез-келген жұмсалмайтын тауарлар мен заттар.
Тауарлар жаңа қалпында да, қолданылған қалпында да болуы мүмкiн.
Жеке пайдалануындағы автокөлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органдарымен келiсiлген Кеден комитетiнiң жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерi белгiлеген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
21. Тауарларды декларациялаудың оңайлатылған тәртiбi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетін тауарлар туралы мәліметтерді біртұтас жолаушы декларациясында жазбаша мәлімдеуді білдіреді.
22. Декларациялаудың оңайлатылған тәртібін қолданып тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында тек қана Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын орны бар жеке тұлғалар уақытша әкеле алады, ал Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын орны бар жеке тұлғалар - көрсетілген тәртіпте уақытша әкете алады.
23. Мәлімдеудің оңайлатылған тәртібін қолдана отырып, уақытша әкелінген (әкетілген) тауарларды иеліктен шығаруға, пайдалануға беру, басқа адамның еркіне немесе иелігіне беруге болмайды.
6. Қорытынды ережелер
24. Тауарларды уақытша әкелу мен уақытша әкетудің кеден режиміндегі талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген жауапкершілікке тартылады.
Тауарларды уақытша әкелу
және уақытша әкетудiң
кеден режимiн қолдану жөнiндегi
Нұсқаулыққа 1-қосымша
Тауарларды керi әкету/әкелу туралы
МIНДЕТТЕМЕ
________________________
(керексiзiн сызып таста)
____________________________________________________________________
(уақытша әкету/әкелу режимiн мәлiмдеген тұлғаның атауы)
200_ жылдың "___" ____________дейiнгi мерзiмде
____________________________________________________________________ (тауарлардың ұқсастығын бiлдiретiн айырмашылық
____________________________________________________________________ белгiлерi көрсетiлген тауарлардың атаулары)
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге әкетуге,
Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуге мiндеттенедi
(керегiн көрсетiлсiн).
Кеден заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлігi туралы ескертiлдi.
Бастықтың мөрiмен расталған қолы (заңды тұлғалар үшiн), жеке
тұлғалар үшiн жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күнi мен
нөмiрi көрсетiледi:
____________________________ ________ж. "____"___________
Тауарларды уақытша әкелу
мен уақытша әкетудiң кеден
режимiн қолдану жөнiндегi
Нұсқаулыққа 2-қосымша
__________________________
(кеден органының атауы)
әкелiнген тауардың бар болуы мен өзгермеген күйi туралы
"____"__________ N______
ҚОРЫТЫНДЫ
N____ ЖКД-сы бойынша________________________________________________
____________________________________________________________________ (мәлiмдеушiнiң атауы)
1. Кеден ережелерiн бұзғаны туралы iс жөнiнде шығарылған
қаулының мазмұны: ___________________________________
___________________________________________________________________
(егер шығарылған болса, көрсетiледi)
____________________________________________________________________
2. Ұзартуды ҚР орталық кеден органы жүзеге асырды:
____________________________________________________________________ (құжаттың шығыс нөмiрi мен күнi)
3. Кеден органының қорытындысы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Инспектордың қолы мен фамилиясы, жеке нөмiрлi мөртабанымен
расталады: _____________________________________________
Кеден органы бастығының қолы мен фамилиясы, кеден органының мөрiмен
расталады:_____________________________________________________
Келісілді Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Мемлекеттік кіріс министрі Кеден комитетінің
2001 жылғы 08 ақпан 2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Еркін кеден аймағы кедендік режимін
қолдану жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Еркін кеден аймағы кедендік режимін қолдану жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Кеден ісі туралы заң) сәйкес әзірленді және еркін кеден аймағы (бұдан әрі - ЕКА) кедендік режимімен орналастырылатын тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізудің және кедендік бақылауды жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.
2. Кеден ісі туралы заңның 71-бабына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік режимі - шетелдік тауарлар кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифсіз реттеу шаралары қолданылмастан тиісті аумақтық шекараларда орналастырылатын және пайдаланылатын, отандық тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында белгіленген тәртіппен экспорттың кедендік режиміне сәйкес әкетуге қолданылатын шарттарда орналастырылатын және пайдаланылатын кедендік режим.
3. Кеден ісі туралы заңның 3-бабына сәйкес еркін кеден аймағының шектері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады.
2. Тауарларды ЕКА кедендік режимімен
орналастырудың шарттары
4. Кеден ісі туралы заңның 73-1-бабына сәйкес ЕКА-на қайта өңдеу үшін арналған тауарларды, сондай-ақ жабдықтарды орналастыруға жол беріледі.
Арнайы экономикалық аймақтар аумағына ЕКА кедендік режимімен тауарларды қайта өңдеуге жеткілікті өлшемдерге сәйкес қайта өңдеу үшін арналған тауарларды (спиртті қоспағанда), сондай-ақ жабдықтарды орналастыруға жол беріледі. Тауарларды қайта өңдеуге жеткілікті өлшемдер Кеден ісі туралы заңның 142-бабына сәйкес айқындалады.
5. Еркiн кеден аймақтарында Кеден iсi туралы заңның 74-бабына сәйкес тауарлармен операциялар жасауға рұқсат етiледi.
6. Еркiн кеден аймағының немесе арнайы экономикалық аймақтың жұмыс iстеуi жағдайында тауарлар еркiн кеден аймағында ЕКА кедендiк режимiмен шектеусiз мерзiмде бола алады.
Еркiн кеден аймағы немесе арнайы экономикалық аймақ таратылған кезде тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес басқа кеден режимiне қайта ресiмдеуге жатады.
7. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлардың орнын ауыстыру тиiстi аумақтық шектермен шектеледi.
3. Тауарларды кедендiк ресiмдеу
8. Кедендiк ресiмдеуге:
ЕКА кедендiк режимiмен әкелiнетiн және орналастырылатын;
ЕКА кедендiк режимiне мәлiмделген және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетiлетiн;
ЕКА кедендiк режимiне мәлiмделген және кедендiк режимнiң өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасының кедендiк аумағының қалған бөлiгiне әкетiлетiн шетелдiк тауарлар жатады.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен еркiн кеден аймағының немесе арнайы экономикалық аймақтың аумағында тiркелген тұлғаларға тауарларды ЕКА кедендiк режимiмен орналастыруға рұқсат етiледi.
Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетiлген тауарлар кеден органына:
жүк кеден декларациясын;
қайта өңдеудiң тауарларды қайта өңдеу үшiн жеткiлiктi өлшемдерге сәйкестiгiн растайтын құжаттарды (технологиялық құжаттамалар, сипаттамалар, сызбалар, схемалар және с.с.);
жүк кедендiк декларацияның, кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтердi қабылдау тәртiбiне белгiленген талаптарға сәйкес айқындалған өзге де құжаттарды ұсыну жолымен декларациялауға жатады.
10. Еркiн кеден аймағы кедендiк режимi өзге кедендiк режимге өзгерген жағдайда шетелдiк тауарларды кедендiк ресiмдеу, тарифсiз реттеу шаралардың қолдану, кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу таңдап алынған кедендiк режимнiң шарттары мен талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
11. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылған шетелдiк тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге керi экспорт кедендiк режимiне сәйкес әкетiледi. Нақты әкетуге бақылау кедендiк бақылаумен тауарларды жеткiзуге белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Кеден баждары мен салықтарын төлеудiң ерекшелiктерi
12. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын шетелдiк тауарларды әкелу кезiнде кеден баждары мен салықтары алынбайды.
13. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылған тауарларды еркiн кеден аймағының аумағынан Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету кезiнде:
шетелдiк;
еркiн кеден аймағы аумағында өндiрiлген;
еркiн кеден аймағы аумағында қайта өңдеуге ұшыраған тауарларға кеден баждары қолданылмайды.
Тауарлардың еркiн кеден аймағы аумағынан шыққандығы шығу тегi
сертификатымен куәландырылады. Сертификат болмаған жағдайда тауар:
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету кезiнде - отандық ретiнде әкету кеден баждарын алу мақсатында;
Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының қалған бөлiктерiне әкелу кезiнде - шетелдiк ретiнде әкелу кеден баждарын алу мақсатында қарастырылады.
5. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларға
кедендiк бақылау
14. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларға кедендiк бақылау тауар ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылған сәттен бастап жүзеге асырылады және тауарды өзге кедендiк режиммен орналастырған жағдайда не тауарларды қайта өңдеудiң жеткiлiктi өлшемдерiне сәйкес тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар жүзеге асырылғаннан кейiн аяқталады.
Өзге кедендiк режимдерге мәлiмделген тауарларды одан әрi кедендiк бақылау таңдап алынған кедендiк режимнің шарттары мен талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
15. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылған тауарларды кедендiк ресiмдеу, оларды кедендiк қоймадан, еркiн қоймадан басқа, өзге кедендiк режимде мәлiмдеген кезде, мұндай тауарларды ЕКА кедендiк режимiнде кедендiк ресiмдеу жүргiзiлген кеден органында жүзеге асырылады.
Егер бұрын ЕКА кедендiк режимiнде ресiмделген тауарлар өзге кеден органының қызмет аймағында орналасқан кедендiк қойма, еркiн қойма кедендiк режимiмен мәлiмделген жағдайда, онда мұндай тауарларды таңдап алынған кедендiк режимге сәйкес кедендiк ресiмдеу қызмет аймағында кеден қоймалары немесе еркiн қоймалары бар кеден органында жүргiзiледi. Бұл ретте, тауарлардың өткiзу кедендiк бақылаумен тауарларды жеткiзуге белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
Бұрын ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылған тауарларды бақылаудан алу үшiн:
кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының кедендiк ресiмдегенi туралы жазбаша құлақтандыруы;
кеден қоймасының немесе еркiн қойманың кедендiк режимiне сәйкес ресiмделген, лауазымды адамның жеке нөмiрлі мөрiмен расталған жүктiк кеден декларациясының көшiрмесi негiздеме болып табылады.
16. Уақытша әкелудiң, кеден қоймасының, еркiн қойманың кедендiк режимiне сәйкес еркiн кеден аймағы аумағына әкелiнген тауарлар осы Нұсқаулықтың 2-тарауына сәйкес ЕКА кедендiк режимiне мәлiмделуi мүмкiн.
6. ЕКА кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларды
есепке алу мен есебiн жүргiзудiң тәртiбi
17. Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары кедендiк бақылаудың барлық нысандарын қолдануға, сондай-ақ белгiленген кестеден тыс есептер ұсынуды талап етуге құқылы. Бұл жағдайда есептi кеден органы бастығының жазбаша талап етуi ұсынылған күннен бастап жетi күннiң iшiнде ЕКА кедендiк режимiн мәлiмдеген тұлғалар ұсынуы тиiс.
18. ЕКА кедендiк режимiн мәлiмдеген адам тауарлардың есебiн жүргiзедi және кеден органдарына олар туралы есеп бередi. Тауарлармен болған кез-келген өзгерiстер есеп құжаттарында көрсетілуі тиiс. Есеп берудiң нысанын қызмет аймағында ЕКА құрылған кеден органы белгiлейдi. Есеп есептiден кейiнгi тоқсанның 10-на дейiн тоқсан сайын берiледi.
ЕКА кедендiк режимiнде мәлiмделген тауарлар билiгiндегi адамдар Қазақстан Республикасының кеден органына есебiн ұсынбағаны және тауарларды есепке алуды жүргiзудiң тәртiбiн орындамағаны үшiн жауаптылықта болады.
7. Қорытынды ережелер
19. Еркін кеден аймағы кедендік режимінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа болады.
Келісілді Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Мемлекеттік кіріс министрі Кеден комитетінің
2001 жылғы 08 ақпан 2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Еркін қойма кедендік режимін
қолдану жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Еркiн қойма кедендiк режимiн қолдану жөнiндегi осы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және еркiн қойма кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың тәртiбiн және еркiн қойманы құру тәртiбiн айқындайды.
