Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 маусымдағы N 959 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін "Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының студенттері қатарынан запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында оқу орнының бюджеттен тыс кірістері есебінен әскери кафедра құру туралы ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп осы қаулыны іске асыру жөнінде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын. 
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N  449  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.  
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі