Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдердi (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелудiң ТӘРТIБI

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi 1997 жылғы 4 шiлдедегi N 175-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 14 тамызда тіркелді. Тіркеу N 350. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен. ~V011442

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 мамырдағы N 411 P930411_ "Қазақстан Республикасында өнiмдерiн (жұмыстарды, қызмет көрсетудi) мiндеттi түрде сертификаттауды кезеңмен енгiзу туралы" қаулысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 550-р R960550_ өкiмiн орындау, адамдардың өмiрiнiң, денсаулығының қауiпсiздiгiн, азаматтардың мүлкiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, кедендiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында бұйырамын:
      1. 1997 жылғы 2 маусымда бекiтiлген "Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдердi (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелудiң тәртiбi" күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас кеден басқармасының 1994 жылғы 18 қаңтардағы N 1 бұйрығымен бекiтiлген "Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдердi кедендiк бақылаудың тәртiбiнiң" күшi жойылған болып есептелсiн.
      3. Кеден басқармаларының, кедендер мен кеден бекеттерiнiң бастықтары осы бұйрықтың орындалуын және оның орындалуы бойынша Мемстандарттардың аумақтық органдармен өзара әрекеттесудi қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау ҚР МКК Төрағасының орынбасары В.Д. Кирдановқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен соң күшiне енедi.

      Төраға

            Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдердi
        (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелудiң
                            ТӘРТIБI

      Осы тәртiп Қазақстан Республикасының А-қосымшасында көрсетiлген заңдарына және нормативтi актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 550-р өкiмiнiң R960550_ 4-тармағын орындау мақсатында жасалып отыр. Осы тәртiп Қазақстан Республикасының кеден аумағына өнiмдердi әкелу кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерiн сақтау, сондай-ақ адамдардың өмiрiн денсаулығын, мүлкiн және қоршаған ортаны қорғау мақсатында белгiленiп отыр.
      Осы тәртiп Қазақстан Республикасы аумағында қызметiнiң меншiктiлiк нысандары мен түрлерiне қарамастан жұмыс iстеп жүрген заңды тұлғаларға, сондай-ақ iскерлiк қызметпен айналысатын барлық жеке тұлғаларға да қолданылады.
      Осы тәртiп транзитпен өткiзiлетiн өнiмдерге (тауарларға) қолданылмайды. Осы тәртiп оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi. 1994 жылы 5-12 қаңтарда қабылданған "Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдердi кедендiк бақылаудың тәртiбiнiң" күшi жойылған болып есептелсiн.