Кеден iсi туралы заңның 71-бабына сәйкес еркiн қойма кедендiк режимi - бұл шетелдiк тауарлардан кедендiк баждар, салықтар алынбай және тарифсiз реттеудiң шаралары қолданылмай тиiстi үй-жайларда (орындарда) орналастырылатын және пайдаланылатын, отандық тауарлар Кеден iсi туралы заңда айқындалған тәртiппен экспорттың кедендiк режимiне сәйкес әкетуге қолданылатын шарттармен орналастырылатын және пайдаланылатын кедендiк режим.
2. Еркiн қоймаға қайта өңдеу үшiн арналған (спирттен басқа) тауарларды және жабдықтарды орналастыруға рұқсат етiледi.
3. Еркiн қойма - бұл еркiн қойма кедендiк режимiне сәйкес оған тауарларды орналастыру үшiн арнайы арналған қойма.
4. Еркiн қоймалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң (бұдан әрi - Кеден комитетi) лицензиясын алғаннан кейiн құрылады.
5. Кеден iсi туралы заңның 3-бабына сәйкес еркiн қоймалардың шектерi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы болып табылады.
6. Еркiн қойманың аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады.
7. Тауарлар еркiн қоймаларда, тауарлар мен көлiк құралдарын еркін қойманың уақытша сақтау орны ретінде пайдаланылатын бөлiгiнде уақытша сақтау жағдайларынан басқа, шектеусiз мерзiмде бола алады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын еркiн қоймаларда уақытша сақтау мерзiмi Кеден iсi туралы заңның 179-бабына сәйкес айқындалады.
8. Еркiн қойма кедендiк режимiмен орналастырылған шетелдiк тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге керi экспорт кедендiк режимiне сәйкес әкетiледi. Нақты әкетiлуге бақылау кедендiк бақылаумен тауарларды жеткiзуге белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Еркiн қоймалардың жайғастырылуы мен жабдықталуына
және олардың иелерiне қойылатын талаптар
9. Еркiн қоймалардың жайғастырылуы мен жабдықталуына қойылатын талаптар қажеттілiк және жеткiлiктілiк өлшемiне байланысты еркiн қойма кедендiк режимiмен орналастырылған тауарларға кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында белгiленедi.
10. Еркiн қойманы құруға арналған үй-жай немесе орын өртке қарсы қауiпсiздiк, санитарлық және техникалық қалып талаптарына сәйкес болуы, сондай-ақ келесi талаптарға жауап беруi керек:
1) жайғастырылу мен жабдықталу мынадай:
еркiн қоймадан тауарлардың кеден бақылауынсыз орналастырылуы мен алынуы;
қойманың аумағына орнатылған өткiзу пункттерiнен тыс (өткiзу пункттерiнiң саны мен өткiзу режимi, қойманың жұмыс iстеу ерекшелiктерiн ала отырып, еркiн қойманың иесiмен белгіленедi) адамдарды өткiзу мүмкiндiктерiн болдырмауы тиiс;
2) аумақ барлық шегi бойынша белгiленген және қоршалған болуы керек.
Еркiн қойманы құруға арналған үй-жай немесе орын қосарлас, оның бiрi қызмет аймағында осындай үй-жайы немесе орыны бар кеден органының қарауында болатын, бекiту құрылғылармен жабдықталуы керек.
Еркiн қойма кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында, сәйкесiнше үй-жайлар немесе орындардың иелерiмен кеден органдары қызметкерлерi үшiн қажеттi қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлар, жабдықтар және байланыс құралдары ұсынылуы қажет.
11. Уақытша сақтау орыны ретiнде пайдаланылатын еркiн қойманың бөлiгi уақытша сақтау орындарына қойылатын белгiленген мiндеттi талаптарға сәйкес келуi керек.
12. Еркiн қоймалар олардың жұмыс жасауының барлық мерзiмi бойына белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
13. Еркiн қоймалар иелерiнiң мiндеттерi Кеден iсi туралы заңның 78-бабымен айқындалады.
3. Еркiн қоймаға орналастырған кезде
тауарларды кедендiк ресiмдеу
14. Еркiн қойманың бөлiгiн уақытша сақтау орны деп таныған жағдайда, қойманың тиiстi бөлiгiне уақытша сақтау процедурасына сәйкес оларды уақытша сақтау мақсатында тауарлар орналастырыла алады.
Еркiн қоймаға шетел тауарларын орналастыру жүктiк кедендiк декларация негiзiнде жүзеге асырылады.
15. Отандық тауарларды еркiн қоймаларға орналастыру, сондай-ақ отандық тауарларды еркiн қоймалардан шығару кеден органдарына тауарларға iлеспе құжаттарды ұсыну жолымен оңайлатылған нысан бойынша жүргiзіледi. Кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органының лауазымды адамы тауарларға iлеспе құжаттарда есепке алу кiтабы бойынша тiркеу нөмiрiн көрсетедi және оны қолымен және жеке нөмiрлi мөрiмен куәландырады.
16. Еркiн қойма еркiн қойма кедендiк режимi бойынша орналастырылатын тауарларға кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн орын болуы мүмкiн.
17. Тауарлардың еркiн қойма кедендiк режимiнде кедендiк ресiмделуiнен соң уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылған еркiн қойманың жекеленген бөлiгiндегi тауарлар еркiн қойманың қалған бөлiгiне орын ауыстыруға жатады.
18. Уақытша сақтау орынындағы (еркiн қоймадан басқа) уақытша сақтаудағы тауарларды еркiн қоймаға орналастыру мақсатында орнын ауыстыру еркiн қойма кедендiк режимiне сәйкес ресiмделген жүктiк кедендiк декларацияның негiзiнде жүргiзiледi.
19. Отандық тауарларды еркiн қойма аумағынан Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының қалған бөлiгiне әкету кезiнде кедендiк ресiмдеу кеден органына тауарға iлеспе құжаттарды ұсыну жолымен оңайлатылған нысан бойынша жүргiзiледi.
20. Еркiн қоймадан тауарларды әкету кезiнде қойманың иесi мұндай ниетi туралы кеден органын алдын-ала құлақтандыруға мiндеттi. Құлақтандыруды беру мерзiмi кеден органымен Кеден iсi туралы заңның 164-бабына сәйкес белгіленедi.
4. Еркiн қоймалардағы тауарлармен
жүргiзiлетiн операциялар
21. Тауарлардың еркiн қойма кедендiк режимiнде кедендiк ресiмделуiнен соң, еркiн қоймада орналастырылған тауарлармен мынадай:
1) тауарлардың мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз ету бойынша:
тазарту;
желдетiп алу;
кептiру (соның iшiнде жылу ағынын жасаумен);
сақтаудың үйлесiмдi температуралық режимiн құру (салқындату, мұздату, ысыту);
қорғайтын орамға орналастыру;
қорғаныш майлары мен консерванттарын жағу;
тот басудан қорғау үшiн бояу;
сақтандырғыш қосындыларды енгiзу;
коррозияға қарсы қаптама жағу;
2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау бойынша:
партияларды ұсақтау;
жөнелтiлiмдердi қалыптастыру;
сорттау;
орау;
қайта орау;
маркiлеу;
тиеу, түсiру қайта тиеу;
iрiктеуге дейiнге немесе жұмыс жағдайына келтiруге байланысты қарапайым операциялар;
тауарларды қойманың iшiнде рационалды орналастыру мақсатында ауыстыру;
демонстрациялық қабырғаларда тауарларды орналастыру;
тестiлеу;
3) қайта өңдеу жөнiндегi операциялар:
монтаждау, жинау және қиыстырып келтiру қоса алған кезде әкелiнген тауардың негiзгi сипаты сақталатын басқа тауарды дайындау (қайта өңдеу);
тегiнде тауарларды қайта өңдеу кезiнде шетелдiк тауарлар, идентификация қайта өңдеудiң мiндеттi шарты болып табылса, қайта өңдеу өнiмдерiнде әкелiнген тауарларды идентификациялауға мүмкiндiк беретiн сипаттаманы қайта өңдеу өнiмдерiнде сақтаумен дербес сипаттамасын жоғалтуы;
оларды қалпына келтiрумен қоса, тауарларды жөндеу;
қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудi жеңiлдетуге арналған кейбiр тауарларды қайта өңдеу процесi барысында толық немесе жарым-жартылай қолданылуымен пайдалану. Аталған операция осы тармақшаның екiншi-төртiншi абзацтарында көрсетiлген операциялардың бiреуiмен орындалуы керек;
зақымданған бөлiктердi бөлектеу, бөлшектеу, қирату және (немесе) жою;
4) мына операцияларды қосқанда:
тауарларды технологиялық жабдықтар және оларға қосымша бөлшектер ретiнде пайдалану;
тауарларды еркiн қоймада пайдаланылатын тиеу-түсiру техникасы, басқа да техникалық құралдары ретiнде пайдалану;
көрмелердi өткiзуге жол берiледi.
22. Осы Нұсқаулықтың 21-тармағындағы 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген еркiн қоймаға орналастырылған тауарлармен операциялар кеден органының құлақтандырылуымен жүргiзiледi.
23. Осы Нұсқаулықтың 21-тармағының 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген операциялар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауарлы номенклатурасы бойынша тауарлардың тоғызыншы белгi деңгейiндегi топтастыру кодын өзгертпеуi тиiс.
24. Еркiн қоймада уақытша сақтауға қойылған тауарлармен, осы Нұсқаулықтың 21-тармағының 1), 2)-тармақшаларында аталған мұндай тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша операциялар жүргiзiлуi мүмкiн.
Қойманың иесi, тауарларға қатысты өкiлеттiлiкке иегер өзге адам, және олардың өкiлдерi уақытша сақтаудағы тауарларды тексерiп қарай және өлшей алады, кеден органдарының рұқсатымен тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алады.
25. Еркiн қоймада орналасқан және кедендiк бақылауға жататын тауарлар Кеден iсi туралы заңның 208-бабына сәйкес кеден органдарымен бiрегейлендiрiлуi мүмкiн. Бiрегейлендiру тәсiлi қойма иесiнiң пiкiрiн ескере отырып кеден органдарымен белгiленедi.
26. Еркiн қоймаларда шетел тауарларын қайта өңдеу бойынша операцияларды жүзеге асыру кезiнде қайта өңдеу өнiмдерiн өндiру мақсатында қосымша, үстеме компоненттер ретiнде отандық тауарларды пайдалануға рұқсат етiледi.
5. Еркiн қойма арқылы айналымдағы тауарлар туралы
есеп жүргiзу және есеп беру
27. Еркiн қоймалар арқылы айналымдағы тауарлар мiндеттi есепке алынуға жатады.
28. Еркiн қойма арқылы айналымдағы отандық тауарлар тауарға ілеспе құжаттар негiзiнде есеп жүргiзу кiтабында мiндеттi тiркеуге алуға жатады.
29. Еркiн қойма иелерi әкелiнген, сақталатын, дайындалатын, қайта өңделетiн, сатып алынатын, сатылатын және қоймадан әкетілетiн тауарлар туралы есеп жүргiзедi және кеден органдарына есеп бередi.
30. Еркiн қоймадағы тауарлармен болған кез-келген өзгерiс есеп жүргiзу құжаттарында көрсетiлуi тиiс.
31. Еркiн қоймадағы тауарлардың есебiн жүргiзудiң нысаны қойма иесiнiң келiсiмi бойынша кеден органдарымен айқындалады. Бұл ретте есеп жүргiзу жүйесiне:
1) еркiн қоймаға әкелiнген тауарлардың есебiн жүргiзу кiтабы;
2) еркiн қоймадан әкетiлген тауарлардың есебiн жүргiзу кiтабы;
3) есеп жүргiзудiң кедендiк құжаты қосылады.
32. Есеп жүргiзу кiтабы есеп жүргiзудiң басқа, оның iшiнде автоматтандырылған жүйелерiн пайдалануға қарамастан осы Нұсқаулыққа 1, 2-қосымшалармен келiсiлген нысанға сәйкес жүргiзiледi. Есеп жүргiзу кiтабын жүргiзудiң тәртiбiн кеден органдары белгiлейдi.
