Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 болып тiркелген "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпанда

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 12 қарашадағы N 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 19 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2090. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 1 шілдедегі N 290 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314 қаулысымен ;

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына :

      2-тармақта:

      2) тармақшада "Ауыл шаруашылығы министрлігiнің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшада "Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 2003.04.01 N 314, 2005.04.06 N 310 қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Pecпубликасының


Премьер-Министрі