      1. Жалпы ережелер

      1.1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн, сатудың, сатып алудың немесе айырбастаудың (бартердiң) саяғы болып табылатын, мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер (тауарлар) кедендiк бақылауға жатады.
      1.2. Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдердiң (тауарлардың) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Экономика мен сауда министрлiгi Стандарттау, метрология мен сертификаттау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi Қазақстан Республикасының Мемстандарты) министрлiктер мен ведомстволардың ұсыныстарын ескере отырып, әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      1.3. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген нормативтi құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкес республиканың кеден аумағына әкелiнетiн өнiмдердiң (тауарлардың) қауiпсiздiгiн растау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жүйесiнде (бұдан әрi- ҚР МСЖ) Мемстандарттың тiркеген сертификаттау органдарының өнiмдердi сертификаттауын жүргiзуi жолымен немесе шетелдiк сертификаттарды тану жолымен жүзеге асырылады.
      Тiркелген органдар мен сынақ зертханаларының мемлекеттiк тiзбесiн Қазақстан Республикасының Мемстандартты жүргiзедi.
      Аса тез бүлiнетiн және бүлiнетiн өнiмдердiң (тауарлардың), сондай-ақ тағамдық биологиялық белсендi қоспалардың қауiпсiздiгiн растау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi жүйесiнде оларды санитарлық-эпидемиологиялық сараптан өткiзу жолымен жүзеге асырылады.
      Мұндай өнiмдердiң (тауарлардың) тiзбесi Б-қосымшасында келтiрiлген.
      1.4. Өнiмдердi (тауарларды) сертификаттаудың ережелерi мен шетелдiк сертификаттарды тану Қазақстан Республикасы Мемстандартының Қаулысымен бекiтiлетiн және күшiне ендiрiлетiн, ҚР МСЖ-iнiң негiзге алынған нормативтi құжаттарымен белгiленедi.
      Өнiмдердi санитарлық-эпидемиологиялық сараптан өткiзудiң ережелерi мен шетелдiк гигиеналық сертификаттарды (қорытындыларды) тану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi белгiленген тәртiппен бекiтетiн және күшiне ендiретiн нормативтi құжаттарымен белгiленедi.
      1.5. Төмендегiлер:
      - Ресей Федерациясының, Украинаның, Әзiрбайжанның, Арменияның, Молдованың, Беларустiң, Қырғызстанның, Тәжiкстанның, Түркменстанның, Өзбекстанның сертификаттау жөнiндегi органдарының сертификаты немесе сәйкестiк белгiсi;
      - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жүйесiнде тiркелген шетелдiк ұйымдардың сертификатты немесе сәйкестiк белгiсi;
      - Түрiктiң стандарттар институтының (14.02.98 ж.-ға дейiнгi мерзiмге КК/646.4.33 тiркеу аттестаты);
      - Швейцарияның SGS фирмасының (03.06.97 ж.-ға дейiнгi мерзiмге КК/646.4.27 тiркеу аттестаты);
      - Францияның "Газ Де Франс" фирмасының (07.02.98 ж.-ға дейiнгi мерзiмге КК/646.4.34 тiркеу аттестаты) мен белгiленген тәртiппен ҚР МСЖ-iнде бұдан әрi тiркелген немесе танылатын басқалары өнiмдердiң (тауарлардың) қауiпсiздiгiн растайтын құжаттар болып табылады.

      2. Кеден режимiнiң шарттарына сәйкес өнiмдердi (тауарларды)
         шығарудың ерекшелiктерi

      2.1. 1.5-тармақта көрсетiлген құжаттардың бiрi немесе осы Тәртiптiң 3-бөлiмiнде баяндалған талаптарды орындау мiндеттi түрде сертификаттауға жататын және төмендегiдей:
      - еркiн айналымға шығару;
      - керi импорт;
      - кедендiк бақылаумен ұқсату (ұқсату өнiмдерiн еркiн айналымға шығару жағдайында);
      - кеден аумағынан тысқары ұқсату (ұқсату өнiмдерiн әкелуге қатысты бөлiгiнде) режимдерiмен орналастырылған өнiмдердi (тауарларды) кедендiк бақылаудың негiзi болып табылады.
      2.2. Кеден режимдерiне қарамастан сертификаттар ұсынылмастан Қазақстан Республикасы кеден аумағына төмендегiдей:
      - шет ел мемлекеттерi мен Халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ олардың қызметкерлерiнiң ресми пайдалануына арналған;
      - жаңа және ұсталған автомобильдердi әкелу жағдайларын қоспағанда жеке тұлғалардың әкелетiн және өндiрiстiк немесе коммерциялық қызметке арналмаған өнiмдер (тауарлар) шығарылады.
      2.3. Тасымалдануы мен сақталуы ерекше климаттық шарттарды (температура, ылғал, қысым мен т.б.) қажет ететiн, аса тез бүлiнетiн өнiмдер (тауарлар) кеден органы анықтайтын кезектен тыс тәртiппен кедендiк бақылауға жатады. Мұндай өнiмдердiң (тауарлардың) тiзбесi Б-қосымшасында келтiрiлген.
      2.4. Сақтау мерзiмi 2-айдан кейiн өтетiн өнiмдердi (тауарларды) сақтау мерзiмi әлi өтпеген аса тез бүлiнетiн өнiмдерден (тауарлардан басқалары) әкелуге жол берiлмейдi.
      2.5. Қазақстан Республикасына осы Тәртiп бұзыла отырып, әкелiнетiн өнiмдер (тауарлар) кеден шекарасы арқылы өткiзуге жатпайды. Мұндай өнiмдер кеден заңдарымен белгiлеген ережелерге сәйкес сақталады.