33. Есеп жүргiзу кiтабындағы жазбалар мынадай тәртiппен:
1) орналастырылатын тауарлар туралы - еркiн қоймаға тауарларды орналастырған сәтте, бiрақ еркiн қоймаға тауарларды әкелген сәттегi тәулiктен кешiктiрмей;
2) әкетілген тауарлар туралы - еркiн қоймадан тауарларды тiкелей әкетiлген кезде енгiзiлуi тиiс.
34. Оларда барлық қажеттi мәлiметтер болған жағдайда есеп жүргiзу кiтабының жүргiзiлуi белгiленген нысаннан ауытқуына рұқсат етiледi.
35. Кедендiк құжаттың есебiн жүргiзу нысанында кеден органдары еркiн қоймаға орналастырылатын және одан әкетiлетiн тауарлардың есебiн жүргiзедi. Кедендiк құжат есебiн жүргiзу ретiнде жүктiк кедендiк декларация пайдаланылады.
36. Еркiн қоймада сақталатын, дайындалатын және қайта өңделетiн тауарлардың есебiн жүргiзу үшiн, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен есеп берудi жүргiзу үшiн қолданылатын, егер мұндай құжаттарда: тауарлардың атауы мен ұқсастық белгiлерi, олардың саны, еркiн қойма iшiнде тауарлар мен көлiк құралдарының орын алмасуы туралы мәлiметтердi, еркiн қоймада олармен болған кез-келген өзгерiстердi бейнеленген жағдайда, құжаттар пайдаланылады.
37. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын кедендiк бақылаудың нысандарын қолданады, сонымен қатар белгiленген кестеден тыс есеп берудi ұсынуды талап етедi. Бұл жағдайда есеп еркiн қойманың иесiмен кеден органы бастығының жазбаша талабы ұсынылған күннен жетi күн iшiнде ұсынылуы тиiс.
38. Егер уақытша сақтау орнында және еркiн қоймада тауарлар мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзудiң автоматтандырылған жүйесi пайдаланылса, онда оның иесi кеден органдарының мұндай жүйеге кiруiне рұқсат беруiне мiндеттi.
39. Кеден iсi туралы заңның 218-бабына сәйкес кеден органы уақытша сақтау орындарында және еркiн қоймаларда сақталатын тауарларға түгендеу жүргiзуге құқылы.
40. Еркiн қойма арқылы айналымдағы тауарлар есебiн жүргiзген құжаттар, мұндай құжаттарды жапқан күнiнен бастап бес жыл сақталады. Бұл ретте осы тармақта көрсетiлген есеп жүргiзу құжаттары күнтiзбелiк жыл бойынша жүргiзiледi.
41. Еркiн қойманың иелерiмен еркiн қоймада сақталатын тауарлар туралы кеден органдарына кемiнде үш айда бiр рет есеп беру ұсынылуы тиiс.
6. Кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiне жауаптылық.
Кедендiк баждарды, салықтарды алу және тарифсiз реттеу
шараларын қолдану
42. Еркiн қоймаға орналастырылған және экспорт кедендiк режимiне сәйкес әкетiлуге жататын отандық тауарлар Кеден iсi туралы заңның 80-бабына сәйкес кедендiк баждан босатылады немесе мұндай баждың төленген сомасына қайтару жүргiзiледi.
43. Еркiн қойма кедендiк режимiмен орналастырылған шетелдiк тауарлар кедендiк баждар мен салықтар төлеуден босатылады.
44. Еркiн қоймаға орналастырылған шетелдiк тауарлар қатысында кедендiк баждар мен салықтар төлеу таңдап алынған кедендiк режимнiң талаптарына сәйкес қоймадан шығарған кезде жүргiзiледi.
45. Кеден iсi туралы заңның 81-бабына сәйкес тауарларды еркiн қоймаға орналастырған тұлға кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жауаптылықта болады.
Кеден iсi туралы заңның 78-бабында көрсетiлген талаптарды сақтамаған жағдайда кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жауаптылық еркiн қойма иесiнде болады.
7. Еркiн қойманы тарату
46. Лицензияны қайтарып алу туралы лицензиат жазбаша хабарлаған күннен бастап еркiн қойма таратылды деп есептеледi.
47. Лицензияны қайтарып алу туралы лицензиат жазбаша хабарлаған күннен бастап еркiн қоймада сақталған барлық тауарлар уақытша сақтауда болып есептеледi және таңдап алынған кедендiк режимге сәйкес кедендiк ресiмдеуге жатады.
Егер таратылған қоймада қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшыраған тауарлар болған жағдайда, кеден органы еркiн қоймаға мұндай тауарлар орналастырған тұлғаны қойманың таратылғандығы туралы құлақтандырады. Бұл ретте көрсетiлген тауарлар үшiн қайта өңдеудiң соңғы операциялары аяқталғанға дейiн еркiн қойма кедендiк режимi сақталады.
8. Қорытынды ережелер
48. Еркiн қойма кедендiк режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершiлiкте болады.
Еркін қойма кедендік режимін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Еркін қоймаға әкелінген тауарлардың есебін
жүргізу кітабы
____________________________________________________________________
N Тауарларды Кеден. Тауар. Тауар. Тауар. Орын. Брутто Тауар. Ескерт
еркін қой. дік құ. ларды лық. лар. ның салма. ларды пелер
маға орна. жаттың қоймаға транс. дың саны ғы қоймаға
ластырған нөмірі орна. порттық атауы (кг) қабылда.
күн ластыр. құжаттар ған
ған нөмірі адамның
тұлға қолы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Еркін қойма кедендік режимін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Еркін қоймаға әкелінген тауарлардың есебін
жүргізу кітабы
____________________________________________________________________
N Тауарлардың Жүктік кедендік Тауардың Орынның Брутто Тауарды Ескерт
еркін қойма. декларацияның атауы саны салма.берген пелер
дан нақты нөмірі ғы (кг)адамның
әкетілу күні қолы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Келісілді Қазақстан
Қазақстан Республикасының Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі Мемлекеттік кіріс
2001 жылғы 8ақпан министрлігі
Кеден комитетінің
2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары
жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимін қолдану
жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiн қолдану жөнiндегi осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - кеден iсi туралы Заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiн қолдану және тауарлар мен ұқсату өнiмдерiн кедендiк бақылаудың тәртiбiн анықтайды.
2. Аталған Нұсқаулықта келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
"тауарлар" - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату, жөндеу үшiн әкетiлетiн отандық тауарлар;
"ұқсату өнiмдерi" - әкетiлген тауарларды ұқсатудың нәтижесiнде пайда болған тауарлар;
"кеден мақсаттарында ұқсатылған өнiм шығымының мөлшерi" - отандық тауарларды ұқсатудың нәтижесiнде пайда болған ұқсату өнiмдерiнің шығым мөлшерi;
"мәлiмдеушi" - ұқсату үшiн тауарларды тасымалдап жүрген, кеден органына кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi ұсынатын және осы режимнің шарттардың дұрыс және уақытында орындалуы мен оның аяқталуы үшiн жауапты тұлға болып табылатын отандық тұлға;
"ұқсатушы" - тауарларды ұқсатуды тiкелей жүзеге асырып жүрген және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерде тұратын шетелдiк тұлға;
"бақылаушы кеден органы" - ұқсату шарттары туралы мiндеттеме тiркелген кеден органы Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшiн түсiнiктер қолданылады.
2. Тауарларды ұқсату бойынша жасалатын
операциялар
3. Тауарларды ұқсату жөнiндегi операцияларға кiредi:
1) тауарлардың өзiн ұқсату, бұл орайда отандық тауарлар жеке басының сипатын, ұқсату өнiмдерiнде әкетiлген тауарларды сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн сипатының ұқсату өнiмдерiнде сақталып қалуымен жеке басының сипатын жоғалтады, егер сәйкестендiру ұқсатудың мiндеттi шарты болып табылса;
2) тауарды құрастыруды, жинауды және басқа тауарларға үйлестiре лайықтауды қоса, тауарды әзiрлеу (өңдеу), бұл орайда әкетілген тауарлардың негiзгi сипаттамалары сақталады;
3) тауарларды қалпына келтiрудi қоса алғанда жөндеу, бұл орайда, қалпына келтiрiледi немесе ұқсату үшiн зақымдалған не тозығы жеткен тауарларды айырбастау, рекламация бойынша ақаулықтарды жою.
4. Тауарларды ұқсату жөнiндегi операцияларға жатпайды, мысалы:
1) тауарларды буып-түю, қалталау және сұрыптау;
2) сақтау немесе тасымалдау кезiнде тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;
3) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау;
4) төлдету, жануарларды, құстарды, балықтарды, шаянтектестер мен молюскаларды өсiру және бордақылау;
5) ағаштар мен өсiмдiктердi өсiру;
6) пайдалы қазбаларды өндiру;
7) балықтарды, шаянтектес және молюскаларды аулау;
8) аңшылық құру, саңырауқұлақтар мен өсiмдiктердi жинау;
9) ақпараттарды, аудио- мен бейне таспаларды ақпаратты таратудың кез келген басқа түрлерiнің көшiрмесiн жасау және көбейту;
10) жылу қуатының электрлiк, жылулық және өзге де түрлерiн алу;
11) технологиялық ұқсату барысында шетелдiк тауарларды жәрдемдесетiн құрал ретiнде пайдалану (мысалы, жабдықтау, станоктар, бейiмдеу және т.б.);
12) Кеден iсi туралы Заңның 85-бап талаптарына жауап бермейтiн басқа да iс-әрекеттер.
3. Әкетiлген тауарларды ұқсату өнiмдерiмен
сәйкестендiру
5. Әкетiлген тауарлардың ұқсату фактiсiн белгiлеу мақсатында әкетiлген тауарлардың ұқсату өнiмдерiмен сәйкестендiру, келесi әдiстердi пайдалану жолымен жүргiзiледi:
ұқсату үшiн әкетiлетiн бастапқы тауарларға мәлiмдеушi, ұқсатушы немесе кеден органының лауазымды тұлғалары мөр, мөртабан, сандық және/немесе өзгеше белгi қою арқылы;
ұқсату үшiн тауарларды суреттеу;
ұқсату үшiн тауарлардың ауқымында суретке түсiру, бейнелеу;
тауарлардан алдын ала алынған сынамалар мен үлгiлердi ұқсату өнiмдерiмен салыстыру;
тауарларда болған белгiлердi зауыттың номерi ретiнде пайдалану (мысалы, двигателiнде, шанағында, бөлшегiнде және басқалар).
6. Кеден iсi туралы Заңның 85-бабына сәйкес тауарларды ұқсату өнiмдерiмен сәйкестендiруге талап қойылмайды, егер тауарларды жөндеу ұқсатудың мақсаты болып табылса, сол бойынша ұқсату өнiмдерiн айырбастауға рұқсат берiлсе.
7. Сәйкестендiрудiң мүмкiн еместiгiне байланысты тауарларға қатысты, Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiн пайдалануға рұқсат етiлмейдi, егер ұқсату нәтижесiнен өнім ретiнде:
Тәуелсiз Мемлекеттер Достығының сыртқы экономикалық қызмет Тауарлар номенклатурасы (бұдан әрi- ТМД СЭҚ ТН) бойынша 2203-2206, 2208-шi тауарлар позициясында сыныпталатын - iшiмдiк сусындар;
2402-2403-шi тауарлар позициясында сыныпталатын темекi өнiмдерi;
42-шi тобында сыныпталатын нағыз терiден жасалған бұйымдар;
7113-7116 ТМД СЭҚ ТН бойынша тауарлар позициясында сыныпталатын шеберлердің зергерлiк бұйымдары, алтын мен күмiстен жасалған жұмыстары.
4. Кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату
шарттары туралы мiндеттеменi ресiмдеу тәртiбi
8. Кеден iсi туралы Заңның 85-бабына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату үшiн, ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi кеден органына ұсыну қажет.
9. Осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сай белгiленген нысан бойынша тауарларға кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн кеден органына мәлiмдеушi ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi бередi. Ұқсату шарттары туралы мiндеттеме екi данада толтырылады, олардың бiреуiне кеден органына ұқсатуды атқарып жүрген тұлғаның мөрi басылады, екiншi данасы мәлiмдеушiде қалады.
Ұқсату шарттары туралы мiндеттемеге, соның негiзiнде ұқсату мерзiмi мен ұқсату өнiмдерiнiң шығым мөлшерi анықталатын құжаттар қосылады.
Тауарларды ұқсату шарттары туралы мiндеттемеге тiркелу нөмiрi журналға сәйкес берiледi. Мiндеттеменiң тiркелу журналын, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында белгіленген нысанмен бақылаушы кеден органы жүргiзедi.
5. Кеден мақсаттарында ұқсатылатын өнiмдер шығымының
мөлшерiн белгiлеу
10. Кеден мақсаттарында ұқсатылатын өнiмдер шығымының мөлшерiн мәлiмдеушi ұқсатылатын өнiмдер шығымының нормасын көрсете отырып анықтайды. Бұл орайда, ұқсатылатын өнiмдер шығымының нормасы деген сөз, тауар бiрлiгiнің бiреуiн ұқсату нәтижесiнде пайда болған өнiмнiң мөлшерi деген түсiнiк бередi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тiзiмдеме бойынша, ұқсатылатын өнiмдер шығымының мiндеттi мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлейдi.
6. Ұқсату мерзiмдерiн белгiлеу және ұзарту
11. Кеден аумағынан тысқары тауарларды ұқсату өндiрiстiк процесінің ұзақтығы ескерiле отырып, мәлiмдеушi анықтаған мерзiмде жүргiзiледi, алайда ол тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзген күннен бастап санағанда екi жылдан аспауы тиiс.
12. Ұқсату мерзiмiне келесi аталғандарға қажет уақыт кiредi:
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiнде тауарларды кедендiк ресiмдеуге;
тауарларды ұқсатуға;
ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына нақты әкелгенде не болмаса экспорт кеден режимiнде орналастыруға.
13. Ұқсату шарттары туралы мiндеттемеде көрсетiлген тауарларды өткiзген күннен бастап екi жылдың шегiнде ұзартуды, осындай ұзарту қажеттiлiгiн негiздеген бақылаушы кеден органының жазбаша хабарламасымен iске асырылады.
Бұл үшiн, мәлiмдеушi осындай ұзарту қажеттiлiгiн негiздеп жазбаша өтiнiштi кеден органына өз уақытында беруi тиiс.
Мерзiмдердi ұзартқан кезде ЖКД-ның 1-шi және 3-шi даналарының келесi бетiнде ұзартылған мерзiмдерi көрсетіледi, оның кеден органының лауазымды тұлғасы жеке нөмiрлi мөрiмен растайды.
14. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тiзiмдеме бойынша жекеленген тауарлардың ұзарту мерзiмдерi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен белгіленедi.
15. Тауарлардың ұқсату мерзiмiн шектелген мерзiмнен жоғары ұзарту туралы мәселенi шешу үшiн, оның аяқталуына дейiн бiр айдан кешiктiрмей мәлiмдеушi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне (бұдан әрi - Кеден комитетi) еркiн нысанмен тиiстi өтiнiштi ұсынады.
Өтiнiшпен бiрге қоса берiледi:
1) ұқсату мерзiмiн екi жылдан жоғары ұзартудың мақсатқа сай келетіні туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қорытындысы;
2) тауарларды ұқсатқан кезде, кеден заңдарындағы талаптардың сақталуын бақылауды iске асырып жүрген кеден органының ұқсату шарттары туралы мiндеттеменiң орындалуы туралы қорытындысы;
3) ұқсату шарттары туралы мiндеттеменiң көшiрмесi.
16. Ұқсату мерзiмiн екi жылдан жоғары ұзартудың мақсатқа сай келетiнi туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қорытындысы еркiн нысанда ресiмделедi және оның iшiнде мәлiмдеуші туралы, ұқсату шартының күнi мен нөмiрі, ұқсатылатын тауар туралы, сондай-ақ ұқсатудың шектеулi мерзiмiн ұзарту мақсатына сай келетiн мерзiм туралы мәлiметтер болады.
17. Кеден органының ұқсату шарттары туралы мiндеттеменің орындалуы туралы қорытындыда:
1) ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi дәлелдейтiн ұсыныстар;
2) ұқсату шартында көрсетiлген тауарлардың жалпы мөлшерiне пайыздық арақатынасымен ұқсату үшiн әкетiлген тауарлардың мөлшерi туралы;
3) ұқсату шарттары туралы мiндеттемеде көрсетiлген ұқсатылған өнiм шығымының мөлшерiне пайыздық арақатынасымен ұқсатудан алынған өнiмдер мөлшерi туралы;
4) ұқсату мерзiмдерiн екi жылдың шегiнде ұзарту туралы;
5) ұқсату өнiмдерiн кедендiк ресiмдеу туралы;
6) кеден ережелерiн бұзу туралы мәлiметтер болуы тиiс.
18. Ұқсату мерзiмiн екi жылдан көбiрек ұзартуды Кеден комитетi, ұқсатудың мерзiмiн ұзарту мақсатқа сай келетiнi туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың шығарған қорытындысының негiзiнде жүргізедi.
19. Ұқсату мерзiмiн ұлғайту туралы өтiнiштiң қаралу мерзiмi, өтiнiш алынған күннен бастап санағанда он күннен аспауы тиiс.
20. Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсатудың мерзiмiн ұлғайту туралы шешiмдi бақылаушы кеден органы мен мәлiмдеушiнiң назарына жазбаша нысанмен жеткiзіледi.
21. Ұқсату мерзiмiнiң кейiнгi ұлғайтулары осы Нұсқаулықтың 6-12-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
22. Ұқсату мерзiмiн ұлғайтудан бас тартқан жағдайда, ұқсату бойынша операция жасалмаған тауарлардың және ұқсату өнiмдерiнiң Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату кеден режимi, кеден заңдарына сәйкес өзгередi.
7. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары
жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiнде тауарларды
жөндеген кезде ұқсату өнiмдерiн алмастыру тәртiбi
23. Тауарларды жөндеген кезде, ұқсату өнiмдерiн алмастыратын тауарлар ұқсас не болмаса тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату кеден режимiне сәйкес жөндеу үшiн арналған тауарларға қатысты бiртектес тауарлар болу шартымен ұқсату өнiмдерiн алмастыруға рұқсат етiледi. Бұл орайда, алмастырылатын тауарлар жаңа күйiнде де, сондай-ақ қолданыста болған күйiнде болуы мүмкiн.
24. Тауарларды жөндеген кезде, егер алынатын өнiмге осындай жөндеу, бастапқы өнiмнің жөнделген тауарлармен салыстырғанда елеулi айырмашылығы болатындай сипаттама беретiн болса, алмастыруға рұқсат етiлмейдi.
25. Шарттың тиiстi ережелерi және тауарлардың жөнделуiн атқарып жүрген кәсiпорынның кепiлдiк мiндеттемелерi ұқсату өнiмдерiн алмастыру үшiн негiз болып табылады.
8. Кеден баждары мен салықтарын төлеудiң
ерекшелiктерi
26. Отандық тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiнде жайғастырып, кейiннен Қазақстан Республикасының кеден аумағында ұқсату өнiмдерiн еркiн айналысқа шығару үшiн, оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату мақсатында әкетiлген кезде, мәлiмдеушiнiң қалауымен:
кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiнде декларация қабылданған күнi қолданыста болатын әкету кеден баждарын төлеудi;
уәкiлеттi банкiнің кепiлдiгi түрiнде не болмаса Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне тиiстi соманы салу арқылы әкету кеден бажының төленуiн қамтамасыз ету iске асырылады.
27. Кеден iсi туралы Заңның ережелерiн сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының кеден аумағында ұқсату өнiмдерiн еркiн айналысқа шығарған кезде, әкету кеден баждарының төленген сомасын немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне салынған тиiстi соманы қайтару жүргiзiледi не болмаса уәкiлеттi банкiнің кепiлдiгi өз күшiн тоқтатады.
28. Ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайтармаған кезде, кеден iсi туралы Заңның 92-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда, кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату режимiндегi мәлiмдеушiге не болмаса кеден төлемдерiн төлеуге жауапты өзге тұлғаға, ұқсатуға әкетiлген тауарлар үшiн әкету кеден баждарының сомасын төлеудің қажеттiлiгi туралы, егер ол әкеткен кезде төленбесе, хабарлама жөнелтiледi. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден iсi туралы Заңның 140-бабымен белгiленген тәртіпте берешектi өтеу шарасын қабылдайды. Көрсетiлген сомадан басқа әкету кеден баждары төленген күнi қолданыста болған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша олардан пайыздар өндiрiп алынады. Аталған пайыздар, әкету кеден бажының төленген күнiн қоса алғанда, ұқсату кеден режимiнде тауарлардың тұрған уақыты үшiн есептелiнедi. Әкету кеден бажының сомасын депозитке салғанда немесе уәкiлеттi банкiнiң кепiлдiгiн ұсынған жағдайда, депозитке салынған әкету кеден баждарының сомасын бюджетке аудару немесе кепiлдiк туралы мiндеттеменi орындау бойынша шаралар қабылданады.
29. Ұқсату өнiмдерiн әкету кеден баждары мен салықтарынан, егер мәлiмдеушi не болмаса оның кеден делдалы осы өнiмдердің еркiн айналысқа түсетiнiн мәлiмдеген жағдайда, толық не iшiнара босатылады.
Егер Қазақстан Республикасының кеден органы ұқсатудың мақсаты, еркiн айналыс үшiн бастапқы шығарылған кезде оның жетiспеуi ескерiлген жағдайларын қоспағанда, заңдардың немесе шарттың ережелерiне қарай тегiн жүзеге асыруға әкетiлетiн тауарды жөндеу екендiгiне көз жеткiзетiн болса, әкету кеден бажы мен салықтарынан толық босатылады.
Әкетiлетiн тауарды ақылы жөндеген кезде және ұқсату бойынша басқа операцияларды жүзеге асырған кезде, әкелу кеден бажы мен салықтарынан iшiнара босатылады.
Әкелу кеден бажының сомасы жөндеу немесе ұқсату құнына көбейтiлген ұқсату өнiмдерiне қолданылатын ставкаларға негiзделiп анықталады. Кеден баждарының сомасы есептеледi:
1) адвалорлық ставканы мына формула бойынша қолданған кезде:
ТҚұ х БСа = КБ, мұнда
КБ - кеден бажы;
ТҚұ - тауарды ұқсатудың құны;
БСа - баж ставкасы (адвалорлық);
2) ерекшелiгi бар ставкасын мына формуламен қолданған кезде:
ТҚұ х Ұө х БСе
-------------- = КБ, мұнда
ӨҚт
ТҚұ - тауарды ұқсатудың құны;
Ұө - кеден баждары салынатын нақты бiрлiкте белгiленген ұқсату өнiмiнің заттай көрсетiлген саны;
ӨҚт - ұқсатылған өнiмнің құны;
БСе - баж ставкасы (ерекшелiгi бар);
Ақылы жөндеген кезде ұқсату өнiмдерiн алмастыруды жүзеге асырған кезде, кеден бажы мен салықтарын есептеу үшiн алмастырылған ұқсату өнiмдерiнiң құны негiз болып табылады.
30. Кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiн тауарлар экспортының кеден режимiне өзгерткенде, әкетiлген кезде салынатын кеден төлемдерi ұқсатылған өнiмдерге не болмаса тауарларға қолданылады, егер олар ұқсатылмаған болса.
31. Ұқсату өнiмдерiн алмастыратын тауарларды жөндеу кезiнде әкелу кеден бажы мен салықтарынан босату кеден iсi туралы Заңның 90-бабына сәйкес жүргiзiледi.