      3. Әкелiнетiн өнiмдердi (тауарларды) кедендiк бақылау

      3.1. Әкелiнетiн өнiмдер (тауарлар) өнiмдердi (тауарларды) алушы немесе кеден органының құрылымдық бөлiмшесi орналасқан оның қызметтi аймағында белгiленген жерлерде кедендiк бақылауға жатады.
      3.2. Кедендiк бақылау кезеңiнде әкелiнетiн өнiмдер (тауарлар) кедендiк бақылаумен уақытша сақтауда болады.
      Уақытша сақтаудың шектi мерзiмiнiң екi айдан асуы мүмкiн емес. Көрсетiлген мерзiмнiң iшiнде тауарлар мәлiмделген Мемлекеттiк кеден режимiне сәйкес шығарылуы не Қазақстан Республикасы кеден аумағынан әкетiлуi тиiс.
      3.3. Әкелiнетiн өнiмдер (тауарлар) Қазақстан Республикасы кеден заңдарымен белгiленген тәртiппен кедендiк ресiмдеудi жүргiзген органда кедендiк декларациялауға жатады.
      Кедендiк декларациямен және кедендiк ресiмдеу мен бақылауды жүргiзуге қажеттi өзге де құжаттармен бiр мезгiлде декларант осы Тәртiптiң 1.5-қосымшасында көрсетiлген құжаттардың бiрiн не В-қосымшасында келтiрiлген нысанындағы сертификаттау жөнiндегi органдар немесе Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметiнде тiркелген өтiнiш-декларацияны ұсынады.
      Әкелiнетiн өнiмдерге (тауарларға) кедендiк жүк декларациясын толтыру кезiнде декларант 44-бағанда 6 цифрының астына сәйкестiк сертификаттың нөмiрi мен берiлген күнiн және оны берген органның атауын немесе өтiнiш-декларация тiркелген органның қысқаша атауын, тiркеу нөмiрi мен тiркелген күнiн көрсетедi.
      3.4. Өнiмдердi (тауарларды) әкелетiн декларанттардың оларға осы Тәртiптiң 1.5-қосымшасында көрсетiлген сертификаттау органдары берген сертификаттары болмаса, кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының iс-қағаздарына олардың нысандары мен мазмұнын жаңғыртатын әдiспен орындалуға тиiстi көшiрмелерi тiгiледi.
      3.5. Өнiмдердi (тауарларды) шығаруды кеден органының өкiлеттi лауазымды адамы кеден органының кедендiк декларацияны қабылдаған, сондай-ақ кеден мақсаттарына қажеттi басқа да құжаттар мен мәлiметтердi ұсынған сәтiнен бастап бес күн кешiктiрмей жүргiзедi.
      Өздерiне қатысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлеген өнiмдердi (тауарларды) шығару үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      3.6. Кедендiк ресiмдеу кезеңiнде жарамсыз өнiмдер (тауарлар)

анықталатын жағдайда қауiптi өнiмдердi және Қазақстан Республикасы кеден 
заңдарының талаптарына және "Өткеру мен тұтынуға жарамсыз деп танылған 
жағдайда өнiмдер мен тауарларды жоюдың немесе одан әрi ұқсатудың 
тәртiбiне" (Үкiметтiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1891  

P951891_

  қаулысы) 
сәйкес жүргiзiледi.

     4. Осы тәртiптi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

     4.1. Осы тәртiптi бұзғаны үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан 
Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.