9. Ұқсатуға әкетiлетiн тауарлар мен әкелiнетiн өнiмдердi
кедендiк ресiмдеу
32. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiнде жайғастырылған тауарлар мен ұқсату өнiмдерiне кедендiк ресiмдеу, қызмет аймағында ұқсату тауарлары/өнiмдерi тұрған кеден органында жүргiзiледi.
Бұл орайда, кеден органына келесi құжаттар тапсырылады:
белгiленген тәртiпке сәйкес ресiмделген ЖКД-сы;
тауарларды ұқсату шарттары туралы мiндеттеме;
ұқсату келiсiм-шарты (шарт);
тауарға iлеспелi құжаттар (жүкқұжат, коносамент, спецификация, фактура-шот, проформ-шот және т.б.);
басқа мемлекеттiк органдардың рұқсаты, егер ұқсату тауарларына немесе ұқсату өнiмдерiне арналған тауарлар осы органдардың бақылауында жатса;
әкету кеден баждарын төленгенiн растайтын не болмаса уәкiлеттi банкiнiң кепiлдiгi түрiнде не болмаса Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне тиiстi соманы салу арқылы олардың төленуiн қамтамасыз ету құжаттары;
кеден мақсаттары үшiн жүк кеден декларацияларын, құжаттар мен қосымша мәлiметтердi қабылдау тәртiбiне қойылатын талаптарға сәйкес белгiленген өзге құжаттар.
33. Егер әкелiнген ұқсату өнiмдерiне кедендiк ресiмдеу әртүрлi кеден органдарында жүргiзiлсе, онда ұқсату өнiмдерiн ресiмдеген кеден органы бақылаушы кеден органын, ЖКД-ның көшiрмесiн қоса, жүргiзiлген кедендiк ресiмдеу туралы хабардар етуге мiндеттi.
10. Кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату
кеден режимiн тауарлардың экспорт кеден режимiне өзгерткен кезде тауарларды кедендiк ресiмдеу тәртiбi
34. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiн тауарлар экспортының кеден режимiне өзгерту Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсатылмаған ұқсату өнiмдерi мен тауарларды иелiктен шығарған кезде, соның iшiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату үшiн тауардың бөлiгiн не ұқсатылған өнiмнің бөлiгiн берiп есеп айырысқан кезде жүргiзiледi. Бұл орайда, ұқсатуға әкетiлген тауарларға қатысты не болмаса ұқсату өнiмдерiне қатысты кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiн тауарлар экспортының кеден режимiне өзгерту жолымен жүргiзiледi.
Тауарлардың ұқсату кеден режимiн тауарлар экспортының кеден режимiне өзгерту кезде кедендiк ресiмдеу ұқсатылмаған ұқсату өнiмдерi мен тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелместен жүргiзiледi.
35. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiн тауарлар экспортының кеден режимiне өзгерту үшiн:
1) тауарларды ұқсатуға әкеткен кезде сол бойынша кедендiк ресiмдеу жүргiзiлген ұқсату туралы келiсiм-шарт (шарт);
2) ұқсату өнiмдерiне не болмаса ұқсатылмаған тауарларға меншiк құқығын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тiркелген және жұмыс iстейтiн шетелдiк тұлғаға ауыстыруды көздейтiн шарт;
3) экспорттың кеден режимiн мәлiмдеген күнгi ұқсату өнiмдерiнің мөлшерi туралы (сондай-ақ ұқсатылмаған тауарлардың мөлшерi туралы) ұқсатушы - зауыттың құжаттары негiз болып табылады.
36. Ұқсатуға әкетiлген және ұқсатылмаған, не болмаса кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiн тауарлар экспортының кеден режимiне өзгерткен кезде отандық тауарларға кедендiк ресiмдеу бақылаушы кеден органында жүргiзiледi.
37. Мәлiмдеушi жүк кеден декларациясын (сонымен бiрге оның электрондық көшiрмесiн) беруге мiндеттi.
Уақытша жүк кеден декларациясы (бұдан әрi - УЖКД) келесi ерекшелiктер ескерiлiп, белгiленген тәртiпке сәйкес толтырылады:
1) "Декларацияның тұрпаты" атты 1-бағанның үшiншi бөлiмшесiнде "Уақытша декларация" "УД" - деген әріптiк индекс көрсетiледi;
2) көлiктiк құжаттардың нөмiрi мен күнi көрсетiлмей, тауарлардың мәлiмделетiн мөлшерi көрсетiледi;
3) ұқсату тауарлары/өнiмдердің мөлшерi мен сапасына байланысты ЖКД-да мәлiмделуге жататын өзге мәлiметтер қолда бар мәлiметтер негiзiнде көрсетiледi.
38. Бұл орайда, кедендiк ресiмдеу жүргiзу үшiн кеден органына ұқсату тауарлары/өнiмдерiнің экспорт кеден режимiн мәлiмдеу үшiн қажет келесi құжаттар ұсынылады: белгiленген тәртiпке сәйкес толтырылған уақытша жүк кеден декларациясы;
ұқсатуға келiсiм-шарт (шарт);
лицензиялар, егер ұқсату тауарлары/өнiмдерiнiң экспорты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға тиiс болса;
тауарға iлеспелi құжаттар (жүкқұжат, коносамент, спецификация, фактура-шот, проформ-шот және т.б.);
басқа мемлекеттiк органдардың рұқсаты, егер ұқсатуға арналған тауарлар осы органдардың бақылауында жатса (сертификация кезiнде өнiмнiң қауіпсiздiгiне);
әкету кеден баждарының төленгенiн растайтын құжаттар;
кеден мақсаттары үшiн жүк кеден декларацияларын, құжаттар мен қосымша мәлiметтердi қабылдау тәртiбiне қойылатын талаптарға сәйкес белгiленген өзге құжаттар.
39. УЖКД-сын қабылдау, тiркеу жүк кеден декларациясын қабылдау үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
40. Ұқсатылған елде ұқсату тауарлары/өнiмдерiн кедендiк ресiмдеуге байланысты кеден процедураларын орындағаннан кейiн 30 күннен кешiктiрмей, мәлiмдеушi УЖКД-сында мәлiмделген тауарларға кедендiк ресiмдеу жүргiзген УЖКД-ның ажырамас бөлiгi болып табылатын толық жүк кеден декларациясын кеден органына тапсырады.
Кеден органының лауазымды тұлғасы ЖКД-ның 7-бағанында УЖКД-ның анықтама нөмiрiне сәйкес келетiн тiркеме нөмiрiн қояды.
41. Тауарлар ұқсатылған елде кеден режимiнiң өзгергенiн растайтын құжаттар болып:
мәлiмделген кеден режимiмен келiсiлген ұқсатқан елдегi кеден органы жүк кеден декларациясының көшiрмесi;
көлiк құжаттарының көшiрмесi, егер ұқсатылатын елден ұқсату тауарларын/өнiмдерiн басқа елге әкету топшыланған жағдайларда.
42. Мәлiмделуi УЖКД-сын беру жолымен жүзеге асатын тауарларға қатысты бейтарифтiк және тарифтiк реттеу шаралары мен шектеулiктердi сақтау, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органының УЖКД-сын қабылдаған күнi қолданыста болған шетел валютасын Қазақстан Республикасының валютасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнің белгiлеген бағамы бойынша қайта есептеудi енгiзе отырып, жүзеге асырылады.
Кедендiк төлемдер УЖКД-сын қабылдағанға дейiн немесе қабылдаған күнi төленедi. Кеден баждары кеден iсi туралы Заңның 89-бабына сәйкес төленедi.
43. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату кеден режимiне сәйкес кеден аумағынан тысқары жерлерге бұрын әкетiлген тауарларды экспорттаған кезде, валюттiк заңдар саласындағы талаптар ұқсату өнiмдерiне не болмаса ұқсатылмаған тауарларға меншiктiк құқықтың ауысуын көздейтiн келiсiмдегi шарттар ескерiле отырып, орындалады.
44. Ұқсату өнiмдерiн қайтармау Кеден iсi туралы Заңның 92-бабында көзделген негiздер бойынша жол берiледi. Тауарлардың экспорты кеден режимiне Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс тауарларды ұқсатудың кеден режимінің өзгеруi Қазақстан Республикасының заң талаптарын орындауды растайтын құжаттарды өтiнiш берушi ұсынған кезде жүргiзiледi.
11. Тауарлар мен ұқсату өнiмдерiн кедендiк
бақылаудың тәртiбi
45. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiнің сақталуын жалпы бақылауды бақылаушы кеден органы жүргiзедi.
46. Кеден органы кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында ұқсату шарттары туралы әрбiр тiркелген мiндеттеме бойынша iс жүргiзедi, оған тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату кеден режимiн пайдалануға қатысты барлық материалдар мен құжаттар тiгiледi (солар бойынша тауарларға кедендiк ресiмдеу жүргiзiлген келісiм-шарттар, ұқсату шарттары туралы мiндеттемелер, ЖКД-ның көшiрмесi мен т.б.).
47. Мәлiмдеушi, ұқсату өнiмдерiн әкелудiң мерзiмдерiнiң аяқталуына дейiн бақылаушы кеден органына тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату кеден режимiн пайдаланғаны туралы толық есеп берудi ЖКД-ның көшiрмесiмен қоса ұсынуға мiндеттi.
48. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiн қолдану кезiнде Қазақстан Республикасы кедендiк заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары кеден iсi туралы Заңның 209-бабына сәйкес мәлiмдеушiнің қаржылық және сыртқы экономикалық қызметіне тексеру жүргiзуге құқылы.
12. Қорытынды ережелер
49. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсату кеден режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
кеден аумағынан тысқары
жерлерде тауарларды ұқсату
кеден режимiн қолдану
жөнiндегi
Нұсқаулыққа 1-қосымша
______________________________________
(кеден органының аталуы)
Кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату кеден режимiнде
мәлiмделген тауарлардың ұқсату шарттары туралы N____ мiндеттеме
___________________________________________________________________
(ұқсату үшiн тауарлардың әкетiлуiн жүзеге асыратын тұлға)
келесi шарттардың сақталуымен:
_____________________________________________________ұқсату мерзiмi
___________________________________ұқсатылған өнiмнiң шығым мөлшерi
___________________________________ұқсату өнiмдерiнің шығым нормасы
_________________________________________________керi әкету мерзiмi
______________________________________________сәйкестендiру әдiстерi
____________________________________________________ерекше белгiлер
_____________________________________________________________сәйкес
(ұқсату шартының күнi мен нөмiрi)
____________________________________________________________________
(тауарлардың аталуы мен олардың сыртқы экономикалық
____________________________________________________________________
тауарлар номенклатурасымен келiсiлген сыныптық коды)
тауарларға қатысты ұқсату өнiмдерiн шығару мақсатында
____________________________________________________________________
(ұқсату өнiмдерiнiң аталуымен олардың сыртқы экономикалық
____________________________________________________________________
тауарлар номенклатурасымен келiсiлген сыныптық коды)
________________________________________________________кәсiпорында
(ұқсатушы-кәсiпорынның аталуы, мекен-жайы)
тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде
ұқсату кеден режимiнің талаптарын орындалуын қамтамасыз етуге
мiндеттенедi.
_________________ тұлға бастығының аты-жөнi,
(қолы) мәлімдеушiнiң аты-жөнi
N__________________________________________
(кеден органы лауазымды тұлғасының қолы)
* мiндеттеменiң нөмiрiн кеден органы лауазымды
тұлғасы бередi және келесi түрде құрылады:
- 00000/00000/000 - мұнда,
- 00000 - ұқсатудың шарттары туралы мiндеттеменi қабылдаған
кеден органының коды;
- 00000 - жылдың соңғы саны, күнi, айы;
- 000 - кеден органының тiркеме журналына сәйкес
мiндеттеменiң реттiк нөмiрi.