                                                                А-қосымшасы

                  Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын
                  өнiмдердi кедендiк бақылаудың осы тәртiбi
                  жасалған Қазақстан Республикасының заңдық
                  және нормативтi актiлерiнiң
                                ТIЗБЕСI

     1. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 5 маусымдағы "Тұтынушылардың 
құқықтарын қорғау туралы" заңы
     2. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 18 қаңтардағы "Стандарттау 
мен сертификаттау туралы" заңы
     3. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 8 шiлдедегi "Халықтың 
санитарлық-эпидемиологиялық игiлігi туралы" заңы
     4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi "Қазақстан 
Республикасындағы кеден iсi туралы" заңы


      5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1992 жылғы 22 қыркүйектегi N 274-Р өкiмi, Қазақстан Республикасынан тысқары лицензиялар бойынша астық пен оның өнiмдерiн тиеп жiберу туралы бөлiгiнде.
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 мамырдағы N 411 P930411_ "Қазақстан Республикасында өнiмдердi (жұмыстарды, қызмет көрсетудi) мiндеттi түрде сертификаттауды кезеңмен енгiзу туралы" қаулысы.
      7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 сәуiрдегi N 320 P940320_ "Қазақстан Республикасында өнiмдердi сертификаттауды қамтамасыз ету шаралары туралы" қаулысы.
      8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 4 қазандағы N 1301 P951301_ "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды тиеу алдындағы тәуелсiз инспекциялаудың жүйесiн енгiзу туралы" қаулысы.
      9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1891 P951891_ "Өнiмдер мен тауарлар өткеру мен тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда оларды жою немесе одан әрi ұқсату тәртiбiн бекiту туралы" қаулысы.
      10. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 592 P960592_ "Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң 1993 жылғы 20 мамырдағы N 411 P930411_ қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" қаулысы.
      11. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 654 P960654_ "Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарларды тиеу алдындағы тәуелсiз инспекциялау туралы" қаулысы.
      12. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң (ҚР ММЖ) негiзге алынған нормативтi-техникалық құжаттары:
      ҚР СТ 3.4-94 "ҚР ММЖ. Өнiмдердi сертификаттауды жүргiзудiң тәртiбi. Жалпы талаптар";
      РД 50 ҚР 3.4-94 "ҚР ММЖ. Шетелдiк сертификаттарды танудың тәртiбi".
                                                             Б-қосымшасы



                    Аса тез бүлiнетiн өнiмдердiң
                             ТIЗБЕСI

      1. Көкөнiстер мен жас саңырауқұлақтар:
      кәдi, жас бұрыш, қарбыз, қауын, қияр, қызаң, мыңжапырақ, картоп, пияз, асханалық қызылша, брюква, шомырт, жас саңырауқұлақтар, повидло мен көкөнiс пюресi.
      2. Жемiс-жидектер: жас жемiс-жидектер, повидло, жемiс-жидектердiң пюресi мен қамыры.
      3. Ет пен ет өнiмдерi (оның iшiнде сойылған құс пен аң етi) және мал майы, мал етiнiң барлық түрлерi, тоңмайы мен майлары, сойылған құс етi, эндокриндiк шикiзат, қосымшада өнiмдер.
      4. Сүт пен сүт өнiмдерi: жас сүт, кiлегей, қаймақ, iрiмшiк, творог, брынза, сарымай мен шыжғырылған май.
      5. Жұмыртқа мен оның сарысы.
      6. Балық, балық өнiмдерi мен шаяндар: судағы тiрi балықтың уылдырығы мен шабақтары, балықтың кез келген түрi, салқындатылған, тоңазытылған, ысталған, тұздалған және маринадталған, кез келген уылдырық пен шаяндар.
      7. Нан және нан-бөлке өнiмдер.
      8. Тез бүлiнетiн кондитерлiк бұйымдар.