Қазақстан Республикасының
кеден аумағынан тысқары
жерлерде тауарларды ұқсату
кеден режимiн қолдану
жөнiндегi
Нұсқаулыққа 2-қосымша
Ұқсату шарттары туралы міндеттемелердің
тіркелу журналы
____________________________________________________________________
Р\н Мәлімдеуші Ұқсату СЭҚ ТН-і СЭҚ ТН-і Кері Ескер.
N кәсіпорынының туралы бойынша бойынша әкету тулер
аталуы келісімнің тауардың ұқсату мерзімі
күні мен коды өнімдері.
нөмірі нің коды
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Келісілді Қазақстан
Қазақстан Республикасының Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі Мемлекеттік кіріс
2001 жылғы 8 ақпан министрлігі
Кеден комитетінің
2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Тауарлар экспортының кеден режимiн
қолдану жөнiндегi нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлар экспортының кеден режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрлендi және тауарлар экспортының кеден режимiне жайғастырылған тауарларды кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау тәртiбiн анықтайды.
2. Тауарлар экспортының кеден режимi Кеден iсi туралы заңның 94-бабына сәйкес тауарлардың осы аумақтан тыс тұрақты орналасуы немесе тұтынылуы мақсатында Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегiнен әкетiлуi үшiн арналған.
3. Тауарлар экспортының кеден режимiне меншiк құқығының отандық тұлғадан шетелдiк тұлғаға берудi көздейтiн сыртқы сауда мәмiлелерi бойынша әкетiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегiнде тұрақты пайдалану және тұтыну мақсатында отандық және шетелдiк тұлғалар әкететiн Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегiнде тұрақты пайдалану және тұтынуға арналған отандық тауарлар жайғастырылады.
2. Тауарлар экспорты кезiндегi талаптар
4. Кеден iсi туралы заңның 95-бабына сәйкес тауарлар экспорты мынадай шарттар кезiнде жүзеге асырылады:
1) әкету кеден баждары мен өзге де кеден төлемдерiн төлеу;
2) тарифтiк емес реттеу шараларды сақтау;
3) валюталық бақылау саласындағы талаптарды сақтау;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген басқа да талаптарды орындау.
5. Әкету кеден баждары мен өзге де кеден төлемдерiн төлеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп айқындаған тәртiпте жүргiзiледi.
Кеден төлемдерiнiң төленгенiн растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
төлемнiң орындалғаны туралы банкiнiң белгiсi бар төлем тапсырмасы және қолма-қол ақшасыз тәртiпте төлеу кездегi жүргiзiлген операцияны растайтын төлеушiнiң дербес шотынан көшiрме;
қолма-қол ақша берiп төлеген кезде - бас бухгалтердiң немесе оның уәкiлеттi тұлғасының және мөрiмен (кассирдiң мөртабаны) расталған кассирдiң қолы қойылған кеден органының кiрiс кассалық ордерiнен түбiртек.
6. Кеден iсi туралы заңның 18-бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 24 маусымдағы Заңымен бекiтiлген Кеден одағын құру кезiнде тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы 1997 жылғы 22 қазандағы келiсiмге сәйкес тарифтiк емес реттеу шараларына Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген және өзiне мыналарды:
1) жекелеген тауарларды әкетуге мемлекеттiк монополияны;
2) тауарларды әкетуге сан жағынан шектеудi (квоттауды);
3) тауарлардың әкетуге лицензиялауды қосатын шаралар жатады.
7. Кедендiк ресiмдеу кезiнде тарифтiк емес реттеу шараларын сақтауды Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары берген тиiстi лицензияны беру арқылы декларант растайды.
8. Валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуы мәмiленiң төлқұжатын ресiмдеген және кеден органына бергенде және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң басқармасының 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 271 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында экспорт-импорттық валюталық бақылауды ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа сәйкес белгiленген тәртiппен және мерзiмде экспорттық валюталық түсiм келiп түскенде белгiлi болады.
9. Қазақстан Республикасының тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiнде көрсетiлген тауарларға Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары берген тиiстi рұқсаттарды, сертификаттарды кеден органына беру экспорттық бақылауды қоса алғанда, тауарлардың экспорты үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерi талаптарының орындалғанын растау болып табылады.
10. Тауарлардың экспортын кеден режимiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi жүк кеден декларациясын, құжаттарды және кеден мақсаттары үшiн қажеттi қосымша мәлiметтердi қабылдау тәртiбiне белгiленген талаптарға сәйкес айқындалады.
3. Тауарларды әкету
11. Экспортқа шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегiнен нақты әкетiлуi қажет. Бұл ретте, олар табиғи тозуы болмаса тасымалдау және сақтаудың қалыпты жағдайларында кемуi салдарынан болған өзгерiстердi қоспағанда, кеден декларациясын қабылдаған күнгi күйiнде болуы қажет.
12. Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегiнде экспортталатын тауарларды әкету кеден бақылауымен тауарларды жеткiзуге белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
13. Тауарларды нақты әкету жүзеге аспаған жағдайда, соның негiзiнде тауарлардың экспорты жүзеге асырылуы тиiс жүк кеден декларациясының күшi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi белгiлеген тәртiпте жойылады.
14. Экспортқа шығарылған тауарлардың Қазақстан Республикасы кеден аумағының шегiнен нақты әкетiлуiне тауарларды тасымалдайтын тұлға жауап бередi.
Қазақстан Республикасының кеден аумағындағы тауарларға меншiктiк құқық ауысқан жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегiнен тауарлардың нақты әкетiлуiне тасымалдаушы отандық тұлға жауап бередi. Тауарларды шетелдiк тасымалдаушы тұлға тасымалдаған кезде - Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегiнен тауарларды әкетпеген кезде төленуге тиiстi болған салықтар сомасын төлеудi қамтамасыз ету шартымен тауарларды экспорттауға рұқсат беріледi.
4. Қорытынды ережелер
15. Тауарлар экспортының кеден режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тартылады.
Келісілді Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Мемлекеттік кіріс министрі Кеден комитетінің
2001 жылғы 08 ақпан 2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Тауарлардың реэкспортына қатысты кедендік режимді
қолдану жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Тауарлардың реэкспортына қатысты кедендiк режимдi қолдану жөнiндегi осы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы Заң) сәйкес әзiрлендi және тауарлардың реэкспортына қатысты кедендiк режимдi қолданудың шарттарын анықтайды.
2. Кеден iсi туралы Заңның 97-бабына сәйкес тауарлардың реэкспортына қатысты кедендiк режим шетел тауарларын әкелiмдiк кедендiк баждар мен салықтарды өндiрiп алусыз немесе оларды қайтара отырып, сондай-ақ тарифтiк емес реттеудiң шараларын қолданусыз Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан оларды реэкспорттауды көздейдi.
2. Тауар реэкспортына қатысты кедендiк режимге
тауарларды тартудың шарттары
3. Тауар реэкспортына қатысты кедендiк режимге шетелдiк тауарлар тартылуы мүмкiн:
1) Реэкспортты көздейтiн келiсiм-шарттар бойынша Қазақстан Республикасына әкелiнген;
2) Тауарлардың еркiн айналысы, оларды уақытша әкелу және уақытша әкету, тауарларды жою, сондай-ақ мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту мақсаттарында тауарларды шығарудың кедендiк режимдерiндегi тауарларды кедендiк ресiмдеудiң мерзiмдерi аяқталғанға дейiн оларды реэкспорттау туралы шешiмдi тауар жылжытушы тұлға оларға қатысты қабылдаса, сондай-ақ олар уақытша сақтау орындарында орналасқан болса;
3) Кедендiк қойма, бажсыз сауда жүргiзетiн дүкен, еркiн қойма, еркiн кедендiк аймақ, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды өңдеудiң, кеден бақылауымен тауарларды өңдеудiң (Шетелдiк тауарларды өңдеудi көздейтiн кедендiк режимнiң шеңберiнде Қазақстан Республикасының аумағында өңдеуге тартылмаған тауарлардың әкетiлуiне қатысты) кедендiк режимдерiнде бұрын ресiмделгендер.
4. Акциз салынған тауарлардың реэкспорты уәкiлеттi банктiң кепiлдiгiмен немесе Қазақстан Республикасы кедендiк органының депозитiне тиесiлi сомаларды салу арқылы әкелiмдiк кедендiк баждар мен салықтарды төлеу қамтамасыз етiлген жағдайда жүзеге асырылады. Әкелiмдiк кедендiк баждар мен салықтарды төлеудiң қамтамасыз етiлуiн қайтару тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағының шегiнен тыс iс жүзiнде шыққандығы расталғаннан кейiн жүзеге асырылады.
5. Тауарлар тiкелей және айрықша реэкспорт үшiн ғана әкелiнетiн болған жағдайда, кедендiк органға тауарларды әкелудi кедендiк ресiмдеу күнiнен бастап екi айдан кешiктiрместен, тауарларды әкету туралы мiндеттеме немесе кедендiк әкелiм баждарды және салықтарды, сондай-ақ көрсетiлген мерзiмдерде тауарлар шығарылмаған кезде осы сомаларға есептелетiн пеняны төлеудiң кепiлдемесi тапсырылады.
3. Кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеу
6. Реэкспорттың мақсаттарына тiкелей және айрықша арналған тауарларды әкелу кезiнде, әкелiмдiк кедендiк баждар және салықтар алынбайды. Бұл орайда реэкспортталатын тауарларды iс жүзiнде әкету кеден органы кедендiк жүк мәлiмдемесiн қабылдаған күнiнен бастап екi айдан кешiктiрместен жүзеге асырылуы тиiс.
Екi айдың iшiнде тауарларды реэкспорттау iс жүзiнде жүргiзiлмесе немесе реэкспорттың мақсаттарына тiкелей және айрықша арналған тауарлардың реэкспортының кедендiк режимi өзгерген жағдайда, еркiн айналысқа жiберуге арналған тауарларды шығарудың кедендiк режимiне қатысты төлеу күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 еселiк мөлшерiнде пеня есептелiп, әкелiмдiк кедендiк баждар мен салықтардың сомалары төленедi. Аталған пеня төлеу күнiн қоса алғанда, тауарлар реэкспортының кедендiк режимiнде тауарлардың болуы уақытына есептеледi.
7. Кедендiк орган тауарлар реэкспортының кедендiк режимiне тартылған және әкелу күнiнен бастап екi айдың iшiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс шығарылмаған акциз салынатын тауарлар бойынша әкелiмдiк кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi кедендiк органның депозитiне салу түрiнде мемлекеттiк бюджетке аударады. Уәкiлеттi банктiң аталған төлемнiң түрiнде берiлген кепiлдемесi өндiрiп алуға жатады.
Бұл орайда декларант реэкспортталатын тауарларды шығарудың мерзiмi аяқталған күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қолданатын қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 еселiк мөлшерiнде пеня төлеуге тиiстi. Бюджетке аударылған әкелiмдiк кедендiк баждар мен салықтарды төлеу сомалары осы Нұсқаулықтың 6-тармағында белгiленген тәртiпте қайтарылады.
8. Осы Нұсқаулықтың 3-тармағындағы 2) тармақшада көрсетiлген тауарлардың реэкспорты кезiнде тауарлар осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көзделген мерзiмдерде шығарылса, кедендiк баждар мен салықтар қолданылмайды. Кедендiк баждар мен салықтар реэкспортталатын тауарларды шығарудың белгiленген мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн осы Нұсқаулықтың 6-тармағында белгiленген тәртiпте қолданылады.
9. Әкетiлiмдiк кедендiк баждар мен салықтар және тарифтiк емес реттеудiң шаралары реэкспортталатын тауарларды шығару кезiнде қолданылмайды.
10. Кедендiк ресiмдеу үшiн алынатын кедендiк алымдар жалпы белгiленген тәртiпте төленедi.
4. Тауарлар реэкспорты тәртiбi
11. Декларант реэкспортталатын тауарларды шығаруды кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi құжаттар ретiнде кедендiк мақсат үшiн қажеттi жүк кедендiк декларацияларын, құжаттар және қосымша мәлiметтердi қабылдау тәртiбiне белгiленген талаптарға сәйкес айқындалған жүк кеден декларациясына (бұдан әрi - ЖКД) және басқа да мiндеттi құжаттарға толықтыру ретiнде кеден органына төмендегiлердi тапсырады:
1) тауар реэкспортының кедендiк режимiнде немесе осы Нұсқаулықтың 3-тармағындағы 2) тармақшада көрсетiлген кедендiк режимде ресiмделген КЖМ көшiрмесi;
2) әкелiмдiк кедендiк баждарды, салықтарды және пеняны төлеу туралы банк куәландырған төлем құжаттарының көшiрмелерi немесе тауарларды әкелу күнiнен бастап екi айдан астам уақыт өтсе, уәкiлеттi банктiң кепiлдемесi;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар реэкспортына қатысты жылжытылатын тауарлармен өзiнiң атынан iс-қимылдар жасауға өкiлеттiгi жеткiлiктi тұлғаның келiсуi. Тұлға өзiнiң келiсуiн реэкспортты көздейтiн шарттың тиiстi ережелерiнде бiлдiредi немесе ол аталған тұлғаның жазбаша өтiнiшiнде қуатталады.
5. Реэкспортталатын тауардың iс жүзiнде сыртқа
шығарылуын бақылаудың тәртiбi
12. Реэкспорт режимiнде тауарларды ресiмдеген кедендiк орган мен Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кедендiк органның арасындағы Қазақстан Республикасынан сыртқа шығару мақсатында реэкспортталатын тауарларды тасымалдау кедендiк бақылаумен тауарларды жеткiзуге белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кедендiк органның тауардың Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының шегiнен тыс шығарылуы туралы белгiсi қойылған iшкi транзит құжатының данасы iшкi кедендiк транзит рәсiмi бойынша тасымалдаудың аяқталуын растау болып табылады.
14. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кедендiк органмен тауарларды сыртқа шығарудың фактiсi белгiленген тәртiпте дәлелденбесе, ресiмдеушi кедендiк орган тауарларды шығарудың фактiсiн анықтау мақсатында тиiстi сұрау салуды жiберуге мiндеттi. Егер тауарларды iс жүзiнде шығарудың фактiсi туралы талап төмендегiлерге қатысты расталмаса:
1) Қамтамасыз етiлуiнiң әдiсiне байланысты акциз салынған тауарларға:
Кедендiк органның депозитiне салынған сомалар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аударылады;
Уәкiлеттi банктiң кепiлдемесi iске асыруға жатады;
2) басқа тауарларға қатысты Кеден iсi туралы Заңның 98-бабына сәйкес пеня есептеле отырып, кедендiк баждар мен салықтардың сомалары төленедi.
6. Қорытынды ережелер
15. Тауарлардың реэкспорты кедендiк режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершiлiк туындайды.
Келісілді Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Мемлекеттік кіріс министрі Кеден комитетінің
2001 жылғы 08 ақпан 2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Тауарларды жою кеден режимін
қолдану жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлар экспортының кеден режимiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрленген және тауарларды жою кеден режимiнде жайғастырылған тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың тәртiбiн анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы Кеден iсi туралы заңның 100-бабына сәйкес тауарларды жою кеден режимi кеден баждарын, салықтарды өндiрiп алмай және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбай олардың пайдалануға жарамсыз күйге келгенi ескерiлiп, кеден бақылауымен тауарларды жоюға арналған.
3. Тауарларды жою мүдделi тұлғаның жеке есебiнен жүргiзiледi және ол Қазақстан Республикасының кеден органдары үшiн қандай да болмасын шығын келтiрмеуi қажет.
2. Тауарларды жою кеден режимiн пайдалану шарттары
4. Тауарларды жою кеден режимiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы нақты өткiзiлген әкелiнетiн шетел тауарлары жайғастырылады.
5. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы берген мұндай жою мүмкiндiгi туралы қорытынды бар болған кезде тауарларды жоюға жол берiледi.
6. Мыналарды жою кеден режимiнде:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес жекелеген тауарларды қоспағанда, бұйымдар немесе материалдар ретiнде пайдалануы мүмкiн тауарлар;
2) Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерi халықтарының көркемдiк, тарихи және археологиялық игілiктерi бар заттары;
3) iндет пен жануарлар кеселiнiң жолдарын кесу мақсатында дереу жою талабы туған кездегi жағдайларын қоспағанда, жойылу қаупi төнген жануарлар және өсiмдiктердiң түрлерi, олардың бөлшектерi мен дериваттары;
4) кепілдiк қатынасты тоқтатқанға дейiн кепiлдiк зат ретiнде кеден органы кепiлдiкке алған тауарлар мен көлiк құралдары;
5) қылмыстық iс және кеден ережелерiн бұзу туралы iс қозғалып алынған тауарлар мен көлiк құралдары;
6) тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдары;
7) сот оларға қатысты тәркiлеу туралы шешiм қабылдаған тауарлар мен көлiк құралдары жайғастырылмайды.
3. Тауарларды жою тәртiбi
7. Тауарлар мен көлiк құралдарын жою кеден бақылауымен жүргiзiледi.
8. Жою жүргiзiледi:
1) жылу әсерi, химиялық, механикалық немесе нәтижесiнде тауарлар мен көлiк құралдары толық жойылатын өзге әсер ету (өртеу, күйрету, жерлеу және т.б.) жолымен;
2) тескiлеу, ажыратуды қоса алғанда, бөлшектеу, талқандау, механикалық талқандау жолымен, мұндай зақымдау әсерiнен тауарлар мен көлiк құралдарын кейiннен қалпына келмейтiндей және оны бастапқы түрiнде пайдалану мүмкiндiгi болмайтын жағдай кезiнде өзге де тәсiлдермен зақымдау.
Сақталынған орындарынан алынбайтын және пайдалануға жарамайтын тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жауапты органының тауарлардың сақталған орындардан алынбайтыны және олардың одан әрi пайдалануға келмейтiнi туралы берген қорытындысының негiзiнде жою жүргiзілдi деп есептелiнедi.
9. Кеден iсi туралы заңның 102-бабына сәйкес тауарларды жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтарды одан әрi пайдалану мүмкiн болған жағдайда, жою режимiн мәлiмдеген тұлға оларды кеден бақылауымен шетел тауарлары ретiнде тиiстi кеден режимiнде жайғастыруға тиiс. Кеден iсi туралы заңның 141-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында шығарылған тауарларға жатқызылатын қалдықтар отандық тауарлар ретiнде iрiктелген кеден режимiне орналастырылады.
10. Кеден органы қалдықтарға кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн орынды айқындайды.
Кеден органының қалдықтарды уақытша сақтау қоймаларына жайғастыруға жататынын анықтауға құқығы бар.
11. Қалдық болып табылатын тауарларды таңдап алған кеден режиміне сәйкес тұлғаның иелiгіне беру, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүргізіледі.
4. Тауарларды жою кеден режимiнде жайғастырылған
тауарларды кедендiк ресімдеу
12. Жою кеден режимінде орналастыратын тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді қызмет аймағында осындай тауарлар мен көлік құралдары тұрған кеден органы жүргізеді.
13. Тауарларды жою кеден режиміне жайғастырылған тауарлар мен көлік құралдары белгіленген тәртіпте ресімделген жүк кеден декларациясын және Жүк кеден декларациясын, құжаттарды және кедендік мақсаттар үшін қажетті қосымша мәліметтерді беру, қабылдау және тексеру ережесінде көзделген құжаттарды кеден органына белгіленген тәртіпте беру арқылы мәлімденеді.
14. Тауарлар мен көлiк құралдарының нақты жойылғаны туралы осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акт жасалады. Актіге тауарды тасымалдаушы тұлғаның уәкiлетті өкілі, тауарлар мен көлік құралдарын нақты жою кезiнде қатысқан өзге де тұлғалар қол қояды.
5. Қорытынды ережелер
15. Тауарларды жою кеден режимінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тартылады.
Тауарларды жою кеден
режимiн қолдану жөнiндегi
нұсқаулыққа 1-қосымша
___________________________________
(кеден органының атауы)
ТАУАРЛАРДЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ
АКТ
Осы акт төменде аталған тұлғалардың қатысуымен тауарлар мен
көлiк құралдарын
____________________________________________________________________ (атауы, жекеленген белгiлерi,
_____________________________________________________ЖОЮ, сондай-ақ
саны (мөлшерi, салмағы және т.б.)
оларды жоюдың тәсiлдерi мен орны туралы
200__ жылғы "____" ______________жасалды.
Жою нәтижесiнде пайда болды:________________________________________
(қалдықтардың атауы,
____________________________________________________________________
жекеленген белгiлерi, саны (мөлшерi, салмағы және т.б.)
Жою кезiнде қатысты:
____________________________________________________________________
(жою кезiнде қатысқан тұлғалардың аты-жөндерi, қызмет орны,
лауазымдары)
қолы
____________________________________________________________________
(жою кеден режимiне тауарлар мен көлiк құралдарын орналастырған
уәкiлеттi өкiл тұлғаның лауазымы және аты-жөнi) қолы
____________________________________________________________________
(кеден органындағы лауазымды тұлғаның қызметi және аты-жөнi)
қолы
М.О.
Келісілді Қазақстан
Қазақстан Республикасының Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі Мемлекеттік кіріс
2001 жылғы 8 ақпан министрлігі
Кеден комитетінің
2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекет пайдасы үшін тауардан бас тарту
кеден режимiн қабылдау жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту кеден режимiн қабылдау жөнiндегi осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кеден режимiнде мәлiмделген тауарларды немесе көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау тәртiбiн айқындайды.
2. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту - бұл кеден бажын, салықтарын өндiрiп алусыз және тарифсiз реттеу шараларын қолданбай, мемлекет пайдасы үшiн тұлғаның тауардан немесе көлiк құралдарынан бас тартатын кеден режимi.
3. Тауарлар немесе көлiк құралдарынан бас тарту, осы Нұсқаулыққа сәйкес, кеден органдары үшiн қандай да болмасын шығын келтiрмеуi керек.
4. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кеден режимiн таңдап алған тұлға кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн, көрсетiлген режимнен басқа кеден режимiне өзгертуге құқығы жоқ.
2. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас
тартудың кеден режимiне тауарлар мен
көлiк құралдарын жайғастыру
5. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кеден режимiне жайғастыруға рұқсат етiлмейтiн тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
6. Кеден органы мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту кеден режимiне жайғастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеуден мына жағдайларда бас тартуы мүмкiн:
1) егер мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кеден режимiнде тауарлар мен көлiк құралдарын жайғастыру мемлекет үшiн қандай да болмасын шығын келтiрсе;
2) егер тауарлар мен көлiк құралдарының құны оларды өткiзуге байланысты уәкiлеттi мемлекеттiк органның шығынының орнын толтыра алмаса;
3) егер уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу мүмкiндiгi шектелген болса.
7. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту кеден режимiн, аталған кеден режимiнде мәлiмдейтiн тауарлар мен көлiк құралдарына тиiстi иелiк етуге өкiлдiгi бар отандық тұлға мәлiмдей алады.
Кеден делдалы тауарларға кедендiк ресiмдеу жүргiзген жағдайда, тауарларға иелiк етуге өкiлдiгi бар екенiн дәлелдейтiн құжаты ретiнде кеден делдалы мен сол аталған тұлғаның арасында жасалған шарт болып табылады.
8. Кеден органы мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту кеден режимiнде жайғастырылған тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты үшiншi тұлғаның қандай болмасын мүлiктiк талаптарын қанағаттандырмайды.
9. Кеден органдары, осы тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту кеден режимiне жайғастырғанға дейiн, оларды тасымалдау, сақтау, жүктеу және өзге операциялар жүргiзуге байланысты шыққан шығындарды тасымалдаушыға, қойманың иесiне немесе өзге де тұлғаларға өтемейдi.
3. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту кеден
режимiнде мәлiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын
кедендiк ресiмдеу
10. Егер Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң (бұдан әрi - Кеден комитетi) нормативтiк құқықтық кесiлiмдерiнде өзгеше бекiтiлмеген болса, мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту кеден режимiнде мәлiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi қызмет аймағында аталған тауарлар бар кеден органы жүргiзедi.
11. Тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту кеден режимiнде мәлiмдеген кезде, декларант кеден органына тiзбесiн кеден комитетi бекiткен құжаттарды ұсынады.
12. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кеден режимiнде мәлiмделген тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк ресiмдеудi кеден органының лауазымды тұлғасы қол қойып және жеке нөмiрлi мөрiмен растаған "Ресiмделдi ИМ-75" атты жүк кеден декларациясының "Д" бағанына мөртабанды қою арқылы немесе жазу жолымен кеден органының лауазымды тұлғасы жүргiзедi.
13. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кеден режимiнде мәлiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеген кезде кеден алымдары заңмен белгiленген тәртiпте алынады.
14. Кеден органына, кепiлдiк ретiнде берiлген болып табылатын, мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кеден режимiнде жайғастырылған тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты, жүк кеден декларациясын ұсыну талап етiлмейдi, егер кепiлзат берушi мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кеден режимiнде жайғастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын кепiлзат ретiнде бергенi туралы кеден органымен жасасқан кепiлдiк туралы шартта мәлiмдеген болса. Кепiлзат берушiнiң шартта мәлiмдеудi осылай хабарлауы, мәлiмдеудiң оңайлатылған нысаны болып табылады, ал кеден органының аталған шартты жасасуы, осы органның "Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту" кеден режимiнде тауарлар мен көлiк құралдарын жайғастыруға рұқсат беру ретiнде қаралады.
4. Қорытынды ережелер
15. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кеден режимiнде тауарлар мен көлiк құралдарын жайғастырған кезде:
1) осы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кеден төлемдерi мен салықтар төлеудi қамтамасыз ету үшiн берген банкiнiң кепiлдемесi өзiнiң күшiн жояды;
2) кеден төлемдерiнiң төленуiн қамтамасыз ететiн кепiлзаттың шарты бойынша кепiлдiк құқықтық қатынас тоқтатылады;
3) төлеушiнiң кеден төлемдерiн төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органының депозитiне салған сомасы, қайтарылады.
16. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тартудың кеден режимiнде уақытша әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын жайғастырған кезде, әкелу кеден бажы мен салығы ретiнде төленген сомасы қайтарылмайды.
17. Мемлекет пайдасы үшiн тауарлар мен көлiк құралдарынан бас тартқан тұлға осы тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органы белгiлеген орынға өз есебiнен жеткiзуге мiндеттi.
18. Тұлғаның, мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту кеден режимiнде жайғастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын уәкiлеттi кеден органына берген кезде, 2-қосымшада көрсетiлген нысан бойынша акт үш данада жасалады. Осындай актiлердiң бланкiлерi қатаң қаржы есебiнiң құжаттары болып табылады. Аталған актiнiң бiр данасы, мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту кеден режимiнде жайғастыруға рұқсат берген кеден органында сақталады. Актiнiң екiншi данасы, мемлекет пайдасы үшiн тауарлар мен көлiк құралдарынан бас тартқан тұлғаға берiледi. Актiнiң үшiншi данасы, аталған тауарлар мен көлiк құралдары берiлген уәкiлеттi кеден органында сақталады.
19. Мемлекет пайдасы үшiн тауарлар мен көлiк құралдарына иелiк ету Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Мемлекет пайдасы үшiн бас тарту кеден режимiнде мәлiмдеудiң құқыққа сәйкестiгi үшiн кез-келген үшiншi тұлғаның алдында декларант жауап бередi.
"Мемлекет пайдасы үшін
тауардан бас тарту" кеден режимін
пайдалану жөнінде Нұсқаулыққа
1-қосымша
МЕМЛЕКЕТ ПАЙДАСЫ ҮШІН ТАУАРДАН БАС ТАРТУДЫҢ КЕДЕН РЕЖИМІНДЕ
ЖАЙҒАСТЫРЫЛҒАН ТАУАРЛАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БЕРУ
АКТІСІ
____________________________________________________________________
(тұлғаның толық атауы немесе аты-жөні, мекен-жайы, аталған тұлғаның
уәкілеттігін куәландыратын құжаттың күні мен нөмірі)
мемлекет пайдасы үшін тауардан бас тарту кеден режимінде
жайғастырылған келесі тауарлар немесе көлік құралдары __________________________________берілгені туралы
(уәкілетті органның аталуы)
осы акт "___"________________ жасалды:
____________________________________________________________________
Р/б Тауарлар мен көлік құралдары. Өлшем Саны ЖКД-ның N Ескерт.
N ның аталуы және олардың жеке. бірлігі пелер
ленген белгілері
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ Тапсырдым:_________________________________ _________М.О.
(тұлғаның аты-жөні, лауазымы) (қолы)
Қабылдадым:__________________________________ _________М.О.
(уәкілетті органның лауазымды тұлғасының
қолы, аты-жөні, лауазымы)
Қатысты:______________________________________________________
(кеден органы лауазымды тұлғасының қолы, аты-жөні, лауазымы)
Келісілді Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Мемлекеттік кіріс министрі Кеден комитетінің
2001 жылғы 8 ақпан 2001 жылғы 09 ақпандағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Жекелеген кеден режимдері, кедендік тасымалдаушылар және
уақытына сақтау жөніндегі қызмет көрсетулер шеңберінде
жүзеге асырылатын қызметті лицензиялаудың
ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Жекелеген кеден режимдерi, кедендiк тасымалдаушылар және уақытша сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулер шеңберiнде жүзеге асырылатын қызметтi лицензиялаудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) лицензиялау туралы заңдарға, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрленген және кедендiк тасымалдаушыларға, кеден қоймасы, еркiн қойма, уақытша сақтау қоймасы, бажсыз сауда жасайтын дүкен мекемесiне лицензиялар беру тәртiбiн, сондай-ақ лицензияны қолдануды кiдiрте тұру, қайтарып алу тәртiбiн айқындайды. Лицензияларды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) бередi.
2. Лицензия кеден қоймасына, еркiн қоймаға, уақытша сақтау қоймасына (бұдан әрi - қоймаларға) және бажсыз сауда жасайтын дүкенге, сондай-ақ Кеден iсi туралы заңның талаптарына сәйкес құрылған кеден тасымалдаушыларына қойылған талаптарға жауап беретiн тиiстi үй-жайлар немесе орындағы заңды тұлғаларға (бұдан әрi - лицензиат) берiледi.
3. Қоймалар және бажсыз сауда жасайтын дүкендердiң жобасы мен құрылысына қойылатын талаптар Кеден комитетiнiң нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады.
2. Лицензияны беру тәртiбi
4. Лицензияны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысымен бекiтiлген нысанда лицензияны беру туралы тұлғаның өтiнiшi;
2) қоймалар мен бажсыз сауда жасайтын дүкендердiң жобасы мен құрылысына қойылатын талаптарға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да бiлiктiк талаптарға сәйкестiгi туралы үй-жай немесе орын орналасқан қызмет аймағындағы Қазақстан Республикасының кеден органының қорытындысы;
3) лицензиялық алымды төлегенi туралы түбiртек;
4) лицензия беру туралы өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттар, сондай-ақ тиiстi үй-жай немесе орындарға қатысты меншiктiк немесе иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттар.
5. Лицензиялау туралы заңдармен айқындалған негiздер бойынша лицензия берiлмейдi.
6. Осы Ереженiң 4-тармағының 4) тармақшасында айқындалған өтiнiштерде және/немесе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде лицензиат Кеден комитетiн тиiстi өзгертулер туралы өзгерту енгiзiлген күннен бастап 10 күннен кешiктiрмей хабардар етедi.
7. Лицензияның нысаны "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысымен бекiтiлген және онда осы Ереженiң 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мәлiметтер болуы қажет. Бұл ретте, қызметтiң лицензиялық түрi ретiнде кеден қоймасы, еркiн қойма, уақытша сақтау қойма, бажсыз сауда жасайтын дүкен, кедендiк тасымалдаушының мекемесi жөнiндегi қызметке сәйкес көрсетіледi.
3. Лицензияның кідiрту, күшiн тоқтату және
лицензияны қайтарып алу тәртiбi
8. Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ осы Ережеде белгiленген талаптарды лицензиат орындамаған жағдайда, Кеден комитетiнiң шешiмiмен лицензияның күшi алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатылуы мүмкiн.
9. Лицензияның күшiн тоқтата тұру туралы шешiмдi қызмет аймағында белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiнi туралы болмаса Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiлерi туралы қоймалар немесе бажсыз сауда жасайтын дүкен орналасқан кеден органының қорытындының негiзiнде Кеден комитетi қабылдайды.
10. Лицензияның күшi оның күшiн тоқтатқан себептердi жойғаннан кейiн, лицензияның күшiн жаңарту туралы шешiмдi қабылдаған күннен бастап жаңартылады. Лицензияның күшiн тоқтата тұру және оның күшiн жаңарту туралы шешiм Кеден комитетiнiң бұйрығы түрiнде қабылданады.
11. Егер кемшiлiктер осы нұсқаулықтың 8 тармағында белгiленген мерзiмде жойылмаса, материалдар, лицензияны сот арқылы қайтарып алу үшiн Кеден комитетiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына жiберiледi.
12. Лицензиялау туралы заңдармен анықталған жағдайларда, лицензия сот арқылы қайтарылып алынады.
13. Лицензияның күшiн тоқтата тұру кеден ережелерiн бұзғаны үшiн Кеден iсi туралы заңға сәйкес жауапқа тарту түрiнде қолданылуы мүмкiн.
4. Лицензияның күшiн тоқтату
14. Лицензия өз күшiн Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi "Лицензиялау туралы" Заңының 21-бабына сәйкес жағдайларда тоқтатады.
15. Лицензиат қайтадан тiркелген кезде лицензияның күшi сақталады.
Лицензиаттың атауы өзгерген кезде лицензия қайта ресiмделiнуге жатады.
5. Қорытынды ережелер
16. Лицензиат жекеленген кеден режимдерiнiң шегiнде қызметтiң лицензияланатын түрлерiн және уақытша сақтау бойынша қызметтi жүзеге асырған кезде пайдаланатын үй-жай мен орындардың мөлшерiн өзгертуге ниет еткен кезде, ол Кеден комитетiн үй-жай мен орындардың жаңа мөлшерiн көрсетiп, тиiстi алаңды ұлғайту немесе кiшiрейту туралы өтiнiш жолдау түрiнде бiлдiредi.
Аталған өтiнiшпен бiрге, пайдаланылатын алаңдардың жоспарланған өзгертулерiн ескере отырып, қоймалар мен бажсыз сауда жасайтын дүкеннiң конструкциясы мен жайластыруына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы қызмет аймағында үй-жай мен орындар тұрған Қазақстан Республикасы кеден органының қорытындысы қоса берiледi.
17. Лицензиат, кеден қоймасы мен еркiн қойманың ауданын ұлғайтқан кезде, ауданның ұлғайту мөлшерiне байланысты Қазақстан Республикасы Yкiметi бекiтетiн ставкаларға сәйкес лицензиялық алым төлейдi (алаңның ұлғайтылған мөлшерi үшiн белгiленген ставкамен алдыңғы төленген лицензиялық алым сомасының арасындағы айырмашылық төленуге жатады).
18. Кеден қоймасы мен еркін қойманың ауданын кішірейткен кезде, алдыңғы төленген лицензиялық алым сомасы мен алаңның кішірейтілген мөлшері үшін белгіленген ставкасының арасындағы айырмашылық қайтарылмайды.
19. Қойманың иесі қойманы өзгерткен кезде, қойманың алаңын ұлғайтуға немесе кішірейтуге байланысты лицензияға өзгертулер енгізуді талап ететін мәліметтер, "Лицензияны қолданудың ерекше жағдайлары" деген бағанда жазылады. Қажет болған кезде, осындай мәліметтер Кеден комитетінің фирмалық бланкісінде көрсетіледі.